ОҚО қаржы департаменті


“ОҚО қаржы департаменті” туралы есеп
Жоспар
Кіріспе
- “ОҚО қаржы департаменті” туралы есеп
2. Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстары
2. 1 Облыстық бюджетке түсетін түсімдер
2. 2 Облыстық бюджеттің шығыстары
3. Бюджеттің атқарылу принциптері мен процестері
3. 1 Бюджеттің атқарылу прициптері
3. 2 Бюджеттің атқарылу процесі
4. Облыстық бюджеттің, Республикалық маңызы бар қала, Астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп
Қосымша мәліметтер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер:
Кіріспе
Мен тамыз айының 15-29 күндері аралығында "Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаментінде " өндірістік іс-тәжірибеден өтім. Бұл мекеменің жұмысымен және қызметкерлердің қандай функцияларды атқаратынымен таныстым. Бұл мекеме ОҚО әкімінің 2004 жылғы 11 ақпадағы №5 шешімімен "ОҚО-ның қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесіне және "ОҚО-ның коммуналдық меншік департаменті" мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен қайта ұйымдастарылды. Ал ОҚО әкімиятінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы №1 қаулысымен "ОҚО-ның коммуналдық меншік департаменті" және "ОҚО-ның қаржы департаменті" қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.
2005 жылғы тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаевтің халыққа жолдауында экономикалық және әлеуметтік жағдайды көтеруге көптеп көңіл аударған. Мемлекеттік қызметкерлерге жалақысын 32 %-ға көтерген, кредитте оқитын студенттерді грантқа ауыстырды және барлық студенттерге стипендиясын 50 пайызға көтерді, зейнеткерлерге зейнетақысын 3000 теңгеге көтерді және басқа да іс шараларды жүзеге асыруда. Еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың көзі болып бюджеттік қор саналады. Мемлекеттік бюджет 1991 жылы тәуелсіздігімізді алғаннан соң құрылды. Оған дейін ол Одақтық бюджет болып келген. Мемлекеттік бюджеттің өзі Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала(астана) және облыстық маңызы бар қала мен аудан бюджеті болып бөлінеді. Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетінен қыруар ақша-қаражаттары республикалық бюджетке бөлініп жатыр. Сондықтан да мен облыстық бюджеттің орындалуы өзекті мәселе болғандықтан өзімнің тақырыбымды "Жергілікті бюджеттің атқарылуы" деп атадым.
1. ”Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті”
туралы есеп
”Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті”мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие болатын, Оңтүстік Қазақстан облысының әлеумметтік-экономикалық дамуның басымдықтарын іске асыру бойынша мемлекеттік функцияларды атқару үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
. Департаменттің құрылтайшысы болып мемлекет атынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты болып табылады. Толық атауы-”Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті” мемлекеттік мекемесі. Департаменттің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституция мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенттінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдеріне, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қаржы минстрлігінің нұсқаулық шешімдеріне, облыс әкімиятының қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге нормативтік құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 486050, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 3үй.
Қаржы департаментінің атқаратын функциялары:
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыретінде республикалық бюджетті атқарады және жергілікті бюджеттердің атқарылуна қызмет көрсетуді жүзеге асырады; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысады; тиісті қаржы жылына арналған республикалық заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады; бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады; республикалық бюджеттің түсімдері мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістерді енгізеді; республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшелеріне рұқсаттар береді; мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асырады; мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады; уақытша бос бюджеттік ақшаны ҚР-ның ҰБ-дегі салымдарға (депозиттерге) орналастырады; банктік шоттардан шетел волютасын қайта айырбастау тәртібін айқындайды; Осы Кодексте белгіленген жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұрады; бюджеттік атрару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу тәртібін айқындайды; бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды; есептілік жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды; ҚР үкіметінің қарыздарын алады, пайдаланады, тіркейді, өтейді және оларға қызмет көрсетеді, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады; мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді; бюджет қаражатын игеру мониторингін жүзеге асырады; ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізеді, ҚР Үкіметінің қарыздар шарттарына қол қояды, ҚР Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер береді; ҚР Үкіметінің қарыздарына және мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екінші деңгейдегі банктерді конкурстық негізде айқындайды және оларға уәкілеттік береді; республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджет кредиттерінің берілуін, оларға қызмет көрсетілуін және олардың нысаналы пайдалануына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін жзәне қайтарылуын қамтамасыз етеді; ҚР-ның заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Заңды мәртебесі
. Департамент тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның құқығын иеленеді, оның дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, өзіннің атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланктері, мөрлері және мөртабандары болады.
Департамент өзінің міндеттемелері бойынша билігіндегі ақшалармен жауап береді. Департаменттің ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша жергілікті атқарушы орган жауапкершілікте болады.
Департамент жасаған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан белгілеген тәртіпте тіркелуі тиіс.
Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменнің жауапкершілігі заңдылықтарға сәйкес мекемені ұстауға бекітілген сметаның шегінде белгіленеді.
Өзінің ережелеріне сәйкес өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімі негізінде енгізіледі. Осы Ережеге енгізілген өзгерстер мен толықтырулар қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Қаржы департаментінің мынандай құқықтары мен міндеттері бар:
Өзіне жүктелген міндеттерді атқару және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін Департаменттің заңнамада белгіленген тәртіппен :
1) жоғарғы органдарға мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) жергілікті атқару органдардың орта мерзімді жоспарларды, Үкімет бағдарламасын және облыстық әкімият бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарларын іске асырудың мониторингін асыруға;
3) облыстық әкімиятқа салалық(секторалдық) және аймақтық бағдарламаларды одан әрі іске асырудың орындылығы туралы ұныныстар енгізуге;
4) өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
5) өз құзіреті шегінде ақпараттық талдау материалдарын дайындауға және оларды мемлекеттік органдарға және оболыстық әкімиятқа ұсынуға;
6) консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тартуға;
7) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар.
Өзіне жүктелген міндеттерді уақтылы және сапалы жүзеге асыру үшін Департамент Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жауапты болады.
Басқару жүйесі.
1. Департамент директорын Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңдарына сәйкес облыс әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
2. . Департамент директорының орынбасарлары болады, оларды Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы”Заңына сәйкес Департамент директоры лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
3. Департамент директоры мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапты болады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес Департамент директоры дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және Департамент жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
5. Мемлекеттік мекемені басқау кезінде департамент директоры заңнамада белгіленген тәртіпте:
- Департамент атынан сенімхатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Департамент мүдделерін білдіреді;
- заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Департамент мүлігіне билік жассайды;
- шарттар жасасады, сенімхаттар береді, Департаменттің регламентін, жұмыс тәртібі жоспарларын бекітеді;
- банктерде есеп-шоттар ашады, Департаменттің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
- Департамент қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес Департамент қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады, өз орынбасарларының және Департамент қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;
- заңнамамен, осы ережемен және болыс әкімиятымен жүктелген басқа қызметтерді атқарады.
Мүлкін қалыптастыру тәртібі
1. Департамент мүлкін оған мемлекет берген мүліктің, сонымен қатар заңды негізде сатып алынған немесе берілген мүліктің есебінен және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ Департамент балансында құны көрсетілген басқа да мүліктерден құралады.
2. . Департамент мүлкі оған жедел басқару құқығымен тиесілі және ол мемлекеттік меншікке жатады.
3. Департамент қызметін қаржыландыру тек облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
4. Департамент бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңнамаға сәйкес есеп береді.
5. Департамент өзіне бекітілген мүлікті және егер заңнамалық кесімде өзгеше белгеленбесе, оған смета бойынша белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзгеде тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
6. Департаменттің жедел басқаруындағы мүліктерді өндіріп алу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалпы тәртіпте жузеге асырылады.
Қайта ұйымдастыру және тарату
Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жузеге асырылады. Таратылғаннан кейін Департамент мүлкі құрылтайшының билік етуіне өтеді.
”Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті” келесі бөлімдерден тұрады:
- Бюджеттің атқарылуын үйлестіру және талдау бөлімі;
- Нақты сектор саласын қаржыландыру бөлімі;
- Мемлекеттік органдарды, қорғанысты, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қаржыландыру бөлімі;
- Бір жолғы талондардыберуді ұйымдастыру және бақылау бөлімі;
- Мемлекеттік сатып алу бөлімі;
- Түгендеу және жекешелендіруден кейінгі кезеңді бақылау бөлімі;
- Коммуналдық меншікті басқару және мүлікті жалға беру бөлімі;
- Жергілікті бюджетті есептеу және есеп беру бөлімі;
- Әкімшілік бөлімі;
- Білім, мәдениет және спортты қаржыландыру бөлімі;
- Денсаулық сақтауды және әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімі;
- Заң және кадрлар бөлімі;
Егер қаржы департаментінің 12 бөлімінің ережелерімен қосымша мәліметтерден көруге болады.
Мен “Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаментінде” бюджеттік атқарылуын үлестіру және талдау бөлімінде болдым. Бұл бөлім Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде ҚР Конституциясы мен Заңдарын; ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің актілерін; облыс әкімиятының қаулыларын, облыс әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, департамент директорының бұйрықтарын және де қосымшада бар бөлім ережесін басшылыққа алады. Оның негізгі қызметтеріне мыналар жатады:
- кірістер мен шығыстардың атқарылуын жүзеге асырады;
- күндік, айлық, тоқсандық және жылдық есептер дайындау, талдау мен бақылау, жиынтық жоспар жасайды;
- облыстық бюджет пен аудандық және қалалық бюджеттердің түсім көздері бойынша салықтың, алымдар мен басқа да міндетті төлемдердің түсіміне мониторинг жүргізеді және талдау жасайды;
- аудандық және қалалық субвенцияларын қаржыландыруды жүзеге асырады;
- мақсатты трансферттерді пайдалануына талдау жасайды;
- резервтердегі қаржыны пайдалану жөніндегі ұйғарымдар шығарады және ақпаратты қорытады және т. б. қызметтерді атқарады.
Мен іс-тәжірибемді “бюджеттің атқарылуын үйлестіру және талдау” бөлімінде екі апта болғандықтан толыққанды барлық қызметтерімен таныса алмадым. Бірақ мен өзімнің іс-тәжірибемді осы мекемеде және осы бөлімде өткеніме қуаныштымын. Себебі бұл жерде білікті мамандардың қолына түстім. Олар өзінің жұмысына патриоттық сезіммен қарағанына таң қалдым. Бұл бөлім 4 қызметкерден тұрады. Олар:
Бюджеттің атқарылуын үйлестіру
және талдау бөлімінің бастығы
бөлім қызметкері бөлім қызметкері бөлім қызметкері
Г Ф Е
Бұлардың әрқайсысы мынандай қызметтер түрімен айналасады:
- Бөлім бастығы : тікелей бюджет атқарылуына жауапты тұлға, Қаржы министрлігінен келетін хаттарына жауапты, облыстық бюджет пен аудандық және қалалық бюджеттердің орындалуы жөнінде шұқғыл мәліметтер дайындайды, өз бөлімінде істелген жұмыстарға басшылық етеді және басқа да бөлімдердің бюджетке қатысты жұмыстары тікелей осы кісінің қолынан өтеді, қаржы ағымдарын талдауды.
- Бөлім қызметкері Г - бұл тікелей облыстық бюджетке түсіп жатқан салықтар, түсімдер мен алымтарды талдауды; күндік, айлық, тоқсандық және жылдық жиынтық жоспар жасайды; облыстық бюджет пен аудандық және қалалық бюджеттерінің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; бюджеттің орындалуы барысында жиынтық жоспарға енгізілген өзгерістердің есебін жүргізеді, талдайды, бақылайды.
- Бөлім қызметкері Ф - бұл кісі республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдалануына талдау жасайды; аудандар мен қалалардың субвенсияларын қаржыландыруын жүзеге асырады және мемлекет, облыс тарапынан берілетін инвестиция, несиелерді және басқа да жеңілдіктерді тіркейді, талдауды, қорытындылайды.
- Бөлім қызметкері Е - облыстық бюджеттің шығыс бөлімімен айналасады, шығыстар бойынша қорытынды мәліметтерді жасайды және талап етуші органға жібереді.
Сонымен қатар, бұл бөлімнің құжаттарымен таныстым. Осында мен өзімен қажетті көп мағлұматтар мен мәлімет алдым. Ал бөлімнің артықшылықтары мен кемшіліктеріне келетін болсақ, мен сарапшы емеспін мақтап-даттайтын. Бірақ өз ойымды айтатын болсам, бюджет бөлімінің барлық қызметкерлері өз жұмыстарна үлкен жауапкершілікпен қарайды және тапсырылған жұмысты уақтылы орындауға тырысады. Практиканттарға назар аударып, білгенін үйретеді. Бірақ департаментте мәліметтердің көбісін құпияда сақтайды. Сондықтан отчет жазуға сәл қиындықтар туындайды. Егер бұған кемшілік ретінде қарауға болатын болса, осыны түртіп алуға болады.
Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстары
2. 1 Облыстық бюджетке түсетін түсімдер
Бюджет түсімі. Бюджет түсіміне кіреді: салықтық және салыққа жатпайтын түсімдер, капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыс, алынған ресми трансферттер, кредиттерді қайтару.
Салық түсімі бюджет пайдасына төленетін міндетті, өтеусіз, қайтпайтын төлем. Салық түсімі салық, алым және басқа міндетті төлем түрлері бойынша сыныпталады.
Салыққа жатпайтын түсім салық, алым және төлем, айыппұл мен ықпалшара бойынша түсім түрлері, кредиттерге байланысты сыйақы (мүдде) бойынша сыныпталады.
1. Облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер:
1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
3) қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем;
4) облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым;
5) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төленетін төлем;
6) жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
7) орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем болып табылады.
2005 жылдың қаңтар-маусымында мемлекеттік бюджеттің кірісі - 26883, 8 млн. теңге, немесе жоспарға - 102, 4% құрады және алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер 23% өсті.
2005 жылдың қаңтар-маусымында республикадан субвенция ретінде 9718, 4 млн. теңге, немесе жоспардың 100% алынды.
Бюджеттің кіріс бөлігі негізінен жалпы түсімдердің 82, 9% үлесін құрайтын ҚҚС (қосылған құн салығы), заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, жеке тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік салықтар және акциздерден қалыптасады.
Акциз бойынша жоспар 0, 9%-ға кем орындалды, немесе аталған салық түрі бойынша 22, 1 млн. теңге бюджетке түспеді.
2. Облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттеріне дивидендтер;
облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
облыстық коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін түсім;
облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) ;
уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар (мүдделер) ;
облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алулар өткізуден түсетін ақша түсімдері; (қосымша мәлімет №9)
4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар;
5) облыстық бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер болып табылады. (№3, 4 кестелер)
3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан облыстық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.
4. Облыстық бюджетке түсетін ресми трансферттердің түсімдері:
1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен түсетін ресми трансферттер;
2) республикалық бюджеттен түсетін ресми трансферттер болып табылады.
5. Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің облыстық коммуналдық меншіктегі қаржы активтерін сатудан, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарынан түскен түсімдер облыстық бюджетке есептеледі. 2005 жылдың қаңтар-маусымында мемлекеттік бюджеттің кірісі - 26883, 8 млн. теңге, немесе жоспарға - 102, 4% құрады және алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер 23% өсті.
Республикалық бюджетке 15612, 4 млн. теңге түсті, бұл кірістің жалпы көлемінің 58, 1% құрайды. Жоспар 1, 6%-ға артығымен орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39, 9% өскен.
Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 11271, 4 млн. теңгені құрап, жоспар 3, 5% артығымен орындалды және 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5, 4% артқан. 2005 жылдың қаңтар-маусымында республикадан субвенция ретінде 9718, 4 млн. теңге, немесе жоспардың 100% алынды. 2005 жылдың мамырында статистикалық мәліметтер 266 шаруашылық жүргізуші субъектілерінің көрсеткіштерін қамтыған. Олардың қаржы нәтижесінің қорытындысы 538, 2 млн. теңге мөлшерінде кіріс болып анықталды.
Есеп берген субъектілердің жалпы санының 169 бірлігі (63, 5%) 1603, 5 млн. теңге көлемінде кіріс алды. 1065, 2 млн. теңге көлемінде - 97 кәсіпорын (36, 5%) залал алды.
Өңдеу өнеркәсібінде - 869, 0 млн. теңге, көлік пен байланыста - 87, 2 млн. теңге, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде - 84, 0 млн. теңге, электроэнергия, газ және су өндіру мен бөлуде - 63, 0 млн. теңге, құрылыста - 39, 3 млн. теңге, мейманхана мен қонақ үйлерде - 0, 5 млн. теңге мөлшерінде оң қаржылық нәтижеге қол жеткізді.
Теріс қаржылық нәтиже сауда және тұрмыстық бұйымдар мен автокөлік жөндеу бойынша қызмет көрсететін субъектілерде - 317, 7 млн. теңге, тау-кен өндіру өнеркәсібінде - 267, 9 млн. теңге, ауыл шаруашылығы, орман және аң шаруашылығында - 18, 7 млн. теңге, коммуналдық, әлеуметтік және жекелей қызмет көрсетуде - 0, 6 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты.
Ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара есеп айырысу жағдайы.
Облыстың ірі және орта кәсіпорындарының 2005 жылғы 1-маусымдағы дебиторлық берешектерінің көлемі 72425, 4 млн. теңгені құрап, бір айда 8, 5%-ға кемігені, 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4, 0%-ға артқаны байқалды.
Мерзімі өткен берешектер 1142, 6 млн. теңгені (жалпы көлемнің 1, 6%) құрады және 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 480, 6 млн. теңгеге, немесе 29, 6% кеміді.
Ірі және орта кәсіпорындардың 2005 жылдың 1-маусымындағы міндеттемелер бойынша берешегі 113597, 7 млн. теңгені құрады, оның ішінде мерзімі өткені - 2443, 9 млн. теңге. Міндеттемелер бойынша берешектер 2004 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткіштерімен салыстырғанда 20, 8% артты, ал мерзімі өткені - 19, 9% кеміді.
Міндеттемелер бойынша берешектің ішінде еңбекақы төлеу жөніндегі берешек 1292, 1 млн. теңгені құрады және 2004 жылдың 1-маусымымен салыстырғанда 24, 6% артты, оның ішінде мерзімі өткені - 29, 4% кеміді.
Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары облыстың барлық аудандары мен қалаларында орындалды. (Қосымша мәліметтерді №1, 2, 3, 4 кетелерден көруге болады) .
2. 2 Облыстық бюджеттің шығыстары
Бюджет шығысы. Бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөленетін қаражат. Шығысқа шығын және кредит қосылады. Бюджеттің шығыс бөлігі функционалдық, экономикалық және ведомстволық сыныптама бойынша құрылады.
Бюджет тапшылығы - бюджет шығысының оның кірісінен асып түсу шамасы.
Бюджет профициті - бюджет кірісінің оның шығысынан асып түсу шамасы.
1. Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер:
облыстық деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс істеуі;
облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын орта мерзімді жоспарлау;
облыс деңгейінде бюджеттік жоспарлау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz