Экологиялық құқықтың тарихы. Экологиялық құқықтың қайнар көздері



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы;
2.2. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшеліктері;
2.3.Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ережелер;
2.4.Экология және табиғат пайдалану жөніндегі халықаралық конвенциялар, мемлекетаралық келісімдер мен шарттар;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасы аумағында табиғатты қорғау мәселелері көп заманнан бері жалғасып келе жатқан іс. Ғасырдан ғасырға мирас болған, қазақ халқы жайнап қоныс тепкен кең байтақ өлкенің табиғатын құқықтық қорғау туралы көне жазба деректер болмаса да, табиғат қорғаусыз қалған деуге болмайды.
Шынтуайтына келгенде, қазақ жерінде табиғатты құқықтық қорғау тарихы өзінің ғылыми зерттелуін қажет етеді.
Қазақ халқында табиғат қорғау мәселелері шаруашылыққа ыңғайластырылып жүргізілген. Мысалы: малды жазда жайлауға айдаса, қыста қыстауда ұстады. Ал осы екі аралықта басқа жерлерді қажет кезінде пайдаланды. Сөйтіп, жайылымдар мен қыстаулардың шөбін қалпында сақтап, аң мен құстың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасап келген. Аң мен құсты,орманды қырып жоюға,су қорларын ластауға жол бермеген. Бұлақтардың көзін ашып, оны табиғи күйінде пайдаланып отырған.
1. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.
Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы
2. Кенжебяев С, Махмутов С. «Табиғат қорғау.». А., 2009
3. Қоршаған ортаны қорғау турылы ҚР-ның 1997 жылғы 15 шілдедегі заңы
4. «Қазақстан Республикасының экоголиялық құқығы» оқу-әдістемелік кешені
5. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Экологиялық құқықтың тарихы. Экологиялық құқықтың қайнар көздері

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Шуланбекова Г.К.

Алматы 2015 ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы;
2.2. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшеліктері;
2.3.Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ережелер;
2.4.Экология және табиғат пайдалану жөніндегі халықаралық конвенциялар, мемлекетаралық келісімдер мен шарттар;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы аумағында табиғатты қорғау мәселелері көп заманнан бері жалғасып келе жатқан іс. Ғасырдан ғасырға мирас болған, қазақ халқы жайнап қоныс тепкен кең байтақ өлкенің табиғатын құқықтық қорғау туралы көне жазба деректер болмаса да, табиғат қорғаусыз қалған деуге болмайды.
Шынтуайтына келгенде, қазақ жерінде табиғатты құқықтық қорғау тарихы өзінің ғылыми зерттелуін қажет етеді.
Қазақ халқында табиғат қорғау мәселелері шаруашылыққа ыңғайластырылып жүргізілген. Мысалы: малды жазда жайлауға айдаса, қыста қыстауда ұстады. Ал осы екі аралықта басқа жерлерді қажет кезінде пайдаланды. Сөйтіп, жайылымдар мен қыстаулардың шөбін қалпында сақтап, аң мен құстың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасап келген. Аң мен құсты,орманды қырып жоюға,су қорларын ластауға жол бермеген. Бұлақтардың көзін ашып, оны табиғи күйінде пайдаланып отырған.
Қазақстан Республикасының қазіргі экология құқығы Қ.Р-ң егемендік алып, дербес мемлекет болғанына дейінгі жасалған бұрынғы СССР одағында қалыптасқан экология құқығының жалғасы.
Бұрынғы кеңес өкіметі 1917 жылғы 20 қазанда жер туралы декрет, 1918 жылы орман жөнінде декрет қабылдады, онда жер және қорларын пайдалану және қорғау қатынастарын реттеуді көздеді. Табиғи ескерткіштерді қорғау жан - жақты қарастырылды. 1919 ж. Суды қорғау комитеті құрылып, сөйтіп оған судың санитарлық жағдайын қадағалу, табиғатты өндірістік сарқынды сулар мен ластардан қорғау жайы тиісті органдарға жүктелді.
1921ж балықтар мен хайуанаттар жөнінде декрет қабылданды. Көп жылдар бойы табиғат қорларын пайдалану мен қорғаудың құқықтық мәселелері тек бір орталықтан - Москва арқылы жүргізіліп отырды.
1960-1970 жылдар арасында экология саласындағы заңдарды кодификациялау барысында орталықтың жер, су, орман, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдардың негіздері қабылданып, одақтас республикаларда табиғат жөнінде салалық заңдар, кодекстер қабылданды.
Табиғи ресурстарға тек қана мемлекеттік меншік ССРО конституциясында және ҚазақССР Конституциясында тұжырымдалды.
Жерді және басқа табиғи ресурстарды пайдалану мен билік ету негізінен орталықтан шешіліп отырды. Сондай саясаттың салдарынан миллиондаған гектар жер әскери қажеттіліктер үшін алынып, олардың атом қаруларын сынау үшін пайдаланылғандығы жасырылды. Сондай сынақтардың салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келетіні және келгені де құпия болып сақталды.
Республика аумағындағы кен байлықтары орталық үшін жқмсалып,жергілікті халықтың мұқтаждарын өтей алмады. Жарлығы шықты.
ҚР экология құқығының нарықтық экономика жағдайында дамуы одан әрі жалғаса бермек.

2.1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы;
Экологиялық құқық - қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсарту, қорғау, сауықтыру, экологиялық зиянды салдардың алдын алу мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әсері жүйесіндегі қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін экологиялық-құқықтық нормалар жиынтығы: Өзге де елдер сияқты қазақстанда да қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау заңнамада негізделген.Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын құрайтын экологиялық құқықтық көздері төмендегідей құқықтық құжаттар болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциямы, заңдары мен кодекстері, жарлықтар, нормативтік актілері және т.б. Қазақстан республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы қоршаған ортаны қорғаудың негіздері бекітілген. Конституцияға сәйкес еліміздің азаматтары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға қатысуға міндетті. ҚР Конституциясы азаматтардың жерге және т.б. табиғи ресурстарға құқықтарын жариялайды, әрбір адамның қолайлы қоршаған ортата құықғын бекітеді. Азаматтардың табиғатқа, оның байлықтарын қорғауға қатысты міндеттерін белгілейді. Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы барлық заңдар табиғи ресурстың құқықтық негізі құрайды. Олардың құрамына Атмосфералық ауаны қорғау туралы, Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы және т.б. енеді. 1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған №160-1 қоршаған ортаны қорғау туралы ҚР Заңы экологиялық заңнама жүйесін басқарады. Табиғи ортаны қорғаудың мәселелерінде басқа заңдардың нормалары Қазақстанның Конституциясына және аталған заңға қайшы келмеуі тиіс. Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғаудың заңнамалық базасын қысқаша түсіндірген оқытушы енді экологиялық мониторинг, оның түрлері мен функциялары туралы сұрақтың мәнін ашуға кіріседі. Экологиялық мониторинг (лат. монитор - еске салатын, қадағалайтын) - антропогендік және табиғи факторларжың әсерімен қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау, бағалау және болжау жүйесі. Мониторингтің негізгі принципі - үздіксіз бақылап отыру. Экологиялық мониторинг экологиялық бақылаудың тек бөлігі ғана емес, ол сонымен бірге бағалауды және болжауды жүргізеді, сондай-ақ бір қызметті қоршаған табиғи ортаның жай-кұйі туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Содан кейін мониторингтің түрлері қарастырылады. Аумақтық шегіне байланысты экологиялық мониторингтің үш сатысы бар: жергілікті, аймақтық және жаһандық. Жергілікті мониторинг деңгейінде төмендегідей көрсеткіштерді бақылау неғұрлым маңызды болып табылады: 1. Адам мен табиғи экожүйелерге қауіпті ластаушы заттардың концентрациясы: а) атмосфералық ауада көміртегінің, азот тотықтары, күкірт қос тотығы, озон, шаң, радионуклидтер, пестицидтер, ауыр металдар және т.б. б) судың бет жағындағылар: пестицидтер, ауыр металдар, радионуклидтер, РН, минералдану, фенолдар, мұнай өнімдері, фосфор, азот, бенз(а)пирен; в) топырақта: ауыр металдар, пестицидтер, радионуклидтер, азот, фосфор, мұнай өнімдері және т.б. г) биотада: ауыр металдар, пестицидтер, радионуклидтер және т.б. 2. Зиянды физикалық әсер етудің деңгейлері: радиация, шу, діріл, электромагниттік өріс және т.б. 3. Биосфераның ластануы, әсіресе тумысынан кемістіктер салдарынан болатын аурудың динамикасы. Аймақтық мониторинг деңгейіне ірі табиғи-аумақтық кешендер экожүйелерінің (орман экожүйелерінің, өзен бассейндерінің, агроэкожүйелердің және т.б.) жай-кұйіне бақылау жасау жатады, сондай-ақ биологиялық айналымлар, олардың бұзушылықтары зерттеледі, бір аймақтардағы қоршағаан ортаға антропогенді әсер етудің сипаты мен сандық көрсткіштеріне талдау жүргізіледі. Мысалы, аймақ шегінде жануарлыардың жойылып бара жатқан түрлерінің популяциялық жай-күйіне бақылау жасалады. Тұтастай алғанда биосфередағы мүмкін болатын өзгерістерді байқау, бақылау және болжауды қамтамасыз ету - жаһандық мониторингтің міндеті. Оны фондық немесе биосфералық деп те атайды. Жаһандық мониторингтің негізгі мақсаттары болып табылатдар:
- адам денсаулығына төнетін қауіптің алдын алудың кеңейтілген жүйесінұйысдастыру.
- климатқа атмосфераның жаһандық ластануының әсерін бағалау;
- биологиялық жүйелерде, әсіресе қоректік тізбектерде ластанудың мөлшері мен бөлінуін бағалау.
- қоршаған ортаға әсер ететін жерүсті экожүйелерінің реакциясы; - ауыл шаруашылығы қызметі мен жерді пайдаланудың нәтижесінде пайда болатын күрделі проблемалары;
- Әлемдік мұхитты ластауға және теңіз экожүйесін ластанудың әсері; - халықаралық ауқымдағы стихиялық апаттар туралы алдын ала ескерту жүйесін құру.
Қазақстан Республикасынң экологиялық заңнамасының даму тарихы бірнеше кезеңнен өтеді.Біздің білетініміздей, жер қатынастары Қазақстанда бұдан көп бұрын,оның Ресей империясының құрамына енуі кезеңінде-ақ дамыған болатын.1917 жылдан кейін Қазақстан аумағында Ресей Федерацйиясының, Түркістан Автономиялық социалистік республикасының жер - құқық нормалары қолданылады. Қазақстанның экологиялық заңнамасы дамуының бірнеше кезеңі 1922-1957 жылдарының аралығында (1922-1957 ж.ж) басталды. Осы кезеңде Қазақ КСР аумағында табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін жекелеген нормативтік актілер қабылданды. Бұл актілердің күші жер құқығы шегінде жүзеге асырылды, бірақ бұл кезеңнің айырықша ерекшелігі жер заңнамасының жүйелігінің және оны қисындауының болмауы дер едік.Осы уақытта іс жүзінде тіпті қоршаған ортаны қорғау мәселелері реттелмейді, күн тәртібіне қойылмайды. Су, орман, тау кен заңнамалары заңның дербес салары ретінде бөліп көрсетілмеді. Екінші кезең 1958-1981 жылдары аралығындап (1958-1981 ж.ж) басталды. Бұл кезең экологиялық заңнаманың мейлінше серпінді қиысындау процестерімен сипатталады. Қазақ КСР-да осы кезеңде: 1971 жылы - Жер қойнауы туралы Кодекс, 1978 жылы - Орман Кодексі,ПОӘК 042-14-5-02.01.20.83.03-2011 № 1 баспа 102 беттің 9-беті 1981 жылы Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы, атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдары қабылданды. Экологиялық саласында заңнаманың алты дербес саласының болғаны танылады: олар - жер, су, тау-кен, орман, фауналық, атмосфералық-ауа заң салалары. Алайда осы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар бір-бірінен бөлек қарастырылады, құқықтық реттеудің кешенді әдісі болмады. Бұл 1962 жылы қабылданған Табиғаты қорғау туралы Заңның ерекше айқын көрінеді.Ол 20 баптан тұрады, олардың мазмұны мейлінше ресми сипатқа ие болды, мемлекеттік басқару тетігі, жауапкершілік тетігі, табиғи ресурстарды пайдалануға ақы төленетіндігі көзделмеген.Табиғат ресурстары кодекстерінің құқықтық миазмұны шаруашылық жүргізудің социалистік әдістеріне негізделген, мұнын өзі әкімшілік әдістерінің экономикалық әдістерден артықшылығын білдіретінеді. Үшінші кезеңде (1982-1995ж.ж) бұрынғы Кеңестер Одағының күйреуі мен Қазақстан Республикасының егемендік және тәуелсіздік алу процесі болды.Жана мемлекет нарықтық қатынастарға көше бастады, жаңа экономикаылық институттар қалыптасты ақылы қызмет, табиғат ресурстарын пайдаланудың шарттық талаптары ұғымы енгізілді.Қазақстанда банк қызметін жекешелендіру процесін, бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы жекешелендіру процесін, бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы қызметін реттейтін заңнаманың бүтіндей жаңа салалары жедел әзірленіп қабылданыды.Табиғат ресурстарына мүліктік құқықтарды реттеу саласында өзгерістер болды, бұл жер құқығы қатынастары саласынан ерекше айқын аңғарылуда. Экологиялық құқықтың дамытудың төртінші кезеңі 1995 жылғы 30 тамыздан басталады және қазіргі уақытқа дейін жалғасып келеді.Бұл Қазақстанда нарықтық экономиканы реттейтін заң толық қалыптасқан кезең болды, тәжірбиеге жерге жеке меншік институты ензілді, өнеркәсіптің негізгі салаларында жекешелендіру процесі аяқталды. Мемлекеттің экологиялық тәжірибиесіне жаңа экономикаылқ әдістер барған сайын жедел енгізілді, бұл заңда баянды етілді. Осы кезде мынандай маңызды нормативтік актілер- Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жер туралы, Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы Жарлықтары, қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, экологиялық сараптама туралы, Заңдар қабылданды. Жер, Орман, Су кодекстері, Атмосфералық ауаны қорғау туралы,Заң жаңа редакциясында қабылданды.
2.2. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшеліктері;
Қазақстан Республикасының Конституциясы-экологиялық құқықтық негізгі қайнар көзі 1995 жылығ 30 тамызда республикаылқ референдумда қабылданған ҚР конституциясы экологиялық құқықтың негізгі көзі болып табылады, өйткені ол табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастарды мемлекеттің реттеуді жалпы құқықтық негіздерін баянды етеді. Бұдан кейінгі барлық заңдар мен заңға тәуелді актілер Конституциясының баптарын орындау үшін, Конституцияда айтылған принциптер негізінде қабылданады.Экологиялық құқыққа қатысты Конституция нормаларының арасында мына нормаларды бөліп көрсетуге болады: 1) ұйымдық - басқару 2) экономикалық 3) әлеуметтік нормалар Ұйымдық - басқару нормаларына қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласындап оның органдары, лауазымды адамдар арқылы мемлекеттің қызметі мен құзіретін баянды етеін конституцияның нормаларын жатқызған жөн.т.б Конституциясының жекелеген нормалары қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу қажеттігін тікелей көрсетеді. Мысалы, 31-бапта былай делінген: Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. 44-бап Президенттің республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітуі құқығын баянды етеді.
Экономикалық нормаларға табиғат ресурстарына меншік нысанын белгілейтін Конституцияның 6-бабын жатқызған жөн. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғат ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, су сондай-ак заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. Конституцияның әлеуметтік нормаларына 38-бапты жатқызу керек, онда былай деп белгіленген:Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті
Қазақстан Республикасынң экологиялық заңнама жүйесі Конституцияда айтылған негізгі идеялардың мазмұынын дамиды.Оның негізінде республикада аса маңызды табиғат қорғау заңдары мен табиғат ресурстарының кодекстері қабылданды.Өкінішке қарай, бұртұтас кешен ретінде табиғаттың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі идеясы экологиялық заңнаманың бүкіл жүйесін қамти алмайды. Негізгі табиғат қорғау заңы 1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы болып табылады.Оның құрылымына 19 тарау, 89-бап жатады.1-тарау-жалпы ережелерде (1-4-баптарда) осы заңда пайдаланылған негізгі терминдер мен анықтамалвар етілген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР-ның заңнамасының міндеттерін белгілейді, мемлекеттің табиғат қорғау қызметінің негізгі принциптерін атайды және қорғалуға жатаытн қоршаған ортаның обьектілері көрсетіледі. 2-тарау Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері қоғамдық экологиялық ұйымдардың және азаматтардың табиғатты қорғауға бағытталған шаралардың кең кешенін жүргізу жөніндегі заңдылығын баянды етеді.Олардың арасында аса маңыздылары қоғамдық-экологиялық бағдармаларды жасау, қоғамдық - экологиялық бақылауды, мониторингті, сараптаманы жүзеге асыру, экологиялық заң жобаларын талықлау, өздерінің экологиялық мүдделерін сотта және әкімшілік жолымен қорғау болып табылады. Мемлекеттік өкімет пен жерглікті өзін -өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреті деп аталатын 3 тараудың ерекше маңызы бар. Онда ҚР Үкіметінің, орталық атқарушы органның-бұл табиғат қорғау мен табиғатты пайдаланудың жекелеген міндеттерін жүзеге асыратын Қоршаған орта мен табиғат ресурстарын қорғау министрлігі, өзі де министрліктер мен ведомстволар болып табылады, -сондай ақ биліктің және жергілкті өзін өзі басқарудың жергілікті өкілдік және атқарушы органдарынң табиғат қорғау саласындағы қызметінің негізгі заңдық өкілеттіері мен бағыттарының тізбесі егжей-тегжейлі ашылады. 3.Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативік актілер Негізгі экологиялық заңдардың мазмұнына сәйкес және оларды орындау үшін атқарушы биліктің органдары экологиялық қатынастарды реттеуге бағытталған заңға тәуелді актілер қабылдады. Бұл актілер де табиғаттың жеклеген обьектілері бойынша топтастырылады немесе барлық қоршаған ортаға қатысы болады.Заңға тәуелді актілер жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары ерекше орын алады. Осы орган қабылдайтын нормативтік акітлер атқарушы билік органдарының барлық жүйесі үшін, министрліктер, комиттетер, ведомстволар, барлық деңгейдегі әкімдіктер үшін міндетті болып табылады.Бұл актілермен табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша субьектілер тәртібінің жалпы шарттары, ережелері белгіленеді.Министрліктер мен ведомстволар да заңға тәуелді актілерді бұйрықтар, нұсқамалықтар шығарады олар белгілі бір министрліктің шектерінде қолданылады және көрсетілетін министрлікпен қатынаста болады. Мысал, ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны ластаумен келтірілген залалды есептеу тәртібі жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды атауға болады. Биліктің жергілікті атқарушы органдары, облыстар, қалалар, селолық елді мекендер әкімдері атынан шешімдер қабылдайды,олар да заңға тәуелді экологиялық актілер болып табылады..Мысалы, әкімдерідң шешімдерімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкалары белгіленеді, табиғатты қорғау қорының қаражаттарын жұмсау тәртібі ,қалалар мен аудандарды жасыл желекен бөлу мен экологиялық қабаттау мәселелері анықталады. Сөйтіп, экологиялық заңның құрамына экологиялық заңдар мен кодекстер, экологиялық заңға тәуелді актілері, сондай ақ экологиялық қатынастарды реттейтін жекелеген құқықтық нормалар мазмұндалатын заңнаманың өзге де салаларынң заңдары мен заңға тәуелді актілері жатады.
2.3. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ережелер
Табиғаттың болашақта өзгеру сипаты, адамның шаруашылық әрекетінің табиғатқа әсері, адамзаттың тағдыры сияқты мәселелер көптеген зерттеушілерді ойландырады. Сондықтан кез келген нысанды жобалауда алдын ала ғылыми болжамдардың қажет екендігі өз-өзінен түсінікті. Ғалымдардың болжамдары табиғаттың өзгеруіне талдау жасаумен бірге, болашақта адам әрекетінің сипаты қандай болуы керектігі жөнінде құнды мәліметтердің салаларын да қамтиды.
Болжамдар бойынша, болашақта отын-энергетикалық және минералды қорлар мөлшері таусылады. Оған сәйкес өнеркәсіптің өсуі де төмендейді. Бұл жағдайды болдырмау үшін жер қойнауынан алынатын қазба байлықтарды өндіруде экономикалық тиімділігі мен қорын ескеріп, оларды ұтымды пайдалану тиімді.
Ауыл шаруашылығын дамытуда жер және су қорларын өсімдік байлықтарының өзгеру сипаты мен оған әсер ететін факторлар кешенді түрде қарастырылуы қажет. Кез келген өндірістің жобасы жан-жақты ғылыми болжамдарға сүйенгенде ғана тиімді болады. Мысалы, Қапшағай бөгенінің жобасында табиғат ерекшеліктері, олардың өзгеруінен болатын зардаптар мен материалдық шығындар ескерілмегендіктен, табиғи ортаға үлкен зиян тиіп отыр. Сол сияқты ірі өнеркәсіп орындарын орналастыруда оның айналасындағы ортаның құрам бөліктеріне әсері алдын ала жан-жақты ғылыми жағынан болжануы қажет. Мысалы, табиғат ерекшеліктерін ескермей, Алматы қаласында ауыр өнеркәсіп орындарын орналастыру қаланың экологиялық жағдайын нашарлатты.
Табиғаттағы кездейсоқ апатты құбылыстарды алдын ала болжау жасау көп материалдық және адам шығынын болдырмауға көмектеседі. Мысалы, сейсмикалық аймақта орналасқан Қазақстанның таулы аудандары үшін мұның маңызы зор. Минералды су көздерін игеруде, курорт шаруашылығын өркендетуде де кешенді ғылыми болжамдар қажет. Ғылыми болжамдар табиғаттың байлықтарын дұрыс пайдалануға көмектесумен қатар, адамзат болашағы туралы мәселеде де маңызы зор.
В.И.Вернадский адамзат өркениеті үзіліп, жойылып кетуі мүмкін емес деген болатын. Табиғи қорлар таусылған күннің өзінде адамзат ғылыми болжамдар арқылы жанына шикізат, энергия көздерін анықтап, өз мұқтаждарын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі кезде Қазақстан аумағын шаруашылық жағынан игерудің қарқыны артты. Сондықтан сол аймаққа тән табиғи ландшафтылардың белгілі бір қайталанбас бөліктерін сақтап қалу мақсатында қорғалатын аумақтар ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан құнды ұлттық байлығымыз болып саналады. Қазіргі кезде бір-бірімен тығыз байланысты табиғат құрам бөліктерінің жүйесі ретінде ландшафтыларды қорғау мәселесі ғылыми бағыт алды. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі қабылданған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді. Осы Заңның 1-бабында ерекше қорғалатын аумақтарға мынадай анықтама берілген: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін және жер қойнауы үлескілері. Сонымен атар бұрыннан бар қорғалатын аумақтардың санын арттырып, аумағын ұлғайту мәселесі қойылуда.
Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар.
Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды.
1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қазақстан табиғатын қорғау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқықтық қатынастар
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
ҚР-ның экологиялық құқығы
Жаһандық экологиялық проблемалар
Халықаралық құқықтың қайнар көздері
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Халықаралық құқықтың субъектілері
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
Заманауи халықаралық құқық
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Пәндер