ҚР-ғы шағын және орта бизнесті несиелендіру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ҚР-ғы шағын және орта бизнесті несиелендіру»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің теориялық негізі . . .

1. 1Шағын және орта бизнесті несиелендірудегі несие саясаты . . .

1. 2 Шағын және орта бизнесті несиелендіру процесі талдау есебі . . .

1. 3Шағын және орта бизнесті қысқа мерзімді тәжірибесі . . .

2 ҚР-да шағын және орта бизнестідамытудың негізгі мәселелері және жетілдіру жолдары . . .

2. 1 Шағын және орта бизнесті қысқа мерзімді несиелендірудің негізгі мәселелері . . .

2. 2 Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу тәуекелділігін басқару . . .

2. 3 ҚР-да шаруашылық субъектілерін несиелендіру жүйесін

жетілдіру жолдары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

3

5

5

9

14

20

20

25

31

34

35

Кіріспе

Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі шағын және орта бизнес субъектілерін жетілдіру болып табылады. Шағын және орта бизнес субъектілері өркениетті елдерде әлеуметтік мәселелерді шешудің басты күші бола отырып, тұрақтылықтың кепіліне айналуда. Шағын және орта бизнес субъектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді.

Әдетте, шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:

  • қоғамдық қатынастарды толық қанағаттандыратын бәсекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
  • тауар ассортиментінің кеңеюі;
  • өндіріс пен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі;
  • жеке қаражаттың өндірісті дамытуға жұмсалуы;
  • қосымша жұмыс орындарының пайда болуы;
  • еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;
  • экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпалы;
  • жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану;
  • мемлекеттен тиімділігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып алуы немесе қолға алуы.

Курстық жұмыстың негізінде шағын және орта бизнес субъектілерінің осындай, басқа да функциялары шаруашылық субъектілерін дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызып, экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады деген ой жатыр.

Демек бұл курстық жұмыс халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін күштердің дамуының біртұтас үрдісінің құрам бөлігі ретінде қарастырылған.

Шағын және орта бизнес субъектілерін қысқа мерзімді несиелендіру бүгiнгi таңда өзектi мәселелердiң алдыңғы қатарында тұр.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты : еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерін қысқа мерзімді несиелендіру жағдайын және оның негізгі мәселелері мен оны шешу, жетілдіру жорлдарын қарастыру, талдау.

Жұмыстың тақырыбы бүгінгі таңда өзекті , барлық кәсіппен айналысатын субъектілер үшін ең басты қиындықтары болып отырған несиелендіру мәселесіне арналып отыр. Сондай-ақ бұл үкiметiмiздiң кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес, болып табылады.

Жұмыста негізінен мынадай мәселелерді талдау, шешу көзделген:

  • Коммерциялық банктердің несиедендіру процесі мен несие саясаты;
  • Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудің мәні мен қажеттілігі және оның әлемдік тәжірибесі;
  • шағын және орта бизнес субъектілерін қысқа мерзімді несиелендірудің негізгі мәселелері;
  • ҚР-да шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдары.

Жұмыстың теориялық бөлiмiнде зерттеудiң үлгiлеу, талдау тәсiлдерi қолданылған.

Жалпы жұмысты жазу барысында экономикалық-статистикалық, монографиялық, сондай-ақ салыстыру, эксперимент сияқты зерттеудiң талдау тәсiлдерi қолданылды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік оқулықтар, мемлекеттік бағдарламалар мен республикалық статистика агенттігінің материалдары, сонымен қатар, зерттеу объектісі болып табылатын АҚ «Банк Туран Алем» банкі басқармасы мәліметтері және шаруашылық субъектілерін несиелендіру бойынша жасалған жылдық есептер, ағымдық баспасөз беттерінде, ғылыми-зерттеу конференцияларында жарияланған мақалалар мен авторлық ғылыми-тәжірибелік жұмыстар пайдаланылды.

Жұмыстың құрылым логикасы келесі қағидаларға негізделген:

1. Шағын және орта бизнес субъектілерін қысқа мерзімді несиелендіруді осы саладағы көкейкесті мәселелері тұрғысынан талдау әлдебір өзгерістердің салдары мен ақырғы мақсаттарын неғұрлым толығырақ бағалауды мүмкін етеді. Осы қағидаға шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудің негізгі көрсеткіштеріне талдау берілген, дамытудың қажеттiлiгi ашып көрсетiлген.

2. Нарықтық өзгерістер тұсында жиналған қаржы-несиелік қатынастардағы қателіктер елдегі шаруашылық субъектілерінің дамуына кедергі жасап, қоғамның мойнына шексіз жүк болып орналасты. Осы орайда шағын шаруашылық субъектілерін қысқа мерзімді несиелендіру тиімділігі жөніндегі мәселе заңды түрде туындады.

3. Жұмыстың 2 - бөлiмiнде шағын және орта бизнес субъектілерін қысқа мерзімді несиелендірудің болашақтағы даму бағыттары анықталып, жалпы осы сала мәселелерін шешу жолдары мен жетілдірудің жүзеге асырылатын шаралары мен жобалары қарастырылған. Шаруашылық субъектілер үшін банктердің қолдан келетін мүмкiндiктері қарастырылған.

Шағын және орта бизнессубъектілерін қысқа мерзімді несиелендіру жөніндегі мемлекеттік саясат тиімді нәтижелерге жету үшін кәсіпкерлердің қатысуы, тартылуы мен өздерін өздері дамытуын қолдау үшін жағдай жасалуы қажет. Бұл адамдарға өкілеттілікті беруді, олардың бейтарап қызметтері барысында варианттар іздестіруге, шешімдер қабылдау мен оларды жүзеге асыру жауапкершілігін мойнына алуға деген білім алуды, дағдылануды және ептілікке үйренуді көздейді. Мұндай қатысу механизмдерін енгізу мен кеңінен тарату шаруашылық субъектілерін жаңа сапалық деңгейде дамытады.

1 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің теориялық негізі

1. 1 Шағын және орта бизнесті несиелендірудегі несие саясаты

Кез келген банк несие берудің алдында несие саясатын анықтауы тиіс (өзінің басқа да қызметтеріне бағытталуы керек, яғни депозиттік, пайыздық, тарифтік, техникалық, кадрлық, клиенттерге қатысты, бәсекелестерге қатысыты және т. б. ), сонымен қатар несие саясатының тәжірибелік қызметіне ауысуын қадағалауы тиіс.

Шаруашылық субъектілердің несиелендірудегі несие саясаты - анықталған қаржылық қорытындыларға жету үшін банкпен жүргізілетін ақша-несие шараларының жүйесін білдіреді және банктік саясаттың бір элементі болып табылады.

Несиені беру мен алу сферасындағы банктің стратегиясы мен тактикасы оның несие саясатының негізі болып табылады. Несие саясаты стратегия бөлімінде несие нарығындағы нақты шаруашылық субъектілерді несиелендірудің мақсаттары мен принциптерін, приоритеттерін қосады, ал тактика бөлімінде несие мәмілелерін жүзеге асырғандағы оның мақсатын жүзеге асырудағы банкпен қолданылатын қаржылық және тағы басқа құралдары, несие процесін ұйымдастыру тәртібі.

Шетел тәжірибесінде несие саясатының қалыптасуы, біріншіден, директор кеңесімен бектілген стратегияны анықтау, екінщіден, шаруашылық субъектілерді несиелендірудің стратегиялық бағытталған қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін несиелік операцияларды жүзеге асыру.

Несиелендіру сферасында шаруашылық субъектілердің алдына қойған жеке мақсаттарында келесі шарттар негізгі рөлді атқарады:

  • Келешек кезеңге шаруашылық субъектілер қызметінің жалпы мақсатын белгілеу, табыстылықпен және өтімділікпен байланысты;
  • Мемлекет бойынша орталықтандырылған несие ресурстарын несиелік салымдардың жалпы сомасына қатынасымен қоса, несие нарығын дұрыс талдау;
  • Шаруашылық субъектілердің ресурстік базасын дамыту перспективаларының анықтылығы;
  • Несие портфелінің сапалығын дұрыс бағалау;
  • Персонал біліктілігінің динамикалық деңгейін есептеу.

Шаруашылық субъектілерді несиелендірудегі коммерциялық банктердің несие процесін ұйымдастыру бір-бірімен тығыз байланысты принциптерге сүйенеді:

1) Клиентпен ұзақ мерзімді немесе бір реттік несиелік мәмілені анықтайтын өзара қатынас принципі (клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылату, олардың сұраныстарын қанағаттандыру) .

2) Несие ісіндегі банк приоритеті, яғни берілген ссудалардың түрімен, сондай-ақ несиені қайтарудағы қамтамасыз ету формасына байланысты болады.

3) Моральды құндылықтар жүйесі, оның ішінде, тәртіптік, өзара сенімділік, шындылығы.

Несие саясатын қалыптастырғанда банк объективті және субъективті факторларды есепке алуы тиіс.

Ақша-несие шараларының жүйесі болып табылатын несие саясатын қалыптастырудың бірінші сатысында банктің аналитикалық және маркетингтік қызметтері жүргізіледі. Онда мемлекеттегі макроэкономикалық жағдайды бағалау, потенциалды қарыз алушылардың қызметін бағалау, таңдап алынған несиелендіру бағытының жүйелі динамикасын талдау, ссуда алушылардың әр түрлі категорияларымен банк персоналдарының жұмысқа әзірлігін тексеру, банкішілік нормативті құжаттарын есепке алу жүзеге асырылады.

Шаруашылық субъектілерді несиелендірудегі коммерциялық банктердің несие саясаты несиелік потенциалдың көздерінен және экономикалық жағдайлардан негіз алады. Оны сәтті жүзеге асыру үшін банкке несиелік потенциалдың қаражатының ағымына әсер ететін факторларды есепке алу керек. Несиелік потенциалдың қаражатын қалыптастырғандағы банк саясатының тиімділігіне әсер ететін факторларды қарастыруы керек.

Кесте 1. Шаруашылық субъектілерді несиелендірудегі банктің несие саясатын анықтайтын факторлар

Макроэкономикалық
Мемлекеттік экономиканың жалпы жағдайы, Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты
Макроэкономикалық: Салалық және аймақтық
Мемлекеттік экономиканың жалпы жағдайы, Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: Банкпен қызмет көрсетілетін аймақтар мен салалардың экономикалық жағдайы, клиенттер құрамы, олардың несиеге қажеттілігі, бәсекелес банктердің көлемі
Макроэкономикалық: Банкішілік
Мемлекеттік экономиканың жалпы жағдайы, Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: Банктің өзіндік капиталының көлемі, пассивтердің құрылымы, персоналдың жұмыс қабілеттілігі

Несиелік потенциал көздеріне келесі негізгі нысандар жатқызылады:

  • Банк клиентінің санының өсуі,
  • Банктегі клиент пен қатысушылардың қаражаттарының өсуі;
  • Банктік ұйымдастырушылық желісінің өсуі;
  • Мақсатты бағытталған банктің клиенттері мен қатысушылардың қаражатының бірігуі.

Банктік несие потенциалының тұрақтылығына ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттарының өтімділігі, оны қолдану тиіміділгі көрсетіледі.

Банктің несие саясаты несиені рәсімдегенде, оны басқарғанда, ұсынғанда банк қызметкерлерімен басқарылатын процедураларды, параметрлерді, стандарттарды анықтайды, яғни несиелендіру процесін қосатын, несиені берудегі алдын ала жүргізілетін жұмыстарды регламенттейтін тұрақты құжатты жазбаша рәсімдегенде жүзеге асырылады.

Несие нарғында банк қызметкерінің аспектілерін регламенттейтін несие саясатының нақты кезеңінің (1 жылға дейін) меморандумын және келесілерді өзіне қосады:

1) Келешек кезеңге банктің несиелік жұмыстарының негізін бағыттау, несие тәуекелін сақтандыру және рентабельділігінің деңгейін қамтамасыз ететін несиелік қызметтің көрсеткіштерін, оның ішінде:

- Депозиттер мен несиелердің қатынасы;

- Активтер мен меншікті капиталдың қатынасы;

- Банктің жалпы актив портфелінің сегментінің лимиті (бір салаға, бір меншік формасына, несиелендірудің бір түріне лимиті) . Әдетте лимит көлемі жалпы несие портфелінің көлемінің 25%-нан астамын қосады;

- Клиенттік лимит (акционерлер үшін, өзара қытанас тарихы анықталған клиенттер үшін, жаңа клиенттер үшін, банктің клиенттері еместер үшін) ;

- Несиелендірудің географиялық лимиті;

- Қамтамасыз етілетін жұмыстарды жүргізудегі талаптар (кепіл түрі, рәсімдеу стандарты, бағалаудағы маржа) ;

- Құжаттық рәсімдеу және несиемен бірге жүргізілетін талаптар.

2) Несие беру тәртібінің ережесі;

- Несие пролцесінің ұйымдастырылуын;

- Несие мәмілелерінің жобасын дайындау стандарты мен қарыз алушылардан талап тетілетін құжаттар тізімін;

- Қамтамасыз етуді бағалауды жүргізетін ережелерді қарастырады.

Несиелендіру процесін регламенттейтін берілген құжаттар банктің несиелендіруге ішкі дайындығын көрсетеді.

Несиені бері мен алу сферасындағы банктің тактикасы мен стратегиясы несие саясатының негізін құрайды және келесі элементтерді қамтиды:

  • Шаруашылық субъектілерді несиелендірудегі банктің несие портфелі қалыптасатын мақсатты анықтау (қамтамасыз етудің түрлері, мерзімдері, көлемдері және сапасы) ;
  • Несиені өтеу, жүргізу, беру процесіндегі банк бөлімдерінің уәкілеттілігін суреттеу;
  • Қажетті құжаттар тізімі;
  • Несиені қамтамасыз етудің жүзеге асырылыуы мен бағалаудың негізгі ережелерін қабылдау;
  • Несиелендіру операцияларын лимиттеу;
  • Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені қалыптастыру саясаты;
  • Несие өтінішін бағалау әдістемесі,
  • Қиындық туғызатын несиелерді сипаттау, оларға талдау жасау.

Несие саясатын жүргізу банктің ресурс құрылымымен байланысты, ал несие саясаты банктің өтімділігімен байланысты болады. Несие классификациясының негізгі критериі олардың қамтамасыз етілуі болып табылады, яғни гаранттың бар болуы кредиторға ссуданы қайтаруды және қарыз алушыдан белгілі бір соманың қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Шаруашылық субъектілерді несиелендірудегі банктік операциялардың нақты түрлерін реттеу және несиелендіру көлемін нормативтік шектеулер көлемімен жүргізіледі және де коммерциялық банктердің өзі өз келешек қарыз алушыларын, несие түрін, ссуда портфелін қалыптастыруын, пайыздық мөлшерлеме көлемін таңдайды. Несие операцияларының табыстылығының жоғарылауы және олар бойынша тәуекелдің төмендеуі екі қарама-қарсы мақсат.

Қаржылық қызметтің барлық сфераларындағыдай, жоғары тәуекелді операциялар инвесторларға тән ережені ұстауы керек - несиелендірудің жоғарғы табыстылығын және жеткілікті тәуекелді салымдарын аз тәуекел деңгейімен салыстыруы керек.

Несие тәуекелін төмендетудің міндетті талаптары - қарыздық портфельді диверсификациялау, онда экономиканың әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарға аз соманы қысқа мерзімге беру қарастырылады. Тәуекелді төмендетудің қосымша талаптарына несиені қайтарудағы қамтамасыз етілуін қарастыру, яғни кепіл затын, кепілдемені, сақтандыруды қамтамасыз ету. Бұл ережелерді сақтау барысында несиелік мәмілелердегі жоғалтуларды компенсациялайды.

Несиені нәтижелі басқарудың негізгі элементі жақсы дамыған несиелік саясат пен процедуралар, портфельді жақсы басқару, несиелерді тиімді бақылау болып табылады. Несиелік саясат несиені барлық басқарудың негізін жасайды. ол қарыздарды беретін және рәсімдейтін, оларды басқарылуына жауап беретін банк қызметшілері жақсы түсінідіреді, ол банк басшылығына несие аумағында дұрыс стандарттарды қамтамасыз ететін объективті стандарттарды анықтайды. Несиелік саясат дұрыс қалыптасқан жағдайда үстінен жақсы жүргізіледі және банктің барлық деңгейлерінде ұстап, артық тәуекелден қашып және істің даму мүмкіндігінін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.

Несиелік саясатты әзірлеу банктің экономиканың қиын және үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу кезінде және оның алдына бұрын болмаған болса да сондай назар аударылмаған міндет тұрғанда аса маңызды болып табылады.

Қорыта келгенде, шаруашылық субъектілерді банктік несиелеудің нәтижелілігі үшін маңызды болып банктің өзінің ақшалай-несие іс-шараларының жүйесі ретіндегі банктің несие беруге дейінгі белгілі бір қаржылық нәтижеге жету үшін жүргізетін несиелік саясатын анықтау болып табылады. Банктің несиелік саясаты несиелерді алудың парамертлері мен процедуралары, несиелерді басқару және оларды несиелік саясат түрінде анықтайды. Несиелік саясатты қалыптастыру мен оны тартудың механизмдерін анықтаумен бірге сапалы несиелік банктік портфельдің жағдайын қамтамасыз ететін банктік несиелеу ұйымдары банк операцияларын несиелеудің әр түрі бойынша және қолданылатын қаржы құралдарын несие технологияларын несиелеудің әдістері, түрлері тәсілдері ретінде есепке алады.

1. 2 Шағын және орта бизнесті несиелендіру процесі және несиеқабілеттілікті талдау есебі

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуінде қызмет ету тиімділігінің өсуі, инфрақұрылымдарды қалыптастыруы несиеқатынастарынсыз жүзеге асырылмайды.

Банктердің ақша қаражаттарын орналастыру ҚР Азаматтық Кодексінің талаптарына сәйкес банк пен клиенттер арасындағы несиелік келісім болып табылады.

Егер несие Қазақстан Республикасының заңнамасының шарттарына сәйкес келсе, онда ол банктік қарыз келісімі негізінде беріледі.

Несиелендіру процесі бекітілген уақытта несиені өтемеу сияқты көптеген тәуекел факторларының әсерімен байланысты. Сондықтан банк несие беруде несиеқаблеттілікті анықтауды үйренеді, яғни несиені өтемеуге әкеліп соқтыратын факторларды анықтайды.

Несие қаблеттілікті талдау есебі мен мақсаты банктің өзіне алуға дайын тәуекел деңгейімен жәнеқарыз алушының несиені уақытында және толық көлемде төлеумен анықталады; берілген жағдайда ұсынылуы мүмкін несие көлемі және соңғысы, оны берудің шарттары.

Мұның бәрі тек қана банктің клиенттің белгілі күндегі төлем қаблеттігін бағалауды ғана қажет етумен қатар оның перспективадағы қаржылық тұрақтылығын біле алады. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығының обьективті бағасы мен несиелік операциялар бойынша тәуекел есебі банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және табыс алуға мүмкіндік береді.

Америкалық аналитиктердің мәліметтері бойынша мерзімі өткен несиелердің 35-40% қарыз алушылардың қаржылық жағдайын терең талдаудың жеткіліксіз нәтижесінде пайда болады дейді.

Клиент банктен несие алу үшін талап етілетін несие сомасына сәйкес келесі мәліметтері бар өтінімді ұсынуы керек:

− мақсаты

− несие көлемі

− қандай мерзімге

− қамтамасыз ету мумкіндігі

Өтінімге несиені беру туралы өтініштің негізінің және банкке келу себебін тусіндіретін құжаттар мен қаржылық есептемелер болу керек. Бұл құжаттар өтінімнің қажет құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың нақты терең талдауы банк өкілеттігі қарыз алушымен соңғы интервью жүргізіп және перспективалық келісімге қорытынды жасаған кезде жүргізіледі.

Көптеген елдердің банктерінде осы өтінім мен құжаттардың пакет құрамына сонымен қатар келісілер кіреді:

− қарыз алушы шаруа қожалығының құрылтай құжатының нотариялды бекітілген көшірмесі

− соңғы үш жылдағы кірістер мен шығыстар есебі және баланспен қоса қаржылық есебі. Баланс кәсіпорынның активтер құрылымын міндеттемелерін, капиталын көрсетеді және жылдың аяғына құрылады. Кірістер мен шығындар есебі жылдық кезенді қамтиды және кәсіпорынның кірістері мен шығындары туралы, таза табысы, оның бөлінуі (реервтерге, дивиденттер төлеу т. б) туралы мәліметтер береді

− кассалық түсімдер қозғалысының есебі. Ол кәсіпорынның балансының екі есеп беру кезеңіне негізделген және әр түрлі статьялар мен қор қозғалычының өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді. Есеп ресурстарды пайдалануының, қорлардың босатылу уақытын, және кассалық түсімдер дефицитінің пайда болуын толық көрсетеді.

− ішкі қаржылық есептер қарыз алушының қаржылық жағдайын одан нақты мінездейді, оның бір жыл ішінде квартал сайын, ай сайынғы ресурстарға деген қажеттілігінің өзгерісін көрсетеді.

− ішкі оперативті есептің мәліметтері. Балансты құру көптеген уақытты қажет етеді. Бірақ несиелеуші банкке қарыз алушының кәсіпорынды жүргізу үшін дайындалған салыстырмада тұрған оперативті есептің мәліметтері қажет болуы мүмкін. Бұл құжаттар ағымдағы операцияларға және сату, запастар көлеміне т. б. қатысты.

− қаржыландыру болжамы, ол болашақ сатуды бағалау, шығындарды, өнімдерді өндіру үзілісінен, дебиторлық қарыздардан, запастар айналымынан, қолма-қол ақша қажеттілігінен, капитал салымынан тұрады.

Бұл бағалаушы баланс туралы, яғни баланстың шоттар мен кірістер мен шығындар есебінің болашақ кезеңдегі варианттарын болжайды және қолма-қол ақшалардың шығыдалуы мен түсімдерін болжайтын кассалық бюджет туралы.

− салық декларациясы, бұл қосымша ақпараттың маңызды көзі. Бұл құжат қарыз алушының салықты төлеп жүргенін көрсетеді.

− бизнес-жоспар, көптеген несиелік өтінімдер әлі де қаржылық есебі мен басқа да құжаттары жоқ жанадан бастап келе жатқан кәсіпорындарды қаржыландырумен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз алушы кәсіпорынның банкке жобаның мақсаты мен оны іске асыру әдісінің мәліметтері бар бизнес-жоспар ұсынады. Құжатта болу керек:

− нарыққа ұсынылатын қызметтер мен өнімдер (патент, лицензияны қоса) ; зерттеу жоспары.

− салалық және нарықтық болжам (нарықты бейнелеу, өнімдерін ұсынатын басқа да кәсіпорындар және олардың артықшылықтары мен бәсекелестердің әлсіз жақтары) ;

− маркетинг жоспары(мақсаты, жарнама, нарықтағы өнімдердің қозғалысы бойынша кәсіпорынның құны т. б. ) ;

− өндіріс жоспары (өндірістік қуатқа, жұмыс күшіне, құрылғыға қажеттілік т. б. ) ;

−басқару жоспары (кәсіпорын құрылымы, жүргізуші органдары т. б. ) ;

− қаржылық жоспар (қлома-қол қозғалысының болжамы, алдағы үш жылға перспективалық балансы) ;

Несиелеуші қызметкер болашақ қарыз алушымен келіссөз жүргізеді. Бұндай кездесулер несиелік инспектрге несиелік келісімнің маңызды детальдарымен қатар, қарыз алушының профессионалдық дайындығын бағалайды.

Шет ел банктерінің тәжірибесі потенциалды қарыз алушымен танымдық келіссөз жүргізу келесі сұрақтарға қатысын көрсетеді (кесте 2) .

Кесте 2. Несиелік қызметкердің потенциалды қарыз алушыға сұрақтары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
Жалпы кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті банктік несиелендіру
Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері
ҚР-ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің теориялық аспектілері
Қазақстан экономикасы үшін кәсіпкерліктің мәні мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz