Жерді құқықтық қорғау



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жер ресурстарының жалпы сипаттамасы;
2.2. Жер заңдарының міндеттері мен қағидалары;
2.3. Мемлекеттік органдардың жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыреттері;
2.4. Жерге мемлекеттік жән жеке меншік;
2.5. Жер учаскесіне меншік құқығының пайда болуы, өзгерту және тоқтатылу негіздері;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Тақырыптың өзектілігі. Халықымыз Елбасымыздың жолдауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасымыздың жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды және болашаққа үлкен жол сілтейді. Елбасымыз өзінің 2010 жылғы жолдаған жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады» деп атап кеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшылығының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда өзінің шешуші сәтіне аяқ басты деуге болады. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұлға біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет. Жер – өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол – өндіргіш күш.
1. Бектурганов Ә.Е Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары: Алматы, Жеті жарғы, 1997. 240 бет;
2. Стамщлова А.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы: Алматы, Заң әдебиеті баспасы.2005.;
3. Ә.Е. Бектұрғанов. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы: Жетi жарғы, 1997. 240 бет.;
4. А.С. Стамқұлов. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң әдебиетi баспасы, 2005.;
5. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы N442 Кодексі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Жерді құқықтық қорғау

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Шуланбекова Г.К.

Алматы 2015ж.

Мазмұны:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жер ресурстарының жалпы сипаттамасы;
2.2. Жер заңдарының міндеттері мен қағидалары;
2.3. Мемлекеттік органдардың жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыреттері;
2.4. Жерге мемлекеттік жән жеке меншік;
2.5. Жер учаскесіне меншік құқығының пайда болуы, өзгерту және тоқтатылу негіздері;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Халықымыз Елбасымыздың жолдауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасымыздың жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды және болашаққа үлкен жол сілтейді. Елбасымыз өзінің 2010 жылғы жолдаған жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады деп атап кеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшылығының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда өзінің шешуші сәтіне аяқ басты деуге болады. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұлға біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет. Жер - өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол - өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай ұрығын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау және ұтымды пайдалану мәселесін көбінесе Жер кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырына, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Ал, бұл міндеттер мен іс-шаралардың орындалуын жер заңдарының шеңберінде және белгіленген құзыреті жер ресурстарын басқаратын орталық қамтамасыз етеді. Өмірдің серпінді дамуына ауылшаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал, жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы болып табылады. Статистикка бойынша халқымыздың 45 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады екен. Олар жер байлығын пайдаланып, ауылшаруашылық өндірісінің дамуына, халықымыздың ұлттық қадір-қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны шындық. Елбасы айтқандай, қай салада да әркім елдікті түсініп өмір сүрсе, ертеңіміз бұданда жарқын болатынына сенімім мол. Жолдаудағы жоба-жоспарлар, ой-түйіндер түсінген адамға осыны аңғартады.
Болашаққа серпін беретін Жолдауда көрсетілген аса маңызды мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, әрі нысанды пайдалану, оны бақылау және қорғау болып табылады. Осы мәселелер бойынша Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Мұндағы негізгі проблема - ол жер ресурстарының әлеуетін тиімді, ұтымды пайдалану және қорғау.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуы, жер пайдалану құқығының артуы, экологиялық жағдайдың шиеленісуі, жерді пайдалануда және жерді қорғау саласындағы заңдарды және басқару органдарының қызметтерін реформалауды талап етуде, осыған байланысты жер реформасына заңгер ретінде үлес қосу.
Жұмыс құрылымы мен көлемі мыналардан тұрады: Кіріспеден, бес тараудан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2.1. Жер ресурстарының жалпы сипаттамасы;
Дүниежүзілік топырақ картасының авторының бірі В.А.Ковданың мәліметіне қарағанда (1974), құрғақ жердің басым көпшілігі егіншілікке онша қолайлы емес. Құрғақ жерлердің 70% -- аз өнім беретіи алқаптар, оның 20% -- өте салқын аймақта, 20%- -- өте құрғақ аймақта, 20% -- өте биіктік беткейлерде орналасқан, ал 10%-ы -- топырақ қабаты өте жұқа. Сонымен құрғақ жердің тек 30%-ы ғана ауыл шаруашылығына пайдаланылып жүр. Оның ішінде 10%-ында егіншілік егілсе, 20%-ы жайылым, шалғынды және шабындық жерлер.
9-кестеде жер шарындағы әрбір континенттер және бұрынғы КСРО елдеріндегі егістікке жарамды жер қорлары мен қазіргі егістікке игерілген жер көлемі жайында америка ғалымы Р.Ревельдің мәліметтері (1976) келтірілген.
Қазірдінң өзінде ашаршылық жер шарының кейбір бөліктерінде кездесіп отырса, келешекте адам саны қазіргіден бірнеше есе көбейген кезде не болмақ? Бұл сұраққа әркім әр кезде әрқалай жауап берген. Мәселен, XVIII ғасырдың аяғында ағылшын эпископы Мальтус коғамның тұтыну қажетінің шексіз өсуі мен өңделер жердің шектелуі арасындағы үйлесімсіздік, сондай-ақ жер құнарының жылдан-жылға кемуі қайыршылықтың, кедейліктің т.б. бақытсыздықтың себептері болып табылады деп санады. Былайша айтқанда, Мальтус теориясы бойынша, Жер бетіндегі халық үдемелі геометриялық прогрессиямен өссе, халықтың тұтыну заттары арифметикалық прогрессиямен өседі, сондықтан адам баласы бақытты өмір сүргісі келсе, халықтың өсуін тұтыну заттарының өсуіне үйлесімді етуді қадағалап отыруы керек деді, яғни ол халықтың жиі-жиі соғыс арқылы немесе эпидемиялық аурулар арқылы қырылып тұруын мақұлдады.
Еңді, мекендеп отырған жеріміздін канша халыкты асырай алу мүмкіншіліктеріне тоқталайық. 11-кестеде келтірілгендей, Жер шарындағы барлық жердің қазіргі уақытта тек 1,5 млрд гектарға жуығы немесе құрғақ жердің 10%-дайы ғана жыртылған. Сонда қалған жерлер егістікке мүлде жарамай ма?
Ал алыстағы болашақта күрделі мелиорациялауды қажет ететін батпақты жерлерді құрғатып, шөлді жерлерді суарып, теңіз бен мұхит суларын тұщытып егін суаруға пайдалану арқылы игеруге мүмкін 5 млрд гектар жермен 18-20 млрд халықты асырауға толық болады.
Американың көрнекті прогресшіл оқымыстысы, профессор Р.Ревельдің ғылыми негізде жасаған есебі бойынша, қазіргі техникалық жетістіктерімізді ауыл шаруашылық өндірісіне енгізіп, бос жаткан жерлерді мелиорациялап, түгел игерген кезде 100 млрд адамға тамақ өндіруге болатынын дәлелдеді. Жер бетіндегі халықтын өсу қаркыны соңғы жылдарғы мөлшермсн дамыса жылына 1,5-2%, жер шарындағы халықтын 100 млрд-қа жетуіне 200 жылға жуық уақыт керек. Осыған шамалас есепті Қазақстанның белгілі топырақ зерттеуші ғалымы, Ғылым академиясының академигі, профессор В.М.Боровский де жүргізгсн (1975).
Бұл келтірілген есептеулер мен мүмкіншіліктер жер шарының адамды асырау мүмкіншілігінің әлі де болса, өте мол екендігін, оның қазіргіден бірнеше есе көп адамды асырай алатындығыи дәлелдейді. Дегенмен, бұл есептеулер Жер бетіндегі егістікке игеруге жарамды жер қоры қанша мол болғанымен, оның шексіз емес екендігін, адам саны көбейген сайын оның қоры кеми беретіндігін көрсетеді. Адам саны артқан сайын игеруге оңай түсетін жақсы жерлер қоры кеміп, игеруге қиын жерлер көбейеді. Сөйтіп бірте-бірте егістікке игеруге жарамды жер қорының таусылуы ақиқат. Сондықтан казірден бастап қолда бар жерімізді, бізді қоршаған табиғатымызды дұрыстап, тиімді пайдалану мәселелері қазіргі күн тәртібіне қойылып отыр. Табиғатымыздың сұлулығын сақтап, оның ластануына жол бермеу, табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты жоспарлы түрде, адам мұктаждығына ыңғайлап өзгерту -- өте күрделі мәселе. Сондықтан онымен жеке мемлекеттер емес, бүкіл дүние жүзілік масштабта шұғылдануға тура келеді. Көптен бері бұл мәселемен Халыкаралық биологиялық бағдарлама шеңберінде шұғылданса, соңғы уақытта Адам және Биосфера` атты жаңа бағдарлама бойынша шұғылдана бастады. Бұл бағдарламамен айналысуда дүние жүзіндегі ең ірі, әрі дамыған мемлекеттер жетекші рөл атқаруы тиіс.
Әлемге танымал Америкалық ғалым Ю.Одумның бағалауы бойынша әлемдегі тіршіліктің үйлесімді болуы үшін, яғни тек материалдық тамақтық, киімдік заттармен қамтамасыз етілуі ғана емес, сонымен қатар масайрап дем алуы үшін әлемдегі әр адамға орта есеппен 2 гектардай жер қажет екен. Оның 0,6 гектары тамақ өндіру үшін, 0,2 гектары өндірістік қажет пен мекендеуі үшін, ал 1,2 гектары бос болуы керек. Ол жерлер халықтын дем алып, саяхат жасауы және биосфераның қалыпты экологиялық жағдайда болуы үшін қажет.
Ескеретін жағдай, қазіргі әлемде 6,3 млрд халық үшін қажетті үйлесімді жағдай көптен бұзылған. Мәселен әлемнің әр тұрғынына 0,6 гектар егістік жер орнына, небары соның жартысына жуық-ақ жер тиеді. Басқа жерлер көлемі де жылдан-жылға азаюда. Ормандардың азаюы, көптеген аймақтардың құрғақтануы, тіпті шөлге айналуы, ластануы үдемелеп өсуде. Дегенмен бұл жағдайлар әлемнің әр бұрыштарында әр түрлі. Мысалы, Канадада әр тұрғынға шаққанда жыртылған жер көлемі 2 гектардай, Аргентинада 1 гектар, Америкада -- 0,8 гектар, Испанияда -- 0,5 гектар.
Ал бұрынғы КСРО-да бұл көрсеткіш 0,85 гектар, Түркіменстанда -- 0,33, Өзбекстанда -- 0,22, Грузия мен Арменияда не бары 0,17 гектардан келеді екен. Қытай мен Үндістанда әр адам басына келетін жыртылған жер көлемі бұл көрсеткіштен де төмен, шамамен 0,10-0,12 гектар, ал Жапонияда тіпті 0,04 гектар (Прошляков В.П., 1979). Ал Қазақстан әлемдегі ең жері бай елдің бірі, онын ішінде жыртылған жер көлемі әр адамға 1,3 гектардан келеді. Ескеретін тағы бір жағдай, гәп тек жыртылған жер көлемінде ғана емес, онын өнімділігінде. Мәселен, көп жағдайларда суармалы жерлер, суарылмайтын жерлерге қарағанда өнімді бірнеше есе артық береді. Кейбір аймақтарда, ауа райы бүл жерлерден жылына 2, тіпті 3 рет өнім алуға мүмкіндік береді.
Ал Қазақстан жері қанша халықты асырай алады деген сұраққа қалай жауап береміз? Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарағанда қазақ жері кең байтақ ұтымды жағдайда екені байқалады. Асыраушы -- анамыз Жерді жақсарту шараларын әрі қарай өрістету, игерілген жерлердің өнімін арттырып, косымша тағы да игерілмегсн жерлерді игеру республикамыздың халқы қазіргідей бірнеше есе көбейген кезде де асырай алатыны анық. Дегенмен республикамызда халык саны жоғарыда келтірілген демографиялық заңдылықтарға сәйкес аса көп өсе бермейді, бір кездерде еліміздің табиғи жағдайларына үйлесімді санға жетеді де, одан әрі қарай аса көп өсе қоймайды.

2.2. Жер заңдарының міндеттері мен қағидалары;
Құқықтың қайнар көзi ең алғаш екi мың жыл бұрын пайда болған, оны Тит Ливий он екi кесте заңдарын сипаттай отырып, рим құқығының қайнар көзi ретiнде пайдаланған. Жер құқығының қайнар көзi болып жер қатынастарын реттейтiн нормативтiк актiлер табылады. Мұндай нормативтiк құқықтық актiлер келесiдей белгiлерге жауап беруi тиiс: алдымен, аталған актiлер мемлекеттiк билiктiң тасушысы болуы қажет, екiншiден, бұл актiлер нормативтiк сипатта, яғни бiрнеше рет қолданатын сипатта болуы қажет, үшiншiден, бұл актiлер бiрнеше субъектiлерге бағытталған болуы тиiс және барлық субъектiлер орындауы тиiс. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы бiртұтас мемлекет болып табылады, сол себептен жер заңдары да Республиканың барлық аймағы үшiн бiрдей болып табылады. Жергiлiктi органдар жер заңдарына жататын нормативтiк-актiлер шығаруға құқылы және олар барлық әкiмшiлiк бөлiнiс-терiнде бiрдей күшке ие болады. Бұл жер құқығы субъектiлерiнiң құқықтық дәрежесi, басқа аумақта орналасқан жер құқығы субъектiсiнiң құқықтық дәрежесiне тек Республикалық заңдарда көрсетiлген жағдайларда ғана ерекшеленуiн бiлдiредi. Жалпы құқықтың қайнар көздерi мемлекеттiң құқық шығармашылық қызметiнiң сыртқы нысаны болып табылады. Мемлекеттiң еркi құқықтың қайнар көздерi арқылы барлығына бiрдей сипатқа ие бола алады. Жер құқығының қайнар көздерi дегенмiз - өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк билiк органдарымен қабылданған жер құқығы қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтiк-құқықтық актi-лердiң, халықаралық келiсiмшарттардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың негiзгi мақсаты - мемлекеттiң жер саясатын бiлдiре отырып оны жүзеге асыру. Бұл жерде сот прецеденттерiнiң әдет-ғұрып ережелерi есепке алынбайды. Жер құқық қатынастары субъектiлерiмен орындалуға мiндеттi болып табылады.
Жер құқығының қайнар көздерi мен жер заңнамасының арақатынасы Жер құқық теориясында жер құқығының қайнар көздерi мен жер заңнамасы деген ұғымды өзара ажырата бiлген дұрыс. Себебi жер құқығының қайнар көздерi кең мағынада қарастырылатын ұғым болса, жер заңдары тар мағынада қарастырылады. Жер құқығының қайнар көздерi ретiнде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi, Азаматтық кодексi т.б. жер құқық қатынас-тарын реттеу барысында қолданылатын өзге де актiлер де болуы мүмкiн. Ал, жер құқық заңдары жер құқық қатынастарын рет-теуге бағытталған және тiкелей аталған салада қолданылады. Мәселен, Жер кодексi, Шаруа (фермер) қожалығы туралы заң, т.б. Жер құқығының қайнар көздерiне қарамас бұрын, жер заңдарының мақсаты мен мiндетiн анықтап алу қажет. Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңын саралай отырып, келесi жайттарды бөлiп алуға болады. Жер құқығы заңдарының мiндеттерi мен мақсаттары заң актiлерiнде айтылғанымен, ғылыми зерттеулерде және оқулықтарда арнайы зерттелмеген. Осы ұғымдардың анықтамасы мен мәнiн ашу ғылым үшiн де, бiлiм үшiн де өзектi мәселе болып саналады.
Жер заңнамасының мақсаты мен мiндеттерi: Қазақстан Республикасы жер заңнамасын теориялық тұрғыдан зерделей отырып, жер заңнамасының келесiдей мақсаттары мен мiндеттерiн бөлiп қарастыруға болады.
Жер заңдарының мақсатына мыналар жатады:
- өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметiн басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
- тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;
- жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады. Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi:
- жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн;
- жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
- жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
- шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
- жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау;
- жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту;
- жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
Жер құқығы қайнар көздерiнiң жiктелуi (заң күшi бойынша; әрекет етуi бойынша; құқықтық қатынастарды реттеу шеңберi бойынша; актiнi қабылдаған орган бойынша) Жалпы жер құқығы нормалары олардың көпшiлiкпен қабылдануы үшiн ерекше жазбаша мәтiнде болуы керек. Оған құзыреттi органдармен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер жатады. Жер құқығының көпшiлiк нормалары, нормативтiк құжаттарда жазбаша бекiтiледi: заңдар, Президент жарлықтары, ҚР Үкiметiнiң қаулылары және т.б. Нормаларды былайша жеткiзу құжатпен мүдделi тұлғалардың немесе орындаушы органдардың толық танысуына мүмкiндiк жасайды. Бұл нормалардың негiзгi жүзеге асыру құралы болып және оны сақтауды қамтамасыз етуге қызмет жасайды. Өйткенi жазбаша мәтiн құқықтық норманың мазмұнын анықтап ашып бередi және кез келген мүдделi тұлға нормасының нақты мазмұнымен танысуын жеңiлдетедi. Сондай-ақ мұндай көрсету нысаны әртүрлi нормаларды қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып, жоғары деңгейде кемшiлiктерiн түзетуге мүмкiндiк бередi. Ең алдымен, құқық пен заңды ажырата бiлуiмiз қажет. Құқық - юридикалық нормалардың жиынтығы, ал, заң - осы нормалардың көрiнуiне қызмет ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы. Сонымен қатар, құқық пен заң құрылымына қарай ажыратылып көрсетiледi. Негiзiнен заңдар, заң актiлерiнiң мақсат-мiндетiн, оларды қолдану жағдайын есепке ала отырып, субъективтi түрде құрылады. Мiне, сондықтан нақты жер заңдары немесе басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердiң өзiнде азаматтық, экологиялық, әкiмшiлiк, iс жүргiзу құқықтарының және т.б. құқық салаларының нормаларын қамтуы мүмкiн, яғни кешендi сипатқа ие болады. Бұған бiз ғылыми зерттеуiмiзде негiзге алып отырған Қазақстан Республикасының Жер кодексi жатады. Өзiнiң қызметiн орындау үшiн жер заңдары белгiлi бiр талаптарға жауап беруi керек. Олар Қазақстан Республикасының 1998 жылғы наурыз айының 24-жұлдызындағы нормативтiк-құқықтық актiлер туралы заңына сәйкес негiзгi және туынды деп бөлiнедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1. Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2. ҚР Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар жарлықтары, ҚР Президентiнiң өзге де нормативтiк- құқықтық жарлықтары;
3. Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5. Конституциялық кеңестiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулылары;
6. Қазақстан Республикасы Министрлер мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк бұйрықтары;
7. Мемлекеттiк комитеттердiң нормативтiк қаулылары, өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк қаулылары;
8. Мәслихаттар мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi. Туынды нормативтiк құқықтық актiлердiң түрлерiне регламент, ереже, қағида, нұсқаулар жатады. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк-құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi немесе олармен бiртұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк-құқықтық актiнiң нормативтiк-құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады (нормативтiк-құқықтық актiлер туралы заңның 3-бабы). Жер заңдарының жүйесi де осы ережелерге бағынады. Жiктеу негiздерi бойынша:
* заң күшi бойынша;
* қолданылатын аумақтық, кеңiстiк бойынша;
* реттелетiн қатынастардың түрiне байланысты;
* Заң күшiне байланысты заңдар және заңға негiзделген актiлер болып бөлiнедi.
2.3. Мемлекеттік органдардың жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыреттері;
Жер қатынастарын реттейтiн мемлекеттiк органды бiрнеше топқа бөлуге болады:
1. Жалпы құзыретi бар органдар. Олардың қатарына: Парламент, Президент, Үкiмет, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жатады.
2. Арнайы құзыретi бар органдар. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттiгi. Бұл агенттiктiң құқық-тық мәртебесi Жер кодексiнiң 14-бабымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 қаңтарда қабылданған Қаулысымен бекiтiлген ережемен реттеледi.
3. Функционалды құзыретi бар органдар. Бұларға келесi органдар жатады: Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Су ресурстарын басқару жөнiндегi комитет, құқық қорғау органдары, прокуратура органдары, сот органдары, салық органдары.
Үкiметтiң құзыретi Жер кодексiнiң 13-бабында қарастырылған. Жер кодексiне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа да iс-шаралардың кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу;
3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындау мен жердi қорғаныс және қауiпсiздiк қажеттерi үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;
4) жер учаскесiне меншiк құқығына және жердi пайдалану құқығына берiлетiн құжаттардың нысандарын бекiту;
5) облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын өзгерту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңiрегiнде қала маңы аймақтарын белгiлеу мен өзгерту;
6) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру тәртiбiн, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту;
7) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу тәртiбiн бекiту;
8) жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
9) облыстардың және астананың, республикалық маңызы бap қалалардың арасындағы жер қатынастарын реттеу;
Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi Жер кодексiнiң 15-бабымен қарастырылған. Олардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiту;
2) ауылдық (селолық) атқарушы органдардың қарамағына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер шаруашылық орналастыру жоспарларын бекiту;
3) жергiлiктi бюджеттер құрамында жер ресурстарын қорғау және топырақ құнарлылығын арттыру жөнiндегi шығыстарды бекiту;
4) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуының жай-күйi туралы есептерiн тыңдау;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараны белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау;
Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыреттерi Жер кодек-сiнiң 16, 17, 18, 19-баптарында қарастырылған. Елдi мекендер жерiн қоспағанда, аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады:
1) жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2) жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;
3) басқа да табиғат қорғау шараларының кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурс-тарын қорғау жөнiндегi аудандық бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
4) ауылдық (селолық) атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету т.б.
Арнайы құзыретті органдар. Жер қатынастарын реттеу саласында арнайы орталық құзыретті органның құзыреті
Жер ресурстарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Жерді қорғаудың мақсаттары
Жерге меншік
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Жер құқығы пәнінен дәрістер
Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың құқықтық проблемалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жерді мемлекеттік құқықтық қорғау
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
Пәндер