Хан билігінің саяси жүйедегі алатын орны



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Хандық биліктің бастауларының қазақ қоғамындағы маңызы;
2.2. Хан көтеру дәстүрі;
2.3. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақ халқы — ерте заманнан ханға бағынған ел. Хан — қоғамдағы ең жоғарғы биліктің өкілі. Қазақ халқының үлкен хандарын «ақ киізге» көтеру дәстүрі ел болып хан билігін мойындаудың белгісі. Барлық қазаққа ортақ билік иесін «үлкен орданың ханы» деп атайды, сонымен бірге әр жүз немесе ұлыс билеушісі сұлтандарды «хан» деп марапаттау бар, бірақ ақ киізге ел болып түгел көтермегеннен кейін олардың деңгейі төмен. Сол себептен ұсақ ұлыс билігін «келте хандық» деп атайды. Хан атағы әкеден балаға қалатын мұра емес, негізгі шарт ағадан ініге қалады. Бірақ, халықтың көңілі кетіп, өзіне жағымды деп тапса, сол адамына береді. Шарты, үлкен хандардың тұқымынан болуы керек, негізгі өзектен. Хан болатын үміткер Жарғының алдында сыннан өтеді. Халықтың негізгі бөлігі қатынасқан-жиын, талқыдан кейін ханды сайлауға рұқсат береді.
1. Кәрібаев Б.Б. ХІІІ-ХV ғ.ғ. Дешті қыпшақта хандық билікті мұраланудағы моңғолдық дәстүрдің өзгеріске ұшырауы туралы //Қаз МУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2002. - № 1. - 38-41 б.
2. Апполова Н.Г. Хандық биліктің жағдайы және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» //Қазақтың ата заңдары=Древний мир права казахов: Құжаттар, деректер және зерттеулер. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – Т.4. – 194-206 б.
3. Әбусейітова М. Қазақ хандарының дипломатиясы: (ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. аралығындағы қазақ хандарының дипломатиясы туралы) //Егемен Қазақстан. – 1999. – 27 наурыз.
4. Артықбаев Ж., Ибрагимов Ж. 1916 жыл. Хандық биліктің жаңғыруы //Отан тарихы=Отечественная история.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Хан билігінің саяси жүйедегі алатын орны

Орындаған: Иргебекова Ф. Б.
Тексерген: Турсынкулова Д. А.

Алматы 2016ж.
ЖОСПАРЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Хандық биліктің бастауларының қазақ қоғамындағы маңызы;
2.2. Хан көтеру дәстүрі;
2.3. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазақ халқы -- ерте заманнан ханға бағынған ел. Хан -- қоғамдағы ең жоғарғы биліктің өкілі. Қазақ халқының үлкен хандарын ақ киізге көтеру дәстүрі ел болып хан билігін мойындаудың белгісі. Барлық қазаққа ортақ билік иесін үлкен орданың ханы деп атайды, сонымен бірге әр жүз немесе ұлыс билеушісі сұлтандарды хан деп марапаттау бар, бірақ ақ киізге ел болып түгел көтермегеннен кейін олардың деңгейі төмен. Сол себептен ұсақ ұлыс билігін келте хандық деп атайды. Хан атағы әкеден балаға қалатын мұра емес, негізгі шарт ағадан ініге қалады. Бірақ, халықтың көңілі кетіп, өзіне жағымды деп тапса, сол адамына береді. Шарты, үлкен хандардың тұқымынан болуы керек, негізгі өзектен. Хан болатын үміткер Жарғының алдында сыннан өтеді. Халықтың негізгі бөлігі қатынасқан-жиын, талқыдан кейін ханды сайлауға рұқсат береді. Хан болатын үміжер өзін жан-жақты көрсетуі шарт: ел арасындағы келіспеушілік болса төрелік жасап, жаугершілік болса қолбасшылық жасап, келіссөздер болса елдің намысын сақтап Хан атағына үміткерді елбасшылары толық жиналған ақкиізге салып көтереді. Ханды қолдайтын билер мен батырлар ақ киіздің шетін ұстап ел жиынын аралайды. Ханды үш рет көтереді. Елдің бәрі ханды көтерген сайын Хан, Хан деп айғайлап дауыстайды. Бұдан кейін сол жерде адамның бәрі жапатармағай жабылып ханды көтерген киізді тәбәрік деп бөліп алады. Ақ киізге көтерген соң боз биенің сүтіне шомылдырады, хан киімін кигізеді (алтынмен оқаланған хан шапаны мен ақ айыр қалпақ). Ең жақын-жанашыр деген адамдар ханның ескі киімін өзара боліп алады. Боз биенің сүтіне шомылдырылғаннан кейін ханды ел алдына алып шығып қайта таныстырады. Осы жиында ханның балаларын тәрбиелейтін, ханның жауапты тапсырмасын атқаратын, ханның жанына кеңесші болатын, ордаға басшылық жасайтын аталык сайлайды. Ол өте беделді, саны мол рудың өкілі болуы шарт. Әз Тәуке заманында біз Алтай руынан Барқы аталықты хан жанында көреміз. Аталық мөрі ханның мөрімен қатар жүре береді, аталық аса маңызды мәселелерді өз бетімен де шеше алады және хан жоқта оның қызметіне қатысты шаруалардың орындалуын қадағалайды.

2.1. Хандық биліктің бастауларының қазақ қоғамындағы маңызы;
Жалпы билік феномені саяси қатынастардың негізі ретінде ежелден бері зерттеліп келеді. Билік мәселесіне, оның іске асу ерекшеліктеріне қатысты әлемдік саяси ілім тарихында ауызша да, жазбаша да қарастырылған көзқарастар мен тұжырымдар жеткілікті. Биліктің табиғаты қай жерде болсын бірдей, бірақ оны жүзеге асыру жолдары, механизмдері әр қоғамда әр түрлі арнада дамиды. Биліктің бөлінуі принципінің классикалық нұсқасын ұсынған, оның негізін қалаушы болып табылатын Ш.Л.Монтескьенің өзі: мемлекеттің әр кеңістіктің басқару формасы сәйкес болады және елдің көлеміне сүйенбей оның жазасыз алып қондара салуға болмайды - деп ойын түйіндеген. Бұл ой бүгінгі күні де өзекті. Бұл тұжырымға сүйене отырып, алдыңғы дәстүрлі қазақ мемлекетінде де өзіндік, қоғам мен мемлекет құрылысына жауап беретін билік жүйесі орын алған деп айтуға әбден болады. Дәстүрлі қазақ елінің саяси жүйесіне, билік құрылымына келер болсақ қазақ мемлекеті дәстүрлі сипатқа ие болғандықтан да шығар, онда атқарушы, сот жүргізу сияқты арнайы заң шығарушылық орган болмаған деп айтуға негіз бар болғандай. Оның функциясын хандар мен билер, жалпы қазақ Құрылтайы атқаратын. Бірақ, қазақ елінде демократиялық режимнің басты принциптерінің бірі өкілді билік әрқашанда орын алған. Бұлар - билер, билер алқасы, құрылтай, тіпті ханның өзі сайлану арқылы орнатылатын. Дәстүрлі қазақ елінің рухани ұстамдылығы басым болғандықтан, жазылмайтын заңдар кеңінен орын алған. Жалпы ханның жеке билігін тежейтін органның құрылуы биліктің бөлінуі концепциясының маңызды бөлшегі болып есептелетін тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің Қазақ хандығы жағдайында орын алғандығын және нәтижелі қызмет еткендігін білдіреді. Сонымен, Қазақ хандығы кезінде атқарушы билік жүйесін тежелейтін өкілді билік құрылымы болған. Қазақ хандығында бүкіл атқарушы билік тетіктері хан қолында шоғырланған болатын. XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында болған көптеген саяси оқиғалар мен мемлекеттік құрылымдардың ішкі және сыртқы саяси өмірлеріне әсер еткен факторлардың біріне - хандық билікті мұралану мәселесі жатады. Бұл мәселе біз қарастырып отырған кезең ішіндегі этносаяси мәселелерімен қатар жүргендіктен, оны олардан ажырату өте қиын. Сондықтан да билікті мұраланудағы мәселелер көп жағдайда саяси мәселелердің көлеңкесінде қалып отырды, оларға арнайы түрде назар аударылмады. Билікті мұралаудың моңғолға дейінгі және моңғол үстемдігі кезіндегі дәстурлердің айырмашылықтары, олардың өзара күресі XIII-XV ғғ. саяси тарихтын даму себептерін түсінеге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұралану мәселесіндегі екі дәстүрдің даму барысы, олардың көріністері XIII-XV ғғ. этникалық процестерден де байқалады. Тіпті этникалық дамудың барысы мен бағытын, ішкі ағымдарын айқындауға әрбір тарихи кезеңдердегі екі дәстүр арасындағы күрестердің нәтижелері жәрдемдеседі. Сол себепті де хандық билікті мұраланудағы моңғолға дейінгі-қыпшақтық немесе жергілікті дәстүр мен моңғолдық дәстүрлер арасындағы күрес мәселесі XIII-XV ғғ. этносаяси тарихтын маңызды бір тармағы болып саналады. Билікті мұраланудағы қыпшақтық дәстүр дегеніміз-биліктің әкеден бауырға, немере бауырға өтуі болса, монғолдық дәстүр бойынша биліктің әкеден тікелей ұлға, одан немереге берілуі болып саналады. XIII ғ. басында моңғол жаулап алушылығының нәтижесінде Дешті Қыпшақтың басқару құрылымына моңғолдық жүйе енгізіліп, жоғарғы билікті басқару, оны мұралануда моңғолдық дәстүр орнығады. Ал XV ғ. ортасында билікті мұралануда жергілікті қыпшақтық дәстүр қайта үстемдікке жетіп, моңғолдық дәстүрді ығыстырады. Үлкен мәні бар бұл ауысуды этносаяси дамудағы жаңа кезең деп қарауға болады, яғни Керей мен Жәнібек сұлтандардың жеке мемлекет құрып, онда билікке келуі-моңғолға дейінгі дәстүрдің қайта жаңғыруы болды. Бұрынғы дәстүрдің қайта жаңғыруы, оның күрес арқылы жеңіске жетуі XIII-XV ғғ. этносаяси дамудың қорытындысы болды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, моңғолдық дәстүрді Дешті Қыпшақ толық жойған күш, ол- бұрынғы, қыпшақтық дәстүр болды. Ол қайта жаңғырып, әлеуметтік құрылымның барлық топтары арасында таралады. Бұл дәстүр жергілікті халықтың басқа да әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері секілді билеуші топтың санасына сіңеді. Ал оның билікті мұралануда қолданылуы Керей мен Жәнібек сұлтандар тұсында жүзеге асады. Кезінде Барақ ханға қолдау көрсетпеген жергілікті ру-тайпа басшылары арада 30-40 жыл өткенде оның ұрпақтарына қолдау көрсетеді, Әбілхайыр ханнан бас тарта бастайды. Оның көптеген себептерінің біріне - біз қарастырып отырған мәселе - билікті мұралану мәселесіндегі талас-тартыстар, күрестер жатты. Барақ, Әбілхайыр хандар мұралану жолында моңғолдық дәстүрді қолдаса, Керей мен Жәнібек сұлтандар жергілікті халықтың дәстүрін өздері қабылдап, мемлекеттік жүйеге енгізеді. Жаңадан құрылған Қазақ хандығында моңғолдық дәстүр бойынша Барақ ханның ұлы Жәнібек отыруы тиіс болса, жергілікті дәстүрдің ықпалымен Керей таққа отырады. Осылайша, моңғолдарға дейінгі Дешті Қыпшақ тайпаларының әдет-ғұрыптары толығымен тек қарапайым моңғолдық этникалық элементтердің ғана емес, сонымен бірге Шыңғыс ұрпақтарының күнделікті өмірі мен ел билеу, билікті мұраланудағы дәстүрлеріне де терең сіңеді. Ал жаңадан құрылған мемлекет,- Қазақ хандығы-толық қанды халықтық мемлекет болып есептеледі. Дала өркениетінің құрамды бөлігі болып табылатын дәстүрлі қазақ қоғамындағы биліктің екі түрі: саяси және потестарлы жүйесі орын алғандығы қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуы тамырлары тереңде жатқанын байқатады. Қазақ хандығы мемлекеттің далалық дәстүрлерін бойына жинақтаған иерархиялық әлеуметтік-саяси құрылым болып табылады. Кез-келген этностың мемлекет болғандығына халықтың басына келген топтың жоғарғы билігін заңды деп мойындау болатын болса, қазақ қоғамы сословиелік құрылымы жетілген, қалыптасқан этно әлеуметтік организм екені белгілі. Қазақ хандығында жоғарғы мемлекеттік саяси билік хандар мен сұлтандар қолында шоғырланған. Хан деген атақ Еуразия кеңістігінде өмір сүрген түркі және моңғол халықтарына ортақ екені осы екі ел көне ескерткіштері арқылы мәлім. Осыған орай Құрбанғали Халид еңбегінде Хан түркі тілінде ерекше көңіл бөлетін ұлық шен, арабша - Әмір деген сөз осымен сарындас. Ханнан да жағары дәрежеге қаған, яғни хандар ханы, кейбір батыс елдерінде император дегені осыған сай келеді деп атап өткен. Алғашқы қазақ хандарының заманынан бері қарай хандық биліктің мирасқорлығы сақталып келген, бірақ тікелей атадан балаға мұраланудың қатаң тәртібі болмаған. Мәселен, хандықтын негізін салушылардын бірі Керей қайтыс болғаннан кейін оның шөбере інісі Жәнібек, Жәнібектен соң Керейдің ұлы Бұрындық, Бұрындықтан соң Жәңібектің ұлы Қасым хан болған, одан соң хан тағына оның ұлы Мамаш отырған. Осылай жалғаса береді. Қазақ хандығының бұдан кейінгі тарихында хандық биліктін тікелей мұрагерге көшуі одан сайын сирей берген. Мұрагерлік мейлінше демократиялы тәсілмен шешілген. Ағайынды немесе аталас сұлтандар арасынан беделді ата немесе әке баласы, оның ішінде де ел арасындағы беделділері хан көтерілген бұл мәселе Хан Кеңесінде шешілген. Ежелгі дәстүрге сәйкес хандық ағадан ініге көшіп отырған. Мирасқорлық дәстүрінің негізіне меритократия ұстаныма алынған. Жалпақ тілмен айтқанда, хан болып сирек кездесетін ақыл-парасаты және қоғамға нақты саяси ықпалы бар адам сайланған. Қазақ қоғамындағы хандар харизмалық билік өкілдері болған. Харизма сөзін грек тілінен аударғанда тәңір сыйы деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқы түсінігіндегі баламасында ел үшін тәңір сыйлаған құт немесе ерекше қасиеттер дарыған киелі, киелі тұлға деген ұғымды білдірген. Осы аталған сөздер халық санасында қандай ұғымды білдіріп, қай мағынада қолданылған? Бұл туралы көрнекті ағартушы Ш. Уәлиханов былай деп жазады: Қазақтар киеге үлкен мән береді. Отты, кейбір жануарлар мен құстарды көшпелі тұрмысқа қажет заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғанды құрмет тұту, ырым жорасын жасап тұру адам баласына байлық пен бақыт - құт әкеледі деп түсінеді. Демек, зерттеуші этнограф құт халық өміріне бақыт пен байлық әкеледі деп түсіндіреді. Демек, қазақ хандары тұрмысымен емес, тұлғасымен мұрагерлікке жеткен, үміткерлер арасынан озып шыққаны хан болған. Яғни қазақ қоғамында субъективті фактор - ханның жеке басына тән қасиеттері үшін үлкен роль атқарған. Қазақ қоғамын мемлекеттік құрылымындағы мұндай ерекшелікті өткен замандағы орыс мұрагерлері мен оқымыстылары бірден байқапты. XVIII ғ. 30-40 жылдарында Ресей мен Қазақстан арасында елшілікте жүрген Тевкелев пен Орынбор шекаралық шегі құрылып, кейін губерния болғанда осы өлке әкімдерінің бүкіл қарым-қатынас хат-қағаздарын жүргізген және Орынбор тарихының авторы П. И. Рычов хан тағына мұрагерлік жөнінде хан мұрагерлік тәртіппен сайланбайды. Ру басылары кімді таңдаса, сол хан болады, оның билігі мен абыройы хан тағына байланысты емес, ел ісін атқара алатын ширақтығы мен ақылына байланысты деп көрсеткен. Осы дәстүр жөнінде қазақтар туралы орасан зор этнографиялық мәліметтер қалдырған зерттеуші А. Левщин қанша жерден хан мұрагері ақсүйек болғанымен ол ақылымен, ел ісін атқара алатын парасаттылығымен және т.б. қасиеттерімен ерекшеленіп, дауыс берушілердің ойынан шықпаса, онда ол халық сайлауында көп дауыс ала алмайды деген. Хан сайлауы сұлтандар мен ру тайпа өкілдерінің қатысуымен өтетін хан көтеру құрылтайында өтіп отырған. Хандық лауазымға төре тұқымдары мұрагерлік ретпен ұсынылып, сайланып қойылған. Сайлауға жиналғандар ханды сайлаған. Өкілдер жиналысы хан болатын адамның кандидатурасын мәмілелесіп келіскеннен кейін, сол адамды хан деп танып, төрт қабат ақ киізге отырғызып, үш рет бастан асыра көтереді екен. Мұны - хан көтеру деп атаған. Хан көтеру рәсімі - өкілдер жиналысының алған қаулысы іспеттес түсінікті білдірген. Хан көтеру рәсімі-өкілдер жиналысының қаулысы іспеттес түсінікті білдірген. Хан көтеру рәсімінен кейін, сайланған хан жиналғандар алдында ант берген. Осыдан кейін ол адам хан деп елдің ішкі-сыртқы жағдайын басқарумен бірге әскери қолбасшы да болған. Ол жылына кем дегенде бір рет өзін сайлаған өкілдер жиналысын шақырып, күрделі мәселелерді ойласып отырған. Осы кезеңдердегі дәстүрлі қазақ қоғамының саяси әлеуметтік құрылысы, оның түзілімі де дала тұрмысына бейімделіп, демократиялық үрдіспен жасалғаны айқын көрініп тұрды. Қытай ғалымы Су-Бей-Хайдың Үрімші қаласында шыққан қазақ мәдениетінің тарихы деген ұзақ жылдар бойы зерттеулерге негізделіп жазылған кітабында қазақ мемлекетінің негізгі жеті сатыдан тұратынын жазады. Бірінші саты - ауыл. Ол қазақ ұлысының ең негізгі қоғамдық ұйымы болды. Ол ең жақын, қандас он-он бес отбасылардан құралды. Әр ауылды басқаратын адамды - ауылбасы деді. Ол едәуір дәрежедегі ауқатты адам. Оның атқаратын міндеттері - ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көшіп-қону уақытын белгілеу, адам мен көлік күшін дұрыс пайдалану, дау-дамайды дұрыс шешіп отыру, түскен салықты уақытында төлеу, жоғарыдан келген жарлықты орындау. Осының бәрі халықпен ақылдасып шешеді. Екінші саты ата аймақ. Жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады. Мұның басшы адамын Ақсақал деп атайды. Ақсақал өте жоғары мәртебеге ие адам, ортадан жоғары жастағы адам болуы керек. Үшінші саты - ру. Ру он үш - он бес аймақтан құралады. Басшысы рубасы деп аталады. Төртінші саты - Арыс. Ол бірнеше рулардан құралады. Оның басшысы би болған. Бесінші саты - ұлыс. Ол бірнеше арыстан құралады. Ұлыстың билеушісі - Сұлтан. Алтыншы саты - жүз. Жүз бірнеше ұлыстардан құралады. Жүзді хан билеген. Жетінші саты - хандық. Ол үш жүзден тұрады. Хандықтың ең үлкен әміршісі - Ұлы хан, яғни хандардың ханы. Қазақта бұрын мемлекеттік басқару ісі хандық биліктің қолында болған. Қазақ қауымдастығында хандықты Ұлы хандық, кіші хандық деп екіге бөлген. Ұлы хандық - бүкіл қазақ жұртының басын қосып басқаратын хандық. (Әбілхайыр, Керей мен Жәнібек, Тәуке хан) Кіші хандық әр жүзді басқаратын хандықтар. Жүзді басқаратын Кіші хандықтар - Ұлы хандықтың құрамына енген. Ұлы хандықтар мен Кіші хандықтардың басқару құрылымы жағынан пәлендей айырмашылығы жоқ. Ғасырлар бойы сақталып келе жатқан Ханға қарсылық құдайға қарсылық, Хан баласы көпір болса, басып өтпе дейтін ұғымдар хан тұқымының ерекше әлеуметтік құқығы ғана емес, хандық биліктің қасиеттілігін ел санасына орнықтыру міндетін көздейді. Бұдан хан билігі идеологиялық тұрғыда негізделіп, қоғам санасынан берік орын алғанын көреміз. Әр хандықтың құрамында - хан, би, әскер басы, ақылгөй ақын, уәзірлер тобы, шабармандары, тағы басқа ішкі шаруашылықтарды атқару жүйесі болған. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлар аумағында қазақ мемлекетінің аса маңызды саяси органдарының бірі-халық жиналысы (құрылтай) болғанын ерекше айтуымыз керек. Өзінің саяси маңызы жағынан бұл өкілетті органды Киев Русі мемлекетінің феодал-шонжарлар съезімен қатар қоюға болады. Сонымен, қазақ қауымының саяси тұрпаттағы аса маңызды бұл бас қосуы-ұлттық мемлекетіміздегі қандай да басшы бытыраңкылықтың, оқшаулықтың алдын алатын, халқымыздың береке-бірлігін сақтап қалуға күш жұмсаған, әрі осыған мүдделі болған бірден-бір маңызды саяси орган болды. Халық жиналысының жұмыс істеу ырғағының ең шырқау шегі - Тәуке хандық құрған кезеңге сәйкес келеді. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі қазақ қоғамында орын алған бытыраңкылықтың әсерінен дәстүрлі халық жиналысының отырыстары жеке жүздердегі хандықтар аймағында өзінің заңды жалғасын тапты. Мәселен, Әбілқайыр хан өзінің Ресейге қосылу пиғылын іске асыру үшін Кіші жүздің 29 ру өкілдерін Ырғызға шақырып, Маңтөбенің басында жиын өткізіп ақылдасқан. Жиырма тоғыз рудың жиырма бесінен өкілдер тобы келген. Хан Маңтөбедегі ұзақ талқылау мен тартыстан кейін ортақ түсінітікке келіп, Ресей елшісі Тевкелев алып келген келісім-шарттың жобасына қол қойған. Осы сияқты күрделі істер халық өкілдері жиынының талкысына салынып қана шешілген екен. Бұдан басқа да хандыктың атқару кеңесі болған. Хандық өзінің атқару кеңесінде - билермен, әскери басшымен, уәзірлер тобымен ойласып кезекте тұрған істерді қалай аткаруды шешкен. Оны халыққа жария етіп жеткізуді - Хан тәңірі деп атаған. Бұл сондай-ақ хан хабары деген үғымды білдіреді. Сонымен дәстүрлі қазақ қоғамындағы халық құрылтайы мемлекет ауқымындағы материалдық және адам күшін топтастыруды, біріктіруді талап ететін аса маңызды проблемалар - соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешуге бағытталды, қалыптасқан ереже бойынша хан кұрылтай жиналысының шешімдерін мойындап, онымен санасуға тиіс болды. Бұл бас қосулар жыл сайын тұрақты түрде шақырылып, халық алдында үлкен беделге ие болды. Осы тұрғыдан А.Левшин былай деп тұжырымдайды. Съезды казахской знати стали созываться регулярно со времени хана Тауке, который установил порядок, чтобы сам хан ровно как и все султаны, старейшины и правители родов, собирались осенью в одно место, в середине степи, для рассуждения о делах народных. Сондай-ак, қазақ мемлекетінің басқару жүйесінде, тек халқымызға ғана тән дала демократиясы принциптерінің шынайы іске асуының дәлелі ретінде хан талау, ханды талақ ету сияқты әдет-ғұрыпқа, дәстүрлік ерекшеліктерге тоқталған жөн болады. Хан талау қазақ қоғамында өте сирек болса да, ерекше жағыдайларда ғана әділеттілікті, теңдікті, халықтың ар-намысын бұзылған құқығын қалпына келтіру тұрғысында қолданылып отырған. Мысалы, хан өзіне көрсетілген халықтың сенімін ақтамай, ел басқаруда талант көрсетпей, әділетсіздікке жол беріп, озбырлыққа, зорлық-зомбылыққа, парақорлыққа барып, жазықсыз халықтың қанын мойнына жүктесе, халық жиналысының заңды шығарған шешіміне, ұлттық дәстүрге сәйкес, оның барлық мүлкі бұрынғы қол астындағы халқына таратылып, үлестіріліп берілетін болған. Сонымен, хан талау институты, тек хан ғана емес, барлық төменгі деңгейдегі ел басқарушы лауазым иелерінің адамгершілік нормадан асып кетпеуге кепілдік беретін саяси және тәрбиелік әсері зор, дала демократиясының бір қуатты құралы болды. Хан талау процесі аяқ астынан, стихиялық түрде жүргізілген жоқ, ең алдымен билеуші ханға оның теріс іс-әрекеті жөнінде алдын ала бетіне басыла айтылып, дәлелденіп, ескерілгеннен кейін ғана халық атынан құрылтай шешім қабылдап хан талау іске асырылды. Төл тарихымызға жүгінсек, мұндай жағдай хан талау ХҮІІІ аяғында Жобалай руының билеген төре тұқымы - Керейдің басынан өткен еді. [6] Енді ханды талақ ету ғұрпына келсек, хан өз халқының алдында сенімін мүлдем жоғалтып, жеккөрінішті болған кезде де оның басына қара бұлт үйірілетін болган. Мұмың мәнісі мынада: егер хан ел басқарудағы жігерсіздігімен, қатігездігімен ерекше көзге түсіп, халық мүддесін аяққа таптап, оны қиын жағдайға душар етсе, ханның қол астындағы ру, ұлыс адамдары оның билігінен үдере көшіп кететін болған. Халқымыздың аумалы-төкпелі тарихында ханды талақ ету окиғасы 1530 жылы осындай қатыгездікпен, халықтың алдында сенімін жоғалтқан Тайыр ханның басында болған еді. Қазақ халкының мәдени және тарихи жетістіктерінің ең көрнектісі - Билер институты. Қазақ хандығы тарихында билердің алатын орны ерекше, сондықтан би институты жалпы мемлекеттің саяси және мәдени өмірінде әрқашан маңызды роль атқарады. Әрине қазақ мемлекетін хан басқарады, дегенмен хан мемлекеттің ішкі және сыртқы істерін өз кеңесшілерімен, яғни билермен ғана ақылдасып шешіп отырған. Қазақ қоғамымен біте қайнасып келе жатқан билер институты өз ерекшелігімен біздің тарихымызда аса маңызды орын алады. Қазақ еліндегі би институты яғни ата-бабамыздың тұрмыс - тіршілігінде, саяси өмірінде билердің алтын орны мен ерекше маңызын ұлы ғалым - шығыстанушы Ш.Ш.Уалиханов жан-жақты зерттеген болатын. Осы мәселені, одан әрі толықтырып, түбегейлі зерттеген Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі С.З.Зиманов. Әрине, қазақ қоғамындағы ерекше құбылыс билер институтын, оның ерекше орнын патшалық Ресей ғалымдары өз мақсаттары үшін зерттеп, қазақ елін түгелдей отарлау үшін ең алдымен би институтын түгелдей қирату керек деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдет-ғұрып ұқығы нормалары жүйесiнiң құрылымдық сипаты және оның негiзгi принциптерi
Қазіргі кездегі алқабилер институтының қалыптасуы
Мемлекетіміздегі сот билігінің құқықтық реформалануы
Қазақ қоғамындағы билер институтының бастаулары
Қазақ әдет құқығындағы хан институты
Сот жүйесінің даму мәселелері
Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
ТӨЛЕ БИДІҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
1997 жыл - Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік
Пәндер