Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі

Орындаған: Әбдікәрімова Р. А

Тобы: АГ-313

Курс: 3

Тексерген: Есенгулова Н. Ж

Семей - 2015 жыл

Мазмұны:

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Негізгі бөлім

Пестицидтердің қоршаған ортаға әсер етуі . . . 4

Улы заттардың ағзада түрленуі . . . 9

  1. Қортынды . . . 12
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 13

кіріспе

Өсімдіктерді залалдайтын, ауылшаруашылық өнімдерін, материалдарды және бұйымдарды бүлдіретін зиянды ағзаларға, паразиттерге, ауру тасымалдағыштарға қарсы қолданылатын химиялық заттар - пестицидтер деп аталады.

Пестицидтер химиялық құрамына, қолдану нысанына, ағзаларға енуі және әсер ету сипатына байланысты талданады. Химиялық құрамы бойынша үш негізгі топқа бөлінеді: бейорганикалық қосылыстар (күкірт, мыс, хлор, бор қосылыстары) ; -өсімдік, бактерия, саңырауқұлақ негізіндегі препараттар (пиретриндер, бактериялық және саңырауқұлақ препараттары, антибиотиктер, фитонцидтер) ;

органикалық қосылыстар (галогенді көмірсутектер, фосфордың органикалық қосылыстары, аминдер және аммоний негіздері тұздары, кетондар, спирттер, нитрофенолдар, жай эфирлер, синтетикалық пиретроидтар, карбамин, тио және дитиокарбамин қышқылы туындылары, фенолдың нитроту- ындылары, мочевина туындылары, симтриазиндер, бес мүшелі гетероциклді қосылыстар) .

Пестицидтердің қоршаған ортаға әсер етуі

Экожүйелер мен ландшафтарда пестицидтердің өзгеруі мен сипатын зерттеу - экожүйелер мен ландшафтарда ксенобиотиктер мен табиғи улы заттардың сипатын зерттейтін ғылымның қоршаған орта экотоксикологиясының - жаңа ғылыми тәртіптің бөлігі болып табылатын пестицидтер экотоксикологиясының мақсаты. Басқа химиялық заттармен салыстырғанда ортаны ластауы мүмкін пестицидтер төмендегідей сипатқа ие: 1) олардың биосферадағы циркуляциясының қайта қалпына келмеуі (авиация мен жер беті аппаратураларының көмегімен қолданғанда пестицид қоршаған орта объектісіне бірден түсіп, онда толығымен ыдырағанша болады) .

2) табиғат пен адам үшін потенциалдық қауіп туғызатын белгілеу бойынша препараттардың биологиялық белсенділігі;

3) қорғайтын шаралардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданатын шығын мөлшерінің азаюының мүмкін еместігі;

4) препараттардың шаруашылықтың әртүрлі салаларында қолданылуымен, қоршаған ортадағы айналымымен және азық- түлiк өнiмдерiнде қалдықтардың болуымен байланысты көп мөлшердегі адамдардың пестицидтермен жанасуы;

5) табиғи шарттарда препараттардың тұрақтылығы және азық-түлік тізбегі бойынша берілуі;

6) биологиялық белсенді деңгейге жеткенше төмен концентрациялы препараттарға қатысты ағзаларда пестицидтердің жиналуы.

Пестицидтердің ерекшелігіне тәуелді биосферада олардың әсер ету формасы жасалынды:

1. Тұйық әсер: а) зиянкес ағзаларға тікелей; б) қосымша басқа ағзаларға, топыраққа, суға. Пестицидтердің тұйық әсерінің тиімділігі жұмсалу мөлше- рімен, формасымен, қолдану әдістерімен, әсерінің таңдамалы- лығымен және ыдырау жылдамдығымен анықталады.

2 . Қолданғаннан кейінгі жақын әсер (ландшафты - аумақ- тық) .

3. Қолданғаннан кейінгі алыс әсер (аумақтық - бассейнді) . Ол өзендердің хауыздарына олардың жайылмалары және террасалар бойынша ерітінділер, суспензиялар түрінде немесе топырақты коллоидтармен сорбцияланған күйде көшуге қабілетті өте тұрақты препараттарға тән. Жайылмалар, дельталар және эстуарийлардағы миграция, қайта бөлу және жинақтау 3-4 және одан да көп жылға созылады. Нәтижесінде пестицидтер өзендердiң төменгi ағымында, дельталар, теңiздерде ағзаларға әсер етуі мүмкін.

4. Қолданғаннан кейінгі өте алыс әсер (глобальды) бүкіл планетаны және оның жеке компоненттерін - мұхитты, құрлықты және атмосфераны қамтиды.

Қоршаған ортада пестицидтердің қалдықтары өз кезегінде пестицидтердің концентрациясы өсетін ірі жануарлар қолданатын өсімдіктер және жануарлар ағзаларымен жұтылуы мүмкін. Бұл олардың тамақта жиналуы мен соңында адамдардың қолдануына әкеледі.

Пестицидтердің циркуляциясы келесі сызбанұсқа бойынша жүреді:

1) ауа-өсімдік-топырақ-өсімдік-шөп қоректісі-жануарлар-адам;

2) топырақ-су-зоофитопланктон-балық-адам. Мысалы, 1 кг топырақта хлорорганикалық пестицидтердің тек мыңдаған миллиграммы ғана, ал осындай топырақта өскен 1 кг сәбізде 1-ден 6 мг-ға дейін мөлшері болады. Кейбір препараттар қан жүйесі арқылы түседі және жемістердің өсуіне байланысты ондағы пестицидтердің концентрациясы жоғары- лайды. Кейбір өсімдіктер мен жануарлардың барлық түрі хлорорганикалық заттарды жинақтайды және ағзада ұзақ уақыт ұстап тұруға қабілетті.

Пестицидтердің ауадағы қасиеті

Әуе кеңістігіне пестицидтердің түсуінің негізгі көзі - ауылшаруашылық дақылдарын, тұқымдарды, жайылымдар мен суаттарды өңдеу. Тап осы ауамен тасымалдаудан қоршаған ортада олардың қолдану орнынан айтарлықтай қашықтықта табылуы мүмкін тұрақты заттардың кеңінен таралуын түсіндіруге болады. Пестицидтер әуе кеңістігіне жел эрозиясы кезінде топырақ шаңымен бірге, сондай-ақ тапырақты өңдеумен өнімдерді тазалау кезінде түседі. Олардың айтарлықтай мөлшері қарқынды химиялық өндеу жүргізілген аудандардың атмосфералық шаңынан табылады.

Сонымен қатар, пестицидтер әуе кеңістігіне су буымен айдау нәтижесінде және топырақ пен өсімдік бетінен булану салдаынан ылғал беттерден де түсуі мүмкін.

Жүзім өсетін жерлерде филорсераның тамырлық түрімен күресуге қолданатын фумигирленген топырақтан атмосфеаға гесахлорбутадиеннің түсуі жайлы мәліметтер бар.

Атмосфералық ауаның пестицидтермен ластануы дәрежесі олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне, аумақтың көлеміне, сондай-ақ енгізу әдістеріне де тәуелді. Ауадағы препараттардың ең жоғарғы концентрациясы күннің ортасына таман, яғни оның температурасы максималды шамаға дейін көтерілгенде байқалады.

Ауа мен мұхиттың шекара қабаттарындағы диффузия процесі кезінде, сондай-ақ химиялық ыдырау нәтижесінде атмосферадан пестицидтер жойылады. Бұл жағдайда бастапқы пестицидтерге қарағанда улылығы азырақ өнімдер алынатын химиялық ауысудың маңызы зор. Мұндай реакцияларға бірінші кезекте су буларының гидролизі, ауа оттегісімен және озонмен тотығу сиякты көп жағдайда жарық әсерінен жылдамдайтын реакциялар жатқызылуы керек. Сондай -ақ, мұндай жағдайлада тұрақты хлорорганикалық препараттардың өзіде деградирленуге қабілетті болып келеді.

Атмосфераның жоғары қабаттарында себу салдарынан пестицидтердің фотолизі ондағы олардың ауысуынығ ең негізгі бағыты болып табылады. Кейбі жағдайларда молекуланың толығымен деструкциялануы өте тез жүреді. Осылайша табиғи пиретринде төмен фотохимиялық тұрақтылығы салдарынан өсімдік қорғауға прктикалық қолданысын таппады. Екінші орында әртүрлі фосфорорганикалық қосылыстар үшін гидролиз және тотығудың үлкен маңызы бар.

Пестицидте және олардың метаболиттері қоршаған ортада циркуляцияны жалғастырып, атмосферадан суға, топыраққа түседі.

Пестицидтердің судағы қасиеті

Су қоршаған ортада пестицидтердің тасымалдануының негізгі құралы болып табылады. Ашық суқоймаларына олар ауылшаруашылық жайылымда мен ормандарды авиациялық және жер бетінде өндеу кезінде шығатын өнекәсіптік ағынды сулармен, жаңбы және еріген сулармен түсуі мүмкін, сонымен қатар балдырларды, ұлуларды, адам мен жануарлардың, арам шөптедің ауруларын тасымалдағыштады жою үшін ашық суқоймаларын тікелей өңдеу кезінде түсуі мүмкін.

Топырақтық және жер асты сулар, ішкі суқоймалары, өзендер мен әлемдік мұхитта белгілі бір жағдайларда пестицидтер үшін соңғы депо болуы мүмкін. Осының салдарынан суқоймалаы бірінші кезекте тұрақты заттармен ластануы мүмкін . Әлемнің әр елінде ашық қоймалары суларынан хлорорганикалық қосылыстардың қалдықтары табылған, бірақ сирек жағдайда ғана олар қауіп деңгейіне жеткен.

Суқоймалардың лайында тұрақты хлорорганикалық инсектицидтедің жиналуы маңызды. Бұл оның лайлануы кезінде судың екіншілік ластануына әкелуі мүмкін.

Кейбір пестицидтер айтарлықтай емес концентрацияда судың органолептикалық қасиеттерін (иіс, дәм) өзгеруіне, фитопланктонмен оттектің түзілу процесіне, су жүйесінің мекендеушілерінің тіршілік әекетіне жағымсыз әсер етуі, тамақтану тізбегі бойынша беріліп, өнімдерде жиналуы мүмкін.

Пестицидтердің су жүйесінің мекендеушілеріне әсер етуі тура (өткір немесе созылмалы) және ауыспалы (су құрамындағы ерігіш оттектің мөлшерін азайту, судың химиялық құрамының өзгеруі, су жәндіктерін жою және т. б. ) улылық әсерден білінеді.

Пестицидтердің судан биологиялық тізбектің басқа буындарына өтуі кезінде олардың мөлшері жүз және мың есеге жоғарылайды. Ағзамен-сүзгімен жұтылған (мысалы, планктонды ағзаладың бір түрімен) тұрақты препараттар теріде қалып қойып, кейін балық ағзасына түсуі мүмкін. Тағам тізбегінің келесі буындарында жиналатын қасиетке ие заттардың әсері бірнеше ретке күшейеді. Осылайша, жаңбыр сулары ағнымен суқоймаларға хлорорганикалық препараттар-0, 3 мг\кг концентрацияда табылған (Гопкинс, 1966) .

Айта кететін бір жайт, пестицидтердің улылығы балықтардың әр түріне және басқа да су мекендеушілеге әртүрлі және аса кең шектерде өзгеуі мүмкін. Жалпы алғанда ең қауіптірегі хлорорганикалық пестицидтер, зияны азы препараттардың әсер етуінің әртүрлі механизмдерімен байнысты балытар үшін улылықтағы ауытқу өте маңызды.

Балықта үшін қауіптілігі ескере отырып, пестицидтердің судағы тұрақтылығын бағалау үшін келесі шкаланы қолдануға болады:5 күнге дейін -тұратылығы аз заттар, 6-10 -орташа тұрақты, 11-30-тұрақты, 30 күннен көп -жоғары тұрақты(Врочинский, 1981)

Жоғары сулы өсімдіктердің (жүктелген, жартылай жүктелген, жартылай жүктелген, жүзетін жапыратары бар), сондай-а төменгі балдырлардың(фитопланктон және фитобентос) дамуын бәсеңдету мақсатында тұйыталған суқоймаларға кіргізілетін гербицидтердің судағы бет алысына ерекше көңіл бөлуге болады. Суқоймалар микрофлорасының реакцияларында гербицидтердің әсерінен сапрофитті микроағзала санының өсуі нақты айқындалады(өңдеуден кейін 2-3 апта өткен соң) . Кейбір гербицидтердің стерилдеу қасиеті бар. Аммонификаторлар, нитрификаторлар және денитрификаторлардың саны мен функционалдық активтіліктері өзгереді, ал бұл өз кезегінде суқоймаларда аммиак пен нитраттардың жиналуына әкеледі.

Гербицидтер су жануарларына қатты әсер етеді. Айқындалған өткір улылықты қасиетке ие болмаса да және айтарлықтай улануға әкелмегендіктен де, олар сонда да мүшелер мен гидробионттар терілерінде жиналады. Зоопланктонның сезімталдырақ компоненттеріне-3-5 ұрпақтары өлетін тікенек мұртты шаяндар жатады. Жануарлардың өлімі, сондай-ақ өсімдмітердің өлімі мен фитопланктонның ыдырауы кезінде қолдану салдарынан оттектің жетіспеуінен болады.

Пестицидтердің топырақтағы қасиеті

Пестицидтерді топыраққа, топырақта мекендейтін зиянкестеді, нематодты, арамшөптерді бактериалды және саңырауқұлақты қоздырғыштарды жою үшін енгізеді. Олар, сондай-ақ топыраққа өсімдіктердің жер беті мүшелерін өңдегеннен кейін де түседі: жауған жаңбырлармен шайылады және желмен әкетіледі. Пестицидтер топыраққа өсімдік жапырақтарымен, тамырымен және т. б заттардың қалдықтары ретінде де түсуі мүмкін. Олар топырақ бетінде өзгеріссіз күйінде болуы мүмкін және біраз уақыт аралығында өзінің улылығын сақтап қалуы шарттарына тәуелді. Пестицидтердің физикалық, химиялық және биологиялық процестерінің (биохимиялық және микробиологиялық) ыдыратқыш әсеріне қарсы тұратын қасиеті олардың тұрақтылығын (персистенттілік) сипаттайды. Бірдей жағдайда зерттегенде (немесе бір қосылысты әртүрлі топырақта) әртүрлі қосылыстардың персистенттілігін Т0, 5 көрсеткішімен (жартылай жоғалу периоды) сипаттау қабылданған, бұл көрсеткіш бастапқымен салыстырғанда топырақтағы пестицид мөлшерінің екі есеге төмендейтін уақыт аралығын білдіреді. Осы көрсеткішті есептеу үшін топырақ үлгілерін логарифмді еселік интервалдар динамикасы арқылы алады және анализдейді.

Түрдік өсімдіктердегі пестицидтердің қалдық мөлшері динамикасының осы мерзімдерін анықтай отырып, Т0, 5 көрсеткішін және күту уақытын есептеуге болады. Топыраққа түскен препарат метаболиттер қатарына дейін ыдырауы мүмкін, олардың топырақтағы тұрақтылығын, фитоулылығын, өзгерісінің ерекшеліктерін бастапқы зат сияқты нақты зерттеу керек. Пестицидтердің топырақта сақталу ұзақтығы химиялық және физикалық қасиеттеріне, мөлшеріне, препараттың формасына (ұнтақ, сұйық), топырақ типіне, оның ылғалдылығына, температурасы мен физикалық қасиеттеріне, топырақты микрофлора құрамына, өніп шыққан өсімдіктің түріне - тұқымдық құрамына, топырақты өңдеу ерекшеліктеріне тәуелді

Көп жағдайда, топырақтың, әсіресе оның микрофлорасы- ның типі негізінен көптеген пестицидтердің ыдырау ұзақтығын анықтайды. Тіпті, ең персистентті заттар кейбір микроорганизмдер әсерінен молекуланың толықтай деструкциясымен тез ыдырап кетуі мүмкін. Топыраққа түйіршік түрінде енгізілген заттар ұнтақ немесе сұйық түрлерге қарағанда топырақта ұзақ уақыт сақталады. Ереже бойынша, құрамында көп мөлшерде органикалық заттар мен лайлы фракция болса, препараттар топырақта тұрақтырақ болып келеді. Пестицидтердің топырақта қозғалуы. Пестицидтер мен олардың метаболиттері топырақта оның барлық үш фазасымен бірге тұрақсыз күйде болады және осыған байланысты топырақ профиль бойынша көлденең және тік бағыттарда орын ауыстырады.

Улы заттардың ағзада түрленуі

Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі - фотохимиялық, тотығу - тотықсыздандыру реакциясы және гидролиз көмегімен жүзеге асатын болса, екіншісі - ферменттер әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына байланысты. Улы заттың ағзаға түсуі удың улылық әсерін шектейтін жауап қайтаратын қорғаныс реакцияларын тудырады. Мұндай реакцияларға: ағзадан бөтен затты өзгеріссіз күйінде шығару, оны теріде қалдыру және уды жай заттарға дейін ыдыратып шығару немесе метоболизмнің жалпы процестеріне қосу жатады.

Дегидрохлорлану (хлорлы сутек молекуласының үзіліп шығуы) хлорланған көмірсутектер мен кейбір басқа да пестицидтерге тән қасиет және ол сілтілік ортада немесе ферменттердің қатысуымен өтеді. Осы реакция нәтижесінде улылығы аз, сондай-ақ улылығы жоғары өнімдер де түзілуі мүмкін.

Конъюгирлену. Конъюгирлену реакциясы - бұл ағзаға бөгде заттардың эндогенді химиялық қосылыстармен бірігетін биосинтетикалық процесс болып табылады. Осы кезде түзілетін кешендер (конъюгаттар) заң бойынша полярлы, қозғалғыш және улылығы төмен болып келеді. Осындай реакциялардың қатарына ацетилдеу, сульфаттардың түзілуі, амин қышқылда- рымен, глюкоза және глутатионмен конъюгирлену, O- және S-метилдену реакциялары жатады. Олар бірінші кезекте молекуласында фенолды, гетероциклді және басқа да циклді топтамалар бар пестицидтерге тән қасиет. Конъюгирлену процесіне пестицидтер де, сондай-ақ олардың метаболизм өнімдері де (спирттер, фенолдар, карбон қышқылдары, аминдер, тиолдар, гетероциклді және циклді қосылыстар) қосылады. Ағзадағы процестердің биохимиялық ерекшеліктеріне тәуелді басым реакция типі өзгереді: өсімдік ағзасында гликозидтер мен гликозоаминдердің; жәндіктер ағзасында - сульфаттардың, конъюгаттардың амин қышқылдарымен, глюкозамен, глутатионмен; жылықанды жануарлар ағзасында - конъюгаттардың глюкурон, амин, күкірт қышқылдарымен түзіледі.

Ағзада қандай да бір удың өзгеру процесі бір ғана нақты анықталған жолмен жүрмейді. Керісінше, бір қосылыс нәтижесінде алмасу кезінде әртүрлі өнімдер түзілетіндей әртүрлі реакцияларға қатысуы мүмкін. Сонымен қатар, бір реакциялар удың белсенділігіне, басқалары оның детоксикациясына әкеледі. Бұл процестердің бағыттылығы ағзаның түрлі және жеке ерекшеліктеріне тәуелді, сонымен қатар айтарлықтай дәрежеде пестицид әсерінің таңдамалылығын анықтайды.

Жәндіктердің ағзасына у тағаммен бірге түскен кезде улы заттардың өзгеру процестері сілекей ферменті әсерінен алдыңғы ішекте басталады және ортаңғы ішекте ферментативті, демек химиялық жолмен белсенді жүреді. Негізінен бұл жерде полярлы және улылығы төмен өнімдерді түзе гидролиз реак- циясы жүреді. Ортаңғы ішекте ароматты қосылыстардың сіңірілуінен кейін мальпигилі тамыр арқылы бөлінетін гликозидтерге айналуына алып келеді. Улы заттардың ыдырауы сіңірілумен гемолимфаға түсу процесінен кейін де жалғаса береді және олардың бір бөлігі дененің майлы қабатында түрленеді. Жәндіктің сыртқы жамылғысы арқылы у ішке түскенде инсектицидтің метаболизм процестері негізінен ферменттердің белсенділігі өте жоғары, дененің майлы қабатында жүреді. Бұл жерде удың тотығуы, тотықсыздануы, гидролизі және оның басқа қосылыстармен конъюгациясы болады. Бұл жағдайда айналу өнімдері мальпиги тамыры арқылы жасушада жиналып, жәндіктердің түлеуі кезінде бөлінуі мүмкін. Сүтқоректілерде удың гидролитикалық ыдырауы сілекей- дің, асқазан сөлінің және қан ферменттері әсерінен белсенді өтеді. Бірақ, улы заттарды зарарсыздандыратын негізгі мүше - ол мықты ферменттік аппараты бар бауыр. Пестицидтер және олардың ыдырау өнімдері қанға, сол арқылы бауырға түседі, нәтижесінде суда ерігіш қосылыстар ыдырау (гидролиз, тотығу, тотықсыздану) және конъюгация процестеріне ұшырайды. Соңғылары бүйрек арқылы зәрмен немесе өт нәрімен бірге ішекке түсіп үлкен дәретпен бөлініп шығады. Кейбір пести- цидтердің ыдырау өнімдері жылықанды жануарлар ағзасынан өкпе арқылы газ түрінде шығарылуы мүмкін. Жануарлардың майлы терісі де абсолютті инертті болмайды. Бауырға қарағанда бұл процестің жылдамдығы айтарлықтай аз болғанымен, онда сақтауға берілген пестицидтер біртіндеп, улылығы төмен өнімдерге дейін ыдырайды. Өсімдіктерде, саңырауқұлақтар мен бактерияларда улы заттардың айналу процестері жануарлар ағзасына қарағанда баяу жүреді және олардың жылдамдығы қоршаған ортаға тәуелді; қолайлы жағдайларда у қарқынды ыдырайды, ал өсім- дік оның улы әсерін тезірек жеңеді. Өсімдіктерде улы заттарды зарарсыздандыратын қандай да бір ерекше мүшелері табылмады. Кейбір топырақ гербицидтерінің өсімдік жапырағына қарағанда тамырында жылдамырақ ыдырайтыны белгілі. Өсімдіктерден пестицидтердің айналу өнімдерінің бөлінуі негізінен саңылаулар арқылы CO2, NH3 және басқа да газ тәрізді заттар түрінде жүреді және тамыр арқылы да бөлінеді. Сонымен қатар көптеген улар және олардың метаболизм өнімдері тамыр жүйесі арқылы глюкозамен, амин қышқылдарымен және кейбір органикалық қышқылдармен конъюгаттар түрінде жылжып отырады. Кез келген ағзада улардың метаболизімімен байланысты барлық процестер негізінен жасушада жүреді. Бұл жерде барлық ағзаларға тән және улы заттардың таңдамалы улылы-30 ғының себебін түсіндіретін негізгі заңдылықтарын бөлуге болады. Барлық жасушалар үшін эндоплазматикалық тізбектің болуы ортақ және олардың каналдары мембранамен байланыс- қан және осы тізбектер арқылы алмасу жүреді. Мембранамен байланысқан эндоплазматикалық желілер, каналдар барлық жасушаларға тән ортақтық және олар арқылы бір-бірінің арасындағы алмасу жүзеге асады. Сонымен қатар эндоплазматикалық желі тотығу, гидролиз, тотықсыздану реак- циялары және көптеген заттардың синтезі жүзеге асатын біршама ферменттердің жиналатын орны болып табылады. Сүтқоректілердің бауыры мен жәндіктердің майлы қабаты гомогенаттарымен жасалған тәжірибелерінде, пестицидтердің метаболизм процестеріндегі шешуші рөлді эндоплазматикалық желі ферменттері атқарады. Сонымен қоса, реакция түріне тәуелсіз ферменттік айналудың өнімдері үнемі бастапқы заттар- ға қарағанда полярлылау және липидте ерігіштігі төмен. Бұл олардың ағзадан шығуын оңайлатады. Бродтың ойы бойынша, эволюция процесі кезінде алко- лоидтар, терпендер, стероидтар және басқалары сияқты тағамға қосылатын қоспалардың ағзадан жылдамырақ шығуын қамтамасыз ететін ұқсас ферменттер пайда болған. Эндоплазматикалық жүйенің жеке ферменттерінің төмен ерекшелігі арқасында пестицидтерді ыдыратуға қабілетті. Эндоплазматикалық жүйе ферменттерінің белсенділігі осы энзимдердің қатысуымен метаболизм жүзеге асады және әртүрлі физиологиялық белсенді заттар әсерінен өзгеруі мүмкін. Осындай құбылыс индукция деп, ал оны тудыратын заттарды - индуцирлейтін агент деп атайды. Индуцирлейтін агентті енгізгеннен кейін сүтқоректілердің бауыры немесе жәндіктердің майлы қабатының микросомальды фракциясының (ультрацентрифугирлеу көмегімен бөліп алғаннан кейінгі эндоплазматикалық желінің аумағы) бір немесе бірнеше улы заттарының ыдырау жылдамдығы жоғарлайды немесе төмендейді. Индукцияның әсері алғаш рет дәрілік заттарға жүргізілді. Осының салдарынан көптеген инсектицидтер индуцирлейтін агент болып табылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі туралы ақпарат
Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі туралы мәлімет
Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі туралы
Улы заттардың жасушаға енуі және ферменттерге әсері
Пестицидтердің улылығы
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары және токсиндер
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы мәлімет
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар. Ластағыш заттардың айналуларын химиялық реакция типтері
Пестицидтердің ыдырау механизмі
Пестицидтермен уланудың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz