ТЖ тұрғындарын қорғау формалары



1. Кіріспе
2. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері
3. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
4. Жеке қорғаныс құралдарының сипаттамасы
5. Шылым шегудің зиянды әсері
6. Нашаныңадамағзасынаәсеретуі
7. Ішімдіктіңсалдары
8. Пайдаланғанәдебиет
Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиациаға қарсы баспаналарда, туннелерде, кен орындарында, жер асты өткелерінде, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасы-
рынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жургізіледі.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; . соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкелерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
1. Суровцев А.А., Мельникова Е.Н., Медведева Н.М. және басқа. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы, «Тіршілік қауіпсіздігі», Алматы, 2004ж., 1-2 том.
2. Ж.Е. Жолымбетов, С.Е. Жолымбетов, Н.Д. Калимов «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» Оқу-құралы, Қарағанды, 2008
3. Завьялов В.Н. Гражданская оборона. Учебник для мед. Вузов. М., Медицина, 1989 с. 269
4. Каиргельдина С.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Методическое пособие для студентов немедицинских Вузов. Евразийский гуманитарный институт. Астана, 2003г, с. 232

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: ТЖ тұрғындарын қорғау формалары. Ұжымдық және жеке қорғану құралдары. Санитарлы өңдеу. Алкоголизм, шылым шегу, нашақорлық және адам денсаулығы мәселелері. Автономды өмір сүру жағдайында тіпшілік ету аймағының ерекшелігін бағалау.

Орындаған: Қалибеков А
Фк и С. Е - 515
Тексерген: Нуржуманова Ж.М

Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Жеке қорғаныс құралдарының сипаттамасы
Шылым шегудің зиянды әсері
Нашаның адам ағзасына әсер етуі
Ішімдіктің салдары
Пайдаланған әдебиет

Кіріспе
Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиациаға қарсы баспаналарда, туннелерде, кен орындарында, жер асты өткелерінде, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасы-
рынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жургізіледі.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; . соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкелерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар женіндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытына шекаралас аудандар мен санатталған қала-лардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.
Халық аймақтық және көлемді төтенше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға теміржол, автомобиль, авиациалық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациалық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.
Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда кешірілу жедел жүргізілуі тиіс.
Тұрғындарды толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.
Уақытша көшіру шаралары:
:: ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;
:: халықты кешіру - аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады.
:: көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлегін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
:: Халықты оқыту барысында, Азаматтық қорғаныс жөнінен жаттығулар жүргізуде және күнделікті іс-қимылда мынаны талап ету қажет:
:: көшіруге жататын әр адам өзінің жасайтын іс-әркеті тәртібін білуі керек (жиналу орны, келіп жету мерзімі, көшіру әдесі, көшірілетін орны, жеке заттары мен азық-түліктерінің саны мен тізімі т.т.)
Санатталған қалаларда соғыс уақытында жүмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін жайғастырып орналастыру жұмысшылар мен қызметкерлерді және олардың отбасын қауіпсіз аймаққа ұйымдасып тасу арқылы жүзеге асырылады.
Көшіру шараларын жүргізуге басшылық жасау үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру (көшіру-қабылдау) комиссиялары құрылады. Көшірілгендерді тізімге алу, оларды қауіпсіз аймаққа ұйымдасқан түрде тасу үшін жинақталған көшіру бекеттері (көшіру-қабылдау) құрылады.

Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері

Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілген барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады.
Төтенше жағдайларды ескерту және іс әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп - экологиялық апат қауіпі өткір түр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бүлінуде, ормандар құруда, өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген түрлері жойылуда.
Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайы, сондай ақ осы заманғы зақымдау құралдарының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.
Қорғау теориясы халықты қорғаудың мынадай түрлерін анықтайды: оперативті - тактикалық (хабарлау, эвакуация, маскировка және т.б.), инженерлік-техникалық (қорғаныс орындарын жасау, гидротехникалық заттар, радиацияға қарсы комплекстер).
Қазақстан Республикасының "Табиғатты және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар" заңының 3 статьясына сай, табиғатты және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері:
Халыққа болжанған және туған төтенше жағдайларды жеткізу, оның алдын алу мен жоюды ұйымдастыру;
Құрылымдар мен тұрғындарға қауіптілік дәрежесін анықтау;
Халыққа қорғану тәсілдерін үйрету мен төтенше жағдайлардың алдын алуды іске асыру;
ТЖ салдарын жою барысында қорғаныс, авариялық қалпына келтіру және басқа да жұмыстарды жүргізу;
Шұғыл медициналық көмек көрсету;
Халық пен зардап шеккен жұмысшыларды әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлардан зардап шеккен тұрғындардың денсаулығы мен мүлкін, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерінің шығынының орнын толтыру.
Халықты қорғау жұмыстары алдын-ала дайындалған және Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі. Олардың көлемі ойланған қажеттілігіне сай анықталады.

Ойланған қажеттілік жетеді:
Төтенше жағдайларда кейінгі болжамдардан кейінгі халықты қорғаудың оптималды вариантын таңдау;
Халық шаруашылығы мен азаматтық қорғаудың бірігуі;
Алдын-ала және қауіпті кезеңде жүргізілетін құрылымдық және инженерлік - техникалық жұмыстарды орындау;
АҚ және ТҚ ұйымдастыру мен жүргізуде сапалы параметрлерді енгізу;
Соғыс және де бейбітшілік уақытындағы қорғаныс заттардың деңгейін жоғарлату;
Экономика мен даму жоспарын құру және орындау процесінде халықты қорғау сұрақтарын шешу.
Бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайдағы халықты қорғауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру комплексіне кіреді:
- халықты төтенше жағдайдың тууымен хабардар ету және үнемі одан кейінгі жағдайларды хабарлап отыру;
- қоршаған орта, азық - түлік және судың радиоактивті, улы, бактериалды заттармен зақымдануын бақылау және есептеу;
- халықты қорғаныс орындарында жасыру;
- халықты қауіпсіз орындарға көшіру;
- медициналық қорғаныс;
- рационды және химиялық қорғаныс;
- апат ошақтарына қорғаныстық және басқа да жұмыстарды жүргізу;
- бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты қорғаныстық әдістерге жалпылай оқыту;

Халықты уақытында хабардар ету.
ТЖ кезінде дер кезінде халыққа хабардар ету қорғанысты ұйымдастыру комплекстері ішінде маңызды орынды алады. Хабардар ету орындалады:
- территориялық автоматтандырылған халықты орталық хабардар ету жүйесін құру және оны үнемі дайындықта ұстау;
- территориялық орталықтан хабардар ету және шаруашылық объектісіне хабардар ету жүйелік ұйымдастыру және техникалық ұйымдастыру;
- үнемі жұмыс жасалатын локальды хабардар ету жүйесі мен қауіпті объектілерді хабардар ету;
- орталықтандырылған Республикалық байланыс жүйесін, радио - теледидарлы хабарлау, радиотрансляциялық құрылымдар мен басқа да ақпараттар таратушы техникалық заттарды пайдалану;
Хабардар ету радио және теледидар арқылы ұйымдастырылады, халықты осы хабардар ету жүйесін уақытында қосу үшін көлік пен дабылдар пайдаланылады.
Халықты қорғаныстық орындарға орналастыруды ұйымдастыру.
Халықты қорғаныстық орындарға орналастыру, төтенше жағдайлардан қорғаныстың ең сенімді әдіс болып табылады. Қорғаныстық орындар дегеніміз - бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың әсерінен халықты қорғауға арналған инженерлік құрылымдар. Қорғаныстық құрылымдарға жатады: қорғаныс орындары, реакцияға қарсы жасырылатын жер, қарапайым жер.
Қорғаныстық құрылымдар пайдалануына байланысты бөлінеді:
- халықты қорғауға арналған, басқару органдарын және медициналық бөлімдерге арналған;
- орналасуына байланысты: қосымша, бөлек орналасқан, метрополитен, талдап орналасқан;
- құрылыс уақытына байланысты: уақытында және тез.
Жасырынатын орын
Жасырынатын орын халықты барлық қауіпті факторлардан сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді (өрт аймағындағы жоғарғы температура, қауіпті газ, жарылатын радиоактивті және қатты әсер ететін улы заттар, қираған құрылыстық бөлінділерінен және т.б.).
Жасырынатын орын қорғаныстық ерекшеліктеріне байланысты 5 топқа бөлінеді:
Сыйымдылығына байланысты: кіші (150-300 адам), орташа (300-600 адам), үлкен (600 адамнан жоғары).
Орналасуына байланысты: қосымша, бөлек орналасқан, метрополитен және тауда орналасқан.
Құрылыс уақытына байланысты: алдын-ала және тез.
Радиацияға қарсы жасырынатын жер.
Радиацияға қарсы жасырынатын жер дегеніміз - ТЖ кезіндегі қорғаныстарды қамтамасыз ететін герметикалық емес қорғаныстар. Радиацияға қарсы жасырынуға (РҚЖ) арнайы соғылған құрылымдарды ғана емес, шаруашылық бағыттағы және қарапайым тұрғылықты құрылымдарды жатқызуға болады. Жасырынатын жерлердің қорғаныстары радиациялық әлсіздік коэффициентін анықтайды және конструкция дайындалған материалдар қасиетіне, оның қалыңдығына, сәулелену энергиясына байланысты. Мысалы: ағаш үйдің жертөлесі радиацияны 7-12 рет ал тас үйдің жертөлесі 200-300 рет әлсіздетеді.
Сыйымдылығы 50 адамнан жоғары РҚЖ- да өлшемі 80 x 180 см болатын екі есіктен кем болмауы керек, олар қарама-қарсы бағытта 900 бұрыш жасап орналасуы керек.
Қарапайым жасырынатын жер.
Халықты қорғау жүйесінде қуыс тәрізді қарапайым жер тұрғызудың маңызы зор. Қуыс құрылысы бойынша өте қарапайым және аз уақытта тұрғызуға болатын қорғанысты құрылым. Қуыс ашық және жабық болуы мүмкін. Ашық қуыстар сәулелену мөлшері радиоактивті зақымданудан 2-3 рет (дезактивациясыз) және 200 рет (дезактивациядан кейін) азайтады. Жабық қуыстар радиоактивті сәуленің мөлшерін 40-50 рет төмендетеді.
Халықты радиационды және химиялық қорғау.
Халықты радиационды және химиялық қорғау радиоактивті және химиялық жағдайларды анықтау мен бағалау, дозометриялық бақылауды ұйымдастыру, радиационды қорғаудың режимін жасау, халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, арнайы тазалауды ұйымдастыру мен жүргізуден тұрады.
Халықты радиационды және химиялық қорғау орындалады:
- Алдын-ала жеке қорғану құралдарымен радиационды және химиялық барлық заттар мен жасақтарды дайындықта ұстау. Оларды сақтау көлемі мен орны белгіленген қауіпті аймақтарға сәйкес анықталады. Көрсетілген заттармен ең алдымен зақымдалу ошағындағы құтқару және т.б. жұмыстарды жүргізетін жеке құрам радиационды және химиялық қауіпті объектілерді қызметкерлермен, қауіптің жан-жағындағы халық.
- өз уақытында құралдарды енгізу, анықтау әдістері, жаудың көп зақымдайтын қарудың масштабын ақырын бақылау және де халық шаруашылығын радиационды және химиялық қауіпті объектілердегі апатты бағалау;
- Соғыс және бейбітшілік уақытындағы радционды, химиялық барлау дезометрлік бақылауды жүргізетін заттар және көмектер қажет;
- Халықты жеке қорғаныс және бақылау құралдармен қамтамасыз ету;
- Халықты радционалды қорғаудың типтік режимін жасау мен халық шаруашылық объектілерінің зақымдалу жағдайында жұмыс жасау;
- Алдын-ала халықты санитарлық тазалау мен арнайы киім, зат, транспортты тазарту жүргізетін коммуналдық шаруашылық объектілерін дайындау;

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары - тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады. Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау - маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.
Панаханалар.
Оларды толтыру ережелері Паналау ғимараттары халықты ядролық, химиялык және бактериологиялық қарулардан корғау үшін арнаулы жобамен салынған күрделі құрылыс. Паналау ғимараттарының ядролық жарылыстың соққы толқынына қарсы тұрақтылығын күшейту үшін оның кұрылысына темір-бетон конструкциялары қолданылады. Бұл материалдар паналау ғимараттарының беріктігін бірнеше есе арттырады.Паналау ғимараттарының сокқы толкынынан қорғау дәрежесі бір шаршы сантиметрге түсетін артык кысымның мөлшерімен белгіленеді, артық қысымның мөлшері 0,5 килограммнан 5 килограммғадейін болады, осыған сәйкес паналау ғимараттары 4 класқа бөлінеді. 1-класқа жататын паналау ғимараттары ерекше жобамен ірі қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. 2-класты паналау ғимараттарының қорғау дәрежесі 3 кғсм2, бұлар азаматтық қорғаныстың бірінші тобына жататын қалаларда салынады. 3-класты паналау ғимараттары қорғау дәрежесі 2 кгсм2, олар 2-3 топқа жататын қалалар мен маңызды объектілерде салынады. 4-класты паналау ғимараттарының корғау дәрежесі 1 кгсм2, олар ірі қалалардың жобалы құрылыстарынан 5-10 километрге дейінгі қашықтықта салынады. Қала сыртындағы аймаққа, ауылдық, селолық жерлерде көбінесе радиация мен химиялық қарудан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тж тұрғындарды қорғау формалары. Ұжымдық жане жеке қорғану құралдары. Санитарлы өңдеу
Төтенше жағдайларда тұрғындарды емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жүйелері
Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері
ТЖ кезінде халықты қорғау
Эвакуация шараларын жүргізудегі негізгі ережелер
Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық құтқару
Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері. Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Пәндер