Мектеп оқушыларының еңбек ету әрекеттерін психологиялық тұрғыдан қалыптастыру


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе

Тарау І. Мектеп оқушыларының еңбек ету әрекеттерін психологиялық тұрғыдан қалыптастыру.

І. 1. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің психологиялық

тұрғыдан теориялық алғы шарттары . . .

І. 2. Ересек адамдар мен балалардың психологиялық

ерекшеліктері . . .

І. 3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуді психологиялық

жағынан қалыптастыру және оның әдістері . . .

Кіріспе

«Еңбек - ер атандырады»-дейді халық. Елімізде миллиондардың еңбегі нәтижесінде жаңа қоғам құрылуда. Тәрбиенің әр саласында еңбек тәрбиесі қашан да шешуші рөл атқарады. Оқушылардың еңбекке қатысы жөнінде мәселені педагогтар да, психологтар да талмай зерттеуде.

Жеке адамның белсенділігі, оның инициативалық мәні мен айқындалу жолдары, белсенділіктің қалыптасу заңдылықтарын табу, творчествалық қабілеттілік пен таланттың даму факторлары ежелден-ақ көптеген ұлы адамдардың, ғалымдардың назарын аударуда. Жалпы белсенділік, ерік және еңбек жайында философтар да, психологтар да, физиологтар да, әдебиет тарихы мен педагогиканы зерттеушілер де арнайы зерттеулер жүргізіп, құнды пікірлер ұсынды.

Ұлы ойшыл, философ Әл-Фараби тәрбиенің оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деді. Ол ағарту - оқу мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер, еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады деген болатын. Оның еңбек туралы бұл тұжырымдарын күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан ғалымдар бар.

Ал ұлы гуманист Ибн Сина еңбекке, еңбек етуге, еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол өзінің практикалық ісіне ақылдылық пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым жасайды: «Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді».

Ұлы ақын Науаидың дәлелдеуінше еңбек - қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі, адам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Еңбек тәрбиесі еңбектен туындайды, - деп үлкен көрегендік жасайды.

Кеңестік дәуір кезеңінде еңбекке тәрбиелеуді зерттеуге едәуір жұмыстар жүргізілгенмен, кеңес үкіметі тарағаннан кейінгі әлеуметтік, экономикалық және психологиялық өзгерістер мектеп оқушыларының психолгиялық ерекшеліктерін қайтадан зерттеуді талап етуде. Бұл мәселелер тақырыбымыздың көкейкестілігін анықтап, дипломдық жұмысым тақырыбын «Оқушыларды еңбекке психологиялық жағынан даярлап қалыптастыру» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты. Оқушыларды шығармашылық ойлауда және еңбексүйгіштігін дамыту мақсатындағы әр алуан психологиялық тұрғыдан дайындығын қалыптастыра отырып, қоғамдық пайдалы еңбектің әр түріне қатыстыру, анықтау және зерттеу.

Зерттеудің нысанасы - мектеп оқушылары

Міндеттері:

1. Еңбек іс-әрекетінің мотивациясын(сұранысты, қызығушылықты,

жауапкершілікті т. б. ) және еңбекке оң эмоционалдық-құндылық қатынасты қалыптастыру.

2. Еңбек іс-әрекетін орындауға, мамандық таңдауға, әлеуметтік және өмірлік өзін-өзі анықтауға психологиялық тұрғыдан білімдердің жүйесін қалыптастыру.

3. Қоғамдық пайдалы өнімді іс-әрекеттің психологиялық тәжірибесін, теориялық білімді практикада қолдану іскерлігін шығармашылыққа психологиялық жағдайда қабілетін қалыптастыру.

Зерттеу обьектісі ретінде Орал қаласы №42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушылары алынған.

Тарау. І. Мектеп оқушыларының еңбек ету әрекеттерін психологиялық тұрғыдан қалыптастыру.

І. 1. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің психологиялық

тұрғыдан теориялық алғы шарттары.

Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар жасап, әрі оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт бағдар таңдауға қабілетті, яғни белсенділік көрсете алды. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған адам қоғамындағы белсенділік көрінісі іс­әрекет деп аталады. Адам іс­әрекеті күрделі құбылыс. Оның қыртараптарын әртүрлі ғылымдар зерттейді: әлеуметтік мағынасын қоғамдық ғылымдар; физиологиялық механизмдерін физиология пәні; ал психология­ іс­әрекеттің психикалық болмысын танумен шұғылданады. Іс­әркет психологиясын зерттеуде, әдетте, назарға жеке дара адамның іс­әрекеті алынады, ал кейінгі уақыттары психологиялық зерттеулердің объектісіне бірлікті, ұжымдық іс­әрекет те алынып жүр.

Адам іс­әрекетінің нәтижесі ­ нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Өз кезегінде, осы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсады. Тіпті адам бір нәрсені тек өз қажеттігіне жасап жатқаннын өзінде, ол өз еңбегінеде басқалардан алған білімдерін қолданып, олардың тәжірибесін пайдаланады.

Іс­әрекет қоғамдық­тарихи категория. Шынында да, қалаған жеке іс­әрекет қоғам қызметімен тығыз байланыста, әрбір тұлға ­ басқа адамдармен қарым­қатынаста. Жеке іс­әрекет қоғамдық іс­әрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қарастырылады. Қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс жеке, дара іс­әрекет жасалмайды. Жеке іс­әрекет қоғамдық іс­әрекеттің құрылымды бөлігі болғандықтан, оны зертеп талдау да осы жеке әрекеттің қоғам өміріндегі рөлін білуден басталғаны жөн. Сондықтан жеке іс­әрекет белгілі қоғамның кезеңдік тарихи даму сатысындағы қалыптасқан нақты қоғамдық қатынастар жүйесімен байланыстырыла зерттелуі тиіс.

Қоғамдық қатынастар жеке адамдардың іс­әрекетінен тыс болуы мүмкін емес. Керісінше, іс­әрекеттің қайсысы болмасын қоғамдық қатынастардың іске ауысуын байқататын негізгі формалардың бірі. Белгілі қоғамдағы іс­әрекет түрлері сол қоғамдағы өндірістік күштердің даму деңгейі және қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Іс­әрекетте ғана адам қоғамдық тұлға, азамат болып танылады.

Іс­әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьектінің обьектімен байланысы. Қандай да бір іс­әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есінде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы қажет; әрекет желісінде оның қандай да көңіл­күй шарпулары туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет­ұстамдары мен қатынастары т. б. қалыптасады. бұларсыз ешбір іс­әрекет болуы мүмкін емес. Біз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен қасиеттердің бәрі осы іс­әрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрініс береді.

Іс­әрекет қырларының ішінде психологияның зерттейтіні ­ іс­әрекеттің субьективтік жоспары, яғни әрекетшең адамның дүние шындығын өзінше бейнелеу деңгейі, түрі және формалары. Бұл бағытта психологияны қызықтыратын факторлар: түрткі, мақсат қою, ерік жұмсауғ эмоциялар білдіру т. б. қоғамдық қатынастарды субъектив бейнелеудің арнайы формалары. Субьективке байланыссыз іс­әрекет ешқандай психологиялық сипатқа ие емес. Ондай қасиет тек әрекет иесі ­ субьективте ғана болады.

Белгілі жағдайда адамды, нақты іс­әрекетке бағыттайтын ықпал қандай нәрсе? Адамды барша тіршілік иесі сияқты белсенді іс­әрекетке келтіретін күш ­ бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік және дамуының қажетті жағдайларына тәуелділігінің көрсеткіші.

Хайуанаттар әлемінде қажеттілікті қамтамасыз ету белсенділікке мәжбүр ететін қандайда бір табиғи затқа байланысы (қорек, ін, қарсы жынысты түр, т. б. ) . Ал адам қажеттіктері өндіріс пен мәдениеттің даму салдарынан туындайды. Егер жануарлар қажетсінуін табиғи (органикалық) деп есептесек, онда адам қажеттігі табиғи қажеттікке үстеме, тікелей заттық мәні мен әрекетінен алшақтап, жанама түрге келген құбылыс. Мысалы, сәбидің стол басында отырып, қасықпен тағам қабылдауы оның жалғыз­ақ тамаққа деген қажетсінунен емес. Столдың да, қасықтың да тіпті керегі жоқ. Бірақ қоғамда қабылданған тәрбие талаптарына орай аталған заттар негізгі табиғи қажеттілікті қамтамасыз ету үшін керек болған қосымша қоғамдық қажеттіліктер. Адамның қылық­әрекетінің формасы тікелей қажеттіліктен емес, ал сол қажеттілікті қанағаттандыру үшін қоғам тарапынан қабылданған әдістерге тәуелді.

Адамның өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуде нақты қоғамда тарихи қалыптасқан тәсілдерді пайдалануы осы қажеттілікті орындаудағы жеке және қоғамдық әрекеттің бірігуінен айқын көруге болады. Бұл сондай­ақ әрбір жеке адамның өзінің ең қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижелерін пайдаланады (шаһарлықтар ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруде, жинауда қатыспайды, бірақ өз өнімдерін айырбастау арқылы ауыл өнімдерін қажеттігіне пайдаланады) . Қажетсінудегі жеке және қоғамдық мүдделердің байланысты болуын әрбір адамның жеке көптеген қажеттіліктерінің өзі араласқан қоғам, ұжым, топ қажеттіліктерімен тығыз байланыста болуынан деп түсіндірген орынды. Сондықтан да бір топқа саналы біріккен адамдардың қажеттіліктері де бірыңғай келеді (мысалы, отбасында, сыныпта, бригадада) .

Қажеттіліктерді келіп шығу көзі және мазмұны бойынша бөлуге болады. Өз туындауына орай қажетсінулер табиғи және мәдени сипатқа ие. Табиғи қажеттілік адамға өз тіршілігін сақтау мен қуаттау және ұрпақ жалғасы үшін керек (тағам, ұйқы, суыұтан және ыстықтан сақтану т. б. ) . Табиғи қажеттіліктер қамтамасыз етілмесе, адам тіршілігі күйзеліске түседі, не жойылады. Ал мәдени қажеттіліктер объектісіне қандай да табиғи қажеттіліктерді іске асыру үшін қолданылатын заттар (шанышқы, қасық т. б. ), сондай­ақ басқа адамдармен қатынас үшін, қоғамдық өмірге араласу үшін керекті мүліктер. Мәдени қажеттіліктердің қамтамасыз етілмеуінен адам өлмейді, бірақ оның әлеуметтік болмысы жойылады.

Қоғамдық талаптар да мәдени қажеттіліктердің сан алуандығына бастау береді. Әр топтарға араласа жүріп, жастар кең ауқымдағы мәдени қажетсінулерге ұшырайды; сәнді, заманына сай киімнн, кино кейіпкерлерінің суретінен бастап, мәнді әрі қызықты кітапқа дейін. Ал енді осы қажеттіктерінің ішкі, субъектив бағасы адамның құндылық талғамы мен көзқарасына тәуелді болса, олардың сыртқы, объектив құны қажеттіктердің адам өмір сүріп атқан қоғам талаптарына сай келуіне байланысты.

Мазмұндық сипаты бойынша құндылық (тағам, киім, баспана, тұрмыстық мүліктер т. б. ) және рухани құндылық ­ қоғамдық сана өнімдеріне тәуелдіктен шығатын (ой, пікір алмасу қажеттігі, ақпарат қажетсіну, ән­күй тыңдап, сұлулықты сезіну керектігі т. б. ) құндылықтар болып бөлінеді. Адам қажеттіліктерінің бәрі өзара тығыз байланысты. Заттық қажетсінулер орнына келмей, рухани қажеттілік қанағатын таппайды.

Алайда, қажеттілік өздігінен саналы әрекет туындата алмайды, болған күнде де инстинктік не ойсыз қылықа себеп болуы мүмкін. Мақсат бағдарлы іс­әрекет түзілуі үшін қажеттілік қамтамасыз етуге керек болған затпен сәйкестендірілуі тйіс. Саналы танылған және қабылданған қажеттілік әрекет­қылықтың түрткісіне айналады. Іс­әрекеттің психологиялық тұрғыдан түрткі және мақсат түсініктеріне үлкен мін беріледі. Түрткісі сондай­ақ мақсат бағдарсыз әрект тіпті болуы мүмкін емес. Түрткі мен мақсат іс­әректтің бағдарын анқтайтын сілтеукөрсеткіш қызыметін атқарып, сол әрекетті орындауда субъектіге керек болған күш­қуат мөлшеріне де айқындауға жәрдемін береді. Осы түрткі мақсатты іс­әрекетбарысында өрістейтін, қалыптасатын психикалық процестер мен қалып, қасиеттердің бәрін жүйелестіріп, ұйымдастырады.

Адам іс­әрекеті, қылығы жөнінде сөз қозғалғанда, алдымен назарға алынатын нәрсе­әрекетке итермелеуші субъектив толғаныс ықпалдары. Осы түрткі ықпалдар адам әрекет­қылығының қозғаушы күші, себебі. Жалпыланған түрде түрткіобъектив заңдылықты қажетсінудің психикалық бейнесі. Қажетсінуден адам әрекет­қылығы белгілі түрге, формаға енеді.

Бірақ, әрекетке келтіруші ішкі субъектив ықпал бола тұрып, түрткі іс­әрекеттің нақт­ы сипатынанықтап бере алмайды. Бір түрткінің әрқилы іс­әрекетте жүзеге асуы мүмкін емес. Қажеттілік пен оны қнағаттандыру әдістерінің арасында бір жақты, қатып қалған байланыс жоқ. Қандай да бір белгілі түрткіге орай туындаған іс­әрекеттің қандай күйде болатын мақсат анықтайды. Естен шығармайтын жәйт; бір түрткі негізінде әрқилы мақсаттар қойылуы мүмкін. Түрткі жалпы әркетке итермелесе, мақсат нақты қызметті белгілейді. Түрткі әрекетке келтіруші қажеттілікке байланысты, ал мақсат әрекет бағытталған әрекет бағытталған және сол әрекет барысында өнімге айналатын затқа байланысты.

Іс­әрекеттің мақсаты дегеніміз­ сол іс­ әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын санада болжау. Осы болжау, яғыни мақсат, заң ретінде адам әрекетінің сипаты мен әдісін анықтап береді. Мақсат, сонымен, алдын ала бейнелеудің құралы. Мақсат жеке орындалтын қызметке тыстан келіп қосылмайды, оны сол әрекетті іске асыраушы адамның өзі белгілейді. Бұл процеске нақты адамның оқу, тәрбие барысында игерген қоғамдық тәжірибесі қосылады. Белгіленген мақсат қызмет барысында іске асады. Сонымен бірге іс­әрекеттің күрделілігі мақсат пен іс­әрекет мақсат пен іс­әрекет объектінің арасындағы жақын сәйкестікке, әрекетті орындауға қажет құрал­жабдықтың болуына байланысты.

Әдетте, адам іс­әрекет процесінде бір емес, ал бір топ өзара тәуелді мақсаттар жүйесін негіздеуі мүмкін. Мысалы, оқушы алгебрадан нақты бір ееп шығарады, мұндағы ең жақын мақсат­тапсырманы дұрыс орындау, ал енді мұнан былайғы мақсаттардың бәрі қашық, жанама, бірақ қажетті: алгебраны үйрену, математиканы игеру­ сауатты адам болу, білгір маман болып жетісу. Осыдан мақсаттар жақын арада іске асатын не ұзаққа көзделген сипатымен бөлінеді. Егер адам тек жақын мақсаттарды басшылыққа алса, оның іс­ әрекетінің келешегі болмайды. Мұндай адамдар тар өрісті, үлкен қиындықтарға төзімсіз келеді. Ал үлкен, ауқымды себептерді жетекшілікке алған адам өз жұмысының ізгі, басты мақсатына керекті саты, кезеңдік міндет деп қарастырады. Мұндай адамдарды қиыншылықтар жұмыстан бездіре алмайды, керісінше, белгіленген міндеттерді іске асыру жолында ынтасын күшейте түседі.

Психологияның зерттейтін міндеттерінің және бірі ­ бұл сезімдік қабылдау, саналық және басқа да психикалық процестердің нақты іс­ әрекет жағдайындағы жүрісін, өзгерісін бақылау. Оының нәтижесінде мақсат түрткі өте жетілген әрекет­ қылық реттегіш болып қоймастан, сол әрекет процесіне араласатын психикалық құбылыстарды белгілі жүйеде ұйымдастырушы да. Осы мақсат пен түрткіге байланысты қабылдаудағы таңдамалылық, зейін ерекшелігі, естегі қажет ақпаратты жіктеп алу т. б. іске асады.

Іс­әрекетті психологиялық талдаудың нәтижесінде сол әрекеттің обьектісі болған заттар, әрекет шарттары мен құрал­жабдықтарының адам басында бейнелік құбылысқа айналып, осы құбылыс өз кезегінде әрекетті орындауға қатысатын дене мүшелеріне қалайынша жетекшілік ықпал жасайтыны айқындалды. Іс­әрекетті зерттей отырып, психология шындықты субьектив бейнелеудің формаларын, деңгейін және қозғалыс­өзгерісін және сол әрекетті психикалық реттеп отырудың еанизмдерін айқындауы тиіс. Сонымен бірге, психология әрқандай іс­әрекеттің оны орындаушы субьектегі психикалық процестерге, қалыптарға, қасиеттерге және жалпы адамзаттың дамуына әсер, ықпалын зерттейді.

Жантану проблемалары қатарында өз түсініктемесін күтетін мәселе: іс­әрекеттің снадағы жоспары мен оның нақты орындалу процесі арасындағы байланыстың іске асуы. Бұл үшін әлі орындалмаған әрекет нәтижесінің саналық бейнелену табиғатын біліп алу қажет. Мұндай таным қоршаған дүниеде орыны бар құбылыстар заңдылықтарына орай топталады. Адам осы заңдылықтарды аша отырып, өз іс­әрекетінде қолданады. Бұл жағдайда сыртқы заттасқан әрекет ішкі саналық әрекетке ауысады. Объектіге бағытталған заттық әрекет бір сәтке идеалдық операцияларға келтіріледі. Сыртқы нақты іс­әрекеттің саналық ішкі әрекетке айналуы интериоризация деп аталады. Бұл құбылысты келесідей көрнекілікке келтіруге болады: алдымен адам затпен кейбір әрекетке келеді; бұл сырт әрекет затты қолына алып, олай­бұлай қарастырылады; кейін әрекет санаға өтеді де, психикалық әрекетке айналады. Әрекет бұл жолда қысқарады, біршама жойылады не өзгеріске ұшырайды. Мысалы, баланың есеп­санаққа үйренуі: алғашқыда таяқшаларды ығыстырумен санайды, кейін ­ алдында жатқан таяқшаларға қарап тұрып санайды, ақырында ­ санақ нақты затпен де, оған байланысты әрекетпен де қатысы жоқ дерексіз сана әрекетіне айналады. Енді әрекет обьектісі ­ сан мен сөз. Интериоризацияның арқасында адам психикасы нақты мезгілде көздің алдында жоқ заттармен де әрекеттік байланысқа келе алады, яғни адам сезімдік бейнеден саналық бейне түзу дәрежесіне өтеді.

Сонымен, адам іс­әрекетінде сол әрекеттің ішкі және сыртқы мазмұны тығыз байланысқан. Сыртқы, затпен байланысты ­ қоршаған дүниеге ықпал етудегі адам әрекеті ­ ішкі (псхикалық) әрекетпен анықталады да реттеледі.

Сыртқы заттасқан әрекетті әрдайым ішкі психикалық әрекеттің тысқы көрінісі (экстериоризация) деп қарастыру мүмкін, себебі адам өзінің нақты әрекетінде алдын ала санада жоспарланған ойды іске асырады. Сыртқы әрекет ішкі жоспар қадағалауында болады. Адам орындап жатқан әрекетін ойында бейне не ой түрінде қабылданған жоспармен салыстырып отырады. Міне осыдан жантану ғылымы іс­әрекеттің сырттай көрінісін зерттей отырып, оның ішкі мазмұнын ашады, дәлірек айтсақ, психиканың іс­әрекеттегі нақты рөлін түсіндіреді.

Іс­әрекет құрылымы жөніндегі проблема жантану теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешімін табуда үлкен маңызға ие. Іс­әрекет құрылымы жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтерімен байланыстырылады. Бұл қарапайым элементтер ретінде әрекеттің ең жай түрлері: алу, қою, көтеру, қабылдау. Әрқандай іс­ әрекет осы элементтердің бір ізді тізбегі.

Инженерлік психологияның дамуымен іс әрекеті тұрақталған алгоритмдер сипатындағы құбылыс деп тану кең өріс алды. Осыған орай элементтер жөніндегі түсінікте және олардың әрекет орындау әдістерімен байланысы туралы көзқарас та басқаша болды. Әлбетте, әрекетті алгоритмдік құрылым сияқты тану іс әрекеттің орындалу барысын талдауда өте қажет, ал бірақ осы әрекеттің психологияны қызықтыратын тарапы, яғни субъективтік мазмұны мұндай жағдайда назарға ілінбей қалады.

Психологиялық тұрғыдан іс әрекет өте күрделі, көп өлшемді де деңгейлі, ұдайы даму өзгерістегі құбылыс. Ал осы құбылысты әрқилы ғылыми тұжырымдарға негізделген теориялық бағыттар, әдетте, жеке элементтерге бөлініп, оларды өзара байланыссыз зерттеуде. Мысалы, бір тұжырым бойынша іс­әрекет бірізді өзара ауысып отыратын қимылдар жиынтығы делінсе, екіншісі ­ іс­әрекеттің түрткілік қырына үлкен мән береді, ал үшінші бірі ­ іс­әрекетті реттеп беруші механизмдерді талдауға көп назар аударады. Іс­әрекетті онымен қоса жүретін физиологиялық процестермен де байланыстыра талдау концепциясы да жоқ емес. Әдетте аталған ғылыми бағыттардың бәрінің де өзіндік маңыздылығы орасан, әрбірі өте құнды нәтижеге жеткізіп, бірін­бірі толықтырып отырады. Бірақ олардың әрқайсысы өз алдына әмбебап сипатқа ие емес. Сонымен, іс­әрекет ­адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі. Осы жүйеде психикалық бейне пайда болып объекті күйіне енеді, ол іс­әрекеттің саналы қабылданған мақсаты болып табылады. Белгілі мақсаттың болуынан әрқандай белсенділікті іс­әрекет деп санауға болады. Ал іс­әрекеттің бүкіл басқа тараптарының бәрі ­ сеп­түрткі, іс­әрекетті жоспарлау, ағымдағы ақпаратты өңдеу, шешім қабылдау бірде сезілсе, көбіне еске алына бермейді. Алынған күнде де толық болмауы, кейде тіпті қате де болуы әбден мүмкін. Іс­әрекет қай деңгейде танылмасын, саналы мақсат оның қажетті белгісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру
Жоғары сынып оқушыларының құзыреттілігі
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Оқушылар мен ұстаз - тәрбиешілер
Қазақ тілі сабағында жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру
Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдары
Шығармашылықты дамыту мақсатында бағдарламада
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz