Нейролингвистикалық бағдарламалау


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Психологтарының Ұлттық Ассоциациясының
« Жеке тұлғалық жетілу» Консалтингттік орталығы
семинар -тренинг
« Нейролингвистикалық бағдарламалау»
Нейро-лингвистикалық Бағдарламалаудың (НЛБ) негізін салушы Американдық Джон Гриндер, америка университетінде математикалық лингвистикадан дәріс берген, оның шәкірттерінің бірі Ричард Бендлер . НЛБ ғылыми пән есебінде зерттелуі жас, алғашқы кітап жетпісінші жылдары жарық көрген . Бұл ғылымның Ресейге келуі 1989 жылы болса, ал Қазақстан жеріне 1998 жылы, яғни 20 ғасырдың соңғы жылдары келген. НЛБ -ның алғашқы қалыптасуы моделдеу деп аталды. Адамдар қалай ойлайды, олар қалай қимылға келеді көмектесетін аймақтарын түсінуді қарастырды, ол (Нейро) деген физиологиялық және ( лингвистикалық) сөздік ( бағдар- ламалау) алгоритм және модель болып табылады. Алғаш НЛБ американдық психотерапевтерде жұмысты моделдерге бөлуге арнайы қолданылды. НЛБ- ның алғашқы модель - техникалары формалы тәсілдер құрады. Бұл НЛБ арқылы психологияға енуге жылдам көмек. Кейінірек НЛБ мен айналысқандар Аристотельден бастап, Уолт Диснеймен аяқталады.
НЛБ -дегеніміз не…. . Оған көптеген түсініктер берілген . Соның қазіргі таңда төрт түрі қолданылуда :
- Психокоррекцияға техника жиынтығы . « Де-факто» көп таралған түрі, нарықтық заманда «НЛБ-практик», «НЛБ- мастер», «НЛБ-бизнес» Бұл техникалар психокоррекциялық дамыту болып табылады .
- Манипуляцияға тәсілдер жиынтығы. Семинарларда психокоррекциялық техникалар айла- амалдары, қысқа мерзімді мән беретін жағдайлар . Оның стратегиясы қатынас сипатына жаман әсер етеді және мәселелер туғызады, алдымен өздері қорқа бастайды бізді де басқарып кетпесе деген ой туындайды.
- Когнитивті психологияға бағыт. Назар аударатын жайт моделдеу идеясымен байланыста адамдардағы когнитивті стратегия, сол моделдерді пайдалана отырып, түрлі аймақтарда жетістікке жете білуі.
НЛБ тәртіп аралық тілде бейнелеуі, әлеуметтік -экономикалық және гуманитарлы технология. Топтың ішкі және сыртқы мәнді жетістікке көтерілуі, топ ішінде ұзақ мерзімді қатынастың қалыптасуы. Оның мақсаты төмендегідей
- Ішкі және сыртқы коммуникацияда мәнділікті және ойлауды көтеру.
- Келісім шартқа отырарда коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру.
- Жеке коммуникациялық дағдыларды дамыту.
Жалпы жүйе координаты.
Нейро- Лингвистикалық Бағдарламалау (НЛБ) - жалпы математика пәніне жақындау келеді. Математика тілі модель жасауға ыңғайлы (химия, физика, астрономия), сондықтан да осындай тілді меңгерген адамдарға, бұл аймақты меңгеру түсінігі оңай болады.
НЛБ- бірыңғай жүйеде түрлі коммуникацияны береді.
( маркетинг, психология, педагогика т. б) Менеджмент, бизнес құрылымында :келіссөз, сату, жарнама т. б терминдер -ішкі коммуникацияда басқару тактикасы мен стратегиясы. Кез-келген мекемеде коммуникация өзара -қатынас дамуы ішкі және сыртқы тапсырысқа тәуелді.
НЛБ-ақпарат беру моделі
Біз қоршаған ортаны сезім мүшелер көмегімен қабылдаймыз (көру, есту, сипау, дәм, тері) Бізге бір мезгілде екі миллион ақпарат бірлігі келіп қабылданады, соның қайсысы маңызды, қайсысы маңызды емес фильтірден құндылығы өткізіледі. Филтрден өткен ақпарат біздің ішкі картамызда бейне, дыбыс, иіс және дәм болып қалыптасады.
Ішкі карта және физиология «өмір сүру жағдайын» құрастырады, онда ақыл-ой және көңіл-күй деңгейілері біздің жағдайымыздан хабар береді. Біздің жағдайымыз мінез-құлқымызға әсер етіп нәтижесін көрсетеді. Мінез-құлықтың икемділігін көтеру үшін алдымен ақыл және дене жағдайын басқара білуіміз керек, оны түсінуіміз қажет.
Коммуникацияда санада және бейсанада сенімге ену.
Сенімге енуде адам әрекеті арқылы болжам жасауға болады, ол әрекет сіздің күткен әрекетіңізбен сәйкес келеді ме, қаншалықты сәйкес болса, соншалықты сенімге ену болып табылады. Ол санада сенімге ену арқылы анықтау дегеніміз, ол адамды алдын -ала білесіз сол арқылы болуы мүмкін . Ал бейсаналық сенім, өз адамым деп іштей қабылдау, ол бұрын білуді қажет етпейді. Ол қаншалықты сізге ұқсас, ішкі әлемі сіздің әлеміңізбен бірігеді қарым-қатынаста ең бастысы осы. Американдық психологтар есептеуінше вербальды, қарым-қатынаста сөздік ақпарат1/6 құрайды, ал денелік тіл (интонация, қарқын, екпін, тыныс алу ) сөздік емес 5/6 яғни 55% (қимыл, мимика) , 38% -дауыс (қарқыны, тембрі, ырғағы) , ал 7% өз сөзі сонда вербальды бөлімге 5-20 % ақпарат береді, ал қалғандары вербальды емес бөлімге жатады.
Вербальды
емес
вербалды коммуникация
Біз ескермейтін бөлім қарым-қатынаста өте көп мағлұмат береді. Бізді кішкентайымыздан үлкеннің сөзін бөлме, үлкеннен кейін сөйле, қонақты тыңда дегені алдымен сол алдындағы кісіні қабылда және өзің қабылдан дегені екені қазір байқасақ соған алып келеді. Егер біздің санамыз бір нәрсені айтса, ал бейсана басқа нәрседен хабар беруі мүмкін Санамыз логикалы түсінік береді, ал бейсана көп нәрсені ашып береді, сондықтан жақсы адамның қасымызда болғаны және тез кеткені сонымен чемоданның кеткенін білмей қалатынымыз бар.
Құндылықтар
- Біздің әрқайсымызда мәнді зат, өмірдегі басты нәрсе немесе өмірдің мәні болып табылатын түсініктер бар. Біреу үшін ол Құдай, ал біреу үшін жан, тән тағы басқалар үшін әр түрлі жетістік, ақша, отбасы және т. б. Сіз үшін ең басты құндылық не соны жазып шықсаңыз, ол 5 немесе7 құндылықтан кем болмасын, іске сәт.
- Топқа бөлініп 5-6 адамнан бірге қарастыру. Сіздер үшін ең басты құндылық не болып табылады, бірлесе талқылаңыздар, бірге сәйкес келген құндылықтарды келісе отырып ортаға салыңыздар. Біреулеріңіз ортада баяндайсыздар.
- Құндылыққа басты нені қарастырады осы мәнінде, оның ішкі тәжірибесіндегі ой қажет емес. Сіздерден өтінеріміз бір -бірлеріңізді мұқият және қызыға тыңдаңыздар. Сізге міндет артпаймыз, ол қай жағынан дұрыс айтпай жатыр деген, сіздерде тек сол сөзді ол адам қалай, қай жағынан түсінеді деген көз-қарасты кеңейту және бір-бірлеріңізді тыңдауда мейірімділік танытуға шақырамыз.
Қарым -қатынаста НЛБ шарты үш бөлімге бөлінеді.
- Колибровка (мұқияттылық) Қалай сөйлейді, қандай қимыл-қозғалысқа түседі. Колибровка -адамды нақты қабылдау, адамның қазір осы жердегі жағдайын аңғару және көре білу. Колибровканы қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес бөлімі құрайды. Адамның сөзді қалай қолдануы ол сана, ал қимылы, дауысы соның шынайы ма, әлде жалғандығынан хабар аласыз. Сіздің осы уақытқа дейін көңіл бөлмей келген жағдайды ескеруге тура келеді.
- Подстойка(ұқсастану) Адамға жақын болу үшін бейсаналық деңгейге көп ден қоя біліңіз, яғни бейсаналық сенімге ену. Ол үшін көп жағдайда оның әрекетінің көшірмесін жасауға тура келеді, ол мазмұнға да әсерін тигізеді.
- Ведение(алып кету) . Алдымен сіз адамға қарай бейімделдіңіз, енді сіз оны алып кетіңіз( қимыл-қозғалысыңызды сізжің, ол қайталайтын болады) осы кезде ойды да керек жағыңызға бейімдеу.
Колибровка- мұқият бақылау және «өлшеу»/ санау/ адамның түрлі жағдай құбылысының сыртқы берілуін талдау болып табылады. Біз екінші адамның қандай көңіл күйде, не сезініп тұрғанын бақылауда : бет пішінің түсіне қарай, көз-қарасы, дауысы, дене қимылы және тыныс алуы бойынша анықтай аламыз. Колибровка(М) әңгіме барысында адамның жағдайының өзгергенін сұрамай -ақ бақылау арқылы ескеруге мүмкін болады. Сөйлесу кезінде адамға ыңғайлы болса кішкене жүзінде жылылық байқалады, қызарыңқылайды, ал жағымсыз болса беті сұрланып қабағы шытылады. Егер адам маған бірнеше күн ойлану керек деген күннің өзінде осы белгілерге көңіл бөлу қажет және талдайық .
Жаттығу «Колибровка-мұқияттылық»
Екі адаммен бірге жүргізіледі.
- Әріптесіңізден өтініңіз, өзіне ұнайтын адамын еске түсіруді, ал сіз осы кезде ол адам қандай қылық жасайды, көзінің қозғалысы, дене қимылы т. б. Тыныс алуы терең бе әлде жеңіл ме, жиі ме, әлде сирекпе, жоғары ма, әлде төмен бе мұқият, бақылап отырыңыз. Әлсіз себептерге де ден қойыңыз, ол ішкі ойдың мазмұны болып табылады.
- Өзіне ұнамайтын адамды еске түсіруін өтіну.
- Екі жағдайдың қандай болатынын меңгердіңіз, енді сізге еске түсіруді анықтау, ол жағымды немесе жағымсыз адам туралы есіне алып отырғанын, бірнеше рет орнын ауыстыру арқылы қайталап, іскерлігіңізді тереңдету. Дене индикаторы (өлшеу аспабы) кімді ойлағаны туралы айтсаңыз бейсанадағы әрекетке қызығатын боласыз . Егер сіз сүйіктіңізге дүкенге барып келуді өтінсеңіз, ол жауап бермей жатып оның қимылы арқылы «иә» немесе «жоқ» ойдың соңғы қадамын аңғарасыз Біз тек; дене, ой, және тіл арқылы күрделі байланысты анықтай аламыз. Сізде бұрынғы тәжірибеңізде болуы мүмкін, өтірік айтып отырған адамды анықтай алуыңыз, осындай тәжірибені біртіндеп дамытып, мол жинақтай алсаңыз өзіңізге көп көмегі тиетін болады. Жаттығу, дағдылану деңгейіне қарай әлсіз көрінбейтін жағын анықтай алатын боласыз.
Адамдарды зерттей отырып, кез-келген адам ; ол спортсмен немесе бизнесмен болсын барлығының үш жағдайды жақсы жасай алатынын байқайсыз:
- Дәл қазіргі жағдайда қандай нәтиже беретіні немесе алғысы келетіні туралы түсінігі болады, сондай-ақ анық біледі, елестете алады.
- Соңғы нәтижеге жету үшін, сол жолдағы әрекетке олар сондай сезімтал және мұқият келеді .
- Өз қалауына жету үшін, қаншалықты икемделу керек болса соншалықты деңгейге түсе алады.
Оны үш сөздің көмегіне жатқызамыз: МАҚСАТ, СЕЗІМТАЛДЫҚ, ИКЕМДІЛІК.
Конгруэнтность-сәйкестілік.
Конгруэнтность- сәйкестілік -ақпарат моделі, ол вербальды және вербалды емес ақпараттың сәйкес келуі, адам қай кезде сөзі мен ым-ишарасы бірге «иә» деуге келуі. Коммуникацияны бәсекеге жарамайды деп те атайды, онда қарама -қарсы ақпарат алу сөз «иә » деуі мүмкін, ал дене «жоқ» деуі мүмкін. Грегори Бэйтсон моделін алғашқыдасәйкестікке жетпейтін ақпарат моделі, ол тек бейсанадағы әрекетке сенуге болады делінген. Ал Джон Гриндер мен Ричард Бэндлер көрсеткіштері вербальды емес реакция қарама -қарсылықты туғызады, ондай жағдайда ішкі қақтығысты аңғаруымыз қажет. Сондықтан әрбір ақпарат тасқыны өз моделінде дұрыс болуы; адамда бір мезгілде бірнеше моделі бірігуі мүмкін(көз-қарасы, пікірі, өмірлік өлшеуі) олар бір-біріне кері әсер етуі мүмкін, сондықтан барлық ақпарат тасқынына сенуге болады. Адам бір уақытта жақсы көруі де немесе жек көрі де мүмкін. Сәйкессіздік жағдайында адамдармен қарым-қатынасқа түскенде, соңында шаршау немесе ашушаңдық байқалады. Ал сәйкестілік қабілетті адаммен қарым-қатынастан кейін көңілділік, бүтіндік сезім пайда болады. Сондықтан сәйкестену реакциясын туғыза біліңіздер.
Ақпарат фильтрі: Бізге ақпараттан құндылық пен көз-жеткізуді іздеу мен ескеруде маңызды нәрселерді ұстауда, пайдалы ақпаратты жіберіп аламыз.
Репрезентативті жүйелер
Біздің ойлайтын жағдайымыз саналы және бейсанада: бейне, дыбыс, түйсіну, дәм және иіс деңгейінде қайта жасалынады. Біз сезім мүшелерімізді қолдануымыз сыртқы жағдай, әлемді қабылдауымыз, ал ішкі жағдай өз-өзімізбен уайымдауымыз. НЛБ-да миымызда ақпаратты алуымыз, сақтауымыз -сурет, бейне иіс түрінде -репрезентативті жүйе түрінде бізге танымал. Ол визуалды, аудиалды, кинестетикалық жүйелер. 1. Визуалды(В) жүйе ол біздің көретініміз ; бейне, сурет, кино . 2. Аудиалды (А) жүйе, біздің естуіміз ; сөйлеуді, дыбысты, желді, сондай-ақ дауыс қарқыны, екпіні, дауыс жоғарылығы т. б.
3. Кинеститикалық (К) жүйе грек тілінен аударма«кинес»-« тело-дене» мағынасында Біздің сезінуіміз . Оған жататын иіс және дәм Кинеститиканы үшке бөліп қарастырады:тактильді -тері арқылы сезіну; ішкі -бұлшық ет, асқазан бұлшық етін сезінуі; мета - (түйсінуі - бағалау) сезімі, хабар арқылы қатынас; (қуаныш, сүйіспеншілік, бақыт, қайғы және т. б. ) Мета -түйсінуі -ол көкірек айналасында немесе бас пен мойын арасын алады. Кинестетикалықты бес бөлімге бөліп қарасақ нақтырақ түсінікті болады:1. Дәм; 2. Иіс; 3. Тері сезінуі (сипау арқылы) ; 4. Ішкі бұлшық ет, жылыны, суықты сезінуі; 5. Мета -түйсіну-; қуану, қайғыру, бақыт, сүю арқылы түйсінуді бағалау.
Әдетте адамда бір жолға қарай бағытталады. Ең қызықтысы адам осы жолдың бірін таңдайды, ал қалғандары қосымша қызмет атқарады. Егер адам визуал болса, ол еш нәрсені естімейді, сезінбейді деген емес, онда көру өте маңызды
орын алады. Көру кілті оңқайларға байланысты.
Оң жағы көру бейнесін сол жағы еске құрастыруда (В) түсіреді(В)
Құрастыру тәжибе
А) жүйеде А-жүйе
Сезімге жол ішкі Қайта құруда, еске түсіруде диалог диалог диалог(бар тәжір
Солақайларда көз деңгейі керісінше болады. Көзді анықтауда сол орналасқан жолдарда байқалады. Визуалдар тек көзі ойланғанда төбеге, яғни жоғары деңгейді ұстайды.
Аудиалдар көзі ортада оңға солға қимыл қозғалыста жүреді . Кинестетиктерде көзі төменде оң жақ және сол жақта жүреді. Көзді жиыру маған қара және тыңда дегенді білдірсе, ал көзді жұму, иәс пен дәмді сезінуді білдіреді, басқа жолдар тыныс алу, дауыс қарқыны, жылдамдығы, қоғамдық ортаға қатынасы, қимылы т. б.
Раппорт. Ұқсастану және алып кету
Ұқсастану (подстройка) Адамдармен жақсы байланыс жасау үшін, ол адаммен алдын-ала таныс болудың қажеті жоқ. Есіңізге түсіріңіз сіздің өміріңізде таныс емес адаммен бірден достық қатынасқа түскен жайттар кездесуі ықтимал, сондықтан кей адамдар сізбен әп-сәтте, яғни тез арада сенімізге кіреді. Екеуіңізде бірдей ортақ, жалпы бірдей нәрсе болуы мүмкін . Ол жалпы ортақ нәрсе не ?
Ол әсерлігі, тартымдылығы, коммуникацияға тез түсүі т. б. Нақты бөліп қарау қиынға соғады және оның қажеті де жоқ. Әрекет негізі өзара ұқсастықта емес, сізбен ұқсас келуі. Мыс: достар арасында жалпы ұқсастық; әдет, көз-қарас, өмір сүруі т. б. сол арқылы жақсы қарым-қатынасқа түсе алады. Егер сіз сол адаммен таныс емессіз, бірінші көруіңіз болса онда жағдай қандай болмақ ? Мектепте физика курсында физикалық көлемін эталонмен салыстырады. Эталон адам туралы баға беру . алғашқы қортынды инстинкті өтеді, ол қауіпсіз: осы адамға қаншалықты сене аласыз, сізге қандай қауіп туғызуы мүмкін. Бұрынғы тәжірибедегі дағдыны біз санадан тыс қолданамыз. Жануарларда үйір болып бірге жүреді, себебі оларға азық, қорғану т. б. бірге болуды таңдаған . Ал адамдарда бірге болу отбасын құру, ұжымда жұмыс атқару бір-бірін түсінісу мен мәнді әрекет жасау үшін, ал НЛБ-да осы түсінісуде ұқсастануды қолданады. Ұқсастану -соған ұқсас болу, ол әріптес әлемімен бірігу, мәнді байланыс түзу үшін қажет. Біз бір тілде сөйлесек, бір-бірімізді түсінетін боламыз. Ұқсастануды екі радио немесе рация бір ағыстағы ақпаратты екеуі де ұстауы мүмкін, сол сияқты адамдар қарым-қатынаста бір-бірін жақсы түсінсе «дене» жағынан ұқсастанса ( қимыл, дауыс жағынан қарқыны, екпіні, тыныс алуы ) жалпы соның әрекетін артынша қайталау, яғни айнаға түсіру. Ұқсастану санадан тыс болады, егер сананы ұқсата білсе сенім сезімі, түсінісу, кәсіби бірігу пайда болады. «Ұқсастану » сөзінің синонимдері ; бірігу, сенімге ену, айнаға түсіру. Ұқсастану әр түрлі болып келеді, сөйлеген сөзін (вербальды) , сондай-ақ қимыл, ым-ишара, тыныс алу деңгейі ( вербальды емес) деңгейде қарастырылады. Вербалды емес түріне үлкен мән беріледі, негізгі ұқсастану ырғаққа түсу, онсыз өзара қимыл болмайды . Ырғақ- дауыс ырғағы, тыныс жолы, қимылы. Сондықтан танысу кешінде би ырғағы арқылы адамдар бір-бірін қалайтынын еске түсіріп өтсек түсінікті болар еді. Вербалды емес ұқсастану -санадан тыс жүретін процесс, яғни санадан тыс сенімге ену. Сенімге ену әрекеттің барлық түрінде жетістікке әкеледі. Алдымен ұқсастану артынан өз жетегімізге алып кету. Ұқсастану, бірігуге нақты тағы бір тоқталып өтсек;
- Дене бітіміне қарай; дене қимылын қайталау, ал айна сияқты.
- Ым-ишара; соның ым-ишарасын қайталау, егерде ол қолданбаса қолданудың қажеті жоқ.
- Тыныс; тыныс алуда сол ырғақты қайталау.
- Қимыл; сол жылдамдықты әрекетте де дауыс қарқынында да бірдей деңгейді ұстану. Егер әріптесінің ым-ишараны тез әрі өте жиі қолданса өз ырғағыңызды төмендету. Қандай уақытта да сіздің көңіл-күйіңіз әріптесіңізге беріліп отырады, сондықтан қасыңыздағы адамды қысымға алмайын десеңіз, қысылудың қажеті жоқ.
- Дауыс ; әріптесіңіз қандай дауыс қарқынын алса сіз де сол деңгейді ұстаныңыз, ол қатты бастаса, сізде қатты бастап, артынша өз дауысыңызды бәсеңдетіңіз, өзіңізді жеңіл ұстаңыз, сонда әріптесіңіз де біртіндеп бәсеңдеп, жеңілдейді және қатынас қақтығысқа кетпей тұрып, жағдайды өзіңіз бақылап реттеп отырыңызға мүмкін болады.
- Мәтін; әріптесіңіз сөйлегенінде қандай сөздерді қолданды сол сөздерді қайталай отырып, өз сөйлеміңізді құраңыз.
- Жағдайға байланысты ; әріптесіңіздің қандай нәрсені ұнатады шәй, кофе, кітаптардан, музыкадан, саясаттан т. б. жайлап бақылау жасау, сұрақ түрінде қойсаңыз ; өзі ұнатқан тақырыпты кең ашуды жөн көреді сол тақырыпты сізде кеңінен ашуды жоспарлаңыз.
- Адамдардың 80-95% өз есімін атағанды ұнатады сондықтан сөз арасында әріптесіңіздің атын қоса отырып сауал жолдаңыз, ұмытып қалсаңыз, әріптесіңіздің есімін қайталап сұраудан қысылмай параққа жазып алып, қайта қарап, көбірек есімін қосып отырыңыз. ІӘрбір есімге байланысты танымал адамдармен аттас екендігіне тоқтала, олардың бойындағы жақсы, жағымды қасиеттердің әріптесіңіздің бойынан табылып отырғанын айта тырып олардың алғырттығын, парасаттылығын салмақтай, көркем әңгімеге бай болыңыз.
Реттелу типтері;
Ұқсастану жетекші типін анықтау арқылы реттелінеді ; эмоциясы, логикасы және сыншылдығы; немесе көз-қарас
«бала», «ата-ана», «үлкендер» трансакты талдау бойынша қарастырылады. Егер біз қарым-қатынасқа түскен адам «логик» болса, онда логикалық аргументтерге, фактыларға сүйене отырып сөйлем жинақы және «құрғақ» құрастыруымыз. Ал эмоционалды адам болса, онда біз қимыл-қозғалысымызды белсенді етіп, «ашық»жестерді жиі қолданамыз. Сыншыл адамдармен қатынаста, әңгімеміз де сыннан басталуы «жоғары » деген көз-қарасты ұстанамыз.
Репрезентативті жүйесі жетекші түрінде ;
Ол жүйелер ; визуалды, аудиалды, кинестетикалық деңгейде бірігу.
«визуалды »-адамдарда осы жүйе жетекші болса (көру) ; олар жеңіл түрде сурет, бейне, түстер туралы сөздерді қосып сөйлейді; көру, қарау, көз-қарас, ашық, қайта -қарау; олар болған оқиғаның барлық бейнесін, суретін береді . Ал сізден қажет етілетін деңгей соның ана «тілі »
визуалды ма соны жалғастыру болып табылады.
«аудиалды» -жетекші (есту) жүйеде; олар сөз ырғағына сезімтал; есту, айту, әңгіме, қатты, айқай, шулы сөйлескенде соның сөздерін өзіне қайта қолдана білу.
«кинестетик»- жетекші (дене, тән) жүйесі ; тері арқылы сезінеді; сезіну, жағымды, жылы, тез, жеңіл, еркін, ыңғайлы сөздерін қолданады. Сөйлеу дене тілі болуы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz