Этика және мораль


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырыбы:

1. Этика терминінің мәні мен мазмұны.
2. Аристотель іліміндегі этика мен адамгершілік ұғымы
3. Ойшыл ғалымдарының этика және мораль терминінің тарихы жөніндегі теориялық пікірлер.
4. Әл-Фараби этикасының негізгі нысандары

Орындаған: Толеубекова Дина

Жу-301

Тексерген: Абеуханова Е. Б

Семей, 2015


Жоспар:

1. Этика терминінің мәні мен мазмұны.
2. Аристотель іліміндегі этика мен адамгершілік ұғымы
3. Ойшыл ғалымдарының этика және мораль терминінің тарихы жөніндегі теориялық пікірлер.
4. Әл-Фараби этикасының негізгі нысандары

1. Этика-грек ethos тілінен аударғанда " дағды, әдет - ғұрып " деген мағынаны білдіреді . Зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель б. з. б. 4 ғасырда Аристотель қолданысқа енгізген. . “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының “Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика” атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этикалық теория, этикалық кітаптар, этикалық іс-тәжірибе туралы айтады. Аристотель этиканы адамгершілік пен моральтуралы ғылым деп түсіндірген. Этиканы біз мораль сөзімен тығыз байланыстырамыз. Алайда этика мен моральды бір бірімен шатастырып алмауымыз қажет. Этика дегеннің нақты анықтамасына тоқталсам, Этика- мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүруі салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің түрлі қоғамдық құрылыстарға сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Мораль - адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың арақатынасынан туындайды: адамгершілікке жататын немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Әр мекемеде не болмаса ұйымдарда мектепте болсын өзінің бір белгіленген этикасы бар.

2. Ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты философиялық жүйені құраған Аристотель атамыздың еңбегі ерекше екеніндігін білеміз. Этика тақырыбында Аристотельдің ерекше аталатын еңбегі "Бақыт этикасы". Аристотельдің көптеген шығармаларында этика талқыланғанымен, бұл саладағы ең сүбелі ойлар оның ұлы еңбегінің бірі «Никомах этикасы» кітабында пайымдалады. Аталған кітаптың аты Аристотельдің әкесі Никомахтың құрметіне осылай аталған. Аристотель бойынша этикалық білімді рухани білім деуге болмайды, этика да логика мен математикадан өзгеше сипатқа ие. Ол бейне азықтық және іс істеу, спорт білімдері секілді жалпылық білімдер мен ұстанымдарға құрылады. Мысал үшін, жақсы спортшы болу үшін теорияны жеттік білумен шектелмей, алдымен тәжірибеге, нақты жаттығу мен шынығуға мән беру керек. Аристотель ізгі қасиеттің өлшемін бекітті. Ол алдымен адамның іс-әрекетті мақсатты болады деп есептеп, бұл мақсатты жақсылық деп атады. Ал, оның айтып отырған этиканың ең негізгі категориясы болған Ізгілігінің түп өлшемі - бақыт. Грек тілінде eudaimonia деген сөзді тіке түрде "жақсы өмір сүру" деп аударуға да болады. Аристотельдің ойынша, бақыт сөзсіз түрде шаттықпен тең болмайды, немесе жай ғана атақ-бедел арқылы келе салмайды. "Адамзаттың түрлі арнайы іс- қимылдарын саралаған соң" Аристотель бақыттың қайнарын байқадым деп есептейді. Ал адам көңіліне талдау жасап үш бөлікті жіктейді: "Азықтану көңілі" (астық, жер, адамға тән), "Сезу көңілі" (хайуанда және адамда бар) және "Ақыл көңілі" (тек адамда ғана бар) . Сондықтан, адамзаттың қабілет міндеті дегеніміз- адам істеуге тиісті іске кірісу, адамға тән қабілетті пайдалану - ақыл қабілетіне жүгіну деп есептеді. Осындай іс істеген адам бақытты, өйткені ол ақыл көңілінің мақсаты мен мәніне жетті және соны іске асырды. Адамның ақыл көңіліне талпыну дәрежесіне орай адамзат баласы төрт дәрежеге бөлінеді. олар: 1. Ізгі ; 2. Тежемді; 3. Тидаусыз; 4. Сұрқия. Аристотельдің сенімі бойынша, күллі ізгілік атаулы "Әсіре" және "Кем" ортасындағы тепе-теңдікті сақтаудан туады. Бірақ, бұл Аристотельдің бейне Протагор секілді этика салыстырмашылдығы пікіріне салыну емес. Ол бірнеше көңіл күйді (кек, құрмет, қызғаныш) және бірнеше қимылды (қиянат, ұрлық, кісі өлтіру) түгелдей қатеге шығарып, олар мейлі қандай жағдайда туылса да ақтауға келмейді деп есептеді. «Никомах этикасында» Аристотель үнемі түрлі салалардан екі ұшқары беталысты тауып шығып, соларды тепе-теңдікте ұстауды дәріптеді. Мысалы, әділет, батылдық, дәулеттілік секілділер сол екі қарама-қайшы ұшқарылықтың кемшілігі жойылған орташа мүмкіндікте тепе-теңдікті сақтау есептеледі. Мысалы, Батылдық қорқу мен өзіне сену ортасындағы тепе- теңдік, осы тепе-теңдікті сақтай отырып іс істеу (ерлік көрсету) есептеледі. Шектеусіз қорқыныш, тым аз өзіне сенімділік әлсіздікке, қорқақтыққа, шегіншектікке алып келеді. Сол секілді, тым аз қорқыныш және тым артық өзіне сеніп кету ақымақтыққа, бейбастақтыққа ұрындырады. Сөйтіп, Аристотель заттар ортасындағы, істер ортасындағы, көңіл күйлер орасындағы тепе-теңдік нүктесін тауып шығу бақыттың көзі, ізгіліктің ең биік нұсқасы есептеледі деп тұжырымдады. Осынау екі ұшқарылықтың арасындағы тепе-теңдік нүктесі әдетте "Алтын орта" деп аталады. Аристотель тағы әділет ұғымына тоқталды. Ол Әділетті екіге бөлді: Толық әділет және Бөлік әділет. Толық әділет Аристотель Аристотель армандаған тек идеал қоғамда ғана болатын әділет. Бөлік әділет болса айырым қылмыс пен әділетсіз істерді жазалау әділеті. Осы тұсқа келгенде Аристотель адамға "тәрбиеленген тұжырым қабілеті" керектілігін, с сол арқылы істің әділетті, не әділетсіз екенін анық ажырата алатын болуын дәріптеді. Аристотель дамытылған жақсы әдет пен дағды жақсы адамды, жақсы ұлтты, жақсы мемлекетті, жақсы адамзатты қалыптастырады. Ал, "Алтын орта" ережесіне жаттығу адамды сау, көңілді, белсенді, бақытты етеді.

3. Этика мен моральді әр ғалымдар әр қалай қарастырып түсіндірген . Мәселен, Гегель моральды адамгершілік іс-әрекет тұрғысында қарастырады. Ал, Аристотель моральды адам жанының маңызды рөлі ретінде анықтайды . Ежелгі грек философы Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкім де өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек. Сократтың шәкірті, ежелгі грек философы, Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсініп білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Ежелгі грек философы, энциклопедист-ғалым Аристотель адамның ақыл- парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі - Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ. Аристотель: «Рақымшылдыққа ең алдымен дұрыс бағытталған ақыл қызмет етеді». Осы сөздің жаны бар сияқты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этикалық ізгіліктер
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Этика термині жайлы мәлімет
Философия мен этика
Эмпирикалық этика
Этика саласындағы стандартты операциялық процедураларды анықтау және оның дамуын зерттеу
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Этика санаттары
Этика термині
Этика ұғымы және оның заты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz