Билер кеңесінің соттық функциясы
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақ даласына тән дәстүрлі билік және билер соты;
2.2. Билер соты әлем өркениетінде;
2.3. Нар дауысты Нарынбай әулеті;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Билер кеңесі — дәстүрлі қазақ қоғамында өкілетті негізде қызмет атқарған ең жоғарғы кеңесші орган.
Билер кеңесі жылдың бір мезгілінде, әдетте, ел жайлауға көшіп болған соң өткізілген. Көбінесе, Сайрам маңындағы Мартөбеге,Сырдариядағы Күлтөбеге не Түркістан жанындағы Битөбеге шақырылған. Оған хан, сұлтандар, үш жүздің елге сыйлы, “қара қылды қақ жаратын” әділдігімен даңқы шыққан билері, батырлары қатысқан. Осындай кеңестің бірінде “қырық рудың өкілі” — қырық би қазіргі Сырдария облысы (Өзбекстан) Ангрен өзенінің сол жағасындағы “Ханабат” (Күлтөбе) деген жердегі Тәуке хан(1680 — 1718) ордасына жиналып, қазақ халқының заң кодексі — “Жеті Жарғыны” қабылдаған. Рулық алауыздықты жойып, қазақ ұлтын біріктіру, мемлекеттік тәртіпті нығайту мұратын көздеген Тәуке хан ел ішінде беделді билерге сүйене билік жүргізді. Ұлттық тұтастыққа іріткі саларлық ірі жанжалдар — руаралық “жер дауы, жесір дауы” өршігенде, ел шетіне жау тиіп, соғыс қаупі төнген кезде, көрші елдермен байланыс жасап, түрлі қарым-қатынас орнатар шақта билер кеңесін шақырып, негізгі мәселелерді бұқара өкілдері — билермен ақылдаса отырып шешкен. Билер кеңесінің шешімдерін ешкім бұза алмаған, хан да, қара да оны орындауға міндетті болған. Тәуке хан қалыптастырған осы демократиялық-құқықтық қағиданы қазақ даласын билеген кейінгі хандар да қатаң ұстанған. Билер кеңесінің шешімдері хан беделінен жоғары қойылғанымен, орталықтандырылған билік пен басқару ісіне қайшы келмеген.

1. Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендерi. 1,2-кiтаптар. Алматы,1993
2. Сулейменов Р. Б., Моисеев В. А. Из истории Казахстана XVIII века. (О внешней и внутренней политике Аблая). Алма-Ата, 1988.
3. Заңғар Кәрімхан мақаласы © e-history.kz сайтынын.
4. Қайрат Мәми, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор мақаласы «Билер соты әлем өркениетінде»;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Билер Кеңесінің соттық функциясы
Орындаған: Иргебекова Ф. Б.
Тексерген: Турсынкулова Д. А.
Алматы 2016ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақ даласына тән дәстүрлі билік және билер соты;
2.2. Билер соты әлем өркениетінде;
2.3. Нар дауысты Нарынбай әулеті;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Билер кеңесі -- дәстүрлі қазақ қоғамында өкілетті негізде қызмет атқарған ең жоғарғы кеңесші орган.
Билер кеңесі жылдың бір мезгілінде, әдетте, ел жайлауға көшіп болған соң өткізілген. Көбінесе, Сайрам маңындағы Мартөбеге,Сырдариядағы Күлтөбеге не Түркістан жанындағы Битөбеге шақырылған. Оған хан, сұлтандар, үш жүздің елге сыйлы, "қара қылды қақ жаратын" әділдігімен даңқы шыққан билері, батырлары қатысқан. Осындай кеңестің бірінде "қырық рудың өкілі" -- қырық би қазіргі Сырдария облысы (Өзбекстан) Ангрен өзенінің сол жағасындағы "Ханабат" (Күлтөбе) деген жердегі Тәуке хан(1680 -- 1718) ордасына жиналып, қазақ халқының заң кодексі -- "Жеті Жарғыны" қабылдаған. Рулық алауыздықты жойып, қазақ ұлтын біріктіру, мемлекеттік тәртіпті нығайту мұратын көздеген Тәуке хан ел ішінде беделді билерге сүйене билік жүргізді. Ұлттық тұтастыққа іріткі саларлық ірі жанжалдар -- руаралық "жер дауы, жесір дауы" өршігенде, ел шетіне жау тиіп, соғыс қаупі төнген кезде, көрші елдермен байланыс жасап, түрлі қарым-қатынас орнатар шақта билер кеңесін шақырып, негізгі мәселелерді бұқара өкілдері -- билермен ақылдаса отырып шешкен. Билер кеңесінің шешімдерін ешкім бұза алмаған, хан да, қара да оны орындауға міндетті болған. Тәуке хан қалыптастырған осы демократиялық-құқықтық қағиданы қазақ даласын билеген кейінгі хандар да қатаң ұстанған. Билер кеңесінің шешімдері хан беделінен жоғары қойылғанымен, орталықтандырылған билік пен басқару ісіне қайшы келмеген. Ханның ұсынуымен мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылаған кезде "тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" деген моральдік принципке сүйенген. Қара бастың, ағайын-туыс пен аталастың ғана намысын қорғап, ру мүддесін ұлт мұратынан жоғары қоятын қылығы байқалған билер ел сенімінен, хан құрметінен айырылған. Ондай әділетсіздікпен, пайдакүнемдікпен аты шыққан адамдар билер кеңесіне шақырылмаған.
2.1. Қазақ даласына тән билік және билер соты;
Билердiң саяси ықпалы олардың сан жағынан басымдылығы мен қарамағындағы рулардың қуаттылығымен анықталып отырды. Қазақ ұлыстарында билер ерекше құқыққа ие болды: олар сот, әкiмшiлiктiк және әскери билiктi iс жүзiне асыра, сұлтандармен қатар жалпымемлекеттiк басқару iстерiне араласып отырған. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институты өкілдерінің бойына тән негізгі төрт лауазымды қасиеттер: әскери қолбасшы төрешi әкiмшiлiктiк тұлға Билер халық арасынан сайланатын болғандықтан, хандық билiкке тосқауыл болды. Билердiң қолында әскери, саяси-әкiмшiлiктiк, сот және заң шығарушы билiк тетiктерiнiң шоғырлануының өзi хандық билiктi тежеуге ықпалын тигiзiп отырды; Билер қазақ елiнiң бүкiл аумағы бойынша тармақталған саяси институт болды, сол себептен олардың iс-әрекетi қоғам мүшелерiнiң басым көпшiлiгiн қамтып отырды; дала аристократиясының өкiлi Билердiң саяси салмағы едәуiр болғаны соншалық, кей жағдайда, тіпті ханның өзі аталмыш институттың беделді өкілдерімен, ақылдаса отырып, хан кеңесiнде қарастырылған мәселелер шешімін біріге қабылдап отырған. Соғыс және бiтiм мәселелерiнде байланысты сыртқы жаумен келiссөздерге көбiне билер жүргендiктен, түпкi шешiмдi шығару сөз саптаған шешен-билерге жүктелгенi даусыз. Тiптi, хан сайлау тәрiздi аса маңызды қоғамдық рәсiмдi атқару сонау Шыңғыс ханнан бастап негiзiнен билер атқарып келгенi, ақиқат. Керек болса, хандық институтының қашанғы әлеуметтiк негiзi болып келген сұлтандар тәрiздi әлеуметтiк категорияның өзi қоғамдық салмағы жөнiнен билер hәм батырлармен тең түсе алмай қалған едi. Осыған жүгiне келiп, белгiлi ғалым Салық Зиманов билер -- қоғамдық құрылымда сұлтандардан бiр саты төмен орналасқан ру шонжарлары деп атаған. Билердiң беделi сонша мықты болғаны, руаралық дауларды шешу негiзiнен олардың мойнына жүктелетiн. Әрине, билер руаралық, тайпаралық дауларды шешу барысында тек сот мәселесiмен шектелiп қоя бермеген. Олардың басты мiндетi барлық ру-тайпалардың мүдделерiнiң тепе-теңдiлiгiн қамтамасыз ету. Яғни, саяси тұрақтылықтың бұзылуына жол бермеу. Мәселен Жетi Жарғының" бiр бабында: Хандар мен сұлтандар, ақсақалдар мен рубасылар күздiң күнi даланың орта кiндiгiнде жиналып, халық мәселелерiн талқылауы тиiс делiнген. Соған қарағанда, қазақ қоғамындағы билiк өкiлеттi болса керек. Аталған халық маслихаты -- хан немесе сұлтандардың жеке басы мәселелерi үшiн емес, ал жалпыхалықтық мүдделерге жауап беретiн маңызды мәселелердi шешуге жиналатын. Олай болса -- ортағасырлық көшпелi қоғам -- қазiргi заман талаптарына сәйкестiрiлген демократиялық саяси жүйе. Саясаттану ғылымында мұны плебесцитарлық, яғни тiкелей бұқаралық" демократия деп атайды. Айтылған жәйттердан шыға отырып, ортағасырлық қазақ қоғамының әлеуметтiк құрылымында билер хан, сұлтан тәрiздi әлеуметтiк топтардан кейiн орналасқанымен, iс жүзiнде олардың қолына бүкiл iшкi саяси-әлеуметтiк билiк тетiктерiн шоғырландырған және нақты iс-әрекетке қабiлеттi бiрден-бiр қоғамдық институт рөлiн атқарды деуге толық мүкiндiк бар. Мұның дәлелi ретiнде халықтың ауызша тарих айту дәстүрi туындыларын кеңiнен тарта аламыз. Мәселен, ескiнiң жолын жоқтап, хан институтының Әз-Жәнiбек, Қасым хан, Хақназар, Есiм замандарындағыдай қуаттылығын, аңсаған, елдiң өз бiрлiгiнен айрылғанын осы хан билiгiнiң дағдарысынан көрген Бұқар жыраудың (1668 - 1781 жж.): Ақтың жолын күзетпей, жамандықты тұтқан жұрт. Мамыр асып, бай болып, байсал тауып жортқан жұрт. Ханға тiзiгiн салмады, хан жарлығын алмады. Баяғыдай баршындап, бiрауызды болмады " -- деп күйзеле жырлайтыны бар. Билер билiк басындағылар мен бұқара халық арасындағы тiкелей және керi байланысты iс жүзiне асырушы негiзгi саяси құрылым болды. Олардың мiндетi тұрғындардың талап-тiлегiн саяси жүйеге жеткiзiп, қоғамдағы саяси-әлеуметтiк тепе-теңдiлiк күйiнiң бұзылуына жол бермеу. Би институтының арқасында қазақ қоғамы бiр қалыпты күйде қызмет етiп, дағдарысқа ұшырамады. Бұған септiгiн тигiзген келесi факторлар:
Билер қоғам мүшелерiн сот үкiмiнiң шешiмiн бұлжытпай орындауға жоғарыдан қысым көрсетiп мiндеттемеген. Өз төркінін ежелгі түркінің бек және бей сөздерінен өрбітер би этимологиясы негiзiнен басқару, билеу, билiк ету ұғымдарын бiлдiредi. Тарихи материалдардың жан-жақты сараптамасы негізінде, көшпелi тұрмыс-тiршiлiк үрдiсiне сүйенген қоғам жағдайындағы билер институты -- мұрагерлiк заңына негiзделген дәстүрлi бекзадалық билiк, хандық институтына қарағанда, халықтың қайнаған ортасының өзi тарихи қалыптастырып шығарған демократиялық билiк тұтқасы ретінде бағалана алатын институт-дәстүр деуге тұрарлық. Өзiнiң XVIII-ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамына тән классикалық үлгiсiне дейiн билер институты бiрнеше сатыдан өттi: Құрылтайда әрбiр жүз немесе ру-тайпаның мүддесiн белгiлi бiр би қорғағандықтан, аумақтық мүдделердiң өзара тепе-теңдiлiгi қамтамасыз етiлетiн; ал ендi, көшпелi қоғам жағдайындағы сонау ерте замандардан бас алатын ғұрыптық сот билiгiнiң бүкiл тарихи тәжiрибиесiнiң жинақталып, саяси-әлеуметтiк тиiмдiлiгi барынша жетiлдiрiлген, классикалық түрi -- XVIII-ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты болып табылады. ХVIII-ғ. қазақ қоғамындағы билер институтының аса елеулi маңызы әлсiн-әлсiн жиналып отырған халық құрылтайларынан көрiнiс табады. Осындай құрылтайлардың бiрiнде қазақ тарихының ежелгi дәуiрлерiнен бастап ауызша тарих айту дәстүрі арқылы берiлiп келе жатқан дағдылы әдет-ғұрып нормаларының, оның iшiнде Есiм ханның ескi жолы, Қасым ханның қасқа жолы тәрiздi ауызекi ғұрыптық құқыққа негiзделе отырып жүйеленген, әркелкi ғұрыптық нормалар бiр iзге түсiрiлiп, реттелген заңдар ережесi Жетi жарғы қабылданғаны белгiлi. Жетi жарғының" пайда болуына Жетiсудың жау қолына өтуi себептi қазақ ұлыстарының (жүздерiнiң) тарылып кеткен жайылымдық жерлер үшiн өзара қырқысы және береке-бiрлiгiнен айрылған елдiң басын қайта қосып, бiр орталықтандыру мақсатында әрекет еткен Тәуке ханнның белсендiлiгi алғышарт болды. Десек те, ақсүйек тұқымдарының өзара қырқысынан берекесi кетiп, күйзелген халықтың басын қосып, ру-тайпа, жүзаралық дау-дамай, жанжалдарды тиып, Алтын ғасыр орнатқан Тәуке хан, елдi өзi Түркiстанда отырып, ұлы жүзге тағайындалған Төле би, Орта жүзге қойылған Қазыбек би, Кiшi жүзге бас етiлген Әйтеке билер, ал қалған ұлыстарды ұлыс билерi арқылы басқарған. Алайда орыс тарихшысы А. И. Левшин аталған үш бидiң хан тарапынан тағайындалып қана қоймай, халық тарапын кейiнгi орта ғасырлар үшiн хандық институтына да тәуелсiз, халықтың қалың топтарынан да дербес билер институты тән. Бұл тұстағы билер институтының тарихи функциясы -- бiр жағынан ру-тайпалық қарым-қатынастарды реттеп отырушы әлеуметтiк тетiк, екiншi жағынан аристократиялық хан билiгi мен демократиялық халық билiгiн теңдестiрiп отырушы саяси тетiк. орта ғасырлардағы көшпелi қоғамдар үшiн билер институты -- бекзадалық хан билiгiнiң халық тарапынан қолдау көруiн қамтамасыз етушi саяси тетiк. Алайда, бұл дәуiрде билер институты хандық институтынан iргесi ажыраса да, бұқара халықтан әлi нақты бөлiне қоймаған-ды, сондықтан да сөз болып отырған кезеңде би институты батыр, жырау институттарымен тығыз астасып жатыр; ерте орта ғасырларда бек, яки билер институты ру-тайпалардың бетке ұстар игi-жақсыларынан құралып, бекзадалық қаған билiгi жүйесiнде халық тарапынан өкiлдiк етушi әлеуметтiк тетiк рөлiн атқарды. Бұл тұста бек, яки билер институтының аражiгi әлеуметтiк өмiрдiң жоғарғы сатысында тұрғандардан да, төменгi сатысында орналасқандарынан да нақты ажырамаған; қазiргi Қазақстан территориясында қалыптасқан көшпелi қоғамдардың ерте кезеңiндегi, ақсақалдар кеңесi, ру-тайпалық құрылымның өзiн-өзi басқару тәрiздi қоғамдық тетiгi ретiнде бек, би институтарының пайда болуының негiзгi алғы шарты болып табылды; қоғамының дәстүрлi рухани мәдениетiн сақтауды, жаңғыртуды және одан әрi дамытуды қамтамасыз етушi мәдени және рухани құрал -- бұл билер институтының идеологиялық өлшемi. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты, көшпелi қоғам жағдайындағы сонау ерте замандардан бас алатын ғұрыптық сот билiгiнiң бүкiл тарихи тәжiрибиесiнiң жинақталып, саяси-әлеуметтiк тиiмдiлiгi барынша жетiлдiрiлген түрi болып табылады. Билер институт-дәстүрі тек қана ғұрып құқығы мен әдет заңдарына ғана емес, сонымен қатар белгiлi бiр дәрежеде жазба құқықтық жүйеге келтiрiлген билiк шешiмдерi үлгiлерiне арқа сүйеген құқықтық институт-деңгейiнен көрiне алды. Ал патша үкiметiнiң қазақ даласында кеңiнен жүргiзе бастаған саяси-әкiмшiлiк реформалары жағдайында, билер институты негiзiнен сырттан таңылған, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтiк психологиясына жат құқықтық нормаларға балама тұжырымдар ұсыну және көп ретте өз пiкiрiмен санасуға мәжбүр ету арқылы қазақтың дәстүрлi құқықтық сана-сезiмiн сақтауға, дамытуға ұмтылған-ды. Көшпелi қазақ қоғамында заңның орны айрықша болды. Даналықты пiр тұтқан қазақ халқы заңды немесе халықтық дәстүрлердi тұрақтылықтың көзi және тәртiптiң алғышарты ретiнде қарастыратын. Заң әдiлеттiлiк, ар, ұят, намыс немесе адалдық сияқты түсiнiктерге пара-пар басты құндылық болды. Содан болар, қазақ халқы парасаттылық пен имандылыққа табынып, адамгершiлiктiң ала жiбiн аттамауды ұрпақтан ұрпаққа аманат-өсиет етiп келедi. Қазақ халқының құқықтық мәдениетiнiң берiк iргетасы -- әдет-ғұрып құқығы нормалары. Бұл нормалар өз кезегiнде, ұлттық ой-түсiнiк жүйесiнiң бейнесi болып табылады. Осы орайда Ұлы Абайдың ықшамдап, өлеңге келтiрiп айтқан қағидасын еске алуға болады: малым -- жанымның садағасы, жаным -- арымның садағасы. Яғни, көшпелiлердiң құқықтық мәдениетi халық тұрмысы мен тiршiлiгiне, iшкi ұлттық болмысына лайықтанып жаратылған күнделiктi өмiрдiң бiр бөлiгi болды, өйткенi заңдар белгiлi бiр дәлме-дәл iске асып қолдануға арналған болатын. Құқықтық нормалардың қайнар көзi -- мемлекет емес, ал сол қоғам мүшелерiнiң өздерi. Қандай да заң, я ереже болмасын ол халықтың сынынан өтiп, нақты қалыптасқан жағдайдың талабына жауап беруi тиiс едi. Қазақтың әдет-ғұрып құқығы нормаларына адамгершiлiктiк сипаттың тән болуы осыдан.
қоғам мен оның мемлекеттiк жүйесi арасындағы жоғарылы-төменді қарым-қатынастарды реттеушi саяси құрал -- бұл билер институтының саяси өлшемi;
қоғам iшiндегi көлбеу қарым-қатынастарды реттеушi әлеуметтiк құрал -- бұл билер институтының әлеуметтiк өлшемi; ан сайланғанын да айтып өтедi .
Соған қарағанда, Тәуке хан, қазақ қоғамының дәстүрлi әдет-ғұрып құқығына ғана емес, ел басқару үлгiсiне-де үлкен жаңалық енгiзген. Себебi, әңгiме, ақсүйек хан тұқымдарының қарадан шыққан ел көсемдерiн мойындап, ел басқару тiзгiнiн алғаш рет өз еркiмен бөлiсуi туралы болып отыр. Билердiң халық тарапынан сайлануын Қазанғап Байболұлының Төле бидiң тарихы дастанында келтiрiлетiн мәлiметтер-де растай түседi. Мәселен, Төленiң әкесi Әлiбек Ұлы жүздiң сөз тияр игi-жақсыларының арнайы жиынында би сайланған. Төле бидiң тарихында Әлiбектiң әкесi, Төленiң атасы Құдайбердiнiң де би болғаны айтылады: Би сайланған Әлiбек, Құдайбердi биден соң, опат болып жасында, Құдайменде, ағасы ... . Сол сияқты Қаз дауысты Қазыбектiң әкесi Келдiбек те, баласы Бекболат та би болған кiсiлер. Патша шенеунiгi Д.Андренiң жазбаларына қарағанда, бидiң мақсаты кiнәлiнi жазалау емес, тәртiпке шақырып, дау-дамай, жанжалдардың ушығып кетуiне жол бермеу, ауылдың, елдiң тыныштығын сақтау... Одан басқа, сот-билердi, әскербасы-билермен шатастыруға болмайды. Соңғыларының мiндетi бiлгiрлiгiмен қол бастап, халықтың қамын ойлау, отандастарын жаудан қорғау . Д, Андре би лауазымының мұрагерлiкке еш негiзделмейтiнiн арнайы атап өтедi. Мемлекеттiң саяси және әлеуметтiк құрылымының ғұрыптық құқық негiзiнде жүзеге асырылуын қамтамасыз етушi бiрден-бiр әлеуметтiк құрылым ретiнде билер институты қоғамдық күштердiң арасалмағын теңдестiрушi тетік рөлiн атқарып, қоғам дамуындағы бүкiл саяси-әлеуметтiк қарым-қатынастарды реттеп отырған.
2.2. Билер соты әлем өркениетінде;
Тәуке хан тұсында хандық билік құрамында үлкен өзгерістер болып,
Билер кеңесі институты кеңінен енгізілді. Бұл мемлекеттік орган Қазақ елінің
саяси жүйесінде үлкен құқықтарға ие болуымен қатар, ішкі-сыртқы саясатты
жүргізуде зор рөл атқарған.
Билер кеңесі рулар арасындағы шиеленіскен дауларды шешуде ерекше
еңбек сіңірген. Оның құрамына ақылгөй ақсақалдардың жиынында бата
алған, яғни сайланған от ауыз, орақ тілді шешендер, аймаққа танымал
болған, беделді адамдар және ұрыстарда ерлік танытқан батырлар енген.
Билер кеңесі Сырдарияның бойындағы Әңгірен, Түркістан мен Сайрам
жерінде орналасқан Битөбе, Мәртөбе деген жерлерде шақырылып тұрған.
Жеті Жарғыда сол заманның негізгі мәселелері - сыртқы жаудың қандай да
болсын шабуылына тойтарыс бере алатын күшті әскер және халықты оған
жұмылдыра білетін, ішкі саяси билікті мәмілегерлікпен жүргізе алатын
басқару жүйесінің құқықтық ережелері аталып көрсетілген. Бір айта
кетерлігі: ел ішіне ауызша таралған
Жеті Жарғыда Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы, биліктің
қалыптасуы, хандарды сайлау тәртібі сияқты аса маңызды мәселелер
қарастырылмаған. Бірақ, бұл сол кездегі саяси биліктің әлсіздігін көрсетпесе
керек. Өйткені, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz