Азаматтық құқық объектілері туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Азаматтық құқық объектілері
Орындаған: Иргебекова Ф. Б.
Тексерген: Муксинова А. Т.
Алматы 2016ж.
Мазмұны:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Азаматтық құқықтың объектілері;
2. 2. Мүліктік құқықтыр
2. 2. 1. Заттардың ұғымы және оны саралау;
2. 2. 2. Бағалы қағаздар;
2. 3. Мүліктік емес өзіндік құқықтыр;
2. 3. 1. Ар-намысты, қадір қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Материалдық және материалдық емес құқықтар мен игіліктер. Жұмыстар мен қызметтер. Заттардың жіктелуі. Ақшалар, құнды қағаздар және басқа игіліктер - азаматтық құқықтың ерекше объектілері ретінде. Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері.
Азаматтық құқықта объекті ұғымы өте даулы мәселеге жатады. Жалпыға таныс анықтамасы келесі болады: азаматтық құқық объектісі дегеніміз - ол азаматтық құқыұ қатынастарының пайда болуына себеп болатын және субъектілердің әрекеттері оған бағытталатын (ықпал ететін) заттар болып танылады. Рим құқығынан бастап азаматтық құқық объектілеріне материалдық игіліктер: мүлік (мүліктік құқықтар мен игіліктер), жұмыстар мен қызметтер жатады. Азаматтық кодекс жоғарыда аталған қосымша объектілерге: шығармашылық қызмет нәтижелерін және материалдық емес, яғни мүліктік емес жеке құқықтар мен игіліктерді де жатқызады.
Сонымен, заттар (мүлік) азаматтық құқық объектілерінің тек бір түрі ғана болып табылады. Дегенмен, заттар басқа объектілермен салыстырғанда ең кең тараған түрі болады. Заттардың жіктелүі өз бастамасын рим құқығынан алады және де ол жаңа түрлерімен толықтырылған (оқұлыққа қосымша схемада көрсетілген) . Заттардың жіктелуінің тәжірибелік маңызы өте зор мәселе. Мысалы: жалға алу шартының объектісі - жеке анықталған, тұтынуға жатпайтын зат болса; ал несие шартының объектісі - ол тектік белгілерімен анықталған, тұтылатын заттар болады. Жылжымайтын мүлік әр қашан жеке анықталған зат болып танылады.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мулікке) : заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, кұнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық кызметтің объектісі, фирмалық атаулар, тауарлык белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтын және қозғалатын муліктер болып бөлінеді.
Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың максатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Заң қүжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге де мүдіктер де жатқызылуы мүмкін.
Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар, қозғалатын мулік деп танылады. Заң қүжаттарында көрсетілгеннен басқареттерде қозғалатын мүлікке қүқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік қүқығы мен басқа құқықтар, бұл күқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Жеке муліктік емес игіліктер мен үуқықтарға мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, кадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қолсұкпаушылык, жеке құпия мен отбасының күпиясы, есім алу күкығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық қүқығы, басқа да мүліктік емес игіліктермен құқықтар жатады.
Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны, бүл -біріншіден, осы құқық қатынастары субъектісінің субъективтік құқығы мен міндеттері және екіншіден, субъектінің өз субъективтік құқығы мен міндеттерін іске асырудағы іс-қимылы. Мысалы, жасалған шарттың негізінде сатушы сатып-алушыға мүлікті береді, ал сатып-алушы келісім бойынша ақысын төлейді.
2. 1. Азаматтық құқықтың объектілері;
Азаматтық құқық объектілері (ағыл. objects of civil rights (civil law) (property) ; нем. Objekte der Biirgerreclite pi (materielle) ) - мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.
Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.
2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке) : заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.
2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады.
3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.
Азаматтық құқық қатынастар объектілеріне әр түрлі түсініктер беріледі және олар мыналар:
- азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларының әрекетерінің бағыталатын объектілері;
- азаматтық құқық қатынастар субъектілері өз ішінде құқықтық қатынастарға қатысудың себебебі болатын материалдық және рухани игілік;
- объекті бұл азаматық құқы қатыгнастың пайда болуына себепші болатын құндылық.
Азаматтық құқық қатынастар объектілерінің әр түрлілік қатынастарда топтастырылады.
Азаматтық құқық қатынастар объектілерін қандай түрлерге бөлуге болады? Азаматық құқық объектілерінің барлық түрлерін оқыңдар. Объектілердің әртүрлі аталуының негізі неде?
«Жылжымайтын мүлік» - Қазақстандық азаматтық құқықтың жаңа салыстырмалы ұғымы. Жермен байланысты болатын нәрсені, әдетте жылжымайтын мүлік деп түсіндіреді: ғимарат, жер учаскелері мен құрылыстар. Бірақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жылжымайтын мүлікке жермен байланысы жоқ объектілерді де жатқызады.
«Жылжымайтын мүлік» құқықтық терминнің кең түсінілуі дәлелді ме? Жылжымпйтын мүліктің құқықтық режимі және жылжитын заттың режимі арасында негізгі айырмашылық неде?
«Кәсіпорын» азаматтық құқықта субъектісі (сіздер, бұл жағдайда «кәсіпорын» туралы «Заңды тұлға» тақырыбын оқыған кезде қарастырасыздар) ретінде де және объектісі ретінде де қолданылады. Бөлінетін және бөлінбейтін заттарды бөлу мәселесі бір уақытта екі немесе одан да көп тұлғаларға тиісті заттарды бөлу жағдайы кезін маңызды болады.
Бөлінбейтін мүлікке ортақ мүлік құқығы негізінде бір уақыта екі субъект құқылы болса, онда не істеу керек? Шаруа қожалығын бөлу қандай тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарына сілтеме беріңіз.
Шығармашылық қызметтің нәтижесі және оларға теңестірілген заңи тұлғаның жекешелендірілген құралдары (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) бір объектілер құрамына жатады, ол «интеллектуалдық меншік» деп аталады. Құқық нормасы бұл объектілерді тікелей меншік иесі және оның рұқсатымен басқа адамдардың қолданылуын қамтамасыз етеді. Құқық нормаларында, сондай-ақ интелектуалдық меншік объектілерді қорғаудың тәсілдері мен тәртібі көрсетілген.
Азаматтық құқықтағы интеллектуалдық меншікке жататын объектілерді атап шығыңыз. Интелектуалдық меншікті реттейтін нормативтік актілерді атаңыз.
Азаматық құқық объектілеріне ақпарат не оның әр түрлілігіне: қызметтік және коммерциялық құпиялар жатады.
Сіздің пікіріңізше, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды және олардың белгілерін қалай айқындауға болады? Мысал келтіріңіз?
Атақты Астаналық клоун Н., Алматы қаласындағы цирктің артисі А-ның өз қойылымдарында Н-ның бағдарламасына кіретін цирктік номерлерін қолданып, олармен ТМД бойынша гастролде жүріп, үлкен жетістіктерге жеткенін біледі.
Сіздің ойыңызша, аталған жағдайға қатысты Н-ның А-ға талап қоюы орынды бола ма? Егер азаматтық құқық қатынас пайда болса, оның объектісі не болып табылады? Осы объект азаматтық құқықпен қорғалады ма?
Төменде көрсетілген интелектуалдық меншік объектісін қызметтің нәтижесіне қарай бөліңіз:
- әдеби-көркем шығармасы;
- ғылыми еңбектер;
- артистердің атқаратын қызметі;
- фонограмма;
- радиолық бағдарламалар
- ЭЕМ бағдарламасы;
- тауар белгісі;
- қызмет көрсету белгісі;
- математика бойынша тапсырма ;
- ойлап табу;
- ғылыми ашулар;
- коммерциялық атау және белгі
2. 2. Мүліктік құқықтыр;
Қазіргі өркениетті заманда азаматтардың (мұра қалдырушының) жеке меншігінде әр түрлі мүліктер (жер учаскелері, пәтерлер, кәсіпорындар, шаруашылық серіктестікке қатысушылардың үлестері, шаруа қожалығы, қозғалмалы мүліктер және т. б. ) бар.
Мүліктің жеке түрін мұраға қалдыру Қазақ КСР-нің АК-нің бір ғана бабымен шектелген еді, ол 556 бабы, яғни: «Қолхозшы үйіндегі мұрагерлік». Қазірде ҚР-ның АК-нің 1082 бабына сәйкес «Шаруа немесе фермер қожалығындағы мұрагерлік».
Ресей Федерациясының АК-сі, мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыруға қатысты арнайы тарау қарастырған. Онда, шаруа серіктестігіне қатысушыларға байланысты, кәсіпорынға құқық; шаруа (фермер) қожалығының мүшелерінің мүлкі; жер теліміне қатысты және т. с. с. мәселелерге қатысты арнайы баптар қарастырылған. Бұл тағы да болса мұрагерлік құқыққа қатысты даулардың және кейбір келеңсіз жағдайлардың алдын алу болып табылады.
Кәсіпорын шаруашылық-өндірістік және мүліктік кешен ретінде, мұраның құрамына кіреді. Кәсіпорын ҚР-ның АК-нің 119 бабына сәйкес, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады.
Л. И. Корчевскаяның айтуынша кәсіпорынды мұраға қалдыру кезінде кәсіпорын құқықтық объектісі ретінде қарастырылу керек, егер олай болмаған күнде құқық субъектісінің бірі тұлға болса, басқа субъект мұраға қалдыратын -кәсіпорын болып табылады, делінген.
Өзге дамыған елдерде, кәсіпкердің меншік құқық объектісі ретінде кәсіпорын қарастырылған.
Қазақстан заңына сәйкес, мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, соның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер теліміне құқық, талап ету құқықтары, борыштар сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгілері) және егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енеді.
Жұмыс барысында ҚР-ның АК-де мүліктің жеке түріне қатысты мұраға қалдыруға байланысты мәселелерге көп назар аударылмағаны жайында нәтиже шығады. Осыған қатысты автор ҚР-ның АК-нің «Мұрагерлік құқық» 6 бөлімін «Мүліктің жеке түріне қатысты мұраға қалдыру» 60-1 тарау атауымен толықтыруды ұсынады.
Мүліктік құқық - иеленушінің өз шаруашылық аясындағы мүлікті тікелей қолдану арқылы мүддесіне жетуді қамтамасыз ететін заңды мүмкіндігі.
Мүліктік құқық мына негіздер арқылы пайда болады:
- міндеттемеге қатысу;
- интеллектуалдық меншік объектісін иелену.
Міндеттемеге сәйкес бір адамның басқа адамның пайдасына мүлік беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқа да сол сияқты әрекеттер жасауға міндетті, ал несиегер борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Міндеттемелер шарттан, зиян келтіруден және өзге де негіздерден пайда болады. Қарызға ақша алған адам борышқор болса, қарыз беруші несиегер болып саналады. Бұл міндеттеме негізінде несиегер мүліктік құқық иеленіп, борышқордан қарыз ақшаны қайтаруын талап ету мүмкіндігін алады. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемеде мүліктік құқыққа жәбірленген адам ие болады. Интеллектуалдық меншік объектілеріне деген мүліктік құқық олар жасалған мезетте және кейбір түрлері өкілетті мемлекеттік орган тіркеген сәттен бастап пайда болады. Жазушы өзінің көркем шығармасын қолжазба түрінде дайындаған сәттен бастап туындыгер болып танылады да, жеке мүліктік емес және мүліктік құқыққа ие болады. Көркем шығармаға деген мүліктік құқыққа ие болу үшін тиісті органға тіркету, сараптамадан өткізу секілді қосымша талаптар жоқ. Ал, өнеркәсіптік меншік объектілеріне (өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге) деген мүліктік құқық сараптамадан өткізіліп, тиісті өкілетті органға тіркелген авторлықты қуаттайтын құжат - патент алған кезде пайда болады. Мұндағы интеллектуалдық меншік объектілеріне деген мүліктік құқықтың мазмұны сол объектілерді пайдаланғаны үшін басқа тұлғалардан ақы төлеуін талап ету мүмкіндігінен тұрады.
Міндеттемелік құқықта құқықты тұлға мүддесі міндетті тұлғаның әрекеті арқылы орындалатын болса, мүліктік құқық аясында құқықты тұлғаның мүддесі өз әрекеті арқылы орындалады, сондықтан міндетті тұлғалардың қимыл-қарекеті бірінші кезекте емес. Өйткені олар тек құқықты тұлғаның өз құқығын өзінің жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге тиіс. Мұндай міндетін бұзған тұлға сол заматта мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының күшімен сабасына түсіп, құқық бұзушылықтың салдарын ретке келтіреді. Дегенменен бұл екі бағытта да субъективті құқықтың жүзеге асуына міндетті тұлғаның оңды қимыл-қарекеті негіз болады.
2. 2. 1. Заттардың ұғымы және оны саралау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz