Жаңа заманға сай геодезиялық аспаптар


Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министірлігі

Шәкәрім атындағы Семей қаласының мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы.

СӨЖ

Тақырыбы: Жаңа заманға сай геодезиялық аспаптар

Тексерген: Аубакирова С.

Орындаған:Маулетханов Е.

ГК-213 тобы

Семей қ.

2015 ж.

Жоспар:

  • Кіріспе
  • Электронды тахеометрлер
  • Геодезиялық құралдарға қойылатын талаптар
  • Доплерлік үлгідегі спутниктік жүйелер

Кіріспе.

1 Жаңа геодезиялық аспаптар және геодезиялық өлшемдер технологиясы пәні Жаңа өлшеу құралдары мен әдістерінің енгізілу барысында геодезиялық аспаптанудың ролі артты. Бұл қолданбалы техникалық пән - жаңа геодезиялық аспаптардың теориясын, құрылысын, пайдаланылуы және метрологиялық қызмет көрсетуін үйрететін, сонымен қатар олардың техникалық қызмет көрсету ережелерін және эксплуатациялау жұмыстарымен таныстырады. Инженер-геодезист геодезиялық аспаптарды таңдау үшін және оларды оңтайлы қолданып, қажет болған жағдайда ақаулықтарын жоя білуі керек, сондықтан олардың құрылымын жетік меңгерулері шарт, сонымен қатар жаңа жоғары өнімді геодезиялық құралдардың өңдеуіне қатысулары шарт. Қойылған талаптарды тек қана габариті және массасы аз, коорозияларға және басқа қоршаған орта күштеріне қарсы тұра алатын, ыңғайлы автоматтандыру элементтері бар құралдар қанағаттандыра алады. Геодезиялық өлшемдер кеңістікте координата мен бұрыштарды өлшеудің негізін қалайды. Қазіргі уақытта геодезиялық өлшемдерде қолданатын аспаптар, заман талабына сай, лазерлі- компьютерлі технологияларға көшті. Сондықтанда, өлшемдердің дәлдігін қажет еткенде қандай технология әдісімен орындалғанын қарастырады. Қазіргі геодезиялық аспап - ол электроника, дәл механика, оптика, және басқа ғылымдардан тұратын жоғарғы технологиялық өнім. Ал спутниктік навигациялық жүйені қолдану геодезиялық аспаптардың жаңа цивилизациясы болып саналады.

Электронды тахеометрлер Арақашықтықты шағылыспайтын дальномер арқылы дәл есептеу. Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап. Электрондық тахеометрдің құрылымындакодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашыктықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлық таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні далалық өлшеу аспабының мамандандырылған электрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру планын сызады. Электрондық тахеометрдің көмегімен биікайырымды анықтау, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай- ақ жарықтың ауада таралу жылдамдығы үшін түзету автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометржинағына шағылдырғыштар, штативтер, қоректендіру көздері, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және күтіп-баптау жабдықтары кіреді. Түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы болады. Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы ақпараттық жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар. Қазіргі кездегі дәлдігі мен өнімділігі жоғары геодезиялық өлшеу аспаптарына электронды теодолиттер мен тахеометрлер жатады. Олар арқылы барлық өлшеулерді автоматтандырылған режимде орындауға мүмкіндік туды. Бұндай өлшеу аспаптары өлшеу нәтижелерін тіркеу және сақтау, әрі қарай ЭЕМ-ы арқылы өңдеуге мүмкіндік беретін есептеу және ақпараттарды сақтау құралдарымен жабдықталған. Дыбыс арқылы топографиялық-геодезиялық ақпараттарды далалық жағдайда өңдеу еңбек өнімділігін арттырады және есеп алушының қателерін азайтады. Топографиялың түсіріс және басқа инженерлік-геодезиялық жұмыс түрлерін жүргізуде далалық өлшеулерді автоматтандыру үшін жоғары дәлдіктегі электрондық тахеометрлер жасалып шығарылған. Электрондық тахеометр құрылысы кодты теодолиттің негізінде жасалған. Ол бұрыш өлшеу бөлігінен, сәулелі арақашықтық өлшеуіштен және біріктіріп орналастырылған ЭЕМ-нан тұрады. Бұрыш өлшеуіш бөлігімен горизонталь және вертикаль бұрыштар өлшеніп, сәулелі арақашықтық өлшеуіш арқылы ұзындық анықталады, ал ЭЕМ әр түрлі геодезиялық есептерді шығаруды, аспаптың жұмысын басқаруды, өлшеу нәтижелерін бақылауды және оларды сақтауды қамтамасыз етеді. Мысал ретінде Ресейде шығарылатын (1-сурет) электрондық ТаЗМ тахеометрін атауға болады: ол арқылы горизонталь бұрыштарды, зенит аралығын, көлбеу аралықты 10 мм үйлеспеушілікпен анықтауға болады және горизонталь салындылар, өзара биіктіктер, көздеу биіктіктері, координата өсімшелері немесе көздеу нүктелерінің координаталары анықталады. Аспап үш режимде жұмыс істей алады: жекеленген, жартылай автоматты, автоматты және бақылау режимінде. Геодезиялық есептер атмосфераның рефракциясын, жердің қисықтығын, температураны, қысымды, аспап штативтерінің және шағылыстырушылар биіктіктерінің айырмашылықтарын есепке ала отырып шығарылады. Бұрыштық өлшемдер градустар мен гон арқылы өлшенеді. Аспаптың бұрыштың сезгісі кодты жинағыш типті болып келеді. Тахеометрдің жиынтығында шағылыстырушылар, штативтер, ток көзі, заряд беру, зарядты жою құрылғылары, аспапты түзету және күту жабдықтары кіреді. Түнде жүмыс істеу үшін ТаЗМ тахеометрі электр жабдығымен қамтамасыз етілген. Цифрлық таблоға түсетін оперативтік ақпаратты тахеометрдің жадысына немесе сыртқы жинағышқа енгізуге болады. Ресейде шығарылатын 2Та5 тахеометрі ТаЗМ атқаратын жұмыстарды орындайды, бірақ оның техникалық сипаттамалары өзгеше: горизонталь бұрыш өлшеу қателігі - 5", зенит аралығын өлшеу қателігі - 7", көлбеу аралықты өлшеу қатесі - (5+3 D км) мм. Шетелдік фирмалар (АҚШ, Германия, Швеция, Жапония және басқа) бұрыш өлшеу дәлдігі 0, 5-тан 20"-қа дейін, арақашықтық өлшеу дәлдігі 2-ден 10 мм-ге дейін, ішкі жады 1 нүкте бойынша бақылау нәтижелерін сақтай алатын әр түрлі электронды тахеометрлер шығарады. Роботталған электронды тахеометрлер де баршылық, мысалы, «Геотроникс» (Швеция) фирмасының «Геодиметр-640» электронды тахеометрі берілген бағдарлама бойынша шағылыстырушылардың орнын өзі таба алады, оларға дейінгі аралықты, горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшейді және әр шағылыстырушының координаталарын есептейді. Карьерлерде бұндай аспаптардың көмегімен карьер ернеулерінің, кертпештерінің деформацияларын анықтайды. Соңғы кездері арақашықтықты шағылыстырғышты қолданбай өлшеу мүмкіндігі пайда болды. Бұл әдістің өлшеу дәлдігі шағылыстырғыш призмаға дейінгі аралықты ғана өлшейтін дальномерге қарағанда өте жоғары. Шағылыспайтын дальномерлерде екі негізі оптикалық жүйе қолданылады: фокустелетін және фокусировкасыз. Фокусировкасы бар жүйе ғана жарық көзіне бағытталған бейненің анық суретін бере алады. RLM әдісі қиын жерде орналасқан объектіні өлшегенде, биік объектілерде, өлшеу мостиктерінде өлшеу, және т. б қолданылады.

Геодезиялық құралдарға қойылатын талаптар Инженер-геодезист геодезиялық аспаптарды таңдау үшін және оларды оңтайлы қолданып, қажет болған жағдайда ақаулықтарын жоя білуі керек, сондықтан олардың құрылымын жетік меңгерулері шарт, сонымен қатар жаңа жоғары өнімді геодезиялық құралдардың өңдеуіне қатысулары шарт. Қазiргi геодезиялық құралдарға қойылатын шарттар келесідей талаптармен анықталады:

- геодезиялық өлшемдердiң еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғарылату қажеттiлiгімен және экономиканың даму қарқынымен;

- геодезиялық жұмыстарды автоматтандыру өзектiлiгі және үлкен масштабтағы түсiрістер;

- құралдарды эксплуатациялау, тасымалдау және сақтау шарттарымен;

- зауыт-аспап жасап шығарушылардың техникалық және технологиялық мүмкiндiктермен;

- тұтынушылардың сұраныстарымен.

Заманауи геодезиялық құралдар еңбектiң жоғарғы өнiмдiлiгiн далалық жағдайларда тасымалдау және эксплуатациялаудың жоғары сенімділігін, сонымен қатар өлшеу опрецияларының оңай және ыңғайлылығын қамтамасыз етуi керек. Қойылған талаптарды тек қана габариті және массасы аз, коорозияларға және басқа қоршаған орта күштеріне қарсы тұра алатын, ыңғайлы автоматтандыру элементтері бар құралдар қанағаттандыра алады.

Доплерлік үлгідегі спутниктік жүйелер (TRANSIT және т. б. ), олардың кемшіліктері. Байланыстың спутниктік жүйелері (БСЖ) - РБ регламентіне сәйкес барлық (БСЖ) келесі РБ қызметтерінің құрамында қолданылатын жүйелер. Олар: тіркелген спутниктік қызмет - тіркелген пункттерде орналасқан жердегі студиялар арасында байланысты ұйымдастыруға арналған; жылжымалы БСЖ - жылжымалы ЖС арналарында бір немесе бірнеше спутниктер көмегімен байланыс орнатуға арналған. Жылжымалы БСЖ құрғақ жердегі, теңіздік және әуелік болады; радиоқабылдағыш БСЖ - теледидарлық және дыбыстық хабарлау бағдарламаларын жалғыз (жеке қабылдау) не бір топ (ұжымдық қабылдау) абонентке аралық техникалық құралдарды (телеорталық) қолданбай таратуды қамтамасыз етеді. Оның тарату жылдамдығы үлкен, бірақ РРЛ-ға қарағанда бағасы да үлкен. БСЖ-да теледидарлықжәне дыбыстық хабарлау бағдарламаларына қарағанда 3 түрлі жағдайды білу керек: а) екі бірдей ЖС арасында хабарлау бағдарламаларымен алмасуға арналған ЖСБ; ә) таратушы желіні құрайтынды ЖС нақты сандар арасында хабарлау бағдарламаларын циркуляцияларды таратуға арналған ЖСБ; б) хабарлау бағдарламаларын ұжымдық қолданудағы ЖС-ныңанықталмаған немесе көп саны арасында және тікелей жеке абоненттік қабылдау құрылғылары арасында таратуға арналған ЖСБ. Алғашқы екі жағдайдағы ЖСБ-ны аумағы үлкен мемлекеттерде бағдарламалар көзіне алшақ орналасқан хабарлаудың жер үстіндік құралдарына хабарлау бағдарламаларын жіберу немесе алмасу үшін ұйымдастырады. "Орбита" студиясы осыған мысал бола алады. Соңғы жыл-дарда ЖСБ спутникті хабарлау жүйесі қызығушылық тудырып отыр. Себебі, қызмет көрсету кезінде экономикалық жағынан тиімді. Қамтитын аумағына, қатыстылығына және мақсатына қарай барлық ЖСБ және ХСЖ халықаралық, ұлттықжәне ведомстволық болып бөлінеді: а) халықаралық ЖСБ - әртүрлі континенттерде орналасқан елдерге қызмет көрсету үшін қажет. Мысалы, "Интерспутник", "Интелсат"; ә) ұлттық ЖСБ - бір мемлекеттің аумағына қызмет ету үшін керек. Аймактық ЖСБ - мемлекеттен тұратын жердің бөлігіне қажет. Мысалы, Батыс Еуропаның бірқатар ел-деріне қызмет көрсетуі үшін "ETELSAT" жүйесі, араб елдері үшін "ARABSAT" жүйесі қолданылады. ә) ведомстволық ЖСБ - қандай да бір ведомстволыққызмет фирма үшін байланыс орнатуға керек. Спутникті байланыстар арнайы және көпфункционалды болып болінеді. Арнайы - бір мәселені шешуге арналған спутниктер. Көпфункционалды - әртүрлі ақпаратты қамтамасыз ететін және кен колданыека ие болатын спутниктер. Қазіргі заманғы спутниктерге геостационарлық орбита қолданылады. ТМД елдерінде элипстік орбита қолданылады. ЖС төмендегі түрлерге бөлінеді: а) қабылдау-таратушы ЖС - көпарналы телефон хабарламаларын дуплексті таратуды және хабар тарату бағдарламаларымен ауысушы ЖС. Бұл түрдегі ЖС тіркелген спутниктік қызмет жүйесінін кұрамындагы циркуляры хабарлау бағдарламаларын қабылдау үшін де қолданылады; ә) қабылдаушы ЖС - ХСЖ құрамында Жердей спутникке жіберуді іске асыратын ЖС. Егер таратушы ЖС ХСЖ-ныңқызмет аймағында болса, онда сигналды басқару мақсатымен, оның соңынан қабылдау құрылғысын қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа геодезиялық аспаптар және геодезиялық өлшеулер технологиясы
GPS құрылғылары және геодезиялық аспаптар мен жабдықтар
Геодезиялық GPS жер өлшеу құралдарының түрлері
Алматы қаласындағы метро құрылысы
Геодезиялық аспаптардың метрологиялық сипаттамасы, стандарттары
Геодезиялық аспаптарды жұмысқа дайындау
Аэрофотогеодезия
Электронды тахеометрлерді құрылыс өндірісі
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан өтетін Батыс Қытай-Батыс Еуропа трассасы
Автокөлік жолын СКЕБО кешенінде трассалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz