Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және электрондық сауданың бизнес моделі



Кіріспе

1. Бизнес жоспар және оның құрылымы
1.1. Бизнес.жоспар түсінігі және оның қызметі
1.2 Бизнес.жоспардың құрылымы

2. Сауда кәсіпорнының бизнес.жоспары және электрондық сауданың бизнес моделі
2.1. Сауда кәсіпорнының бизнес.жоспары және оны жасау
әдістемесі
2.2. Электрондық сауда түсінігі және оның түрлері
2.3. Электрондық сауданың бизнес моделі және оның қызмет
ету ерекшелігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспарлау ұйымның барлық мүшелерінің оның жалпы мақсаттарына жету үшін күш-жігерлерін бір бағытқа жұмылуын қамтамасыз етеді, өндірістік процесті тиімді етеді, нәтижені алдын-ала көруге мүмкіндік береді.
Жоспарлау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып табылады.
Әкімшілік жоспарлау жүйесінен нарықтық экономикаға көшуге байланысты және халық шаруашылығын дамытудың жаңа қарым-қатынастарының қалыптасуы жағдайында жоспарлау жаңа қырынан көрінеді де, жаңа міндеттерді шешуді көздейді.
Нарықтық экономикада жоспарлау жойылмайды, керісінше, жоспар мен нарықтың өзара байланысы күшейе түседі. Әйтпесе нарықтың өз бетінше дамуы және өзін-өзі реттеуі қоғамды экономикалық және әлеуметтік процестер барысында үлкен қателіктер мен күрделі олқылықтарға ұрындырады.
Жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар механизмінсіз сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты жоспарсыз жүргізу аса тиімді болмайды. Нарықтық қатынастар қаншама еркін, өз бетінше қалыптасады делінгенімен, барлық елдерде экономикалық даму жолдары жоспар бойынша анықталады.
1. «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын жақсарту» ел президентінің Қазақстан халқына жолдамасы. Астана, 1997.
2. Богатин Ю.В., Швандар В.А. Оценка эффективности бизнеса и инвестиций: Учеб.пособие для вузов. -:М.: Финансы, ЮНИТИ- ДАНА, 1999.
3. Буров В.П., Морошкин О.К., Новиков О.К. Бизнес-план. Методика составления. М.: ЦИПК АП, 1998.
4. Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и управление стоимостью предприятия: Учеб.пособие для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001
5. Валдайцев. С.В. Оценка бизнеса и инноваций. - М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 1997.
6. Ильин А.И. Планирование на предприятии. Учебное пособие: в 2 ч. Минск, 2000.
7. Методические рекомендации по оценке эффективности бизнес проектов (официальное издание, вторая редакция). -М.: «Экономика», 2000.
8. Сундетулы Ж., Көмекбаева Ж. Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау және жоспарлау. Алматы. «Ғылым», 2002.
9. Сундетов Ж.С. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики. Алматы, 2001.
10. Черныш Е.А., Молчанов Н.П. Прогнозирование и планирование. Учебное пособие. М., 1999.
11. Эрик С., Зигель. Составление бизнес-плана. М.: Джон Уайм Энд Санс, 1995

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Сауда кәсіпорын экономикасы

Тақырыбы: Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және
электрондық сауданың бизнес моделі.

Жоспар

Кіріспе

1. Бизнес жоспар және оның құрылымы
1.1. Бизнес-жоспар түсінігі және оның қызметі
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы

2. Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және электрондық сауданың бизнес
моделі
2.1. Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және оны жасау
әдістемесі
2.2. Электрондық сауда түсінігі және оның түрлері
2.3. Электрондық сауданың бизнес моделі және оның қызмет
ету ерекшелігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жоспарлау ұйымның барлық мүшелерінің оның жалпы мақсаттарына жету үшін
күш-жігерлерін бір бағытқа жұмылуын қамтамасыз етеді, өндірістік процесті
тиімді етеді, нәтижені алдын-ала көруге мүмкіндік береді.
Жоспарлау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі және сыртқы
үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге бағытталған
адамдардың саналы әрекеті болып табылады.
Әкімшілік жоспарлау жүйесінен нарықтық экономикаға көшуге байланысты
және халық шаруашылығын дамытудың жаңа қарым-қатынастарының қалыптасуы
жағдайында жоспарлау жаңа қырынан көрінеді де, жаңа міндеттерді шешуді
көздейді.
Нарықтық экономикада жоспарлау жойылмайды, керісінше, жоспар мен
нарықтың өзара байланысы күшейе түседі. Әйтпесе нарықтың өз бетінше дамуы
және өзін-өзі реттеуі қоғамды экономикалық және әлеуметтік процестер
барысында үлкен қателіктер мен күрделі олқылықтарға ұрындырады.
Жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар механизмінсіз
сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты жоспарсыз жүргізу аса
тиімді болмайды. Нарықтық қатынастар қаншама еркін, өз бетінше қалыптасады
делінгенімен, барлық елдерде экономикалық даму жолдары жоспар бойынша
анықталады.
Бизнес – нарықтық экономика жағдайында субъектінің пайда табуға
бағытталған экономикалық іс-әрекеті. Бизнес-жоспар – субъект (кәсіпорын)
ұйымдастырып отырған өндірістің, қызмет көрсетудің және тағы басқаның
мақсаттары мен оған жету жолдарын мазмұндау.
Қазіргі кәсіпкер бизнес-жоспар негізінде компанияның даму бағытына
сәйкес фирманың мүмкіндіктерін мұқият зерттеп алады. Бұл жағынан алғанда
бизнес-жоспар талдау құжаты және жарнама құралы қызметін атқарады. Сонымен
бизнес-жоспар фирманың тұрақты жұмыс құжаты болып табылады, ол фирманың
стратегиялық бағытын анықтап қана қоймай, кәсіпкерліктің барлық
салаларындағы қызмет ету процесін де сипаттайды. Ол фирма ішінде
қолданылуымен қатар, сыртқы байланысқа да қызмет етеді.
Бұл жұмыстың өзектілігі сол, онда қазіргі таңдағы кәсіпкерлердің басты
құжаты бизнес-жоспар және оны жасау әдістемесі мен сауда кәсіпорындарындағы
бизнес-жоспардың ерекшелігі сипатталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары мен
қазіргі қоғамда қолданысқа енген электрондық сауданың бизнес моделінің
мазмұнын ашу.
Жұмыстың негізгі міндеті:
- бизнес-жоспар түсінігін ашу;
- бизнес-жоспардың құрылымына тоқталу;
- сауда кәсіпорнының бизнес-жоспарының мазмұнын ашу;
- сауда кәсіпорнының бизнес-жоспарын жасау әдістемесін қарастыру;
- электрондық сауда түсінігі және оның түрлерін сипаттау,
- электрондық сауданың бизнес моделі және оның қызмет ету ерекшелігін
қарастыру.
Жұмыстың теориялық базасы ретінде батыстың жетекші экономист-
практиктерінің еңбектері, отандық ғалымдарымыз қаржыгер-экономистердің
пікірлері мен еңбектері негіз болады.

1. Бизнес жоспар және оның құрылымы
1.1. Бизнес-жоспар түсінігі және оның қызметі

Нұсқаулы–жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу макро
деңгейдегі халық шаруашылығын мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп қана
қоймай, кәсіпорындар, фирмалар мен фермалар деңгейінде өндірісті басқару
жүйесін де түбегейлі өзгертеді. нарықтық жағдайдағы экономиканың аграрлы
бөлігінде бұрынғы ұжымшарлар, кеңшарлар және басқа мемлекеттік
шаруашылықтардың өндірістік-қаржылық жоспарлар орнын ауыл кәсіпкерінің
(кәсіпорынның) бизнес-жоспары басады.
Бизнес-жоспар – жоспарлау жүйесінде жалпы мақұлданған құрал, әртүрлі
ұйымдық-құқықтық формадағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жұмыс аспабы
болып табылады.
Бизнес – нарықтық экономика жағдайында субъектінің пайда табуға
бағытталған экономикалық іс-әрекеті. Бизнес-жоспар – субъект (кәсіпорын)
ұйымдастырып отырған өндірістің, қызмет көрсетудің және тағы басқаның
мақсаттары мен оған жету жолдарын мазмұндау. Бизнес-жоспарды әдетте 3-5
жылға жасайды. Кәсіпкер үшін бизнес-жоспар жасау мынадай байыптармен
маңызды:
Біріншіден, бизнес-жоспар нарықтық экономиканың қайнаған ортасында өз
ісін бастау кезінде өз бағытын айқындап алуға мүмкіндік береді. Жоспар
жасау үрдісі ойға алған кәсіпорынның бүге-шігесіне дейін мұқият
қарастыруға, оның күшті де осал жақтарын анықтауға, сәтсіздікке ұшыратар іс-
әрекеттен сақтануға көмектеседі.
Екіншіден, бизнес-жоспар кәсіпорынның күнделікті іс-әрекетін бағыттау
құралы болып табылады, жоспарланған нәтижеге қол жетеріне сенуге, туындай
бастаған түйткіл мәселелерді анықтауға және оларды шешу жөніндегі кешенді
шараларды ойластыруға жәрдемдеседі. Бизнес-жоспар өндірісті кеңейту
барсында басымдылықтарды айқындау үшін де пайдалануы мүмкін. Сауатты
жасалған бизнес-жоспар, оны орындау амалдарын дер кезінде жүзеге асыру
қателіктерге жол бермейді, кәсіпорынның қалыптасуын тездетеді, оның кірісін
молайтады. Бизнес-жоспар не-қалай-кім үшін өндіру керек деген сұраққа
жауап береді.
Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін қаражат қажет, ал керекті
мөлшердегі қаражат кәсіпкерде әр кез бола бермейді. Қажетті несие алуға
серіктестіктерді қызықтыру немесе инвесторларды тарту үшін оларға толық
бизнес-жоспар ұсыну керек. Серіктес әдетте қазіргі жағдай мен келешекті
асқан дәлдікпен талдауға негізделген, нақтылы да сенімді есепті талап
етеді. Бизнес-жоспарсыз серіктестіктер сеніміне ие болу және әрқилы
қаржыландыру түрлерін – үкімет субсидияларын, банк несиелерін, тәуелсіз
қорлардың қаржыларын, шетел инвесторларын алу қиын.
Нарықтық экономикада кез-келген бизнестің стратегиясы мен тактикасы
болады. Бизнестің стратегиялық мақсаты - өндірісті, жұмысты жүзеге асыру
процесінде пайданы молайту. Тактикалық мақсаты – осы стратегиялық нұсқаманы
әр әріптеспен және клиентпен нақты жұмыс істеу барысында белгілі мәмлені
жүзеге асыруда қолдану. Бизнестің бір-бірімен байланысты, бірін-бірі
толықтырып отыратын шаралар және операциялар жолы арқылы бірте-бірте
ойлаған мақсатқа жеткізетін әрекет жоспарлары немесе бағдарламалары шетел
тәжірибесінде бизнес-жоспар деп аталады.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-жоспар мынадай негізгі
мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді:
- Экономикалық жағдайға сәйкес тиімді даму бағдарын таңдап алу,
мақсатты рыноктар және олардағы фирмалар орнын анықтау;
- Нарық қажеттілігіне сәйкес жақын және ұзақ мерзімде өндірілетін
өнімнің қажетті көлемі мен сапасын дәлелдеу, өндірістік
мүмкіндіктер мен қажетті ресурстарды бағалау.
- Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысаны мен құрылымын таңдау, фирма
кадрларын еңбек етуге ынталандыру.
- Фирманың рынокты зерттеуге қажетті маркетингтік шараларын:
жарнама, сатуға ынталандыру, бағаны қалыптастыру, өткізу
каналдары, т.б. анықтау.
- Фирманың өндірістік және сауда шығындарын, күтілетін қаржы
нәтижелерінің көлемін анықтау.
Қазіргі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес жоспар төрт түрлі
қызмет атқарады.

Сурет 1. Бизнес-жоспардың атқаратын қызметтері
Бизнес-жоспарды бастай отырып, оның мақсатын айқын сезіну керек.
Жоспарда мына сұрақтарға жауаптар болуы қажет:
- өз өніміңізді өндіруді сіз қалай ұйымдастыру ниетіндесіз?
- сізде өзіңіздің өндіріс өрісінің жанжақты талдауы бар ма?
- өндірісті қарызға ақша ламай жүргізе аласыз ба немесе банк несиесін
алу ниетіңіз бар ма?
Егер сіз банк несиесін алғыңыз келсе, ол үшін мынадай ақпарат қажет:
- қанша ақша алғыңыз келеді?
- ол сізге не үшін қажет?
- қашан және қалай қайтарамын деп ойлайсыз?
- ол ақша қандай мұқтажға жұмсалады?
Көптеген мәселелерді шешуде бизнес-жоспар көмектесе бермейтінін жете
сезінген жөн. Оны күнделікті жұмыста қолданылатын құрал деп ұғынбау керек.
Мысалы, малды азықтандыру рационын анықтау немесе көктемгі егіс кезінде
минерал тыңайтқыштарды таңдау және өсімдіктерді қоректендіру мәселелерін
бизнес-жоспар шешіп бермейді, бұл үшін технологиялық карта пайдалану керек.
Сонымен бірге әрбір бизнес-жоспар өзінше құнды, оның қайтаруында нендей
мәселе жете ескерілуі керектігін тек туындыгер (автор) ғана айқындай алады.

1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы

Бизнес – істі жүргізу мен адамдардың іскерлік қатынастарының жүйесі.
Субъектісіне және меншік нысанына қарай оның мынандай түрлері болады:
1. Кәсіпкерлік бизнес, ол жеке меншік өндіріс құрал-жабдықтарына
негізделген. Одан қазіргі таңдағы мемлекеттік емес жаңа меншік түрлері өсіп
шықты. Кәсіпкерлік бизнестің негізгі бағыттары: өнім шығару, коммерция және
коммерциялық делдалдық.
2. Тұтынушы бизнес, ол жеке меншікті тұтыну және қызмет көрсету
саласына негізделеді. Тұтынушы бизнеске қатысушылар – барлық азаматтар,
сонымен қатар басқа фирмалардың өнімдерін тұтынушы ретіндегі кәсіпкерлер.
3. Еңбек бизнесі. ол жеке меншіктік жұмыс күшіне негізделген. Бұл
бизнестің субъектісі – жұмысшылар, олар өз еңбегін жалға сатады, шарт
бойынша еңбек етеді.
4. Мемлекеттік бизнес, ол мемлекет меншігіндегі өндіріс құрал-
жабдықтары, ақпарат, интеллектуальды еңбек өнімі, құнды қағаздар, ақша
ресурстары, т.б. негізделеді.
Бизнес-жоспардың құрылымы. Нақтылы жағдайларға -өндіріс көлемі, өнім
(қызметтер) түрлері, олардың жаңашылдығына байланысты жоспар құрылымы
өзгеруі мүмкін, бірақ мазмұны ұқсас болуға тиіс. Бизнес-жоспардың көбірек
кездесетін бөлімдері мыналар:
- бизнес-жоспар мағлұматы (түйіні) немесе бизнесті сипаттау;
- кәсіпорын;
- кәсіпорынды басқару немесе менеджмент, ұйымдастыру жоспары;
- кәсіпорын мақсаттары;
- маркетингтік шаралар;
- өндірстік жоспар;
- қаржы жоспар;
- заңдылық жоспары;
- тәуекел ету мен сақтандыруды бағалау.
Бизнес-жоспар тарауларының атауы мен орналасу ретін жоспарды
дайындаушының өзі анықтайды. Біраз кәсіпкерлерді инвестициялық жобаны
әзірлеу мен заңдылықпен хаттау, оның экономикалық тиімділігін анықтау,
сондай-ақ кепілдік міндеттеме бойынша құжат жасау қызықтырады.
Көптеген фирмалар бизнес-жоспарды 3-5 жылға, тек кейбірі ғана (ірі
компаниялар) 5 жылдан артық мерзімге жасайды.
Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар және оны жасаудың
принциптері:
- Сенімділік, ол кәсіпорынның шын жағдайын көрсете білуі қажет.
- Барлық жағдайдың нақтылығы және дәлділігі.
- Айқындылық, дәлелдің логикалық дәйектілігі және сендіре
алатындығы.
- Қазіргі заманға сай болуы, яғни құжаттарды қажетті уақытында
жасау және мақсатына қарай бейімдеу.
- Арнайы болуы, яғни қажетті ақпаратты қажет уақытында, оны
қажетсінетін адамға жеткізу.
Бизнес-жоспарды тікелей басшы-кәсіпкер, менеджер, фирма қызметкерлері
немесе көмек көрсетуші кәсіпорын жасайды.
Бизнес-жоспардың құрамы мен құрылымы, оны нақтылау деңгейі кәсіпорынның
көлемі мен оның мүдделік салаларына бюайланысты болады. Әрбір нақты
жағдайда ол фирма қызмет етіп отырған жердегі өзгерістерге байланысты
толықтырылып немесе нақтыланып отырылады. Бизнес-жоспар бірінші (титулды)
беттен басталады, онда мыналар көрсетіледі: кәсіпорынның, жоба
инициаторының аты, жобаның және оның авторының аты, берілген құжаттың
дайындалу мерзімі мен орны. Бизнес-жоспардың негізгі тараулары: 1-кіріспе
бөлім. 2-осы саладағы және тауарды өткізу нарығындағы жағдайға талдау
жасау. 3-маркетинг жоспары. 4-өндірістік жоспар. 5-ұйымдастыру жоспары және
менеджмент. 6-қаржы жоспары және қаржыландыру стратегиясы. 7-қауіп-қатер
(тауекелділік) және сақтандырудың мөлшерін бағалау. 8-заңдылық аспектілері,
жоспардың орындалуын бақылау және бағалау.
2. Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және электрондық сауданың бизнес
моделі
2.1. Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және оны жасау
әдістемесі

Бизнес-жоспар – бұл жоспарланған мерзімге ұйымның жүзеге асыратын
бизнес моделін көрсету түрі.
Бизнес–жоспар: мынадай негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
➢ бизнес–жобаны жүзеге асырудың немесе кәсіпорынды дамытудың
ұсынылып отырған нұсқасының рентабельділігі мен мақсаттылығын
бағалауға;
➢ жоспарды жүзеге асыру барысында кездесетін кедергілер мен
қауіптерді анықтауға, сондай-ақ оларды жою тәсілдері мен ұйым
қызметінің нәтижелеріне кері әсерлерді төмендетуге;
➢ ұйымның алдағы уақыттағы қызметін қамтамасыз ететін менеджментті
қалыптастыруға;
➢ алдағы жұмыс нәтижелерін бағалау стандарттарын бекітуге.
Бизнес–жоспардың түрі мен мазмұны пайдаланушымен анықталады.
Бизнес-жоспар кәсіпорының барлық қызметін қамтуы мүмкін және ол нқты
жоба немесе идеяға негізделіп жасалады.
Дағарысқа қарсы бизнес-жоспар фирмаішілік кәсіпкерлік құралы болып
табылады.
Бизнестің ерекшелігіне байланысты бизнес-жоспарлар үш жылға дейінгі
мерзімге жасалады. Көбіне сауда кәсіпорындары қысқа мерзімді 1 жылға
дейінгі бизнес-жоспарлауды пайдаланады.
Құжаттың маңыздылығына қарай оны жасау үшін арнайы жұмыс тобы құрылады,
оны ұйым басшысы жетекшілікке алады.
Келесі кестеде бизнес-жоспарлардың негізгі ерекшеліктері олардың жасалу
мақсаттары мен бағытталуы көрсетілген.

Кесте 1. Бизнес–жоспардың түрлері және олардың ерекшеліктері

Бизнес-жоспар түріНегізгі Ерекшеліктері Пайдаланушы-лар
бағытталуы
Корпративтік Нарықтағы Қабылданған Ұйым
бизнес-жоспар ұйымның бәсеке корпоративтік басқар-масының
қабілеттілігі стратегиялар-дың атқа-рушы органы,
мен дамуын регламент-тері мен персоналдар.
қамтамасыз ету.стан-дарттарын
бекіту.
Кәсіпкерлік Меншік иесінің Төленетін Меншік иелері –
бизнес-жоспар табысын дивидендтердің құрылтайшы-лар,
қамтамасыз ету.көлемі мен мөлшерінакционерлер
негздеу.
Инвестициялық Инвестиция Жоспарланған Несие берушілер.
бизнес-жоспар тарту. бизнестің
сенімділігі мен
несиелерді қайтару
мерзімін негіздеу.
Дағдарысқа қарсы Кәсіпорының Ұйымның төлем Несие берушілер
бизнес-жоспар қаржылық қабілеттілігін қауымы.
сауығуы. қалыптастыру
бойынша негізгі
іс-шараларды
қарастыру.

Бизнес-жоспар жаңа сауда кәсіпорнын ашуға да жасалуы мүмкін. Бұл
жағдайда ол тек инвестор үшін ғана емес, жаңа дүкен ашу және оны жүргізу
үшін қажетті іс-шараларды көрсетеді.

Сурет 2. Бизнес-жоспарда көрсетілетін мәліметтердің жалғастығы

Бизнес-жоспардың стандартты құрылымы мынадай:
1. Кәсіпорынның бәсекелік артықшылықтары мен оның кедергілері, сондай-
ақ сыртқы ортаның мүмкіндіктерін есепке ала отырып жасалған бизнестің
негізгі мақсаты.
2. Бизнесті жүргізу стратегиясы мен тактикасын негіздеу.
3. Оларды жүзеге асыру тиімділігі.
4. Ақша ресурстарына қажеттілігін анықтау.
5. Бизнестің инвестициялық бағдарламасын негіздеу.
Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспарының типтік құрылымы келесідей:
Мұқаба беті.
Мазмұны.
Түйін.
Бөлім 1. Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет.
Бөлім 2. Бизнестің таңдап алынған сферасының жағдайының ерекшеліктері.
Бөлім 3. Бизнестің таңдап алынған сферасындағы жобаның мәні.
Бөлім 4. Корпоративтік мақсаты және стратегиясы.
Бөлім 5. Сауда қызметінің жоспары.
Бөлім 6. Маркетинг жоспары.
Бөлім 7. Ұйымдастыру жоспары.
Бөлім 8. Кәсіпкерлік қауіп–қатерді бағалау және оны сақтандыру.
Бөлім 9. Қаржы жоспары (табыстар мен шығындар болжамы, өзін-өзі өтеу
нүктесі, ақша қаражат қазғалысының болжамы, баланс жобасы,
қаржыландыру стратегиясы, бизнеске салымдардың тиімділігін
бағалау, немесе қайтару мерзімін есептеу).
Ендеше бизнес-жоспардың бөлімдеріне жалпы сипаттама берейік.
Мұқаба беті. Мұқаба бетінде кәсіпорын атауы, оның заңды адресі,
байланыс индексі, телефон, жобаның аты мен құны, жоспарлану уақыты, мерзімі
немесе жобаны іске асыру күні, құрастырушының аты-жөні көрсетіледі.
Мазмұны. Бөлім атаулары және бет нөмерлері көрсетіледі.
Түйін. Бизнес-жоспар жасалып болған соң жазылады. Онда бизнес-жоспардың
ең маңызды мәліметтері көрініс табады.
Бөлім 1. Кәсіпорын туралы жалпы сипаттама. Бұл бөлімде келесі
мәліметтер көрсетіледі:
1. Кәсіпорын құрылтайшылары – ірі акция паккеттерінің иелері немесе ең
көп үлескердің аты-жөні, салым мөлшері, адресі, телефоны.
2. Кәсіпорын жетекшісі.
3. Ұйымдастыру-құқықтық формасы.
4. Кәсіпорынның тіркелу мерзімі, күні.
5. Тіркеу куәлігінің нөмері.
6. Тіркеу куәлігін берген мекеменің атауы мен мекен–жайы.
7. Жарғылық қорының немесе акционерлік капиталдың мөлшері.
8. Қызметін бастаған уақыты.
9. Персонал саны (жұмыскерлер саны).
10. Кәсіпорынға қызмет көрсетуші банк.
11. Кәсіпорынның негізгі жетекшілерінің анкеталық мәліметтері (білімі,
біліктілігі, жұмыс өтілі, адресі, телефоны).
Бөлім 2. Таңдап алынған салада бизнесті жүзеге асырудың мақсаттылығына
тоқталу бөлімнің негзігі мәні. Іс-әрекеттің осы түрін жүзеге асыру
қажеттілігіне талдау жасау, оның орташа рентабельділік деңгейін анықтау,
жалпы нарық жағдайы мен басқа да факторларға талдау жасау көзделеді.
Бөлім 3. Бизнестің таңдап алынған саладағы жобаның мәні. Бөлімнің
міндеті – кәсіпорынның болашақтағы қызмет әлеуеті мен мәніне сипаттама
беру. Бөлімде мақсатты нарықтар, сұраным, жоспарланып отырған тауарлық
мамандау мен қызмет түрін, олардағы жаңашылдықты, бәсекелік
артықшылықтары, тауар мен қызметтердің нарық қажеттілігіне бейімделу
мүмкіндіктерін сипаттау қажет. Тауарларды сату әдістері мен саудалық және
технологиялық үрдістерге жалпы сипаттама беріледі. Сондай-ақ бөлімде
таңдап алынған бағыттағы жұмыс тәжірибесі және оның нәтижелері, қалыптасқан
серіктестік байланыстар, атқарылған (өткен) қызметтің көлеміне тоқталу
керек. Осы бөлімде ұйымда бар ресурстарға: ғимараттар мен үйлер тағы
басқаларға сипаттама беріледі. Жоба шеңберінде жасалған келіссөздер тізімі
берілу қажет.
Бөлім 4. Корпоративтік мақсаттары мен стратегиялары.
Бөлімнің мақсаты – жалпы мақсаттар мен кәсіпорынның даму стратегиясына
түйін жасау. Бөлімде сауда кәсіпорнының орналасқан жерінің, яғни әлеуетті
сатып алушылардың орналасу гегрофиясы, оның тығыздығы мен шекарасы тағы
басқа тиілділігі негізделеді. Бағалау дүкеннің түрі, тауардың ерекшелігі
мен ассортиментін, бәсеке деңгейін, тағы басқа факторларды ескере отырып
жасалады. Даму мақсаттары мен стратегиясын таңдау бойынша шешім қабылдаудың
ақпараттық базасы маркетинтік зерттеулер мен қосымшада көрсетілген
нәтижелер алынады.
Зерттеу тәсілдері ретінде нарық жағдайын бақылау, сауда мамандарынан
сұхбат алу, әлеуетті сатып алушылардан сауалнама алу, прайс-парақтарды
талдау, статистикалық ақпараттар, арнайы мекемелер мен жергілікті
әкімшіліктен алынған мәніметтер қарастырылады.
Бөлшек сауда кәсіпорындары қызмет көрсету аймағындағы сатып алушыларды
жасы, әлеуметтік жағдайы, табыс деңгейі бойынша бөледі. Әлеуетті сатып
алушылардан бәсекелес кәсіпорынның жұмысы жөнінде сұралады. Бәсекелік орта
туралы мәліметтер әлеуетті сатып алушылардың сауалнамасымен шектелмейді.
Әлеуетті бәсекелестердің тауар, баға, жарнама саясаттары басты бәсекелестің
анықталуы үшін негіз болады. Бөлімде олардың толық сипаттамасы беріледі,
мақсатты нарықтардың квоталары анықталады.
Алынған мәліметтердің негізінде ұйымның мақсаты, жалпы маркетинтік
зерттеулер нәтижесі көрсетілген қосымшаларға сілтеме жасай отырып
бизнес–стратегиялар мен функционалдық стратегиялар құрылады. Таңдап алынған
стратегия шеңберінде мақсатты нарық сегменттері бойынша сату көлемі
анықталады.
Бөлшек сауда кәсіпорнының сату көлемін жоболау үшін дүкеннің қызмет
көрсету аймағына қатысты әлеуетті сатып алушылар мен жүргізілген зерттеу
нәтижелерін келтіруге болады. Дүкенге келу жиілігі, сатып алу саны мен құны
ең маңызды ақпарат болмақ.
Сату көлемі бірінші жылы айға, екінші жылы – тоқсанға, үшінші жылы –
жылға жоспарланады. Нәтижелік мәліметтер кесте түрінде рәсімделеді.
Тауар айналымы мен тауар запастарының айналымдылық нормативтеріне
сәйкес сауда жүргізу үшін қажетті жоспарланып отырған кезең басы мен
соңындағы тауар запастарының көлемі анықталады.
Бөлім 5. Сауда қызметінің жоспары. Бөлімнің міндеті – жоспарланған
бизнесті жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды көрсету. Бөлімде ғимаратқа,
тауар топтары бойынша алаңдарды көрсете отырып, дүкен ғимаратының
құрылысына сипаттама беріледі. Қажет болса жөндеу жұмыстары мен оның құны
беріледі.
Бөлімде тауарларды сатудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсету мен
тауарларды сатуды ұйымдастыру технологиясына дейінгі технологиялық
операциялардың сызбасын беру қажет. Тауар қозғалысы процесінің әрбір
элементін көрсету деңгейі оларды жүзеге асыруға жұмсалатын бастапқы
(старттық) шығындардың калькуляциясын жасауға көмектесуге тиіс. Бөлімде
жұмыс орнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспар: мазмұны, әзірлеу тәртібі, кәрсеткіштері
Кәсіпорынның логистикалық тұжырымдамаларының мәні
Бизнес жоспар. Жоспар кәсіпорынның тиімді қызметінің негізі ретінде
Қазақстандағы электронды сауданың дамуы мен өсуін талдау
Бизнес жоспардың өндірісте алатын тиімділік орны
ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКА ҚАРЖЫ АНАЛИЗІ ТИТАН НК
Тиянақты шешім стратегиясы
Шағын байланыс кәсіпорны үшін ақпараттық жүйенің жобасын жобалау
Кәсіпорындaғы мaркетингтік қызметті бaсқaру
Кәсіпорындарда ақпараттық жүйелерді енгізу
Пәндер