Лизингтік операциялар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Лизингтік операциялар»

«Банк ісі» пәні бойынша

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 Лизингтің экономикалық мәні мен мазмұны . . .

1. 1 Лизингтің пайда болуы және даму тарихы . . .

1. 2 Қазақстанда лизингтің қалыптасу және даму жолдары . . .

2Лизингтік операциялар . . .

2. 1 Лизинг түсінігі, лизингтік операциялардың негізгі элементтері . . .

2. 2 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері . . .

2. 3 Қазіргі таңдағы Қазақстан лизингінің даму жағдайын талдау . . .

2. 4 Банктік лизингтік тәуекелдерді басқару . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

3

5

5

7

12

12

14

18

25

29

31

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.

Кеңес одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал-жабдықтардың отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ бүгінгі отандық өндірістегі негізгі құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі құралдар.

Өндірістік сектордағы құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.

Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.

Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана белсенді дами бастады. Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.

Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып саналады.

Лизинг - шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі.

Біздің ойымызша, отандық банктердің лизингтік компаниялары арқылы лизингті қаржыландырумен қатар банктер өздерінің де лизингтік операцияларын дамытуға көңіл аудару қажет.

Мұндай мәселелерді шешуде қазақстандық коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту және жетілдірудің маңыздылығы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі.

Ендеше, коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту барысындағы жоғарыда аталған мәселелердің бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай отырғаны және олардың отандық ғылыми жұмыстарда терең де жете зерттелмей келуі, осы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамыту мәселелерін теориялық тұрғыдан оқып-білу, оның Қазақстандағы лизингтік қызмет көрсету нарығын дамытуға байланысты талаптарына қаншалықты жауап беретіндігі туралы өзекті мәселелер, өз кезегінде диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты болып және оның басты міндеттерін анықтап отыр.

Жұмыстың мақсаты -ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы тәжірибелеріне талдау жасау, сондай-ақ коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.

Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • «банктердің лизингтік операциялары» ұғымын нақтылау;
  • банктердің лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
  • ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығындағы коммерциялық банктер қызметтерінің жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
  • коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытуы арқылы экономиканың шағын және орта бизнестің дамуын қаржыландыру әдістерін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Зерттеу пәні коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар.

Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары жатады.

Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Т. Кларк, В. Хойер, М. Гордон, В. Д. Газман, Е. Н. Чекмарев, В. А Перов, П. А. Анреев, О. И. Лаврушин, К. Р. Тагирбеков, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Е. Б. Ширинская және өзгелер.

Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: К. Ә. Сағадиев, Қ. О. Оқаев, Ғ. С. Сейітқасымов, У. М. Искаков, Н. Н. Хамитов, А. С. Смағұлов, Т. Ә. Есіркепов, С. Б. Мақыш және т. б. еңбектерінде кездеседі.

1 Лизингтің экономикалық мәні мен мазмұны

1. 1 Лизингтің пайда болуы және даму тарихы

Лизингтің идеясы жас емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизинтік келісім-шарттар б. э. д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б. э. д. 384 / 383 - 322 ж. ж. ) “Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.

Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер жасалынды: венециандықтар сол уақытта өте қымбат болған якорьларды саудагерлер мен сауда қайықтарын жалға берді. Жүзі аяқталғаннан соң якорьлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді. Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales) .

1572 жылы Ұлыбританияда тек қана нақты лизингті қолдануға рұқсат беретін заң актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы уақытта келісім-шарт жасасқан жақтардың мүліктің нақты иесі кім екені жасырылды, ол несие берушілерді адастыру мақсатында жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін қолданылды.

Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

1930 жылдары Генри Форд өз автокөліктерін өткізу мақсатында жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік бизнестің бастамашысы ретінде Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынушы сауда агенті болды.

Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада 1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар, т. б. . АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа “лизинг” терминінің енгізілуін (ағыл. lease - жалға беру) “Белл” телефон компаниясының операцияларымен байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.

Сан-Францискода белгілі болған “United States Leasing Corporation” американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд. $, ал 80 жылдары олар110 млрд. $-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік мәміле бойынша серіктестктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық лизингке айналды.

АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметтерінің кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компания- лар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модифи- кациясы экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар “қаржы-лизингтік қоғамдар” деген атқа ие болды.

Батыс Еуропада алғашқы алғашқы қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж. ж. пайда болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, т. қ. салықтық заңнамада лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді.

Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания “Локафранс”1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең болды. Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары “Локафранс”, “Слибай”, “Локабай”, “Софимобай”, “Слиминико”, т. б. .

Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж. ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар “Ассима” ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.

60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.

Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі “АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды. Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан “қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.

КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 “бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.

1991 жылдың маусым айында халықаралық кеңес-неміс лизингтік компания “Евролизинг”құрылып, ал желтоқсан айынан бастап өз қызметін жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып, кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан - Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы “ Насиональ де Пари Банкісі”, ал неміс жағынан - Батыс Германияның ірі лизингтік компания - “Митфинанц ГмбХ” болды.

1. 2 Қазақстанда лизингтің қалыптасу және даму жолдары

Кәсіпкер өзіне қажетті құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей екі жағдайда шешім қабылдауы мүмкін: біріншіден, егер құрылғыларды лизингтік банкке алу банктік несие есебінен сатып алуға қарағанда неғұрлым тиімді болса, ал екіншіден, кәсіпкердің банктен несие алу үшін несиелік тарихы болмаса. Осы жерде лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған сәйкес банк несие беруден бас тартатын клиенттермен қосымша тәуекелділіктерге бара отырып жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді. Бұл жағдай лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.

Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығында бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдайларды ескере отырып, біз лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру үшін неғұрлым перспективті нарықтарды бөліп қрастыруды ұсынамыз.

Лизингтік қызметтер нарығы сегментердің бір белгісі ретінде лизингтік келісімдердің алынуына оның осы сегменттегі сұраныс ерекшеліктерін анықтайтындығы, ал екінші белгі ретінде лизингке алушылардың алынуына, олардың сұраныстарының сипатын анықтайтындығы әсер етті.

Енді, осы суретте көрсетілген лизингке алушы тұлғалардың әрбір типіне неғұрлым толығырақ сипаттама берейік.

Қаржыгерлердің үшінші Конгресінде ҚР-ң Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР-ң Үкіметіне және ҚР ҰБ-не индустриялдық саясат шеңберінде приоритеттікмаңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмін дамытуды тапсырғаны белгілі. Элемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік сұрақтарды шешуде шағын бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгілі. Шағын кәсіпкерлік жалпы экономиканың дамуының қозғаушы күші бола отырып, халықты жұмыспен қамту деңгейін қамтамасыз етеді және қоғам тұрақтылығының негізі - орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.

Міне осы шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлардың бірі сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады. Себебі, көптеген кәсіпорындар үшін маңызды мәселелердің бір қосымша қаражаттарының көзін іздестіру болып табылатындығы белгілі. Ал 2003 жылы қараша айындағы деректер бойынша банктік сектордан шағын бизнеске бөлініп отырған ақша қаражаттары жалпы экономикаға бөлінген несиелердің 22, 7% ғана құрап отыр. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Соңғы бес жылда коммерциялық банктерден шағын кәсіпкерлікке бөлінген несиелер 19%-ке ұлғайғанымен, оның жалпы экономикадағы үлесі салыстырмалы түрде өте төмен. Сонымен бірге, банктерден несие алу үщін клиенттерге қойылатын талаптардың қатаңдылығы шағын кәсіпорындардың негізгі өндірісін техникалық жабдықтауға несие алу мүмкіндіктерін төмендетеді. Сондықтан бүгінгі күні шағын кәсіпкерлердің пайдаланып отырған құрылғыларының көбі техникалық және моральдық жағынан да тозған.

Осы сегментке тән сипаттық белгілердің бірі-шағын кәсіпорындарды қаржыландыру күрделі қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелділігі жоғары түрі болып табылатындығы. Оның себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады.

1. Шағын кәсіпорындардың көбісінің кепілге қоятын өтімділігі жоғары мүліктері жоқ.

2. Шағын кәсіпорындарда біліктілігі жоғары мамандардың аздылығы немесе жоқтығы.

3. Қарызға алынған қаражаттардың өз мақсатына пайдалануына бақылау жүргізудің нақты мүмкіндіктерінің жоқтығы.

Осы себептерге сәйкес шағын бизнеспен жұмыс істеуге шешім қабылдаған несиелік мекемелер мынадай мәселелерге кездеседі:

1. Көптеген экономикалық қаржылық ақпараттарды талдаудағы және шағын кәсіпорындардың осы ақпараттарды берудегі кәсіби деңгейлерінің төменділігі;

2. Шағын кәсіпорындардың пайдаланатын құрылғылардың көп түрлілігі.

Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелділігінің жоғарлылығы шағын кәсіпорындар үшін банктерден берілетін несиелердің бағасы мен мерзіміне де әсерін тигізеді.

Ал, лизингтік қатынастар осындай тығырықтан шығудың бір жолы болып табылады, себебі лизингтік қатынастар кезінде несие беру үшін қажетті қамтамасыз ету мөлшеріне қойылатын талаптар банктік несиеге қарағанда салыстырмалы түрде төмен.

Біздің ойымызша, бүгінгі күні лизингтік компаниялар шағын бизнес сегментін игеруге неғұрлым көбірек ұмтылулары қажет. Ол үшін лизингтік компаниялардың ең төменгі шығындармен қамтамасыз етілетін перспективті инвестициялық жобаларды таңдаудың тиімді механизмін құру арқылы, шағын кәсіпкерлер сегментіне тән тәуекелділіктерді төмендетуге мүмкіндіктері болуы керек.

Міне осы стратегия осы сегментте белгілі бір жетістікке қол жеткізуге көмегін тигізеді.

Сонымен біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлер сегментімен лизингтік қатынастар орнатудың міндетті шарттарының бірі перспективті жобаларды таңдаудың тиімді механизмінің болуы. Осы жерде ең алдымен осы механизмнің міндеттері мен параметрлерін анықтау керек. Яғни, бір жағынан өмірлік қабілеттілігі жоқ бермеуді, ал екінші жағынан өте қатаң талаптар қою арқылы барлық жобалардың тым қатты сұрыпталуын болдырмауды ескеру қажет. Бұл жерде лизингтік компанияның лизингтік келісім-шарттарды бекіту үшін қаралатын жобалар санын тәуекелділіктерді жоғарылатпай көбейтуге, яғни көрсетілген екі талапты біріктіруге мүмкіндіктері болуы қажет.

Осындай тығырықтан шығудың бір жолы біздің ойымызша, лизингтік қатынастарға әртүрлі ұйымдарды тарту арқылы қаржыландырудың көптеген схемаларын құру. Бүгінгі таңда, лизингтік қатынастарға гарант ретінде мемлекеттік органдарды немесе өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары жеткізушілерді тартудың өте үлкен потенциалы бар. Себебі, қазіргі кезде мемлекет экономиканың кейбір нақты салаларын дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр.

Сонымен бірге, лизингтік компаниялар құрылғыларды тиімді басқаруды ұйымдастыру арқылы өз тәуекелділіктерін төмендете алады. Яғни, лизингтік компания өз қасиетіне тән емес қызметтерді де өзіне жартылай алуы мүмкін. Ол үшін лизингтік компания лизингтік келісімді бекіту үшін қажетті көптеген экономикалық және қаржылық ақпараттарға талдау жүргізу жұмыстарын өзі атқаруы қажет. Себебі, біз жоғарыда айтып кеткеніміздей, көптеген шағын кәсіпорындарда осындай ақпараттарды беру үшін біліктілігі жоғары мамандар аз немесе мүлдем жоқ. Бірақ осындай схема бойынша әрбір жобаны таңдау лизингтік компания үшін де қымбатқа түсетіні белгілі. Сондықтан лизингтік компания өз шығындарын азайту үшін халық шаруашылығының перспективті салалары мен бағыттарын үнемі қадағалап отыру қажет. Содан кейін ол белгілі бір жеткізушіні таңдайды және сол құрылғыларды пайдалану арқылы өндірісті жүргізудің, дамытудың есептейді. Осындай жұмыстар атқарылғаннан кейін лизингтік компания перспективтілігін толық белгілі бір құрылғыларды лизингке беру үшін конкурс жариялауы керек. Лизингтік қатынастар механизмін жетілдірудің бұндай жолын лизингтік компаниялардың қосымша қызметтерін дамыту стратегиясы деп те атауға болады. Бұл жағдайда лизингтік процесті шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1-кезең дайындық жұмыстарын жүргізу, яғни шағын кәсіпорындар үшін перспективті құрылғыларды таңдау және талдау кезеңі. Осы дайындық кезеңіеде лизингтік компаниялар өте көп жұмыстар атқаруы қажет. Ол үшін ең алдымен құрылғыларды өндірушілерден немесе т. б. көздерден шағын кәсіпорындар мен әр түрлі құрылғылар үшін перспективті нарықтар туралы ақпараттар жинақтау қажет. Осы жинақталған ақпараттардың ішінен белгілі бір белгілерге сүйене отырып құрылғылар таңдалады. Содан кейін таңдалған құрылған лизингке беру бойынша схемалар құрастырылады. Бұл жағдайда тәуекелділіктерді басқару, қаржыландыру көздерін оптимизациялау сияқты факторлар да ескерілуі қажет. Осы кезеңнің негізгі мақсаты лизингке алынған құрылғылар есебінен өндірілетін өнімдер немесе көрсетілетін қызметтерге деген төлем қабілеттілігі бар сұраныс мөлшерін бағалау. Міне осында болжам жасау кезіндегі жіберілген қателер қаржылық шығындар әкелуі мүмкін.

Егер осындай бағалау білікті түрде жүргізілсе, онда нарықтан өз орнын тапқан лизингке берілген құрылғылар есебінен отандық нарық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге тола бастайды, яғни тауарларды немесе қызметтерді сату және өткізу процестері жылдамдатылады.

Әрине, бұндай қызмет (қосымша қызметтер көрсету) лизингтік компанияның міндетіне жатпайтындығы белгілі. Сондықтан осындай сұрақтарды шешу үшін басқа ұйымдардың қызметтеріне сүйену қажет болады. Бұл жерде көптеген жұмыстарды жеткізушілердің өздері орындауы да мүмкін. Себебі, олар өз құрылғыларының нарығымен, оның болашағымен, өздерінің потенциалды клиенттерімен неғұрлым жақсы таныс.

Сондықтан олар лизингтік компаниялар үшін мейлінше толық ақпараттар бере алады. Осы механизмге лизингтік компаниялар мен құрылғыны сатушылар немесе өндірушілердің бір-біріне жақындасуы да үлкен қозғау салуы мүмкін. Осындай схеманың негізінде лизингтік компанияның құрылғыларды сатушылармен қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру идеясы жатыр. Құбірлесіп жұмыс істеу өз атынан болмаса да жарнамалау ұсыну мүмкіндіктерін тудырады.

Осындай механизмді пайдалану кезінде лизингтік компанияға төмендегідей сипаттамаларға жауап беретін құрылғылармен жұмыс істеу неғұрлым тиімді деп ойлаймыз:

- құрылғының стандарттылығы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг берушіде лизингтік операциялар аудитінің бағдарламасы
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Форфейтинг операциялары
Банктің қаржылық операциялары
Қазақстандағы лизингтік операциялар нарығының болашағы
Лизингтік мәміледе опционның болуы
Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
Қазақстан Республикасындағы белсенді лизингтік компаниялар
Лизинг жайлы
Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz