Ағымдағы міндеттемелер аудиті


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім. Ағымдағы міндеттемелер аудиті

1. Ағымдағы міндеттемелер және олардың жіктелуі . . . 5

2. Ағымдағы міндеттемелер аудиті . . . 8

2. 1. Ағымдағы қаржылық міндеттемелер аудиті . . . 10

2. 2. Салықтар бойынша ағымдағы міндеттемелер12

2. 3. Ағымдағы міндетті және ерікті төлемдер бойынша

міндеттемелер аудиті. … . . . 19

2. 4. Ағымдағы кредиторлық берешек аудиті . . . 27

2. 5. Алдағы кезең кірістерінің аудиті . . . 31

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 35

Кіріспе

Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Қаржылық есептілік, аудиттің маңызды объектісі болып табылады, ол оның мәліметтерінің дұрыстығын анықтау үшін арналған. Аудитғылымның жаңа саласы ретінде пайдаланылып, оның теориялық және практикалық бағыттарын дамыту қажет етеді.

Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. 2004 жылы бухгалтерлік есеп методология департаменті қаржылық есеп беру ұлтық стандарты жасақталынды. Қаржылық есеп бере екі бөліммнен түрады. Бірінші бөлім жеке кәсіпкерлер және орташа кәсіпорындарға арналған, екінші бөлімі Қазақстан территориясындағы үлкен кәсіпорындарға және шетелдік серіптестік ұйымдарға арналған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қаржылық шаруашылық қызметке ие Қазақстандағы кәсіпорындар қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына көшті.

Кәсіпорын қаржылық - шаруашылық қызметті жүргізу кезінде болады. Себебі, бюджетпен, банктік ұйымдармен есеп айырысу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу, жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу .

Ағымдағы міндеттемелерге12 айдың ішінде өтелуі тиіс кредиторлық берешектер жатады.

көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.

Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жасауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісті ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап, оған зиян келтірмеуге мүдделі.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты- мәнінаша отырып, кредиторлардың талабы бойынша төленуге есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа сонымен қатарқысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуға аудиторлық талдау жасау.

Осы мақсатқа жету барысындамына міндеттердішешу көзделген:

1. Ағымдағы және олардың жіктелуі;

2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;

3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;

4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;

5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;

6. Ағымдағы ;

7. Кәсіпорындағы ағымдағы есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

Зерттеу объектісі- кәсіпорындағы ағымдағыміндеттемелер.

Теориялық базасыретінде отандық қаржыгер ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының «Аудиторлық ызмет туралы» Заңы, «Бухгалтерлік есеп стандарттары», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негіз болады.

1. Ағымдағы міндеттемелер және олардың жіктелуі

Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелері мен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік шарттар мен реттеледі. Бұл мақсат үшін кредиттік шарт ресімделеді, онда кредиттеу объектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері пайыздық мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды беру мен өтеу , құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдайлар көрсетіледі.

Ұзақ , аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың Бас кітаптың жоғарыда аталған шоттары мен журнал ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс.

Міндеттемелер- өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың. Оларағымдағыжәне ұзақ мерзімді болып жіктеледі. қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу операциялары 4010-4030 шоттарында ескеріледі. Бұл шоттардың әрқайсысында « Қысқа мерзімді қарыздар « аралық шоты бар. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым қарызға алынған соманы көрсетеді.

Алынған қарыздар сомасы « Банктердегі аккредитив чектердегі, карт шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша» бөлімшесінің «Шетел шоттардағы ақша», «Ұлттық шоттардағы ақша», «Еншілес (тәуелді) ұйымдарға кредиторлық берешек», «Берушілермен және мердігермен есеп айырысу « және т. б шоттарымен корреспонденцияда көрсетіледі.

Өтелген кредиттер сомасына «Қарыздар» бөлімшесінің (ақшалай қаражаттың есебі бойынша шоттар мен корреспонденцияда « Банктердің қысқа мерзімді қарыздары « аралық шоты) тиісті шоттары дебиттеледі.

Қысқа мерзімді қарыздардың аналитикалық есебінің несиесін берген банк түрлері және кредиторлар бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын қаржылық - шаруашылық қызметті жүргізу кезінде болады. Себебі, бюджетпен, банктік ұйымдармен есеп айырысу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу, жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу .

Ағымдағы міндеттемелерге12 айдың ішінде өтелуі тиіс кредиторлық берешектер жатады.

Ағымдағы міндеттемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының ҚЕХС бойынша жіктелуі төмендегідей.

Қысқа мерзімді міндеттемелер:

1. Ағымдағы қаржылық міндеттемелер (3010-3050)

Қысқа мерзімді банктік қарыздарУәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыесыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді дивидендтері мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешекҰзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігіӨзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер2. Салықтар бойынша міндеттемелер (3110-3190)

Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығыЖеке табыс салығыҚосылған құн салықЖер салығыКөлік құралдары салығыМүлік салығыӨзге де салықтар3. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер: (3210-3240)

Әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдары бойынша міндеттемелерБасқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелерБасқа да ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер4. Қысқа мерзімді кредиторлық берешек (3310-3390) Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешекЕншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешекФилиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешекЕңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешекЖалдау бойынша қысқа мерзімді берешекҰзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігіТөлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақыларӨзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек5. Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері (3410-3440)

Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелерЗаңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелеріӨзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері6. Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер (3510-3540)

Алынған қысқа мерзімді аванстарАлдағы кезеңдердің кірістеріСатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелеріӨзге қысқа мерзімді міндеттемелерАғымдағы міндеттемелердіашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.

2. Ағымдағы міндеттемелер аудиті

Ақша қаражаттарының аудиторлық тексеру барысында аудитор, кассаға ақшаның түсу көздері және мерзімділігімен, номерлеу тәртібімен және кассалық ордерлердің көшірмелерімен, кассадан қол ақшамен жұмсалатын шығыстардың түрлерімен алдын ала танысады, кіріс және шығыс кассалық ордерлерін жасау негіздері бар ма және оған тіркелетін құжаттар атап көрсетіле ме, осыларды қамтитын құжаттарды ресімдеу сапасыиа назар аударады. Түпнұсқа екендігіне күмән туғызатын құжаттар бойынша аудитор ақша алушылар қолының растығын тексеруі, жазбаша түсінік алуы, ал қажетті жағдайларда құжаттардың көшірмелерін алып, тергеу орындарына материалдар дайындауы тиіс.

Әрбір кіріс және шығыс кассалық ордерлерді және оған тіркелген қосымшаларды тексере отырып аудитор күнін, операциялардың мазмұнын, шоттар сомасы мен корреспонденцияларын ескере отырып, кассирдің есеп беруіндегі жазулардың дұрыстығын анықтайды. Содан кейін кассалық кіріс және шығыс бойынша жиындарын есептейді және оны кассирдің шығарған жиындарымен салыстырып тексереді, есепті кезең соңындағы кассадағы кол ақша қалдығын анықтайды. Бұл қалдықты келесі кассалық есеп беруде және №1 журнал-ордер мен №1 ведомоста көрсетілген қалдықпен салыстырады. Тексерілген есеп берулер құжаттарды алып кою, жаңа операцияларды жазу, тазалаулар сияқты жайларды анықтау мақсатында кассалық кітаппен салыстырылады.

Аудитор, кассирдің есеп беруіндегі деректермен салыстырулар арқымы №1 журнал-ордердегі және №1 ведомостардағы жазуларды тексереді, есеп регистрлерінде әрбір корреспонденциялық, шот дебеті және кредиті бойынша бөлек бағанапар бойынша төмендегі жиындарын есептеп шығарады, оны Бас кітаппен салғастырады.

Кассадағы қол ақшаны кіріске алу аудиторлық процедурасы әдістемесі олардың түсу көздеріне катысты болады. Банк мекемесінен алынған қол ақшаның кіріске алынуын тексеру кассирдің есеп беру індегі жазуларды чек кітапшаларының түбіртектеріндегі деректермен және банктің барлық көшірмелерімен міндетті салыстырып тексеру жолымен жүргізіледі.

Аудиторлық тексеру жүргізілетін субъекті қызметінің салаларына қатысты дайын өнімдерді өткізуден, алынған тауарлардан, орындалған жұмыстардан және көрсетілген қызметтен алынған табыс кассаға түсетін ақша қаражаттарының негізгі көздерінің бірі болып саналады. Мұндай жағдайда сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен, материалға жауапты тұлға-лардың есептеріндегі болуы мүмкін сәйкессіздіктерді немесе кіріс кассалық ордерлеріндегі (квитанцияларындағы) күндер мен оның сомаларындағы түзетулерді аныктау мақсатында қарсы тексерулер жүргізеді.

Кассадағы қол ақшаны есептен шығару негізділігін аудиттік тексеру көзінде жасалатын шығыс ақша операцияларының сипатына қатысты нақты бақылау жасаудың әртүрлі тәсілдері қолданылады.

Банк мекемесіндегі қол ақша жарналарының дұрыстығын тексеру кезінде касса бойынша есептен шығарылған сома мен ағымдағы шоттардан оның көшірмелері бойынша банктен есепке жазылған сомалар салыстырылады. Бір мезгілде банкке кол ақшаларды тапсырған квитанциялардың шынайлығы тексеріледі.

Еңбекке ақы төлеу қол ақшаның негізгі жұмсалатын бағыттары болып саналады. Сондықтанда аудитор, бірінші кезекте есептеу - төлем ведомостарын: осы құжаттардың ресімделу дұрыстығын, олардың түпнұсқалығын тексереді. Ол орындалған жұмыстар арифметикалық, тексерулер, қарсы салыстырулар, оларға төленген еңбек акы туралы негізгі тізімдік құрамға кірмейтін тұлғалармен сұрау жүргізеді. Бұл айтылгандардың бәрі, кейбір жағдайларда еңбекке ақы төлеу ведомостарына ойдан жұмыс істемеген адамдарды қосып қою, төлем ведомостарында еңбек ақыға берілген сомалардың жиынтығын көбейтіп жазу, орындалған жұмыстардың немесе нарядтардағы. еңбек келісімдеріндег. і бағалардан, оның накты көлемін өсіріп жазулардың орын алатындыгымен байланысты.

Операциялардың заңдылығын және дұрыстығын, олардың шынайылығын, алынған материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың, акциялардың, қорлардың, субъекті мүлігін сақтандыру бойынша бағалы қағаздардың, жалгерлік ақының, мерзімдік басылымдарға жазылудың, корларды жеткізуге, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге алынған аванстардың жеткізушілерге, мердігерлерге, сыртқары ұйымдарға, үшінші тұлғаларға берешектерді өтеудің бухгалтерлік есептің қандай бір шоттарына жатқызу негізділігін анықтай отырып, операциялық, шаруашылық және өзге де мұқтаждарга қол ақшаны жұмсау шығыстары ерекше бақылауға жатады.

Қорлардың аудитіне кірісе отырып, аудитор таңдап алынған тәсілдер мен тексерілетін аталмыш учаске бойынша есеп әдістері туралы ақпараттар алуы қажет. № 2 «Қорлар» ҚЕҰС-ның талаптарына сәйкес есеп саясаты туралы бұйрықта қорлар есебінің методологиялық аспектілері туралы ақпарат: қорларға ие болу есебінің тәртібі; есептен шығару кезінде олардың түрлері бойынша қорларды бағалау әдісі болуы тиіс.

Аудиттүрлерінің әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар. әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функциялары орындауды тексеру жасалады.

2. 1. Ағымдағы қаржылық міндеттемелер

Банктердегі және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу. Несиелеу қарыз капиталының қозғалысы болып табылады - ол процент түрінде үстеме төлем төлеп қайтару шартымен қарызға берілген капиталдың қозғалысы.

Несиенің объективті қажетгілігі ең алдымен өнеркәсіп және сауда капиталдарыньщ айналымдарының заңдылығымен байланысты.

Несиелерді есепке алу 60 «Несиелер» бөлімшесіне енгізілген 601 «Банк несиелері», 602 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 603 «Басқа да несиелер сияқты пассивті шоттарда жүргізіледі.

Банктердің несиелерін есепке алу. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзімді және үзақ мерзімді несиелендіруді ұйым-дасіыру ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.

Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Үлттық банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие беру банктермен өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Ссуда банк арқылы бүрын берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болған жағдайда беріледі. Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға не-сие беру оған үлкен қауіп туғызатын болғандықтан, ондай кәсіпорындармен кредит қатынастарын орнату мәселесін қарау кезінде ерекше сақтықта болған жөн.

Кәсіпорын кредит алу үшін кредиттің сомасы және мақсатты бағыты, пайдалану мерзімі, өтеу мерзімі, сондай-ақ кредиттелетін шараның қысқаша сипаты және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жазбаша өтініш-сұраумен банкке барады. Өіініш-сұрауды банкке ссуда алу үшін алғашқы рет барған не-месе ссуданы оқтын-оқтын пайдаланатын, тәуекелді қажет ететін кредитке өтініш жасаған, осы банкте есеп айырысу шоты жоқ, сауда мәмілесін жасау үшін кредит алушы кәсіпорындар ұсынады.

Әдетте ссуда шоттары банктерде есеп айырысу шоты ашылған орны бойынша ашылады. Бүл үшін кәсіпорын банкке төменде келтірілген өтініш-міндеттемесін ұсынады.

Сонымен қатар банкке кредит алу үшін бірінші рет барған кәсіпорын озінің жарғысын, үйымдастыру қүжаттарының көшірмесін, ережелерді, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиентгің кредит алу құқығының барлығын растайхын басқа да құжаттарды банкке үсынады. Қарыз алушының кредитгі алғаш рет алып отырғандығына немесе кредитті үнемі пайдаланып жүргеніне тәуелсіз кредитгі алудың мақсатына, пайдалану мерзіміне байланысты банктің өтініші бойынша келесі материалдар(деректер) үсынылады: Қажет болған жагдайда банкке заңмен бегіленген талаптарға, санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жау-ап беретін кәсіпорынның құрылысының /қалпына келтіруге/ жоба-сы /жүмыс жобасы/, сондай-ақ жоғарыда аталған нормалардың, мердігерлік келісімдердің сақталатынын растайтын сараптау мекемелерінің, жоба-смета қүжаттары бойынша берген қорытындылары, ішкі құрылыстың титульдық тізімі және басқа да қүжаттар үсынылады.

Қысқа мерзімді кредит әдетте 12 айдан аспайтын мерзімге кредиттелетін материалдық қүндылықтардың айналымдылығына және шықңан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Кредит шартында көзделген қысқа мерзімді кредит беру және өтеу шартгары мен тәртібіне сай, банктің кредит бөлімі арқылы кре-дит беруте өкім рәсімделеді, кредит қарыз алушының есеп айыры-су шотында қаржының бар-жоқтығына қарамай қарыз алушының кредит шотынан есеп-ақша құжатгарын телеу жолымен немесе оның есеп айырысу шотына қаржы аудару арқылы беріледі.

Кредит алған жағдайда: 441, 451 - есеп айырысу шохына және кассаға ақша алған жағдайда; 671 - жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотгары кредит есебінен төленген жағдайда, бүл аталған шотгардың бәрі дебетгеледі және 601 «Банк несиелер» шоты кредиттеледі. Кредитгі өтеген жағдайда 601 шот дебеттеледі және 441 шот кредитгеледі. Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі жеткенде 601 «Банк несиесі» шотына: «Мерзімінде өтелмеген ссудалар" немесе "Пролонгирленген ссудалар" талдамалық шоттарына есептен шығарылады. Бұл жағдайда сол 601 "Банк несиелері" шотының дебеті және кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазады.

Кредитті пайдаланғаны үшін банк үстемесі процент есептейді. Есептелінген проценттердің сомасы 831 "Проценттер бойынша шығындар" шотының дебеті және 684 "Төленуге тиісті проценттер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Проценттерді төлеу 684 "Төленуге тиісті проценттер" шотының дебеті және 441 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу. Нарық қатынастарын игеруге байланысты экономикадағы істің жағдайы күрт өзгерді. Мемлекет кәсіпорындарға ақша қаржыларымен еркін маневрлар жасау, соның ішінде кредитке қарыз беру құқығын берді. Бұл субьектілердің қаржы-шаруашылық қызметтерін бухгалтерлік есепке алу шоттарының бас жоспарына жаңа 602 "Банктен тыс мекемелердің несиелері" пассивті шотын енгізудің қажеттілігін туғызды. Бұл пассивті шотта еліміздің ішіндегі және шет елдегі қарыз берушілермен олардан ұлттық шет елдің валюта түрінде алынған қарыздар және басқа да тартылған қаржылар бойынша есеп айырысудың жағдайы жөніндегі мәліметтер жинақтайды. Сонымен қатар бухгалтерлік есетің Бас шоттар тізбегіне төлемдер мен міндеттелердің орындалуын қамтамасыз ететін, берілген және алынған кепілдемелердің қозғалысы мен қолда барын, есепке алатын баланстан тысқары екі шот: 008 "Алынған міндеттемелердің қамту мен төлемдер" және 009 "Берілген міндеттемелерді қамту мен төлемдер" енгізілді.

2. 2. Салықтар бойынша ағымдағы міндеттемелер

Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі. Мемлекетгік бюджет-жалпы мемлекетгік ақша қаржысы қорын құрудың және пайдаланудьщ негізгі қаржылық жоспары. Бюджетгің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсатгарға пайдаланылады.

1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентигің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» /өзгертулермен және толықтырулармен/ заң күші бар Жарлығына сәйкес жеке және заңды түлғалардан алынатын салықтар, мемлекеттгік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке тусетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен ретгелетін кеден баж салығы, алымы және төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салың қатынастарын реттейтін бірден-бір заң актісі болып табылады. Салық кодексі салықтардьщ толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу обьектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерді анықтайды.

Салықтар, алымдар, салымдар және міндетгі төлемдер деп Koдексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Салықтарды, алымдарды, салымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату қүқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілетгігіке жатады. Бүл қүқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында: Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті салық салу тәртібі және кейбір салық түрлері бойынша мөлшерді (ставкаларды) белгілеген жағдайлардан басқа, барлық салық салу мәселелері кодекспен белгіленетін жалпы мемлекетгік салықтар қолданылады; мөлшерін жөне оларды есептеу тәртібін Кодекс, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті немесе Қазаңстан Республикасының жергілікті өкілетті органдары белгілейтін жергілікті салықтар қолданылады.

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жер салығының, орман алымының, су үшін төлемнің, заңды түғалар және кәсіпкерлік қызметтермен айналысатын жеке тұлгаларды тіркеу үшін алымдардың, МАИ аятамдарының мөлшері мен төлеу тәртібін анықтайды. Жергілікті өкілетті органдар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілеген шектен аспайтын көлемде аукциондық сатулар алымы және қызметгің түрлерімен айналысу үшін жергілікті алымдардың мөлшерлемелерін белгілей алады.

Салықтар республикалық және жергілікті бюджеттерден тұратын мемлекетгік бюджетке аударылады.

Кен өндіруші өнеркәсіп салаларының кәсіпорындары бойынша роялтиді, заттай нысанда төлеу көзделген жағдайлардан басқа кездерде салық теңгемен есептелініп, теңгемен төленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті
Міндеттемелердің есебі және қарыз бойынша шығын
Ұйымның бухгалтерлік есептің мәні және ұйымдастырылу тәртібі
«Metrocom Service» ЖШС
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Кредиторлық берешек аудитінің есебі
Кайс Астана ЖШС ұйымының жалпы сипаттамасы, қаржылық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz