Талап мерзімі және мерзімді есептеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ТАЛАП МЕРЗІМІ ЖӘНЕ МЕРЗІМДІ ЕСЕПТЕУ
1. Азаматтық құқық түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі мен түрлері ... ... ..9
3. Талап мерзімі және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
4. Талап мерзімін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
5. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, үзіліс және қалпына
келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
6. Міндеттемелік құқықтағы талап мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ...21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Азаматтық құқық пәнінен теориялық білімімді шыңдау мақсатында өз курстық жұмысымның тақырыбын «Талап мерзімі және мерзімді есептеу» деп таңдадым. Қазіргі таңда әрбір жеке және заңды тұлға өз құқығының бұзылғанын сот тәртібі арқылы талап қоя отырып қалпына келтіруге болады. Мені болашақ заңгер ретінде талап қою және талап қою мерзімдері олардың есептелуі қызықтырады.
Азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқықтың пәнін құрайды. Азаматтық заңдар сондай – ақ, тиісті құқық салаларымен реттелмеген жағдайда отбасылық, еңбек, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға да қолданылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі: Жалпы және ерекше бөлім. – Алматы., 2004ж
3. ҚР-ның Азаматтық іс жүргізу кодексі
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2005.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы. Юрист, 2005 – 121 б.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы: Юрист, 2005.
7. Послание Президента народу Казахстан «Казахстан-2030» от 16.10.1997г.//Казахстанская правда. 17 октября 1997г.
8. Закон РК «О браке и семье». Алматы: Юрист, 2005.
9. Закон РК «О труде в Республике Казахстан». Алматы: Юрист, 2005.
10. Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях. Алматы: Юрист, 2005.
11. Кодекс Республики Казахстан о налогах и других обязательных платежах в бюджет. Алматы: Юрист, 2005.
12. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. Алматы: КазГЮА, 2001..
13. Викут М.А., Исаенкова О.В. Исполнительное производство.- М.: Юристъ, 2001.
14. Баймолдина З.Х. Производство по пересмотру судебных актов по гражданским делам: Учебное пособие.- Алматы, 1998.
15. Гражданское право. Учебник для вузов (академический курс). Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Байсин- Алматы, 2000.;
16. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда Казахской ССР, Пленума Верховного Суда Республики Казахстан, нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан (1961-2005 годы).- Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К», 2005.
17. Постановления пленумов Верховного Суда Республики Казахстан. 1992-2002гг.: Справочное пособие. Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К», 2002.
18. Гражданское законодательство Республики Казахстан- толкование и комментирование. Под ред. Диденко А. Выпуск 6.- Алматы: Баспа, 1998.;
19. Сборник образцов гражданско-правовых документов. Учебное и практическое пособие. М. Издательство «Бек», 1994.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы: Талап мерзімі және мерзімді есептеу

Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім. Талап мерзімі және мерзімді есептеу
1. Азаматтық құқық түсінігі және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі мен түрлері ... ... ..9
3. Талап мерзімі және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .14
4. Талап мерзімін
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 17
5. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, үзіліс және қалпына

келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...19
6. Міндеттемелік құқықтағы талап мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ...21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28

Кіріспе

Азаматтық құқық пәнінен теориялық білімімді шыңдау мақсатында өз
курстық жұмысымның тақырыбын Талап мерзімі және мерзімді есептеу деп
таңдадым. Қазіргі таңда әрбір жеке және заңды тұлға өз құқығының бұзылғанын
сот тәртібі арқылы талап қоя отырып қалпына келтіруге болады. Мені болашақ
заңгер ретінде талап қою және талап қою мерзімдері олардың есептелуі
қызықтырады.
Азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқықтың
пәнін құрайды. Азаматтық заңдар сондай – ақ, тиісті құқық салаларымен
реттелмеген жағдайда отбасылық, еңбек, табиғи ресурстарды пайдалану және
айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға да қолданылады.
Азаматтық заңдар өз реттеуіндегі қатынастар қатысушыларының теңдігін,
меншік қол сұғылмаушылықты, шарт еркіндігін қорғайды, азаматтық құқықтардың
кедергісіз іске асуын, қатысушыларының бұзылған құқықтарының қалпына
келтірілуін, олардың сотта қорғалуын қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: талап мерзімі және мерзімді есептеу ұғымы
кез келген мемлекетте, қоғамда аса зор қызмет атқарады. Азаматтық құқықта
мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп
түсіндіріледі. Демек, заң табиғаты тұрғысынан алып қарағанда, мерзім
дегеніміз заңдық факт болып табылады. Талап қою мерзімі - адам құқықғының
немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын қанағаттандырылуы
мүмкін болатын уақыт кезеңі. Талап қою мерзімін қолдану өте қажет, бұған
бірсыпыра себептер бар- жағынан арада ұзақ уақыт өтіп кеткеннен кейін даулы
құқықты анықтау соторгандарына қиын жұмыс, екіншіден, іс жүзінде ұзақ уақыт
бойы болып келген қатынастарды бұзу шаруашылық жағдайына бірқатаріркіліс
тудырып, тиімсіз салдарға әкелуі ықтимал. Сондықтан бүгінгі таңда азаматтық
құқығына нұсқан келген тарап талап мерзімі ішінде өзінің бұзылған құқығын
қалпына келтіруге мүмкіндігі бар.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - талап мерзімі түсінігінің мәні ашу
және талап мерзімін есептеуді қарастыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету барысында мына міндеттерді шешу көзделген:
Азаматтық құқықтағы мерзім және талап мерзімі ұғымдарының мәнін ашу;
Талап қою мерзімдерін есептеуді қарастыру;
Талап қою бойынша іс жүргізу;
Талап қоюды қамтамасыз ету жағдайын қарастыру.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы
талап қою және талап қою мерзімдері.
Теориялық базасы ретінде отандық құқықтанушы ғалымдардың еңбектері,
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, заңдылық актілері негіз
болады.

1. Азаматтық құқық түсінігі және мәні

Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бергі белгілі, оны римдік
заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивильді құқық деп атаған.
Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның
мазмұны барынша өзгерді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп
атайды, ал бұл саладағы мамандарды – цивилист деп жүр.
Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне тән және белгілі бір
ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі
болғандықтан күнделікті тыныс – тіршілікпен, сондай –ақ азаматтардың, заңды
тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен
тығыз байланысты.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай
салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі
қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан
Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен
бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар – ақша
қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (ҚР – ның АК
–нің 1- бабы, 1- тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы
жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені
олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке
қатынастар мәнінен туындамайды (АК- тің 1- бабы, 2- тармағы).
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік
қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен,
қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен)
байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай
қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас),
мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысу, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік
иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас)
тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен
реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып
алу, шешу, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып
табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей
реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта
кезедседі. Сайып келгенде, мүліктілік дегеніміз заңды белгі болып
табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да заматтық құқық
пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән – мағынасын ашатын тұсын бөліп
қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастардың мынадай белгілері, атап
айтқында, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты
материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар
болғандлықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықты дербес тауар иеленуші
ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Республикадағы мүліктік қатынастар саласында заңдылықты нығайту
ісіндегі ұйымдардың, азаматардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы
азаматтық заңдардың маңызы ерекше зор. Олар нарықтық қатынастардың сан-
салалы міндеттерінің кең шеңберін орындайды, шаруашылық, меншік жүйесінің,
шарттық тәртіптің және т.с.с. нығаюына ықпал етеді.
Азаматтық заңдар өз реттеуіндегі қатынастар қатысушыларының теңдігін,
меншік қол сұғылмаушылықты, шарт еркіндігін қорғайды, азаматтық
құқықтардың кедергісіз іске асуын, қатысушыларының бұзылған құқықтарының
қалпына келтірілуін, олардың сотта қорғалуын қамтамасыз етеді.
Азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық
құқықтың пәнін құрайды. Атап айтқанда, олар – республиканың
материалдық–техникалық базасын құру және азаматтардың материалдық және
рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қолданылатын тауар-ақша
нысандарындағы мүліктік және олармен байланысты мүліктік емес жеке
қатынастар. Азаматтық заңдар сондай-ақ, еңбек, табиғи ресурстарды
пайдалану және айналадғы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға да
қолданылады.
Мүліктік қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарын, тұтыну заттарын және
өзге де материалдық игіліктерді иеленуге, пайдалануға және оларға билік
етуге байланысты қалыптасады. Бұл кең ұғым. Азаматтық құқық азаматтық
айналымдағы мүліктік қатынастар қатысушылары тең негізде әрекет ететін
тауар-ақша нысандарын пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды ғана
қамтиды.
Мүліктік қатынастарды баламалы-ақылы және ақысыз деп бөледі. Баламалы-
ақылы қатынастар айналымдағы заттың құнын өтеуге байланысты туындайды.
Бұлар-сауда-саттық, айырбас, тауар жеткізілімі, мүлікті жалдау түріндегі
және т.б. тауар-ақша қатынастары. Ақысыз қатынастар ақысыз (өтеусіз)
негізде құрылады, бұлар –сыйға тарту, өтеусіз пайдалану, мұраға алу,
процентсіз заем және т.б. қатынастар. Мүліктік қатынастардан жеке мүліктік
емес қатынастардың айырмашылығы, оларда құндылық сипат болмай, тікелей
экономикалық мазмұннан алыс тұратын-дығында. Азаматтық құқықтың пәні
ретінде азаматтар мен ұйымдардың жеке-даралығын білдіретін мүліктік емес
жеке қатынастар да танылады. Мүліктік емес жеке қатынастарға, бір жағынан,
тікелей мүліктік қатынастарға, екінші жағынан, оларға мүлдем байланысы
жоқ қатынастар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен
айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын тану туралы мәселе
қойғанда, өзінің жеке игілігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша дербес
қоғамдық қатынасқа түседі. Мұндай авторлықты танумен бірге санаткерлік
шығармашылық нәтижелерін пайдаланғандық үшін сыйақы төлеуді талап етуге
байланысты мүліктік қатынастар туындауы мүмкін.
Мүліктік емес жеке қатынастар – азаматтардың ар-намысын, қадір-
қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі қатынастар. Азамат
немесе заңды тұлға, - делінеді Азаматтық кодекстің 143-бабында,-өзінің ар-
намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін
мағұлматтарды, егер ондай мағұлматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай
екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық негіздері, 55-56бб

2. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі мен түрлері

Азаматтық құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе
шектеулі кезең деп түсіндіріледі(АК-тің 172-бабы). Демек, заң табиғаты
тұрғысынан алып қарағанда, мерзім дегеніміз заңдық факт болып табылады.
Әдебиетте мерзімді оқиға деп аталатын, яғни адамдардың еркінен тыс
болатын құбылыстарды заңдық фактілер категориясына жатқызады.
Мерзімді есептеу тәртібі. Азаматтық заңда мерзімді есептеуге
байланысты арнайы белгіленген тәртіп бар. Азаматтық Кодекстің 172-бабына
сәйкес мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен
байланыстырылады. Осы бапта мерзімді тағайындау жолдары көрсетілген, атап
айтсақ, бұл сол сәтті көрсететін уақыт (күнтізбелік күн), белгілі уақыт
кезеңі (жылдар, айлар, күндер және сағаттар) және сөзсіз болуға тиісті
оқиға дер едік. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындаудың
мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады.
Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міндеттемені
орындау мерзімі аяқталғанға дейінгі уақыттың кез-келген сәтінде орындала
беруі мүмкін. Мысалы, мұрагер мұра ашылған сәттен бастап алты ай ішінде
мұраны қабылдау немесе одан бас тарту құқығына ие.
Күнтізбелік күнмен көрсетілген мерзімдіқолдану соншалықты қиындық
туғызбайды, өйткені, белгіленген уақыт мерзімнің басталғанын білдіреді.
Дейтұрғанмен, мерзім белгілі бір кезеңді қамтитын болған жағдайда оны
есептеу тәртібі заңға сәйкес белгіленеді.
Азаматтық Кодекстің 173-бабына орай уақыт кезеңімен белгіленетін
мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен бастап немесе мерзімнің басталуы
белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Бұл мерзімнің
өтуі затты тапсырған күннен емес, ертеңінен бастап есептеледі.
Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталу сәтін ғана емес, аяқталу
мерзімін де нақты айқындап алудың маңызы зор. Мерзімді есептеу мерзімді
бастаған күннен келесі күні басталса, аяқталу сәті мерзім басталған айдың
немесе аптаның соңғы күндерімен есептеледі.
Азаматтық Кодекстің 174-бабында уақыт кезеңмен белгіленетін мерзімнің
аяқталуы былайша тұжырымдалған:
1) жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы
мен күнінде бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін
мерзімнің ережелері қолданылады;
2) жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін
мерзімнің ережелері қолданылады. Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп
есептеледіал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі;
3) айлармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде
бітеді.
Жарты аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде
қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі. Егер айлармен есептелетін
мерзімнің аяқталдуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың
соңғы күнінде бітеді;
4) апталармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы аптасының тиісті
күнінде бітеді.
Кейде айдың аяқталуы әртүрлі келеді, мәселен, бір жылы ақпан айы 29-
ында бітуі мүмкін, кейінгі жылы ондай болмауы мүмкін, немесе мерзім
басталғанда айдың 31-і болуы мүмкін, ондайда тиісті айдың соңғы күні
біткенде мерзім аяқталған деп есептеледі.
Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан
кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің ыяқталған күні болып саналады.
Мерзімнің бітуімен белгілі бір дәрежеде заңдық салдарға байланысты,
заң әрекетті мерзімнің соңғы күнінен аяқталу керектігін міндеттейді.
Азаматтық Кодекстің 176-бабының талаптарына сәйкес, егер мерзім қандай да
бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол әрекет мерзімнің соңғы күніндегі
сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін. Мекемелер мен ұйымдардағы
аяқталуға тиісті әрекеттерді бұл ережеге бағындыра қою қиын, өйткені,
мұндай ұйымдар мен мекемелерде жұмыстың тоқтатылуы олардың жұмысты ресми
тоқтатуымен есептеледі немесе кейбір мекемелер жұмыс күні бітпесе де
операцияларын белгілі бір уақытта тоқтатып тастайды, айталық, нотариалдық
кеңсе депозитке ақша салуды қабылдауды күндізгі сағат 12-де аяқтайды.
Мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейінгі поштаға,
телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мәмілелер
мен хабарлама мерзімінде жасалған болып саналады. Мұндай әрекеттерді
жасауда соңғы күннің мерзімі жергілікті уақытпен есептеледі.
Мерзімнің түрлері. Азаматтық құқытық мерзімдерді әртүрлі негіздер
бойынша топтастыруға болады.
1. Тағайындалуына байланысты мерзімдер үш түрлі болады:
а) нормативтік;
ә) шарттық;
б) соттық.
2. Мерзімдер өзінің құқықтық табиғатына қарай мынандай түрлерге
бөлінеді:
а) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;
ә) субъективті құқыты жүзеге асыру мерзімі;
б) үзіп тастау мерзімі;
в) кепілдік мерзімдер;
г) кінәрат мерзімдер;
д) азаматтық-құқықтық міндеттерді орындайтын мерзімдер;
е) азаматтық-құқықтарды қорғайтын мерзімдер.

Сурет 1. Мерзімнің түрлері

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі дегеніміз уәкілетті тұлғаның
өзіне тиесілі міндеттер мен құқытарды жүзеге асыруға кететін уақыты.
Субъективті құқыты жүзеге асыру мерзімі заңмен тағайындалады. Мысалы,
иелену мерзімі үшін белгілі бір мерзім тағайындалады.
Үзіп тастау мерзімі жоғарыд аталған мерзімдерден ерекшеленеді,
өйткені, ол белгілі бір құқытарды тоқтатып тастайды. Мысалы, Азаматтық
Кодекстің 216-бабында үлесті меншіктің қатысушылары, егер олар осы бапта
көрсетілген мерзім ішінде құқытарын жүзеге асырмаса, сатып алудың басым
құқығынан айырылады.
Кепілдік мерзімі дегеніміз - сатып алушының ұзақ уақыт бойы сақтауға
немесе пайдалануға арналған өнімдердің кемшілігін анықтап алуына берілетін
мерзім болып табылады. Ондай өнімді қабыфлдап алғаннан кезде кемшілігін
байқау мүмкін болмай, кейін барып одан ақау шықса, онда сатып алушы сол
ақауды түзетуге, оны сапалы басқа тауармен ауыстыруға не затты қайтадан
қабылдап, ол үшін төленген соманы қайтарып алуға талап қоя алады. Кепілдік
мерзімі мемлекеттік стандартпен, бекітілген техникалық шарттармен немесе
шартпен белгіленеді.
Кінәрат мерзімі субъективті құқығын бұзған тұлға үшін заңмен
белгіленеді, осы бұзушылыққа байланысты талаптар ерікті түрде орындалады.
Заң кінәрат қойылған өтініштерді беру мерзімімен қатар берілген кінәратқа
жауап беру мерзімін де көрсетеді.
Міндеттемелерді орындау мерзімдері шартта екі жақтың келісімімен
тағайындалады. Бұл талапты орындау шартта қаралған тұлғалардың мүддесіне
орай міндетті саналады.
Азаматтық құқытарды қорғау мерзімдері - Азаматтық Кодекстің 7-
тарауында қаралған талап қою мерзімі болып табылады.

3. Талап мерзімі және оның маңызы

Талап қою мерзімі - азаматтық құқықығына нұқсан келген тарап, егер
құқығын бұзған тарап бұзылған құықығын қалпына келтіруден бас тартса, оны
қорғап қалпына келтіру мақсатымен сотқа талап қоя алатын мерзімдер.
Бұзылған құқықты сот тәртібімен қорғау заңда арнаулы белгіленген мерзімдер
ішінде жүзеге асырылуы мүмкін, бұл мерзімдер талап мерзімдері деп аталады.
Талап қою мерзімінің ұғымы. Талап қою мерзімі - адам құқықғының немесе
заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын қанағаттандырылуы мүмкін
болатын уақыт кезеңі. Сонымен талап қою мерзімі дегеніміз - бұл занда
белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім өткеннен кейін ақы талап ету құқығы
жойылады, басқаша айтқанда, құқықты еріксіз жүзеге асыру мүмкіндігін
жойылады.
Талап қою мерзімін қолдану өте қажет, бұған бірсыпыра себептер бар -
жағынан арада ұзақ уақыт өтіп кеткеннен кейін даулы құқықты анықтау
соторгандарына қиын жұмыс, екіншіден, іс жүзінде ұзақ уақыт бойы болып
келген қатынастарды бұзу шаруашылық жағдайына бірқатаріркіліс тудырып,
тиімсіз салдарға әкелуі ықтимал.
Талап қоюды ретгеу нормалары өктем (императивті) сипатта болады. Яғни
тараптар талап қоюшылықты келісіммен өзгерте алмайды, бекітілген талап қою
мерзімі мен оны есептеу тәртібін бұрмалауға жол берілмейді.
Талап қою мерзімдері жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Талап қоюдың
жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін
заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда кысқартылған
немесе неғұрлым ұзак арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін. Мысалы, арнайы
(қысқартылған) мерзімдер көлік заңдарында қаралған (ҚР-ның темір жолдарының
Уакытша Уставының 155, 156 баптары).
Заңды талап мерзімдерінің арнаулы мерзімдері де колданылады. Мысалы,
Азаматтық Кодекстің 159-бабыньщ 9- және 10-тармақтарында көзделген негіздер
бойынша талап қою мерзімі зорлык немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып,
сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені
жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген
немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады. Осы арада бір айта
кететін жәйт, шетелдерде талап қоюдың жалпы мерзімдері ұзақтау келеді.
Талап қою мерзімі қолданылатын талаптар. Талап қою мерзімі азаматтық
құкық қатынастарында заңда қаралған мынадай жағдайлардан басқасының бәрінде
қолданылады, яғни Азаматгық кодекстің 187-бабына сәйкес:
1) заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес
игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға;
2) салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына;
3) азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын
толтыру туралы талатарға қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзімі өтіп
кегкеннен кейін қойылған талаптар талап қойылған соң үш жылдан асырмай
канағаттандырылады;
4) егер меншік иесінің немесе өзге заң иеленушінің өз құқығының кез-
келген бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса (АК-тің 264-265
баптары), олардың осы құқық бұзушылықты жою туралы талабына;
5) заң құжаттарында белгіленген реттерде басқа талаптарға да
қолданылмайды.
Жоғарыда айтканымыздай, талаптардың тізбесі үлгі ретінде келтіріліп
отыр. Заң актілерімен бұдан басқа да талаптарға талап қою мерзімі
қолданылмайтын жағдайлар тәртіптелуі мүмкін.

4. Талап мерзімін есептеу

Талап қою мерзімінің есептелуі. Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық
бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерзімді есептеу тәртібі
Азаматтық қүқықты қорғайтын мерзімдер
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ
Мерзімдерді есептеу және талап мерзімі
Заңдылық оқиғалар
Азаматтық құқық қабілеттілігі
Мерзімдерді есептеу және талап қою мерзімі
ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ МАЗМҰНЫ
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шарттары
Пәндер