Х1Х ғ. 20-40жж. реформалары бойынша Қазақстанның саяси-əкімшілік құрылысындағы өзгерістер



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. ХІХ ғ. аяғындағы Ережелер;
2.2. Ш.Ш. Уалихановтың «сібір ведомствосының қырғыздарындағы сот реформалары туралы жазбасы»;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды.
Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.
1. Уәлиханов Шоқан, Мақалалары мен хаттары, А., 1949.;
2. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-8162;
3. Алмахан Мұхаметқалиқызы Астана қаласы, Зияткерлік Технологиялар академиясы, «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы, мақала;

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Х1Х ғ. 20-40жж. реформалары бойынша Қазақстанның саяси-əкімшілік құрылысындағы өзгерістер

Орындаған: Иргебекова Ф. Б.
Тексерген: Турсынкулова Д. А.

Алматы 2016ж.
ЖОСПАРЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. ХІХ ғ. аяғындағы Ережелер;
2.2. Ш.Ш. Уалихановтың сібір ведомствосының қырғыздарындағы сот реформалары туралы жазбасы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды.
Патша - өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең - кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы - 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.
Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери -- әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.
Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі - отарлаушы елдің ішкі қуат көзі - этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды.
Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады.
1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.
1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б.
Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:
-- Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру.
-- Әлеуметтіқ - экономикалық жаңалықтар енгізу.
-- Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.
1867 жылғы 11 шілдеде - Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже бекітілді.
1868 жылы 21 қазан - Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже бекітілді.

2.1. ХІХ ғ. аяғындағы Ережелер.
Қарамола ержесі.
Ең алғаш қолданыла бастаған қазақ қауымы өкілдерінің өз зердесінен туған тұңғыш заң нұсқасы - Тәуке ханның жеті жарғысы саналып келеді. Десе де қазақ даласында тұңғыш жарық көрген праволық құжат 73 баптан тұратын Ереже деп аталатын заң нұсқасын Абай жазып, Семей облысының Қарамола дейтін жерінде бес дуан елінің билері сьезінде қабылданып, бекітілгенін білсек те, тереңдеп, дендеп зерттей алмай келеміз. Семей губерниясына қарасты бес ояздың би -- болыстары, ел билеуші ақсақалдары бас қосқан Қарамола жәрмеңкесінде 1885 ж. мамыр айында өткен.
Бұл Ереженің 1886 жылы Қазан университетінің баспаханасында араб әрпімен басылып шығарылған мұқият түптелген шағын кітапша түріндегі бір данасын белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов ғұмырының соңғы кезінде Қазақстан Орталық мемлекеттік архивіне табыс еткен.
Сьезді Семейдің генерал -- губернаторы, генерал Цеклинский басқарады. Бұл жәрмеңкеде өткен сьезде Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы арнайы заң ережесін қабылдауды ұйғарады. Цеклинский Абаймен жолыққанда, Абай жалпы қазақ даласын орыс заңдарымен ғана басқаруға болмайтынын, бұл елдің өзінің ерекшеліктері бар екенін, атадан балаға ғасырлар бойы мирас болып келе жатқан әдет-ғұрпы, заңдары барлығын, көп мәселелерді қазақ ішінде осы заңдар негізінде шешуге болатындығын айтады. Бұл кезде Абайдың басына қара бұлт үйіріліп, кейбір атқамінерлер Абайды осы жиында құртамыз деп келген еді. Керісінше, Абайдың патша ұлықтарымен жолыққаннан кейін оның зерек, терең білімді адам екеніне көздері жетіп, ешқандай қиянатқа бармайтынын түсінгеннен кейін әлгі адамдар Абайды төбе би етіп сайлайды. Абай Шар бойында үш күннің ішінде жанына бірнеше адамды ғана алып, 100-ден артық баптан тұратын заңды жасайды. Абай қазақтың бұрынғы заңдарын жетік білетіндігін, сонымен қоса орыс заңдарын да терең меңгергенін көрсетіп, осылардың барлығын үйлестіре отырып, өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі қазақ қоғамына қажетті заңдарды жазып шығады. Абай қазақ елінің әдет-салтын, жете зерттей отырып, адам құқын жан-жақты қорғауға белсене қатысады. Осылайша үш күн, үш түн ішінде Қарамола сьезіне арнайы заң ережесі жасалып, билер талқысынан өтеді. Абай жазған қазақтың жаңа заң ережесі (73 статья) қабалданады. Абаймен бірге Қарамолада болған Мүсірәлінің куәлігі бойынша Абай тізген ереже бабы жүзден асады. Шамасы келгенше көпшілік үшін әділет іздеген Абай ұрлық, қылмыс пен әйел мәселесіне арнап екі жаңа ереже айтады.
Абайдың ел билеудің әділеттік, құқықтық жүйесіне сай заң нормаларын заман талабына сай жаңартады. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа, зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Абай қазақ қоғамында әділеттілік пен тұрақтылықтың белгісіндей болған, ежелден келе жатқан билер институтының адамгершілікті һәм құқықтық мұрасын барынша игерді. Сонау ХІІІ ғасырда билер атасы атанған Мөнке бидің тәжірибесін, Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Тәуке хан тұсындағы ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтекелер дайындаған Жеті жарғыдан рухани сусындады. Мұның бәрі Абайды би ретінде ерте танылуына ықпал етті.
Семей облысының бес дуанының барша халқының сайланмыш адамдарының 1885- жылы май айында Шар бойында Қарамола сьезінде жазылған ЕРЕЖЕ
1-БАП. Болыстық сьезде даулар үлкендігіне қарай, сомасына қарай бітіледі. Төтенше сьездерде ұлықтардың әмірі бойынша бір ояз бір оязбен кезектесіп бітіледі, әр ояздың барша билерімен емес.
2-БАП. Дауласқан әр екі тарап қалаған билерін таңдап алады. Бірақ, би есебін ереже бойынша ұлықтар шығарады. Сұраймыз, әр тараптан үш биден артық болмаса екен. Би шешімін шығармас бұрын үштік бимен жарасады. Егер даугерлер үштік би бітімен бітпеймін десе һәм бітім болмаса, сонда жоғарыда айтылмыш бойынша билер таңдап шығарады. Екі жағының билері таласып, жұп болса, төменде айтылмыш рет бойынша бітіреді. Әр ояздың халқы орталарынан бір төбе басы би шығарады. Бұған қызметтегі һәм қызметсіз де құрметті кісілер сайлануға мүмкін. Егер билердің бітімі талас болса, сайланғандар екі төбе би шығартып алады, тиісті ояз халқынан. Егер бұлардың арасында талас болса, қалған ояздардың төбе басына жеребе салынып, шыққан кісі бітімдеріне араласып, сол кісінің ауған жағының бітімі орнығып, мақұл болады. Осы рет бойынша ояздық төтенше сьездерде екі жағы тең талас болса, төбе басы би бір жағына ауып тоқтатады.
3-БАП. Жауапкердің шақыру бойынша келмегендіктерін старшын мен болыстар куәландырып, келмегендігінің мақұл яки емесін билер тексереді. Егерде келмеген себебі тексеру бойынша сыйымды болса, сыртынан билік шығарылады. Бір бидің яки сьездегі билердің сыртынан қылған биліктері тағайынсыз болмақ. Билік көшірмесі старшындар яки болыс арқылы мақұлданады. Егерде жауапкер разы болса, билік тағайынды болып, бұзылмайды. Егерде разы болмаса, екі жұма арасында алғаш билік айтқан биге қайтадан арыз қылады. Сонда би жауапкердің құзырына қайтадан билік айтады. Егер жауапкер тексерілу бойынша ағарса яки болыстық сьезге тыңдатса, сьез билерінің билігін ұнатпаса, сонда айыпты жағын шығынын қайтаруға міндетті қылып һәм жаза бұйырылады. Жалған айтқаны үшін жоғарыда айтылмыш рет бойынша болыстық сьезд сырттан билік құрады. Разы болмаған төтенше сьезге билігін сынатады. Әр төтенше сьездің билігі дер уақытында бұзылмайды.
4-БАП. Егер даугер шақырылған уақытында келмесе, сұралмыш дауын бос қалдырады. Сонда жауапкер арыз етсе, билердің ықтияры бойынша жауапкердің шығынын даугерден бұйырып береді. Бірақ даугер ықтиярлы дауын қайтадан сұрамаққа сол дауы билердің тексеруі бойынша жалған шықса, даудың сомасына қарай һәм жауапкердің қадіріне қарай шығынын тартады.
5-БАП. Бір старшын елдің ішінде даугер, жауапкерлердің барша жанжал, сұрау дауларын сол старшын елінің биі бітірмекке міндетті. Бірақ би өзін мынандай жағдайда билік айтудан босатады: егер дауласқан жағынан бірі туысқан жақыны болса, қайсы бірі ата-анасы, бір тума аға-інісі, әкесінің бір тума аға-інісі, жиені, немере баласы және туған құдасы һәм дұшпан, өштес адамдары, қайсы бірінің дұшпандықтары бұрын биге түсісіп, мойнына жаза салынып, анықталған болса, сыйымды болады.
6-БАП. Әр старшын, болыс, ояз араларында болатын барша дауларды даугер болысқа айтуға тиісті. Сонда болыс даугер, жауапкерді алдына шақырып, жауапкерге ереже бойынша ықтияр береді. Бір болыс елден разы болмаған екі биін шығармаққа онан қалған билерден даугер бірін тыңдап, билікке түсіп, сол би билік айтады. Болыстық сьезде билердің барлығы түгел болып билік айтады. Билік шығаруға мүмкін емес болған жағдайда төтенше сьездің би саны ұлық ықтиярында болады һәм билік шығарылмайды.
7- БАП. Береке бітім һәм салауат бітім қылуға мүмкін, салауат даудың уақытына қарай болады. Береке бітім һәм салауат сьездерде жасалғандай болса, келесі уақытта қайтадан сөз қозғау мүмкін емес. Әмме даугер мен жауапкер бөтен ояздікі болса, екеуінің арасында уағда қылуға мүмкін елге барып бітпекке, бірақ бұл уағданы қызмет иелері куәландыруы керек.
8-БАП. Бидің биліктерін болыстар орнына келтіруге міндетті болған себептен, сьезд біткен соң биліктің көшірмелерін тиісті болысқа мағлұм қылады. Егерде даугер жауапкерлердің ықтияры бойынша, екі ел арасында кесім малдарын ойластыруға уағда қылса, сол уағда сьезд басымен бірге шешіледі.
9-БАП. Бір би һәм сьезд биі биліктерін айғақ куәлігіне қарай бітіреді. Егер билер айғақ куәлігін мақұл көрмесе, онда оларды шақырмай-ақ істерді күмәнға салады. Яғни би куәні шақырып, тиісті жауабын алса, онда дауды күмәнға салуға мүмкін емес. Куәларды шақырудан бұрын куәліктен анықтау керек. Куә болуға жарамайды: ақылынан адасқандар, 18 жасқа толмағандар, әр жастағы әйелдер, жақын-туғандар, құдалар һәм өшпес дұшпан кісілер. Куәлардың сыйымды, сыйымсызын билер шақыртпай, бұрын айыруы керек. Дұшпандық тұрғыдан бос айтылған сөз қабыл алынбайды. Жұртқа белгілі дұшпандық мақұл көрінуі мүмкін, онан артық айыруға болмайды. Дауласушылардың куәлары бір болыс болса, олардың куәлігі сыйымды, сыйымсызын би тексереді.
10-БАП. Егерде көрсеткен куәға кісіні толымды көрмесе, сонда куәға айғақ орнына көруге мүмкін, егер жауапкер адам айғақтың сөзін қабыл көрмесе, айғақ сөзінің растығына дау сомасына қарай ел ара түсіп, бір кісі жан берсе керек. Қазақша айғақ жазасы деген дау аяғы күмәнмен тоқталады. Күмән өтпесе жауапкер күйеді, күмән өтсе ағарды. Жауапкер адам айғақ өтірік айтқаны үшін үстінен арыз беруіне болады.
11-БАП. Қазақ рәсімінде сүйінші алуға болады; бірақ, сүйінші алған кісі куәлікке жарамайды, айғақ болуға мүмкін.
12-БАП. Күмәнші растығын тексермекке һәм күмәншінің өтпек жерінің алыс, жуықтығына қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Ресей құрамына енуі. Оқу құралы
Қазақстанда жүргізілген реформалар
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының пәні, әдістері
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
ХІХ ғасырдағы Ресей империясының Қазақстанда жүргізген реформалары
Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы
Қазақ ауылының жағдайы
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы
Б.з.д. iii ғасыр мен б.з. iii ғасырындағы Хань империясы және оның саясаты
Пәндер