Ортағасырлық шығысты құқықтың дамуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ

Тақырыбы: Ортағасырлық Шығысты құқықтың дамуы;

Орындаған: Иргебекова Ф. Б.

Тексерген: Турсынкулова Д. А.

Алматы 2016ж.

МАЗМҰНЫ:

1. КІРІСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Ортағасырдағы Жапония мемлекеті және құқығы;

2. 2. Жапониядағы Тайхо-Ре заң жинағы;

2. 2. Мұсылман құқығы, оның қайнар көздері;

3. ҚОРЫТЫНДЫ

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі мемлекеттер арасында өзінің ерекшелігімен көзге түсіп отырған Азия құрылығында орналасқан бірнеше мемлекеттер бар. Солардың ішінде Жапония сен Сауд Аравиясы, Кувейт, Бірікен Араб әмірліктері атап өтуге болады. Жоғарыда аталған мемлекеттердің үшеуі мұсылман мемлекеттері болып есептеледі және мұсылман құқын қоғамның барлық саласында пайдаланумен ерекшеленеді. Сондықтан да қысқаша мұсылман мемлекеті және құқының пайда болуы мен дамуына тоқталайық.

Иранның Қос өзен аңғарын жаулап алуы батысқа баратын төте жолдың іске қосылуына әсер етті. Міне осы кезден бастап сауда жолдарының бойында орналасқан және соның арқасында біршама байыған, оазистерді мекендеп, саудаға әсер етіп отырған Хиджаз аймағынп үлкен нұсқан келтірді. Хиджаз аймағының орталығы күрейш тайпасы мекендеген Мекке қаласы болатын. Оңтүстік Аравия арқылы өтетін сауда жолының дағдарысы Мекке қаласындағы халықтың да әл ауқатына әсер етті. Уақытында екі мың түйелік керуен құрып, саудамен айналысқан күрейш тайпасының саудагерлері тұйықтан шығудың жолын іздей бастады.

VІ-VІІ ғасырлардағы Жапония.
Жапон архипелагының тұрғылықты халқы болып мына
тайпалар табылды: айналар, кумасо жəне эбису, кейіннен бұл
жерлерге тунгус-маньчжур тектес тайпалар да көшіп келді.
Көпшілікпен танылған дін болып синтоизм (ата-бабалар мен
табиғат күшіне табыну) табылды.

2. 1. Ортағасырдағы Жапония мемлекеті және құқығы;

VІ ғасырдың басында Сога
тегінен шыққан ханзада Сетокутайси (572-621 ж. ж. ) 12 ранг
туралы иерархиялық табель жəне 17 баптан құралған заң
қабылдады, бұл заң буддизм мен конфуций ілімінің мемлекет
пен монархтың билігі туралы догмаларына сүйенді.
645 жылы таққа Сумераги тегінен шыққан Кару отырды, ол
Котоку атымен билік жүргізе бастады. Бірқатар реформалар
жүргізілді, енді мемлекет басында император отыратын болды,
елді губерниялар мен уездерге бөлді, жер мемлекеттік меншік
ретінде жарияланды, шаруаларға тиесілі жерлер бөліп берілді
жəне олар өздерінің астығының бөлігін мемлекетке беріп оты-
ратын болды. Əскери ақсүйектер - самурайлар қалыптасты,
олар “бусидо” (бушидо) деп аталатын ар кодексіне сəйкес қыз-
мет ететін. ХІІ ғасырдың соңында самурайлар дербес династия
ретінде қалыптасқан Миномото князьдарын жақтады.

ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Жапония.
ХVІ ғасырда Жапония феодалдық ыдыраушылық жағдай-
ында болды. Феодал Ода Нобунага Токугава жəне Такеда
тегінің князбдарымен одақтасып, 1582 жылы мемлекеттің 66
провинциясының отызын өзіне бағындырды, оның мирасқоры
Хидэеси елдегі бүкіл билікті өз қолына біріктірді. Шаруаларға
қару-жарақ ұстауға тыйым салынды, олар өз жерлерінен кете
алмайтын. Князьдардан құралған өкілдік алқалы орган құ-
рылды.
Кореяға қатысты белсенді жаулап алушылық саясат жүр-
гізілді. 1598 жылы Хидэесидің өлімінен соң оның үш жасар
мұрагерінің тұсында ірі феодалдардан құралған регенттік кеңес
құрылды. Ірі феодалдардың арасындағы өзара соғыстың
нəтижесінде Токугава Иэясу жеңіп шықты. 1603 жылы Току-
гава сегун (бас қолбасшы) болып жарияланды. Токугава тегі
Жапонияда ХІХ ғасырдың жартысына дейін билік құрды.

Сегунат режимі императорды биліктен аластатты. 1615
жылы бүкіл Жапония біріктірілді. Мемлекеттің астанасы Эдо
(қазіргі Токио) қаласына ауыстырылды. Сегуннан кейінгі
екінші тұлға болып оның бірінші министрі жəне бас кеңесшісі
табылды, сегун кəмелетке толмаған жағдайда оны регенттік
кеңес тағайындайтын. Жоғарғы кеңесуші орган болып ақса-
қалдар кеңесі табылды. Жергілікті жерлерде билікті губерна-
торлар жүзеге асыратын; сегунның ерекше шенеуніктері жер-
гілікті жерлерге бақылау жəне тексеру мақсатымен жібері-
летін. Тұрғылықты халық негізгі төрт сословиеге бөлінді:
самурайлар, шаруалар, қолөнершілер жəне саудагерлер, қайыр-
шылар мен көшпенді артистер ешбір сословиеге жатпйтын.
Барлық мемлекеттік лауазымдарды самурайлар иеленді.
Халықтың сексен пайызын құраған шаруалар жерді “мəңгілік”
жалға алу құқығына сəйкес иеленетін. Қолөнершілер мен
саудагерлер цехтар мен гильдияларға біріккен.
Жапондық феодалдық құқығының дамуына қытай құқы-
ғының əсері ерекше болды жəне мұнда да конфуций ілімінің
догмалары көрініс тапқан. Қылмыстың, азаматтық деликтінің
жəне əкімшілік теріс қылықтың аралары нақты ажыратылмаған
болатын.

Жапондық “Жүз заңдар” (1742 жылы) феодалдық жинағы
азаматтық, қылмыстық, процессуалдық құқықтардың негізгі
нормаларынан құралған, алайда, бұл нормалар құқық салалары
бойынша нақты ажыратылмаған болатын. Ресми доктринада
адамның жазылған құқыққа қатынасы мына формуладан көрі-
ніс тапқан: “білмесең де, орындауың қажет”. Сол себепті, жа-
зылған құқықты білетін адамдардың санының шеңбері аз
болған. Негізінен конфуций ілімінің имандылық жəне жақсы
(немесе жаман) жүріс-тұрыс ережелері басшылыққа алынатын.

2. 2. Жапониядағы Тайхо-Ре заң жинағы;

«Тайхоре» заң жинағы (702-718) .

701 жылы император Момму тұсында « Тайхо рицуре » деген жаңа кодексін құрастыру бастады. Бұл кодекс екі бөлімнен тұрды. Шынында бұл екі кодекстен түрды, ол былай аталды: 1. « Тайхо рe »; 2. « Тайхо рицу ». Осы айтлған әрбір әріп-сөз мынадай түсініктеме береді: термин « ре» -ол, жалпы мемлекеттік құрлысы, конституциялық және әкімшілік маңыздағы мағынасын білдіреді. Ал келесі « рицу »-ол, жазалау туралы және соттық шешім туралы айтылды. (Толстогузов А. А. «Очерки истории Японии ҮІІ-ҮІҮ в., М., 1995») .

« Тайхо ре » заң жинағында: 30-заңды түрде орнатылған талаптардың реттелу ережесі туралы айтылған, атап айтқанда:

-кең шеңберде салық және еңбетік міндетті атқару туралы айтылған;

-лауазымды тұлғалардың міндеттері туралы айтылған;

- қоғамдық қатынастардағы жалпы тәртіпті сақтау туралы ұсыныстар;

-мемлекет басшысының және халықтың қоғамдық міндетті әділ түрде сақтауды

және жүзеге асыру туралы айтылады;

-дәстүрлік әдет-ғұрыпты, моральдық- этностық талапты сақтау туралы

айтылады.

« Тайхо рицу » заң жинағында: басқарушылық және соттық мәселесі жөнніде ерекше көңіл бөлінген. Қылмыстың түрі жіне оған қолданатын жазаның түрі туралы айтылған. Мемлекеттік құпияны жария еткені үшін каторгаға жіберілді.

Жеткізген хабардың маңызы өте аз болса немесе тікелей қатысы болмай тек жанама болса, онда сол хабаршыға жаза ретінде 60 таяқ-дүре соғылатын болды. Шенеуниктер қызметке ешқандай себепсіз келмегені үшін дүре соғылатын болды, ал әрбір күнге- 20 дүре соғылды, мыслы: 5 күн х 20=100 дүре.

Егерде шенеуник мемлекет басшысынапетицияны немесе құжатты жазған кезде қателік жібергені үшін 50 -дүре соғылатын болды. Тиым салынған әдебиеттерді оқығаны үшін қатаң жазаға тартылатын болды. Оның ішінде: (Астраномия туралы, әскери өнер туралы, ауладағы 7-ті күндік күнтізбе туралы, балгерлік туралы) оқығаны үшін.

2. 2. Мұсылман құқығы, оның қайнар көздері;

Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге
болады: Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж. ж. ) мен алғашқы төрт
халифтің ( Əбу Бəкір (632-634 ж. ж. ), Омар (634-644 ж. ж. ),
Осман (644-656 ж. ж. ), Əли (656-661 ж. ж. ) ) билігі; Омейядтар
династиясының билігі (661-750 ж. ж. ) ; Аббасидтер династия-
сының билігі (750-1258 ж. ж. ) .
VІІ ғасырда араб тайпаларында рулық-тайпалық қатынас-
тардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін
малшы-көшпенділер (бəдеуиндер) мен сулы жерлерде, қала-
ларда өмір сүрген жер өңдеушілердің аз бөлігі құрады. Аталған
уақыттан бастап əлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік
теңсіздік басталды. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар
(тайпа ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген
бөлігін өздеріне иемденіп алды. Рулық-тайпалық ыдырау-
шылықты жеңу мен біртұтас араб мемлекетін құру талпынысы
əртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді. Олардың
ішіндегі аса əйгілісі
- ислам дінінің негізін қалаушы
Мұхаммед пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір
дінге жəне пайғамбары - “жер бетіндегі жалғыз құдайдың
жердегі елшісі” басында тұрған теократиялық мемлекетке
(діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды.

VІІ ғасырдың ортасында Аравияның бір исламдық мемле-
кетке - халифатқа бірігуі аяқталды.
Омейядтардың басқару жылдарында халифаттың қуатты əрі
гүлдену кезеңі болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне
тартылды.
640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649
жылы бүкіл Солтүстік Африканы жаулап алды. 651 жылы
Иранды бағындырды. 658 жылы Арменияны, Грузияның бір
бөлігін, Азербайжанды, ал Кавказдың арғы жағынан Хазар
жерлеріне де қол жеткізді. 715 жылы Хорезмді толығымен
жəне Мауераннахрдың (Сырдария мен Амудария өзендерінің
аралығы) басым көпшілік аумағын жаулап алды. 751 жылы бүкіл Орта Азияны өздеріне бағындырды. 712 жылы Үндіс-
танға басып кіріп, Синд қаласын жаулап алды. 711 жылы Испа-
нияны өздеріне бағындырды. Арабтармен жаулап алынған
ұлан-ғайыр аумақта халықаралық тіл болып араб тілі танылды.
Ислам құқығы - шариғат жергілікті əдет-ғұрып нормалары
мен институттарына еніп, оларды да өзінің бойына сіңіре
бастады. Ислам халифаттың бүкіл аумағында үстемдік құрушы
дінге айналды.
Халифаттың мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік билік
орталықтандырылған сипатта болатын. Мемлекет басында
жоғарғы діни (имамат) жəне мемлекеттік (эмират) билікті жү-
зеге асыратын халиф тұрды. Мемлекеттік басқарудың орталық
органдары ретінде диуандар (ведомстволар) қызмет етті:
1) диуан-əл-джунд - əскерді қаруландыру мен жабдықтау
бойынша ведомствосы;
2) диуан-əл-харадж - қаржылық-фискальдық (салықтық)
ведомствосы;
3) диуан-əл-барид - жол жəне пошта бойынша ведомствосы.

Жоғарғы шенеунік болып уəзір табылды, ол тек халифтың
алдында ғана есеп беретін болған. Провинцияларды əмірлер
басқарған. Кезкелген империя сияқты халифатқа да бірнеше
ұсақ мемлекеттерге бөлінуге тура келді, оған сонымен қатар
халифаттың тұрғылықты халықтарының үздіксіз көтерілістері
де əсер етті. Жергілікті əмірлер қол астындағы əскери күштерін
нығайтып, өздерін дербес басшы ретінде жариялауға тырысты.
Мұндай жағдай Хорасандағы (Иранның бір бөлігі) тахиридтар-
да, Орта Азиядағы саманидтарда, Египеттегі тулунидтарда,
Армениядағы жəне Грузияның бір бөлігіндегі багратидтарда,
Ирандағы буидтарда кездесті. Х ғасырдың басында Аббасид-
тердің қолында иек Араб Ирагы мен орталығы Бағдаттағы
Батыс Иран ғана қалды, мұның алдында, VІІІ ғасырдың аяғын-
да Испаниядағы Кордова əмірлігі (астанасы Кордова қаласы)
бөлініп шықты. Нəтижесінде Аббасид халифтері саяси билік-
тен айырылды, оларда тек қана діни билік сақталып қалды.
Халифаттың құқығы. Шариғаттың діни ережелер жиынты-
ғы екенін ескере отырып, шариғатты құқық пен діннің тоғысуы
ретінде түсінуге болады. Шариғаттың негізгі қайнар көздері
болып мыналар табылған:

Құран - діни-моральдық ережелерден құралған, мұсылман-
дардың басты қасиетті кітабы;
Сүннет - Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен жүріс-
тұрысы туралы хадистердің (аңыздардың) жиынтығы, мұнда
отбасылық-мұрагерлік жəне сот құқығының ережелері көрініс
тапқан, ол белгілі бір дəрежеде сот прецедентіне ұқсас болып
келеді, яғни, Мұхаммед пайғамбардың белгілі бір істерге
қатысты шығарған шешімдері кейінгі соған ұқсас істерге үлгі
ретінде қолданылатын;
Иджма - беделді ислам заңгерлерінің шығарған шешім-
дері, ол жоғарыда аталған қайнар көздер қамтымай өткен
мəселелерге қатысты шығарылатын, бұл жағдайда судьялар-
дың (иджтихад) дербес қалауы қолданылатын.
Фетва - қоғамдық өмірдің жекелеген мəселелеріне қатыс-
ты ақсүйектер билігінің шығарған шешімдеріне қатысты
беделді жоғарғы дінбасыларының жазбаша қорытындысы.
Шариғаттың ережелері жеткіліксіз болған жағдайда, əдет
құқығын (əсіресе, бағындырылған жерлерде) немесе исламға
қайшы келмейтін басқа да жергілікті заңдарды қолдануға
рұқсат етілетін. Мұсылманның əрекеттері төмендегідей болып
бөлінетін: қатаң міндетті (орындауға міндетті діни рəсімдер
жəне ережелер) ; қалаулы (діни тұрғыдағы жағымды жүріс-
тұрыс) ; рұқсат етілген (мысалы, исламның жауларын өлтіру) ;

қалаусыз, алайда жазаланбайтын (мысалы, əйелін ұрып-соғу) ;
тыйым салынған жəне қатаң жазаланатын (діни нанымға қарсы
жəне дінге қарсы басқа да қылмыстар) . Исламның басты
құндылықтары болып дін, өмір, сана, жеке меншік жəне отбасы
табылған.
Жауапкершілік сипатына қарай барлық қылмыстар шартты
түрде үш топқа бөлінген:
1) дінге, отбасына, жеке меншікке жəне мемлекетке қарсы
қылмыстар, олар үшін қылмыскер дене жазаларымен немесе
өмірімен жауап беретін. Мысалы, ұрлық қолды шабумен
жазаланатын; əйелдің зинақорлығы, құдайға күмəн келтіру -
өлім жазасымен жазаланатын. Мұндай қылмыстар үшін нақты
жазалар - хадд қолданылған;
2) жекелеген тұлғаларға қарсы қылмыстар, бұлар үшін
əдетте айыппұл немесе құн төлеу (қан үшін төлем) түріндегі жазалар қолданылатын. Қылмыстардың бұл түріне, ең алды-
мен, қасақана жəне абайсызда адам өлтіру, дене жарақаттары
мен зақым келтіру жататын. Қан үшін кек алу рұқсат етілетін,
бірақ, аса кең қолдау таппаған - бұған қарағанда құн төлеу
жөн деп саналатын.
3) жазасы соттың қарауымен тағайындалатын (тазир) қыл-
мыстар мен құқықбұзушылықтар.
Шариғатта міндеттемелік құқық жақсы дамыған. Шарттан
шығатын міндеттемелер екі топқа бөліп қарастырылады: бі-
рінші топқа - затты біреудің пайдалануына берумен байла-
нысты міндеттемелер, оған айырбас, қарыз, сыйға беру, жалға
алу, сату-сатып алу шарттары жатады; екінші топқа - затты
біреудің пайдалануына беру міндеті жоқ шарттар жатады, ол
сақтау, серіктестік жəне тапсырыс шарттары.
Исламдағы меншік құқығының өз ерекшелігі бар. Мұнда
меншік иесінің мүлікті пайдалану жəне билік ету құқығы бар,
ал иелік ету құқығы тек құдыретті құдайға ғана берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Византия қалаларының құлдырау себептері
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Ортағасырлық Византия қалалары
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Түркі әлемі мен Ұлы Жібек жолының арасындағы сабақтастық
ТАРАЗ - ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТIНIҢ АЛТЫН БЕСIГI
Ұлы жібек жолы және Қазақстан
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz