Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі»

пәні бойынша

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 Банкроттықтың теориялық және әдіснамалық негізі. . 1. 1Банкроттықтың экономикалық мәніжәне оны танып білудің әдістемелік негіздері . . .

1. 2Экономикадағы банкроттық формалары мен қағидалары . . .

2 Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі . . .

2. 1Банкроттық процедурасы және оның жүргізіліуі . . .

2. 2 Банкроттық ықтималдығын факторлық және салыстырмалы талдау . . .

2. 3Қазақстанда банкроттықтың тиімді жүйесін орнату . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

3

5

5

9

15

15

17

29

34

36

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздегі банкроттық мәселесінің өзектілігі мен мәнділігі мынада: қазіргі кезде отандық экономикамыздың негізгі «бас ауруы» өтелмеген төлем дағдарысы болып табылады. Банкроттық - кәсіпорындар мен ұйымдардың несие берушілер алдындағы өз міндеттемелерін орындауға немесе міндетті төлемдерді төлеуге қабілетсіздігінің салдары.

Банкроттық процедурасы маңызды қоғамдық қызмет атқарады, өйткені ол ең алдымен ел экономикасын тиімсіз шаруашылық нысандарынан босатады, неғұрлым тиімді өндірістердің өсуіне мүмкіндік жасайды, халық шаруашылығы үйлесімділігі механизмін реттеу тетігі ретінде алға шығады. Бірқатар жағдайларда банкроттық процедурасын енгізу құрылымын қайта ұйымдастыру, пайдалылығы аз және залалды элементтерден тазарту жолымен кәсіпорынды немесе фирманы экономикалық бірлік ретінде сақтап қалуға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, ел экономикасының тиімділігі банкроттық процедура-ларының серпіні бизнес негіздеріне қаншалықты жауап беретіндігіне, нарықтық қатынас субъектілерінің мүдделері қандай шамада екендігі ескерілетіндігіне, олар кәсіпкерлік ахуалға қалай әсер ететіндігіне, сондай-ақ кәсіпкерлер қауымының микро-, мезо- және макро деңгейлерде бәсекелесе алу қабілетіне байланысты болады.

Банкроттық процедурасын жүзеге асырудың отандық тәжірибесін жинақтап қорыту, бизнестен өндірістік фирмалардың кету үдерісін өркениетті түрде басқарудың дамыған нарықтық экономикаға ие елдерде жинақталған тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіндігін сыни тұрғыдан бағалау, Қазақстандағы банкроттық институтының жүйелі де аса пайдалы даму стратегиясын жасау өзекті ғылыми және қолданбалы мәселе болып есептеледі. Міне, нақ осы жағдай зерттеу тақырыбын таңдауға түрткі болды, әрі банкроттық мәселесі экономикалық теорияда әлі күнге дейін толық көрініс тапқан жоқ еді.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Банкроттық диагностикасы мен оны бағалаудың, кәсіпорынның тұрақсыз сыртқы орта жағдайындағы экономикалық стратегиясын жасаудың жекелеген мәселелері И. Ансофф, Э. Доллан, М. Мескон, Ж. Ришар, Т. Стоун, В. Хойер, А. Хоскинг, Д. Хан және т. б. шетелдік белгілі ғалымдардың еңбектерінде мазмұндалған. Нарықтық экономикаға тән үдерістердің даму шамасына орай, кәсіпорындардың дәрменсіздігі мен оларды экономикалық тұрғыдан сауықтыру мәселесі кеңестік дәуірден кейінгі аумақта да белсенді түрде қаралу үстінде. П. Д. Баренбойм, Л. Белых, Я. Гессен, В. Градов, Д. Гребнер, А. Дубинчина, Э. Короткова, Э. Минаев, Г. Мерзликина, К. Победоносцев, Г. Шершеневич және т. б. секілді көптеген ресей ғалымдарының ғылыми еңбектері мен жарияланымдары нақ осы мәселені зерттеуді, оны шешуді мақсат тұтқан.

Қазақстандық экономикалық ғылымда банкроттық және дағдарысқа қарсы басқару мәселелері Р. А. Алшанов, Е. М. Арын, Ә. Ә. Әбішев, О. Б. Баймұратов, К. Б. Бердалиев, К. Ш. Дүйсембаев, Т. А. Есіркепов, Ұ. М. Ысқақов, Д. Ж. Қалымбетова, В. В. Мельников, Т. И. Мұхамбетов, А. Г. Нукушев, Қ. О. Оқаев, М. С. Төлегенова және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Аты аталған ғалымдар үлесінің ғылыми мәнділігін ескерсек те, осы мәселені зерттеудің әлі де толыққанды еместігіне көзіміз жетеді. Кәсіпорындар мен шаруашылық үдерісінің басқа да қатысушыларының тәжірибелік қызметі мен нақты стратегияларында фирма мінез-құлқының қолданыстағы теориялық үлгілерінен гөрі банкроттықтың болжамды келешегі мен нәтижелеріне анағұрлым үлкен мән беріледі. Бүгінгі таңда шаруашылық жүргізуші субъектілердің банкроттық үдерісінің әдіснамалық негізі мен теориялық түсіндірмелерін жасауды қамтамасыз ететін неғұрлым терең ғылыми талдау жүргізу және әлемдік экономика жетістіктерін пайдаланатын жаңа шешімдерді іздеу талап етіледі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсатыҚазақстанның қазіргі экономикасындағы банкроттық үдерісін кешенді талдауда және осы негізде нарықтық қатынастар дамуының осы заманғы үрдістерін ескере отырып, кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару тетігін қалыптастыру бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу талап етілді:

  • банкроттық құбылысының экономикалық мазмұнын ашу, оның қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерге әсер ету сипатын анықтау;
  • әр түрлі шаруашылық жүйелеріндегі дәрменсіздіктің экономикалық қатынастарының пайда болуы мен дамуының негізгі себептерін, жағдайларын айқындау;
  • ҚР-дағы кәсіпорындардың дәрменсіздік үдерістерінің даму факторлары мен ерекшеліктерін анықтау;
  • кәсіпорындар дәрменсіздігін бағалаудың озық шетелдік тәжірибесін зерттеу және оны отандық тәжірибеде ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • ұлттық экономиканың өзгешеліктерін ескере отырып және мемлекеттік экономикалық саясаттың осы саладағы шетелдік тәжірибесі негізінде Қазақстандағы банкроттық институтын жетілдірудің концептуалды аспектілерін тереңдету, жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні банкроттық кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару мен реттеу үдерісінде туындайтын әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-шылық-экономикалық қатынастар жиынтығы.

Зерттеудің әдіснамалық және ақпараттық негізі. Зерттеудің әдіснамалық негізі отандық және шетелдік ғалымдардың дағдарысқа қарсы басқару мен реттеу, банкроттықты болжау және дәрменсіз кәсіпорындарды сауықтыру, өтпелі кезеңдегі экономикалық үдерістер ерекшеліктері сияқты салалардағы еңбектері болды.

1Банкроттықтың теориялық және әдіснамалық негізі

1. 1 Банкроттықтың экономикалық мәніжәне оны танып білудің әдістемелік негіздері

«Банкроттық» ұғымы экономикада, құқықта, саясатта, психологияда көбінесе жеке-жеке, бір-бірінен бөлек қолданылады, сондықтан тиісті ғылым өкілдері ұғымды бір жақты түсіндіреді, оның мазмұнын өз ғылымы шегінде ғана қарастырады.

Экономикалық категория ұғымын анықтау, оны қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі үдерістерінде қолдану қажеттігін айқындау бұл категорияны функциясы бойынша қоғамдық қызметінің көрініс табу түрі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Егер функцияны категорияның қоғамдық қызметінің көрініс табу формасы ретінде түсінсек, онда дәрменсіздік ұғымында ол функциялар қамтылуы тиіс.

«Дәрменсіздік» категориясы біртұтас шаруашылықты білдіретін көп жақты экономикалық қатынастардың ішкі құрылымының логикалық көрінісін түзеді.

Екінші жағынан, «дәрменсіздік» категориясында неғұрлым нақты мән бар, ол зерттелетін экономикалық өмірдің бір түрін, бір жағын ғана қамтып көрсетуі мүмкін. Алайда, олардың бірде-бірі басқа категориялардан оқшауланбайды.

Уақыт өте келе категориялар белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Категориялар өз дамуында серпінді де өзгермелі, ал нарық әу бастан солай.

Заттың ішкі мазмұнында оның мәні ең басты болып есептеледі және оның барлық қасиеттері мен қатынасында біртұтас күйде көрініс табады. Категорияны зерттеудің бастапқы кезеңінде дәрменсіз кәсіпорындардың оған қатысты әдіснамалық негіздерін анықтап алу қажет.

Төменде осы экономикалық категорияның мәнін ашудың әдіснамасы мен негізгі кезеңдерімен байланысты басты сәттері көрсетілетін кесте берілген (кесте 1) .

1-кесте. Кәсіпорындардың банкроттығын танып білудің әдістемелік негіздері

Таным критерийлері
Таным сипаттамасы
Таным критерийлері: Кәсіпорынның өмірлік циклі ретіндегі банкроттық
Таным сипаттамасы:
  • Даму сипаты
  • Даму кезеңі мен қарқыны
Таным критерийлері: Қосарлы категориялардың ілеспелігі
Таным сипаттамасы:
  • Залалдылық (шығынды ақтамау)
  • Залалсыздық
  • Төлем қабілеттілігі
  • Төлем қабілетсіздігі
  • Дәрменділік
  • Дәрменсіздік
  • Банкроттық
Таным критерийлері: Банкроттыққа әсер ететін факторлар
Таным сипаттамасы:
  • Макроэкономикалық факторлар
  • Микроэкономикалық факторлар
Таным критерийлері: Айқындау тәсілі
Таным сипаттамасы:
  • Әріптестердің экономикалық қарым-қатынасы арқылы
  • Несие берушілер талабы бойынша
  • Ағымдық қызмет пен берілген есепті талдау
  • Аудиторлық тексеру
  • Экономикалық болжам жолымен
Таным критерийлері: Банкроттықты анықтау көрсеткіштері
Таным сипаттамасы:
  • Ағымдық өтімділік коэффициенті
  • Өз қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті
  • Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру (жоғалту) коэффициенті

«Дәрменсіздік» ұғымы шаруашылық тұрмысында өзінде жүріп жатқан үдерістер мәніне байланысты тек дәрменсіздікке жақындаған, бірақ әлі «дәрменсіз» болып саналмайтын кәсіпорындарға қатысты жиі қолданылатынын атап өткен жөн. Нақты айтқанда, шаруашылық тұрмыста да терминдерді осылай қолдану әдепсіздік болар еді, одан да тек төлем қабілетсіздігі туралы айтқан дұрыс. Басқа сөзбен келтірсек, егер кәсіпорынның банкроттығы (дәрменсіздігі) «бизнестің өлуі» болса, онда төлем қабілетсіздігі - тек оның «ауыруы». Экономикалық қатынастардың қандай да бір субъектісінің төлем қабілетсіздігі «дәрменсіздік» категориясынан ерекшеленетіндігі сөзсіз және қажетті, бірақ жеткіліксіз түрдегі шарты болып саналады.

Егер борышкер күнделікті іс жүргізу барысында өз міндеттемелерін мерзімінде орындай алмаса, яғни пассив активтен ерекше асып кетсе, онда төлем қабілетсіздігі өз сипаты бойынша абсолютті деңгейге жетеді. Нақ абсолютті төлем қабілетсіздігі қандай да бір шаруашылық жүргізуші субъектінің «дәрменсіздігі» деп аталады.

«Банкроттық» «дәрменсіздік» терминінің синонимі ретінде жиі пайдаланылған.

Банкроттықты экономикалық, қаржылық және заңдық деп бөліп қарайды.

Экономикалық банкроттық өндірістік қорларды тиімсіз пайдаланудың салдары болып саналады. Қаржылық дәрменсіздік кәсіпорын өз қарыздарын уақытылы өтеуге қабілетсіз болған жағдайда туындайды. Борышкерді банкрот ретінде мойындау туралы өтініш негізінде сот банкроттық жайында іс қозғаған сәттен бастап кәсіпорын заңды түрдегі дәрменсізге айналады.

Біздің пікірімізше, зерттелетін категорияның нақ экономикалық мазмұнына ерекше мән берілуі қажет. Біз банкроттықты шаруашылық жүргізуші субъектілер санын реттеу құралы ретінде қарастыруды және меншіктік құқықты қайта бөлуді ұсынамыз: табыстары өздерінің жиынтық шығындарын жаппайтын кәсіпорындар шаруашылық қызметті қаржыландыруға қабілетсіз болады, сөйтіп олар нарықтан кетеді, ал олардың игіліктері неғұрлым тиімді меншік иелеріне бөлініп беріледі. Нәтижесінде нарықта экономикалық орта талаптарына анағұрлым толық жауап беретін фирмалар қалады.

Басқаша айтқанда, банкроттық - арнайы экономикалық сот мойындаған экономикалық дәрменсіздік, оның тәжірибелік алғы шарты ағымдық төлемдерді орындамау ғана емес, сонымен қатар оны жою үшін негіз болып табылатын қарыздарды жабуға қажетті активтердің жеткіліксіздігімен де байланысты төлем қабілетсіздігі болып есептеледі. Дамыған шет елдермен салыстырғанда, ұлттық экономикадағы дәрменсіздік институтына деген сұраныс құрылымы өзіндік ерекшелікке ие. Ең алдымен, оны жоқ және салықтық есебін ұсынбайтын кәсіпорындар (шағын кәсіпорындар) санын қысқарту, сол сияқты төлем тәртібін (ірі кәсіпорындар үшін) қамтамасыз ету құралы ретінде мемлекет талап етеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер банкроттық институтына борышкер бизнесін (ірі кәсіпорындар, қаржылық құрылымдар) тартып алу, өтімді активтерді шығару және жинақталып қалған борыштан құтылу мақсатында сұраныс туғызады (менеджерлер, жергілікті органдары) . Арнайы мүдде тұрғысынан біріккен топтардың әдейі рента иелену мақсатында банкроттық процедураны басым пайдалануы Қазақстанда банкроттық институтын құру институтционалды өзгерістер жасауға бағытталған тәсіл ретінде сол институттың бұрмалану мысалы болып табылатындығын көрсетті. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарда «Банкроттық» ұғымы пайда болды.

Әр түрлі елдердің заңнамаларында қабылданған құқық түрлері мен әдістері түрліше болғанымен, барлық заңнамалық жүйелерде меншік құқығы мен оның кепілдігі басты орын алады. Борышкерді дәрменсіз (банкрот) деп жариялау немесе борышкердің өз дәрменсіздігі (банкроттығы) туралы өзі жария етуі осы мүліктік құқығын жүзеге асыру (немесе жою) үшін алдыға қойылады. Сөйтіп, құқық заңды тұлғаның дәрменсіздігін соттың жария етуі түрінде көрініс табады. Заңды тұлғаны жою оның құқықтары мен міндеттемелері мирасқорлық жолымен басқа тұлғаларға көшірілмей тоқтатылуына апарып соғады. Сондықтан, көптеген зерттеушілердің пікірінше, банкроттық категория ретінде негізінен заңдық қатынастарды білдіреді.

Қарыздық қатынасты құқықтық рәсімдеусіз елестету мүмкін емес, сол себепті бүгінгі күні банкроттық бойынша әдебиетте оның анықтамасына құқықтық тұрғыдағы көзқарас басым көрінеді.

Біздің ойымызша, қарыздық қатынастарды зерттеудің бастапқы пункті өзара тығыз байланысты, бірақ салыстырмалы түрде өзінше екі жақты, яғни экономикалық мазмұн мен заңдық форманы нақты анықтап айыру болуы тиіс, алайда оларды жылжытуға да, бір-біріне қарама-қарсы қоюға да орын жоқ.

Банкроттықты анықтауға деген экономикалық көзқарас шаруашылық жүргізуші субъектіні дәрменсіздікке алып келген себептерді зерттеуге баса мән береді.

Банкроттық макро және микроэкономикалық өлшемдерде қарастырылады. Біріншісі нарық теориясының қорытындылары мен ережелеріне, ал екіншісі фирма теориясына негізделген.

Басқаша айтқанда, экономикалық көзқарас кәсіпорын банкроттығын қаржылық дағдарыс ретінде есептей отырып, оның экономикалық механизмдерін, ал құқықтық көзқарас дәрменсіздік фактісі, яғни қаржылық банкроттығы мойындалғаннан кейін кәсіпорынды таратудың ұйымдық-құқықтық механизмін қарастырады.

Кәсіпорындар дәрменсіздігінің түпкі себебі болып қандай факторлар (сыртқы және ішкі) саналатындығымен байланысты экономикада банкроттықтың төмендегідей типтерін бөліп қарайды:

  • балансталған экономикада жұмыс істейтін кәсіпорындардың ерекше банкроттығы, ол субъективтік себептер бойынша, яғни бұл кәсіпорындар өз мойындарына алған міндеттемелерін орындай алмауынан туындайды;
  • экономиканың дағдарыстық жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы, мұндай жағдайда олар көптеген экономикалық міндеттердің шешімін таба алмайды.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне үлкен әсер ететін сыртқы факторларға қажеттіліктер мөлшері мен құрылымы, халық табысының деңгейі, саяси тұрақтылық, ішкі саясаттың бағыты, тауар өндіру үдерісінің барлық құрамдас бөліктерін анықтайтын техника мен ғылымның дамуы және тауардың бәсекеге қабілеттілігі, халықаралық бәсеке, жалпы экономикалық құлдырау салдарлары, инфляция жатады. Кәсіпорынның дамуын анықтайтын және оның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне ықпалын тигізетін ішкі факторлар экономикалық әдебиетте жалпы 4 негізгі топ ретінде қаралады. Бұлар - кәсіпорын стратегиясы, оның қызмет ету қағидалары, ресурстар және оларды пайдалану, маркетингтің сапасы мен деңгейі.

Қазақстанда экономика субъектілері дәрменсіздігінің негізгі факторларына оларға қатысы бойынша сыртқы болып келетін келесі жағдайлар жатады:

  • қазақстандық экономикада сақталып отырған, кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігінің пайда болуының объективті механизмі. Әсіресе, реформаның алғашқы жылдарында оған кәсіпорындардың айналым қаражаттарының жетіспеушілігі тән еді. Бұл өз кезегінде өтелмеген төлемнің жаппай орын алуына, экономикада мерзімі өткен дебиторлық және кредиторлық берешектер көлемінің шұғыл артуына, есептесудің ақшасыз түрлерінің басым түсуіне, фирмалардың ресурстарды жеткізушілер мен салықтар бойынша мемлекетке берешектері және т. б. күрт өсуіне алып келді;
  • мемлекетттік кәсіпорындар мен мекемелерді бюджеттік қаржыландырудың кешіктірілуі. Өз тапсырысы бойынша қазақстан экономика-сындағы дәрменсіз фирмалардың басты сатып алушысы жеткізілген өнімнің құнын дер кезінде төлемеген мемлекеттің өзі болғаны белгілі;
  • шаруашылық қатынастарда баспа-бас айырбастың жоғары дәрежесі;
  • фирмалардың бәсекелік ортада жұмыс істей білу дағдысының жоқтығы.

Қазақстан экономикасындағы дәрменсіздік қатынастары дамуының ерекшеліктерін айқындау, олардың дамуында кезігетін қарама-қайшылықтарды зерттеудің принциптерін анықтау келесідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Бір жағынан, қазақстандық экономикадағы дәрменсіздік қатынастары дамуының ерекшеліктері оларға трансформациялық үдерістердің барлық жиынтығының ықпалымен белгіленеді.

Екінші жағынан, реформа кезеңінде қалыптасатын дәрменсіздік қатынастарының өзі де ел экономикасының жүйесіне, онда жүріп жатқан қайта құруларға елеулі әсерін тигізеді.

1. 2 Экономикадағы банкроттық формалары мен қағидалары

«Банкрот-кәсіпорын» түсінігінң мазмұныныа қатысты түрлі көзқарас қалыптасқан. Құқықтық көзқарас тұрғысынан егер сот шешімі болса, онда кәсіпорын банкрот болып танылады. Қаржылық көзқарас тұрғысынан - егер төлемдерді тоқтатса, кәсіпорын банкрот болып танылады. Экономикалық көзқарас тұрғысынан - бұл құқықтық және қаржылық қызметтер тек жекелеген сәттерді ғана белгілеген процесс.

21. 01. 1997 ж. ҚР «Банкроттық туралы» Заңы заңды тұлғаның дәрменсіздігіне (банкроттығына) мынадай анықтама береді: сотпен танылған немесе қарызгермен жарияланған қарызгердің ақшалай міндеттемелері бойынша несие берушілердің талаптарына толық көлемде қанағаттандыру және (немесе) міндетті төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттерін орындау қабілетсіздігі (егер сәйкес міндеттемелерді ол орындау мерзімінен бастап үш ай ішінде орындай алмаса) .

Банкроттықтың келесі қағидаларын атап өтуге болады. Біздің банкроттық жүйемізге қатысты маңыздылық дәрежесі бойынша банкроттықтың мынадай қағидаларын қолдануға болады:

 Жеке тәсілдеме;

 Салалық ерекшелікті ескеру;

 Сот және құқықтық жүйенің тиімділігі;

 Банкроттық процедураларының оңтайлылығы;

 Қолданылатын процедуралардың мақсаттылығы;

 Банкроттық формаларының алуан түрлілігі;

 Банкроттық механизмінің иілмелілігі;

 Банкроттықтың экономикалық сипаты;

 Төлемқабілетсіздік;

 Дәрменсіздік белгілерін айқындау;

 Қарызгердің жауапкершілігі;

 Банкроттық жағдайларын реттейтін мемлекеттік органның болуы;

 Кредиторлармен есеп-айырысуды максимизациялау;

 Кредиторларды қорғаудағы әділеттілік;

 Кәсіпорынның бәсекеқабілеттігін арттыруды ынталандыру;

 Болашағы бар кәсіпорындарды сақтау және бизнестің өрлеуін ынталандыру;

 Банкроттық жүйесінің барлық қатысушыларының мүдделерін қамтамасыз ету;

 Әлеуметтік қорғаныс.

Кәсіпорынның банкроттығы дегеніміз оның ағымдық операциондық іс-әрекетті қаржыландыруға және мерзімді міндеттемелерін өтеуге қабілетсіздігі болып табылады. Банкроттық кәсіпорын капиталы ұдайы өндірісінің экономикалық механизмінің теңсіздігінің салдары, тиімсіз бағалық, инвестициялық және қаржылық саясаттың салдары болып табылады. Кәсіпорындардың жаппай банкроттығы күрделі әлеуметтік жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы бар елдерде кәсіпорындардың құрылтайшылығы мен оларды толық құлдыраудан қорғау механизмі өңделген. Оның негізгі элементтері болып табылады:

- банкроттықты құқықтық реттеу;

- кәсіпорындардың дәрменсіздігі (банкроттығы) жайлы актілерді жүзеге асыру барысында шешім қабылдау процестерінің ұйымдық, экономикалық және нормативті-әдістемелік қамтамасыз етілуі;

- болашағы бар тауар өндірушілерді сақтап қалу мақсатында төлемқабілетсіз кәсіпорындарды мемлекеттік қаржылық қолдау шаралары;

- қайта құру және тарату шараларын қаржыландыру;

- банкроттық процедурасының барлық қатысушыларының мүдделерін экономикалық қорғау;

- төлемқабілетсіз кәсіпорындар реестрін жүргізу, бұқара қауым үшін банкроттар туралы ақпараттың жариялылығын қамтамасыз ету.

Отандық тәжірибеде банкроттықтың келесідей формалары болады.

Олардың алғашқысы - қайта құру (сыртқы басқару және санация), онда сот кәсіпорынды басқару бойынша барлық қызметтерді жүзеге асыратын басқарушыны тағайындайды. Кәсіпорынның дәрменсіздігі туралы істі қозғауда не қарызгердің арызы, не кредитордың арызы, не прокурордың арызы негіздеме болып табылады.

Екінші процедура - тарату, ол сот шешімі бойынша мәжбүрлі, немесе қарызгердің қалған мүлігін сатуды жүзеге асыратын кредиторлардың бақылауымен ерікті болуы мүмкін.

Үшінші процедура - әлемдік келісім, ол банкроттық жөніндегі істің кез-келген кезеңінде қарызгер мен конкурстық кредиторлар арасында келісілуі мүмкін.

Әлемдік келісім мынадай шарттарды қамтуы мүмкін: қарызгердің міндеттемені орындау мерзімін кейінге қалдыру; қарызгердің міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы; қарыздан жеңілдік жасау; акциялар талаптарын айырбастау.

Банкроттықтың қайта құру процедураларына жатқызылады: сотқа дейінгі санация, қадағалау, қарызгер-кәсіпорын мүлігін сырттан басқару, реабилитация.

Сотқа дейінгі санация. Банкроттықтың алдын алу бойынша шаралар шеңберінде қарызгердің несие берушілері мен өзге тұлғаларымен ақшалай міндеттемелері мен міндетті төлемдерін өтеуге, сонымен қатар қарызгердің төлемқабілеттігін қалпына келтіруге жеткілікті көлемде қаржылық көмек көрсетілуі мүмкін - бұл процедура сотқа дейінгі санация деп аталады.

Қадағалау. Қадағалау процедурасын несие берушілер арыздарын қабылдағаннан кейін бір апта ішінде сотпен енгізіліп, 3-5 айға созылуы мүмкін.

Осы сәттен бастап:

 Қарызгерге мүліктік талаптар «Банкроттық туралы» Заңмен бекітілген тәртіпті сақтау ақылы ғана ұсынылуы мүмкін;

 Несие берушінің өтініші бойынша қарызгерден ақша қаражаттары мен өзге мүлкін алумен байланысты істер жағдайы тоқтатылады;

 Мүліктік айыппұлдар бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуы тоқтатылады;

 Заңды тұлға-қарызгердің қатысушылар құрамынан шығумен байланысты қарызгердің мүлкін беру туралы талаптарын қанағаттандыру қорғалады.

Сырттан басқару. Бұл қайта құру процедурасын несие берушілер жиналыстары шешімінің негізінде сотпен енгізіліп, қарызгердің мүлкін сырты басқарушының басқаруына берумен қарызгердің төлемқабілеттігін қалпына келтіру мақсатын көздейді.

Реабилитация. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық іс-әрекетін сауықтыру үшін банкроттықтың реабилитациясы сияқты процедура қолданылады.

Реабилитациялық процедура - дәрменсіз қарызгерге қарызгердің таратылуының алдын алу мақсатында оның төлемқабілеттігін қалпына келтіруге бағытталған кез-келген қайта құру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де заңнамаға қайшы келмейтін шаралар қолданылатын соттық процедура, сонымен қатар санация, әлемдік келісімге келу жолымен қарыздарды акцияларға айырбастау сияқты шаралар кешені.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қаржысының банкроттық жағдайы
Кәсіпорынды қаржылық сауықтандыру
Өндірістік кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырау мүмкіндігін төмендету жолдары
Кәсіпкерлік қызметтің банкроттықтан сақтандыру жолдары
Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігінің мәні
Банкроттық және оның құқықтық аспектілері
Кәсіпорынды басқаруда бөліксіздік таныту
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және банкроттығын талдау
Кәсіпорынның қаржы тұрақтануына жетудің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz