ОҚО бойынша салық комитетінің құрылымы мен басты міндеттері, құқығы мен функциялары



КІРІСПЕ

1. «ОҚО бойынша Салық комитетінің» құрылымы мен басты міндеттері, құқығы мен функциялары
2. Ақша қаражаттарының есебі
3. Тауарлы.материалдық құндылықтар есебі
4. Материалдық емес активтердің есебі
5. Негізгі құралдардың есебі
6. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебі
7. Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
8. «ОҚО бойынша Салық комитетіндегі» қаржылық есеп беру

ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта Салық комитеті салық және басқа төлемдердің бюджетке түсуін қарастырған салық заңдарына және басқа да заң актілері негізінде қаржылай міндеттемесін толық түсуін жауапкершілігіне алған мемлекеттік орган болып табылады. Сондықтан да Салық комитетінде бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады. Сол үшін де өндірістік іс-тәжірибенің студенттің практикалық дағдыны қалыптастыруына көмегі мол.
Мен өзімнің өндірістік іс-тәжірибемді «ОҚО бойынша Салық комитетінде» өткіздім. Іс-тәжірибе барысында мен ең алдымен бағдарламаға сәйкес Салық комитетінің Жалпы Ережесімен, құрылымы мен бухгалтерлік есеп саясаты және есеп жүргізу ерекшеліктерімен таныстым. Одан соң бағдарламаға сәйкес төмендегі тақырыптарды қарастырдым:
- Ақша қаражаттарының есебі;
- Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі;
- Материалдық емес активтердің есебі;
- Негізгі құралдардың есебі;
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебі;
- Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі.
«ОҚО бойынша Салық комитетінде» де активтер мен капитал, міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін оқып үйрендім.
Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар шағыс бизнес субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықты білікті серікті таңдауға қол жеткізді, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады.
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әртүрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп айтарлықтай кеңейеді.
Өндірістік іс-тәжірибе бізге теориялық тұрғыдан алған білімімізді практикалық дағдымен ұштастыруымызға мүмкіндік береді.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
ОҚО бойынша Салық комитетінің құрылымы мен басты міндеттері, құқығы мен
функциялары
ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ
1. ОҚО бойынша Салық комитетінің құрылымы мен басты міндеттері,
құқығы мен функциялары
2. Ақша қаражаттарының есебі
3. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі
4. Материалдық емес активтердің есебі
5. Негізгі құралдардың есебі
6. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебі
7. Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
8. ОҚО бойынша Салық комитетіндегі қаржылық есеп беру

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта Салық комитеті салық және басқа төлемдердің
бюджетке түсуін қарастырған салық заңдарына және басқа да заң актілері
негізінде қаржылай міндеттемесін толық түсуін жауапкершілігіне алған
мемлекеттік орган болып табылады. Сондықтан да Салық комитетінде
бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады. Сол үшін де
өндірістік іс-тәжірибенің студенттің практикалық дағдыны қалыптастыруына
көмегі мол.
Мен өзімнің өндірістік іс-тәжірибемді ОҚО бойынша Салық
комитетінде өткіздім. Іс-тәжірибе барысында мен ең алдымен бағдарламаға
сәйкес Салық комитетінің Жалпы Ережесімен, құрылымы мен бухгалтерлік есеп
саясаты және есеп жүргізу ерекшеліктерімен таныстым. Одан соң бағдарламаға
сәйкес төмендегі тақырыптарды қарастырдым:
- Ақша қаражаттарының есебі;
- Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі;
- Материалдық емес активтердің есебі;
- Негізгі құралдардың есебі;
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебі;
- Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі.
ОҚО бойынша Салық комитетінде де активтер мен капитал,
міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін оқып
үйрендім.
Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар шағыс бизнес субъектісі
ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік
және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап
айтқанда, ішкі және сыртқы нарықты білікті серікті таңдауға қол
жеткізді, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе
осыған байланысты болады.
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың
әртүрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс
жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап, соны
басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы
жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы
менеджментіне дейін өсіп айтарлықтай кеңейеді.
Өндірістік іс-тәжірибе бізге теориялық тұрғыдан алған білімімізді
практикалық дағдымен ұштастыруымызға мүмкіндік береді.

2. Ақша қаражаттарының есебі

ОҚО бойынша Салық комитеті өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
ҚР ҰБ нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді
жүзеге асырады.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир-материалды жауапты тұлға. Ол касса опреацияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасаланыды. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа да
алымдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарт жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45- Кассадағы қолма-қол ақша
бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
451- Кассадағы ұлттық валюта түрінде қолма-қол ақша және 452-
кассадағы шетел валюта түрінде қолма-қол ақша шоттарында жүргізіледі.
Кассадағы ұлттық валюта түрінде қолма-қол ақшаның есебі ҚР ҰБ-нің
бекіткен кассалық операциялардың жүргізу тәртібіне сай жүргізіледі.
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады, оған бас бузгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде
кассир Төлем таңбаларын анықтау тәртібін басшылыққа алуға міндетті.
Кассаға қабылданған теңге соммасы жазумен жазылады, тиын сандармен
жазылады.
ОҚО бойынша Салық комитетінде кассадан ақша беру кассаның шығыс
ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген
төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа
да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген
құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерне оның қол
қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша
берген кезде кассир алушының төл құжатын немесе жеке басының куәлігін
көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан
бергенін көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын:
теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
ОҚО бойынша Салық комитетінде жазылған касса ордерлері немесе
орнына жүретін құжаттар шығыс және кіріс құжаттарын тіркеу журналында
тіркеледі. Ол кіріс және шығыс құжаттарына жеке ашылады. Оларда келесілер
көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі,
кассаға түскен немесе жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек оны рәсімдеу
күнінде ғана жүзеге асырылады. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін оған
кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады және
жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып Алынды немесе Төленді деп
белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізеді, ол
нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс: ондағы парақтар санын
басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
ОҚО бойынша Салық комитетінде банкі шоттар теңгемен де, шетелдік
валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе
корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін
ақшаны қабылдауы, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша
соммаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет
түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады.
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 441 Есеп айырысу
шотындағы қолма-қол шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк
екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып
табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге
беріледі, екіншісі – бет есебі болып табылады.
Есеп айрысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі
құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі
шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен
салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама
сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған бақшаға банк түбіртек береді
және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
Валюта шоттары бойынша операциялардың есебі 431 – Ел ішіндегі
валюталық шоттардағы қолма-қол ақша және 432 – Шет елдердегі валюталық
шоттағы қолма-қол ақша - шоттарында жүргізіледі.
ОҚО бойынша Салық комитетінде банктегі ақша қаражаттарының есебі
Банк-Клиент деп аталатын жүйе арқылы жүзеге асырылады. Бұл өте ыңғайлы
бағдарлама болып табылады. Ол арқылы олар күнделікті банктік операцияларды
жүзеге асыра алады, өздерінің бет шоттарындағы ақша қаражаттарының
қозғалысын бақылай алады, валюта бағанының өзгеруін бақылай алады.

3. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі

ОҚО бойынша Салық комитетінде кәсіпорынның үздіксіз қызметін
қамтамасыз ету мақсатында тауарлы-материалдық қорлармен қамтамасыз ету
дұрыс жолға қойылған және оның есеп жүргізу ерекшеліктері кәсіпорынның есеп
саясатында қарастырылған. Тауарлы-материалдық қорлар ОҚО бойынша Салық
комитетінің айналымдық қорының негізгі бөлігі болып табылады. Оның
құрамына материалдар, аяқталмаған өндіріс, тауарлар кіреді. Нарықтық
экономика жағдайында айналымдық қордың айналымдылығын жоғарлату оның
маңызды және нақты көрсеткіші болып табылады. Өнімнің өзіндік құнында
материалдардың үлес салмағы өнеркәсіптерде 70 пайыз, ал тоқыма және
химиялық өнеркәсіптерде 85 пайызға жетеді.
Өндіріс процесінде еңбек заттары өндіріс қорлары ретінде қатысып,
жаңа қалыптасқан өнімге өзінің құнын толық беріп отырады. Олар бұл процесте
толық қолданыла отырып, жаңа өнімнің материалдық негізін құрайды.
Тауарлы-материалдық қорлар есебінің жалпы принциптері бухгалтерлік
есептің №7 Тауарлы-материалдық қорлар есебі стандарты негізінде
ұйымдастырылып, мұнда есептің негізгі бағыттары көрсетілген.
- тауарлы-материалды қорлардың есебі;
- тауарлы-материалды қорлардың өзіндік құны және бағалануы;
- шығындардың есептелуі;
- есеп берудегі айқындама.
Тауарлы-материалды қорлар – бұл ағымдағы активтер: шикізат пен
материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, орағыш бұйымдар,
конструкциялар мен бөлшектер, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы
бөлшектер, басқа да материалдар, қайта өнделуге жіберілген материалдар,
құрылыс материалдары, және басқалдары, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім,
тауарлар субъектінің қызметі барысында сатуға арналған тауарлар.
Тауарлы-материалды қорлар есебінің негізгі міндеттері:
- операциялардың құжаттарда уақытылы және дұрыс көрсетілуі,
материалдардың түсуі мен босатылуы, дайындалуы бойынша шынайы,
мәліметтермен қамтамасыз ету;
- материалдардың сақталу орындарында және барлық қозғалыс
кезеңдерінде сақталуын бақылау;
- қордың бекітілген нормасының сақталуын бақылау;
- қажет емес және артық материалдарды анықтап, олардың өткізілуін
бақылау;
- өндірісте материалдардың қолданылуын жүйелі бақылау;
- дайындалған қорлардың нақты өзіндік құнын және көлік дайындау
шығындарын дұрыс және уақытылы анықтау;
- көлік дайындау шығындарының өндірістің өзіндік құнына дұрыс
аударылуын бақылау;
- тауарлы-материалды қорлар бойынша субъектінің есептік саясатының
сақталуын және дұрыс қалыптасуын бақылау.
Жабдықтау және қойма шаруашылығының, салмақ өлшеу шаруашылығының
дұрыс ұйымдастырылуы үшін әр қоймаға бұйрықпен материалды-жауапты тұлға
белгіленеді, материалды жауапкершілік туралы келісім-шарт түзіледі.
Қоймалар тура таразылармен, өлшеу приборларымен, өлшеу ыдыстарымен
қамтамасыз етілуі тиісті. Цех қоймаларынан материалдарды талап етуге құқы
бар тұлғалардың тізімі бұйрықпен бекітіледі. Материалдар орталықтандырылып,
базистік қоймалардан цехтық қоймаларға немесе тіке жұмыс орнына графикке
сай жеткізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда график бойынша материалдардың
уақытылы жеткізілуіне және сақталынуына жауапты тұлғаларды тиянақтау керек.

Тауарлы-материалды қорларды сипаттауға арналған алғашқы есеп
құжаттары негізінен кіріс және шығыс, ал толтыру әдісі бойынша есептеу
техникасының көмегімен және қолмен толтыру болып бөлінеді. Толтырылатын
құжаттар мен олардың құжат айналымы данасының санын субъектінің өзінің
сипатына, өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктеріне, материалдық-техникалық
жабдықталуына және есепті ұйымдастыру жүйесіне байланысты бекітеді.
Тауарлы-материалды қорлар негізінен алдын-ала түзілген жеткізіп беру
туралы келісім-шартына сай түседі. Қолданылатын келісім-шарттардың формасы
стандартты болып табылады, онда келісім-шарттың заты, төлеу тәртібі,
келісімнің бағасы және жалпы соммасы, жабдықтаудың мерзімі және шарттары,
тауардың сапасы, сапасы және саны бойынша талаптары, маркировкасы,
санкциялар және келісім-шарттың қызмет ету мерзімі, форс-мажор,
келіспеушіліктерді шешу тәртібі, басқа да шарттары, заңды тұлғалардың
реквизиттері және мекен-жайы және сатылынып алынатын тауарлардың
спецификациясы көрсетіледі.
Тауарлы-материалды қорлардың түсуін бірінші кезекте маркетингтік
қызмет бақылайды. Олар келісім-шарттардағы барлық жағдайлардың орындалуын
бақылау керек, материалдың сапасы және жетіспеушілігі бойынша ауытқулар
анықталса, оларға талап қояды.
ОҚО бойынша Салық комитетінде өндіріс қорларының шығысы мен
түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың
негізі болып табылады. Тікелей алғашқы құжаттардың көмегімен ТМҚ тиімді
пайдалануын және және сақталуын, қозғалысын алдын-ала, ағымдағы және
болашақтағы бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде
қордың материалдарға номенклатуралық көрсеткіш беріледі.
Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілер –
номенклатуралық нөмірі беріледі, содан соң барлық құжаттарда ТМҚ-дың бары
мен қозғалысы бойынша берілген нөмірі қойылады.
ОҚО бойынша Салық комитетінде ТМҚ-ды жабдықтаушылардың қоймасынан
алғанда алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.
Оған сенімхат беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын
қойғызып, қолхат алу арқылы береді. Сенімхаттар арнайы журналда тіркеледі.
Жабдықтаушылар ТМҚ босатқан кезде, әрбір жіберілген бөлігіне үш
данада наклодной жазып береді, онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі.
Оның біріншісі ТМҚ алушысына, екіншісі жіберушінің өзінде қалады, оны ол
алдағы кезеңде жіберілетін ТМҚ-ды баылау жасау үшін пайдаланады. Ал
үшіншісі бухгалтерияға беріледі. ТМҚ босатып біткен соң, ең соңғы
партиясының құжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтериға тапсырады.
ОҚО бойынша Салық комитетінде ТМҚ-ды кіріске алуға мына құжаттар
негіз болады:
- шот-фактура, онда: қатар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау
нөмірі, әкелінген ТМҚ атаулары мен саны, құны, акцизделетін ТМҚ сомасы
т.б.;
- тауарлы-транспортттық наклодной;
-тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған
наклоднойы мен құжаттары, атап айтқанда:
1) Кіріс ордері – жабдықтаушылардан түскен қорларды есепке алу үшін
қолданады, ол бір данада және ол жауапты тұлғадан материалдар қоймаға келіп
түскен кезде толырылады;
2) Материалдарды қабылдау туралы акті – жабдықтаушылардың ілеспе
құжаттарындағы мәліметтерді сандық және сапалық айырмашылықтары бар
босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен
материалдарды қабылдаған кезде де. Қабылдау комиссиясы міндеттңі түрде
материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме
өкілінің қатысумен актіні 2 данада етіп жасайды;
3) Материалдық құндылықтардың өндірісте дайындалған және сақталған
кезінде жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы акітісі;
4) Табиғи шығын нормаларына сай материалдардың жоғалуы туралы
актісі;
5) Материалдардың (тауарлардың) бүлінуі, сынуы, қирауы туралы
актісі.
ТМҚ-ды босатқан кезде рәсімделетін құжаттар. Кәсіпорынның қоймасынан
материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін
цехтарға, сондай-ақ сыртқа өңдегу немесе артығын сатуға босатқан кезде
пайдаланылады.
ТМҚ цехтан цехқа берісе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп
санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс
шығыны ретінде танылады.
Материалдардың шығыны келесі құжаттармен рәсімделеді:
1) Лимиттік – жинақтама карта;
2) Материалдарды айырбастауға (қосымша босатуға) арналған талап-
актісі;
3) Материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап
наклоднойы.
Оның негізгі сипаты келесідей:
Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны – ай басындағы қалдық
құнына ай бойындағы келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген орташа
бағасы түсіндіріледі.
Бұл әдісті есептеуді математикалық формуласы келесідей:
Орташа құн = (м.қ. + (алын.
Км.қ. + Калын.
Мұндағы:
(м.қ.- есепті кезеңннің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;
Км.қ.- есепті кезеңннің басындағы қалған материалдардың қалдық
саны;
(алын – алынған материалдардың құны;
Калын – алынған материалдардың саны.

4. Материалдық емес активтердің есебі

ОҚО бойынша Салық комитетіндегі материалды емес активтер – бұл
өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге
арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді
анықтауға болады, олар серіктестіктің күшімен бақыланады және оларды
пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де олар жалға
берсе, сатса,айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың
тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді серіктестік бақылай
алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер – нақты табиғи
нысаны жоқ сезілмейтән құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де,
материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
ОҚО бойынша Салық комитетіндегі материалды емес активтердің
нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу 10 Материалдық емес активтер
бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Осы шоттың дебеті бойынша – материалды
емес активтердің келіп түскен айдың басы мен аяғындағы қалдықтары
көрсетіледі де, ал кредиті бойынша – материалдық емес активтердің есептен
шығырылғандығы көрсетіледі. 10-шы бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді: 101
Лицензиялық келісімдер, 102 Бағдарламалық жабдықтау, 103 Патенттер,
104 Ұйымдастыру шығындары, 105 Гудвилл, 106 Материалдық емес басқа да
активтер.
10 Материалдық емес активтер бөлімшесінің шоттарын ОҚО бойынша
Салық комитетінде талдамалық есепке алу Материалдық емес активтердің
мүліктік есеп карточкасында жүргізіледі.карточка серіктестікке түскен
материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алу үшін қолданылады.
Материалдық емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда жеке
мүліктік карточкасы ашылады. Карточка Материалдық емес активтерді алу-беру
актісінің, техникалық және басқа да құжаттардың, кәсіпорынның материалдық
емес активтердің объектісін алғанын растайтын құжаттардың негізінде
толтырылады. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға (ұйымға) берген
кезде, оны есептен шыққаны туралы белгі соғу үшін негізі Материалдық емес
активтерді алу-беру актісі болып табылады.

5. Негізгі құралдардың есебі

ОҚО бойынша Салық комитеті өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру
үшін бухгалтерлік есептің жеке объектіне бөлінген негізгі құралдар деп
аталатын қажетті еңбек құралдары болуы керек.
Еңбек құралдары, еңбек құралдарының кейбір түрлерін бухгалтерлік
есеп стандарттарын енгізгенге дейін Қазақстан Республикасындағы негізгі
құралдарға жатқызылатын 6 БЕС сай, 01.01.97 жылы енгізілген негізгі
құралдар құнымен шектеледі және келесі нұсқамен анықталады: Негізгі
құралдар – материалдық өндірісте және өндірістік емес ортада ұзақ мерзім
уақыт (бір жылдан астам) әрекет ететін материалды активтер.
Өндіріс процесінде көп рет қолдану, ұзақ мерзімді уақытта бастапқы
түрін сақтау (табиғи – заттай түрі) негізгі құралдардың ерекшелігі болып
табылады. Өндіріс процесі және сыртқы орта әсерлерінен бірте-бірте тозады
және белгіленген нормалар бойынша амортизацияны есептеу жолымен нормативті
қызметінің мерзімі бойында бастапқы құнын өндіріс шығындарына өткізеді.
Негізгі құралдар кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрай
отырып, өндірістік потенциалдың маңызды элементі. Сондықтан кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарлатудың маңызды жағдайы болып
негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды рационалды қолдану
болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т.б.) әсер ету жүзеге
асады және өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды
(ғимараттар, құрал-жабдық, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік
құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор
қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-
жабдықтар. Ол ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын үй-коммуналдық,
денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге
арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді. Менің қарастырылып отырған ОҚО бойынша Салық комитетінде
негізгі құралдар жалға алынбайды және берілмейді.
Негізгі құралдардың құрамына келесілер жатады:
Жер – субъект меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны.
Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек.
Машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар мен жабдықтар;
жұмысшы машиналар мен жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа
мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құрпалдарды,
соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда,
мүліктік объекті болып саналады.
Ғимараттар мен қондырғылар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ
белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға
арналған инженерлік-құрылыс объектілері және электр, жылу немесе
механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері,
трансмиссиялары, құбырлары).
Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және
басқа да салымдар.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және
болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде
амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне
субъектінің шығысы ретінде таратылады.
ОҚО бойынша Салық комитетіндегі негізгі құралдардың
бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, оның ішінде орын
ауыстыруы мен шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте
уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және
сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген
амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ,
есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі
құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың
жаңа әдістереінің тиімділігін; негізгі құралдарды жһндеу бойынша
шығындардың сенімді есебін; негізгі құраолдарды түгелдеуді және қайта
бағалауды мезгелінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін;
негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты
көрсетілуін қамтамсыз ету керек.

ОҚО бойынша Салық комитетіндегі негізгі құралдардың тозуын және
амортизациясын есептеу

ОҚО бойынша Салық комитетіндегі негізгі құралдарға амортизация
есептеу қарапайым әдіспен жүргізіледі. Бұл әдіске бұрын бухгалтерлік
есептегі амортизация есептеу тәсілдерінің түрлеріне тоқтала кетейік.
Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен,
табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың
екі түрі бар: табиғи және сапалы (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).
Негізгі құралдардың амортизациясының есептеудің әртүрлі әдістері
бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сай
дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі
бойынша жасалынады, олар:
- құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
- құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-
пар) етіп есептен шығару (өндірістік тәсіл);
- жеделдетіп есептен шығару;
- қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
- құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен
шығару.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу
сызықты) жолмен есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету
мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл
әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына
байланысты болып келеді.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу
сызықты) жолмен есептеу әдісі мына формула бойынша есептелінеді:
Бастақы құн – жойылу құны
Пайдалану мерзімі
Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне
пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл) негізгі құраолдардың
тозуы тек олардың пайдалану дәрежесі болып табылады және оны есептеу
процессінде уақыт кесіндісі ешқандай рөл атқармайды.
Ол келесі формуламен есептелінеді:
Бастапқы құн – жойылу құны .
Орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері
Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері:
а) Кумулятивтік әдісі – латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу
деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы
есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу
арқылы анықталады.
ә) Азайып отыратын қалдық әдісі – бұл әдіс те кумулятивтік әдістің
принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын
қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы,
автокөлікті пайдалану мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде
амортизациялау нормасы 20 пайыз болады (1005).
Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық
әдісінде амортизациялау нормасы 40 пайызға тең (20*2).
ОҚО бойынша Салық комитетінде амортизация есептеудің қарапайым
әдісі қолданады, бас бухгалтердің түсіндіруі бойынша мұның бірнеше қомақты
себептері бар:
1) бұл әдіс ҚР-ның Салық кодексінің ережелеріне ең жақын болып
табылады, себебі онда амортизацияның шекті нормалары көрсетіледі;
2) сатып алынатын негізгі құралдардың жиі жағдайда өте қымбат болып
табылады, сондықтан амортизацияны есептеудің жеделтілген әдісін
қолдану кәсіпорын үшін қиынға түседі.

6. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебі

ОҚО бойынша Салық комитетінде жабдықтаушылармен және сатып
алушылармен есеп айырысулар қысқа және ұзақ мерзімді дебиторлық және
кредиторлық қарыздардың туындауына алып келеді. Айтылып кеткендей, бұл
қарыздар жұмысты орындау немесе қызметті көрсету, тауарларды жөнелту және
қабылдап алу датасының және төлеу датасының уақытының сай келмеуінен пайда
болады. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар кәсіпорынның сәйкесінше
құқығын және міндетін көрсетеді, яғни қарызды талап ету немесе өтеу құқығын
көрсетеді Кредиторлар – заңды және жеке тұлғалар, кәсіпорын олардың алдында
белгілі бір қарызға ие. Бұндай қарыздың соммасы кредиторлық деп аталады,
және ол қарыздың пайда болу уақытынан кейін белгілі бір периодынан кейін
жабылатын бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынға қарызы туындаған кезде пайда
болады.
Кредиторлық қарыздың бар болуы қаржы-шаруашылық қызметінде
кәсіпорынның меншігінде емес бірақ әртүрлі себептермен оның айналысындағы
құралдардың бар болуын білдіреді.
Дебиторлық қарыз қызмет көрсетілді, тауар жөнелтілді, жұмыс
орындалды, бірақ сатып алушымен әлі төленген жоқ немесе сатушы-кәсіпорынға
алдын-ала төлем немесе аванс ретінде ақша өткізілді, бірақ тауар немесе
өнім әлі де келген жоқ уақытында пайда болады.
ОҚО бойынша Салық комитетінің қаржы жағдайын сипаттайтын маңызды
көрсеткіштерінің бірі болып дебиторлармен және кредиторлармен есеп
айырысудың жағдайы табылады. Бухгалтерлік есеп беруде есеп айырысу
операцияларын тексеру маңызды және еңбек сиымдылығы жоғары аудиторлық
тексерудің сатысы болып табылады. Жабдықтаушылармен және сатып алушылармен
есептесудің аудиті кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тексерудің
тек бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты – кәсіпорынның қолданып жүрген
есеп әдістерінің Қазақстан Республикасының территориясында әрекетті
нормативтік актілеріне сәйкестігін анықтау болып табылады.
Жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есеп айырысу әр кәсіпорында орын
алады. Оларға келесі шығындарды жатқызуға болады:
• ары қарай сату немесе тұтыну мақсатымен тауарлы-материалдық
құндылықтарды сатып алу;
• басқа кәсіпорындарымен көрсетілген қызметтерді төлеу;
• сырттан тыс кәсіпорындарға қызмет көрсету;

7. Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

ОҚО бойынша Салық комитеті де өз жұмысшыларымен еңбекақы бойынша
есеп айырысу операциялары жүргізіліп отырылады.
Жалақы – бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және
қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы
үшін алады.
Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі
681 қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу шотында жүргізіледі.

Еңбек ақыны есептегенде 681 шоты кредиттеледі де, мына шоттары
дебеттеледі: 126, 811, 821, 902, 922, 932, 942, 952.
Басшылықтағы тұлғалармен есеп айырысу үшін 682 Басшылықтағы
тұлғалардың қарызы шоты арналған. Басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек
төлемінің соммаларына 821-шоты дебеттеледі де, 682 –шоты кредиттеледі, ал
оны төлеген кезде 682 шоты дебеттелеп, 451 шоты кредиттеледі.
Кәсіпорынның қызметкерлеріне есептелген еңбек ақыны тарату. 681-
шотының кредитінен, басқа шоттардың дебетіне жатқызылған сомасы есеп
обьктілеріне, тапсырыстарына сай баптарына жазылуы керек, яғни талдамалық
есеп талап етіледі. Бұл мақсаттар үшін Жалақыны тарату деп аталатын
әзірлік кестесін пайдаланады.
Әрбір кәсіпорында ай сайын бірнеше есеп айырысу-төлем тізімдемелері
жасалады, оларды жинақтап, түйстіру керек. Бұл үшін Қызметкерлермен еңбек
ақысының төлемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректерінің жиынтығы деп
аталатын әзірлік кестесін пайдаланады. Онда қызметкерлермен есеп айырысу
бойынша ай бойындағы қалдықтары, есептелген, берілген, қайта есептелген,
есепке алынған және ұсталынған сомалары, сондай-ақ, айдың аяғындағы
берешегі, қалдықтары көрсетіледі. 681 және 682 шоттары бойынша Бас Кітапқа
жазылатын қалдықтарын алу, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және
қамсыздандыру т.б. қаражаттар есебінен берілетін төлемдердің сомаларын
жинақтау (Бұл соммаларға 681-шоттың кредиті және 653 Әлеуметтік сақтандыру
және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есеп айырысу шотының дебеті
бойынша корр-н шоттардың негізінде жасалады); еңбек төлемінен алынатын
ұсталымдар бойынша қорытынды деректерді алу; төлем көзінен ұсталатын, жеке
табыс салығы бойынша есеп беруді жасау, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
органдарына және зейнетақы қорына тоқсан сайын берілген әлеуметтік
сақтандыру мен қамсыздандыруға бөлетін қаражат бойынша есеп беру;
әлеуметтік салығы бойынша декларациясын алу үшін жинақ есебі пайдаланады.

Еңбек ақыны төлеу бойынша шаруашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасында кеден органдарындағы қызметті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы салық саясатының қазіргі жағдайы мен даму бағыттары
Салық органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Салық органдарының қызметін ұйымдастыру
Кеден жүйесідегі басқарудың объектілері құрылымы
Жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен тиімді пайдалануының есебі мен аудитін ұйымдастыру
Салық органдарының қызметі
Салық бақылауының жіктелуі
Пәндер