Түйе шаруашылығындағы асыл тұқымды жұмыс



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Өнімділігі бойынша сұрыптау
2.2. Түйелерді бонитировкалау
2.3. Түйелерді жұптау
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Түйелерді сұрыптау – мал өнімділігі мен тұқымдық қасиеттерін жетілдірудегі ең маңызды мәселелердің бірі. Сұрыптаудың мақсаты алынған төлдердің ішінен өнімділік қасиеттері жоғары мал ды өсіруге қалдырып, өнімділік және тұқымдық белгілері талапқа сай келмейтіндерін етке өткізу немесе басқа жолдармен пайдаланып, олардан төл алынуына жол бермеу болып табылады.
Түйелерді өнімділігі (тірідей салмақ, жүн, сүт өнімділігінің мөлшері мен сапасы, бейімділік қасиеттері), дене бітімі мен тұрқы, шығу тегі мен ұрпағының сапасы бойынша сұрыптайды. Өнімділігі, дене бітімі мен тұрқы бойынша сұрыптау оларды бонитировкалау (осы аталған қасиеттерін өлшеу және салыстыру) арқылы жүргізіледі.
1. « Жылқы және түйе шаруашылығы» Қ. Бозымов

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Түйе шаруашылығындағы асыл тұқымды жұмыс

Орындаған: Шуленова М.Қ.
Тексерген: Қорабаев Ж. З.
Топ: ТЖ - 305

Семей - 2015
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Өнімділігі бойынша сұрыптау
2.2. Түйелерді бонитировкалау
2.3. Түйелерді жұптау
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Түйелерді сұрыптау мен жұптау
Түйелерді сұрыптау - мал өнімділігі мен тұқымдық қасиеттерін жетілдірудегі ең маңызды мәселелердің бірі. Сұрыптаудың мақсаты алынған төлдердің ішінен өнімділік қасиеттері жоғары мал ды өсіруге қалдырып, өнімділік және тұқымдық белгілері талапқа сай келмейтіндерін етке өткізу немесе басқа жолдармен пайдаланып, олардан төл алынуына жол бермеу болып табылады.
Түйелерді өнімділігі (тірідей салмақ, жүн, сүт өнімділігінің мөлшері мен сапасы, бейімділік қасиеттері), дене бітімі мен тұрқы, шығу тегі мен ұрпағының сапасы бойынша сұрыптайды. Өнімділігі, дене бітімі мен тұрқы бойынша сұрыптау оларды бонитировкалау (осы аталған қасиеттерін өлшеу және салыстыру) арқылы жүргізіледі.

Өнімділігі бойынша сұрыптау. Түйе тұқымының өнімділік бағыты, малды күтіп-бағу жағдайы мен олардың қай санат мақсатында өсірілуіне байланысты, сұрыптау кезінде бағаланатын әрбір өнімділік көрсеткішінің мәні түрліше болады. Сондықтан мал дене бітімінің беріктігін ескере отырып, кейде олардың ет өнімділігіне (тірідей салмақтарына), ал енді бірде сүт өнімділігіне басты назар аударылады.
Шығу тегі бойынша сұрыптау түйені дене тұрқы мен өнімділігі бойынша сұрыптауды толықтырады. Бұл сұрыптаудың мағынасы-малдың ата-енесінің өнімділік және тұқымдық қасиетін білу. Бір айта кететін нәрсе мол өнімді мал төлдері шығу тегінің өнімділіктері төмен мал төлдеріне қарағанда барлық көрсеткіштері жағьшан басымырақ болады.
Осы себептерге байланысты өсімге бірінші кезекте элита және I класты інгендерден алынған төлдерді қалдыру керек.
Түйелерді төлдерінің сапасы бойынша сұрыптау ең жетілген әдіс деп есептелінеді. Бураларды түрлі жас шамасындағы екі топ төлдерінің сапасы тексерілгеннен кейін ғана асыл тұқымды бура есебінде кеңінен пайдалануға, ал інгендерді сұрыптау олардың 1,5 жас шамасьшдағы төлдерінің баға көрсеткіштерінің негізінде жүргізіледі. Бірінші класты немесе сапасы бір деңгейдегі інгендерге пайдаланғанда, басқа буралармен салыстырғанда, мол өнімді төл берген буралардың тұқымдық сапасы жақсы деп есептеледі.
Түйелерді бонитировкалау - оларды дене бітімі мен тұрқына, өнімділік деңгейіне сай, жан-жақты бағалау. Бұл бағалауда зоотехникалық есеп құжаттарының мәліметтері, түйелердің шығу тегі мен ұрпағының сапасы есепке алынады.
Тұқымдық және өнімділік қүндылықтарына орай, мал элита, бірінші және екінші кластарга бөлінеді. Осы кластардын малына қойылатын талаптарға сай келмейтін түйелер өсіруге қалдырылмайды.
Түйелерге бонитировка ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы
Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі
Ауыл шаруашылығы проблемаларының шешу жолдарын
Шалқар ауылдық округі, орталығы Жылтыр ауылы
Мал шаруашылығы және ірі қара шаруашылығы
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Пәндер