Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім. Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны
1. Инвестиция түсінігі, инвестициялау және оның шаруашылық жүйесіндегі
орны мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары,
нысандары мен бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Шетел инвестициясы және оны тарту саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Шет елдердегі инвестициялық саясат және оның құрылымы мен даму
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны ... ... ... ... ... 13
2.1 Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны және
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Тікелей шетелдік инвестиция және оны мемлекеттік қолдау ... ... ... ... ... ..17
2.3 Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестициялық процестерді
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.4 Қазақстанға шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету.
Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысында «Қазақстан–2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.
1. «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 28 ақпан 1997ж. // Егемен Қазақстан, 6 наурыз 1997ж.
2. «Шетел инвестициялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. //Заң, 1991 ж. №4
3. Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже» // Заң 1993 ж. №7.
4. Боготин Ю.В., Швандар В.А. – Инвестиционный анализ: Учебное пособие для вузов – М.:ЮНИТИ-ДАНА, 2000. – 286с.
5. Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент” Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год.
6. Бригхем Ю., Гапенски Л., Финансовый менеджмент. В 2х т.:Пер. с англ./ Под ред. В.В. Ковалева - СПб: Экономическая школа, 2004г.
7. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы. Алматы, Экономика – 2001.
8. Бланк И.А. Управление использованием капитала. – Киев: Ника-Центр, 2000. – 656 с.
9. Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.
10. Гончаренко Л.П. Инвестиционнй менеджмент: учебное пособие-М: КНОРУС, 2005-296с.
11. Гитман Л.Дж., Джон М.Д. Основы инвестирования: Пер. с англ.-М.: Дело, 2002.
12. Глухов В.В., Бахрамов Ю.М. Финансовый менеджмент/Учебное пособие - СПБ: Специальная литература. Санкт-Петербург, 2004.-429с.
13. Горбунов А.Р. Управление финансовыми потоками и рейнжиринг пред-приятий, банков и инвестиционных компаний - М.: Инфроцентр, 2003.
14. Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006 г.
15. Косжанов.Т.Н. “Промышленная и инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г.
16. Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006 г.
17. Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар.
18. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. //Егемен Қазақстан. 2009 жыл 4 ақпан.
19. Нурланова. Н.К. “Инвестиционная ситуация в Казахстане и перспективы ех позитивных сдвигов” //Европейское сообщество. М 3. 2004 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны

Жоспары

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім. Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны
1. Инвестиция түсінігі, инвестициялау және оның шаруашылық жүйесіндегі
орны мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Инвестицияның  мәні,
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .5
1.2 Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары,
нысандары мен
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..7
1.2 Шетел инвестициясы және оны тарту
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Шет елдердегі инвестициялық саясат және оның құрылымы мен даму

ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2. Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын
орны ... ... ... ... ... 13
2.1 Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны және

қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Тікелей шетелдік инвестиция және оны мемлекеттік
қолдау ... ... ... ... ... ..17
2.3 Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестициялық процестерді

талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.4 Қазақстанға шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен

перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..31

Кіріспе

Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясаттың
ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап
көрсету.
Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық
ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі
есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына  инвестицияның  тигізген
әсері мол болды. Жолдауда Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей
 шетел   инвестициясы  тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді
әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді деп айтылуы
инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем
Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені  инвестиция 
дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және
басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс
істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске
жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-
қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысында
Қазақстан–2030 барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
және әл-ауқатының артуы Жолдауында  шетел   инвестициясы  тоқталды.
Шетел   инвестицияларын  тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып
алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер
қатарында ұсталады - деп атап өтілуі  инвестициялардың  еліміздің
экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.
2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015
жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:
Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта
есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз.
Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау
мен жаңартуға жұмсалатын болады.
Индустриалық - инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму
институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады.
Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы
уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар.
Қазақстанның инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына
үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық
компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс.
Ғылыми - техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс -
қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған
инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым
кең өкілеттіктер жүктеледі.
Жұмыстың мәні шетел инвестицияларының Қазақстан экономикасындағы
атқаратын қызметінің экономикалық мәнін ашу болып табылады.

Жұмыстың негізгі мақсаты:
• Қазақстандағы шетел инвестициясының қызметін және оны жетілдіру жолдарын
қарастыру;
• Инвестиция түсінігі, инвестициялау және оның шаруашылық жүйесіндегі орны
мен рөлін қарастыру;
• Қазақстандағы шетелдік инвестициямен оның негізгі бағытын қарастыру;
• Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестициялық процестерді талдау.
Сонымен қатар жұмыстың басты міндеттері мыналар:
- инвестицияның  мәнін, қызметін қарастыру;
- шет елдердегі инвестициялық саясат және оның құрылымы мен даму
ерекшелігін;
- шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орнын және
қызметін;
- Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестициялық процестерді
талдау;
- Қазақстанға шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен
перспективаларын қарастыру.
Жұмыс жоғарыда қозғалған мәселелерден басқа жалпы инвестицияның
экономикалық мәнін және оның жіктелуін көрсетеді. Сондай-ақ жұмыста
инвестициялық портфельдің қалыптасу тетіктері толығымен сипатталған.
Жалпы жұмыстың зерттелу деңгейіне тоқталсақ, шетелдік инвестициялардың
ел экономикасындағы қызметі, оны жүйелеу қазіргі таңда өзекті мәселелердің
алдыңғы қатарына шықты. Сондықтанда әр мемлекеттің инвестициялық процеске
қатысуын ұйымдастыру, инвестицияның дұрыс салаларға тартылуын қарастыру,
инвесторларға оңтайлы жағдай жасау мәселелері жан-жақты отандық және
шетелдік ғалымдар тұрғысынан зерттелуде.
Жұмысты орындау барысында келесі экономикалық–статистикалық зерттеу
әдістері қолданылады: монографиялық, талдау, статистикалық, сызбалыќ жєне
т.б.
Қолданылған әдебиеттерге келсек, жұмысты жазу барысында отандық жєне
шетелдік оқулықтар және еліміздегі әрекет етуші заңдар мен құқықтық-
нормативтік материалдар, сондай–ақ, ағымдық баспасөз беттерінде жарияланған
мақалалар мен статистикалық мәліметтер қолданылды.

1. Инвестиция түсінігі, инвестициялау және оның шаруашылық жүйесіндегі
орны мен ролі
1.1  Инвестицияның  мәні, қызметі

 Инвестициялар  деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
Инвестиция  дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және
басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін
жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе
басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.
Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік. Сонымен қатар
 инвестиция  экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік
дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар  инвестиция  экономикалық
дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық
прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы
болып саналады.
Нақтылық  инвестиция  дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі
бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық,
құрылыс) өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық  инвестиция  дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің
депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық  инвестициялар  иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға
жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып
табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз - Қазақстан Республикасында
 инвестицияны  жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
 Инвестиция  дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен
өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни
қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін
жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа
бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар).
- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер, инвестициялық қорлар,
зейнетақы қорлары, тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі
салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты.
Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға
шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің
жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық
саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың
мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды
өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс
пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа
өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта
жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған
күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға
көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға
тиіс.
Тікелей  инвестиция  дегеніміз - капиталды экспорттаушының қабылдаушы
ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей  инвестициялар 
арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін
жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға
айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы
процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал-жабдықтары капиталистік
кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан
айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл
процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.
Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға
сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің
болуы;
5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал.
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей  инвестициялар;
- портфельдік  инвестициялар  (шетелдік облигацияларды, акцияларды және
басқа да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда
экономиканы тұрақтандыруға, реформаларды тереңдету және құрылымдық
өзгерістерді жүзеге асыру  шетел  капиталын тартпайынша мүмкін емес.

1.2 Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары, нысандары
мен бағыттары

Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы
тарту жатады. өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі – шетел
инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.
Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес,
жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды
арна ретінде қажет.
Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық
шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу
дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік
туғызады.
Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең
алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын
республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс
барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін,
белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет. Бұл қағидалар:
- экономикалық мақсатқа сәйкестілік – ол сол немесе басқа әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен
мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын
инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз
қажеттілігінен туындай отырып анықталады;
- әлеуметтік-экономикалық тиімділік – кез келген нысанда шетел
инвестицияларын тартудың бірден-бір шарты. Бұл қағида: шетел
компанияларының қатысуымен болатын жобалардың жоғары табыстылығы мен
пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс
орындарын құру мен иұрғын халықтың жұмысбастылығын арттыруды
пайымдайды;
- экономикалық-экологиялық қауіпсіздік – егемендік қауіпсіздігінің
қағидасы республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен пайдалануға,
қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды заңсыз шығаруға,
артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар
өндірушілерді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға
жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуі тиіс. Бұл
қағиданы қолдану ұлттық ресурстардың жекелеген түрлеріне шетел
капиталының еркін кіруін шектеу қажет;
- шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік қағидасы.
Бірде бір мемлекет, бірді бір кәсіпкер өзіне пайдасыз болатын
серіктестікке кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды;
- экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтық салу қағидасы. Бұл
Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық пен инвестициялық саясатқа
сәйкес оларды ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Бұл
қағиданың енді бір жағының мәні мынада: ел белгіді бір елдердің,
олардың компанияларының, инвестицияларына олардың экономикалық
жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі орны, экономиканың нақты
сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын және басқа да
сипаттамаларын ескере отырып, басымдылықтар беруі тиіс;
- Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық
тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудың негізі – осы процесті
басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті
хабардарлығын қамтамасыз ету болып табылады;
- ең соңында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін
барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана
тән көптеген ерекшеліктері бар: экономикалық, технологиялық,
қаржылық және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің
жетілгендігімен немесе қалуымен ерекшеленеді.
Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін
құрайды.
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.
Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
- экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
- дамуға ресми көмек: қаржылық және техникалық;
- инвестициялар: тікелей жіне портфельдік.
Кредитор (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып
алу шарты бар экспорттық несиелер. Инвестициялық несиелер технологияны,
жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие – дайын
тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.
Дамытуға ресми көмек мемлекетке өкімет аралық деңгейде көрсетіледі.
Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту,
кеңес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық
кіреді.
Инвестициялар республика экономикасына шетел капиталының ағымы ретінде
түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:
- тікелей;
- портфельдік.
Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика
экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға
акциялар мен басқа да құнды қағаздарға қаржы-қаражат салу.
Алушы ел үшін тікелей инвестициялардың басқа нысандармен салыстырғанда
бірталай артықшылықтары бар. Біріншіден, олардың кейбір нысандары алатын
жаққа ескірген технологиялар мен техника әкелу мүмкіндігіне жол бермейді;
екіншіден, олар елдің сыртқы қарызын құру және өсірумен байланысты емес;
үшіншіден, олар ең бастысы, тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіруге,
өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың, маркетингтің, ноу-хаудың алдыңғы
қатарлы әдістеріне бағытталынады. Соңында олар республика экономикасының
әлемдік интеграциясына, халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына
тікелей ықпалын көрсетеді.
Барлық сфералар мен салаларда қолданатын тікелей инвестициялардың ең
таралған нысаны бірлескен кәсіпорындар (БК) болып табылады. Қабылдаушы
жақтың табысы өнімнің өз үлесінен, роялтиден (нақты тұрақты төлемдер;
марапаттау болып табылады) және шетел серіктесінің табысына салығынан
құралады.
Тікелей шетел инвестициясының нысанын өнім бөлінісі атқарады. Бұл
нысан экспорттық салалар мен өзгерістерде кеңінен қолданылуы мүмкін, ішкі
нарыққа жұмыс істейтін салалар мен өндірістерде біршама шектелген, бұл
теңгенің толық айырбастылығының жоқтығымен байланысты.
Республикада шетел кәсіпорындарын құру сияқты тікелей инвестициялардың
басқа да нысандары бар. Ең алдымен жекешелендіруге қатысу арқылы әрекет
етуші кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу. Сондай-ақ, шетел
инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстың жекелеген
түрлерін (темір жолдар, өткізгіш құбырларсалу геологиялық барлау және
басқа) шетел мердігерлері жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсетулер
туралы келісім, басқару келісім шарттары бола алады.
Бұрын айтылғандай тікелей инвестицияларды тарту үшін тартымды
жағдайлар жасау бойынша жедел шаралар республикада жасалуда, бұл олардың
көбеюі үшін шынайы мүмкіндіктер береді.
Қазақстан Республикасы халқының жан басына шаққандағы тікелей шетел
инвестицияларын тарту деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің,
сондай-ақ, ТМД-ның алғашқы бестігіне сенімді түрде енеді.
Шетел инвестицияларын тартудың басқа нысандары шетел компанияларына
республика кәсіпорындарының акцияларын сату; шетел мемлекеттері жеке
компаниялар беретін инвестициялық қарыздар мен несиелер бола алады.
Ең бірінші кезекте, шетел инвестицияларының негізгі бағыттары капитал
сыйымдылығы жоғары салалар мен өзгерістер, ең бастысы мемлекеттік сектор
арқылы экспортқа бейімделген ірі кәсіпорындар болып табылады. Республика
экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыттарының бірі шағын
мен орта кәсіпкерлік сферасы болып табылады. Мұнда салалар инвестициялар
басымдылықты объектілерге өндірістер мен аймақтарға бағытталынуы тиіс. Бұл
басымдықтар республикада ресми түрде белгіленген.
Шетел  инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар,  шетел  азаматтары,
 шетел  мемлекеттері, халықаралық ұйымдар,  шетелде  тұрақты тұрғылықты
мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар шаруашылық
қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені
бар елде тіркелген жағдайда.
Шетелдік  инвестиция  дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін
бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді.
Шетелдік  инвестициялардың  елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі
кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.

1.3 Шет елдердегі инвестициялық саясат және оның құрылымы мен даму
ерекшелігі

Батыс елдерінің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық
банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдерінде инвестициялық банктердің
пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы
мамандану әкелді.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі -ұзақ мерзімді ссудалық
капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды,
облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа
түрлері арқылы беру. Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық
банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады. Қазіргі
инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:
1. Бірінші типті инвеегациялық банктер.
2. Екінші типті инвестициялық банктер.
Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы
қағаздарды орналастыру және сатумен айналаысады. Ал екінші типті
твестициялық банктерге келетін болсақ олар үзақ мерзімді несиелеумен
айналысады. Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге
негізінен осы атап кеткен екінші типті инвестициялық банктер тән. Бірінші
банктер XIX ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген
серіктестіктер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез
дамуы XX ғасырдың 20-шы жылдарында байқалады.
Бірінші типті иңвестициялық банктер соңғы кезде көбінесе корпоративті
секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді. Мұндай
банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт
және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде
қатысады.
Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар
нарығында қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:
Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады;
Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда
делдал болады;
Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша және
бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді.
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі.
Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша
қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі
тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен
айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды. Осындай елдердің
қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания,
Австралия, Америка Құрама Штаттары.
Екінші типті инвестициялық банктер соғыстан кейінгі . Батыс Еуропаның
экономикасын қалпына келтіруде және дамушы елдердің салаларын құруда үлкен
рөл атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше бөліп
көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия, Скандинавия
елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық банктер
өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың құрылуының
жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Аралас және мемлекеттік типтегі
инвеетициялық, әлеуметтік экономикалық даму бағдарларын және экономиканы
тұрақтандыру жоспарларын іске асыруға белсенді қатысты. Қазіргі кезде бұл
инвестициялық банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды
жүргізеді: заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын аккумуляциялайды, орта
және ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді, жеке және мемлекеттік бағалы
қағаздарға салымдар жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады.
Дамушы мемлекеттердегі мұндай инвестициялық банктер негізінен
1960 жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл
банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы
елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы
қағаздармен операциялармен айналысады. Сонымен қатар, бірқатар елдердің
бірінші типті және екінші типті инвестициялық банктердің операцияларын
қатар асыратын банктер қызмет етуде.
Көптеген елдерде инвестициялық банктердің қызметін басқа да қаржылық-
несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер атқарады.
Соңғы 5 жылда АҚШ-та басты мақсаттары халықтың базалық қаржылық
білімдерді үйренуіне көмектесу болып табылатын федералдық министрліктер мен
үкіметтік емес ұйымдардың топтары құрылды. Мектепке дейінгі және мектеп
жасындағы балалардың қаржылық білім алуларына ықпал ететін бағдарламалар
мен ересектердің бойында базалық қаржылық білімдер қалыптастыру жобалары
белсенді қызмет етуде.
Ұлыбританияда 2000 жылдан бастап халықтың базалық қаржылық
білімдеріндегі олқылықтарды жою ісі бюджеттен қаржыландырыла бастады. Мұнда
қаржы сауаттылығы жобасын жүзеге асыратын арнайы агенттік жұмыс істейді,
IT-технологиялар кеңінен пайдаланылады.
Австралияда 2005 жылы ұлттық тұжырымдама қолдау тауып, арнайы қаржылық
сауаттылық қоры құрылды. Германияда азаматтардың базалық қаржылық
сауаттылығы мәселелерімен отбасы және жастар министрлігі бірнеше
ассоциациялармен бірлесе отырып айналысады, арнаулы интернет орталық
пайдаланылып, оқу-әдістемелік әдебиеттер шығарылады.
Әлемдік экономикадағы өсудің маңызды факторы тікелей шетелдік
инвестицияларды тарту болып отыр. 2006 жылы олардың көлемі 1,2 трлн.
Долларға жетті, мұның өзі 2005 жылғыдан 22%-ға көп. Барлық инвестициялардың
үштен екі бөлігі он елдің үлесіне келеді. 2005 жылы мұндай инвестицияларды
молынан алушы елдер қатарында Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Франция, Люксембург,
Нидерланды, Гонконг, Канада, Сингапур және Германия болды. Бразилияның,
Мексиканың, Ресей мен Үндістанның даму үстіндегі рыноктары тікелей шетелдік
инвестицияларды көптеп алушы жиырмалықтың санатында саналады. 2005 жылы
инвестицияның барынша үлкен көлемін – 164 млрд. долларды Ұлыбритания
тартқан екен, бұл елге келген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы
көлемі 219 млрд. долларды құрайды. АҚШ-та бұл көрсеткіш 106 млрд. доллар.
Азияның дамушы елдері бұл саладағы өздерінің қатыстылығын ұлғайта
түсуде. Оңтүстік, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Океания елдері 2005 жылы
165 млрд., Батыс Азия елдері 34 млрд. доллар тартқан. Тікелей шетелдік
инвестициялардың өсу қарқыны бойынша дамушы елдердің арасында Қытай
көшбасшы болып табылады. Бұл елге келіп жатқан инвестициялар ағыны 2006
жылы 86,5 млрд. долларға жеткен. Салыстыру үшін айта кетейік, 2005 жылы
Ресейге келген тікелей шетелдік инвестиция көлемі 14,6 млрд. долларды
құраған. Бұл тұрғыдағы Украинаның жетістігі – 7,8 млрд. доллар. 2005 жылы
Африка елдері рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 28,9 млрд. доллар,
Үндістан, 6,5 млрд. доллар тартқан.
Тікелей шетелдік инвестициялардың елеулі бөлігін трансұлттық
корпорациялар қалыптастырады. 2004 жылы оның негізгі көлемі (88%)
трансшекаралық қосылулар мен сатып алуларды қамтамасыз етуге бағытталған.
Олардың жалпы саны 6134-ке жетсе, мұның 141 мәмілесі құны 1 млрд. доллардан
артық болатын мегажобалардың санатына жатқызылған.
Дамыған елдер алатын тікелей шетелдік инвестициялардың 90% - дан
астамы сол елдердің өздеріне келеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымы елдерінен 2006 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың шығуы 566,9
млрд, келуі 554,3 млрд. доллар болған.
Тікелей шетелдік инвестициялардың ішкі салалық құрылымында өзгерістер
жүріп жатыр. 1990 жылдан бастап негізінен сауда мен қаржы саласына
бағдарланып келген тікелей шетелдік инвестициялар электр энергетикасына,
телекоммуникацияға, сумен қамтамасыз етуге, іскерлік қызметтерге
бағдарланып отыр.
Қазақстанға 2004 жылы 8,3 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестиция
тартылған болса, 2007 жылы ол 17,5 млрд. долларға жеткен (Орталық Азияға
келген жалпы тікелей шетелдік инвестиция көлемінің 80% - дан астамы).
Тартылған тікелей шетелдік инвестицияларды жан басына шаққандағы көрсеткіш
бойынша Қазақстан әлемдік көшбасшылар тобында келеді.

2. Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны
2.1 Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны және қызметі

 Шетелдік  инвестицияларын  тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң
нәтижелер беруде.  Шетел  капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі,
сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және  инвестициялар  жөніндегі комитет
тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда  шетел  капиталы үшін қолайлы
ахуал ққалыптасты.
Шетел   инвестицияларын  тартудың басты бағыттарына тіршілікті
қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ
және мұнай – химия салалары, электр энергетикасы , металлургия ,
коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр, жүн, мақта т.б. ірі
өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-
қуат мұнай мен газ өндіріп, экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай
құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.
1995 жылдың шетелдік  инвестициялардың  көлемі 235 млрд. $-ға артып,
2.6 трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік  инвестицияларды  тартудың маңызды көзі-
потрфель  инвестициялары. Олар ірі корпорациялардың, мемлекеттік және
жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады.
Қаржы емес активтерге жұмсалған  инвестициялар  мынадай элементтерді:
негізгі капиталға жұмсалған  инвестицияларды, материалдық айналым қаражаты
қорын толтыруға жұмсалған  инвестицияларды, өндірілмеген және материалдық
емес активтерге жұмсалған  инвестицияларды, басқа да қаржы емес активтерге
жұмсалған  инвестицияларды  өзіне қосады.
2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге  инвестициялардың  бағалау
көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын
инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі
(98.7%) негізгі капиталға  инвестицияларға  келеді.
2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға  инвестициялар  56.9 млрд. теңге
болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2% көп.
2004 жылғы қаңтарда  инвестицияның  өсуі республиканың 12 өңірінде
байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік
Қазақстан(1.6 есе), Қостанай, Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен
Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан,
Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%)
байқалды.
Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда  инвестиция  көлемінің төмендеуі
Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау
(6%)облыстары байқалды.
Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға  инвестициялардың 
жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу
өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.
 Шетел   инвестицияларының  жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі
Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.
Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар  – сатып алуға, құруға, негізгі
құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы
болып табылады.
2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі-
қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге  инвестицияны  игеру
болды, мұның 1100 млрд. теңге  инвестициясы  негізгі капиталға жұмсалған.
Қаржы емес активтерге жұмсалған  инвестициялардың  жалпы көлеміндегі
негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардың  үлесі 84.2% құрады. Негізгі
капиталға жұмсалған  инвестициялар  көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда 10.6
%-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға )
өсті.
Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар  көлеміндегі ірі
кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі –
23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады.
Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу
инвестицялық саясатпен қамтамасыз етілуі қажет. Себеі, қатынастардың жаңа
жүйесі барысында инвестиця көзідері түпкілікті өзгереді. Егер реформаға
жүйеде республика экономикасы бірыңғай, қатаң орталқтандырылған қайнар
көзге—КСРО-ның мемелекеттік бюджетіне тәуелді болған болса, ал егеменді
даму жағдайларында әр түрлі, ең алдымен меншік көздерге бағдарланады.
Инвестицялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи
тәжірибесін, сондай - әлеуметтік—экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін
ескеруді пайымдайды. Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3% зы ғана сәйкес
келді, ал матералдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден
шамамен 2-3 және одан да көп есе артық болды.
Сол кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшелігі, олардың соңғыға
емес, аралық өнімге бағдарлануы болды. Инвестицияның негізгі бөлігі
өндірістік салаға бағытталынды.
Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған
қаражааттар құрады, яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынды, бұл
әрине қоғамдық өндірістің бірінші мен екінші бөлімшелері арасындағы
сайкессіздікке әкелді.
Бұл қоғамның әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес.

Қазақстандағы мемекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру
мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары
құрылды.
Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның
ішінде, Шетел инвестициялары туралы Заң (1991 ж.); Инвестициялық
жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже (1993 ж.); Қазақстан
республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру
туралы ҚР Президентінің Жарлығы ( маусым 1992 ж.); Иевестициялар бойынша
ҚР Мемелекеттік комитеті құру жөніндегі ҚР Президентінің Жарлығы ( қараша
1996 ж.); Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы
ҚР-ның заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған
инвестициялық бағдарламалар қабылданды.
Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық
белсенділікті қамтамасыз ету кіреді. Бұл елдің экономикасына отандық пен
шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды.
Ынталандыру құрамына келесілер кіру қажет: шетел мен отандық
инвесторлар үшін қолайлы климат жасау; жалпы ішкі өнімдегі ( ЖІӨ)
мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы
қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табыстср қайта есебінен;
әрбір инвестициялық жобаны әлеуметтік—экономикалық дамудың мақсаттары мен
басымдықтарына сәйкестігін алдын- ала міндетті сарапшылдаудан кейін, жарыс
негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халықаралық
ұйымдармен бірлескен мемелекеттік – коммерциялық қаржыландырумен қайта
қаржыландыру практикасын едәуір кеңейту.
Имфрақұрылымға салынған капиталдағы инвестицияаның экономикалық өсуі
мен өндіріс көлемін қалпына келтіре алған елдін мысалын тарих әлі білмейді.
Сондқтан республикада жақын болашақта шамамен мемелекеттік инвестициялық
ресустардың 70%-сі өндірістік инфрақұрлымының кәсіпорындары мен
обьектілерінқолдауға бағыттталынады.
2000-жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша
отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым
бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады.жеңіл өнеркәсіптің,
аргоөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс
материалдары өнеркәсібі мен мұнай, химия өнеркәсіпінің жаңа
кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.
Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала
обьектілерінің құрылысын мақсатты респубикалық бағдарламалар шеңберінде
жүзеге асыру қарастырылады.
"Бізде шетел инвестициялары сыртқа кетіп жатқан жоқ. Себебі, олар
Қазақстанның барлық резиденттері, яғни азаматтары арқылы арнайы бақылауға
алынған. Өйткені, елімізде резидент еместер онша көп емес. Дегенмен,
капиталдың келуі азайғаны рас. Міне, осы проблема. Бірақ әлемде ақша
жеткілікті, яғни қаржы ешқайда кеткен жоқ. Саяси тұрақты, заңы мықты елдер
жақсы инвестициялық ахуал қалыптастыру арқылы сол қаржыны өзіне тарта
алады",- деді президент.
Н.Назарбаев Павлодарда энергетиканы дамыту туралы кеңес өткізгенде
Балқаштағы аса ірі жылу-электр орталығына 2,3 млрд. доллар керек екендігін
айтқан болатын. Бүгінде осы жобаға қаржы салғысы келетін шетелдік
компаниялар табылып отыр. Олардың қатарында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея
компаниялары бар. Өзіміздің компаниялар да қатысуға ықыласты көрінеді. Бұл
- бір мәселе.
Өзге де жобалар бар. Мысалы, Ресейдің "Русал" компаниясы Екібастұзда
алюминий зауытын салғысы келеді. ГРЭС-2-ні кеңейту ісі күн тәртібінде тұр.
Бұл қадамдарға белсенді баруымыз керек. Елбасы Таразда кеңес өткізгенде
өзіміздің, ресейлік, шетелдік компаниялар қатысқанын айтты. Олар сол арада
5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға ықыласты екендіктерін
білдірген. Қатысу шарттарын сұрағанда олар түрлі өндіріс орындарына
өздерінің ақшаларын салатындарын мәлімдеген. Өйткені, олардың өз банктері
бар екен. Мұндай жобалар көп.
"Біз жаңа Салық кодексін жасадық. Онда корпоративтік табыс салығын
(КТС) жыл сайын азайта отырып, 2011 жылы 15 пайызға дейін азайту көзделеді.
Мұндай преференциялар ешкімде жоқ. Сондай-ақ шағын және орта бизнес
өкілдерінің қарыздарын 3 жылдан 10 жылға дейін шегере тұру жөнінде шешім
қабылдадық. Бұл - үлкен көмек. Демек, жыл сайын компанияларда 300 млрд.
теңге қалып отырады. Сонымен қатар елімізде бірнеше еркін экономикалық
аймақ бар. Олар үшін қарастырылған жеңілдіктер тіптен орасан. Міне, осындай
буырқанған дүниеде қай елде тұрақтылық бар, сол елге инвесторлар да алыстан
көз тігеді",-деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында  шетелдерден  капитал
тартудың маңызына көңіл бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз
 шетел   инвестициясын  қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен
Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей  инвестицияны 
Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір
мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.

2.2 Тікелей шетелдік инвестиция және оны мемлекеттік қолдау

Тікелей  инвестиция  алушы елдерге қарыздық міндеттеме алғызбайды,
сонымен бірге  шетелден  басқару және техникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту: мәселелері және шешілу жолдары
Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы ролі
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Инвестициялық қатынастарды халықаралық- құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасындағы инвестициялар
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау
ҚР-ғы инвестициялық саясаттың мәні мен қажеттілігі
Инвестицияның мәні, инвестициялық банктер
Пәндер