Даму кезеңіндегі психологиялық ауытқушылық түрлері



Девиантты мінез.құлық
Жағымды девиантты мінез.құлық
Тар мағынасындағы девианттық мінез.құлық
Мінез
Пайдаланған әдебиеттер
Девиантты мінез-құлық дегеніміз -қоғамда қабылданған ержелерге бағынбау, ауытқу.Девианттық мінез-құлық –қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары. Девианттық мінез құлықтың мәнін түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз-«қалып (норма)» және «қылық».
Өзінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі. Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады. Кез – келген «табиғи» жағдай (отбасын құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы, біреудің ауырып не өлуі, т.б.) және оның нәтижесіндегі қандай да бір ситуация дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап, осыған орай қажетті күш жинауды талап етеді. Оларды «қалыпты стресс» деп атайды. Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде адамдар дағдарыс жағдайлары мен ситуацияларды түрліше қабылдайды. Ол тұлға дамуында үлкен маңызға ие, себебі біреулері дағдарыстың шешімін тауып, әрі қарай дамыса, енді бірі оған бейімделе алмай өзін бұзады. Бұл адамның дағдарыс жағдайын қабылдап, шешу мүмкіндігіне байланысты.
1. В. Н. Мясищев и др. "Основы общей и медицинской психологии",Изд-во "Медицина", Л., 1968
2. Суворов А.К. Диагностические значение соматопсихических ощущений,автореф...дисс.канд.мед.наук. М.,1983
3. Нұрмұханбетұлы Ә. «Патофизиология» Алматы, 2010 ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Даму кезеңіндегі психологиялық ауытқушылық түрлері

Тексерген: Абдуллина Г.К.
Орындаған: Хасенова Қ
Пх-215

2015ж

Девиантты мінез-құлық дегеніміз - қоғамда қабылданған ержелерге бағынбау, ауытқу. Девианттық мінез-құлық - қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары. Девианттық мінез құлықтың мәнін түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз-қалып (норма) және қылық.
Өзінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі. Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады. Кез - келген табиғи жағдай (отбасын құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы, біреудің ауырып не өлуі, т.б.) және оның нәтижесіндегі қандай да бір ситуация дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап, осыған орай қажетті күш жинауды талап етеді. Оларды қалыпты стресс деп атайды. Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде адамдар дағдарыс жағдайлары мен ситуацияларды түрліше қабылдайды. Ол тұлға дамуында үлкен маңызға ие, себебі біреулері дағдарыстың шешімін тауып, әрі қарай дамыса, енді бірі оған бейімделе алмай өзін бұзады. Бұл адамның дағдарыс жағдайын қабылдап, шешу мүмкіндігіне байланысты.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының қалыптасуында нақты іс-әрекетті ұйымдастырушы психолог, ата-ана, мұғалім болғандықтан, олардың кәсіби даярлығына, ғылыми психолого-педагогикалық негіздерін қарастыру қажеттілігі туындайды. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі белгілі бір маман иесі немесе қарапайым ғана қоғамдық ортаның мүшесі десе де болады, олардың тұлғалық түр сипатын даярлауда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда олардың психофизиологиялық негізін жетілдірудің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылып келеді. Жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыру, дағдарыстардың алдын алу үшін келесі мәселелерді ескеруіміз қажет, яғни саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуда, жүйелі іс-әрекет жасауға мүмкіндік беру. Мінез-құлық дағдарысын психологиялық көзқарас тұрғысынан қарастыратын болсақ кез-келген жеке адам басқа адамдармен олардың ой-пікірімен, бағдарымен, жағымды эмоцияны сезінген кезде жүріс-тұрыста ауытқушылықтар болмайтындығы сөзсіз.
Әлеуметтік қалып-бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар. Басқа да құндылықтар тәрізді, әлеуметтік нормалар тұлғаның бағалау және бағыт ұстау функцияларын орындайды, мінез-құлықты реттейді және бақылап отырады. Норма-идея, идеалдар сияқты бағыттапқана қоймай, белгілі бір ереже-міндеттерді жүктейді. Нормалардың реттеуші ықпалы-олардың мінез-құлықтың түрлерін, шарттарын, шекарасын ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге, қарым-қатынас шарттарын, мақсаттары мен құралдарын жасайтындығында.
Әдетте, қабылданған нормаларды бұзу-қоғамның әлеуметтік топтары мен институционалдық формалары тұрғысынан осы ауытқуларды жою бағытындағы нақты және айқын жағымсыз реакциясын іске қосады. Сондықтан да нормалар қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз ететін, девиацияға қарсы күрестің бірден-бір әлеуетті құралы болып табылады.
Девиантты мінез-құлықты кең және тар мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы девианттық мінез-құлық деп - қоғамдағы қабылданған нормалар мен әлеуметтік стереотиптерге сай келмейтін кез-келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы девиацияны жағымды және жағымсыз деп екі түрге бөлуге болады.
Жағымды девиантты мінез-құлық - бұл көпшілік әдеттен тыс, таңғаларлық деп қабылдаса, кейбіреулер теріс деп қарамайтын құбылыстар болуы мүмкін. Бұлар-ерлік, өзін-өзі құрбандыққа шалу, біреуге шектен тыс берілу, біреуді шамадан тыс аяу т.б. көріністер болуы мүмкін.
Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек көру сезімдерін туғызатын мінез-құлық ауытқушылықтары. Мысалы, терроризм, вандализм, ұрлық, сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т.б.
Тар мағынасындағы девианттық мінез-құлық дегеніміз жалпы қабылданған нормалардан тыс, жағымсыз, еш адам жақтамайтын ауытқулар. Сонымен, девианттық мінез-құлық - кез келген қоғамдағы қабылданған әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қарама-қайшы келетін қылықтар жүйесі. Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының өсуі өзекті проблемаға айналып отыр. Девианттық мінез-құлық - бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.
Девианттық мінез-құлықтың пайда болу себептері:
1. Әлеуметтік теңсіздік. Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, жұмыссыздық, жемқорлық т.б.
2. Девианттық мінез-құлықтың моральдық этникалық факторы қоғамның моральдық - адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы, қоғам өмірін ақшаның билеуі. Деградация және әдеп-ғұрыптың ықпалының төмендеуі, бұқаралық, қайырымшылдық, сатылған махаббат, құқық бұзушылықтың күшеюі.
3. Девианттық мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы. Әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы, өмір жағдайының сәтсіз болуы, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, денсаулықтағы психо-физикалық ауытқулар т.б. осының барлығы рухани дүниенің дағдарысына әкеліп, өмір сүру мәнінің жоғалуына алып келеді. Бұл қоғаның болашақ жастарға кері әсер тигізетіні сөзсіз.
Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келгенде оның ойында оқуға деген қызығушылық әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы біртіндеп қалыптасады деген. Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп жазған: Қызығушылық-бала қылығын итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана тұлғаның іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып және бағдарлап отырады.
Мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Жасөспірімдердің девиантты мінез - құлқын психологиялық және педагогикалық түзету
ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН АНЫҚТАУ
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Жеткіншектердің агрессивті тәртібінің типологиясы
Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы
Қиын балалар ұғымының мәні
Пәндер