Оттегімен емдеу әдістері туралы мәлімет



Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Отегімен емдеу
2.2Оттегін терінің астына жіберіп емдеу әдісі
2.3 Оттегін тік ішек арқылы жіберу әдісі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Оттегі –түссіз, иіссіз, жанатын, барлық денендегі тотығу процесін жүргізетін улы газ.Оттегі зат алмасуын қамтамасыз етеді.Оттегінің жетіспеуі көбіне мал қораларында мал санының көбеюінен болады.
Оттегін тыныс алу жолдары арқылы жіберіп емдеу әдістерінде кездесетін қиындықтар оны басқа жолдар арқылы жіберіп емдеу әдістерін іздестіруге мәжбүр етті. Сол әдістердің біріне оттегін терінің астына жіберіп емдеу әдісі жатады. Оттегін терінің астына жіберу арқылы емдеуді 1780 жылы Спаланцани өз еңбектерінде көрсетті. Сол кезден бастап бұл әдіс малдарға эксперимент жүргізу арқылы бірнеше қайтара тексерілді. Осы жүргізілген тәжірибелердің нәтижесінде оттегін терінің астына жіберу мал организміне ешқандай зиян келтірмейтіні дәлелденді. 1900 жылдардан бастап бұл әдістің медицина саласында қолданыла басталғаны туралы деректер бар. Оның өзі кездейсоқ жағдайға байланысты туындаған. Бірінші рет дәрігер Доминэ шприцтің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан ауруға қан сары суының орнына бірталай мөлшерде ауаны жіберіп алған.
1. Қожанов К.Н., Қажиев Х.Ж. Мал ауруларын патогенездік емдеу. Монография. Алматы, 2010.
2. Қожанов К.Н. және т.б. Малдың ішкі жұқпалы емес ауруларының практикумы. – Астана, 2009.
3. Қожанов К.Н. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. Оқу құралы. Алматы. 2013.
4. Б.К. Ильясов, А.Б. Ильясов Алғашқы ветеринариялық жәрдем, Алматы-Шымкент 2011.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Оттегімен емдеу әдістері

Орындаған:Әбілова А.Қ.
Тобы:ВС-303
Тексерген :Ахметжанов О.Н

Семей 2015
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Отегімен емдеу
2.2Оттегін терінің астына жіберіп емдеу әдісі
2.3 Оттегін тік ішек арқылы жіберу әдісі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Оттегі - түссіз, иіссіз, жанатын, барлық денендегі тотығу процесін жүргізетін улы газ.Оттегі зат алмасуын қамтамасыз етеді.Оттегінің жетіспеуі көбіне мал қораларында мал санының көбеюінен болады.
Оттегін тыныс алу жолдары арқылы жіберіп емдеу әдістерінде кездесетін қиындықтар оны басқа жолдар арқылы жіберіп емдеу әдістерін іздестіруге мәжбүр етті. Сол әдістердің біріне оттегін терінің астына жіберіп емдеу әдісі жатады. Оттегін терінің астына жіберу арқылы емдеуді 1780 жылы Спаланцани өз еңбектерінде көрсетті. Сол кезден бастап бұл әдіс малдарға эксперимент жүргізу арқылы бірнеше қайтара тексерілді. Осы жүргізілген тәжірибелердің нәтижесінде оттегін терінің астына жіберу мал организміне ешқандай зиян келтірмейтіні дәлелденді. 1900 жылдардан бастап бұл әдістің медицина саласында қолданыла басталғаны туралы деректер бар. Оның өзі кездейсоқ жағдайға байланысты туындаған. Бірінші рет дәрігер Доминэ шприцтің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан ауруға қан сары суының орнына бірталай мөлшерде ауаны жіберіп алған. Аурудың жағдайы жақсара бастағанын байқаған. Осыдан кейін терінің астына ауаның орнына оттегін жіберуді ұйғарған. Ауаның орнына оттегін жіберу арқылы ауруды жазып алған. Бұл тәжірибе кейіннен оттегін терінің астына жіберу арқылы емдеу әдісінің бастамасы болған көрінеді. Бұл әдіске әсіресе соғыс жылдарынан кейінгі 1919 жылдардан бастап көп көңіл бөліне бастаған. Көптеген авторлар, әсіресе француздар, ішек індеттерін, менингитті, түберкүлезді, өкпе қабынуларын емдеуде жақсы нәтижеге қол жеткізген. 1924 жылы Байе биіктікке көтерілген кезде пайда болатын ауруларды емдеу және ол аурулардың алдын алу үшін осы әдісті қолдану жөнінде көптеген жұмыстар жүргізген. Бұл әдісті емдік әдіс ретінде қолданған көп авторлардың деректері осы уақытқа сәйкес келеді. Бірақта, әдістің емдік маңызы туралы авторлардың пікірлері әртүрлі болғандығы байқалады.
Әртүрлі ауруларды оттегін терінің астына жіберу арқылы емдеу туралы көп клиникалық жұмыстар бар.

1-ші сүрет. Оттегін терінің астына жібергенге дейін және жібергеннен кейін қанның қысымы (төменгі қисық сызық) мен дем алыстың (жоғарғы қисық сызық) өзгеруі (Мицов).

Сонымен қатар алынған деректерге сүйене отырып нақтылы объективті баға беру мүмкін болмаған. Авторлардың көбі әдісті қолданғанда аурудың жалпы жағдайының жақсаратыны туралы ғана деректерді келтіреді.

2-ші сурет. Өкпе альвеоллаларындағы ауаның алмасу схемасы. Ақ жолақтар арқылы ауаның альвеоллаға кіру қозғалысы көрсетілген.
Оттегімен емдеудің қандай әдісі болмасын оның негізгі мақсаты аурудың салдарынан организмде туындайтын тұншығуға немесе аноксемиялық-гипоксемиялық жағдайға қарсы күресу. Бұл мәселе жөнінде авторлардың пікірлеріне тоқталып өтелік.
Оттегін терінің астына жіберіп емдеу әдісінің жақсы жақтаушысы Мельхиор өзінің осы әдіс туралы жазған монографиясында бұл әдістің жан-жақты әсерлері туралы баяндайды. Атап айтқанда:
1. Тұншығуға қарсы әсері;
2. Улануға қарсы әсері;
3. Организмді қуаттандыру әсері;
4. Орталық жүйке жүйесі қозғанда тыныштандыратын әсері;
5. Психикалық әсері.
Автордың айтуынша оттегін терінің астына жіберу арқылы улануды емдеу тек қана көмірсутегі тотығымен уланғанда ғана қолданылған көрінеді. Өзінің иіс тиіп ауырған адамдарға қолданған бірнеше байқаулары туралы деректерді береді. Осындай деректер Пик пен Дюрананың, Никлудың еңбектерінде де кездеседі. Бірақта ол авторлар мұндай жағдайда карбоген мен оттегін ингаляция арқылы жіберудің терапевтикалық нәтижесі әлдеқайда жоғары екендігін мойындайды.
Мельхиор терінің астына жіберілген оттегнің организмнің улануына қасы әсерін өзінше түсіндіреді. Ол эфирмен наркозды оттегін терінің астына жіберумен қатарынан жүргізіп байқағанда, ол наркоздың әлдеқайда қолайлы жағдайда болғанын баяндайды. Оның механизмін төмендегідей түсіндіреді: терінің астына жіберілген оттегі эфирдің тез тотығуына немесе басқаша бүлінуіне әсер етеді. Мұндай жағдайда наркоздың қозу стадиясы болмаған немесе өте аз уақытқа созылған, көгеру сирек кездескен және оттегінсіз қолданғандағыдай дәрежеге жетпеген. Эфир аз кеткен және наркоз қайтқан кезде құсу өте сирек байқалған.
Автор терінің астына жіберілген оттегінің организмді қуаттандыру әсерін анемия дамитын ауруларда қан құрамында тезірек регенерация құбылысының болуымен дәлелдейді. Оттегін терінің астына күн аралатып жіберіп отырған. Жұмасына бір рет гемоглобинді Сали әдісі арқылы анықтаған. 176 пациент тәжірибе тобынада, ал 67 пациент бақылау тобында болған. Қанның қалыпты жағдайдағы құрамы тәжірибе тобында 15,7 күнде; ал бақылау тобында 20,1 күнде қалпына келетіні анықталған.
Терінің астына жіберілген оттегінің орталық жүйке жүйесі қозғанда тыныштандыратын әсерін Мельхиор өзінің жүргізген 300-ден аса тәжірибесінде байқамаған. Дегенмен бұл әдістің мұндай әсерінің бар екенін кейбір авторлар жоққа шығармайды. Ол авторлардың мұндай пікірін Мельхиор терінің астына жіберілген оттегінің әсерін асыра сілтеп, жоғары бағалау ма деп байымдайды.
Кейбір авторлар терінің астына жіберілген оттегінің зат алмасу процесіне әсерін зерттеген. Паоляччи өкпелері қабынып ауырған адамдарға күн аралатып 300 мл оттегін терінің астына жіберіп отырған. Ондай ауруларда гипоксемия құбылысы дамығанда терінің астына жіберілген оттегінің әсері де жақсы екендігі байқалған. Ондай аурулардың қанының сілтілік қоры 38-48 көлемдік пайыздан 50-ге дейін көтерілген. Ацидоз төмендегенде аурулардың жағдайлары да жақсарған.
Линке мен Вейман тіс ауруларын емдеу тәжірибесінде оттегін терінің астына жіберу әдісін қолданған. Олардың деректері бойынша негізгі зат алмасу процессі бұзылған жағдайда ол процестің қалпына келетіні байқалған. Осы деректерге сүйене отырып Флаум мен Циммерман 3 атмосфералық қысымдағы оттегінің ағынын тіс етіне бағыттау арқылы Базедов ауруын емдеген. Жоғарғы деңгейдегі негізгі зат алмасу процесінің 50 %-ға дейін төмендегенін байқаған. Бірақта мұндай өзгеріс көпке созылмаған. Сондықтан да авторлар нақтылы қорытындыға келе алмаған.
Оттегімен емдеу қандай әдіспен қолданылмаса да - оның негізгі мақсаты ауру организмде, қандай себеппен болса да, дамитын гипоксемияға қарсы әсер ету. Организмге жіберілген оттегінің торшалардың өміріне және қызметіне әсері тереңірек зерттеуді талап етеді. Қалай болғанда да, организмге жіберілген оттегі оның жеткіліксіздігінен туындаған тотығу-тотықсыздану реакциясы бұзылған жағдайда оған оң әсер ететіні сөзсіз. Мұндай жағдайда терапевтің негізгі мақсаты - организмді қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз ету, тіндердегі оттегінің жеткіліксіздігін жою.
Адам организмі қалыпты жағдайда минутына 250 - 300 мл таза оттегінің түсуін қажет ететінін ескерсек, онда ол қажеттілікті оттегін терінің астына жіберу арқылы толық қамтамасыз етеміз деуге сену қиын. Бірақта, қандай ауруда болмасын гипоксемиялық жағдайдың толық емес аздап қана дамитынын ескерген жөн. Сондықтан да аурудың даму сатысына байланысты оттегімен емдеудің де нәтижелі әсері әртүрлі болары сөзсіз.
Медициналық тәжірибеде оттегін плевра қуысына жіберу әдісі жақсы зерттелген. Алғашқы бақылауды Дэвидің 1823 жылғы еңбектерінен көреміз. Ол өкпе ауруымен ауырған адамдардың, атап айтқанда пневмоторакспен (плевра қуысына ауаның жиналуы), плевра қуысынан алынған газдың құрамын зерттеген. Ол газдың 93 % азоттан және 7% көмірқышқыл газынан тұратынын анықтаған. Ондай ауруларды оттегімен емдеу эксперименті иттерге жүргізілген. Счупак, Родэ және Николалардың деректері бойынша плевра қуысына жіберілген газ дені сау иттердің организмінде 24 сағатта сіңіп тараған. Ал экспериментті түрде туғызылған плевраның қабынуымен ауырған иттердің организмінде 8-9 күнде тарап, сіңгендігі байқалған.
Зерттеушілердің пікірлері бойынша плевра қуысына жіберілген газдың организмге сіңуі екі фазада жүретін көрінеді. Бірінші фазасында ондағы газдың құрамы өзгереді. Ол өзгеріс ондағы оттегі, көмірқышқыл газы және азот белгілі бір тұрақты пайызға жеткенше жүретін көрінеді. Ондай өзгеріс жуықтап алғанда иттердің организмінде 8 сағаттай жүреді. Ал екінші фазасында осындай құрамдағы қоспа біркелкі түрде организмге сіңе бастайды. Бұл фаза алғашқы оттегін терінің астына жібергеннен бастап 30 сағатқа созылады.
Көптеген авторлардың деректеріне сүйенсек, газдың құрамының өзгеруі ондағы қоспаның құрамы вена қанының газының құрамына теңелгенше жүретін көрінеді. Оны дәлелдеу үшін бір уақытта альвеолла ауасының құрамы мен гемоглобиннің диссоциациондық қисығын зерттеу керек көрінеді (Dautrebande, Spehl).
Плевра қуысына жіберілген газдың құрсақ қуысына жіберілген газдан организмге жылдамырақ сіңетіні эксперимент жүзінде дәлелденген (Тешендорф).
Оттегін организмге тыныс жолдарынан басқа жолдар арқылы жібергенде оттегінің организмге сіңуі қарапайым физика-химиялық заңдарға бағынады. Олай болса белгілі бір уақыт өткеннен кейін газ көпіршігі мен вена қанының газдық құрамының тепе-теңдігі байқалады. Ол уақыт негізінен екі жағдайға байланысты:
1. Газдың диффузиялық коэффициентіне;
2. Газ өтеттін жартылай сұйық мембрананың қалыңдығына.
Терінің астына жіберілген газдың сіңу жылдамдығы плевра қуысына жіберілген газдың сіңу жыдамдығымен тең немесе одан төмен болуы мүмкін деген пікірлер бар.
Оттегін организмге терінің астына жіберу арқылы емдегенде оның организмге сіңуін, біз көбінесе, теріні сипалаған кезде білінетін крепитацияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оттегімен емдеу әдістері
Пневмонияның клиникалық көрінісі
Оттегімен емдеу әдістері туралы
Оттегімен емдеу
Оттегімен емдеу жайлы мәлімет
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Оттегімен емдеу әдістері. Дем алу процесі
Оттегімен емдеу әдістері жайлы ақпарат
Оттегімен емдеу әдістері жайлы мәлімет
Бактероидтармен қоздырылған анаэробты инфекциялар
Пәндер