Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.ҚР.да шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы;
2.2. ҚР.да шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін құқықтық реттеу;
2.3. Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі және кетуі;
2.4. Шетел азаматтарының жауаптылығы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады және Қазақстан Республикасы азаматтарының құкығындай құқықты пайдаланады. Сонымен бірге оларға қойылатын кейбір шектеулер де бар. Мысалы, олар мемлекеттік билік органдарын сайлай алмайды және оған сайлана да алмайды, әскери міндет атқармайды, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұра алмайды, саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға қақы жоқ. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясын кұрметтеуге міндетті, Қазақстан аумағында тұру және орын ауыстыру үтттін рұксат алуға міндетті. Бұл талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке (әкімшілік және қылмыстық) тартылуы мүмкін. Дипломаттардың кұкықтық жағдайы халықаралық ережелермен реттеліп отырады.
1. Лазарев Л. В. Иностранные граждане (правовое положение). - М.: Российское право, 1992.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995.
3. «ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» ҚР №2337, 19 маусым 1995.
4. Ануфриева Л. П. Иностранные физические лица: правовое положение в России // Российская юстиция, 1997, № 6. - С. 45-47.
5. Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі мен Қазақстан Республикасынан кетуін тіркеудің тәртібі туралы Ереже, 12.12.1995 ж. №301/249.
6. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан кетуінің ережелері, 28 қаңтар 2000 ж. №136.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж.Т.

Алматы 2015ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.ҚР-да шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы;
2.2. ҚР-да шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін құқықтық реттеу;
2.3. Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі және кетуі;
2.4. Шетел азаматтарының жауаптылығы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады және Қазақстан Республикасы азаматтарының құкығындай құқықты пайдаланады. Сонымен бірге оларға қойылатын кейбір шектеулер де бар. Мысалы, олар мемлекеттік билік органдарын сайлай алмайды және оған сайлана да алмайды, әскери міндет атқармайды, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұра алмайды, саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға қақы жоқ. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясын кұрметтеуге міндетті, Қазақстан аумағында тұру және орын ауыстыру үтттін рұксат алуға міндетті. Бұл талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке (әкімшілік және қылмыстық) тартылуы мүмкін. Дипломаттардың кұкықтық жағдайы халықаралық ережелермен реттеліп отырады.
Әр елде мемлекет азаматтарының құқықтық жағдайы онда тұрып жатқан шетел азаматтарының құқықтық жағдайынан өзгеше екені баршамызға мәлім. Бұл ерекшелік белгілі бір мемлекет аумағына қатысты шетел азаматтары құқықтарының кейбір жағдайларда шектелетіндігінен көрініс табады. Мысал ретінде айтар болсақ, кейбір мемлекеттерде жергілікті жұмыс күштерінің мүдделерін қорғау мақсатында шетелдіктердің заңды еңбек етулеріне қатаң шектеулер қойылған.
Ал басқа мемлекеттерде этникалық тепе-теңдікті сақтау мақсатында азаматтық алу мен тұруға рұқсатнама алудың ерекше күрделі процедурасы белгіленеді. Жалпы ереже бойынша, заң шетел азаматтарына мемлекеттік қызметтермен айналысуға, сайлауға қатысуға, кейбір істермен айналысуға және т.б. тыйым салады. Ұлттық және мемлекеттік мүдделерді қорғаудың аталған шаралары кейбір адамдарға ұнамауы мүмкін, бірақ егер олар заң негізінде орындалатын болса, түсінікті әрі кең көлемде қолданылатын шаралар болып табылатыны даусыз. Жағдайлардың осылайша орын алуын Қазақстандағы шетелдіктерге берілетін құқықтар мен бостандықтарды талдау негізінде де байқауға болады.
Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқықтары Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы, өз кезегінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітуде халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сүйенеді. Қазақстанның егемендікке ие болып, тәуелсіз мемлекетке айналуы, оның көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатуына алып келді. Осыған байланысты жылдан-жылға Қазақстан Республикасына әртүрлі жағдайларға байланысты шетел азаматтарының келуі орын алуда. Осы тұста біздің мемлекет алдында оның аумағына келуші шетел азаматтары қандай құқықтар мен міндеттерге ие бола алады деген мәселелер кешені пайда болды. Бұл мәселе тек теориялық қана емес, тәжірибелік маңызға да ие екені даусыз. Бұл мәселелерді шешуде, әрине, кез келген мемлекет халықаралық-құқықтық нормаларға сүйенетіні сөзсіз, сондықтан да халықаралық құқық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған кез келген ішкі заңнама нормаларынан басым күшке ие болатыны белгілі. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағында көрініс тапқан: Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады . ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы ҚР Президентінің заңи күші бар 19 маусым 1995 жылғы Жарлығы азаматтардың үш санатын бөліп көрсетеді:
* Қазақстан азаматтары;
* Шетел азаматтары;
* Азаматтығы жоқ тұлғалар .
Олардың бір-бірінен ерекшелігі басқа мемлекеттердегі ерекшеліктермен ұқсас десе де болады. Қазақстанның азаматы ретінде тиісті құжаттық дәлелдемелері бар тұлғалар танылса; Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады. Қазақстан азаматтары құқықтар мен бостандықтардың ең көп көлеміне ие болса, ең аз құқықтар мен бостандықтар көлеміне азаматтығы жоқ тұлғалар ие екені айтпаса да түсінікті жайт. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 4-тармағында: Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады, - деп көрсетілген.

2.1.ҚР-да шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы;
Қазақстан азаматтары құқықтар мен бостандықтардың ең көп көлеміне ие болса, ең аз құқықтар мен бостандықтар көлеміне азаматтығы жоқ тұлғалар ие екені айтпаса да түсінікті жайт. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 4-тармағында: Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады, - деп көрсетілген.
ҚР аумағында заң бойынша шетел азаматтарына келесідей құқықтар беріледі:
* еңбек қызметiне және демалысқа;
* денсаулық сақтауға;
* әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
* тұрғын үйге;
* тұрғын үй мен өзге де мүлікке меншік етуге;
* авторлық құқыққа ие болуға;
* білім алуға;
* қоғамдық бірлестіктерге қатысуға;
* мәдениет жетістіктерін қолдануға;
* некеге тұруға және оны бұзуға;
* шетел азаматтары үшін ашық Қазақстан Республикасы аумағында еркін жүріп-тұруға;
* ҚР заңнамаларымен бекітілген тәртіпте тұрғылықты жерді еркін таңдауға;
* шетел азаматтарына ар-ождан бостандығы кепілдендіріледі;
* тұрғын үйге, ар-намысына және қадір-қасиетіне қолсұғылмаушылық.
Шетелдіктер өздерінің құқықтарын жүзеге асыруға қатысты туындаған барлық міндеттерін атқарады, алымдар мен салықтар төлейді, ҚР-да әскери қызметке тартылмайды, мемлекеттік өкілетті және өзге де сайланбалы органдар мен лауазымдарға дауыс бере алмайды және сайлануға құқығы жоқ, сонымен қатар ҚР референдумдарына қатыса алмайды.
Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келу және оның аумағынан кету ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы 19 маусым 1995 ж. ҚР Президентінің заңи күші бар жарлығымен, Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі мен Қазақстан Республикасынан кетуін тіркеудің тәртібі туралы 12.12.1995 ж. № 301249 Ережемен, 28 қаңтар 2000 ж. №136 Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан кетуінің ережелерімен, ҚР визаларын берудің тәртібі туралы Ережелермен реттеледі. ҚР-ға келу үшін шетел азаматына, негізінен, қолданыстағы төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттарының болуы жеткілікті.
Алайда қазіргі таңдағы құқықбұзушылықтар мен олардың үрейлі әлеуметтік нысаны - қылмыстардың халықаралық деңгейге көтерілуі мемлекеттер мен қоғамға, онда тұрып жатқан адамдардың өмірі, денсаулықтары мен мүлігіне қауіп төндіруі жиілеп кетті. Бір мемлекетте басталған қылмыс өз жалғасын келесі мемлекеттерде тауып жатқан жағдайлар аз емес. Сондықтан кез келген мемлекет өз аумағына сырттан келетін шетел азаматтарына келу, ол жерде болу мен одан кетудің тәртіптерін немесе қандай жағдайларда келуге не кетуге тыйым салынатынын заң жүзінде егжей-тегжейлі ашып көрсетеді.
2.2. ҚР-да шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін құқықтық реттеу;
Шетел азаматтары дегеніміз -- ол ҚР-ның азаматтығында жоқ және басқа мемлекеттің азаматтығында болатын тұлғалар.
Ал тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғалардың тұрғылықты мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз, жеке тұлғаның азаматтық заңын қолдануға себеп болған 1804 жылғы Француз Азаматтық кодексі онда шетелде жүрген ,Француз азаматтарының әрекет қабілеттілігі мен азаматтың жағдайы ұлттық заңмен анықталады делінген.
Кейіннен ұлттық заң мәселелері 1865 жылы Италияның Азаматтық кодексінде де, 1896 жылы Герман Азаматтық заңында бекітіледі, ал Англо -- Американдық құқықтағы домицилий концепциясы басқа құқық жүйелерінен ерекше, себебі ол Рим құқығына негізделген, ал англо- саксондық жалпы құқық жүйесі бойынша, пайда болу домицилиясымен (шыққан тегімен) таңдау домицилиясына бөлінеді.
Мысалы, некемен туған бала әкесінің домилициясына, некесіз туған бала шешесінің домицилиясына тиісті болады.
Дәл осылай отбасы және неке қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады. Яғни жеке заң және domisilii заңы бойынша.
ҚР-ның Азаматтық Кодексінде жеке тұлғалардың жеке заңы атты арнайы 1094- бап бар.
ҚР-ның заңы бойынша, жеке тұлға қай елдің азаматтығын алса, сол елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады.
Адамның екі немесе оданда көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдің құқығының жеке заңы болып саналады.
Мысалы, Қазақстанның Австрия мен Турцияның Халықаралық жеке құқық туралы заңына сәйкес, егер тұлға бірнеше мемлекеттің азаматы болса, оның жеке заңы болып байланысы жақынырақ мемлекеттің заңы табылады.
ҚР- да шетелдік азаматтардың әрекет қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы анықтау қағидасына 3 шектеу бар:
1. ҚР-ның аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мәміле жасау мәселесі, яғни шетелдік азамат Қазақстанда сатып алу-сату, кепіл, айырбастау және басқа да келісім шарттар жасасқаннан кейін, өз жеке заңына сілтей отырып яғни жеке заң бойынша тиісті жасқа толмауына байланысты жасалған келісім-шарттардың дұрыстығы мен заңдылығына дауласа алмауы.
2. ҚР-сы аумағында шетел азаматының зиян келтіру салдарынан туған жауапкершілігінің азаматтық әрекет қабілеттілігін Қазақстандық құқықпен анықтайды.
3. ҚР-дағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігін шектеу, оларды хабар ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тануды ҚР- ның заңнамасымен жүзеге асырады.
Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдiктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
Оралмандарды қоныстандыру үшін Үкімет айқындаған өңірлерге келген этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудiң мiндеттi шарты мұндай рұқсатты алуға үмiткер адамның Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауы болып табылады.
Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негiзде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбiрленушi деп танылған шетелдiктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледi. Олар белгiленген тәртiппен тiркелуге және өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. мерзiмi өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi.
Шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгiлеген негiз бен тәртiпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметiмен шұғылдана алады. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актiлерiмен шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiндегi шектеулер белгiленуi мүмкiн. Z11000477
Шетелдiктер жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметiнiң белгiлi бiр түрiмен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрiмен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сол сияқты мiндеткерлiкте болады.
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бола алады. Бұл ретте, заңды тұлға құрмай шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасында жүрген шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде демалыс алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, денсаулық сақтау саласында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттілікте болады.
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктерге Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органы белгiлеген тәртiппен дәрiгерлiк көмек көрсетiледi.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.
Егер зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақы тағайындау үшiн белгiлi бiр еңбек стажы талап етiлсе, шетелдiктерге Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте олардың шетелдегi жұмыс стажын есептеуге болады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер жеке меншiк құқығында тұрғын үйге (уақытша жүрген шетелдiктердi қоспағанда) және басқа мүлiкке, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының, ашылған жаңалықтың, өнертабыстың, рационализаторлық ұсыныстың, өнеркәсiптiк үлгiнiң авторлық құқығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарға ие бола алады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей пайдаланады.
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуына, егер олар осындай деңгейдегі әрбір білімді бірінші рет алып тұрса, құқық беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуына құқық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Білім беру ұйымдарына қабылданған шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарына ие болады және міндеттерін мойнына алады.
Шетелдiктер Қазақстан Республикасының шетелдiктердiң болуына рұқсат етiлген аумағында еркiн жүрiп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұрғылықты жер таңдай алады. Жүріп-тұрудағы және тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер, бұл мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы
ҚР шетел азаматтарының меншік құқығы
Қазақстан Республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатудың негіздері
Азаматтықтың халықаралық құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтары
Қазақстандағы шетел азаматтары жағдайларының құқықтық аспектілері
Пәндер