Моңғол шапқыншылығы дәуірінде Қазақстанда мемлекет пен құқық



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Шыңғыс ханның заңдар жинағы;
2.2. Моңғол хандығының қоғамдық.саяси құрылысы;
2.3. Көшпелі өзбектер мемлекетінің қоғамдық.саяси құрылысы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар — монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбарлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді.
1. Аманжолов К.Р., Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери
тарихы. Алматы, 1999. - 320 б.
2. Аманжолов К.Р., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы.
Алматы, 1996. Т.1. - 271 б.
3. Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. - 244 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Моңғол шапқыншылығы дәуірінде Қазақстанда мемлекет пен құқық

Орындаған: Иргебекова Ф. Б.
Тексерген: Турсынкулова Д. А.

Алматы 2016ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Шыңғыс ханның заңдар жинағы;
2.2. Моңғол хандығының қоғамдық-саяси құрылысы;
2.3. Көшпелі өзбектер мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс - құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан - байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік - экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, орман халқы және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. Орман тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ - ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар -- монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей - бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбар лығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық - саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың - моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша көктен жаралған деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар - жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ түменге (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, мыңдар - он жүзден, ал жүздер, -- ондықтан құралды. Қасиетті аңызға сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 мыңға жіктелді. Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты - ішкісаяси -- әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделеріненшығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу.
Шыңғыс -- хан шапқыншылығы. Моңғолдардыңалғашқыжаулап алудың құрбаны болған Сібір жерлері. 1207 - 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы ЖошыЕнисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да орманхалықтарын бағындырды. 1207 - 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си - Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды. 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227 жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы бүкілиелігіненіс жүзінде айырылды.

2.1. Шыңғыс ханның заңдар жинағы;

Біртұтас монғол мемлекетін құрғаннан кейін Шыңғыс хан екі нәрсеге назар аударды: а) мемлекеттің ішкі құрылымын жетілдіру; ә) әскер құрылымы мен соғыс жүргізу тәсілдерін жетілдіру.
Шыңғыс хан мемлекетінде хандық, билік, жарлық шығару және әскерді басқару құқықтарына ие болды. Хан өзге мемлекеттермен соғыс жүргізумен қатар соғыс пен бейбітшілікті жариялап, бітімге келіп отырды. Ол негізінен төмендегідей бес функцияны атқарды:
Хан мемлекет басшысы және жоғарғы бас қолбасшы ретінде астындағыларға жеке билік жүргізді, оның негізгі қызметі мен міндеті елді сыртқы жаулардан қорғау болды.
Хан бас қолбасшы ретінде соғыс ашу және бейбіт бітімге келуге құқылы болды.
Мемлекеттің сыртқы саясатын жалғыз өзі белгіледі.
Жоғарғы сот қызметін де атқарып, бағыныштыларды өлтіруге не тірі қалдыруға құқылы болды.
Мемлекеттегі тәртіп пен өмір сүріп отырған қоғамдық салт-дәстүрлерді сақтау үшін қол астындағы барлық азаматтарға міндетті бұйрықтар мен заң шығаруға құқылы болды.
Хандық, билік негізінен мұрагерлік жолмен жүзеге асып, хан өлсе орнына баласы, ер жеткен баласы болмаса аға-інілерінің бірі отырды. Мүрагердің таққа отыруы басқа ханзадалар мен ру-тайпа көсемдерінің жиналысы құрылтайда сайланудан өтуге міндетті болды.
XII -- ХШ ғасырлар, жалпы орта ғасырлар -- қай жағынан жау келіп қалады деп отырған жаугершілік заманы болды. Үнемі шапқыншылықтардан көз ашпағаннан кейін, түркі-монғолдар ертедегі сак-скиф, ғұн, түркілер заманындағы секілді "әскери-демократиялық қоғамда" өмір сүрді. Яғни ірі әскери мәселелерге және жорықтар еркек кіндік түгел қатыстырылды. Дала тұрғындары негізінен қарулы адамдар тобынан тұрды. Қару асынып жүру бейбіт өмірде де дәстүрге айналды. Аңға шықсын немесе көңіл көтеруге жиналсын ер азаматтар әрқашан садақ, жебе, қанжар асынып жүрді. Бірде-бір түркі-монғол халық жиналған жерге қарусыз келмеді. Қарусыз келген адамға орын берілмеді және ол сайлауға дауыс бере алмады. Шыңғыс хан империясы мен оның әскерлерінің құрылуы бір-бірінен ажырағысыз процестер, өйткені әскер мемлекет құру барысында қажеттілік үшін қалыптасса, мемлекет қалыптасқан әскердің арқасында нығайып отырды. Шыңғыс хан мемлекеті көшпелі және отырықшы қоғамның әрекеттестігі нәтижесінде ары қарай нығайды. Бұл жерде әңгіме олар мемлекеттікті отырықшы халықтардан алды деген сөз емес, керісінше түркі-монғолдар өздерінің өзіндік әскери саяси жүйесін құрды.
Көптеген зерттеушілер орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарды талдай келе көшпелі хандарда нақты билік, тұрақты салық жүйесі болған емес деп көрсеткілері келеді. Ал іс жүзінде еуропалық мемлекеттермен салыстырғанда көшпелі қоғамның көптеген өзіндік ерекшеліктері болды. Еркін жүрген дала халқының территориясы жаугершілік заманда үнемі өзгерістерге ұшырап отырды. Хан билігінің қуаты мен мықтылығы беделі, заман мүддесіне сай болды.
Монғол ақсүйектерінің ішінен Шыңғыс ханның асыранды баласы Шигихутуг оқу-білімге ерекше қабілеттілік көрсетті. Сондықтан хаған оны сот ісін басқарушы етіп тағайындап, оған былайша кеңес берді: "Мен қазір барлық халықтың үстінен қараған кезде, сен менің көзім мен құлағым бол. Саған қарсы сөз айтуға ешкімнің құқы жоқ. Ұрылар мен өтірікшілерді соттап жазалауды саған тапсырамын. Кінәсі барлардың барлығын халықтың атынан жазала, кім өлім жазасына лайықты болса, өлімге кес. Шешіміңді басқалар өзгертпеу үшін қара сиямен жазып отыр"30. Шыңғыс ханның бұл тағайындауы дұрыс болып, Шигухутуг сот істерін дәл орындап, тіпті кейбір мәселелерде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ол қорқып тұрып куә болған адамдардың куәлігін қабылдамай тастап отырды.
Түркі-монғол тайпаларының ежелден келе жатқан заңдар жинағы, әдет-ғұрыптары, салттары сұрыпталып, бір жүйеге келтіріліп, хатқа түсірілді. Ол "Үлкен жасақ" деп аталып, екі бөлімнен тұрды:
1) Билік -- Шыңғыс ханның ойлары мен берген бұйрықтары, қабылдаған шешімдері т.б. нақты іс-әрекеті.
2) Жасақ -- әскери және азаматтық заңдар мен оны орындамағандар үшін қолданылатын жазалау түрлері.
Бұл заңдар Шыңғыс хан ұрпақтары үшін бұзылмайтын қағида болып табылды және үнемі бұлжытпай орындалып отырды. Көптеген зерттеушілер бұл заңдар 1206 жылы өткен құрылтайда қабылданған деп есептейді әрі бұл жинақ түркі-монғол тайпаларының болашақ даму процесінде үлкен тарихи рөл атқарған деп көрсетеді. Атап айтқанда, И.Я.Коростовец: "Жинақта барлық дінге бірдей көзқарас ұсталынды. Шіркеулерге, дін иелеріне, үлкендерге құрмет көрсету, қайыршыларға қайырымдылық жасау жөнінде айтылады. Онда әр монғолдың отбасылық және жеке өмірі тұтастай қамтылады. Жасақ заңы бойынша мынадай қылмыс жасағандар өлім жазасына кесіледі: шайқас кезінде көре тұра көмек бермеу, қолбасының келісімінсіз өз шебінен шегініп кету, қатардағы жауынгерлердің өз қызметіне немқұрайды қарауы, қолға түскен құлдар мен тұтқындарды иесіне қайтармау, кісі өлтіру, ұрлық істеу, жалған куәлік беру, жала жабу, сатқындық жасау, кісіні жасырын аңду, дауласқан екі адамның біріне әдейі көмек көрсету т.с.с", -- деп баға береді31.
Бұл заңдарды монғолдардың бұлжытпай орындайтындықтары жөнінде батысеуропалық саяхатшылар таңдана жазады. Мысалы, П.Карпини: "Монғолдар арасында дау, төбелес, кісі өлтіру сияқты оқиғалар болмайды. Өзара келіспеушіліктері өте сирек. Әйелдері еш уақытта ерлеріне қарсы шықпайды. Ұрлық жасау, кісі тонау сияқты оқиғалар монғолдар арасында еш уақытта кездеспейді", -- деп жазады. Мұны хан ордасында болған қытай генералы Мэн-хун де растайды. Ал араб тарихшысы Ибн Батута: "Монғолдар арасында ұрлыққа қарсы заңның қаталдығынан ат ұрлығы мүлдем жоқ", -- деп жазды.
Жасақ заңы билеушіден бастап қатардағы шаруаға дейін орындалуға міндетті болып есептелінеді. Кейіннен көршілес отырықшы халықтар бағындырылып, бірте-бірте жартылай отырықшы мемлекетке айналған кезде де бұл заң сол күйі күшінде қалды.
Монғол билеушілері бағынған отырықшы елдердің ішкі істеріне көп араласқан жоқ. Алдын ала сотталмай тұрып, бірде-бір адам өлім жазасына кесілген емес. Салық жинау белгілі бір жүйе бойынша атқарылды. Мемлекеттік қызметтерде, почта жүйесінде, әкімшілік істерде үнемі реформалар жасалынып, жетілдіріліп отырды. Басып алынған кейбір аймақтарда сол жергілікті халықтың өкілі басшылық қызметке тағайындалды. Мысалы, Солтүстік Қытай бағындырылғаннан кейін монғолдар бұл өлкені жергілікті қытай чиновниктері басқарған 10 провинцияға бөлді.
Шыңғыс хан әскери құрылымды жетілдіруге үнемі баса назар аударып отырды. Ол өмір бойы үздіксіз жүргізген соғыстардан орасан зор әскери тәжірибе жинақтаған талантты қолбасшы әрі ұйымдастырушы болды. Көршілес дамыған елдердің соғыс өнерін, әсіресе ғылыми-техникалық жетістіктерін өз әскери құрылымына тиімді түрде енгізді. Ең алдымен, өзінің жеке гвардиясын құруға үлкен мән берді. Өзін қорғайтын жасақты кешіктер деп атады. Бұл жөнінде Б.Я.Владимирцев мынадай мәліметтер келтіреді: "Шыңғыс хан, ең алдымен, өте сенімді өз адамдарынан тұратын жеке гвардия кешік құруға үлкен мән берді. Осыдан кейін осы тандамалы әскердің ішінен өзі тандап жүріп ең тандаулыларына басшы қызметтер ұсынды. Қабілеттеріне қарай оларға әртүрлі тапсырмалар беріп, қолбасшы ретінде өзі тәрбиелеп шығарды".
Барлық гвардияшылар кешіктер ақсүйектер әулетінен шығуы тиіс болды. "Көк тәңірі мені барлық халықтардың билеушісі етіп қойған кезде менің тікелей күзетімдегі кешіктерге жүздіктерден бір, мындықтардан он адам алуға бұйрық берді. Бұлар менің ерекше назарымда болатын адамдар. Ақсүйектердің балаларының ішіндегі ең алғыр, мықты, ептілері болуы тиіс. Егер мыңбасылар немесе жүзбасылар мұндай адамдарды жіберуге бөгет жасаса, дереу жазаланады".
Бұл аристократиялық жасақтың басқа әскери бөлімдерден көптеген артықшылықтары болды. "Менің өз кешіктерім, -- деген Шыңғыс хан, -- мыңбасылардан жоғары тұрады. Ал менің үй қызметіндегілер жүзбасылар мен онбасылардан жоғары. Егер мыңбасы өзін күзеттегі кешікпен тең санап, оған бағынбай, төбелесетін болса, дереу жазалануы тиіс"36. Кешіктердің барлығын Шыңғыс хан өзі тікелей бақылап отырды. "Күзетті басқарушы менің рұқсатымсыз өз бетімен ешкімді жазалауға құқы жоқ. Егер кешіктердің бірі тәртіп бұзған жағдайда ол алдымен маған сол оқиға жөнінде алдын-ала ескертуі қажет, содан соң кімнің басын алу, кімге дүре соғу сияқты жазалар белгіленеді".
Әскердің ішінен ерекше таңдап алынған Шыңғыс ханның өзін күзететін "баһадүрлер мыңдығы" ерекше жағдайда болмаса, шайқасқа қатыстырылмады. Үнемі бейбіт уақытта да тікелей хан күзетінде болды. Сөйтіп дала ақсүйектерінен өзінің гвардиясын іріктеп алғаннан кейін Шыңғыс хан қалған әскерге де тәртіп орнатты. Әскерге қызмет ету мен әскер басылардың міндеттері заңдастырылды. Түркі-монғолдарда ерте заманнан келе жатқан әскер басқарудың ондық жүйесі ондық, жүздік, мыңдық бар болатын.
Монгол армиясында қызметі жағынан қазіргі бас штабқа ұқсайтын "Юрт-жи" деп аталатын мекеме болды. Оның негізгі міндеттері: соғыс және бейбіт уақытта қарсылас жаққа барлау ұйымдастыру, жазғы жайлау мен қысқы қыстауды анықтау, жорық кезінде әскердің жүріс-тұрысын қадағалап, жоғарғы қолбасылар мен жауынгерлерге арналған арнайы лагерьлер ұйымдастыру, т.б. болды. Бұған қосымша олар отырықшы халықтардың жерінен өткен кезде әскердің олардың егінін таптамай, ауаша қоныстануын қамтамасыз етті.
Армияның тылындағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін ерекше жасақ құрылып, қазіргі ішкі істер әскерлерінің міндетін атқарды. Әскерде шаруашылық мәселесімен айналысатын арнайы бөлімдер болды. Әскерді жасақтау кезінде түріктердің аймақтық және рулық күрылымы басшылыққа алынды. Әрбір тайпа мен рудың көшіп-қонатын жайлауы мен қыстауы белгіленді. Әрбір рудан ондық, жүздік бөлімдер, ал ірі рулардан мындық бөлімдер жасақталды. Жорық кезінде әрбір онбасы немесе жүзбасы өзінің қарауындағыларды жорыққа қажетті азық-түлікпен, т.б. қажетті заттармен қамтамасыз етуге міндетті болды. Ал аймақ билеушілері жорық алдында мыңбасылардың орынбасарларына айналып, тәртіптің сақталуын қадағалады.
Әскер құру кезінде ұсақ рулар мен тайпалардың бірнешеулері біріктіріліп отырды. Ал керісінше ірілері бірнеше топқа бөлінді. Ең ірі әскери бөлім түмен -- 10 мың адам өте сирек жағдайда ғана бір тайпадан құралатын. Тайпаларды бөлу кей жағдайда олардың арасындағы ауызбіршілікті жою үшін әдейі ұйымдастырылды. Шыңғыс хан соғыс даласында түскен олжаның жауынгерлерге теңдей бөлінуін қатты қадағалады. Түрлі шайқастарда бірге соғысқандықтан жауынгерлер қанды көйлек жолдасқа айналып, рулық ала ауыздық ұмытылып отырды. Осылайша бір-бірімен шайқасып отыратын өзара ала ауыз түркі-монғол тайпалары Шыңғыс хан тұсында үнемі сыртқы жаумен соғысу нәтижесінде бір халық болып бірікті. Ал әскер бөлімдеріне басшы сайлау кезінде осы бөлімдерді құрайтын негізгі рулардың ішінен ең ақылдылары мен тәжірибелілері іріктелінді.
Сөйтіп әскер жасақтау кезінде түріктің рулық құрылыстың ерекшеліктері сақталып, тек кейбір толықтырулар ғана енгізілді. Өзара туысқандар бірыңғай болғандықтан, бұл бөлімдердің ішкі тәртібі тұрақты болды, әрі жауынгерлер бір-бірінің отбасылық жағдайын жақсы білетін еді. Өз міндетін дұрыс атқара алмаған қолбасшыны Шыңғыс хан дереу орнынан алып, дәрежесін төмендетті. Оның орнына басқа басшы сайланды. Оның әскербасыларына қандай талап қойғандығы мына сөздерінен-ақ байқалады: "Есухабайға жететін ешкім жоқ. Ол жорық кезінде шаршау дегеннің не екенін білмейді. Аштық пен басқа да көптеген қиындықтарға тіпті де мойымайды. Нөкерлер мен жауынгерлер арасында қиындыққа шыдауда оған тең келетін ешкім жоқ. Сондықтан оған әскерді басқартуға болмайды. Егер басшы адам жауынгерлердің жорық кезінде аштық пен басқа да қиындықтардан қалай жапа шегетіндігін сезіп біле алмаса, түсінбесе, яғни осы қиындықтардың барлығын қатардағы жауынгер сияқты өз басынан өткізбесе, ондай адам әскерді басқара алмайды".
Енді Шыңғыс ханның "Билік" заңынан бірнеше үзінді келтіре кетейік:
3-бап. Жүздіктің, мыңдықтың, түменнің бектері қолбасылары жылдың басы мен соңында біздің жиынымызға келмесе, әскерді басқара алмайды. Өзеннің жағасында, суға батқан тас секілді не қалыңға кірген жебе секілді әрекетсіз отырған адамда ақыл болмайды. Ондай адам бұйрық бере алмайды.
4-бап. Өз үйін дүрыс басқарған адам иелігін де дұрыс басқарады. Ал он адамды дұрыс басқарған адам мындық пен түменді де дұрыс басқара алады.
Бұл баптардан біз Шыңғыс ханның жыл сайын өтетін әскердің дайындығына үлкен мән бергенін әрі кіші әскербасылардың адал қызметі арқасында әскери қызмет дәрежесінің сатылап жоғары өрлеуіне мүмкіндік туғызылғандығын көруге әбден болатындығын байқай аламыз.
6-бап. Әскердің ондыққа, жүздікке, мындыққа, түменге бөлінуі барлық уақытта қатал сақталуы қажет. Бұл тәртіп әскерді кез келген уақытта тез арада жинауға және басшыларын белгілеуге көмектеседі.
7-бап. Жорықтың басында әрбір жауынгер кімге бағынса, содан қару алуға міндетті. Ол бұл қаруды жақсылап күтіп, шайқас басталар алдындағы байқау кезінде өз басшысына көрсетуге міндетті.
8-бап. Әскербасылардың рұқсатынсыз бірде-бір жауынгердің жаудан қалған заттарды тонауға қақы жоқ. Тонауға рұқсат берілген жағдайда әскербасы олжаны барлық жауынгерге бірдей етіп бөліп беруге міндетті. Әрбір еркек әскер болуға міндетті. Ерекше жағдайда ғана босатылуы мүмкін.
9-бап. Егер біреу шайқас кезінде садағын, қорамсағын т.б. қаруын түсіріп алып, байқамай қалса, артта келе жатқан жауынгер оны алып, иесіне апарып беруге міндетті. Олай істемеген жағдайда, өлім жазасына кесіледі.
17-бап. Соғысқа қатыспаған кез келген еркек белгілі бір уақытқа дейін әскердің пайдасына тегін жұмыс істеуге міндетті.
18-бап. Әрбір оскербасы жорыққа шығар алдында қарауындағылардың қару-жарақтарын, ат-көліктерін тіпті ине-жібіне дейін тексеріп шығуға міндетті. Керек-жарақтарын толық алмаған жауынгер жазалануы тиіс. Жеңіл қару мен киім-кешекті әр жауынгер өз есебінен алуы керек.
21-бап. Ханның бұйрығын орындай алмаған әскербасылар мен мемлекет қызметкерлері қызметін дұрыс атқара алмағаны үшін өлім жазасына кесіледі.
22-бап. Ол әмірлерді бектерді әскердің басына қойып, олардың басқаруына ондықты, жүздікті, мыңдықты берді.
24-бап. Ол әмірлердің мына нәрселерді істеуіне тиым салды: билеушіден басқамен оның рұқсатынсыз қарым-қатынас жасауына; оның рұқсатынсыз қарым-қатынас жасайтын болса, өлім жазасына кесіледі.
Кейіннен Шыңғыс ханның мұрагерлері бұл заңдарды бағынған халықтарға да енгізді. Соның арқасында Шыңғыс хан ұрпақтары ұзақ уақыт биліктен кеткен жоқ.
Шыңғыс ханның өз айтуынша, алғашында оған 13 мың отбасы бағынған 20 жылдың ішінде олар 720 елді өздеріне бағындырып, әскер саны 130 мыңға жетті.
Әскер жасақтау кезінде әрбір он үйден қажеттілік бойынша бір немесе үш жауынгер шығуға тиіс. Ол өзін-өзі тамақпен қамтамасыз етуге міндетті. Жауынгерлер жалақы алған жоқ, қайта өздері мал басына қарай салық төлеп тұрды: әр жүз бастан -- бір бас. Соғыс кезінде түскен олжаның бір бөлігі ханға беріліп, қалғаны барлық жауынгерлерге тең етіліп бөлініп берілді.
Монғолдардың күші жөніндегі неғұрлым нақты деректерді XIV ғасыр басында өмір сүрген парсы тарихшысы Рашид-ад-Дин қалдырған. Ол Иран билеген хулагидтердің уәзірі болды да, бізге жетпеген монғол мәліметтерін пайдаланды. Атап айтқанда, Иран хандарының қазынасында сақталған "Алтын дафтар" Алтын дәптер деректеріне сүйенеді. Оның деректері бойынша Шыңғыс ханның өлер алдында 129 мың жауынгері болған. Бұл цифр "Монғолдың құпия шежіресінде" келтірілген мәліметтермен сәйкес келеді. Ондағы мәліметтер бойынша Шыңғыс ханда 1206 жылы 95 мың әскер болды деп көрсетілген.
Монгол оскеріндегі XII ғасырда-ақ қалыптасқан әскери және аймақтық тәртіпке Еропа халықтары XIX ғасырға дейін жете алмады. Олардан Шыңғыс ханның екі артықшылығы болды: а) түрік монғолдардың әскери көшпелі өмірі; ә) рулық-тайпалық құрылым.
Билік пен жасақ заңының бізге жетпеген де көптеген баптары болған. Бұл баптардың барлығын да жауынгерлер мен әскербасылардың міндеттері көрсетілген. Плано Карпини Шыңғыс ханның әскери заңының қаталдығын сөз еткенде, қолбасшының бұйрығынсыз оның байрағы көтерілмей, бірде-бір жауынгердің майдан даласынан кетпейтіндігін жазған. Осындай тәртіптің нәтижесінде Шыңғыс хан аса үлкен табыстарға қол жеткізді. "Менің орнатқан тәртібім Көк тәңірінің қолдауымен жүзеге асты. Соның көмегімен ғана мен жер бетінде құрметке бөлендім", -- дейтін ол.

2.2. Моңғол хандығының қоғамдық-саяси құрылысы;
Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс - құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан - байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік - экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, орман халқы және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. Орман тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ - ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей - бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбар лығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық - саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың - моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша көктен жаралған деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар - жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ түменге (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, мыңдар - он жүзден, ал жүздер, - ондықтан құралды. Қасиетті аңызға сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 мыңға жіктелді. Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты - ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Қазақ хандығының пайда болуы
Қазақстан монғол-татар шапқыншылығы дәуірінде
Тарихи антропологияның мәні және оның методологиясы мен әдістемелері
Қазақ хандығы туралы ақпарат
ХVI-XVIIғ. Қазақ халқының этникалық құрамы
Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы
Қазақстан тарихы пәнінен қысқашалекция жинағы
Түріктердің наным-сенімдері, діни ұғымдары
Шыңғысханның дүниежүзін жаулап алу саясаты және моңғол – татар шапқыншылығының тарихта алатын орны
Пәндер