Мемлекеттік бюджет шығындары және оны реттеу механизмі



КІРІСПЕ

1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОСПАРЛАУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1 Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесінің жалпы сипаттамасы
1.2 Қазақстандағы мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен реттеудің
теориялық және әдістемелік негізі

2. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
МЕХАНИЗМІ
2.1 Мемлекеттік бюджет шығындарының экономикалық мәні, құрамы
және жіктелуі
2.2 Мемлекет бюджеті шығындарының 2008.2010 жылдарға
арналған болжамын талдау

3. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ
3.1 бюджетті басқаруды жетілдіру және оның әлеуетінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
3.2. Мемлекеттік бюджетті бақылау және реттеу механизмі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әлемде нарықтық қатынастардың бұлжымастығын шайқалтқан қаржы дағдарысы олардың даму стратегиясына жаңаша ой жүгіртуге, мемлекеттік басқару тетіктерін қайта қарауға және нарық қатынастарына сай зер салуға мәжбүр етті.
Қазіргі күні әлемдік экономикалық қатынастарды жаңаша таразылау қажеттілігі анық болып отыр. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үстіміздегі жылдың 6 наурызындағы кезекті Жолдауы осының негізін қалады. Мұнда Мемлекет басшысы экономикалық құлдыраудың, одан әрі дамудың негізін айқындап береді [1].
2009-2011 жылға арналған қолданыстағы бюджетті нақтылау және Елбасы Жолдауының тұжырымдарын іске асыру барысында жекелеген шығыстарды жалпы сомасы 297,4 миллиард теңгеге арттыру көзделуде [2].
Мемлекет басшысының Жолдауында Ұлттық қорға ағымдағы барлық түсімдер екі жыл бойы дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін нысаналы трансферттер түрінде толығымен бюджетке жіберілетіндігі жарияланды. Екінші көзі бюджеттің өз ішішнен табылды. Үкімет оны бюджеттің жекелеген шығыстарын оңтайландыру есебінен іске асыруды ұсынды.
Курстық жұмыстың өзектілігі сол, мұнда қаржылық дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігі мен оны реттеу механизмі, тұрақты бюджетаралық қатынастарды қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджеттерге неғұрлым тұрақты көздерді қарастыру мәселелерін қарастырады.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына «Қазақстан – 2030» Жолдауында: «Көркею, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайының жақсаруы мемлекетіміздің ең маңызды мәселелерінің бірі, қазіргі заманға сай нәтижелі мемлекеттік қызмет орнын және мемлекеттік басқарма құрылымын құру» деп көрсеткен. [3, 4б].
Мемлекеттік қызметті орындау мемлекеттік материалдың және еңбек ресурстарын нәтижелі пайдалануды және бюджеттік құралды дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен тұрғындарға максимальды түрде жақын болуы керек.
1 «Қазақстан Республикасының Конституциясы» ҚР Заңы, 1995ж. 30 тамыз (1998ж. 7 қазандағы өзгертулер және толықтырулармен)
2 Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. //Егемен Қазақстан, 5 желтоқсан 2008жыл.
3 «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы, 2008 жыл 4 желтоқсан.
4 Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары (сәйкес жылға) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы.
5 Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңы.
6 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті туралы қағида.
7 Бабич A.M., Павлова Л.Н. Государственные и муниципальные финансы: Учебник для вузов. — М.: Финансы, ЮНИТИ, 1999. - 687с.
8 Вавилов Ю.Я. Государственный долг. Учебное пособие для вузов. — М.: Перспектива, 2000. - 101с.
9 Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Кахазстана. - Алматы: Каржы- каражат, 1995.
10 Омирбаев С.М. Налоги и налогооблажение. Учебное пособие. Караганда, КарГУ, 1999.
11 Омирбаев С.М. Финансы. Учебное пособие для вузов. -Астана:2003.
12 Ілиясов Қ.Қ; Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. Алматы - 2003ж.
13 Сумароков В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования. — М.: Финансы и статистика, 1996.-224с.
14 Булгакбаев Б. Налоги, которые мы выбираем и от которых бежим: [Налоговая система в Казахстане] // Юридическая газета - 2003 г. - 17 июля.
15 Дуканич Л. В. «Налоги и налогообложение». Ростов-на-Дону. Феникс. 2002 г.
16 Есенбаев М. Залог благополучия страны: (Налоги: территория и практика) // Финансы Казахстана - 2002 - № 4.
17 Каможнова Е. Финансовая система: какой же она должна быть? // Казахстан: Экономика и жизнь - 2003 -№3-4.
18 Мусинов С. М. Налоги с населения Республики Казахстана. Алматы: «Каржы Каражат», 2005 г.
19 "Налоги" по редакцией Д.Г. Черника. Москва 2001 г.
20 Поздняков Б. Налоги в Казахстане // Эко - 2001 №1.
21 Прохоров Е. Основы государства и права Республики Казахстан. Алматы, 2000 г.
22 Сабиров И. Налоговый кодекс: не лучше ли его доработать? [Проект] // Экспресс - 2000- 28 марта.
23 «Салықтар және басқада міндетті бюджеттік төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 12 маусым 2001ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Мемлекеттік бюджет және оны жоспарлау мен реттеудің теориялық және
әдістемелік негізі
1.1 Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесінің жалпы сипаттамасы
1.2 Қазақстандағы мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен реттеудің
теориялық және әдістемелік негізі

2. Мемлекеттік бюджет шығындары және оны реттеу
механизмі
2.1 Мемлекеттік бюджет шығындарының экономикалық мәні, құрамы
және жіктелуі
2.2 Мемлекет бюджеті шығындарының 2008-2010 жылдарға
арналған болжамын талдау

3. Мемлекеттік бюджетті басқаруды жетілдіру, бақылау және реттеу механизмі
3.1 бюджетті басқаруды жетілдіру және оның әлеуетінің тұрақтылығын
қамтамасыз ету
3.2. Мемлекеттік бюджетті бақылау және реттеу механизмі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Әлемде нарықтық қатынастардың бұлжымастығын шайқалтқан қаржы дағдарысы
олардың даму стратегиясына жаңаша ой жүгіртуге, мемлекеттік басқару
тетіктерін қайта қарауға және нарық қатынастарына сай зер салуға мәжбүр
етті.
Қазіргі күні әлемдік экономикалық қатынастарды жаңаша таразылау
қажеттілігі анық болып отыр. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына
үстіміздегі жылдың 6 наурызындағы кезекті Жолдауы осының негізін қалады.
Мұнда Мемлекет басшысы экономикалық құлдыраудың, одан әрі дамудың негізін
айқындап береді [1].
2009-2011 жылға арналған қолданыстағы бюджетті нақтылау және Елбасы
Жолдауының тұжырымдарын іске асыру барысында жекелеген шығыстарды жалпы
сомасы 297,4 миллиард теңгеге арттыру көзделуде [2].
Мемлекет басшысының Жолдауында Ұлттық қорға ағымдағы барлық түсімдер
екі жыл бойы дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін нысаналы
трансферттер түрінде толығымен бюджетке жіберілетіндігі жарияланды. Екінші
көзі бюджеттің өз ішішнен табылды. Үкімет оны бюджеттің жекелеген
шығыстарын оңтайландыру есебінен іске асыруды ұсынды.
Курстық жұмыстың өзектілігі сол, мұнда қаржылық дағдарыс жағдайындағы
мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігі мен оны реттеу механизмі, тұрақты
бюджетаралық қатынастарды қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджеттерге неғұрлым
тұрақты көздерді қарастыру мәселелерін қарастырады.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына Қазақстан – 2030
Жолдауында: Көркею, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс
жағдайының жақсаруы мемлекетіміздің ең маңызды мәселелерінің бірі, қазіргі
заманға сай нәтижелі мемлекеттік қызмет орнын және мемлекеттік басқарма
құрылымын құру деп көрсеткен. [3, 4б].
Мемлекеттік қызметті орындау мемлекеттік материалдың және еңбек
ресурстарын нәтижелі пайдалануды және бюджеттік құралды дұрыс пайдалануды
қамтамасыз ету мақсатымен тұрғындарға максимальды түрде жақын болуы керек.
Бюджет, олармен өз қызметін мемлекеттік саясаттық шараны іске асыруының
орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттің негізгі құралы болып табылады.
Сондықтан да, тұрақтылыққа негізделген, оларға салынған қызметтің іске
асуына және қарым-қатынастың адалдығына, сондай-ақ бюджеттік саясаттың
жүзеге асуына ықпалын тигізу үшін және мемлекеттік басқарма деңгейінің
барлығын жеткілікті қаржылық құрал мен қамтамасыз ету үшін бюджетаралық
қатынастың оңтайлы моделін түрлендіру талап етілуде.
Қазіргі уақытта, нарықтық қатынастарды орнату жағдайда, жергілікті
органдардың қызмет шеңбері кеңеюде, әрі олар әлеуметтік, экономикалық,
экологиялық, көші-қондық мәселелерді өздері шешу мүмкіндіктері тууда.
Еліміздің іс-әрекеті бюджеттік шығындармен тура байланысты. Бюджеттік
шығындар – ол экономикалық қатынастарға қаржы құралдарының бөлінуі.
Мемлекеттік бюджет шығындары жергілікті өкімет органдарымен және
маслихатпен басқарылады және қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының
Бюджеттік кодексі заңымен қатар ҚР жергілікті өкілетті және орындаушы
органдары туралы заңымен де реттеледі. Қазақстан Республикаында жүйелік
бағытына ие ұзақ мерзімді стратегия және даму басымдылығы анықталған.
Бюджетті жоспарлауда бюджетті әзірлеу бағдарламасының және мемлекеттік
шығындарды жоспарлаудың үлкен маңызы бар.
Коммерциялық емес қызметтерді қаржыландыру ерекшелігі, жеке меншік
қаламайтын немесе қамтамасыз ете алмайтын, мекеме немесе ұйымның
қарастырылған шығындары жарғымен немесе басқа да бекітілген құжатпен іске
асырылады.
Бюджет мемлекеттік саяси шараларды іске асыруда, өзінің қызметтерін
атқаруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі құралы болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – мемлекеттік бюджет шығындары және оны реттеу
мханизмін, бюджеттердің бүгінгі күнгі маңызы мен оны басқару жүйесінің
басым бағыттарын анықтап, оның одан әрі жетілдіру жолдарын табу және
зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің теориялық және
әдістемелік негіздерін зерттеу;
- Мемлекеттік бюджеттiң жобасын қарау және бекiту тәртібін қарастыру;
- Мемлекеттік бюджеттің шығындар бөлігін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджетті жетілдіру жолдарын
қарастыру.
Тақырыптың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде заң актілері, ҚР
Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік
ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды. Курстық жұмысқа А. Манап, Ә.
Байысова, С. Мақыш, О. Сәбден, Г. Сейітқасымов, К. Шаяхметова, Г.
Әбдірайымова, Ә. Шелекбай, Н. Әлмерекеов, Л. Шматько, Э. Тихонова, Г.
Папирян, Н. Кабушкин, Г. Бондаренко, А. Чудновский, А. Романов, О.
Ефимова тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген
мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды, сондай-ақ, Ел
басының жыл сайынғы халыққа Жолдаулары, сондай–ақ, ағымдық баспасөз
беттерінде жарияланған мақалалар мен статистикалық мәліметтер қолданылды.

1. Мемлекеттік бюджет және оны жоспарлау мен реттеудің теориялық және
әдістемелік негізі

1.1 Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесінің жалпы сипаттамасы

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің ақшалай қаржысының
орталықтандырылған қорының кірістері мен шығыстарының осы мемлекеттің
міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы жоспары. Мемлекеттің
оперативтік қаржы жоспары ретінде ол, әдетте, бір жылға арналып
жасалды және оны мемлекеттік өкіметтің жоғары органы бекітіледі.
Кез-келген елде мемлекеттік бюджет - жалпы мемлекеттік қаржылардың,
сондай-ақ жалпы қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Ол
мемлекеттің барлық меншік нысандарының шаруашлық жүргізуші
субъектілернің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылады.
Олар экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің
қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға,
жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қолдауға, үкіметтік борышты
өтеуге, мемлекеттің материалдық және қаржы резервтерін жасауға және
басқаларға бағытталады.
Сөйтіп, құндық бөлудің айырықша бөлігі ретінде мемлкеттік бюджет
өзгеше қоғамдық арналымды орындайды - жалпымемлекеттік қажеттіліктерді
қанағттандыруға қызмет етеді.
Мемлекет бюджетінің мәні мен маңызы ол орындайтын функциялардан
көрінеді. Бюджеттің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
• ұлттық табыс пен ішкі жалпы өнімді қайта бөлу;
• экономиканы мемлекеттік реттеу және көтермелеу;
• әлеуметтік саясаты қаржымен қамтамасыз ету;
• ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын жасау және
пайдалануға бақылау жасау.
Мемлекеттік бюджеттің өсу шарттары – мемлееттік бюджет - ұлттық
табыс пен ішкі жалпы өнімді қайта бөлудің негзгі құралы. Бұл бюджет
арқылы ішкі жалпы өнімнің үштен біріне жуығы бөлінеді. Бюджет
Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды
орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере
отырып салалааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Қазақстан республикасы аумағында жалпы міндеттерді орындау үшін
мемлекеттік бюджет қалыптасады. Оның ресурстары мелекеттік мақсатты кешенді
бағдарламаларды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға
және тиісті құқықытық-нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі
бюджеттерді қамтиды.
Қазақстан Респуликасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара
байланысына негізделген және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы туралы есеппен қамтамсыз етеледі. Қаржы жылына арналған
республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті
бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер: салықтық түсімдер; салықтықемес түсімдер; негізгі
капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімі.
2) шығындар;
3) таза бюджеттік несиелеу: бюджеттік несиелеу; бюджеттік несиелерді
өтеу.
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: қаржы активтерін
сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
5) бюджет тапшылығы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар
түсімі; қарыздарды өтеу; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы мемлекеттік
бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі,
толықтығы, нақтылығы және жариялылығы қағидаттарына негізделген.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамы - әртүрлі елдердің
бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекеленген түрлерінің
саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені оларды аумақтық құрылысы
мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Унитарлық мемлекеттерде бюжет жүйесі екі буынды: мемлекеттік
бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттерді қамтиды.
Нарықтық ресурстардың сұраныс пен ұсынысқа сәйкес оңтайлы түрде
пайдалануы үшін бөлу арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізді.
Бюджеттен тыс қорлар - мемлекет оларды белгілі бір қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тарта отырып, оперативтік дербес
негізінде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану
нысандардың бірін білдіреді.
Бюджеттен тыс қорлар - кейбір қоғамдық қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін тартылатын және ұйымдық дербестігі негізінде
кешенді түрде жұмсалатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдалану
нысаны.
Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары
ретінде бола алады, себебі, біріншіден, ақшалай қаражаттарды пайдалану,
оларды жинақтау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден, инвестициядан
түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландырылатын
қосымша табыс болып табылады.
Бюджеттік сыныптама - бюджетке түсетін түсімдердің және бюджеттен
жұмсалатын шығындардың орталық атқарушы орган бекітетін атқарымдық,
идаралық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастырады.
Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар - Қаржы жүйесі бұл жүйенің әлсіз
дамыған елдермен салыстырғанда, жоғарғы дәрежеде дамыған елдерде
тезірек өсетінін және экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне
де тез үйренетінін әлемдік тәжірибе көрсетеді.
Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорларғға жататыңдар:
• Зейнетақы қоры;
• Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қоры;
• Әлеуметтік сақтандыру қоры,
( Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ).
Зейнетақы қоры - мемлекет ауқымында зейнатақымен қамсыздандыру
қаржысын басқаратын дербес қаржы - банк жүйесі.
Зейнетақы қоры кәсіпорындардың , мекемелердің ұйымдардың,
кооперативтердің, жеке еңбек қызметімен айналысушы адамдардың
сақтандыру жарналары, әскери қызметшілерге зейнетақы төлуге, балаларға
жәрдемақы төлеуге арналған республикалық бюджет, заңды және жеке
тұлғалардың ерікті жарналары, қордың коммерциялық қызметінен түскен
табыс және басқа түсімдер есебінен құралады.
Халықты жұыспен қамту мемлекеттік қоры - 1991 жылы мемлекеттік
жұмыспен қамту қызметінің төңірегінде дербес жүйе ретінде құрылған
және мемлекеттің жұмыспен қамтуға байланысты саясатын іске асыру
бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталады. Қаулымен анықталғандай,
оның қаражаты мемлекеттік бюджтеке жатпайды, ендеше ол да бюджеттен
тыс қорлар болып табылады. Соған қарамсатан 1993 жылы оның қаржылық
жағдайының жақсаруы және артық қаражаттарын бюджеттің қажетіне жұмсау
мүмкіндігіне байланысты ол бюджетке біріктіріледі. 1995 ж. мамыр
айынан бастап Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры қайтадан бюджттен тыс
қор болып шығады.
Міндетті медициналық сақтандыру қоры 1995 жылы 29 қықкүйектегі
Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1295 қаулысымен Қазақстан
Республикасы үкіметі қарама-ғында Міндетті медициналық сақтандыру қоры
құрылады. Бұл қор ҚР-сы заңдарында көзделгендей, міндетті медициналық
сақтандыру жүйесіндегі сақтан-дырылған азаматтардың сол облыстағы
мемлеттік қаржы саясатын қарастырып, сондай* ақ ол жүйенің қаржылай
тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты шараларды дайындап жүзеге
асыруға, Қазақстанның барлық аумағында сақтандырылған азаматтарға
медициналық көмек ретінде жағдай жасауға бағытталады.
1.2 Қазақстандағы мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен реттеудің
теориялық және әдістемелік негізі

Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi және Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерiн жоспарлау
жоспарланып отырған кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджет
түсiмдерiнiң көлемiн және стратегиялық мiндеттердi, басымдықты ескере
отырып әрi мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес
олардың пайдаланылу бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу
процесi болып табылады.
Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына арналған
бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған
бюджеттiң болжамы жасалады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат
алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
▪ мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
болжамдық көрсеткiштерiн;
▪ республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, әлеуметтiк-
экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңiне арналып белгiленген
басымдықтарын ескере отырып, бюджет қаражатын жұмсаудың басым
бағыттарын;
▪ бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
▪ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш
саласындағы саясатты;
▪ ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып
табылады.
Мемелекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті
айқындайды.
Бюджеттi жоспарлауға мынадай принциптер негіз болады:
➢ сабақтастық принципi - республикалық және жергiлiктi бюджеттердi,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерiн
өткен және ағымдағы қаржы жылдары бағдарламаларының iске асырылуы мен
бюджетi атқарылуының тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн ескерiп,
республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының, өткен кезеңде негiзге
алынған орта мерзiмдi фискалдық саясаттың бағыттарын сақтай отырып
жоспарлау;
➢ басымдық принципi - республикалық және жергiлiктi бюджеттердi
республиканың немесе өңiрдiң алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған
стратегиялық және әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын
сақтай отырып жоспарлау;
➢ негiздiлiк принципi - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және
бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу
қажеттiгiн айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және
олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi;
➢ шығыстардың мұнайдан түсетiн түсiмдерге тәуелдiлiгiн азайту принципi
- мұнайға қатысты емес секторды нысаналы дамыту есебiнен мұнайға
қатысты емес тапшылықтың мөлшерiн азайту бюджеттi жоспарлаудың негiзгi
принциптерi болып табылады.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi
органдар орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде:
1) ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары
үшiн бюджет шығыстарының лимиттерiн;
2) басым бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын
басым бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiн
қалыптастырады.
Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн
қалыптастыру бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi
негiзiнде жүзеге асырылады.
Бұл ретте басым бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың)
тiзбесiбюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген
нысанда өткен жылғы есептiк деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы
көрсеткiштер көрсетiлетiн бюджеттiк бағдарламалардан қалыптастырылады.
Жоспарланатын кезеңнiң бiрiншi жылында iске асырылуы басталатын,
басым бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiне
енгiзiлетiн бюджеттiк бағдарламалар сонымен қатар мынадай талаптарға сай
болуға тиiс:
▪ мемлекеттiк функцияларға сәйкес келу;
▪ мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға сәйкес
келу;
▪ орта мерзiмдi фискалдық саясаттың негiзгi бағыттарына сәйкес келу;
▪ бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшiн техникалық-
экономикалық негiздеменiң экономикалық сараптамасының оң қорытындысы
болуы.
Бюджет шығыстарының лимиттерiн бюджет комиссиясы қарайды және
мақұлдайды.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi
органдар басым бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi
мен республикалық және жергiлiктi бюджеттер шығыстарының лимиттерiн
бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi.
Бюджетті жоспарлау процесінде мынадай құжаттар пайдалнылады:
1) республиканың немесе өңірдің әлеуметтік – экономикалық даму мен
бюджеттік параметрлерінің болжамы;
2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы
мәселихат шешімі;
3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
4) операциялық жоспарлар.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланып отырған жыл алдындағы
жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне
енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi алдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай
құжаттарды және материалдарды:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарын;
2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты;
шоғырландырылған бюджеттi;
3) республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
4) республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен
болжамдық есептердi;
5) соңғы есептiлiк күнгi жағдай бойынша мемлекеттiк және мемлекет
кепiлдiк берген борыштың жайы туралы деректердi;
6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында
негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
Бюджеттік параметрлердің болжамы:
1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде:
- Қазақстан Республикасының салық – бюджет саясатының негізгі
бағыттарын;
- мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің
болжамдарын;
- Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша
шығыстардың болжанатын көлемін;
2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде:
- өңірдің салық – бюджет саясатының негізгі бағыттарын;
- тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын;
- жергілікті бюджеттік бағыдараламалардың әкімшілерібойынша
шығыстардың болжанатын көлемін қамтуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган)
әлеуметтік – экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша
көрсеткіштерін енгізуге құқықтары бар.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған бюджеттік
парамтрлердің болжамы индикативтік сипатта болады және әлеуметтік –
экономикалық даму болжамының өзгерістері, бюджеттік мониторинг және
нәтеижелерді бағалау, басқа да ішкі және сартқа факторлар ескеріле отырып,
кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлеу кезінде
нақталауы мүмкін.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті
органдар жыл сайын, жылжымалы негізде әлеуметтік – экономикалық дамудың
және бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлейді.
Әлеуметтік – экономикалық дамудың және бюджеттік парамерлердің
болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган
мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
Мемлекеттік органның жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспары
жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық
құжаттары, әлеуметтік – экономикалық даудың және бюджеттік параметрлердің
мақұлданған болжамы негізінде әзірленеді.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бюджеттік бағдарламаларға
кіретін мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын,
міндеттерін, қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат болып
табылады.
Бюджеттік бағдарламалар әлеуметтік – экономикалық дамудың және
бюджеттік параметрлердің болжамында бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне
көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемінің шегінде әзірленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік
органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді.
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп
беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан
Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға
бекітеді.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық
жоспарын жергілікті атқарушы орган бекітеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы
Перламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын
тәртіппен бекітіледі.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы
органның стратегиялық жоспары ол облыстық бюджеттен қаржыландырылатын
тиісті салалық атқарушы органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол
тиісті салалық орталық мемлекеттік органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспары тиісті бюджет
бекітілгеннен кейін ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін пысықталады,
бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәикес мемлекеттік
құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелікон күн ішінде
бұқаралық ақпанарат құралдарында жариялауға жатады.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізуге:
1) бюджет нақтыланған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері өзгерген;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін
жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған, не
қолданыстағыларына өзгерістер енгізілген;
4) Мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген жағдайларда жол
беріледі.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары бекітігенкүннен бастап
екі апта мерзімде мемлекеттік органдардың басшылары меморандумдар
әзірлейді.
Меморандау мемлекеттік орган басшысының кезекті қаржы жыллынна
арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде
стратегиялық жоспарда көзделген мемлекеттік орган қызметінің тікелей және
ету ниетін растайтын құжатты білдіреді.
Меморандумдарды:
- Қазақстан Республикасының Президнетіне тікелей бағынатын және есеп
орталық мемлекеттік органдар бойынша – Қазақстан Республикасының Президенті
немесе ол уакілеттік берген лауазымды тұлға;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін не оған бағынатын
орталық атқарушы органдар бойынша – Қазақстан Республикасының Пемьер –
министрі бекітеді.
- Мемлекеттік органның меморандумы кезекті қаржы жылына бекітіледі.
Жылдық қаржыландыру жоспары тиісті қаржы арналған республикалық бюджет
туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне,
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе
тиісті қаржы арналған жергілікті бюджет туралы мәселихат шешімін іске асыру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергіліті атқарушы органның
қаулысына сәйкес әзірленеді.
Жылдық қаржыландыру жоспары юджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті
бекіту (нақтылау, түзету) кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып,
пысқталаған юджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюжеттік өтінімнің
құрамында ұсынылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша
шығыстардың есебі негізінде жасалады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі айқындаған жағдайда сондай-
ақ шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттің шығыстарын
түзетуді талап ететін басқа да факторлар пайда болған кезде бюджеттік
атқару үдерісінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ережеде
белгіліенген тәртіппен міндеттемелер бойынша жиыинтық қаржыландыру
жоспарына тиісті өзгерстер енгізу жолымен бюджет шығыстарының экономикалық
сыныптамасы бойынша бюжеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды)
қаржыландырудың жылдық көлеміне өзгерістер енгізе алады.

2. Мемлекеттік бюджет шығындары және оны реттеу
механизмі

2.1 Мемлекеттік бюджет шығындарының экономикалық мәні, құрамы
және жіктелуі

Мемлекеттің шығыстары – бұл мемлекеттің іс-әрекет етуімен байланысты
ақша шығындары.
Мемлекеттік шығыстар - кең мағынада барлық мемлекеттік органдардың
шығыстары.
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінде шоғырландырылған қаражатты
нысаналы түрде пайдалану.
Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып,
жетілдіру, қоғамның сан -алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлу және тұтынумен
байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттің шығындары
- мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын
қаржы қатынастарының бір бөлігі.
Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек
мемлекеттік сала қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет
шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік,
басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
Шығыстар ұғымының қос мағынасы бар:
1. Ақша қаржаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша
пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процессінде
тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына
түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын
өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары
мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы
қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану
қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
2. Айырбас процессінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан
бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн,
бұл шығыстар қаржа арқылы қалыптасады: жалпы
мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың
қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша
шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің
түпкілікті табыстарын қалыптастыру негізі болып
табылады.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-
әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдеріне мемлекеттің рөлі,
оның функциялары мен қызметі саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес
мемлекеттің жасайтын шығыстардың құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп
отырады.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік
бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың,
өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді
және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге
бағытталады, бұл мемелекет шығыстарының роөлін айқындайды.
Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға,
басқаруға мемелекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындарымен ұйымдарының өнімі
мен қызмет көрсетулеріне жұмасалатын шығыстар мемелекет, сонымен бірге
экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер
көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің
жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым
бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлкеттік
кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен
жүргізіледі. Олар сондай – ақ өнімнің өзіндік құнына кіретін амортизация
сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік
капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады.

Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін
түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет
шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және
жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін
банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
Мемлекеттік шығыстарды ұйымдастыруға оларды болжау, сондай – ақ оларды
қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы
қол жетеді.
Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаларының бірі
жоспарлық болып табылады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі
баланстық әдіс болып табылады.
Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны
жағынан бірыңғай емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі,
нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің аса маңызды критерийі материалдық
өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процессінде олардың қатысы болып
табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша
үш негізгі топқа бөлінеді:
1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік
сфераға жататын шығыстар;
2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
3) мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары;
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен
шарттасылған және ұлттық жасаумен байланысты.
Мемлекеттік шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары – мемелекеттік резервтерді жасау мен
толықтыруға жұмасалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы
өндірістік, сондай–ақ өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, ысырыптарды өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді,
ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз
етуге арналған.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары – бұл бекітілген бюджет шегінде
қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар. Нарықтық экономикаға көшу
жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай
өзгерістерге ұшырауда – халық шаруашылығының, ең алдымен орталықтан-
дырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл
қысқаруда.
Экономика мен әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыру шығындарының
едәуір бөлігі төменгі бюджеттерге субвенциялар нысанында беріледі.
Алайда нарықтық механизмдерінің іс-қимылы жағдайында да жеке салалар
мен аумақтарды, мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің
шешуші маңызын сақтап қалуда.
Қаржы Министрлігі Үкімет атынан республикалық бюджетке көзделген
сомалар шегінде кредиттер бере алады. Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда
шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы
байқалуды. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды,
әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды
қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар
барлық шығыстардың бұрын 16 пайызын ғана құраған болса, қазір бұл
көрсеткіш біршама өзгерді.
Республикалық бюджеттің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты
және ұлттық валютаның айырбас бағамының жоспарланған өзгерісіне
сәйкес белгіленген қаражаты ұлттық валютаның бөлінген кезеңдегі
ресми айырбас бағамы бойынша жұмсалуды. Сөйтіп, жалпы мемлекеттік
мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен
қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін
реттеуді аса маңызды рол атқарады. Сонымен бірге республикалық
бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің ролін төмен
түсірмейді.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган қазақстан
республикасының Үкіметі атынан республикалық бюджетке көзделген
сомалар шегінде кредиттер беруге құқылы.
Кредиттер берудің тәрітібі мен шартарын Қазастан Республикасының
Үкіметі белгілейді. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган
облыстар мен Астана және Алматы қалары әкімдернің ұсынымы бойынша
республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге кассалық алашақтықты
жабуға төмен тұрған бюджеттерді кредиттеу үшін тиісті қаржы жылына
арналаған республикалық бюджетте көзделген арнайы резерв шегінде
Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде кредиттер бере
алады.
Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздарды
өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады. Шығындар қайтарымсыз негізде
бөлінетін бюджет қаражаты болып табылады.
Бюджеттік кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негізде
бөлінетін ақша болып табылады.
Қаржы активтерін сатып алу заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық
ұйымдардың қатысу үлестерін және бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке
сатып алуға бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.
Қарыздарды өтеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік
сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық
шарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты болып
табылады.
Республикалық бюджеттің шығыстарын келесі түрде жіктейміз.
1. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге
асырылады:
1) Жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар: атап айтсақ, Қазақстан
Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қазмет
көрсету және күзету; Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Констутциялық жұмыс
істеуі; сайлаулар мен референдумдар өткізу; республикалық деңгейде
мемлекеттік жоспарлау; салық қызметі органдарының қызметі; республикалық
бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және жергілікті бюджеттердің кассалық
қызмет көрсетуі, бюджеттік есепке ауды жүргізу және бюджеттердің атқарылуы
бойынша есептілікті жасау; республикалық меншікті басқару; сырттай байқау
рәсімін, оңалту рәсімін, конкурстық іс жүргізуді және конкурстық іс
қозғамастан борышкерді тарату рәсімін өткізуді ұйымдастыру; мемлекеттік
сатып алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру; мемлекеттік қарж бақылауы және
қарж мониторингі; кеден қызметі; мемлекеттің сыртқы саяси қызметі; іргелі
ғылыми зерттеулер жүргізу; мемлекеттік статистикалық есеп; мемлекеттік
қызметтің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру; ғылыми кадрларды мемлекеттік
аттестаттау; мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен
марапаттау; Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу; саяси
партиялардың қызметін қаржыландыру.
2) Қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: нақты мемлекеттің
қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; орталық атқарушы органдар
жүргізетін жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру; мемлекеттік материалдық
резевтерді қалыптастыру және сақтау; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы күрес;
мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету; облыстық бюджеттен,
республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала)
бюджеттерінен қаржыландырылатын іс–шараларды қоспағанда, жалпыға бірдей
әскери міндетті орндауға байланысты іс–шараларды ұйымдастыру; облыстық
бюджеттен, респуликалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен
қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының
аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы
қызыметті ұйымдастыру; жаһандық, өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың
алдын алу және оларды жою; кәсіби авариялық – құтқару қызметінің жұмысын
ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысын
қамтамасыз ету; азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру; азаматтық және
қызметтік қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастр жүргізу,
экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызыметі;
3) Құқық, сот, қылмыстық – атқару қызметі саласында: әділет
саласындағы қызмет; азаматтардың және мемлекеттің мүлдделерін құқықтық
қорғау; заңдылықты және құқықтық тәртіпті қастамасыз ету; мемлекеттік
құқықтық статстика және арнайы есепке алу; сот сараптамасы қызметі; сот
жүйесінің жұмыс істеуі; қылмыстық – атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру
және қамтамасыз ету шығындары.
4) Білім беру саласында: республикалық білім беру ұйымдарында дарынды
балаларға жалпы білім беру; республикалық маңызы бар мектептен тыс іс –
шаралар өткізу; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру
ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі және жоғары білімді мамандар даярлау; республикалық
деңгейде кадрлардың біліктілгін арттыру және қайта даярлау; республикалық
орта білім беру ұйымдарын, сондай–ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетел
мектептерінде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу - әдістемелік
кешендермен қамтамасыз ету.
5) Денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек
көрсету; республикалық деңсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған
медициналық көмек көрсетуі; республикалық деңгейде табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл медициналық көмек қызметі
ұйымдастыру; республикалық маңызы бар мемлекеттік деңсаулық сақтау
ұйымдарынан медициналық оңалту; психиатриялық бұзылулардан (аурулардан)
зардап шеккен және қатаң бақылауды қажет ететін адамдарға медициналық көмек
көрсету; сот – медициналық, сот – психиатриялық және сот – наркологиялық
сараптама жүргізу; ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру; айрықша
қатерлі жұқпалы ауруларға қарсы іс – қимыл; республикалық маңызы бар
мемлекеттік деңсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрауыштары мен
препараттарын өндіру; санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің халықтың
санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуі; Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әскети қызметшілерге, құқық
қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай –
ақ әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарынан
шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық
қызмет көрсету; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан
басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет шығындары.
6) Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласында: Қазақстан
Республикасының зейнетқымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бюджет
қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға
зейнетақы төлемдері; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; мемлекеттік
арнайы жәрдемақылар; арнайы мемлекеттік жәрдемақылар; зейнеткерлерді, Ұлы
Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік жәрдемақы алушыларды
жерлеуге жәрдемақы; бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін
біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; баланы бір жасқа толғанға дейін бағу – күту
бойынша оларға тағайындалатын және төленетің ай сайынғы мемлекеттік
жәрдемақы; экономикалық апат аймақтарында түратын адамдарға Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік көмек; әскери
қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдары қызметкерлерінің отбасыларына Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде көзделгең әлеуметтік төлемдер; саяси қуғын – сүргін
құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасы ның
заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік төлемдер; Қазақстан
Республикасы Үкіметінің міндеттемелері болып табылатын әлеуметтік төлемдер;
көші – қон іс – шаралары.
7) Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік: қазақтың ұлттық
мәдениетін және басқа да ұлттық мәдениеттерді қайта өркендету, сақтау,
дамыту және тарау; республикалық маңызы бар театр және музыка өнерін ұлттық
фильмдер шығаруды, мұражай ісін қолдау; мәдениет және мемлекеттік жастар
саясаты саласында әлеуметтік маңызы бар іс – шаралар өткізу; халықаралық
және республикалық маңызы бар тарихи – ммәдени мұра объектілерінің
сақталуын қамтамасыз ету; республикалық деңгейде спорттың ұлттық және
бұқаралық түрлерінің дамуын қолдау; жоғары жетісітктер спортын дамыту;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерінің халықаралық
спорттық жарыстарға дайындығы және қытысуы; халықаралық туристік нарықта
және мемлекет ішінде Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы
акпарат дайындау және тарту; республикалық маңызы бар мұрағат қорының
сақталуын қамтамасыз ету; республикалық кітапханалардың жұмыс істеу;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттік
ақпарат саясатын жүргізу; мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа
да тілдерін дамытуға арналған шығындар.
8) Агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балықшаруашылығы, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары: су
ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдаланудықамтамасыз ету, су шарушылығы
баланстарын, су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын
өзірлеу, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамы, су ресурстарын
пайдаланудың ақпараттық – талдау жүйесін қамтамасыз ету; судың мемлекеттік
есебін, мемлекеттік су кадастрын жүргізу; су беруге байланысты емес
трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су
шаруашылығы құрылыстарын пайдалану; республикалық маңызы бар ерекше
авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерді
қалпына келтіру; суармалы жерлердің мелиорациялық жай – күйінің мониторингі
және оны бағалау; республикалық маңызы бар орман қорын, жануаралар
дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекттік есепке алуды,
табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлардын жүргізу, ормандар мен
жануаралар дүниесінің мемлекеттік мониторингі; орман тұқым шаруашылығын
жүргізу; орман тұқым шаруашылығы және селекция; мемлекеттік орман
кадастрын, жануарлар дүниесінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
мемлекеттік кадастрларын жүргізу; ормандарды өрттен қорғау, орман
зиянкестерінен және ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар; балық
ресурстарын және басқа да су мекенді жануарларын қорғау және өзімін
молайту; балық аулауды мемлекеттік реттеу және балық қорларын қорғау;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстау,
мемлекеттік табиғи- қорық қорын қалпына келтіру; жер учаскелерінің меншік
иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірлген залалдарды өтеу; қоршаған
ортаның мемлекеттік монитроингі; республикалық деңгейде қоршаған ортаны
қорғау бойынша іс – шаралар жүргізу; І санат объектілеріне мемлекеттік
экономикалық сараптама жүргізу; қоршаған ортаға эмииссияға І санат
объектілері үшін рұқсат беру; гидрометеорологиялық мониторинг;
республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу; мемлекеттік жер кадастрын,
жер мониторингін жүргізу; топографиялық – геодезиялық және картографиялық
жұмыстарға жұмсалған шығындар.
9) Өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі: мемлекеттік өнеркәсіп саясатын іске асыру; отын-энергетика
кешенін дамыту; энергияны үнемдеу саласында мемлекеттік саясатты іске
асыру; жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану; сейсмологиялық ақпарат
мониторингі; мемлекеттік геологиялық зерттеу; кеніштер мен шахталарды жабу
және жою, техногендік қалдықтарды көму; құрылыс нормалары мен стандарттарын
сатып алу және әзірлеу шығындары.
10) Көлік және коммуникациялар: халықаралық және республикалық маңызы
бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларды жол жүрісін реттеудің техникалық
құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, су көлігі
қызметін ұйымдастыру және реттеу, кеме қатынасы жолдарын, шлюздерді күтіп-
ұстау және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету; әуе және су көлігін
мемлекеттік реттеу; әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын ұйымдастыру; магистралды темір жолдарды дамыту;
аэроғарыш қызметіне жұмсалған шығындар.
11) Экономикалық қызметті реттеу: стандарттау, метрология және
сертификаттау; патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау;
мемлекеттік инновациялық саясат; мемлекеттік экспорттық және импорттық
бақылау; саудалық және демпингке қарсы реттеу; бағаны және табиғи
монополияны мемлекеттік реттеу; шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік
қолдау шығындары.
12) Басқа да бағыттар: облыстық бюджеттерге республикалық маңызы бар,
астана бюджеттеріне трансферттер; үкіметтік борышқа қызмет көрсету және
өтеу; мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.
Сонымен қатар республикалық бюджеттен мемлекеттік органдар мен
мекемелердің күрделі шығыстарына, аталған мекемелердің кадрларды қайта
даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына,
бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларға, халықаралық
ынтымақтастыққа, ғылыми-зерттеулерді қамтамасыз етуге тағы басқаға арналған
шығыстар қаржыландырылады.

2.2 Мемлекет бюджеті шығыстарының 2008-2010 жылдарға арналған болжамын
талдау

Орта мерзімді кезенде жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік
экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді және орта мерзімді басымдықтарына
сәйкес, жоспарланатың нәтижелерге байланысты және салалық жоспарлау сапасын
жақсарту және өнімсіз шығыстарды қысқарту есебінен бюджеттің инвестициялық
құрамдас бөліктерін күшейте отырып, мемлекеттік міндеттемелерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы жүйесі жайында
Мемлекеттік бюджеттің шығын
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, олардың мазмұны, құрамы мен құрылымы
Бюджет мәні, оның экономикалық мазмұны мен функциялары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм
Жергілікті бюджет
Пәндер