АҚШ-тың, Францияның XVIII ғ. маңызды буржуазиялық актілері



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Америка Құрама Штаттары, АҚШ.тың XVIII ғ. Конститутциясы және маңызды буржуазиялық актілері;
2.2. Франция. Францияның XVIII ғ. Конститутциясы және маңызды буржуазиялық актілері;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Франция револциясының басталуы. Револцияның терең де, түпкі мақсатқа жетудің себебі, елдегі феодалдық өндірістік қатынастарды басқарушылар мен өндіруші күш арасындағы қайшылықтар болды. Феодализм революцияның одан әрі дамуын қамтамасыз ете алмауына байланысты тежегішке айналды. Саудагерлер, көпестер өндірісшілердің негізгі тобы өздерінің жағдайларына қанағаттанбады. Ішкі базар өндіріс үшін тар болды, себебі шаруалардың (елдегі тұрғындардың негізгі бөлігі ) өнеркәсіп тауарларын сатып алуға мүмкіншілігі болмады. Сауданың дамуына ішкі кеденнің көп болуы әсер етті. Дворяндар және духовендердің жоғарғы негізгі бөлігі әрекет етіп жатқан құрылымды сақтап қалуға тырысты. Оны қорғаудың басты құралы ретінде мемлекеттің феодалдық-абсолюттік негізі танылды. Елдің арасында әртүрлі өзгерістер мен ауытқушылықтар болды. Бұған экономикалық және саяси жағынан ұйымдастырылған, феодалдық қозғалыстарға қарсы әлеуметтік топтар құрайтын буржуазия дайындалды. Франция АҚШ-ның, Англияның, Голландияның мемлекеттік-құқықтық құрылыс тәжірибелерін жетекшілікке ала отырып, революция жолын нақты зерттеді.
1. Азаматтық құқықтық қатынастар (Оқу-әдістемелік құрал)
Авторлары: Омар Бауыржан Мұсаханұлы, Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы, Баетов Ерназар Көпжасарұлы;
2. Оқулық. ҚР Азаматтық құқығы (Жалпы бөлім). Ғ.И. Төлеуғалиев. Алматы «Жеті Жарғы» 2001ж.
3. Қ.Р. Азаматтық кодексі. Алматы «Жеті Жарғы» 2004 ж.
4. Қ.Р.Конституциясы. Алматы «Жеті Жарғы» 2004 ж.
5. Қ.Р. Азаматтық кодексінің түсініктемесі. Ю.Г. Басин, М.К. Сүлейменов - Алматы, 2003 ж.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ
Тақырыбы: АҚШ-тың, Францияның XVIII ғ. маңызды буржуазиялық актілері;

Орындаған: Иргебекова Ф. Б.
Тексерген: Турсынкулова Д. А.

Алматы 2016ж.
ЖОСПАРЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Америка Құрама Штаттары, АҚШ-тың XVIII ғ. Конститутциясы және маңызды буржуазиялық актілері;
2.2. Франция. Францияның XVIII ғ. Конститутциясы және маңызды буржуазиялық актілері;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Франция револциясының басталуы. Револцияның терең де, түпкі мақсатқа жетудің себебі, елдегі феодалдық өндірістік қатынастарды басқарушылар мен өндіруші күш арасындағы қайшылықтар болды. Феодализм революцияның одан әрі дамуын қамтамасыз ете алмауына байланысты тежегішке айналды. Саудагерлер, көпестер өндірісшілердің негізгі тобы өздерінің жағдайларына қанағаттанбады. Ішкі базар өндіріс үшін тар болды, себебі шаруалардың (елдегі тұрғындардың негізгі бөлігі ) өнеркәсіп тауарларын сатып алуға мүмкіншілігі болмады. Сауданың дамуына ішкі кеденнің көп болуы әсер етті. Дворяндар және духовендердің жоғарғы негізгі бөлігі әрекет етіп жатқан құрылымды сақтап қалуға тырысты. Оны қорғаудың басты құралы ретінде мемлекеттің феодалдық-абсолюттік негізі танылды. Елдің арасында әртүрлі өзгерістер мен ауытқушылықтар болды. Бұған экономикалық және саяси жағынан ұйымдастырылған, феодалдық қозғалыстарға қарсы әлеуметтік топтар құрайтын буржуазия дайындалды. Франция АҚШ-ның, Англияның, Голландияның мемлекеттік-құқықтық құрылыс тәжірибелерін жетекшілікке ала отырып, революция жолын нақты зерттеді.
ХYІІІ ғасырдағы АҚШ - ғы тәуелсіздік үшін соғыс. ХҮІІ ғасырдың басында атлант жағалаунда орналасқан Солтүстік Америка ағылшынның алғашқы отары. Сонына келе (ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ.), осы жағалаудан Солтүстік Америкаға қарай ұзыннан созылған 12 отар мемлекеттілік пайда болды.
Отар мемлекеттердің басқарылуы біртекті болған жоқ. Олардың кейбіреуі (Пенсильвания, Мэриленд) жеке меншік иелік ретінде саналды. Конниктут, Род-Айленд сияқты отар мемлекеттіліктер халық басқармасында болса, қалғандарының басқаруы метрополия үкіметі тағайындаған губернатор басқаратын, король отары басқару нысанында ұйымдастырылған. Отар мемлекеттіліктер өздерін ағылшын патшалығының толыққанды бодандары ретінде санаған, оларға метрополия құқығы кеңінен тараған : Ұлы еркіндік хартиясы, құқық туралы Билль, жалпы құқық, әділеттілік құқығы және т.б. Бірақ та, патша үкіметі отар мемлекеттіліктерге метрополияның шикі зат қоры және ағылшын тауарларын өткізетін нарық ретінде қарады және отар мемлекеттіліктерді тонау саясатын жүргізе отырып, олардың өндірістік дамуын кешеуілдетті. Осылай, ХҮІІІ ғасырдың орта шеңінде метрополия мен отар американдықтардың арасында шиеленіс үдей түсті.
1774 жылы Филадельфия қаласында 55 делегаттан тұратын отар мемлекет өкілдерінің бірінші континентальды конгресі өтті. Конгресс метрополияның кеден және салық саясатына қарсы наразылығын бейнелеген құқық Декларациясын бекітті.
2.1. Америка Құрама Штаттары, АҚШ-тың XVIII ғ. Конститутциясы және маңызды буржуазиялық актілері;
Солтүстік Американың Атлант жағалауындағы бірінші
ағылшын колониясы ХVІІ ғасырдың басында құрылды. ХVІІ-
ХVІІІ ғ.ғ. аралығында Солтүстік Америка жағалауының ортаң
белінде тағы да 12 калония орналасты. Ағылшындар жергілікті
тұрғын халықты жойып олардың орнына Африкадан құлдар
алып келді. Оңтүстік жəне солтүстік калониялардың эконо-
микалық ахуалы əртүрлі болды, оңтүстік колониялар ауыл
шаруашылық плантаторлық қызметпен айналысты жəне оларда
құл жұмсау кең орын алды. Солтүстік колониялар негізінен
мануфактуралық-өнеркəсіптік капиталистік қатынастары да-
мыған сипатта болды. ХVІІІ ғасырдың 70-жылдары колония-
лардың тұрғылықты халқы 3,5 млн. адамға жетті, сонымен
қатар 500 мыңға жуық құлдар болды.
Колонияларды басқару түрлі нысанда жүзеге асырылды:
жеке меншіктегі (Мэриленд, Пенсильвания), "халық басқа-
ратын" (Коннектикут, Род-Айленд) жəне орталықтан тағайын-
далатын (Англиядан) губернаторлар басқаратын "патша коло-
ниялары". Колониялық тұрғындар өздерін англия патшалы-
ғының еркін азаматтары ретінде таныды жəне оларға метро-
полии құқығы: Ұлы еркіндік хартиясы, Құқық туралы билль,
"жалпы құқық", "əділдік құқығы" таралды.
Алайда, колонияларды метрополиидің шикізатпен қамта-
масыз етуші базасы ретінде ұстау жəне оларды тонау саясаты
халықтың ашуын тудырып, ашық түрде үкіметке қарсы кө-
теріліс жасауға əкеп соқты.
ТƏУЕЛСІЗДІК ҮШІН СОҒЫС
Күресу координациясының тəуелсіздік үшін қозғалысы не-
гізінде "корреспонденция, қауіпсіздік жəне байқау комитет-
тері" құрылды. 1774 жылы Филадельфия қаласында құрамы 55
делегаттан тұратын ең алғашқы континетальдық конгресс өтті.
Ол жерде метрополиидің кедендік жəне салықтық саясатына
қатысты наразылық білдіретін Құқық декларациясы бекітілді.
Осы Декларациямен қатар, сол кезде корольға петиция жа-
зылды, онда колонистер метрополиидің қысым жасауын тоқтатуды сұранды. Ал ағылшын үкіметі оларға қарсы соғыс
əрекеттерін жүргізуді бастады. Сонда, 1775 жылы мамыр
айында Екінші континенталдық конгресс жиналды. Ол жерде
Англияға қарсы соғыс жағдайына баға беріліп, жəне американ-
дық əскерді құру туралы шешім қабылданды. Ол əскердің бас
қолбасшысы болып Джордж Вашингтон тағайындалды. Тəуел-
сіздік үшін соғыс басталды. Əрбір колония өзін тəуелсіз мем-
лекет -- штат ретінде жариялады.
Американдықтарды қорғау талпыныстарының сəтсіздігіне
көзі жеткен, азаттық үшін күрестің көрнекті идеологтары Д.
Адамс, Т. Джефферсон, Т. Гамильтон ағылшын құқығының
нормаларына сілтеме жасай отырып, табиғи құқық идеяларына
жүгінді. Бұл идеялар адамның құқықтары тумысынан беріледі
жəне олардан айыруға ешкімнің құқығы жоқ деп таныды,
мемлекет оларды бұзуға емес, керісінше, қорғауға міндетті.
Бұл идеялар 1776 жылғы 4-шілдеде қайта шақырылған Кон-
тиненталдық конгрессте қабылданған "Тəуелсіздік декларация-
сының" негізі болды. Томас Джефферсон жасаған бұл құжатта
метрополий тарабынан колониялардың табиғи құқықтары
бұзылып отырғандықтан метрополиймен байланысты түбірі-
мен үзу жəне тəуелсіз Америка Құрама Штаттарын құру тура-
лы шешім қабылданды. Табиғи-құқықтық теорияның негізінде
өз аумағында ұлттың ұлттық егемендігі жарияланды. Халық- тың революция жасауға құқығы бекітілді. Алайда, өзінің ішкі
сипаты бойынша демократиялық болып табылатын бұл Дек-
ларацияда құлдық пен үндістер туралы ештеңе көрініс тап-
пады.
1778 жылы штаттардың өкілдерімен өткізілген Конгрессте
"Конфедерацияның баптары" атты құжат бекітілді. Штаттар
АҚШ деп аталатын "мəңгі одаққа" -- конфедерацияға аяқ
басты. Штаттар Конгресс қарайтын ортақ істерден басқа мем-
лекет ішіндегі мəселелерді шешуде тəуелсіздікке ие болған.
Конгресс əр штаттан 2-7 делегаттан қалыптасты жəне шешім
қабылдауда əр штатқа бір дауыстан берілді. Конгресстің 6
айдан ұзаққа созылмайтын сессияаралық кезеңдерінде оның
кейбір өкілеттіктерін Штаттар комитеті жүзеге асырған, ол өз
кезегінде əр штаттан бір делегаттан жиналған құрамда жұмыс істеді. Сонымен, бұл жерде біртұтас мемлекет емес, мемлекет-
тер одағын құру көзделген.
1783 жылы АҚШ толығымен тəуелсіз болып танылуы
туралы бейбіт келісім жасалған.
Соғыс аяқталған соң штаттарда билікті плантаторлар,
буржуазия жəне саудагерлер иемденіп алған. Соғысты басынан
кешкен қатардағы американдықтар өткен соғыстың барлық
зиянды салдарын өткерді (шаруашылықты қалпына келтіру,
салықтың мөлшерін көтеру жəне т.б.). Елде халықтың қоз-
ғалысы басталды. Отставкадағы капитан Д. Шейсптың басшы-
лығымен ең ірі қарулы көтеріліс өткізілді. Көтерілісті басып
тастады, бірақ сондада билік басындағылар конфедерациядан
басқа мықты бірлестік құру керек екендігін мойындады.
1787 жылы Филадельфия қаласында 12 штаттан (Род-
Айленд штатынан басқалар) 55 делегат қатысқан Конститу-
циялық конвент жиналды. Конституцияның жобасын даяр-
лауда Дж.Вашингтон, Д.Мэдисон, Э.Рандольф, Д.Уилсон сияқ-
ты көрнекті мемлекет қайраткерлері мен заңгерлер қатысты.
Төрт айлық жұмыстың нəтижесінде Американың қазіргі кезге
дейін жеткен Конституциясы қабылданды. Бұл актінің негізіне
алынған маңызды бастамалар ретінде мемлекеттік биліктің заң
шығарушы, атқарушы жəне сот билігі тармақтарына бөлінуін атап кетуге болады. Биліктің тармақтарға бөлінуі туралы тео-
рия ең алғаш рет Аристотельдің жəне Марсилия Пуадонский-
дің еңбектерінде көрініс тауып, кейін ХVІІІ ғасырда француз
ғалымы Ш. Монтескьемен анғұрлым терең зерттелді.
Заң шығарушы билік екі палатадан : Сенат жəне өкілдер
палтасынан тұратын Конгресске берілді. Қос палаталармен
қабылданған заң жобасы президент қол қойғаннан кейін 10
күннің ішінде заңды күшіне енетін (ол мерзім өткеннен соң заң
жобасы қабылданды деп есептелетін). Егер президент заң
жобасын қайтарып жіберсе, Конгрес оны 2\3 дауысымен
бекітетін, яғни жобаны қайтарып жіберу билігі президент
қолында болған. Сонымен қатар, президент үкімет жəне мем-
лекет басшысы, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы
болып табылған. Ол сенаттың келісімімен елшілер мен басқа
да мемелкеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларын тағайындап,
өзінің əкімшілігін басқарған. Сот билігі АҚШ-тың жалпыфедералдық Жоғарғы сотына
тиесілі болды. Аса маңызды істер бойынша халық соттары (суд
присяжных) тағайындалған. Конституцияда ,сонымен қатар
мемлекеттік биліктің қалыптастыру тəртібі көрініс тапқан.
Өкілдер палатасының депутаттары штаттар бойынша сайла-
натын болған (30 мың тұрғыннан бір депутат), Сенат - əр штат-
тың заң шығарушы жиынынан екі депутаттан алынып
құрылатын болған, Президент -- екі дəрежелі сайлау жүйесі
бойынша сайланатын болған (штаттардың тұрғындары "сай-
лаушыларды", ал олар президентті сайлаған). Жоғарғы соттың
мүшелерін сенаттың келісімімен президент тағайындаған.
Өкілдер палатасы екі жылға, сенат 6 жылға сайланған, сенат-
тың 1\3 құрамы əрбір екі жыл сайын кайта сайланып отыратын
болған. Президент төрт жылға, Жоғарғы соттың судьялары
өмір бойына сайланатын болған.
Конституция бойынша федеративтік құрылым еңгізілді. Со-
ның нəтижесінде, жалпыфедералдық органдар мен штаттардың
органдарының өкілеттіктері шектелді. Федерацияға мынадай
қатынастарды шешу құқығы берілді: соғыс жəне бейбітшілік,
сыртқы қатынастар, ақша шығару, өлшеу жүйесі, əскерді жəне
теңіз əскерін басқару. Федералдық құқық штат құқығына
қарағанда үстемдікке ие болды.
1791 жылы "Құқық туралы билль" қабылданды, ол мəні
бойынша АҚШ-тың Конституциясына 10 түзету енгізді. Түзе-
тулер саяси мəселелерге қатысты демократияландыру сиаптын-
да болды. Алайда, оңтүстік штаттарда сақталған құлдық
туралы қайтадан ештеңе айтылмады. Үндістердің жерлерін
жаулап алудың жəне европалық колонияларды сатып алудың
нəтижесінде штаттар саны көбейе түсті. Жаңа штаттарды құру
тəртібі 1787 жылы қабылданған Конституциямен реттелді.
Конгресс штаттардың аумағын өзінің (штаттық) заң шығарушы
жиынымен автономиялық деп жариялады. Штаттың басшысын
-- губернаторын, сенаттың келісімімен президент тағайында-
ды.
Саяси партиялардың пайда болуына А.Гамильтон мен
Т.Джефферсон басқарған саяси топтар түрткі болды (ХVІІІ ғасырдың 80-жылдары). Гамильтонның жақтастары ірі меншк
иелері болатын,олар "Құқық туралы билльсіз" Конститу-
цияның алғашқы кездегі түрін қолдады. Джефферсонның
жақтастары шағым кəсіпкерлер мен фермерлер болатын, олар
керісінше "Құқық туралы билльды" қолдады. Ақырында "Бил-
льды" қолдаушылар жеңіп шықты. Жоғарыда аталған саяси
қарама қайшылықтың нəтижесінде 1828 жылы АҚШ-тың демо-
кратиялық партиясы, ал 1854 жылы -- АҚШ-тың республи-
калық партиясы құрылды. Екі партияда құрамы бойынша
əртүрлі халықтардан болды, алайда, біреуі
штаттарға, екіншісі -- солтүстік штаттарға жақын болды.
Көп ұзамай республикалық партияда екі ағым байқалды: оң
жақтық (ірі буржуазия) жəне либералдық-демократиялық (фе-
мерлер) мен шағым буржуазия).
Сайлаушылардың дауысына деген партиялардың күресі
сайлау жүйесінің демократиялану үрдісін жандандыра түсті.
Штаттардың көпшілігі мүліктік цензді жоя отырып еркектердің
жалпы сайлау құқығын енгізді.
ХІХ ғасырдың ортасында өнеркəсіптік солтүстік пен құ-
лиеленушілік оңтүстіктің арасында шиеліністі қатынастар
туындады.
1860 жылы президент болып республикалық
партияның либералдық-демократиялық қанатының өкілі
А.Линкольн сайланды. Бұған жауап ретінде оңтүстік штаттар
бөлініп шығу жəне Оңтүстік штаттар конфедерациясын құру
туралы шешім қабылдады. 1861 жылы соғыс басталды.
1862 жылғы мамырда А.Линкольн "Гомстед-актқа" қол
қойды, бұл заң батыста фермерлықпен айналысуға ниет білді-
руші əрбір адамға 160 акрден (1 акр = 1017 шаршы метр) жер
учаскесін алу құқығын бекітті. 1862 жылғы қыркүйекте
Құлдықты жою туралы прокламация жарияланды. 1863 жылғы
қаңтардың бірінен бастап көтеріліс болған аумақтардың негр-
лері еркін деп жарияланды. Бұл шаралар солтүстікшілдердің
беделін жоғарылатып, олардың əскеріне өз еркімен келу-
шілердің санын көбейтті. 1865 жылғы ақпан айында Конгресс
АҚШ-тың Конституциясына бүкіл елде құлдықты жою туралы ХІІІ түзетуді енгізді.
1865 жылғы көктемде оңтүстіктің
əскерлері талқандалды.
1865 жылғы
14-ақпанда оңтүстікшілдердің жіберген
жалданбалы кісі өлтірушісі А.Линкольнды өлтірді. 1867 жылы
Конгерсс қабылдаған жоспар бойынша бүлік көтеруші оңтүстік
əскери басшылықтағы бес əскери округтерге бөлінді. Əскери
əкімшілік жетекшілік етуде Конституцияның ХІV (1868 ж.)
жəне ХV (1870 ж.) түзетулерін басшылыққа алды. Біріншісі
АҚШ-тың барлық азаматтарының (бүлік көтерушілер мен
үндістерді есептемегенде) заң алдындағы теңдігін жариялады,
ал екіншісі -- бүкіл еркектерге оладың түсіне карамастан
сайлау құқығын беруді жариялады.
1872 жылы оңтүстіктегі əскери əкімшілік қысқара бастады,
ал 1877 жылы бүлік көтеруші оңтүстік штаттардан федералдық
əскерлер шығарылды. 1881 жылы Теннеси штатында Джим
Кроудың заңы ретінде танылған, ақ адамдар мен қара
адамдарға болек вагондар бекітетін нормативтік акт
қабылданды. Осы жəне басқа да осындай нəсілдік сегрегация
бойынша актілерді АҚШ-тың Жоғарғы соты Конституцияға
сəйкес деп танып, бұл "ақ адамдар мен қара адамдарды бөлек,
бірақ тең құқылы етеді" деп түсіндірді. Бұл, əрине,
əділетсіздіктің көрінісі болып табылды.

2.2. Франция. Францияның XVIII ғ. Конститутциясы және маңызды буржуазиялық актілері;
ХVІІІ ғасыр Франция үшін Ұлы француз буржуазиялық
революциясымен ерекшеленді. Оның түбірлі себебі болып
өндірістік күштер мен феодалдық өндірістік қатынастардың
арасындағы шиелініскен қарама-қайшылықтардың өршуі
табылды. Феодализм елдің объективтік тарихи дамуын тежеді.
Жаңа формацияның ауқатты топтары -- өнеркəсіп иелері,
саудагерлер, банкирлар өздерінің жағдайына көңілі толмады.
Ішкі нарық өнеркəсіп үшін өте тар болды. 1788 жылы
Францияда айрықша экономикалық тоқырау орын алды. Село-
лардағы астықтың шықпауы шаруалардың көтерілісіне түрткі
болды. Француздың ұлы ағартушылары Ш.Монтескье, Воль-
тер, Ж.-Ж.Руссо бұл мəселеге қатысты түбегейлі реформалар-
ды жүзеге асыру қажеттігін негіздеді. Ш.Монтескье өзінің
"Заңдардың рухы туралы" еңбегінде былай деп жазды: "Заң
шығарушы, атқарушы жəне сот билігінің бір тұлғаның немесе
органның қолында шоғырлануы жағдайында бостандықтың
болуы мүмкін емес".
Патша үкіметі аталған талаптарды орындауға мəжбүр
болды. Ол бір жарым ғасырдан астам уақыт шақырылмаған Бас
штаттарды шақыру туралы жариялады. Бас штаттарды шақыру
1789 жылғы 5-мамырда өтті. Бұдан соң бірден мына мəсе-
лелерге қатысты даулар басталды: депуттардың өкілеттігін
тексеру тəсілдері, біріккен жəне бөлек отырыстар, Бас штаттардың мақсаттары, үшінші сословиенің (буржуазияның)
құқықтары туралы. Патшаның қолдауын тапқан алғашқы екі
сословие -- дворяндар мен дін қызметкерлері дауыс берудің
ескі тəртібін жақтады: əр сословиеден бір дауыс берілді. Бұ-
нымен үшінші сословиенің өкілдері келіспеді. Олар отырыс-
тардың сословиелер бойынша бөлек емес, бірге өтуін жəне осы
отырыстардағы шешім көпшілік дауыспен қабылдануын талап
етті. Үкімет дауыс берудің мұндай тəрітібін қабылдаудан бас
тартты. Бұған жауап ретінде үшінші сословиенің өкілдері 17-
маусымда өздерін Ұлттық жиналыс деп, ал 1789 жылғы 9
шілдеде француз халқының атынан заңдарды қабылдауға жəне
жоюға құқығы бар Құрылтай жиналысы деп жариялады. Патша
мен ақсүйектер Версальға (бұл жерде Құрылтай жиналысы орналасқан болатын) əскер жинай бастады. Парижде патшаның
бұл шаралары туралы мəлім болған соң, халық қарулы
көтеріліске шықты. Көп ұзамай көтеріліске шыққан халықтың
жағына əскердің басым көпшілігі өтті, сөйтіп, қала толығымен
көтерілісшілердің қолына өтті. 1789 жылғы 14 шілдеде халық
патшаның абсолюттік билігінің рəмізі -- қорған-түрме -- Бас-
тилияны басып алды. Бұл күн француз халқының ұлттық
мерекесі болып саналады.
Революция бүкіл елге тарады. Провинцияларды ескі
органдардың орнына жаңадан өзін-өзі басқару органдары -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік үшін соғыс
Американың Тәуелсіздік Декларациясының қабылдануы
Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оку-әдістемелік құрал
Роман - герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар көздері
Құқықтық жүйе және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Құқықтық жүйе
ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТАРИХИ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Пәндер