Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы ақпарат



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сайлау жүйесі және оның түрлері
2. Сайлауқұқығықағидаттары:
3. Сайлауоргандары.

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы, ал, мемлекеттік биліктің жалғыз көзі халық екендігін анықтады.
Демократиялық таңдау – негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау іс жүргізуден тыс жүзеге асуы мүмкін емес, ол дегеніміз іс жүргізудің азаматтар үшін жол беретін және қамтамасыз ететін, заңда көрсетілген тиісті мерзім ішінде олардың мүдделерін ғана айтып қоймай, сайлаушы азаматтармен бекітілген, дамытудың өз саясатын жүргізуге үміттенетін әр түрлі тұлғалар, партиялар арасынан заңды негізде таңдауға мүмкіндік беру.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: оқулық/ құраст. Е. Баянов. - Алматы : Б. и., 2003. - 692 с.
2. .Жоламан Қ. Д. Мемлекет және құқық теориясы : оқулық . 2008. - 306 бет
3. .Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. 2 кітаптан тұрады. 1- ші кітап : оқулық/ қураст. Е. Баянов, 2009. - 384 бет.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сайлау жүйесі және оның түрлері
2. Сайлау құқығы қағидаттары:
3. Сайлау органдары.

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы, ал, мемлекеттік биліктің жалғыз көзі халық екендігін анықтады.
Демократиялық таңдау - негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау іс жүргізуден тыс жүзеге асуы мүмкін емес, ол дегеніміз іс жүргізудің азаматтар үшін жол беретін және қамтамасыз ететін, заңда көрсетілген тиісті мерзім ішінде олардың мүдделерін ғана айтып қоймай, сайлаушы азаматтармен бекітілген, дамытудың өз саясатын жүргізуге үміттенетін әр түрлі тұлғалар, партиялар арасынан заңды негізде таңдауға мүмкіндік беру.
Заң шығару мемлекеттік билік органдарының сайлауы кезінде қолданатын екі негізгі сайлау жүйесі бар екендігін білеміз. Бұл тең жәнe мажоритарлы сайлау құқығы нeгізіндe дауыс бeреді. Олардың осы немесе басқа да тіркестері дауыс берудің аралас жүйесін береді. Қазақстан аралас сайлау жүйесі жолында.

Сайлау жүйесі
Сайлау жүйесі дегеніміз сайлау органдарын құрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртібі қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастырудың тәртібі.
Қазақстан Республикасы сайлау жүйесі деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетілгеңдей республика Президентін, Мәжліс пен Сенат депуттаттарын, ауылдық әкімдерді, төте нежанама сайлау тәртібін айтамыз.
Сайлау жүйесінің тепе-тең және мажоритарлы сияқты екі түрі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі дегеніміз сайлау барысында берілген дауыс пен жеңіп алынған мандат арасындағы тепе-тендік қағидасына негізделеді. Тепе-тең сайлау жүйесінің әрекет етуі үшін бірнеше ірі аумақтық округтер және екіден кем емес қалыптасқан саяси партиялар болуы қажет.
Мажоритарлы сайлау жүйесі артық басымдылық жәнесалыстырмалы басымдылық деген екі түрге бөлінеді. Артық басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында бірінші және екінші қайта да - уыс беру кезінде, сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өтті деп, дауыс берушілердің 50 пайыздан артық дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.
Салыстырмалы басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тізіміне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды және сайлау өтті деп есептеледі.
Қазақстан Республикасында Президентті және Парламент депутаттарын сайлау кезінде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қараған - да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланып, сайлау өтті деп саналады.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сай - лау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
Сайлау құқығы қағидаттары:
Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы қағидаты. Бұл қағида бойынша Қазақстанның он сегіз жасқа жеткен азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдык және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы бар. Жалпыыға бірдей белсенді сайлау құқығы белсенді сайлау құқығы және бәсең сайлауқұқығы болып екі түрге бөлінеді.
Белсенді сайлау құқығы дегеніміз 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының сайлауда дауыс беру құқығы.
Бәсең сайлау құқығы -- Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Рес - публикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, соның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутатығына кандидат ретінде, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат болып тіркелу уақытына қарай сотталғандығы занда белгіленген тәртіппен өтелмеген не - месе алып тасталмаған адам тіркеуге жатпайды.
Тең сайлау құқығы. Сайлаушылар Республика Президенті, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады. Сайлаушылар Республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға тең құқьқтармен және шарттармен қатысуына кепілдік беріледі.
Төте сайлау құқығы. Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тікелей сайлайды. 2006 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентін сайлау өткізіліп, сайлауға қатынаскандардың 91,15 пайызының дауысын жинаған Н. Ә. Назарбаев 7 жылға Қазақстант Республикасының Президенті болып сайланды.
Жанама сайлау құқығы. Парламент Сенатының депутатта - рын сайлауға тандаушылар -- мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. Тандаушылар Се - нат депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бір дауысы бо - лады.
Жасырын дауыс беру. Республика Президентін Парламентінің және мәслихаттарыньң депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.
Сайлау бостандығы. Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруді шектеуге ешкімнің де құқығы жоқ. Сайлаушылардың, сайлаудан, дауыс беруден өз еріктерімен бас тартуы абсентеизм деп аталады.

Сайлау органдары.
Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. Қазақстандағы сай - лау комиссияларының біртұтас жүйесі төмендегі сайлау комиссияларынан құралады: 1) Орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиялары; 3) округтік сайлау комиссиялары; 4) учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі -- бес жыл.
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынады. Ұсынылған кандидатура ұсынып отырған партияның мүшесі болмауы қажет. Егер, мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін бір айдан кем болмауға тиіс мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясының мүшелерін өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштерін қоса береді. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын басталады және өкілеттік мерзімінің бітуіне кемінде үш күн қалғанда аяқталады. Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.
Сайлау комиссияларын құру туралы шешім, олардың құрамы мен орналасқан жері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Сайлау комиссияларының өз құзыретінің шегінде қабылдаған шешімдері тиісті аумақтағы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшін міңдетті. Сайлау комиссиялары өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіңде олардың қызметіне араласуға жол берілмейді. Сайлау комиссиясының қызметі сайлау комиссиясын құратын органның шешімі бойынша немесе жоғары тұрған сайлау ко - миссиясы өтінішінің негізінде сот шешімімен тоқтатылуы мүмкін.
Орталық сайлау комиссиясы. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұракты жұмыс істейтін орган болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның төрағасынан, төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады. Орта - лык сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының жоғары заң білімі болуға тиіс. Орталық сайлау комиссиясының өз аппа - раты болады. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржылаңдырылады.
Орталық сайлау комиссиясы: Республиканың аумағында сайлау туралы зандардың атқарылуын бақылайды, бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді. Өзінің құзыреті шегінде бүкіл Рес - публика аумағында міндетті шешімдер қабылдайды; Президент пен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етеді; саяси партияларды Парламент Мәжілісі депутаттарының партиялық тізім бойынша сайланатын бөлігіне қатыстыру мәселесін қарайды; Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сай - лау округтерін құрады, олардың бірыңғай нөмірлерін белгілейді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлі сметасын жасап, Республика Үкіметіне ұсынады; Президентті, Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттің сайлау науқанын өткізуге арнап бөлінген қаражатын олардың арасында бөледі; сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтік сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; саяси партиялардың өкілдерімен сайлауды ұйымдас-тыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізеді; сайлау жүйелері саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; Президентті сайлау жөнінде дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтінін, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнінде дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды жасау тәртібін, сайлаушылар (таң-даушылар) тізімдерінің, Президенттікке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын тандаушылардың қолдарын жинауға арналған кол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдір материалдан жасалған жәшіктің нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілерін, сайлау құжаттарын сақтау тәртібін, сон-дай-ақ қорғалу дәрежесін белгілейді; Президент, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етеді; сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебін, сондай-ақ сайлау туралы зандардың сақталуы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сайлау органдары
Қазақстан Республикасы қоғамдық Құрлысының конституциялық негіздері
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі жайында
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі
Сайлау алдындағы үгіт
Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
Сайлау құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау
ҚР сайлау жүйесі
Сайлау жүйесінің ұғымы туралы
Орталық сайлау комиссиясы
Пәндер