Неке - жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.
1.1. Неке.отбасылық қатынастардың тарихи типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Ғылымдағы отбасының зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ІІ тарау. Неке.жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары.
2.1. Отбасындағы неке келісім.шартының әлеуметтік қыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

Қолданылған әдибеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61

Қосымша
Әлеуметтік талдау “Қоғамдағы неке құруға деген көз қарасты анықтау”
Кіріспе.
Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды. Өйткені, әрбір ата-ана балаларының оқу бітіріп, өз бетінше өмір сүруге дайын болған кезінде ғана жеке отбасы болуын қалайды. Олай болса, қазіргі күнде орта мектепті 17-18 жасқа толмай, ал жоғарғы оқу орнын негізінен 22-23 жасқа толмай бітіре алмайтындықтан, оның үстіне өзіне өмірлік жар таңдау жастардың өз еркінде болғандықтан, неке құру жолы бұрынғымен салыстырғанда әжептәуір жоғарылады. Бізде жиналған деректерге қарағанда, қазіргі ауыл жастарының арасындағы алғашқы неке құру негізінен 18-бен 25-тің арасы болып отыр. Кейбір жағдайларға байланысты бұл шамадан әрлі-берлі ауытқуы да мүмкін. Қыз балалар негізінен 20 жасқа дейін тұрмыс құруды ұнатса, ер балалар армия қатарында қызмет ету борышын өтеп қайтқаннан кейін үй болуды қалайды. Мұның өзі қазіргі өмір талабына байланысты қалыптасқан заңдылық.
Қазіргі неке құратын жастар негізінен бірге оқу, бірге жұмыс істеу, ауылдас болу арқылы ұзақ уақыт бірін-бірі біліп, өзара сынасып, ұнатысу, ұғынысудың нәтижесінде болашақ тағдырларын бір отбасы құру арқылы ұштастыруға келіседі. Жастар арасындағы мұндай ұзаққа созылған достықты әдетте екі жастың да ата-аналары білетін болады. Сондықтан қыз да, жігіт те әке-шешесімен, жақын туыстарымен ақылдасып, олардың келісімін алады, өздері де уәделеседі. Әрине, шешуші дауыс әрқашан жастардың өзінде болады. Сондықтан қай жағының туыстары болсын келісімін береді. Әдетте, қыздың ата-анасы баласын той жасап, қолынан бергісі келсе, жігіт жағының ресми түрде құда түсуінің қажеттілігін білдіреді. Мұндай жағдайда жігіттің ата-анасы туған-туыстары алдын-ала дайындалып, 3-4 кісіні құдалық сөйлесуге аттандырады.
Олар қыз әкесіне келіп, жастардың өзара келіскендігін айтып, осы некеге олардың ризашылық беруін өтінеді. Мұндайда қыз әкесі ризалығын айтып, баласына той жасап қолынан ұзататындығын білдіреді.
Содан соң жастар жағынан келген құдалар рахметін айтып, «үкі тағарға» әкелген ақшасын қыздың әке-шешесіне, аға-жеңгесіне әкелген сыйлықтарын ұсынып, ұзату тойын өткізуге қажет болған көмектің қандайына болсын дайын екендігін айтады. Мұның сыртында «өлі-тірі», «той малы», «Қоржын апару» әдеттеріне байланысты апаратын малдары мен бұйымдары өз алдына (1). Бұған қосымша келін түсіру тойын ұйымдастыру да жігіт жағының мойнында болатындығын еске алсақ, мұның бәрі туған-туысқандардың көмегінің болмайтындығы да шындық.
Құдалық келісімі аяқталғаннан кейінгі міндетті түрде орындайтын ғұрып – «қоржын апару». Құдалар ауылдары бір-бірінен алыс болса, қоржынмен «өлі-тіріні» ұзату тойына барғанда апарады. Ал ауыл арасы жақын немесе ауылдас болған жағдайда ұзату тойының алдында апарылады.
Қазіргі кезде, Қазақстанның қай өңірінде болса да, қыз ұзату, келін түсіру тойын өткізу тәртібінде айтарлықтай өзгешеліктер жоқ деуге болады. Мұндай тойға ауыл адамдары жас және қызмет ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен бөлек шақырады. Сондықтан кейбір тойлар 2-3 күнге созылады.
Қазақстанның қай өңірінде болмасын неке қиюдың тағы бір жолы – қызды өз еркімен алып қашу арқылы үйлену. Бірақ қазіргі күндегі қыз алып қашудың себебі де, мазмұны да бұрынғыдан өзгеше. Қыздың күйеуге қашып кетуі немесе оны алып қашудың негізгі себебі – екі жақтан да жұмсалатын толып жатқан шығынды, қыруар еңбекті азайту мақсатына байланысты.
Жоғары оқу орнында оқып жүрген жастардың үйлену тәртібі тіпті басқа, олар бірнеше жыл бір институтта немесе бір қаладағы институттарда оқып жүріп танысады да, қалада жүріп неке құрады.
Қазақстанның кең байтақ жерін мекендеген қазақ халқының төңкеріске дейінгі некелесу және үйлену тойын өткізу дәстүрі жайында мол деректер бар. Қазақстанның әр өңіріне жолы түскен саяхатшылар, белгілі ғалымдар, қызмет бабымен келген жергілікті қызметкерлер түрлі ру-ұлыстар арасынан сан алуан құнды деректер жинап, баспа жүзін көрсетсе, кейбірі архив қоймаларынан орын алған. Кезінде ешбір зерттеушінің көзіне түсіп, құлағына шалынбай, ұмытылғаны да болған. Дегенмен ел арасында қазірге дейін сақталып келе жатқан дәстүрлер жайында осы деректерге, кәрі құлақ қариялардың айтқандарына, ауыз әдебиетінің мұраларына сүйеніп, белгілі бір тұжырымдар жасауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әбсаттаров P., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу күралы -
Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2003 - 376 б.
2. Рахматов Қ. Ж., Болатова А. II., Исмагамбетова 3. Н.
«Социология», Алматы, 2005ж.
3. Тұрғанбаев Ә. X. Социология - Алматы: «Білім», 2001 -
160 6.
4. Нысанбаев. Социология. Алматы, 2002 ж.
5. Тәжмен М., Аяғанов Б. Социология негіздері. Алматы,
1993.
6. Григорьев С. И., Ростов Ю. В. Начало современной
социологий. М, 1999.
7. Арон Р. Этапы развития социологичсской мысли. - М., -
Универс, - 1993.
8. Таценко Ж. Т. Социология. М., - Пролитей, 1998.
9. Бурдье П. Социальное пространство и генезис классов.
Социология политики. - М., 1993.
10. Ионин Л. Г. Зиммель Г - Социология. Критический
очерк.,-М. 1981.
11. История буржуазной социологий XX вска. — М., Магистр.
1989.
12. Биекенов К. У, Улбетжанов Д. У. Социологическая наука
и поблемы ее метафизикаций Вестник КазГУ, серия
экономическая, 1995. И2.
13. Американская социология. Проблемы, перспективы,
методы. - М., -1972.
14. Гидденс. Социология. Челябинск. 1981.
15. Капитонов Э. А. Социология XX века. История и
технология. Ростов-на-Дону, - 1996.
16. История Социологий. Под. Ред. Еслукова А. II., Минск.
1997.
17. Сорокин П. А. Социалыіая стратификация и мобилыюсть.
Человек. Общество. - М, 1992.
18. Пьер Минсон. Современная западная социология. Спб.,
1992.
19. Мертон. Социальная структура и ономия // Социс. -
1992. И2, 3,4.
20. Де Роберти. Новая постановка основных вопросов
социологий., - М. 1909.
21. Гумилович. Основы социологий. Спб. 1989.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.
1.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Ғылымдағы отбасының
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17

ІІ тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары.
2.1. Отбасындағы неке келісім-шартының әлеуметтік
қыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
Қолданылған
әдибеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .58
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
Қосымша
Әлеуметтік талдау “Қоғамдағы неке құруға деген көз қарасты анықтау”

Кіріспе.
Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы
неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18
жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас
мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге
асықпайды. Өйткені, әрбір ата-ана балаларының оқу бітіріп, өз бетінше өмір
сүруге дайын болған кезінде ғана жеке отбасы болуын қалайды. Олай болса,
қазіргі күнде орта мектепті 17-18 жасқа толмай, ал жоғарғы оқу орнын
негізінен 22-23 жасқа толмай бітіре алмайтындықтан, оның үстіне өзіне
өмірлік жар таңдау жастардың өз еркінде болғандықтан, неке құру жолы
бұрынғымен салыстырғанда әжептәуір жоғарылады. Бізде жиналған деректерге
қарағанда, қазіргі ауыл жастарының арасындағы алғашқы неке құру негізінен
18-бен 25-тің арасы болып отыр. Кейбір жағдайларға байланысты бұл шамадан
әрлі-берлі ауытқуы да мүмкін. Қыз балалар негізінен 20 жасқа дейін тұрмыс
құруды ұнатса, ер балалар армия қатарында қызмет ету борышын өтеп
қайтқаннан кейін үй болуды қалайды. Мұның өзі қазіргі өмір талабына
байланысты қалыптасқан заңдылық.
Қазіргі неке құратын жастар негізінен бірге оқу, бірге жұмыс
істеу, ауылдас болу арқылы ұзақ уақыт бірін-бірі біліп, өзара сынасып,
ұнатысу, ұғынысудың нәтижесінде болашақ тағдырларын бір отбасы құру арқылы
ұштастыруға келіседі. Жастар арасындағы мұндай ұзаққа созылған достықты
әдетте екі жастың да ата-аналары білетін болады. Сондықтан қыз да, жігіт те
әке-шешесімен, жақын туыстарымен ақылдасып, олардың келісімін алады, өздері
де уәделеседі. Әрине, шешуші дауыс әрқашан жастардың өзінде болады.
Сондықтан қай жағының туыстары болсын келісімін береді. Әдетте, қыздың ата-
анасы баласын той жасап, қолынан бергісі келсе, жігіт жағының ресми түрде
құда түсуінің қажеттілігін білдіреді. Мұндай жағдайда жігіттің ата-анасы
туған-туыстары алдын-ала дайындалып, 3-4 кісіні құдалық сөйлесуге
аттандырады.
Олар қыз әкесіне келіп, жастардың өзара келіскендігін айтып, осы
некеге олардың ризашылық беруін өтінеді. Мұндайда қыз әкесі ризалығын
айтып, баласына той жасап қолынан ұзататындығын білдіреді.
Содан соң жастар жағынан келген құдалар рахметін айтып, үкі
тағарға әкелген ақшасын қыздың әке-шешесіне, аға-жеңгесіне әкелген
сыйлықтарын ұсынып, ұзату тойын өткізуге қажет болған көмектің қандайына
болсын дайын екендігін айтады. Мұның сыртында өлі-тірі, той малы,
Қоржын апару әдеттеріне байланысты апаратын малдары мен бұйымдары өз
алдына (1). Бұған қосымша келін түсіру тойын ұйымдастыру да жігіт жағының
мойнында болатындығын еске алсақ, мұның бәрі туған-туысқандардың көмегінің
болмайтындығы да шындық.
Құдалық келісімі аяқталғаннан кейінгі міндетті түрде орындайтын
ғұрып – қоржын апару. Құдалар ауылдары бір-бірінен алыс болса, қоржынмен
өлі-тіріні ұзату тойына барғанда апарады. Ал ауыл арасы жақын немесе
ауылдас болған жағдайда ұзату тойының алдында апарылады.
Қазіргі кезде, Қазақстанның қай өңірінде болса да, қыз ұзату,
келін түсіру тойын өткізу тәртібінде айтарлықтай өзгешеліктер жоқ деуге
болады. Мұндай тойға ауыл адамдары жас және қызмет ерекшеліктеріне қарай
бір-бірінен бөлек шақырады. Сондықтан кейбір тойлар 2-3 күнге созылады.
Қазақстанның қай өңірінде болмасын неке қиюдың тағы бір жолы –
қызды өз еркімен алып қашу арқылы үйлену. Бірақ қазіргі күндегі қыз алып
қашудың себебі де, мазмұны да бұрынғыдан өзгеше. Қыздың күйеуге қашып кетуі
немесе оны алып қашудың негізгі себебі – екі жақтан да жұмсалатын толып
жатқан шығынды, қыруар еңбекті азайту мақсатына байланысты.
Жоғары оқу орнында оқып жүрген жастардың үйлену тәртібі тіпті
басқа, олар бірнеше жыл бір институтта немесе бір қаладағы институттарда
оқып жүріп танысады да, қалада жүріп неке құрады.
Қазақстанның кең байтақ жерін мекендеген қазақ халқының төңкеріске
дейінгі некелесу және үйлену тойын өткізу дәстүрі жайында мол деректер бар.
Қазақстанның әр өңіріне жолы түскен саяхатшылар, белгілі ғалымдар, қызмет
бабымен келген жергілікті қызметкерлер түрлі ру-ұлыстар арасынан сан алуан
құнды деректер жинап, баспа жүзін көрсетсе, кейбірі архив қоймаларынан орын
алған. Кезінде ешбір зерттеушінің көзіне түсіп, құлағына шалынбай,
ұмытылғаны да болған. Дегенмен ел арасында қазірге дейін сақталып келе
жатқан дәстүрлер жайында осы деректерге, кәрі құлақ қариялардың
айтқандарына, ауыз әдебиетінің мұраларына сүйеніп, белгілі бір тұжырымдар
жасауға болады.

І тарау. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.
1.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері.
Халық түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе, олар
әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары көп, мықты болады деген
сенім болған.
Осыған орай, жастай некелестіру – қазақ арасында ертеден келе
жатқан дәстүр. Кей уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ер балаларды 15-
16 жасында балиғатқа толды деп үйлендіре берген. Бұл дәстүр халық арасында
ашық көрініс тапқан.
Неке құрудың негізгі жолы – құда түсіп, қалыңмал төлеп үйлену,
жасаумен тұрмысқа шығу. Ал малы тапшы шаруаларға, әсіресе, кедейлерге 27.17
бас мал төлеп келін түсіру оңайға түспейтін. Тақыр кедей балалары әуелі
өздері бірнеше жыл жалға жүріп, қалыңға беретін мал жиятын немесе
оңтүстікте қалыңдық үшін қыз әкесіне қызмет ету әдеті де болған. Әке-
шешеден жастай айырылып, кедей туысының қолына қараған қыздар мен жесір
қалған кедей әйелінің қыздарына құда түсіп, азын-аулақ малын беріп, күйеу
әкесі қалыңдықты 9-10 жасқа толысымен өз қолына алып бағатын да әдет
болған. Мұны қазақ қолбала етіп алу дейді.
Қолбала болып жүрген қыз бала болашақ күйеуімен бірге өскенмен,
балиғатқа толғанша ерлі-зайыптылық ғұрыпты құрғызбайтын.
Қыздарын 12-13 жасқа толысымен күйеуге беру, әрине, кедей-
жарлылардың ісі. Өйткені, көп баланы асырап бағу оларға оңайға түспейтін,
оның үстіне құдасы ауқаттырақ болса, қалыңмалын төлесімен, қызды жас болса
да өз қолына алып, үй шаруасына үйретіп, қолқанат ету жағын қарастыратын.
Қалыңмалын алып қойған жарлының қызын бермеске амалы болмайтын. Бұдан тек
әлді шаруалар, байлар ғана аулақ болған. Олар қыздарын 17-18-ге келмей
ұзатқан. Осы уақытта бай қыздары әбден бой жетіп, оң-солын айырып, болашақ
өмірге дайындалатын. Барлық әдет-ғұрыптарын айтарлықтай етіп өткізіп, ырғап-
жырғап ұзатуға байлар бір-бірімен бәсекелес болатын. Әсіресе, еркек-шора
болып өскен кенже қызды әлпештеп, кемеліне келгенше ұзатпай, оң жақта ойнап-
күлсін деп, күйеу таңдауға да ерік беретін. Елден асқан сұлу, өнерлі қыздар
әрқашан күйеу таңдап, көп уақыт оң жақта (әкесінің үйінде) отыра беретін.
Қазақ әдетінде қыз бен күйеудің жас шамаластығына көбінесе
қарамайтын. Өйткені, барлыққа мастанған егде тартқан байлар жоқшылықтың
зардабынан қысылған жарлылардың жас қызын төсек жаңғырту ниетімен әйел
үстіне немесе әйелі өлгеннен соң малға жығып алатын.
Мұндай жағдайда 13-15 жасар қыздарды 50-60 жасар шалдар айттырып
алатын әділетсіздіктер жиі кездесіп тұратын. Осындай қыршын қыздар
тағдырының тіпті әкесінен үлкен, озбыр қарттарға душар болуының негізгі
себебі қыз әкесінің сирағы шыққан кедейлігі, өгейлігі не жетім қыздың
жалғыздығы екендігін көптеген архив деректері де дәлелдейді.,2
Айттыру арқылы қосылған ерлі-зайыптылардың жас ерекшелігі ейде
ерісінше болады. Мұндай жағдай көбіне әмеңгерлік әдетпен үйлендіру
тәртібіне байланысты болатын. Жасы келген уақытта жеңге алғандықтан,
олардың жас арасындағы ерекшелік онша көзге түспейді. Ал ағасы өліп жесір
қалған жеңгені ержеткен әмеңгері болмағандықтан, жас балаға қосып, некесін
қиғандығы жас ерекшелігі кейде тіпті алшақ жатады. Мәселен, 17-40 жасар
әйелдерді 13-15 жасар балаларға қосу туралы деретерді тағы да архив
қазынасынан және ел арасынан өзіміз жинаған деректерден кездестіреміз.
Кейде үй шаруасына қарайтын кісісі жоқ байлар жас баласына бойжеткен кедей
қызын айттырып алып беретін. Мұндайда 16-17-ге келген қыздың күйеуі 12-13
жастағы бала болатын.
Құда түсіп қыз алысудағы бүкіл қазақ қауымына ортақ тәртіптің бірі
– туыстық жақындығы жеті атаға толмай, қыз алыспау. Мұндай тәртіпті
этнография ғылымында экзогамия дейді. Қазақ халқындағы экзогамиялық
тәртіптің мән-жайы туралы көптеген авторлардың еңбегінен деректер келтіруге
болады. Мәселен, А.Левишин экзогамиялық тәртіптің қазақ арасында қатал
сақталғандығы сондай, кей уақытта туыстық жақындығы тым әріге кететіндер
арасында ғана некелесуге болатындығын айта келіп, тіпті бір рудың адамдары
бір-біріне қосылмайтындығына мысал ретінде жағалбайлы руына жататын
жігіттің қалыңдықты өз ішінен емес, басқа рулардан, ең болмағанда жеті
рудың басқа руларынан іздейтіндігін келтірген (3).
Қазақстанның жері үлкен. Оның әр түкпірінде мекендейтін қазақ
жұртшылығына сырттан тиетін экономикалық әсер мен ислам дінінің ықпалы әр
түлі болғаны даусыз.
Қазақстанның солтүстік-батысын мекендейтін қазақ жұртшылығының
арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысында 8 атаға толмағанша қыз алыспаған.
М.Е.Маковецкийдің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында бұрын 7 атаға
дейін қыз алыспайтын болса, өткен ғасырдың 80-жылдарында үш атаға толысымен
қыз алысқан. Біздің ел арасынан жинаған деректерге қарағанда,
М.Е.Маковецкийдің үш ата арасындағы қыз алысу тәртібі жалпы қазақтар
арасындағы қалыптасақан әдет емес, тек төрелер мен қожалар арасындағы
қатынас екендігін дәлелдейді.
Көптеген негізгі халықтардың өмірінен жиналған этнографиялық
деректер негізінде экзогамиялық тәртіпті бұзудың нәтижесінде болатын қан
араласуы тұқымның әлсіреп азғындауына, кемтарлардың көбеюіне, кейде тіпті
тұқым бермейтін бедеулікке душар ететіндігі дәлелденген мәселе.
Неке мәселесі жөнінде, шариғат қағидасы бойынша, қандастық
жақындығы болмаса да, баласының енесіне әкесі үйленуге болмайды. Өгей
шешеге, сондай-ақ өгей шешесінің артынан еріп келген қызға, яғни тумаған
қарындасына үйленуге қақысы жоқ. Бірге туған апалы-сіңлілі қыздар, бірге
туған ағалы-інілі адамдарға тұрмысқа шығуға болмайтындығын бірнеше
авторлар келтірген. Ал, ел арасынан жинаған деректерге қарағанда соңғы
айтылған тыйымға халық арасында тым қатаң қарамаған сияқты. Өйткені, апалы-
сіңлілі, абысынды-ажынды болып тұрмысқа шықса, күйеулерінің арасындағы
туыстық байланысты үзбей, қайта біріктіре түсуге көмектеседі. Апалы-
сіңлілерді ағалы-інілілердің алғандығына мысалды қазақ ауыз әдебиетінен
елтіруге болады. Айталық, Ер Төстік ертегісіндегі Ерназар байдың 9 ұлына
екінші бір байдың 9 қызын айттырып алып берген.
Туған балдызына әйелінің тірі езінде үйленуге болмағанымен, әйелі
өлсе – үйленуге болады. Ал туған қайынбикесіне ешуақытта үйленуге болмайды.
Күйеуі өліп, жесір қалған әйел қайын атасына не туған қайнысының
балаларына тұрмысқа шығуға болмайды. Ал қайын атасының інісіне,
қайнағаларына, олардың балаларына шығуға қақы бар.
Қыз бала шешесінің бірге туған аға, інісіне тұрмысқа шықпайды,
бірақ олардың балаларына шығуға болады. Сол сияқты жиен балалар нағашы
апаларын алуға қақы жоқ, бірақ олардың және нағашы ағаларының қыздарына
үйленуге болады. Мұны қазақ халқы бөлелер арасындағы және жиендер мен
нағашы жұрт арасындағы нее десе, этнография ғылымында күзендік (кузенный)
неке дейді. Бұл некенің екі түрі болады.
1. Кросскүзендік неке (шешесінің) аға-інілерінің қыздарына үйлену,
яғни нағашы мен жиен арасындағы неке. Мұның осы көрсетілген екі түрі де
қазақта болды. Бірақ қазақ дәстүрінде жиен алғаннан гөрі, нағашы алғанды
дұрыс көреді. Сондықтан да қазақ арасында жиен алған молықбас, нағашы
алған тарықбас дейді. Жиендерінің нағашы ағасының қыздарына үйлену құқы
өте көне замандағы жиендердің тек қана шешелері шыққан топтан, рудан
әйел алатын тәртіппен байланысты нәрсе.
2. Ортокүзендік неке (әкесінің) аға-інілерінің қыздарына үйлену,
яғни немерелер арасындағы неке не шешесінің апа-сіңлілерінің қыздарына
үйлену, яғни бөлелер арасындағы неке. Мұның алғашқы түрі, яғни немерелер
арасындағы некелесу құқы қазақ тәртібіне жат, ал еінші түрі, яғни бөлелер
арасындағы неке кездесіп тұрады. Ата-енеге екі жағынан да қайырымдылық мол
болғандықтан, бөлелер некесі қазақ ұғымында өте берік болады.
Төрт аяқтыда – бота, екі аяқтыда бөле тату деген мақал да осыдан
қалыптасса керек (4).
Сөйтіп ағайынды ұл мен қыздың балалары, яғни нағашы мен жиендер
бір-бірімен қыз алысатын. Екі елге ұзатылған ағайынды апалы-сіңлілердің
балалары (бөлелер) бір-бірімен қосыла беретін, өйткені шеше тарапынан
болған туыстық қатынас қазақ ғұрпында экзогамиялық тәртіпті бұзғандық деп
есептелмейді.
Ислам дінінің қағидалары бойынша, туған ана, бірге туған апа,
қарындас әкесінің апа, қарындастарына және емшектес туыстарынан басқа
туыстарының бәрінің де алыс-жақындығына қарамай неке құруға болады. Бірақ
неке құру мәселесіндегі шариғат қағидалары жалпы халыққа көп ықпалын тигізе
қойған жоқ. Оған жоғарыда келтірілген көптеген көне әдеттердің бізді
заманымызға дейін сақталынып келуі толық дәлел болғандай.
ХХ ғасырдың басында бүкіл қазақ халқына тән болған некелесудің ең
негізгі түрі – қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алуға негізделген құдалық
арқылы неке құру болды. Мұнымен бірге алғашқы қауымдық қоғамда үстемдік
еткен топтық некенің қалдығы ретінде қазақ арасында әмеңгерлік (левират)
және балдыз алу (сорорат) ғұрыптары бойынша неке құру әдеті де өте жақсы
сақталып келді. Әр түрлі жағдайларға байланысты ел арасында қыз-
келіншектерді алып қашып некелесу әдеті де болды. Бірақ бұл әдет ХХ
ғасырдың басында құдалық арқылы неке құру ғұрыпымен тығыз байланысты болды.
Олай дейтініміз, кей уақытта құдалық арқылы некелесу тәртібі алып қашумен
аяқталса, енді бірде алып қашу арқылы некелесу міндетті түрде құдалық
ғұрыпымен қалың төлеу арқылы бітетін.
Қазақ арасында, сирек болса да ХХ ғасырдың басында кездесіп
тұратын некелесу түрінің бірі – туған-туысы жоқ, қалың төлеуге шамасы
келмейтін жалғыз басты жарлы жігіттер қыз әкесіне қалың орнына күшін сатып,
белгілі мөлшерде қызмет істеу немесе қыз әкесінің ер балалары болмаған
жағдайда – қасына күшік күйеу болып кіру арқылы неке құру болды. ХІХ
ғасырдың бірінші жартысына дейін әр түрлі жауапкершілік уақиғаларға
байланысты тұтқын болып қолға түскен қыз-келіншектерді жауынгерлер өзара
бөлісіп немесе сауға ретінде сұрап алып некелесу түрі де болған.
Патриархалды құлдықтың жойылмай тұрған кезінде қарауындағы күңге
үйлену әдеті де кездескен. Көбінесе алғашқы уақытта күңге ресми түрде
үйленбей, тек көілдес болып жүретін. Мұны қазақта күңге аяқ салу деп
атаған. Аяқ салудың нәтижесінде күң балалы болса, ауқатты адамдар оны бөлек
үй етіп, тоқалы ретінде аңдастыратын. Осындай күңнен туылып, өз алдына
терезесі тең ел болған ата ұрпақтары, тіпті үлкен рулар да аз емес.
Енді жоғарыда айтылған неке құруға жеке-жеке тоқталайық.
Қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алуға байланысты құдалық арқылы некелесудің
өзі оны жан-жақты қарап, сан алуан сипаттарын еске ала отырып, оның мәнін
толық талдауды қажет етеді. Құдалық деген сөздің өзі некелесудің бұл
түрінің тек ата, әке не басқа туыстар еркіне байланысты, тіпті күйеу өз
тізгінін өзі алған адам болған күннің өзінде, оның атынан сөйлейтін кісі
тарапынан жүргізілетіндігін көрсетеді.
Әр әке өзінің шама-шарқына қарай, мүмкіндігінше өзіне теңдес
адамды таңдайды.
Бай – бастас, батыр – білектес, би - құлақтас деген халық
даналығы тегін айтылмаған. Алайда, құда болудың бірнеше жолы, тәртібі
болады. Кейде тағдырлары ұштасып достасқан екі адамның әйелдері екіқабат
болса, олар босанбай тұрып кімде ұл, кімде қыз боларын білмей-ақ ниет қосып
құда болатын. Мұны бел құда дейді. Әдетте бел құдалар қалың алыспайтын.
Қазақ арасында ең тараған аңыз Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырындағы Қарабай
мен Сарыбайдың тумаған балаларын атастырып, серттесуі осы бел құдалықтың
анық айғағы болып табылады.
Мұндай құдалықтың шарты екеуінің әйелі босанған уақытта бірі ұл,
бірі қыз болып туса, екеуін қалыңсыз үйлендіру, ал екеуі бір жыныстан
болса, екеуін дос етіп, әкелерінің достығын әрі жалғастыра беру болатын.
Қазақ арасында ежелден келе жатқан құдалық түрінің бірі – бесікте
жатқан екі нәрестені атастырып қою. Мұндай құдалықты бесік құда дейді.
Балалары шыр етіп жерге түсісімен қыз айттырып, құда түсу – негізінен
ерекше бір мақсатты көздеген әкелердің ісі. Бесік құда тек қазақ халқына
ғана тән нәрсе емес. Оның Орта Азия халықтарының көбінде болатындығын
Н.А.Клисяков атап көрсеткен.
Некелесудің көне түрінің бірі – қызды алып қашып үйлену.
Төңкеріске дейін қазақтар арасында қыз алып қашудың ең көп кездесетін түрі
- өзінің айттырылған заңды қалыңдығын алып қашу. Күйеу жағын мұндай іске
мәжбүр ететін әр түрлі себептер болады: қыз әкесі құдасына не күйеу
баласына көңілі толмайды немесе өзіне пайдалы басқа адаммен құдандалы
болып, оны өз мүддесіне сай пайдаланғысы келеді.
Мұндай жағдайларда әр түрлі сылтаулармен алғашқы құдасына қыз
ұзату мерзімін соза береді. Тіпті қалыңмалдың түгелдей төленгеніне, немесе
оның негізгі бөлігінің берілгендігіне де қарамай, қызын әлі жас деген
сылтаумен дәйекті жауап бермей, кешеуілдете береді. Бата бұзуға дейін
баратын қыз әкесінің мұндай жат ойын сезген жігіт жағы да бірнеше рет кісі
салып, алдынан өткеннен кейін қалыңдықты алып қашу шарасын қарастырады.
Мұндайда қыз әкесі де қамсыз болмайды. Сондықтан қалыңдықты алып қашудың ең
тиімді жағын ойластырады.
Егер қыз әкесі алғашқы құдасының кедейлігін менсінбей, қызын
байлығына, мансабына қызығып, жасы үлкен шалға немесе аузы қисық болса да,
бай баласы сөйлесін дегендей, әкесі бай кемтарға, ейде тіпті тоқалдыққа
бергісі келгенде, оң-солын танып қалған қыз бұған көнгісі келмейді,
шамасынша қарсылығын білдіреді. Мұндай жағдайда алғашқы атастырған қайын
жұртының алып қашуына жеңілдеу болады.
Егер алғашқы айттырған жеріне қалыңдықтың да барғысы
келмейтіндігіне көзі жеткен күйеу жағы қалыңмалы төленіп не жартылай
беріліп қойса, мүмкіндігі болса зорлықпен болмаса қапысын тауып ұрлап
әкетуге дейін барады. Мұндайда күйеу жағы тегеурінді ел болса – батыл
келеді. Қызды еріксіз әкеткен жағдайда күйеудің өз ауылына тікелей апармай,
басқа жерге бой тасалай тұрып, уақиғаның барысына қарай іс істейді. Қыз
әкесі қандай мықты болғанмен, әдет-ғұрып алдында өзінің шеттігін сезіп, аса
батыл қимылға бармайды да, оған қосымша қалыңдықтың қалыңмалын төлеп, енді
керек болған жағдайда тартып әкету осал ел мен дәрменсіз күйеудің қолынан
келмейді. Мұндай істі өзіне сенген, тәуекелге бел байлаған намысқой ауыл
адамдары ғана істейді. Олар әрдайым болған іске бекем болуға түйіндейді.
Құда түсуі салты бойынша құйрық-бауыр жесіп, ақ бата жасалып,
қалыңмал түгелдей немесе жартылай төленіп қойған жағдайда өз қалыңдығын
алып қашудың қандайы болсын кешірілмес күнә емес.
Енді қыз алып қашудың басқа түріне тоқталайық. Біреудің айттырып
қойған, керек десеңіз қалыңмалы төленген қалыңдығын алып қашу да қазақ
арасында кездесіп тұратын.
Мұндай уақиғалар қандай жағдайларға байланысты болатындығына
келсек. Біріншіден, бойжеткен сұлу қыздар әрқашан ел ішіндегі еті тірі
өнерлі жастардың назарын аударатындығы заңды. Ал қазақ дәстүрлерінде
балаларын жастайынан атастырып қоятындығын еске алсақ, көркімен де өнерімен
де талай жанды тамсандыратын сұлу қыздардың бой жетіп қалған кезде басы
бостары некен-саяқ кездесетіндігіне күмәндануға болмайды. Мұндайда ер
жеткен қыздар өз бойына тең санаған болашақ күйеуіне бар үмітін артып,
сонымен бақыт табуды армандайтын. Ал енді көрікті бойжеткеннің де барар
жері де, болашақ күйеуі де ойлаған жерден шықпаса ше? Тек қалыңмалын жыға
беріп, сұлуды құшпақ болып жүрген жасы келген сасық бай не өнерсіз ез, яки
кемтар болса не істемек? Міне, осындай жағдайда ақ батаны аттап, сүйгенімен
қашып ететін. Намысқа шамданған жесір иесі қыз алып қашқан жігіт ауылын
шауып, жесірін тартып әкетумен бірге, мал-мүлкін, тіпті сол ауылдың басқа
қыздарын қоса әкету сияқты зорлық жасалатын да, ел арасында бітпейтін
барымта, шабыс басталатын. Нәтижесінде, бүкіл қауым жазықсыз жапа шегіп,
күйзелушілікке ұшырайтын.
Ал енді ешкім айттырылмаған басы бос бойжеткен қызды алып қашу өз
алдына назар аударарлық мәселе. Басы бос қызды алып қашу да әр түрлі
жағдайларға байланысты болатын. Мұндай жағдай, көбінесе, бірін-бірі сүйген
жастар арасында кездесетін.
Қазіргі кезде, Қазақстанның қай өңірінде болса да, қыз ұзату, елін
түсіру тойын өткізу тәртібінде айтарлықтай өзгешеліктер жоқ деуге болады.
Мұндай тойға ауыл адамдары жас және қызмет ерешеліктеріне қарай бір-бірінен
бөлек шақырылады. Сондықтан кейбір тойлар 2-3 күнге созылады. Қанша кісі
неше дүркін жиналатындығын алдын-ала жоспарлап, оларды қабылдайтын үй,
күтетін алғашқы ауыл үлкендері шақырылады. Кемпірлер тойға шашусыз
келмейді. Тамақтан кейін той бастар айтып жолын ашады. Әйелдерге жыртысқа
деп 40-50 метр штапель, сәтен, сиса сияқты маталар беріледі, оны әйелдер
өзара бөліседі. Мұны қыз ұзату тойына күйеу жағы, келін түсіру тойына қыз
жағы әкеледі. Бұл әдет әсіресе, Маңғыстау түбегіндегі адайлар арасында кең
тараған. Сол күні кешке қарай ауыл активі, интеллигенттері мен жастары
әдейі дайындалған шақыру билеттері бойынша келеді. Бұлар әр бөлмеде жас
мөлшеріне қарай отырады да, ортаға дастархан жайылады. Кейінгі кезде қала
тәртібі бойынша тағамның бәрін столға жасау көбейіп келеді. Жастар мен ауыл
қызметкерлеріне арақ-шарап, салқын тағамдар, қуырдақ, шай және ет беріледі.
Қалыңдық пен күйеу жастармен бірге отырады. Әр дастарқанды асабалар
басқарып, әрімге сөз беріп, жақсы-жақсы тілектер, жылы лебіздер айтылады.
Қыз ұзату тойында жастар баян, аккордеонға қосылып жаңа мазмұнды жар-жар
айтса, келін түсіру тойында беташар айтады. Мұндай дәстүрлі жырларды сазына
келтіріп көңілді жастардың әсерлі орындауы тойға жиналған қауымға үлкен
әсер етумен бірге, жастардың эстетикалық талғамын ұштауға, оларды халық
дәстүрлерінің негізінде адамгершілік қасиеттеріне сай тәрбиелеуге
айтарлықтай себін тигізетін ұнамды әдет екендігі даусыз. Қазіргі айтылып
жүрген жар-жар, беташарлардың мазмұны жас жұбайларға еңбекте табыс, зор
бақыт, ұзақ өмір тілеумен бірге, жастарды әдептілікке, өнегеліліккешақырады
(5).
Қазақстанның қай өңірінде болмасын, неке қиюдың тағы бір жолы –
қызды өз еркімен алып қашу арқылы үйленуі. Бірақ қазіргі күндегі қыз алып
қашудың себебі де мазмұны да бұрынғыдан өзгеше. Қыздың күйеуге қашып кетуі
немесе оны алып қашудың негізгі себебі – екі жақтан да жұмсалатын тоып
жатқан шығынды, қыруар еңбекті азайту мақсатына байланысты. Айталық, қызды
қолынан той жасап бергенде, оның тойы, киті, жасауына қанша қаржы, қанша
адамның еңбегі, уақыты керек болады. Күйеу жағынан шығын тіпті көп.
Сондықтан, мұндай көп шығынды жағдайды көтермейтін отбасылар осы күні біле
тұра қызын қашыртып жіберу тәсіліне көшкен.
Қазір Қазақстан жерінде жүзден аса ұлттар тұрады. Дұрыс ұлт
саясатының нәтижесінде ұлттар арасындағы тұрақты қарым-қатынастар нығаюда.
Мұндай достықтың нәтижесінде интернационалды отбасын құру қазіргі таңда
дәстүрге айналып отыр. Өйткені, осы күні жастар арасында неке құру үшін
олардың ұлты, нәсілі, халқының қай дінде екендігі бұрынғыдай бөгет бола
алмайды. Отбасын құрудағы ең басты, ең қажетті және шешуші жағдай –
жастардың бірін-бірі қалтқысыз ұнатып, араларында шынайы махаббат сезімінің
болуы.
Аралас отбасының құрылуын барлық халық түгелдей құптай береді
деуге де болмайды. Әсіресе, қарттар жағы наразылығын білдірмей қалмайды.
Әдетте аралас некеге наразылық білдіретін қарттар, әр ұлттың өзіне тән әдет-
ғұрпы, салт-дәстүрі болатындығын, оларды өзге ұлттардың түсіне
бермейтіндігін көлденең тартады. Шынында да, әр отбасы басқа ұлттан болған
келіннен де, күйеу баладан да өз ғұрпын сақтауды, оны мүмкіндігінше
орындауды қалайды. Сондықтан мұндай жағдайға тез бейімделіп кеткендер тату
отбасын құрып, екі жақтың да тілін тауып, өз ұлтынан кем болмай бірігіп
кетеді.
Қазіргі қазақ отбасыларында көптеген көне әдет-ғұрыптар осы күнге
дейін берік сақталып келеді. Оның бірі – рулық экзогамиялық дәстүрді сақтай
отырып неке құру. Неке құруда экзогамиялық тәртіпті сақтаудың жаңа қоғам
идеологиясына ешбір қайшылығы жоқ.
Қазақ халқы жеті атаға толмай қыз алыспайтын. Дәл осы жағдай
қазіргі күнде де сол күйінде сақталып отыр. Айталық, Ұлы жүздің ейбір
руларының ішінде 10-13 атаға толса да, қыз алыспау тәртібін сақтайды.
Мәселен, жалайыр тайпасының 12 атасы, албан тайпасының сары, қоңырат
тайпасының божбан, жетімдер атты рулары осы күнге дейін өз ішінен қыз
алыспайды. Жазатайым бұл тәртіпті бұзып неке құрған күнде де, ол неке
тұрақты болмайды.
Қазақ арасында осы күнге дейін экзогамиялық тәртіптің берік
сақталуының негізгі себебі, біздіңше, қазақ ауылдарында бір-бірімен қыз
алысатын рулар ұрпақтарының бірге тұруы; аудан орталығында немесе бірнеше
кішігірім ауылдарға ортақ орта мектептердің, облыстық, республикалық үлкен
қалалардағы орта және жоғары оқу орындарында Қазақстанның түкпірінен келген
жастардың бірге оқып, бірге еңбек етуі, бір-бірінен шалғай орналасқан
рулардың арасындағы қыз алу, қыз берудегі қиындықтарды азайтты. Мұның өзі
жеті атаға толысымен қыз алысып, қыз берісу ғұрпын кемітіп, оның орнына
аталастар арасындағы туыстық қатынасты күшінде қалдырады. Енді жеті атаға
толған соң ақсақалдардың батасымен қыз алысуға рұқсат беру әдеті тыйылды.
Оның қажеті де жоқ. Қазіргі кезде басқа тайпа ұрпақтарыны бір-бірімен
қосылуы күннен күнге молаюда маңызды өзгерістер болды. Еліміздегі жаңа
құбылыстың барысында әйел мен еркектің ерітілігі мен тең құқылылығына
негізделген моногамиялық отбасы қалыптасты. Мұндай жаңа отбасының мақсаты –
отбасы бірлігін сақтай отырып, балаларды тәрбиелеу және өз қоғамына адал
еңбек етіп, азаматтық борышын ақтау болып отыр. Елімізде жаңа құрылыстың
жеңуі неке құру мәселесіне де ең жоғарғы адамгершілік принциптеріне сай
жаңалықтар енгізді. Неке құру үшін жастардың еріктілігі, өз тағдырын өзі
шешіп, сүйіспеншілік сезімі негізінде жар таңдауға шын мәнісінде бостандық,
ерлі-зайыптылардың тең құқылығы іске асырылады.
Ислам діні мұсылмандардың басқа діндегі халықтармен некелесуіне
тыйым салды. Немесе басқа діндегі адам ислам дінін қабылдаған күнде ғана
онымен неке құруға болады. Шариғат бойынша, басқа діндегі адамды мұсылман
етіп үйлену үлкен сауап делінеді. ХІХ ғасырдың басында мұсылман дінін
қабылдап, қазаққа шыққан орыс, украин қыздары қазақстанның солтүстік
шекарасында жиі кездесетін. Әсіресе, орыс казактарының қыздары қазаққа үйір
болған. Мұнымен бірге орыс деревняларында жалда жүрген жарлы жігіттер орыс
қыздарын алып, христиан дінін қабылдау да кездесетін. Кейінгі 20-30 жыл
ішінде отбасын құрған қазақ жастарының арасында қыз бен жігіт неке
сақинасымен алмасып, оны оң қолына салып жүру дәстүрі күннен күнге дамып
келеді. Бұл дәстүр дүние жүзіне өте кең тараған. Бұрын мұндай әдетті
білмеген ұлттар мен халықтардың жастары қазір оны кеңінен қолданатын болды.

1.2. Ғылымдағы отбасының зерттелуі.
Адамның жан дүниесінің ойдағыдай қалыптасуы, оның нақтылы іс-
әрекетпен айналысып отыруына тіелей байланысты. Адам өмірге келгеннен
бастап қоғамда немесе белгілі бір отбасында өмір сүреді. Ендеше әрбір адам
белгілі бір қоғам немесе отбасы мүшесі болғандықтан, сол ортада дамиды, ой-
өрісі кеңейеді, еңбек етуге үйренеді, ал отбасы өз тарапынан тәрбиелеуге
ықпалын тигізеді. Адамның жан қуаттарының жан-жақты дамып жетілуі мен
ойдағыдайөмір сүру үшін бірлесіп тірлік етудің маңызы зор. Әркім жалғыз
жүріп мақсат-мұратына жете алмайды. Басқалармен бірлесе әрекеттесіп өмір
сүру табиғи қажеттілік. Адам түрлі топ, ұжымдар арасында араласып жүріп өз
мүміндіктерін көрсете алады. Адам қоғамнан, отбасыдан тыс өмір сүре
алмайды, өйткені, оныңпсихикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау
үрдісінде ғана қалыптасады. Қоғамдық және отбасылық тәрбиеге байланысты
ғана адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Қоғамнан, әлеуметтен, отбасыдан
тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Отбасы әлеуметтік институт ретінде қоғамның қалыптасуымен бірге
пайда болды. Оның мүшелері некемен, қаны бір туыстығымен тұрмыстың
ортақтығымен және өзара адамдық жауапкершілік байланыспен өмір сүреді.
Отбасының әлеуметтік топ ретінде бала тәрбиелеуі ата-ананың құқығы ғана
емес, әрі міндеті.
Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе. Себебі, ол жұбайларды ғана
емес, олардың балаларын, басқа да туыстарын жақындатып біріктіреді.
Отбасының әлеуметтік институт ретінде негізгі қызметтерінің
түрлері төмендегідей:
- отбасының ұрпақ жалғастыруы;
- отбасының материалдық-экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық жағдайы;
- отбасының тәрбиелік мәні;
- отбасының демалыстық сәті;
- отбасының сексуалдық-жыныстық қызметі.
Отбасының осы негізгі қызметтерінің іске асуы көптеген
факторларға: саяси-экономикалық, рухани жағдайына, некеде тұрған
азаматтардың білім дәрежесіне, мәдениетіне, өмір салтына, олардың құндылық
бағыттарына байланысты.
Отбасы және неке мәселелері ежелден-ақ адамзаттың ұлы ойшылдарының
барлығын дерлік қызықтырған. Платон, Аристотель, Әл-Фараби, Ибн-Сина және
т.б. кемеңгерлердің айтқан отбасы, неке, махаббат хақындағы құнды ой-
пікірлері әлі күнге өзіндік өзектілігін жойған жоқ. Махмуд Қашқаридың,
Жүсіп Баласағұнның, Қожа Ахмет Ясауидың әлемге әйгілі еңбектерінде де
отбасы тақырыбы қағыс қалмаған. Үндінің Кама-сутрасы мен Қытайдың
Махаббат даосын былай қойғанда мұсылман әлеміне қарасты араб, парсы,
түрік халықтарының арасында ғасырлар бойы кеңінен таралған отбасылық
жыныстық қатынас тәрбиесі туралы Ләззат ун-ниса (Әйел ләззаты),
педагогикалық-танымдық тұрғыдағы Кабуснама сынды арнаулы әдебиеттер
болған.(6)
Батыс әлемінің ғалымдары да отбасы және неке қатынастары өткен
ғасырдың екінші жартысынан бері ғана зерттеле бастаған деп есептейді. 1861
жылы швейцар ғалымы, тарихшы Иоганн Бахофеннің Ана құқы, француз
социологы Эмиль Дюркгеймнің Өзін-өзі өлтіру атты еңбегінде, 1865 жылы
ағылшын заңгері және тарихшысы Джон Фергюсон Мак-Ленанның Алғашқы қауымдық
неке атты кітаптары жарық көрген. 1877 жылы Ежелгі қоғам атты аса құнды
шығарма жазылды. Авторы – Льюис Г.Морган деген ғалым. Ол американдық
үндістердің қоғамдық құрылысы мен отбасылық өміріне талдау жасады.
Ғалымдар, Морганды отбасы туралы ғылымның негізін қалаушы деп бағалайды.
Фридрих Энгельс өзінің Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы
деген еңбегін осы Л.Г.Морганның зерттеулеріне байланысты жазған болатын,(7)
ХХ ғасырда Зигмунд Фрейдтің, Әрик Фроммның, Маргарет Мидтің,
Питирим Сорокиннің және т.б. ғалымдардың3 аты шулы еңбектері дүниеге келді.
Әсіресе, Америка Құрама Штаттарында отбасылардағы әлеуметтік
мәселелердің зерттелу деңгейі өте жоғары. Онда жыл сайын американдық
отбасылардың проблемаларына арналған 900-ге таяу ғылыми-зерттеу еңбектері
және кітаптар жарық көреді. Америка Құрама Штаттарының 95
университеттерінде Отбасы және неке атты арнаулы курс оқу
бағдарламаларына енгізілген.(8)
Американдық Минесот университетінің ғалымдары бірнеше жылдан бері
әлемнің әр қиырындағы халықтар арасында отбасы туралы зерттеу жүргізіп,
оларды талдау, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдануда.
Бұрынғы Кеңестер Одағының құрамында болған елдерде 1976 жылдан
1986 жылға дейінгі аралықта неке және отбасы проблемаларына қатысты 500-дей
ғылыми мақалалар мен монографиялар жарық көрген болса, оның өзі Америка
Құрама Штаттарында 1 жылда шыққан осындай еңбектерден едәуір аз екен.(9)
Дегенмен, Кеңестік Ресейдің А.Г. Харчев, Г.М. Андреева, М.С.
Мацковский, С.И. Голод, Я.Б. Рюриков, А.И. Антонов сияқты айтулы
ғалымдардың іргелі зерттеулері Қазақстандық отбасы ғылымының
дамуына да оң ықпал тигізгенін айта кету керек.
Қазақ халқының отбасы-неке қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу
жұмыстары да өткен ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Бұл жұмыс
әуелде Ресей патшалығының отарлау саясатына орай А.В. Левшин, П.Е.
Маковецкий, Л.Ф. Баллюзек және т.б. орыс миссионерлері мен шенеуніктері
арқылы жүзеге асты. Зерттеулер құқықтық, заң және этнографиялық тұрғыда
жүргізілді. Ә.А. Диваев7 Қазан төңкерісіне дейін-ақ Түркістан өңірінің
қазақтары туралы 130-дай этнографиялық еңбектер жариялаған.(10)
Қазақ ғалымдарынан Ш.Уалиханов пен Ы.Алтынсаринның этнографиялық
еңбектерінде, М.Әуезов пен М.Дулатовтың публицистік мақалаларында неке және
отбасы тақырыбы біршама қамтылған.(11)
Қазақстандағы отбасы-неке қатынастарының этнографиялық мәселелерін
зерттеуде кеңес дәуіріндегі Х.Арғынбаевтың Қазақ халқындағы семья мен неке
(тарихи-этнографиялық шолу) атты 1973 жылы жарық көрген монографиялық
шығармасының маңызы зор.
Сондай-ақ, қазақ халқының демографиялық проблемаларын көрсете
білуде М.Тәтімовтың де қосқан үлесі орасан.(12)
Демограф-ғалымның отбасыларға байланысты берген мақалалары мен
сұхбаттары қазақ баспасөзінде кәрі қыздар, көп әйел алу және бала санын
көбейту жөніндегі көкейкесті мәселелердің көтерілуіне тікелей түрткі болды.
Еліміздің демографиялық проблемаларын зерттеуде Ә.Ғалидың да еңбегі бар.
И.Қарақұлов отбасылық жыныстық қатынас тәрбиесін алғаш рет қазақ тілінде
жазған ғалым.(13)
Н.А. Аитов, М.М. Тажиннің социологиялық, Н.Өсерұлының шариат
заңдары, Ғ.Есімнің махаббат жайлы, М.Арынның ұлттық тәрбие туралы
ізденістері елеулі-ақ.
Қазақстанның қазіргі отбасыларының қызметі мен құрылымына
әлеуметтік талдау жасаған екі кандидаттық диссертация орыс тілінде
қорғалған. Оның бірі, А.Нурумов – саясаттану саласы бойынша 1994 жылы,
екіншісі, З.М. Жаназарова – социология саласы бойынша 1997 жылы жарық
көрді.(14)
Отбасы адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін
кіші әлеуметтік топ. Ондағы әрбір адамның өмірі отбасымен тығыз
байланыстылығы сонша, ол бәрібір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер
етеді. Отбасы қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары
біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Сондықтан да, отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу оңай емес.
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызды, атқаратын қызметі алуан
түрлі болғандықтан, оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың
әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады. Социология ғылымы бұны былай
анықтайды: отбасы дегеніміз тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Оның
жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық
қатынастар жүйесі, адамның әлеуметтік және жеке-дара адамгершілік сапаларын
қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру.
Қысқасы, отбасы еркек пен әйелдің табиғи жыныстық және басқа
қажеттіліктерін (рухани, этикалық, эстетикалық және т.б. қажеттерін) өтеп,
ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік институт,
әрі топ болып табылады.(15)
Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол отбасыдағы
қатынастар, оның құрылымы мен формасы тарих өзгеріп отыратын әлеуметтік
институт болып табылады. Отбасы (ұсақ) кіші топ ретінде мынандай негізгі
функцияларды іске асырады:
- репродуктивтік, бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру;
- экономикалық, өндіру және тұтыну;
- қорғаныс, отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен
қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғау, қамқорлық жасау;
- эмоциялық, ерлі зайыптылардың бірін-бірі сүюі;
- әлеуметтендіру, балалардың қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа, оқытуға,
тәрбиелеуге және т.б. баулу.
Отбасының өзінің тарихи өзгерістеріне байланысты бұл функциялардың
арақатынасы да өзгеріп отырады.
Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының)
өзгеруі, сайып келгенде, қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның
шығу тегін айқындайтын әлементтердің дамуына тіелей байланысты болады. Бұл
жөнінде Ф.Энгельс өзінің Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы
деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: Қоғамның материалистік
ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей және
ұдайы өндіру болып табылады. Алайда, өндірісте екі түрлі болады. Бір
жағынан – тіршілік қажеттерін; азық-түлік, киім-кешек, баспана және бұларды
өндіру үшін қажетті құралдар өндіру; екінші жағынан – адамның өзін өндіру,
ұрпақты өсіру. Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін
адамдардың қоғамдық қатынастары өндірістің осы екі түрімен: бір жағынан,
еңбектің, екінші жағынан, отбасының даму дәрежесімен анықталады.
Қазіргі қоғамда отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ
құқықтық институт та болып табылады. Құқықтық институт ретінде отбасы-
туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы,
оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер
берілген.
Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ
ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады.
Отбасы - шағын әлеуметтік топ, ол некеге, қандас туыстыққа
негізделген және тұрмыстың ортақтығымен, балалар тәрбиесі үшін өзара
жауапкершілікпен, өзара көмектесу қарым-қатынасымен анықталған әлеуметтік
институттың бір түрі.(16)
Енді отбасыға мынандай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы
отбасы ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі
әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары да кіреді. Отбасының
функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық,
эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттіліктерін
өтеу. Қаладағы отбасылар барған сайын өндірістік топ болудан қалып барады,
ал ауылдық отбасылар бұрынғыша өндіруші және тұтынушы топ болып
табылады.(17)
Ерлі зайыптылар арасындағы, сондай-ақ ата-аналар мен балалары
арасындағы қатынастар да өзгерді.
Отбасы әртүрлі жағдайларға байланысты топқа, түрге бөлінді.
Олардың өзіндік сипаты бар. Мысалы, баланы тәрбиелеу жағдайына байланысты
жайлы және жайсыз отбасылар бар. Материалдық жағдайына, табысына сәйкес те
бөлінеді: ауқатты, орташа тұрмысты, тұрмысы төмен.
Кесте 1
Әлеуметтік-экономикалық жағдайы екі түрлі отбасыдағы
айырмашылықтар
Әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар Әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы
отбасы отбасы
Отбасылық қажеттіліктерді өз қажеттіліктерін мәдени нормаларға
қанағаттандыру әлеуметтік нормаларға сай қанағаттандырады.
сай емес.
Ұжымдық өмір деңгейі сақталады. Ұжымдық сезім индивидуалды сезімге
Балалардың бәріне ортақ (киім-кешек, ауысады. Әркім тек өзінің заттарын
ортақ жатын бөлме) т.б. болады. пайдаланады.
Тәрбиелеу әдістері күштеу мен жазалау Күшпен тәрбиелеу онша орын ала
арқылы жүзеге асады. бермейді, ата-ана мен балалары арасында
өзара түсіністік қалыптасады.

Қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі қызметі: дүниеге адам әкелу,
әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу,
экономикалық, яғни балалардың есейгеніне дейін көмек беру, сексуалдық
қызмет, яғни қоғамда жыныстық қатынастарды реттеу деп көрсетеді. (18)
Отбасылардың осы қызметтерді орындауға жақсы бейімделгендігінің
бірнеше себептері бар. Шын мәнінде балаларды тәрбиелеу мықты биологиялық
механизмдерге, яғни туыстық байланысқа сүйеніп, дүниеге адам әкелу,
жұбайлар арасындағы қалыпты, тәртіпке келтірілген жыныстық қатынастар және
экономикалық жағынан көмек көрсету балалар тәрбиесі үшін өте тиімді тәсіл.
Социология ғылымы отбасыларды алып қарастырғанда отбасыларды
құрылымына қарай екіге бөліп алп қарастырады.
1. Отбасының кеңейтілген түрі – нуклеарлық жанұяға қосымша басқа да туыстар
енеді, мысалыға, ата-аналары, іні-сіңлісі, қарындастары, аға-әпкелері мен
т.б. ағайын-туысқандардан тұратын жанұялық құрылым.
2. Отбасының нуклеарлы түрі – ата-анасы және балаларынан құралған жанұялық
құрылым.(19)
Қазіргі отбасының сипатын танудағы жемісті әдістерді аса көрнекті
американдық социолог Т.Парсонс пайдаланған еді. Бұл әдіспен қазақстандық
социологтардың басым бөлігі келіседі. Т.Парсонстың айтуынша, қазіргі
нуклеарлық отбасы (ата-ана мен балалардан құралған) мынандай себептер
бойынша қазіргі қоғамға ыңғайластырылған.
Біріншіден, қазіргі қоғамның экономикалық жағдайы дәл осындай
кішігірім отбасының болуын қалайды. Мұндай отбасыларда, үлкен отбасылармен
салыстырғанда, қайшылықтары көп жанжалдардан құтылуға болады. Қалаларда көп
ұрпақты отбасылар аз, олар көбінесе ауылдарда кездеседі. Енді басқа қырынан
келгенде нуклеарлы отбасы тез көшіп-қонуға, өзінің тұрған жерін ауыстыруға
бейім еледі. Яғни, экономикалық өмірдің талаптарына икемделгіш болып
келеді.
Екіншіден, қазіргі шағын отбасы өмірге жеңіл бейімделіп, отбасылық
және қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарын да
жеңіл таба алады. Т.Парсонстың айтуынша, отбасыда алдын-ала белгіленген
құндылықтарды айта келе және олардың отбасындағы көзқарасы мен орнын ескере
отырып, біз отбасының кез-келген мүшесі онда белгілі бір мәнге ие болады
деп ойлаймыз.
Үлкен, әулетті отбасында, оның үстіне басқа туыстарымен байланыста
болуы өндіріске кері әсерін тигізіп, қызмет тиімділігін кемітеді. Кіші
нуклеарлық отбасыда бұған соқтығыспаудың екі түрлі мүмкіндігі бар:
біріншіден, кішігірім нуклеарлық отбасы әр түрлі туысқандық байланыстарды
қысқартады. Екіншіден, мұндай отбасы ішкі отбасылық кеңістікте шектеліп,
одан тысқары экономикалық қызметке араласпайды.(20)
Осының салдарынан белгілі бір моральдық реттеулер, нормалар
болғанымен, біздің туыстық байланыстарымыз өз міндетінен айырылады. Басқаша
айтқанда, біз туыстар арасында белгілі бір туыстық формалар қатынасын
таңдап аламыз.

ІІ тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары.
2.1. Отбасындағы неке келісім-шартының әлеуметтік қыры.
Неке келісім-шарты отбасылық қатынастардың бастамасын анықтайды,
бірақ некелесуге міндетті шарт бола алмайды. Заң бойынша неке келісім-шарты
некелесуді тіркегенге дейін де, некелік өмірдің кез-келген кезеңінде де
жасалады. Неке келісім-шарты жазбаша түрде жасалып, ол нотариалды түрде
рәсімделеді. Жұбайлардың барлық мүлкіне, оның жекеленген түрлері мен әр
жұбайдың жеке мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлістік мүлкі болады. Неке
келісім-шартына отыру сыртқы әсерге тәуелсіз болуы керек.
Мамандар неке келісім-шартын құқықтық қырынан басқа құқықтық емес,
яғни әлеуметтік, психологиялық және этикалық қырларын көрсетеді. Мәселен,
зерттеу барысында анықталғандай, екінші не келесі некеге тұратындар –
бірінші некеден кемесі қайырылғандар. Неке келісім-шартына отыруға әр
жұбай кәсіпкер болып, жеке бизнесі болғанда қызығушылық танытады. Неке
келісім-шартына жоғарыда аталған санаттардан басқа ері мен әйелінің жас
айырмашылығы едәуір көп болып, ерінің (не әйелінің) экономикалық базасы
берік және алдыңғы некедегі ересек балаларының мүліктік мүддесі олардың ата-
анасына ықпал ететіндей жұбайлар үшін де қолайлы.
Психологиялық қыры: неке келісім-шартында ажырасқан жағдайда
әркімге тиесілі мүлікті жұбайлар анықтай алатын болғандықтан, яғни осындай
нәтиже жобаланатындықтан, некенің нәтижесі ажырасу болмай ма, неке келісім-
шарты – ажырасу катализаторы болып саналмай ма деген қауіп туады.
Неке келісім-шартының этикалық қыры жұбайлардың бірін қолайсыз
жағдайға қалдырмау мүмкіндігіне байланысты. Әр жұбайда жасалған келісім-
шарттан жұбайының құқы мен мүддесіне нұқсан елтіру жолымен өзіне пайда
табуды көздемейтіндей іштей тыйым салынуы қажет. Келісім-шартқа отыруда екі
жақтың бір-бірінің құқына құрметпен қарауы сақталуы керек. Егер келісім-
шартқа отыру кезінде жұбайлардың біреуі өз мүлкін сақтап қалуды ғана емес,
сонымен бірге, екінші жұбайдың мүлкіне қол сұғуға ниет білдірсе, бұл неке
келісім-шартының мақсатына қарсы – некедегі мүлікті қатынастарды реттеудің
не ажырасу кезінде қолданылатын өркениетті әдісі болу керек. Жеке тұлғаның
еркіндікке құштарлығы қоғамдағы этикалық нормалардың бұзылуына әсер
ететіндігі шектен асып кетпеу керек.(21)
Неке келісім-шартына отыру маңызды қызмет атқарады: ол – білімдік
қызмет, өйткені, Неке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасының негізгі функциялары
Отбасының пайда болуы
Жас отбасының негізгі ерекшеліктері
Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні
Араб халифаты және мұсылман құқығы
Отбасы әлеуметтануы
Отбасы әлеуметтануы пәнінен лекциялар жиыны
Неке және отбасы социологиясы
Отбасы ұғымы
Отбасы түрлері және оның қызметтері
Пәндер