Ақшаның түрлері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


1. Ақшаның түрлері. Металл және қағаз ақшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Ақшаның формалары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Металл ақша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ...17

2. Несиелік ақшалар және олардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Несиелік ақшалар және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Қазақстандағы несиелік ақшалардың қалыптасуы мен дамуы

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Ақша адамдарға ежелден таныс. Қандай да бір қоғам болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен аттың тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен бұл қызметті барылық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды.
Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, сондан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша XII ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы XVIII ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап швециядағы ірі банк өзінің « банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады.
1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» ҚР Заңы, 1995ж. 30 тамыз (1998ж. 7 қазандағы өзгертулер және толықтырулармен)
2. Закон РК «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан». - Алматы: ЮРИСТ, 2002. - 36с.
3. Бохаев Д. Қаржы нарығының экономикалық мәні мен құрылымы. // Экономика негіздері. №1 (13) 2006.
4. Денежно-кредитное регулирование. Банки и рынок ценных бумаг. /под ред. Мажитова Д.Н. – Алматы: Экономика, 2000
5. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – М.: ЮНИТИ, 2000. – 572с.
6. Елубаева Ж.М., Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. – Алматы: 2004 – 346с.
7. Евритов О.Ю. Деньги, кредит, банки. Ростов –на Дону. 2001. с. 57-63.
8. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. – Алматы. Қаржы-қаражат. 1995. – 160с.
9. Құлпыбаев С. Және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2001. – 176 бет.
10. Дэвид С. Кидуэлл, Ричард Л. Петерсон, Дэвид У. Блэкуэлл. Финансовые институты, рынки и деньги. – СПб.: Питер, 2000
11. 3ейнельгабдин А.Б. Қаржылық жүйе: экономическое содержание и механизм использования. - Алматы: Каржы-Каражат, 1995
12. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана. - Алматы: Каржы-Каражат, 2002
13. Кажикаримов Б.К., Омирбаев С.М. Теория финансов. Учебное пособие. - Караганда, КарГУ, 1991. - 80с.
14. Кейнс Дж. М. Избранные произведения: перевод с англ. /под ред. Худокормова А.Г. —М.: Экономика, 1993. - 543с.
15. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (в схемах, таблицах). – Алматы: ТОО «LEM», 2000
16. Маянлаева Г.И. Организация страхового дела в Республике Казахстан. – Алматы: ТОО «LEM», 2000
17. Макконелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика (в 2 томах). Перевод с англ. - М.: Республика, 1992
18. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. Учебник под ред. Красавиной Л.Н. – М.: Финансы и статистика, 2002
19. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. - Алматы: ФинЭко, 2001
20. Лаврушин О.И. Деньги, кредит, банки. М. Фианасы и статистика. 2002ж. 188 с.
21. Мельников В.Д. Основы финансов. Учебник для вузов. - Алматы: ТОО «LEM», 2005. – 560с.
22. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 552 бет.
23. Рынок ценных бумаг и его финансовые институты: Учебное пособие под ред. Торкановского B.C. - СПб.: АО «Комитет», 1997. — 421с.
24. Рынок ценных бумаг в Республике Казахстан: Сборник нормативных актов. - Алматы: ЮРИСТ, 2002. — 57с.
25. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005. – 416 бет.
26. Тьюлз Р., Брэдли Э., Тьюлз Т. Фондовый рынок. - 6-е изд.: перевод с англ. - М.: ИНФРА-М, 1997. - 648с.
27. Эдвин Дж. Долан, Колин Д. Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбелл. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная система. М. – Л. 1991. 12с.
28. Тарасов В.И. Деньги, кредит, банки. Учебное пособие. Минск: Миланта, 2003. – С.10.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Ақшаның түрлері. Металл және қағаз
ақшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Ақшаның формалары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Металл
ақша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..9
1.3. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары
... ... ... ... ... ... ...17

2. Несиелік ақшалар және олардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Несиелік ақшалар және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Қазақстандағы несиелік ақшалардың қалыптасуы мен дамуы

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..33

Кіріспе

Ақша адамдарға ежелден таныс. Қандай да бір қоғам болсын, ақшаның
қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген
тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде
делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу
қабыршығы, аң терісі, мал мен аттың тағы басқа да көптеген басқа тауарлар
болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының
пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға
қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен бұл қызметті
барылық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды.
Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен
тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, сондан кейін
несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша XII ғасырда тұңғыш рет Қытайда
басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы XVIII ғасырдан басталады.
1761 жылдан бастап швециядағы ірі банк өзінің банкнот деп аталатын
қағаз ақшаларын шығара бастады.
Тауар айырбасының дамуына байланысты ақша теориясы дүниеге келді.
Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды,
яғни бір тауаға еркін айырбасталды. Осылай бірте – бірте айырбас мөлшері
қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың
құнына теңестірілді.
Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның ролін әр түрлі
тауарлар атқарды. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін
пайдаланды. Құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша –тауардың
жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының
алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын процеске
айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты. Кейіннен ашаның формалары мен түрлері
қалыптасты. Олар негізінен екі ірі топқа топтастырылады: қағаз ақшалар және
несиелік ақшалар болып.

Бұл жұмыстың актуалдылығы ақша – қазіргі өркениеттің өзінен ажырағысыз
белгісі. Оның қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және
тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады.
Курстық жұмыстың мақсаты – ақша түрлері мен олардың жалпы қалыптасуы
мен дамуын қарастыру, талдау болып табылады.
Жұмыстың негізгі міндеті:
- ақшаның қажеттілігі мен мәнін ашу;
- ақшаның формалары мен түрлерін қарастыру;
- ақша түрлеріне сипаттама беру болып табылады.
Жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік оқу құралдары мен ағымдық
баспасөз беттеріндегі ғылыми-зерттеу мақалаларын, отандық және шетелдік
ғалымдардың еңбектері мен зерттеулерін пайдаланбақпын.

1. Ақшаның түрлері. Металл және қағаз ақшалар
1.1. Ақшаның формалары мен түрлері

Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса
болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен
бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның
формасы дегеніміз – ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол
айналымдағы тұрақтылықты көрсететді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы
металдарға, қарыз міндеттемелерін, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша
өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар
қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық – ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және
толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.
Толыққұннды ақша – құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша,
яғни дайындау кезінде көрстеілген құн олардың құамындағы металдың (алтын
күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.
Толыққұнды емес ақша – сатып алушылық ақша қатынастарының
тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес
ақшаларға биолндық моннеталар, қағаз және иесиелік ақшалар жатады.
Ақшан өзінің даму эволюциясыда мынандай сатыларды өтті:
1) Металдық;
2) Қағаздық;
3) Несиелік;
4) Электорндық ақша.
Металл ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық
құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл
құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада
болады: алдымен бірліктік, сонан соң салмақтық. Олар монета түрінде
шығарылды.
Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа
тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К.
Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам
тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін
тауар болып саналады, ол мыналарға байлансты болады:
Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи
қасиеттеріне;
Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда,
оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.
Алтынды өндіру - өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг
алтынды алу үшін орташа терендігі 300 м жердің 100 тонна тау кенін өндеу
керек.
Алтынның негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы
(әлемдік өндірістің 13 бөлігі), Ресей, өзбекстан саналады.
Қазақстанда көптеген алтын бар, шамамен алғанда алтынның жылдық
өндіріс 30 тоннаны құрайды.
Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас
операцияларының өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары
шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра
алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, ақшаға деген
сұранысты қамтамасыз ете алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын
ақшалар құны бойынша аз айналымды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан оны
орынбасарымен (құн белгілері) алмастыру қажеттілігі туындады, олардың
номиалды құны оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан жоғары болады.

Оларға ұсақ монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз
ақшалар айналымнан туындады және бұры – сонды айналымда болған күміс және
алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында
металл ақшалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты,
сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып
алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды нағыз
ақшалардың орынбасарларымен, яғни ақшалармен алмастырудың объективті
мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан
мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.
Несиелік ақшалар - айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және
несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік
құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі. Несиелік
ақшалардың негізгі эмитенті болады банк жүйесі есептеледі.
Тауарды сатып алу бойынша ірі мәмілерге банктердің несие беруі қағаз
ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының қажеттілігін
қанағаттандырады.
Несиелік ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель,
банкнота. чек, электронды ақшалар жіне олардың соңғы түр – несиелік және
пластикалық карточка.
Вексель - бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде
онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме.
Векесельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы
береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға
белгіленген соманы төлеуі тиіс.
Аудармалы вексель (тратта) – вексель кредитордың (трассант) қарыз
алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші тұлғаға
(ремитентек) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель төлем аваль (вексельдік
кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін ол қосымша беттегі вексельде және
аллонжда аваль ретінде есептеу деген жазумен ресімделеді.
Банкнота – бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол весельден екі мыңызды
көрсеткіш ерекшеленді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель
белгіленген мерзімге шығарылады, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі;
екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша
елдің орталық банімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме
бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.
Несиелік ақшаның түрі чек болып табылады. Чек- бұл талап бойынша
құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда чек берушінің (шот иесінің
) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға (ұстаушыға) баектің төлеуі
жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді әрекеттегі ақшалай құжат
ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді. Ол ел ішінде және
халықаралық есеп айнырысуларда қолданылады. Негізінен чектер ақшалай және
есеп айырысу чегі болып бөлінеді.
Банк қызыметіне механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, бантік
есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ мен компъютерлерді кең қолдануға өту
электрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етті, яғни компьютер жадындағы
шоттарда ақшаның болуы, қолма- қол ақшалар мен чектерді несиелік
карточкалармен алмастыру. Олар клиенттің шоты негізінде ортатылған
микросызбасы бар пластикалық карточка түріне банк тарапынан шығарылады.
Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып алып және қызыметтерге
төлем қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық мақсатта банктерден қысқа
мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі таңда палстикалық карточкалардың
бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде банктік және саудалық
карточкалар өте кең таралған.
Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей
ықпал етті. Көптеген планстикалық карточкалар көмегімен сатып алуларды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің
шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын
төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде
жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар фирмалар, ұйымдар өз
қызметкерлерінің банктік шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбекақы
төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді:
клинет өзінің дербес компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындағы
қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды Интернет желісі
арқылы сату – сатып алу кең жайды.

1.2. Металл ақшалар

Ақша өзінің материалдық-заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және
қазыналық билеттер болып бөлінеді.
Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу
жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ
формасы жоқ металл кесектері айналымға түскен. Дегенмен жаңа дәуірге
дейінгі ХІІІ ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар
айналыста болған. Осыған байланысты қазіргі уақытта да көптеген ақша
өлшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр,
марка т.б.
Металл ақшаның алғашқы түрі – құйма металл, оның формасы да әр түрлі
болған. Салмақты металл құймалары айырбаста алып жүруге және сақтауға өте
ыңғайсыз болғандықтан, сауданың баяу жүруіне әкеп соқтарған.
Біртіндеп металл ақшаның түрі де салмағы да өзгерген. Мысалы, ертедегі
Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы, одан кейін
жолақша сызығы мен нүктелері бар табақша, ең соңғыда екі жағында сурет
салынған массасы 1 немес 2 фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сөйтіп
металл ақшалардың формасының неше түрлі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек
түріне келуі тауар-ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысында металдан монета
түрінде ақша құйыла бастады.
Монета – бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық
құрамы бар металдан дайынбалған ақша белгісі.
Мемлекет таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін,
экмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді яғни олар мыс монета түрінде
біздің дәсірімізге дейінгі ІІІ – ІІ ғасырларда Римде пайда болады. Ең
алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен
(Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты. Монетаның
отаны Лидия мемлекеті болып есептеледі. Одан монета алғашқы рет б.д.д. VII
ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон – Монета храмы атымен байланысты
шыққан, себебі алғашқы монета сарайы ертедегі Римде болған.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда Лидия
мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279 – жылы Римде
металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Өз бейнесін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.
Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі
ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау
құралы қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан
да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан
дайындалды.
Металл ашалар толық құнды және толық құны жоқ ақшалар болып бөлінеді.
Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн (номинал) монета соғуға
жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Монеталар бағалы металдардан
және олардың қоспаларынан дайындалады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан
бастап жалпы құн эквиваленті болды және ақшаның барлық қызметін атқарды.
Толық құны жоқ ақша – монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған
металдың құнынан жоғары болатын ақша. Айырбас монеталары арзан металдардың
қоспаларынан дайындалады. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде
кішігірім төлемдерді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады. Оны
билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып
салмағын, соған байланысты құнын жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталы
стандарт кезінде де кембағалы металдардан соғылды. Олар алғашқыда күмістен,
бертін келе және қазір металдар қоспасынан және алюминийден соғылды.
Ақша айналысында майда ақшаның үдес салмағы аз. Дегенмен майда ақшаны
айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы. Ол пайда монетада көрсетілген құнмен
оның құрамындағы металдың нарықты бағасының айырмасына тең.
ХХ ғасырдың 70-жылдары алтынға деноминация жүргізілді. Алғашқыда алтын
елдің ішкі ақша айналымында айналыс және төлем құралы ретінде пайдаланылса,
ал 1976 жылдан бастап ол дүниежүзілік ақша қызметін де орындамайды. Алтын
мемлекеттің ішкі айналымынан да, әлемдік нарықтан да қағаз және несие
ақшаларымен ығыстырылды.

1.3. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары

Металл ақша айналысының объективті заңдылықтары және капитализм
тұсінда тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның
қажеттілігін арттырып, ақшаның дербес құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастау
мүмкіндігін ашты. Қағаз ақшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты
болды:
➢ біріншіден, ақша құн өлшемі қызметін қолдағы алтын ақша емес,
ойдағы ақша ретінде атқару ерекшелігіне;
➢ екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде өз қызметін шапшаң, ілезде
атқару ерекшелігіне, яғни тауар айырбасында ақша делдал болуына
байланысты;
➢ бұл мүмкіндіктің іс-жүзіне айналуы біраз себептерді қамтитын
тарихи ұзақ процесс;
➢ монетаның табиғи ысылып тозуынан оның толық құны жойылып, құр ақша
белгісіне айналуы;
➢ мемлекеттің және жеке адамдардың – жасанды ақша жасаушылардың
монетаны бұзуы. Мемлекеттің металл ақшаны саналы түрде бұзуы – ол
қазынаға қосымша табыс түсіру мақсатында монетаның асыл металл
құрамын әдейі төмендетуі. Монетаны бұзу айырбас процесін мүлдем
кері кетірді. Ақшаның құнсыздануы шаруаларды, кәсіпқойларды, ұсақ
саудагерлерді көп шығынға душар етуі;
➢ мемлекет өз шығындарын өтеу үшін ақшаның қағаз белгілерін шығаруы.

Сөйтіп, К.Маркс сөзімен айтқанда: өзінің айналыстағы делдалдық
ролінде алтын әр түрді өзгерістерге ұшырады. Ол қырқылып, тіпті бір жапырақ
қағазға дейін жұқартылды.
Алғашқы қағаз ақшалар ХІІ ғасырда Қытайда пайда болса, оның кең тарауы
ХVІІ ғасыр аяғында капиталистік тауар өндірісінің дамуынан бастау алды.
1690 жылы Солтүстік Америкада, 1716 жылы Францияда, 1762 жылы Австрияда,
1795 жылы АҚШ-та қағаз ақша шыға бастады. Ресейде қағаз ақша ассигнациясы
Екатерина ІІ-нің басқаруы тұсында 1769 жылы жүргізілді. Ақша императоршаның
бейнесімен өрнектелгендіктен, халық оны катенька деп атады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақша барлық елдерде жүре
бастады.
Сырт көзбен қарағанда қағаз ақша толық құнды ақшаның мемлекет шығарған
орынбасары сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде ол толық құнды ақша
айналысының объективті заңдарына байланысты металл ақша айналысы процесінде
ақшадағы көрсетілген құнының ауытқуы нәтижесінде пайда болды. Мемлекет осы
объективті мүмкіндікті пайдаланып, тек қағаз ақша шығарумен және оның
курсын белгілеумен шұғылданады. Қағаз ақша – құн белгісінің ең бір
нақтыланған ақырғы түрі.
Сөйтіп, қағаз ақша – ол толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем
құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығаратын
және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша
белгісі. Тарихи ол алтын мен күмістің өкілі ретінде, солардың орнына пайда
болды.
Қағаз ақшаның өз құны жоқ, себебі оны басып шығаруға аз ғана еңбек
жұмсалады. Ол толық құны жоқ ақша. Заңды төлем құралы болып бекітілген
кезде қағаз ақшаның сатып алу мүмкіндігі бар, яғни ол айналысқа жарамды.
Айналыстан тыс қағаз ақша – керексіз бос қағаз. Егер нақты ақша өз құнымен
айналысқа қызмет етсе, ал қағаз ақша тек айналыста ғана нарықтық құнға ие
болады. Мемлекеттің күшпен ықтиярсыз көрсеткен құны қағаз ақшаның осы елдің
өзінде ғана қолдануға болатын қоғамдық мәнін көрсетеді. Әлбетте мемлекет
қағаз ақшаға кез келген құнды көрсетіп, шексіз мөлшерде шығаруы мүмкін.
Мемлекеттің қағаз ақшаға деген күші осымен аықталады. Айналысқа түскен құн
белгілері ақша айналысы заңына бағынады.
Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ егер оларды шығару шығындары болса,
онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз
ақшаның бір купюораны шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын
тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып
алуға болады.
Табиғаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту
керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және
шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар
массасына сәйкес келмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол
инфлияцияға әкеледі. Қағаз ақшаның құнсыздануына әр түрлі себептер әсер
етеді:
➢ бюджеттің тапшылығын жоюға шығарылған ақша эмиссиясы;
➢ әскери және басқа өндірістік емес шығындар;
➢ еңбек өнімділігінің құлдырауы;
➢ тауар массасының төмендеуі;
➢ пассивтік төлем балансы;
➢ ақша шығаратын үкіметке сенімінің төмендеуі т.б.
Міне осы себептердің бәрі тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырады.
Халықты әлеуметтік қорғау мақсатында үкімет жалақыны, зейнетақыны,
жәрдемақыны өсіреді. Бірақ халық тұтынатын тауар өндірісі дамымаса, баға
одан әрі шарықтай береді. Нәтижесінде халықтың әл-ауқаты нашарлайды.
Өмірде қағаз ақшаның құнсыздануын қалай байқауға болады?
Кенет бүкіл тауарлар бағасы жоғарылйды, әсіресе, бірінші кезекте
тұтынатын заттардың бағасы өседі, ал жалақының, зейнетақы және
жәрдемақыныңы өсуі керекті заттар бағасының және көрсетілетін қызметтер
бағасының жоғарылауынан едәуірк ем жүреді.
Жалпы қағаз ақшаның құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән құбылыс.
Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр
түрлі купюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын –
доллар, Ресей – рубль, Қазақстан – теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың
кешіліктері де бар. олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден,
оларды ұрлап алу өте онай екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа түседі.

Өндірістің даму, коммерциялық және банктік несиелеу саласының кеңеюі
нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін
қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар несиелік
қағаздар пайда болды.
Қағаз ақшаның эмитенттері – Қаржы министрлігі немесе мемлекеттің
Орталық банкі. Бірінші жағдайда, мемлекет өз шығындарын жабу үшін ақша
басып шығаратын станоктарды тікелей пайдаланады. Ал екінші жағдайда, оны
жанама түрде жүргізеді, яғни орталық банк мемлекеттік бюджеттің кемшілігін
толтыруға оған несие береді. Шығарылған қағаз ақшаның көрсетілген құнымен
оны шығаруға кеткен құнының айырмасы эмиссиялық табыс – мемелкеттік
табыстың едәуір бөлігін құрайды.
Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралдары ретінде мемлекет
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған Қазақстандағы олардың
эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны
және оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма
мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағазақшалар екі
қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын
стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызыметін атқара алады.
Қағаз - ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың
ұзақ, дердесі айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген
кемшіліктері бар Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.

2. Несиелік ақшалар және олардың дамуы
2.1. Несиелік ақшалар және олардың түрлері

Қағаз ақшаға тән кемшіліктер несие ақшаларын пайдалануға байланысты
бірсыпыра жойылуы мүмкін. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты
оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейді, бұл – тауар несиеге сатылды
деген сөз. Несиені қайтару кезінде несие ақшалары пайда болады. Демек,
несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын құнның қағаз
белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.
Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер әр
түрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік
операцияларды орындағанда шығарады. Сөйтіп, қарыз бергенде банк қарыз
алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі
өткеннен кейін берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек.
Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма-қол ақшамен де өтеледі. Сонда несие
ақшаларын айналымға шығару және оларды кейін қайтарып алу шаруашылық
процестерге байланысты орындалатын несие операцияларының негізінде
жүргізіледі.
Банктің кассасынан қолма-қол ақша беру мен қарыз берудің арасындағы
байланыс және банкке қолма-қол ақшаның түсуі мен қарыз берешегін өтеудің
арасындағы байланыс әрбір жеке қарыз операцияларын орындағанда байқалмайды,
ол осы операциялардың: қарызды беру мен оны өтеу және банктің кссасына
қолма-қол ақшаны беру мен кассаға ақша түсіру операцияларының жиынтық
көлемінде көрінеді.
Несие ақшаларының ерекшелігі – оларды шығару іс –жүзіндегі айналым
қажеттілігінен туындайды. Несие операциялары нақты өнімді өндіру және оны
сату процестеріне байланысты орындалады. Қарыз, әдетте, белгілі бір
қорлардың құрылуын қамтамасыз ету үшін берілсе, ал оны қайтару қордағы
құндылықтардың қалдығы азайғанда жүргізіледі. Осыған байланысты қарыздарға
берілетін төлем құралдарының көлемі мен айналымның ақшаға нақты мұқтаждығын
үйлестіруге мүмкіндік туады. Несие ақшаларының бұл ерекшелігі – оның ағаз
ақшадан ең негізгі артықшылығы.
Егер осы үйлесімдік байланысы бұзылса, несие ақшалары өзінің
артықшылығынан айырылып, ақшаның қағаз белгісіне айналады. Несие ақшалары
айналымындағы үйлесімділік әрбір несие операцияларын орындағанда пайда
болмайды, олардың жиынтығы, жалпы халық шаруашылығы бойынша жүргізілген
несие операцияларында байқалады.
Қазіргі уақытта өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде ақша айналысынан
қағаз ақшаларды несие ақшалары ығыстырып шығаруда. Себебі:
➢ біріншіден; несие ақшалары қолдануда икемді және оларды қолдану
аясын шаруашылықтың қажетіне орай тез ұлғайтуға мүмкіндік береді;
➢ екіншіден, оларды пайдалану айналыс шығындарын азайтуға өндіріс
ауқымын дамытуға мүмкіндік туғызады.
Несие ақшалары өте ерте заманнан пайдаланылып келеді. Мысалы, төлем
міндеттемесінің ең жай түрі – қолхат сауда келісімдерінде жаңа дәуірге
дейінгі бір мың жылдықта Вавилонда пайда болған.
Қазіргі несие ақшаларының эволюциясы : вексель, банкнота, чек, несие
карточкалары (электрондық ақша) болып бөлінеді.
Өндірістегі жұмыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналымының құрылысы
Ақша жүйесі туралы
Ақша айналысы мен заңы
Ақша және ақша жүйесінің теориялық негіздері. ҚР ақша жүйесі
Ақша айналымының түрлері
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Ақша айналысы, оның маңызы мен құрылымы
Ақша - жалпыға ортақ тауардың эквиваленті
Ақшаның пайда болуы және оның мәні
Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
Пәндер