Антикалық жерорта теңізінің медецинасы



І Кіріспе
ІІ негізгі бөлім
1.Ежелгі грек дәрігерлік білімнің қалыптасу кезеңдері
2.Гиппократтың еңбектері
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Медицина(лат. medіcіna: medіcus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
Антика сөзінің мағанасы
Көне Грек әдебиетінің архаикалық дәуірі Антикалык әдебиет курсының пәні – көне грек және рим құлиеленушілік қоғамдарының әдебиеті. «Антик», «антикалық» деген термин «antiquus» деген латын сөзінен туған. Оның мағынасы «ежелгі, ертедегі, көне» болады. Антикалық әдебиет деп қазіргі біздің заманымыздағы жоқ әдебиетті атайды. Оны біз не үшін оқып білуіміз қажет? Біріншіден, антикалық әдебиет – Батыс Еуропа әдебиетінің бастауы. Грек және рим мәдениеті Еуропаның ежелгі өркениеті болып есептеледі. Мәдениет тарихында антикалық әдебиет ерекше орын алады. Ол бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына зор ықпал жасады. Сонымен қатар, антикалық әдебиеттің бірнеше негізгі қасиеті бар: антикалық әдебиеттің маңыздылығы, ақиқатты кең қапсыруы, адам, қоғам, табиғаттың қарым-қатынастарын көрсетуі (мысалы, қазіргі кездегі маңызды мәселелер – адам және саясат, әйел адамның қоғамдағы ролі, экология т.б.
1. Биғалиева Р.К., 2004. Бүкіләлемдік медицина тарихы. Алматы, Ғылым, 2004.
2. Медицинский словарь. М., 1995

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Кафедра: ФГЗ және химия

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Антикалық жерорта теңізінің медецинасы

Орындаған: Джорабаев А.
Тобы: 101-Б-МПД
Қабылдаған:.

Жоспар

І Кіріспе
ІІ негізгі бөлім
1. Ежелгі грек дәрігерлік білімнің қалыптасу кезеңдері
2. Гиппократтың еңбектері
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер



Медицина(лат. medіcіna: medіcus -- дәрігерлік, емдік) -- адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
Антика сөзінің мағанасы
Көне Грек әдебиетінің архаикалық дәуірі Антикалык әдебиет курсының пәні - көне грек және рим құлиеленушілік қоғамдарының әдебиеті. Антик, антикалық деген термин antiquus деген латын сөзінен туған. Оның мағынасы ежелгі, ертедегі, көне болады. Антикалық әдебиет деп қазіргі біздің заманымыздағы жоқ әдебиетті атайды. Оны біз не үшін оқып білуіміз қажет? Біріншіден, антикалық әдебиет - Батыс Еуропа әдебиетінің бастауы. Грек және рим мәдениеті Еуропаның ежелгі өркениеті болып есептеледі. Мәдениет тарихында антикалық әдебиет ерекше орын алады. Ол бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына зор ықпал жасады. Сонымен қатар, антикалық әдебиеттің бірнеше негізгі қасиеті бар: антикалық әдебиеттің маңыздылығы, ақиқатты кең қапсыруы, адам, қоғам, табиғаттың қарым-қатынастарын көрсетуі (мысалы, қазіргі кездегі маңызды мәселелер - адам және саясат, әйел адамның қоғамдағы ролі, экология т.б.

Бұл мемлекеттер Жерорта теңізінң айналасында орналасқан.осылардың ішінде өте зор дамыған Көне Грекияның тарихы бес кезеңнен тұрады:
1.эгей заманы (крит-микен) б.д.д. 3-2 мыңжылдық.
2.Мемлекеттік дәуірден бұрын б.д.д. 11-9 ғғ.
3.Мемлекеттік дәуір, б.д.д. 5-4 ғғ.
5.Эленистикалық б.д.д. 4 ғ екінші жартысы б.д. 1ғ.
Бұл кезеңдердің әр қайсысында емдеу әдістерінің дамуының және медециналық білімнің негізделуінің ерекшеліктері болған.
Осы елдің алғашқы әдеби мұралары Гомердің эпикалық поэмалары (Гомердің өмір сүрген мезгілі әртүрлі көрсетіліді б.д.д.11-8 ғғ.аралығы). Оның дүние жүзіне белгілі шығармалары Иллиада мен Одиссей - көне заманнан қалған медицина туралы жалғыз ғана мәлімет көздері. Бұл кітаптарда көне грек медицинасының шамамен б.з.д. ХІІ-VІ ғғ. дамуы, жетістіктері жазылған.
Грек медицинасының келесі даму жолдары медицина әдебиетінің атақты ескерткіші Гиппократ жинақтары. Бұл жинақ шамамен б.з.д. ІІІ ғ. жазылған, бұның құрамына ежелгі замандағы грек дәрігерлерінің шығармалары және Гиппократтың шығармалары кірген.
Тарихи кезеңдерде Көне Рим деген ұғым бірнеше рет өзгерген: алғашқы-қала мемлекет болса кейін Рим республикасынанҰлы Рим империясынан дейін дамыған.
Рим тарихында патшалық дәуірден республикалық кезеңге ауысуы шамамен б.д.д. 510 ж. Болған делінеді. Медициналық саласында бұл кезеңде Римде санитарлық заңдар, санитарлық техникалық құрылыстар; кәсіби-дәрігерлер, медициналық ісінің орнығуы және дамуы оны мемлекеттік реттеу, медицинада материалистік бағыт қалыптасу болады.

Ежелгі Грециядағы фармация Адамзат тарихының дамуына антикалық әлем елдері - Ежелгі Греция (Эллада) мен Ежелгі Рим үлкен әсерін тигізді. Антикалық Грецияның гүлдену шағы, ежелгі грек өнерінің, ғылымның және мәдениетінің өрлеуі б.э.д. V ғасырды болды. Бұл өрлеуге ел ішіндегі күрестер мен өткір әлеуметтік қайшылықтар басты себеп болды. Алғашқы қоғамдық құрылыстан таптық құлиеленушілік құрылымына ауысу кезеңінде Греция терең терең әлеуметтік төңкерісті басынан өткерді. Елдің өрлеуіне, гректердің парсы басқыншыларына қарсы бостандық пен тәуелсіздік үшін күресінде жеңіске жетуі де өз әсерін тигізді. Ежелгі Грецияда медицина мен фармацияның дамуы, ортақ философия деген ұғымғы біріккен басқа да ғылымдармен тығыз байланысты болды. Ежелгі грек философиясына аппаттық диалектика тән болатын. Ежелгі Грецияның философиялық ағымдары- материализм мен идеализм- өткір таптық күрестің айнасы. Демокриттің материалистік жолы мен Платонның идеалистік жолының күресі, өркендеуші құлиеленушілік демократияның реакционды жерлік құлиеленуші аристократтарымен күресі болды. Ежелгі Грецияның ойшылдары жаратылыс зерттеушілер болумен қатар, дәрігерлер де болған, дәрі дайындаумен айналысқан. Солардың бірі Демокрит (б.э.д. 460-370 ж. шамасы). Ол әлемнің негізінде құдай емес, ұсақ бөлшектерден (атомдардан) тұратын материя тұр,- деп оқытқан. Олар үздіксіз қозғалыста болады. Табиғаттағы алуан түрлі құбылыстарды Демокрит атомдардың түрлі қосылыстарымен түсіндірген. Табиғат біртұтас, әрі үздіксіз қозғалыста тұрады. Атомистік материализм31 құдайлардың әлем тағдыры мен жекелеген адамдардың тағдырына араласуына қарсылық білдірді. Табиғатты үздіксіз қозғалыста болатын зат ретінде қабылдау көзқарасы грек философиясының ерекшелігі. Гераклит: Бәрі ағады, бәрі өзгереді, қозғалыссыз ештеңе жоқ, ғаламның бәрі қозғалыс ағымымен қапталған,- деп жазған. Демокрит медицина мен фармацияға да көңіл бөлген. Ол қабыну, құтырма, тамыр соғуы, ем дәм туралы жазған. Демокриттің медицинадағы материалистік ұстанымы оның : Адамдар өз қолдарындағы мүмкіндіктерін білмей, дұға оқу арқылы денсаулықты құдайдан сұрайды. Сабырсыздықпен өз денсаулықтарына қарсылық көрсетіп, өз нәпсісінің арқасында өз денсаулығының сатқыны атанады,- деген сөздерінде анықталған. Демокриттің ісін жалғастырушы Эпикур ғаламның шексіздігі мен материяның үздіксіздігін негізге алған. Эпикурдың ілімі Геродотқа хат, Зат табиғаты туралы, Тита Лкуреция Кара поэмасында мазмұндалған. Классикалық уақыт аралығындағы Грек медицинасы философиядағы екі: материалистік және идеалистік бағыттарды айқындады. Материалистік даму Родосс (Родос аралы, Кіші Азия), Кирен (Солтүстік Африка), Кротон (Кротон қаласы, Оңтүстік Италия), Книд (Книд қаласы, Кіші Азия), Косс (Косс аралды. Кіші Азия) мектептерінде байқалған. Ежелгі Грециядағы бұл мектептерге Пифагор мен Платонның идеалистік мектептері қарсылық танытты. Олар әлемдегі барлық қозғалыстарға мистикалық сандар (Пифагор) мен мәңгілік идеялар (Платон) әсер етеді деп түсіндірген. Ежелгі Греция медицинасы діннің әсерін, Ежелгі Шығыс елдерінің медицинасына қарағанда, азырақ сезінді. Грек құдайларынан адамдардың жақсы да, жаман да қылықтарын табуға болатын. Емдеуді шіркеулерде, асклепейондар деп аталған арнайы орындарда жүргізген. Ақсүйектерге32 арналған, дәл осылай аталған, бақсы емес кәсіби дәрігерлердің емханалары мен мектептері болған, ұсақ ятрейлер- дәрігерлердің үйдегі жеке емханасы да болған. Асклепейон сөзі Асклепийдің есімімен байланысты. Асклепий (латынша Эскулап)- солтүстік Грецияда тұрған дәрігер. Оны құдай деп санаған және грек және әлем әдебиетіне емдеу ісінің құдайы- сауықтырушы Аполлонның баласы деген есіммен енгізілген. Ежелгі Грецияның көптеген дәрігерлері оның ұрпағы болып саналған. Медицинаның жекелеген салаларының қолдаушылары: Гигиея (осыдан гигиена термині пайда болған) және Панакея (дәрілік терапия)- оның қыздары болып есептелген. Көне заман өнерінде Асклепий қолында жылан оратылған таяғы бар бейнеде көрсетілген. Гигиея- туник киген, жылан ұстап, алқа таққан ару кейпінде көрсетілген. Кейіннен жылан бейнесі медицинаның символына айналды. Бұл белгінің мағынасы дәрігер де жылан сияқты данышпан болуы керек дегенді білдіреді. Ежелгі Грециядағы саны 300-ден астам болған асклепейондардағы емдеу ісі көбінесе сенімге негізделген. Асклепейонның үш құрамдас бөлігінің бірі саналатын абатонда аурулар қасиетті түнді өткізген. Шіркеулік медицинаның негізін түстерді жору құраған. Бақсылар көрген түстері туралы сұрап барып, уқалау, гимнастика, сумен емдеу, аластау сияқты емді бастаған: Демек, шіркеулердегі бақсы - емшілер қарапайым, көбінесе физикалық әдістермен емдеген. Бірақ, сол емді жасау салт-дәстүрі өте көрнекті, әрі жұмбақты болып көрінген және ол шіркеулік психотерапияның негізін салған. Емдеу ақысы айтарлықтай жоғары болған: ақшалай сыйақы, дененің немесе оның емделген бөліктерінің мәрмәрдан, күмістен немесе алтыннан жасалған бейнесі.33 Алдыңғы қатарлы философиялық ілімдер - буырқанған материализм мен қарапайым диалектиканың әсерінен грек медицинасы мен фармациясы қалыптасты. Ежелгі Греция дәрігерлері ауруды, өз ағымында белгілі сатыларды өтетін, сыртқы ортамен байланысты, дәрігерлік бақылауды талап ететін құбылыс ретінде қабылдау керек деген ұғымды қалыптастырған. Ауруға деген осындай көзқарастың қалыптасуы, адам физиологиясы мен патологиясын танудың негізгі көзі болумен қатар, дәрілерді пайдаланудың да жаңаша түрлерін игеру мүмкіндігін ашты. Бұл принциптерді медицинада бірінші болып, медицина атасы атанып кеткен, Гиппократ қолданысқа енгізді. (460-377 ж. б.э.д.) Гиппократ грецияның жоғарғы ішкі гүлденуі кезеңінде, адам білімінің әр саласында өз атақты өкілдері болған кезде, өмір сүрді. Саясатта бұл - Перикл заманы, тарихта- Геродот пен Фукидид; философияда - Левкипп, Демокрит, Эмпедокл, Сократ және Платон; поэзияда- Пиндор, Срфркл, Эврипид және Аристофан; медицинада - Гиппократ заманы Гиппократ Косс аралында туған. Әкесі Гераклит жағынан асклепиадтардың атақты ұрпағына жатады және өз ұрпағынАсклепийдің баласы - Подалириден жалғап келген. Асклепийдің ұрпағында жеті Гиппократ болған. Ұлы Гиппократ екіншісі болған. Дәуір дәрігері бола жүріп, ол Греция мен Кіші Азияның көптеген қалаларында болған, Скифия, Ливия; Қара теңіздің шығыс жағалауын аралаған, Мысырда да болуы мүмкін. Оның дәрігерлік өнері туралы атағы көптеген мемлекеттерге жайылып кетті. Өмірінің соңғы жылдарын Гиппократ Лариссте (Фесалия) өткізіп, сол жерде Демокритпен қатар бір күнде қайтыс болады. Гиппократ пен бізді 2500 жылдай уақыт бөліп тұр. Осы уақыт ішінде көп нәрсе аңызға айналды. Бірақ, оны аса құрметпен еске алатын замандастарының жазбалары қалды. Гиппократтың сол замандағы34 медицинаның мақсаты мен мүмкіндіктері және қиындықтары туралы нақты түсінігі болған. Ол өз бойында үлкен дәрігерлік тәжірибе мен адамдар мен оларды қоршаған табиғатты терең түсіну қабілетін ұштастыра білген дәрігер - философ болған. Дәрігерлік өнерді ластайтын көзбояушыларды өте жек көрген. Ол ұлы реформатор, ежелгі грек медицинасының үлкен жетістіктерін дәлелдейтін әйгілі Косс медицина мектебінің басшысы болған. Гиппократтың және Ежелгі Грецияның басқа да дәрігерлерінің мұрасы, Александр Македонскийдің ізбасары - Птоломей негізін қалаған әйгілі Александрия кітапханасында сақталған., б.э.д. ІІІ ғасырда құралған Гиппократ жинағында жинақталған. Олардың бұйрығы бойынша, Александрияға әлемнің барлық түкпірінен ғалымдардың жазбалары әкелінген. Олардың ішінде грек тілінде жазылған 72 медициналық шығармалар болған. Гиппократ жинағының қандай шығармалары нақты Гиппократтың өзінікі, ал қайсысы басқа авторлардыкі деген сұрақ әлі де болса жауабын толық тапқан жоқ. Көптеген зерттеушілер Афоризмдер, Болжау, Індеттер, Ауа, су, жер туралы, Сынықтар туралы, Бас жарақаты туралы, Ежелгі медицина туралы деген атақты жұмастырды Гиппократтың өзі жазған деп есептейді. Басқа жұмыстарды оның шәкірттер, баласы және күйеу баласы жазған. Гиппократ, ауруды - құдайдың жіберген жазасы немесе қара күштердің қарғысы деп санамаған, керісінше, материалды субстраттың өзгеруі нәтижесінде, организмнің өмір сүру қабілетін көрсетуі деп есептеген. Гиппократ ауруды үш түрлі жағдайдың ауысуы деп қараған: дымқылдану, қорыту және жеңілдену. Осыдан аурулардың мерзімі, ырғағы және емдеудің негізгі принциптері туралы ілім туындады: 1) ең бастысы жамандық жасамау; 2) қарама-қайшылықты қарама- қайшылықпен емдейді; 3) өлшем сәйкестігі заңын сақтау; 4) табиғи заңдармен келісе35 отырып емдеу, басқаша айтқанда, аурудың өз табиғатын ескеру, тұрмыс жағдайын, қоршаған ортаның әсерін ескеру. Гиппократтың гуморальді анықтамасы бойынша, ағзаның өмір сүру қабілеті төрт шырынмен: (дымқылмен, сұйықтықпен), қан, сілекейлі қабық (флегма), сары және қара өтпен анықталады. Бұл шырындардың негізінде табиғаттың төрт бастауының: жылудың, суықтың, құрғақшылық пен ылғалданудың түрлі қосылыстары жатыр. Төрт шырынның әрқайсысына анықталған темперамент сәйкес келеді. Қанға - сангвиниктік, сілекейге (флегмаға)- флегматикалық, сары өтке - холериктік, қара өтке- меланхоликтік темперамент сәйкес келеді. Адам ағзасында аталған заттардың біреуінің сандық өзгеріске ұшырауы сырқаттануға әкеліп соғады. Гиппократ: Егер ауру адамға өтке әсер ететін дәрі берсе, запыран құсу, сілекейлі қабыққа әсер ететін дәрі берсе, сілекейлі құсу, т.с.с. болады,- деп есептеген. Денедегі сұйықтықтың көлемі қоршаған ортаның (климаттың) әсерінен өзгеріске ұшырайды. Ежелгі гректердің айтуы бойынша, төрт сұйықтықтың әрқайсысының ерекшелігі ағзаның түрлі ауру түрлеріне икемдігін анықтайды және дәрігерден емдеу кезінде әр түрлі тәсіл қолдануын талап етеді. Екі жарым мың жылдай уақыт өткеннен кейін, орталық жүйке жүйесіндегі қозу және тежелу үрдістерін зерттеу негізінде И.П. Павлов темпераменттің ғылыми негізделген сипаттамасын жасаған. Ол Гиппократ берген сипаттамаға сәйкес келді. Хирургия саласындағы Сынықтар туралы, Бас жарақаты туралы, Буындарды түзету туралы шығармалар сынықтарды, жарақаттарды, шығуларды және бас жарақаттарын емдеу туралы түсініктеме берді. Буындарды орнына салу туралы еңбегінде Гиппократ орындығын сипаттаған. Гиппократ орындығы- шығуларды түзету үшін қолданылатын рычагты құрылғы. Гиппократ тақиясы деп аталатын қиын хирургиялық таңғыш хирургияда осы күнге дейін қолданылады.36 Ежелгі Греция дәрігерлері мәйітті ашумен айналыспағандықтан, анатомиядан арнайы білімдері болмаған. Олардың адам денесінің құрылымы туралы түсініктері эмпирикалық дәрежеде болған. Дегенмен, ежелгі грек дәрігерлерінің оқуы хирургияның дамуында қажетті роль атқарды. Гиппократ жинағында 250 өсімдіктен алынған және 50 жануарлардан алынған дәрілік құралдар тізілген. Гиппократ 60-70 емдік құралдарды пайдаланды. Гиппократ: Дәрі мен оның қарапайым қасиетін, егер ондай сипаттамасы болса, сен санаңда сақтап қалуың керек. Олардың ішінде ауруды емдеуге қатыстысын, белгілі ауру түрлеріне қанша және қалай әсер ететінін меңгеріп алуың керек. Себебі, бұл- дәріні танудың бастауы, ортасы және соңы. Гиппократ жинағы ежелгі грек дәрігерлерінің қарапайым дәрілерді де, қиын дәрілерді де дайындай алғандығын дәлелдейді. Әр дәрігердің өз дәрілік шикізатының қоры болған және оларды осы мақсатқа арнайы бөлінген ғимараттарда сақтаған. Ондай ғимараттар грекше apotheca деп аталған. Дәріхана деген сөз осыдан пайда болған. Әр дәрігер өз дәріханасында, құлдардың көмегімен, өз емделушілеріне дәрі дайындаған. Жинақта күрделі дәрілерді дайындаудың сипаттамасы, құрамының саны, жекелеген дәрілердің мөлшерлеу әдісі сипатталған. Мөлшерлер көбінесіе шамамен келтірілген: бұғының тұяғының үлкендігіндей, қойдың сүйегіндей т.б. сияқты. Ежелгі Грек дәрігерлері пайдаланған көптеген дәрі-дәрмектер көмекші заттар да болып табылған: бал, май, өсімдік шырыны, шарап. Іштей және сырттай пайдалануға мөлшерленген қаты түрдегі күлшелер түрі кеңінен пайдаланылған. Бұл пішін көптеген елдердің фармакопеясында жүздеген жылдар бойы пайдаланып келді. Сұйық дәрілік заттардан Гиппократ жинағында ерітінділерді, тұнбаларды, қайнатпалар мен өлшемдерді дайындау жолдары сипатталған. Құрамында тары қайнатпасы қосылған сорпа мен көжелерді және жарма немесе ұннан жасалған, дәмқосарлар қосылған емдік сорпаларды пайдаланғаны туралы37 жиі ескеріледі. Ішуге пайдаланатын сұйық кикеон дәрісін тары ботқасына су, шарап немесе бал қосып дайындаған. Сумен араластырылған балдан- меликрат, ал бал, су және сіркесудан оксимель дәрілері жасалған. Ежелгі Грецияда жұмсақ дәрілерден сырттай пайдалануға жақпа майлар, жапсырмалар, суппозиторийлер, буламалар, іштей пайдалануға - пилюлалар, ботқалар мен күлшелер дайындаған. Жақпа май пішінінде өсімдіктік (теңіз жуасы, қара чемерица, емен қабығы, мирра, ладан), жануарлық (өгіздің өті мен бауыры, шпан мушкалары) және минералды (ағартқыш, қыша сазы) заттар пайдаланылған. Көз ауруларын емдеу үшін жұқа ұсақталған ұнтақтар, жақпа майлар және т.б. басқа дәрілер пайдаланған. Қабағың зуылдап қышитын болса, (созылмалы блефарит- қабақ қабынуы) қатты тастың үстіне мыстың кішкене бөлігін уыт та, қабағыңа уқалап жақ. Сосын мыстың қабықшаларын шама жеткенше жұқалап үгітіп, оған піспеген жүзімнің шырынын шүберек арқылы сүзіп, ынтамен аралыастыра отырып қосу керек. Қалған шырынды қызыл мыстан жасалған құмыраға құйып, жайлап, ботқаның қоюлығындай болғанша езу керек. Кепкеннен кейін ұсақтап үгітіп пайдаланады. Өз тәжірибесінде Гиппократ шөппен емдеуге ерекше көңіл бөлген. Оның табиғи заттарды барынша толық сақтауға тырысқанын, оларды сақтап, орама жасау әдісін ойлап тапқанын, көне дәріханаларда жүргізілген қазба жұмыстары дәлелдейді. Гиппократ өсімдіктерді ұсақталған күйінде пайдалануды ұсынады. Олардың ішінде кездесетіндері: белена, бузина, қыша анар, зверобой, қауын, ирис, қалақай, жуа, қалампыр, жусан, қарағай, асқабақ, сарымсақ, шалфей- барлығы 250-дей өсімдіктер. Жануарлардан алынатын дәрілік заттардан қойдың, өгіздің, қаздың, үйректің, балықтың майлары қолданылған. Гиппократ сақ болуға, бір дәріні екіншісіне алмастыруға асықпауға кеңес береді.38 Гиппократ терапиядағы ерекше орынды ем-дәмге бөлген. Ол сontraria contraries әдісімен емдеген. Тойынуды ашығу, ашығуды тойыну емдейді, еңбек тынығудың емі және керісінше тынығу-еңбектің емі. Бір сөзбен айтқанда, бір қарама-қарсылық екіншісінің емі, себебі, медицина бұл қосу мен азайту. Бар артықты алып тастап, жетіспегенді қосу. Осыны жақсы түсінген дәрігер- нағыз дәрігер деген. Гиппократ есімімен, жалпы дәрігерлердің, оның ішінде фармацевтің де , бейнесі мен этикалық әрекеті байланысты. Гиппократ жинағында дәрігерлік этика мен ежелгі Грециядағы дәрігерлердің тәртіп ережесіне арналған бес шығарма бар. Олар: Заң, Ант, Дәрігер туралы, Тәртіп туралы және Өсиеттер. Олар дәрігерлерді оқытудың және моральды тәрбие беру жөніндегі анықтамалар және Медицина заңдарына сәйкес қойылатын талаптар туралы түсініктеме береді. Медицинаның әсерін танығысы келген адамда табиғи жақындық. білім, жайлы орын, бала кезден тәрбие, еңбекқорлық және уақыт болуы керек деген (Заң). Дәрігер емдеуді ақысын ойлаудан бастамау керек. Тіпті кей кездері, ризашылықты минуттық атақтан жоғары санап тегін емдеуі керек. Себебі, адамға деген сүйіспеншілік бар жерде, өз ісіне деген сүйіспеншілік те болады (Өсиеттер). Дәрігер өз бойында ақшаға деген жиіркенішті, ұяттылықты, қарапайымдылықты, шешімділікті, ұқыптылықты, ой ұшқырлығын, өмірдегі қажеттілік мен пайдасын білуі, кеселге деген жиіркенішті, құдай алдындағы қорқынышты мойындамау, құдайдың құдіреттілігіне сенбеуді тәрбиелеу керек. Дәрігер- құдайға теңестірілген философ (Тәртіп туралы). Дәрігер үсті-басын таза ұстауы керек, жақсы киім киіп, иісті майлар жағып жүруі керек. Себебі, осының бәрі, әдетте, науқасқа жақсы әсер етеді (Дәрігер туралы). Ұстазға, әріптестерге деген құрмет өзгермейтін ереже болып қалыптасқан. Ол ереже б.э.д. ІІІ ғасырда Александрия39 кітапханасында жазылып, Гиппократ есімімен аталған Антта бекітілген. Қай үйге кірсем де, ең алдымен науқастың пайдасы үшін кіремін. Ежелгі грек медицинасында Гиппократтан кейін де материализм мен идеализмнің күресі жалғасты. Ежелгі Грецияның идеалистік философиясын Платон (б.э.д. 428-374 жж.) басқарды. Ол нақты әлемді білім көзі ретінде теріске шығарған. Тимей шығармасында ол пневма туралы (құдай жаны) оқуды жетілдірген. Барлдық патологиялық құбылыстарды Платон ағзадағы пневманың айналуларымен және оның әр түрлі мүшеерге әсерімен байланыстырған. Платон ұғымы бойынша, дерт- көктен жіберілген жаза. Оны дәрі емес, музыка, ұран, түрлі рәсімдер арқылы ғана емдеуге болады деген. Платон медицинадағы реакциялы ағымның бастаушысы болды. Аурудың алдын алуда да, күтімінде де бай адамдар мен басқарушылармен шектелген, құлдарға медициналық көмектің қажеті жоқ деп есептеген. Платонның оқушысы- Аристотель (б.э.д. 384-322 жж.) ежелгі дүниенің ең көрнекті ғалымы болды. Дәрігердің баласы, медициналық білім алған. Өлген малдардың өлігін ашып, адам анатомиясының құрылымы туралы шешімдер жасаған. Ол физиологиялық үрдістерді де зерттеген. Аристотель, ғылыми-тәжірибелік жұмысты болмаған биіктіктерге көтерген, сол замандағы бірінші натуралист болған. Ол Платонның идеалистік оқуын сынға алып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның фаунасы мен флорасы
Ежелгі Шығыс тарихы
Каспий теңізінің аймағы
Деректанудың даму тарихы
Европа елдері
Каспий өңірінің флорасы мен фаунасы
Ежелгі Мысырдың діні
Плебейлердің патрицийлермен күресі
Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Пәндер