Резервтік капитал аудиті



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім. РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ АУДИТІ
1. Резервтік капиталдың экономикалық мәні және оның есебі ... ... ... ... 5
1.1 Капитал .экономикалық ресурстардың қалыптасу көзі ... ... ... ... .5
1.2 Кәсiпорынның жарғылық капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Резервтік капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2 Резервтік капитал аудиті және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Аудит қызметінің мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Капиталға аудиторлық тексеру жүргiзудiң мiндеттерi және
ақпарат көздерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3 Жарғылық капитал аудитi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.4 Резервтiк капитал аудитi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды білдіреді.
Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амотизация жолы арқылы өтеліп отырады.
Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін орындайды.
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола алады.
1. 20.11.1998 ж. Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" туралы Заң (өзгерістер мен қосымшалар).
2. Абленов Д.О. Аудит: теория и пратика. Учебник. Алматы: Экономика, 2005
3. Абленов Д.О. Основы аудита. Алматы: Экономика, 2003.
4. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік есеп. Теориясы жөне принциптері. Алматы, 2001.
5. Байдаулетов М.Б., Байдаулетов С.М. Аудит. Алматы. Қазақ университеті, 2001.
6. Гершун А.М. и др. Учет по Международным стандартам: учебное пособие.- 3 изд.. М.: Фонд развития бухгалтерского учета, 2006 г.
7. Дюсембаев K.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности. Учеб. пособие. Алматы. Каржы-Каражат. 1998г.
8. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. Алматы. Гылым. 1994г.
9. Ержанов М.С. Аудит-1 .Алматы. Бастау. 2005г.
10. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. Қүдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы: Экономика, 2003
11. Осадчая В.И. Основы аудита. Караганда, 2002.
12. Табалина С.А., Ремизов Н.А. Аудит: современная методика. М., 2003.
13. Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет. - Караганда, 2004.
14. Торшаева Ш.М. Аудит. Караганды, 2002.
15. Тулешева Г.К. «Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами» часть 1, 2. учебное пособие Алматы, Бизнес информация, 2005г.
16. Укашев Б.Е., Әжібаева З.Н. Бухгалтерлік есеп теориясы. Алматы 1999.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім. Резервтік капитал аудиті
1. Резервтік капиталдың экономикалық мәні және оның есебі ... ... ... ... 5
1.1 Капитал –экономикалық ресурстардың қалыптасу көзі ... ... ... ... .5
1.2 Кәсiпорынның жарғылық капитал
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...9
1.3 Резервтік капитал
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2 Резервтік капитал аудиті және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Аудит қызметінің мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 17
2.2 Капиталға аудиторлық тексеру жүргiзудiң мiндеттерi және
ақпарат
көздерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20
2.3 Жарғылық капитал
аудитi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.4 Резервтiк капитал
аудитi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..31 Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе

Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын
қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын  сөзінен басты мүлік деген
ұғымды білдіреді.
Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы
жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық
жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары  амотизация
жолы арқылы өтеліп отырады.
 Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ
капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз
қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен
және ақшаның капитал  ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше
капитал бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т
формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін
орындайды.
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы
салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола
алады.
Ақша ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен
тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.
 Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай
тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да
көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары
жатады.
Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да
олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені,
бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің
дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.
Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына
қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік
есептің тарихынан белгілі.
Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке
жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес
қазіргі кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы
экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі –
пайда табу. Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер
болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу
үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық
субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым,
жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай
бухгалтерлік есептің Капитал мен резервтер атты бөлімінде талданады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі
сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Кәсіпорынның
меншікті капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық
бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды
қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық
нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік
баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық
талданады. Бұдан пайдаланушылар сенімді ақпарат ала алады.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2005 жылдың 1
қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап
басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына
жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста Меншікті капиталдың
құрамының есебі халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
туралы, Шаруашылық серіктестік туралы Заңдары және Қазақстан
Республикасының Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері бойынша шарушылық
субъектісінің әр түрлерінің меншікті капиталдарын қалыптастыру тәртіптері
қарастырылды.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорында немесе кез келген
ұйымда резервтік капитал есебі мен аудитінің жүргізілу тәртібі мен жағдайын
қарастыру.
Осы мақсатқа жету барысында мына міндеттерді шешу көзделген:
• Капитал –экономикалық ресурстардың қалыптасу көзін
• Резервтік капитал есебін
• Аудит қызметінің мәні мен маңызын
• Капиталға аудиторлық тексеру жүргiзудiң мiндеттерi және ақпарат
көздерiн
• Жарғылық капитал аудитiн
• Резервтiк капитал аудитiн
Зерттеу объектісі – резервтік капитал аудитін жүргізу тәртібі мен
жағдайы.
Теориялық базасы ретінде отандық қаржыгер ғалымдардың еңбектері,
Қазақстан Республикасының Аудиторлық ызмет туралы Заңы, Бухгалтерлік
есеп стандарттары, Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы
Қазақстан Республикасының Заңы негіз болады.
1. Резервтік капиталдың экономикалық мәні және оның есебі

1.1 Капитал –экономикалық ресурстардың қалыптасу көзі

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде
мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында
қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы
осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден,
тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет
атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы
бухгалтерлік баланстың   активінде  көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы.
Ұйымның барлық мүлігі қысқа  мерзімді   активтер  және  ұзақ 
 мерзімді   активтер  болып екіге бөлінеді.
 Ұзақ   мерзімді   активтер  негізгі құралдардан, метериалдық емес
 активтерден ,  ұзақ   мерзімді  қаржылық инвестициялардан, басқа да  ұзақ 
 мерзімді   активтерден  құралады. Жалпы  ұзақ   мерзімді   активтер 
шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға
арналады. Ол, қысқа  мерзімді   активтер  кәсіпорынның қызмет атқаруы
барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша
қаражаттары, қысқа  мерзімді  қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа
 мерзімді  дебиторлық берешектер және басқа да қысқа  мерзімді   активтер 
жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құрылу көздері.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен қысқа  мерзімді 
қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып
мыналар саналады:
жарғылық капитал;
резервтік капитал;
бөлінбеген кіріс.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларының
басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және
 ұзақ   мерзімді  несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да
кредиторлық қарыздар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін
қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның
жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді.
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік, акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық
құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.
Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін
ғана өзгеруі мүмкін.
Барлық ұйымдардың меншікті капиталына екі қасиет тән. Біріншіден, ол
материалдық-құндылық құрылым иеленбегендіктен сезілмейді және ол әрқашанда
активтің көзі рөлінде қатысады. Екіншіден, меншікті капитал ақшалай түрден
заттық түрге ауыса алатын немесе керісінше жағдайда өзінің нысанын
өзгертетін меншікті құралдар түсінігіне синоним деп қарастыруға болмайды.

Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды
дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін
қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:
• жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық
қабылдап алу;
• мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе
оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді
айқындап отыру;
• меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды
алу;
• инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа
да  активтерді  қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және
дәл анықтау;
• резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс
қолдану;
• алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген
кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.
Меншікті капитал есебіне Халықаралық қаржылық есеп стандартының
бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес V бөлім арналған.
Капитал және резервтер бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді
есепке алуға арналған. Капитал- бұл ұйымның активтерінде оның барлық
міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.
Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 Шығарылған капитал
5100 Эмиссиялық кіріс
5200 Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар
5300 Резервтер
5400 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)
5000 Шығарылған капитал кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке
алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5010- Жарияланған капитал -мұнда акционерлік қоғамның төленген
эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны,
сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс
табады;
5020- Төленбеген капитал - онда ұйымдардың жарғылық капиталына
эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу
жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына
эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың
берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі
құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.
5100 Эмиссиялық кіріс кіші бөлімі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5110 - Эмиссиялық кіріс - онда шығарылған акциялар бойынша
эмиссиялық кіріс есепке алынады.
5200 Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар кіші бөлімі сатып
алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың
мынадай тобын қамтиды:
5210- Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар - онда өздерінің
меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар
ескеріледі.
5300 Резервтер кіші бөлімі резервтерді есепке алуға арналған, ол
қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында
көрсетіледі және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5310- Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал - онда
Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес
белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5320- Қайта бағалауға раналған резерв - онда қаржылық активтерді,
негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі
операциялар көрсетіледі;
5330- Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв - онда
монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айырмалар көрсетіледі, ол барлық
жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды,
меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза
инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс
ретінде танылуы тиіс;
5340- Басқа да резервтер - онда алдындағы топтарда көрсетілмеген
басқа да резервтер көрсетіледі.
5400 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) бөлімшесі бөлінбеген
кірісті немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай
шоттардың топтарын қамтиды:
5410- Есептік жылдың пайдасы (залалы) - онда есептік жылдың пайдасы
немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық
нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
5420- Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (залалды) түзету -
онда есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (залалды) түзету жөніндегі
операциялар көрсетіледі;
5430- Өткен жылдардағы пайда (залал) - онда өткен жылдардағы пайда
(залал) көрсетіледі.

1.2 Кәсiпорынның жарғылық капитал есебі

Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн
жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық
жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың,
мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да
мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса,
жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн
бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың
(акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын
анықтайды.
Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша
да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер
(интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда)
болуы мүмкiн.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда
салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе
барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы
ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың
айлық есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз
эксперт қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген кезде қатысушылардың
ақшалай салымдары бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп
берулерiмен қуатталып бағалануы мүмкiн.
Осындай бағалау кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының шегiнен артық
бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп жауап
бередi.
Егер де салым ретiнде субъектiге мүлiктi пайдалану құқы берiлсе, онда
бұл салым үшiн төленетiн төлемнiң мөлшерi, құрылтайшылардың құжаттарында
көрсетiлген барлық мерзiмi үшiн есептелген сомадан анықталады.
Мүлiктiк құқы жоқ және басқа да материалдық емес игiлiктердi жеке
салым ретiнде жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке
бір-бірінің қарызын өзара есаптесуге жатқызуына болмайды.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық
капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
• ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік
негіз;
• ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының
үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру
саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
• жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы
міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі
заңмен бекітіледі.
Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық
капиталының қалыптасуында ерекшеліктер бар.
Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды,
алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы
керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы
керек.
Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік- жарғылық капиталдың
мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік
көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері
жарғылық капиталдың 50 пайыз құрауы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшерін жүз
айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға
құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай
нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің
қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай
салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең сомадан асса, оны
бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің
тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары
керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы
жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің
жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім
серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.
Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы тіркелгенде
немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен
тексерілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына
жағдайларда тексеріледі:
1. кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен.
Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.
2. сот шешімі бойынша.
3. әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің
жарғылық капиталындағы өзінің үлесін немесе оның бөлігін өз еркі бойынша
осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің
өзгеруі серіктестікке жаңа қатысушының келуі мен шығуына байланысты болса
да жарғылық капиталға қайта есептеу жүргізіледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі оның
толық төленгеннен кейін жүзеге асырылады және ол мына жолдармен жүргізілуі
мүмкін:
• серіктестіктің барлық қатысушыларымен жүргізілген қосымша,
пропорциондалдық салымдар;
• жарғылық капиталдың мөлшері серіктестіктің меншіктік капиталының
есебінен, сонымен қатар оның резервтік капиталының есебінен өсуі;
• серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта бағалау,
нақты құны баланстық құннан асатын. Қайта бағалау тәуелсіз экспертпен ғана
жүргізілуі керек.
• бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарымен, егер барлық
басқа қатысушылар рұқсат етсе.
• серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алған кезде.
Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің кемуі серіктестіктің
барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы
жүргізіледі.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл
серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның
міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз
мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады.
Акционерлік қоғам- жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар
шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.
Акцияның номиналдық құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында
анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына
қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.
Орналастыру бағасы- алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда
анықталатын акция бағасы.
Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.
Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде
барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға,
сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде қоғамның
мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.
Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін
акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған
міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.
Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған
акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.
Артықшылығы бар акция акционерге қоғамды басқаруға құқық бермейді,
келесі дербес жағдайлардан басқа, егер:
• акционерлік қоғамның жалпы жиналысы артықшылығы бар акцияны иеленуші
акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін шешімдер бойынша сұрақтарды
қарастырады.
• қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның жабылуы немесе
қайта құрылуы бойынша сұрақтарды шешуге қатысады;
• артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер толық көлемде оның
төленуі тиіс мерзімнен үш ай асып кеткенде.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және
орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған
капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға
жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім
акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды
деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 Жарияланған капитал
деген шотта 5000 Шығарылған капитал шоттар бөлімшесіне енгізілетін шотта
жүргізіледі.
Заңды тұлға өндірістік кооператив формасында ұйымдастырылуы мүмкін.
Олардың жеке еңбекпен катысуы және оның мүшелерінің мүліктік жарналарын
(пайларын) біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік үшін мүшелік
негізінде азаматтардың ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив болып
танылады.
Өндірістік кооператив жарғысы заңды тұлға жарғысының жалпы
ережелерінен өзге, кооператив мүшелерінің пайдалары туралы кооператив
мүшелерінің кұрамы мен пайлар салу тәртібі туралы және пайлар салу бойынша
міндеттемелерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы; кооператив
қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу тәртібі туралы; кооператив
пайдаларын болу мен шығындарын (залалдарын) өтеу тәртібі туралы;
кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзырлары туралы жағдайлардан
тұруы тиіс.
Салынған пай кооператив мүшесінің үлесі болып саналады.
Кооператив пайдасы, егер кооператив жарғысында басқалай қаралмаған болса,
олардың еңбектеріне сәйкес, кооператив мүшелері арасында бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпорын- шаруашылық меншік құқығына немесе оперативтік
басқаруға негізделеді.
Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі мемлекетке жатады, бөлінбейтін болып
саналады және салымдар (үлес, пай) бойынша, оның ішінде кәсіпорын
жұмыскерлері арасында бөлінбейді.
Мемлекеттік кәсіпорындар өкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша
құрылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы болып қатысады.
Жарғылық капитал мемлекет бөлген мүлік есебінен қалыптасады.
Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар, оның міндеттемелері бойынша
құрылтайшылардың субсидияларлы жауапкершілік көтеретіндігімен сипатталады.
Коммерциялық емес ұйымдар- басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе
коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және
қаржыландырылатын ұйым.
Серіктестіктердегі капиталдың есебі.
Серіктестіктердегі капиталдың бухгалтерлік есебі жеке иеленудегіге өте
ұқсас болып келеді. Негізгі айырмашылығы капиталды салу мен алу шоты
бойынша әр әріптеске пайда мен зиянды бөлуінде көрінеді. Әріптестер
капиталы баланстық есеп беру кезінде әр шот бойынша қалдықты көрсету
керек.
Салымдар есебі. Әр әріптес серіктестікке материалдық және материалдық
емес активтерді құрылтай келісім-шартында көрсетілген тәртіпте сала алады.
Салынған активтер серіктестікке активті салған күні әділ нарықтық бағасы
бойынша бағалануы керек.

1.3 Резервтік капитал есебі

Резервтік капитал ұйымның меншік қаржылары көздерінің бірі болып
саналады. Құрылтайшылық құжаттарға сәйкес құралатын, резервтік капиталдың
жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат 5400 Резервтер шағын бөлімінің: 5410
Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал 5420 Негізгі
құралдарды қайта бағалауға арналған резерв, 5430 Материалдық емес
активтерді қайта бағалауға арналған резерв, 5440 Сатуға арналған қаржы
активтерін қайта бағалауға арналған резерв 5450 Шетелдік қызмет бойынша
шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв, 5460 Өзге резервтер
синтетикалық шоттарында көрсетіледі.

Бөлінбеген кірістен резервтік капиталға аударымдар: 5410
Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал, 5460 Өзге
резервтер шоттарының кредиті бойынша 5510 Есепті жылдың пайдасы (залалы)
шотының дебетімен корреспонденцияда көрсетіледі.

Резервтік капитал каражаттарын пайдалану: 5410 Құрылтайшылық
құжаттармен белгіленген резервтік капитал, 5460 Өзге де резервтер
шоттарының дебеті бойынша мына шоттармен корреспонденцияда көрсетіледі:

1) 3030 – есепті кезеңнің бөлінбеген кірісінің жеткіліксіздігі немесе
жоқ болуы жағдайында серіктестік қатысушыларына дивидендтер мен кірістер
төлеуге бағытталған сомалардың бөлігі;

2) 5510, 5520 – есепті кезең немесе оның алдындағы жыл үшін
субьектінің залалын жабуға бағытталатын сомалардың бөлігі.

Резервтік капиталдың көлемі, меншік иесі анықтаған және субьектінің
құрылтайшылық қаражаттарында тіркелген сомадан асып кетпеуі тиіс.

Акционерлік қоғамның резервтік капиталының қаражатын пайдалану
тәртібін директорлар кеңесі айқындайды.

Шаруашылық серіктестіктерінде, сондай-ақ резервтік капитал жасау
көзделуі мүмкін. Серіктестіктердегі резервтік капитал есебі акционерлік
қоғамдардағы есепке ұқсас жүргізіледі.

Негізгі құралдарды, инвестицияларды қайта бағалаудан алынған капитал
сомасының қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат 5420 Негізгі құралдарды
қайта бағалауға арналған резерв шотында жинақталады.

5420 шоты негізгі құралдарды толық бағалау сомасына кредиттеледі және
2410 Негізгі құралдар шоты дебеттеледі.

Негізгі құралдар құнының өзгеруіне пропорционал түзету енгізілген тозу
сомасына, 5420 шотының дебеті бойынша және 2420 Негізгі құралдар
амортизациясы және құнсыздануы шотының кредиті бойынша жазбалар жасалады.

Негізгі құралдардың ағымдағы құнының азаюы жағдайында бұрын
жүргізілген қайта бағалаулар сомасы шегіндегі сомалардың азаюы резерв
есебінен қайта бағалауға есептен шығарылады, ал бұрын жүргізілген қайта
бағалаулардан артық сома кіріс болып танылады, соған сәйкес жинақталған
тозу сомасына түзетулер енгізіледі.

Негізгі құралдардың толық бағалану сомасын есептен шығару, оларды
пайдалануға қарай 5420 шотының дебеті бойынша және 5510 шотының кредиті
бойынша көрсетіледі.

Негізгі құралдардың бөлінбеген кіріске шығарылуы (кетуі) кезінде қайта
бағалаудың барлық сомасы көшіріледі.

Инвестициялардың құнын төмендету кезіндегі оны азайту сол
инвестициялардың толық бағалану сомасы есебінен жүргізіледі және 5440
шотының дебеті бойынша және 1200 (1220-дан 1240-қа дейін) және 1100 Қысқа
мерзімді қаржылық инвестициялар шағын бөлімдері шоттарының кредиті бойынша
көрсетіледі.

Сол инвестициялардың толық бағалану сомаларының жеткіліксіздігі
жағдайында оның құнының төмен түсуі 5510 немесе 6160 шотының дебетіне
жатқызылады.
Жарғылық капиталдың бекітілген мөлшерін қамтамасыз ету үшін және
құрылтайшылардың (акционерлер, инвесторлар) тұрақты түрде дивидендтер алу
қызығушылығын сенімді қорғау үшін кәсіпорындарда резервтік капитал құрылуы
мүмкін.
Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың
таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі.
Резервтік капитал субьектінің негізгі қызметінен алынған залалдарын жабуға
және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге
пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық
құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал
жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың
пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып
табылады.
Резервтік капиталды құрудың негізгі мақсаты акция құнының төмендеуі
тәуекелі туындаған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін ұстап
тұру, себебі жарғылық капитал осы резервтер есебінен толып отырады.
Резервтік капитал ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жыл
ішінде қалыптасуы керек.
Резервтік капиталдың есебі 5300-ші Резервтер бөлімшесінің мынадай
пассивті шоттарында жүргізіледі: 5310-ші Құрылтай құжаттарында белгіленген
резервтік капитал, 5320-шы Қайта бағалакға арналған резерв, 5330-шы
Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв, 5340-шы Басқа да
резервтер.
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші
серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалары) резервтік капиталы құрылтайшылардың
құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-
ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен
таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.
Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
5340 Басқа да резервтер шотында заң тәртібімен көзделген ең төменгі
мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
Бұл шоттардың аналитикалық есебі №13 журнал-ордерде жүргізіледі.

2. Резервтік капитал аудиті және оның мәні

2.1 Аудит қызметінің мәні мен маңызы

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен
білім практикалық қызметтің дамужолындажаңа ғылым саласының пайда болуына
алып келді. Бұл-аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің
шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда тыңдаушы деген мағынада
қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде,
қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік
туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латынның audio деген сөзінен шыққан, яғни ол тыңдап тұр
деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық-жұмыс барысында тиісті мәліметті
тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда
аудитор - тыңдаушы дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені
тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза
алатын адамдар адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп – лауазымды
қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капитал туралы түсінік және олардың түрлері
Төлеу кезегінің аудиті
Меншікті капиталының есебі
Меншікті капитал аудитін ұйымдастыру ерекшіліктері
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Меншік капиталының аудиті
Жарғылық капитал аудитінің есебі
Банктің қызметіндегі табыстар мен шығындардың сипаттамасы
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Меншік капиталы
Пәндер