Ортақ меншік

I. КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ортақ меншік ұғымы мен пайда болу негіздері;
2.2 Ортақ меншік түрлері;
2.3 Ортақ үлесті меншік;
2.4 Ортақ бірлескен меншік;
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады. Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын. Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995ж.
(07.10.1998ж. және 21 мамыр 2007 жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім) 1994 жыл 27 желтоқсан /өзгертулер менн толықтырулары/;
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы оқулық Алматы «Жеті жарғы – 2001ж» Төлеуғалиев Ғ.А.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы жалпы бөлім І, ІІ – том Алматы – 2006ж Сапарғалиев Ғ.А.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Ортақ меншік

Орындаған: Иргебекова Ф. Б.
Тексерген: Муксинова А. Т.

Алматы 2016ж.
ЖОСПАР:

I. КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ортақ меншік ұғымы мен пайда болу негіздері;
2.2 Ортақ меншік түрлері;
2.3 Ортақ үлесті меншік;
2.4 Ортақ бірлескен меншік;
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік -- адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады. Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын. Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз -- субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік дегеніміз -- бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік -- бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр. Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл -- бірлескен ортақ меншік.

2.1 ОРТАҚ МЕНШІК ҰҒЫМЫ МЕН ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
Мүлік меншік құқығында бір немесе бірнеше адамда бола алады. Белгілі бір мүліктің меншік құқығында тиесілі бола алатын субъектілерінің (тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бірсубъектілік және көпсубъектілік болып бөлінеді. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады делінген АК-ның 209-бабының 1-тармағында. Сонымен,заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан да көп тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Бұл тұлғалар АК-да меншікке қатысушылар,ал құқық ғылымында және оқулық әдебиеттерде ортақтас меншік иелері деп аталады.
Көпсубъектілік ортақ меншіктің субъективтік құқығының ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшелік Ак-да өзінше ортақ меншік құқығы институтын бөліп алуға әкелді (АК-ның 11-тарауы).
АК-ның ортақ нормалар ретінде көрініс табатын бір субъектілік құқық нормалары ортақ меншік құқығын да реттейді. Әрине, ол ортақ меншік туралы арнайы құқықтардан алшақ кетпейтін шамада реттейді.
Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке бөледі (209-баптың 2-тармағы. Үлесті меншікте мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікте болады, ал бірлескен меншікте ондай үлестер анықталмайды. Егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса,мүлікке ортақ меншік үлесті болып табылады.
Үлесті және бірлескен меншіктің қатысушылары бірінен бірі едәуір бөлек болып келеді. Үлесті меншіктің қатысушылары азаматтық құқықтың заңнамада көзделген кез келген субъектілері және олар кез келген жиынтықта болуы мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана болады, олар көбіне бірімен бірі туыстық қатынаста болады.
Бірлескен меншік заң құжатарында тікелей көзделген жағдайда ғана белгіленеді.
Ортақ бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен, ал ондай келісімге олар өзара қол жеткізе алмаған жағдайда, сот шешімімен бірлескен меншіктегі ортақ мүлікке ортақ үлесті меншік белгіленеді. Ортақ үлесті меншікті оған қатысушылардың келісімі бойынша немесе сот шешімі бойынша бірлескен меншікке айналдыру заңда көзделмеген.
Түріне қарамастан, ортақ меншік барлық оның қатысушыларының меншігі болып саналады, сондықтан ол көпсубъектілік меншік. Ортақ меншік құқығындағы меншік иелері арасында белгілі бір заттың жеке басы, мұндай заттардың жиынтығы немесе тұтас мүліктік кешен (мысалы, құқық объектісі ретіндегі кәсіпорын) түріндегі бөлінбеген объект болады. Сонымен ортақ меншіктің қатысушылары әрқайсы өзінше, басқаларынан бөлек, ортақ меншіктегі мүлікке түгелдей де, оның бөлек заттарына, бөліктері мен үлестеріне де меншік иесі бола алмайды.
Затқа ортақ меншікті заттың өз меншік иесі бар әрбір бөдшегіне меншік құқығынан ажырата алу керек. Мысалы, көппәтерлі үйде пәтерлердің әрқайсының және тұрғын емес жайлардың өз меншік иелері болуы мүмкін,ал ортақ меншік туындамайды. Бірақ, пәтерлердің барлық меншік иелерінің ортақ меншігі пәтерлерді бір бүтінге тұрғын үйге біріктіретін үйдің бөлшектері. Жылжымайтын мүлікке мұндай меншік,яғни жылжымайтын мүліктің жекелеген бөлігі азаматтардың немесе заңды тұлғалардың дара меншігінде,ал қалған бөліктері олардың үлестік меншік құқығында болса, ол кондоминиум деп аталады(АК-ның 209-бабының 6-тармағы).
Ортақ меншік ұғымы кең ауқымды ортақ мүлік ұғымының негізгі түрі. Соңғы ұғым тек ортақ меншікті ғана емес, сонымен қатар ортақ заттық және міндеттемелік мүліктік құқықтарды да қамтиды. Сондықтан, ортақ меншік құқығын, ортақ мүлікке құқықтың түрі ретінде, басқа ортақ заттық және міндет-темелік құқықтардан айыру қажет. Ортақ заттық құқықтың неғұрлым заң жүзінде реттелген түрі-ортақ жер пайдалану құқығы. Бұл құқық, егер заңды түрде азаматтық айналымда жүрген болса, өзінің сипаты жағынан меншік құқығына жақын. Ортақ жер пайдалану құқығы,ортақ меншік құқығы сияқты үлестік және бірлескен болуы мүмкін. Басқа ортақ заттық құқықтар, мысалы, ортақ шаруашылық жүргізу құқығы немесе ортақ оралымды басқару құқығы, заң тұрғысынан онша реттелмеген, бірақ ондай құқықтардың болуын заң жоққа шығармайды. Мысалы, екі немесе бірнеше мемлекеттік кәсіпорындардың ортақ шаруашылық жүргізу құқығында осы кәсіпорындардың қаражатына тұрғызылған үй болуы мүмкін. Ортақ заттық құқықтар туралы заңнамада ол қылықтар болса ортақ меншік туралы азаматтық заңнаманың ұқсас қалыптарына жүгінуге болады.
Екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады. Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн. Мүлiкке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлiкке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды. Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн.
Жылжымайтын мүлiкке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады. Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оның жылжымайтын мүлiктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз.
Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлiктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады. Кондоминиумның әр алуан түрлерiнiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалуы мүмкiн. Инвестициялық пай қорының активтерiне ортақ үлестiк меншiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заң актiсiмен айқындалады.
Ортақ меншік - екі немесе бірнеше адамның меншік құқығына тиесілі мүлік. Ортақ меншік үлесті және бірлескен меншік деген екі түрге бөлінеді. Үлесті меншік бойынша әрбір қатысушының Ортақ меншікте нақты үлесі болады.
Үлес мөлшері Ортақ меншікке қатысушылардың өзара келісімі арқылы ортақ мүлікті құру мен көбейтуге қосқан салымдарына қарай белгіленеді.
Кейін нарыққа қарай мүліктің бағасы өзгерсе де, бастапқы үлестері сол қалпында қала береді. Cондықтан қатысушылардың үлестері мүліктегі заттай үлес емес, құнындағы үлес те емес, ортақ құқықтық үлес болып танылады.
Кей жағдайда ортақ меншікке қатысушылардың үлестерін өздері емес, басқа адам немесе заң белгілейді. Мұндай жағдай қатысушылардың біреуінің заңды құқығы бұзылатын болғанда орын алады.
Ортақ үлесті меншік, сондай-ақ бірлескен қызмет шартын жасасу арқылы және жай серіктестік нысанында фермер қожалығын ұйымдастырған кезде пайда болады. Үлестеріне қарамастан Ортақ меншік қатысушыларға меншік құқығына тән барлық өкілеттіктер (иемдену, пайдалану, билік ету) беріледі.Әрбір қатысушы үлесті меншіктегі тұтас мүлікке де, өзіне тиесілі үлеске де билік етеді.
Тұрғын үй ортақ меншік болып есептелінеді
Ортақ меншіктегі тұтас мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімімен жүзеге асырылады. Ал өзіне тиесілі үлеске қатысушы жеке-дара билік етеді, яғни өз қалауымен сатуға, сыйға тартуға, кепілге қоюға, мұраға қалдыруға құқылы.
Үлесті меншіктегі мүлікті иемдену мен пайдалану да барлық қатысушылардың келісімімен іске асырылады. Ал келісе алмаған кезде иемдену және пайдалану тәртібін сот белгілейді.
Ортақ меншіктің екінші түрі - бірлескен меншіктегі құқық үлестерге бөлінбейді. Қатысушылар өздеріне тиесілі үлесті тек Ортақ меншіктен шыққанда ғана айқындайды. Бірлескен меншік азаматтар арасында ғана (ерлі - зайыптылардың некелескен соң алған мүлкі, шаруа қожалығы құрылғанда, тұрғын үйді жекешелендіргенде) пайда болады.
Бірлескен меншіктегі мүлікті қатысушылар бірлесе иеленеді және пайдаланады. Олардың келісімімен өзгеше тәртіп те белгіленуі мүмкін. Бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету де барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мұнда ерекше тәртіп қолданылады: жылжымалы мүлікке меншік иелерінің біреуі билік еткенде басқаларының келісімі бар деп болжамданады, ал жылжымайтын мүлікке қатысты не нотариалдық куәландыруды талап ететін мәміле жасағанда басқа қатысушылардың жазбаша түрде келісімдері талап етіледі.

2.2. ОРТАҚ МЕНШІК ТҮРЛЕРІ

Бірлескен меншіктегі мүлікті қатысушылар бірлесе иеленеді және пайдаланады. Олардың келісімімен өзгеше тәртіп те белгіленуі мүмкін. Бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету де барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

2.3. ОРТАҚ ҮЛЕСТІ МЕНШІК
Ортақ үлесті меншік құқығында оның әрбір қатысушысының белгілі бір үлесі болады.Бұл ортақ мүліктегі немесе оның құнындағы үлес емес, дәп ортақ меншік құқығындағы үлес.Бұл үлес ортақ үлесті меншіктің барлық басқа қатысушыларының үлестеріне қатысты бөлшекпен өлшенеді,мысалы, үлесті меншіктің барлық ортақ құқығына қатысты (14), (12),35, т.с.с.Сонымен, ортақ мүлік үлесті меншіктің қатысушылары арасында бөлінбейді,ортақ мү-ліктің құнындағы үлес бөлініп алынбайды.
Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлестері тең де,тең емес те болуы мұмкін.АК үлестердің теңдік презумпциясына сүйенеді.Егер заң құ-жаттарында немесе үлесті меншіктің барлық қатысушыларының келісімде-рінде өзгеше көзделмеген болса,олар тең (АК-ның 210-бабының 1-тармағы).
Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлесін үлесті меншіктегі қатысушылардың өздері емес,заң актілері немесе осы құжаттарда белгіленген тәртіпте үшінші жақ анықтайтын жағдайлар көп емес.Мысалы,әрбір ортақтас меншік иесінің кондоминиумдағы ортақ мүлікке құқығындағы үлесі бөлек (жеке) меншіктегі тұрғын жайдың пайдалы алаңының немесе тұрғын емес жайдағы алаңның тұтастай үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Өсиет бойынша мұраға қалдырғанда өсиет қалдырушы өсиетке қалдыратын жылжымайтын мүлікке мұрагерді анықтауға құқылы.
Үлесті меншік құқығындағы үлестердің мөлшері,көбіне,оның қатысушы-ларының өзара келісімімен анықталады.Бұл ретте үлесті меншіктің қатысу- шылары ортақ мүлікті құру мен көбейтуге қосқан салымдарына қарай қаты- сушылардың үлестерін анықтаудың және өзгертудің тәртібін белгілеуі мүм-кін(АК-ның 210-бабының 2-тармағы).Сонымен,кейбір жағдайлардан басқа реттерде,үлесті меншік құқығындағы үлестер мөлшері меншік иелерінің ор-тақ мүлікті құруға және көбейтуге қосқан салымдарының көлеміне тікелей байланысты.Үлесті меншік жақсарғанда да оның қатысушыларының құқығы тиісінше анықталады.
Ортақ үлесті меншік құқығы өзіне АК-да меншік құқығы үшін көзделген барлық құқық өкілеттіктерін,яғни иемдену,пайдалану және билік ету құ- қықтарын қамтиды.Бірақ,үлесті меншік құқығындағы бұл құқық өкілеттік- терін жүзеге асырудың өз ерекшеліктері бар.Осы ерекшеліктерді АК-да қалай берілсе,сол ретімен қарастырайық,ал ол мүлікке билік етуден басталады.Бұл жерде АК ортақ үлесті меншіктегі мүлікке билік етуді үлесті меншік құқы-ғындағы үлеске билік етуден бөліп қарайды.
Үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының келісуімен жүзеге асырылады (АК-ның 212-бабының 1-тармағы).
Ортақ үлесті меншікке билік ету оның қатысушыларының бірауыздылық принциптеріне негізделген.Үлесті меншіктегі мүлікті оның қатысушылары сатуы,сыйға тартуы немесе басқадай билік жасауы үшін,меншік құқығында-ғы әрбір адамның үлесінің мөлшеріне қарамай,олардың барлығының келісі- мін алуы тиіс.
Үлесті меншіктің қатысушыларының оған билік етуге келісімі,бірлескен меншіктің қатысушыларының осындай келісіміне қарағанда,алдын ала бол-жамданбайды,ол нақты көрініс табады.Мысалы,үлесті меншікке билік жасау жөніндегі жазбаша мәміледе оның барлық қатысушыларының немесе оның өкілдерінің қолы болуы тиіс.Үлесті меншіктің тым болмаса бір қатысушысы-ның келісімінің жоқтығын басқа тәсілдермен,оның ішінде сот шешімімен то-лықтыруға болмайды.Үлесті меншіктегі мүлікке оның қатысушыларының барлығының келісімінсіз билік етуге оның қатысушысы тек үлестік меншік құрамынан мүлікті бөліп алғаннан,яғни мүлікке ортақ меншік тоқтағаннан кейін мүмкіндік алады (АК-ның 218-бабы).
Меншік құқығындағы үлестерге билік ету үшін өзге тәртіп белгілен-ген.Үлесті меншіке әрбір қатысушы өзінің үлесін өз қалауы бойынша сатуға, сыйға тартуға,өсиет етуге,кепілге беруге құқылы (АК-ның 212-бабының 2-тармағы).
Үлестік меншік құқығының қатысушысымен оның үлесіне қатысты мәмі- ле жасағанда басққа қатысушылардың келісімі қажет емес.Бірақ,өз үлесін меншік иесі емесүшінші адамға сатқан (айырбастаған) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ
Ортақ меншік түрлері мен ұғымы
Азаматтық құқық бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері
Меншік құқығының ұғымы және мазмұны
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ортақ меншік құқығының түсінігі және негізгі түрлері
Ортақ меншіктің түрлері
Ортақ меншік ұғымы мен түрлері
Ортақ меншік ұғымы
Ортақ меншік ұғымы туралы
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер