Шарттардың жеке түрлері


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Азаматтық құқық»
Тақырыбы: Шарттардың жеке түрлері
Жоспары
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім. Шарттардың жеке түрлері
1. Шарт ұғымы және оның ережелері . . . 5
2. Сатып алу-сату шарты. . . 10
3. Сыйға тарту шарты . . . 15
4. Рента және өмiр бойы асырауда ұстау шарты. . 18
5. Мердiгерлiк шарты . . . 20
6. Тасымалдау шарты . . . 24
7. Заем шарты және банктік қызмет көрсету шарты . . . 27
8. Айырбас шарты . . . 30
Қорытынды . . . 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33
Кіріспе
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Курстықжұмыстың өзектілігішарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады. Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.
Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.
Шарттық міндеттемелерді тоқтатудың негізгі себептеріне олардың тиісінше орындалуы, қарсы талапты қанағаттандыруы, несие беруші мен борышқордың бір адам ретінде үйлесуі, тараптардың келісуі, орындауды атқарудың мүмкін еместігі, борышқордың немесе берушінің өлімі жатады. Міндеттемені тоқтатудың басты және мейлінше, кең тараған тәсілі оның тиісті деңгейде орындалуы болып табылады. Борышқордың талап етуімен орындау несие берушінің қолхатымен куәландырылуы мүмкінҚазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән- маңызы айрықша күшейеді.
Шарттық міндеттемелерді тоқтатудың негізгі себептеріне олардың тиісінше орындалуы, қарсы талапты қанағаттандыруы, несие беруші мен борышқордың бір адам ретінде үйлесуі, тараптардың келісуі, орындауды атқарудың мүмкін еместігі, борышқордың немесе берушінің өлімі жатады. Міндеттемені тоқтатудың басты және мейлінше, кең тараған тәсілі оның тиісті деңгейде орындалуы болып табылады. Борышқордың талап етуімен орындау несие берушінің қолхатымен куәландырылуы мүмкін Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән- маңызы айрықша күшейеді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты- екi немесе одан көп мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату негізінде туындайтын шарт ұғымына және оның жекелеген түрлеріне тоқталу.
Осы мақсатқа жету барысында мына міндеттерді шешу көзделген:
шарт ұғымы және оның ережелерін ұғыну; сатып алу-сатушартының; сыйға тарту шартының; рента және өмiр бойы асырауда ұстау шартының; мердiгерлiк шартының негізін; тасымалдау шартының; заем және банктік қызмет көрсету шарттарының; айырбас шартының негізіне және жасалу тәртіптеріне тоқталу. Зерттеу объектісі - азаматтыққұқықтар мен мiндеттер негізінде туындайтын келісім шарт.
Теориялық базасы ретінде отандық құқықтанушы ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, заңдылық актілері негіз болады.
Шарт ұғымы және оның ережелері
Екi немесе одан көп мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады. Шартқа осы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінiң4-тарауындакөзделген екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады. Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады.
Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады. Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.
Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.
Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады (аралас шарт) . Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келiсiмiнен немесе аралас шарттың мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады. Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi. Шарттың ережесi заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше (диспозитивтiк қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң келiсiмдерiмен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады. Егер шарттың ережесiн тараптар немесе диспозитивтiк қалып белгiлемеген болса, тиiстi жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтармен белгiленедi.
Шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуге тиiс.
Егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайды.
Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған шарт ақысыз шарт болып табылады.
Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт ақылы болуы мүмкiн. Шарттың орындалуы тараптардың келiсiмiмен белгiленген баға бойынша төленедi. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т. б. ) қолданылады.
Шарт жасалғаннан кейiн бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша жол берiледi.
Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерiн негiзге ала отырып оны анықтау мүмкiн болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезiнде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшiн алынатын баға бойынша жүргiзiлуге тиiс деп есептеледi.
Шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінiң393-бабы) .
Тараптар өздерi жасасқан шарттың ережелерi олардың шартты жасасуға дейiн пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгiлеуге құқылы. Егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады.
Қолданылу мерзiмi көрсетiлмеген шарт тараптардың онда белгiленген мiндеттемелердi орындауы аяқталып бiткен кезге дейiн қолданылады деп танылады. Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды осы мерзiм бiткенге дейiн орын алып келген шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады. Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.
Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi.
Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкiншiлiгi бола тұра коммерциялық ұйымның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi.
Коммерциялық ұйым жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған жағдайда осы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінiң399-бабындағы 4-тармақтакөзделген ережелер қолданылады. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi жария шарттарды жасау және орындау кезiнде тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер және т. б. ) шығаруы мүмкiн. Жария шарттың осы баптың2 және 4- талаптарына сәйкес келмейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады.
Шарттардың үлгi ережелерi. Шартта оның кейбiр ережелерi осындай шарттар үшiн әзiрленген және баспада басылып шыққан үлгi ережелермен белгiленетiнi көзделуi мүмкiн.
Шарттың мазмұнында үлгi ережелерге сiлтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгi ережелер, егер олар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінiң3және382-баптарыменбелгiленген талаптарға сай келетiн болса, тараптардың қатынастарына iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар ретiнде қолданылады.
Үлгi ережелер үлгi шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкiн.
Қосылу шарты. Ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады.
Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берiлетiн құқықтардан айыратын болса немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда анық қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы.
Осы баптың 2-тармағында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруына байланысты шартқа қосылған тараптың шартты бұзу туралы қойған талабы, егер қосылған тарап шарттың қандай жағдайларда жасалғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, қанағаттандырылуға жатпайды.
Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi. Алдын ала жасалатын шарт негiзгi шарт үшiн заңдарда белгiленген нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердiң сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негiзгi шарттың мәнiн, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайларын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн ережелер болуға тиiс. Алдын ала жасалатын шартта тараптар негiзгi шартты жасасуға мiндеттенетiн мерзiм көрсетiледi. Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзiм белгiленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бiр жыл iшiнде жасалуға тиiс. Алдын ала шарт жасасқан тарап өзi көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтiрiлген залалды екiншi тарапқа өтеуге мiндеттi. Алдын ала жасалатын шартта көзделген мiндеттемелер, егер тараптар негiзгi шартты жасасуға тиiс мерзiм бiткенге дейiн ол жасалмаса не тараптардың бiрi екiншi тарапқа бұл шартты жасасуға ұсыныс жiбермесе, тоқтатылады. Егер ниеттер туралы хаттамада (ниеттер туралы шартта) тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшiн беру ниеттерi тiкелей көзделмесе, олазаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкелiп соқтырмайды.
Тараптар арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi. Шарттың мәнi туралы ережелер, заңдарда елеулi деп танылған немесе шарттардың осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мәлiмдеуi бойынша келiсiмге қол жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады. Егер шарт жасасу үшiн заң құжаттарына сәйкес мүлiктi беру қажет болса, шарт тиiстi мүлiк берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi. Егер тараптар белгiлi бiр нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрi үшiн бұл нысан талап етiлмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.
Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе оларды анықтау тәртiбi көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дәрежеде айқын деп табылады. Оферта оны жiберген жақ ол алушының қолына тигеннен бастап байланысты етiп қояды. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледi. Егер офертаның өзiнде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнiнен немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцептi үшiн белгiленген мерзiм iшiнде қайтарып алуға болмайды. Жарнама және беймәлiм адамдар тобына жiберiлген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тiкелей өзгеше көрсетiлмесе, оферта жасасуға шақыру ретiнде қаралады. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады.
Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады. Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс. Егер заң құжатынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы iскерлiк қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды. Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау жөнiнде жасаған әрекеттерi, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi. Егер акцептi қайтарып алу туралы хабар оферта жiберген жаққа акцептiң өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледi.
Егер шарт жасасуға мiндеттi тарап жiберген шарт жобасына отыз күн мерзiмде шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасы алынса, бұл тарап екiншi тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, не келiспеушiлiк хаттамасын қабылдамайтыны туралы келiспеушiлiк хаттамасын алған күннен бастап отыз күн iшiнде хабарлауға мiндеттi. Келiспеушiлiк хаттамасын қабылдамаған не оны көрсетiлген мерзiмде қарау нәтижелерi туралы хабарды алмаған жағдайда келiспеушiлiк хаттамасын жiберген тарап, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлерi туралы өзгеше белгiленбесе, шарт жасасу кезiнде пайда болған келiспеушiлiктердi соттың қарауына беруге құқылы. Егер осы Кодекске немесе өзге де заң құжаттарына сәйкес шарт жасасуға мiндеттi тарап оны жасасудан жалтарса, екiншi тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы. Шарт жасасудан негiзсiз жалтаратын тарап екiншi тарапқа шарт жасасудан бас тарту туғызған залалдың орнын толтыруға тиiс.
Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:
1) екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде;
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады. Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады. Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.
Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзiмге ұзартуға құқылы. Шарттың қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінiң397-бабыныңережелерi бойынша ұзартылады.
Сатып алу-сатушарты
Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi. Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға, егер заң актiлерiнде оларды сатып алу-сатудың арнаулы ережелерi белгiленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады. Тауарлардың жекелеген түрлерiн сатып алу-сату ерекшелiктерi заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi. Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне мыналар жатқызылады:
бөлшек саудамен сатып алу-сату; тауарлар жеткiзiлiмi; энергиямен жабдықтау; контрактация; кәсiпорынды сату. Егер Азаматтық Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары туралы өзгеше көзделмесе, сатып алу-сату шарттарының ережелері қолданылады. Азаматтық Кодекстiң 116-бабындағы ережелердi сақтай отырып, кез келген зат шарт бойынша сатып алу-сату тауары бола алады. Шарт жасасқан кезде сатушының қолында бар тауарды, сондай-ақ заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе немесе тауардың сипатынан өзге жағдай туындамаса, сатып алушының болашақта шығаратын немесе сатып алатын тауарын сатып алу-сатуға шарт жасалуы мүмкiн. Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкiндiк берсе, тауар туралы талап (елеулi талаптар) келiсiлген деп есептеледi.
Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бiрге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды (тауардың жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн және т. б. куәландыратын құжаттарды) беруге мiндеттi. Сатушының сатып алушыға тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi шартта белгiленедi, ал егер шартта мерзiмдi белгiлеуге мүмкiндiк болмаса, Азаматтық Кодекстiң 277-бабында көзделген ережелерге сәйкес белгiленедi. Егер мерзiм бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделiлiгi жоғалатындығы шарттан айқын туындайтын болса, сатып алу-сату шарты оны қатаң белгiленген мерзiмде орындау талабымен жасалды деп танылады. Сатушының мұндай шартты онда белгiленген мерзiм басталғанға дейiн немесе бiткеннен кейiн сатып алушының келiсуiнсiз орындауға құқығы жоқ. Заң актiлерiнде немесе шартта сатып алу-сату шартын бөлiп орындау жағдайлары (шартты орындаудың аралық мерзiмдерi) белгiленуi мүмкiн.
Сатушының сатып алушыға тауар беру мiндетi:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz