Арнайы педагогика және қазіргі гуманистикалық білім беру жүйелері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ГУМАНИСТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Арнайы педагогиканың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Гуманистикалық қасиеттерді қалыптастырудағы халқымыздың
мұраларына тарихи шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ГУМАНИСТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Арнайы педагогиканың негізгі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қазіргі гуманистикалық білім беру жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Гуманистикалық білім берудің педагогикалық негізі және
мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Гуманистикалық білім беруді дамытудағы педагогикалық.
психологиялық шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қазақстанның XXI ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдердің деңгейінде болуына ықпал ететін бірден-бір құдірет ---- білімді, тәрбиелі, өнегелі, адамгершілігі және ақыл-парасаты мол ұрпақтардың қанатын шыңдау.
Қазіргі кезде ұлы бабамыз Әл Фараби айтқан “Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы” деген нақыл сөзді ұран етіп, болашақ жастарды қоғам талабына сай, ұлттық дәстүрмен байланыстыра отырып, ауыл жасөспірімдерін өнегелілікке, адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек және де қазіргі ауыл мектептерінде қордаланып қалған проблемаларды уақытысында шешуге атсалысуымыз керек.
Гуманистикалық білімкөпұлтты Қазақстан халқының ұлт ретінде жойылып кетпеуіне және төл мәдениетінің сақталуына көмектеседі. Онда ұлттық сана-сезім, мінез-құлық, рух, діл, мемлекеттік тілді оқушылар бойына ұялату үшін оқу-тәрбие жұмыстарын кешенді түрде жүргізу оң нәтиже берері анық.

Седнев Ю.В. Теория и практика содержания образования. –
Иванова Т . Специализация по-американски, или 90 вариантов
Алферов С.Ю . Непрерывное образование: Опыт развитых стран//Современная
Вульфсон Б.Л. Малькова З.А. Сравнительная педагогика. Варонеж, 1996
Гермунский Б.С. Философия образования для XXІ века// В
Голубева З.Ю. Остраумова Н.Т. Реформа школы и качество
7. Андреев В.И. Система образования в ФРГ.-
Коган О.А. Школа ФРГ и требования ее реформы//
Малькова З. А. Школа и педагогика за рубежом.-М.,1983.
Миронов В.Б. Образование в странах Запада в конце
Судзуки С. Реформа образования в Японии// Педагогика.-1992. -№
Вульфсон Б.Л. Педагогическая мысль в современной Франции.-Москва, 1983.
Джуринский А.Н. Зарубежная школа: История и современность. –Москва
Джуринский А.Н. История зарубежной педагогики. – Москва, 1998.
Джуринский А.Н. Реформы зарубежной школы. – Москва, 1989.
Джуринский А.Н. Сравнительная педагогика. – Москва, 1998.
Малькова З.А. Современная школа в США. – Москва,
Образование в современном мире. – Москва, 1986.
Реформы образования в современном мире. – Москва, 1995
Харламов И.Ф. Педагогика. – Москва, 2000.
Джуринский А.Н. История педагогики. – Москва, 1999.
Храпченков Г.Н, Храпченков В.Т. История школы и педагогической
Құнантаева К.К. Развитие народного образования в Казахстане. –
Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С. Антология педагогической мысли
Күзенбай ұлы А.Е. История Республики Казахстан. -
Корнетов Г.Б. Цивилизационный подход к изучению всемирного историко-педагогического
Иманғалиев А.С. Прогрессивные идеи и опыт народного воспитания

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қорғауға жіберіледі
Кафедра меңгерушісі
__________________
__________________
____________2013 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Арнайы педагогика және қазіргі гуманистикалық білім беру жүйелері
Педагогика пәні бойынша
Орындаған _______________________
Жетекшісі _______________________
Қарағанды 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Арнайы педагогика және гуманистикалық білім берудің теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Арнайы педагогиканың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
1.2 Гуманистикалық қасиеттерді қалыптастырудағы халқымыздың
мұраларына тарихи шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Арнайы педагогика және қазіргі гуманистикалық білім беру жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1Арнайы педагогиканың негізгі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Қазіргі гуманистикалық білім беру жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Гуманистикалық білім берудің педагогикалық негізі және
мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Гуманистикалық білім беруді дамытудағы педагогикалық-
психологиялық шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
5
5
10
14
14
16
18
23
28
29
КІРІСПЕ
Қазақстанның XXI ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдердің деңгейінде болуына ықпал ететін бірден-бір құдірет ---- білімді, тәрбиелі, өнегелі, адамгершілігі және ақыл-парасаты мол ұрпақтардың қанатын шыңдау.
Қазіргі кезде ұлы бабамыз Әл Фараби айтқан "Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы" деген нақыл сөзді ұран етіп, болашақ жастарды қоғам талабына сай, ұлттық дәстүрмен байланыстыра отырып, ауыл жасөспірімдерін өнегелілікке, адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек және де қазіргі ауыл мектептерінде қордаланып қалған проблемаларды уақытысында шешуге атсалысуымыз керек.
Гуманистикалық білім көпұлтты Қазақстан халқының ұлт ретінде жойылып кетпеуіне және төл мәдениетінің сақталуына көмектеседі. Онда ұлттық сана-сезім, мінез-құлық, рух, діл, мемлекеттік тілді оқушылар бойына ұялату үшін оқу-тәрбие жұмыстарын кешенді түрде жүргізу оң нәтиже берері анық.
Әрбір тәрбиелеп отырған азаматтарымыздың ұлттық санасын оятып, жоғары деңгейге жеткізсек, сонда ғана біз әрі алғыр, әрі батыл, әрі шапшаң, өз заманымыз ақыл-ойын толық меңгерген, тайсақтауды білмейтін нағыз текті ұрпақ тәрбиеледік деп мақтанышпен айта аламыз. Ендеше қойнауы кенге толы жеріміздің байлығын, ырыс-құтымызды, дәулетімізді төгіп шашпай ұстайтын, жүректерінде түйсік-танымы бар, ата-бабамыздың бай тәрбиелілік құралдарымен тәрбиеленген жігерлі жігіттер, ибалы қыздар бүгінгі қоғамның басты сұранысы болып отыр.
Патриотизмнің биік үлгісін сөзімен де, ісімен де көрсете білген халқымыздбың біртуар азаматтарының бірі М. Жұмабаев "Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті" деген екен. Халқымыздың бай тәжірибесіне сүйене отырып, өскелең ұрпақты руханилыққа, өнегелілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу--- мемлекеттің, білім беру мекемелерінің, жанұяның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Ұрпақ тәрбиесі ертеңді күтпейді.
Әрбір ел келешегі --- мектебіне байланысты. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысты. Мектептен мемлекет мәдениеті көтеріледі десек, бұл болашаққа үміт, тілегіміз мектептен басталады деген сөз.
Еліміз егемендікке ие болғалы шынайы ұлттық мектептің іргетасы қалана басталды. Төл оқулықтарымыз жасалып, ғылым негіздерін оқытудың жаңа тұжырымдамалары іске асырылуда. Ұлттық мектептер ұлт тарихын, тілін, мәдениетін оқып,зерттей отырып, әлемдік деңгейдегі білімге ұмтылуда.
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекетімізде бірте-бірте қалыптасып келе жатқан құқықтық-демократиялық қоғамның ең құнды байлығы адам екендігі баса айтылған. Соған орай білім беру саласында тікелей пайдасы тиетін, күнделікті өмірде іс жүзінде қолданатын білімдерді меңгерумен қатар, парасаттылық пен тұлғаның өнегелік қасиеттерін қалыптастыру жағына баса назар аударудың өзектілігі арта түсуде,
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Респулика Бі лім және Ғылым қызметкер лерінің 2-съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі -- шығармашылық тұрғыда ойлай білетін жеке тұлғаны мәдениетті, рухани биік деңгейде тәрбиелеу, өнегелік қасиетін қалыптастыру болып отырғандығына бюаса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берум ен қатар, адалдық, адамдық, ізгілік, отанынсүйе білу сияқты асқақ сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып ондығын ерекше атап көрсетті. Осыған байланысты жалпы адамзаттық қадір-қасиеттерінің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді, ізгі ұрпақ тәрбиелеу міндетін тәрбиелеудегі ең негізгі мәселе жалп білім беретін орта мектептің - оқу-тәрбие процесін ұлттық негізге құру болып отырғандығы айқындалған.
Зерттеудің мақсаты: Арнайы педагогика саласында оқушының интеллектуалдық қажеттіліктері мен аралық қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамыту, өмірге бейімдеу арқылы жеке тұлғаның өсуіне жағдай тудыру, адамға өзін-өзі, шындықты тануды ұйымдастыратын гуманистикалық білім беруді теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1) Оқушыларды ізгілікке, жеке тұлғаға негіздеу
2) құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам идеясы ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.
3) Оқушыларға ізгілік білім беру іс-әрекеттерін ұйымдастырудың моделін құру.
1 Арнайы педагогика және гуманистикалық білім берудің теориялық негізі
1.1 Арнайы педагогиканың теориялық негізі
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пəніне ие салыстырмалы дербес білім саласы (Педагогика оқулықтарының ең соңғы басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т.б.).
Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі - бұл педагогикалық дерек (құбылыс). Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-əрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық-тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.
Педагогика пəні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану, жантану, экономика жəне де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген еңбек ресурстарының шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады.
Социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде дайындықтан өткен адамдардың əлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми-техникалық үдеріске жəне əлеуметтік өзгерістер жолында ықпал ету мүмкіндіктерін білгісі келеді.
Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын негізге ала отырып, білім саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай болмақ? Психолог білімді педагогикалық үдеріс ретінде қарастыра отырып, оның психологиялық қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам дамуының нақты кезеңіндегі мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға ұмтылады т.с.с.
Əлеуметтік құбылыс болған білімді зерттеудегі əртүрлі ғылымдардың қосқан үлесі, əлбетте, құнды да қажетті, бірақ олардың бəрі де адамның күнделікті өсу жəне даму процестерімен байланысқан білімнің мəндік астарын жəне сол даму процесіндегі педагог пен оқушы ықпалдастығы мен оған сəйкес жүйелік құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды да, себебі аталған проблемалардың баршасы арнайы ғылым - педагогиканың зерттеу нысандары.
Осыдан, педагогиканың пəні - арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында - мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру - озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;
- анықтау (диагностикалық) - педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
- болжау (прогноздау) - барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) - педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;
- жаңалау - тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе, пайдалану;
- ықпал таныту (рефлексивтік)жəне реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу-тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім мəні - əр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны жоғары моральдық жəне азаматтық мұраттар рухында тəрбиелеу.
Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты танылған - үлкендердің бедел - абыройына жəне балалардың бағыныштылығына негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым, шəкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші - гуманистік ағым. Олардың арасында - сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.
Педагогика - кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы.
Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия - педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс ретінде тəрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу жəне оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады.Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика.
Жалпы педагогика - адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары - мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т.б.
Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен - жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика зерттейді.
Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда.
Өз дамуында əрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы жəне тəрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі кемдер- олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пəндік əдістемелер құрайды. Олар оқу-тəрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пəндерінің оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту əдістерімен əрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті. Педагогиканы оқыту əдістемесі де жоқ емес. Қолыңыздағы оқу құралы осы əдістеме талаптарына лайық жазылған. Соңғы он жылдықтарда педагогиканың барша салалары дəстүрлі əдістемелерден ерекшеленген, нақты жағдайларда жоғары нəтижеге жеткізуші ең тиімді деген жолдар мен тəсілдерді түзуге көмектесетін жекеленген технологиялар жасау бағытында дами бастады.
Тəрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дəл жəне техникалық білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар - кибернетикалық, математикалық, компьютерлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен жедел оқыту жүйесі) жəне т.б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.
Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде танылған. Бұл жүйеде мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі тəрбие процесі əсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны жоғары кəсіптік деңгейде басқара білу қажет. Өз проблемаларын шешу барысында педагогика көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.
Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.
Сонымен қатар қазір негізгі мәселе Баланы қалай оқыту керек?, Ойлауға қалай үйрету керек?, Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек? дегенге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беруге көшуде мектеп алдына негізгі үш бағыт басшылыққа алынады: оқушының жеке қабілетін, әлеуеттік мүмкіндіктерін, ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент - мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру; профильдік компонент - профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңдігін, оқылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру; тұлғалық компонент - оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
Педагог оқу іс-әрекетінде ынтымақтаса отырып, баланың бойына түйінді және пәндік құзыреттердің қалыптасуына жағдай жасайды. Ол үшін болашақ бастауыш сынып мұғалімі осы мақсатқа сай даярлануы керек.
1.2 Гуманистикалық қасиеттерді қалыптастырудағы халқымыздың мұраларына тарихи шолу
Күллі адамзат қауымында өткен ақыл-парасат алыптарының ой-кермегін тартып, тіршілік тұңғиықтарын терең толғап ұғынған сайын кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз. Сонау көне дүние данышпандары Сократ та, Платон да Аристотель де төрткүл дүниенің тылсым сырларын ата-бабаларымыз Әл Фараби, Әбу Райхан Беруни, Ғаббас Ибн Сейд Әл Жауһари, Жүсіп Баласағұн т.б. мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттары тікелей адам тәрбиесіне астасып жатыр. Тіпті кешегі өткен Декарт Локк, Ян Амос Коменский, Жан-жак Руссо, Лев Толстой да тәрбие саласына ерекше көңіл бөлген. Қазақ баласының өнегелілік қасиетінің қалыптасуына ең әуелі шоқтығы биік болып көрінетін құдіреттің бірі - халық педагогикасы. Осы тұста қазақ халқының ұрпағына қалдырған аксиомалық ұғымдарды еске түсіреді. Алып анадан туады тылсым сыры әлі ашыла қоймаған ұлағатты сөз бар.
Адамдардың мінез-құлығы мен ар-ұжданы негізінен ақыл-парасат және жүрек тәрбиесінен алады екен. Осындай тұжырымды Абай Құнанбаев та құптайды.
Әл Фараби жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде ғана адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ, - дейді.
Адам мінезін негізінен тәрбиелеп қана жетілдіруге болатынын айтқан ұлы Абай: Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық, - деп адамның шынайы, саналы өмірін дәріптеген.
Тәрбиелі, өнегелі, адамгершілігі бай адамның бойынан байқалатын ұят пен ар, ізгілік, мейірім, имандылық пен инабат-ұждан ұғымына саяды. Ал, адам табиғатындағы ұждан деген қасиетті сипаттың тербелетін бесігі тек жүрек тәрбиесімен ғана үндесіп жататындығы белгілі.
Абай жүрек қалыптастыратын ұждандық сипатқа ерекше мән берген. Ол адам ғұмырында жүректің орнын алдыңғы қатарға қояды. Тіпті ақылдың тереңдігін күшейтетін де жүрек деп біледі. Сондықтан да ол:
Ақылмен бойлап білген сөз,
Бойыңда жұқпас сырғанар,
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырға қуалар ,-
деп адам тәрбиесінің темір қазығын жүрекпен байланыстырып отыр. 14-сөзінде Тірі адамның жүректен алушы жері бар ма , Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр дегені.
... Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларсың --- жүректе жігер, қайрат байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне нанбаймын,---- деп терең нақтылықпен тәрбие тетіктерінің сырын ашып отыр.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста тіршілік, әдеп, инабат үрдісінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни, баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, өздерінің адамдармен қарым-қатынасында оны мүлтіксіз жүзеге асыруында. Өз ата-анасын құрметтейтін, перзенттік парызы үлкен орындалмайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр! Баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауы - адамшылдығының белгісі.
Отан -- адамның түп-тұқияны, кіндік қаны тамып, өсіп-өнген жері. Сондықтан адамның Отан анасын ұмытпай, ата-мекенін жаудан қорғап, ата ерлігін сақтау, жалғастыру, туған жерді қастерлеуі ана сүтімен бойымызға дарыған қасиет.
Б.Байрон Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды,- деген. Адамның өнегелілік қасиетінің қалыптасуы оның өзін-өзі басқаруы мен тұрмыста тәлтіректемей табанынан тік басып, мығым тұра білуі іс-қимыл шеберлігіне байланысты. Адамның осылай саналық қалыптасуындағы шешуші фактор -- еңбек болып саналады.
Еңбек адамның шаруашылық мүмкіндігіне кең өріс ашып, оны жүзеге асыруға жігерлендіреді. Философ Жан Мари Гюго Адам жұмыс істеген уақытта ғана толық адам болады дейді. Ал, Абай Құнанбаев Еңбек, қуаныш, жалқаулық -- айрылмас азар,- деп шегелейді. Еңбектің қасиетін жан-жақты адам бойында қалыптастыру - отбасы, ата-ана, ұстаз-тәрбиешілердің міндеті.
Еріншектік, жалқаулық, жатыпішерлер, арсыз арамтамақтар - халық жиіркенішпен қарайтындар, жанбай жатып өшетіндер екендігін ұғындыруымыз керек.
Әділеттілік -- мұсылмандардың барлық ұрпағының ой-пікірі, дүниетанымы, адамгершілік көзқарасының өзегін құрап, қанына сіңген ұғым болып табылады. Мұсылман әдетінде әділеттілік - іргелі және әмбебап ұлы қасиет, халық ұғымында әділдік үшін күрес ----- шынайы адамшылдық өмір үшін күрес деп есептейді. Адамның ең аяулы өнегелі қасиеті --- турашылдығы десек, турашылдық сол әділдіктен нәр алады. Әділдіктің жоқтығынан ел азады. Адамдардың жасампаздық күші сарқылып, биліктің іргесі шайқалады. Сондықтан жасөспірімдер бойына әділдік үшін күресті дарыта алсақ, ертеңге сеніммен қарауға болады - деген Ш.Құдайбердиевтің сөзі өнегелі қасиеттің өресін кеңейте түседі.
Адалдық - адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірі. Ол жалған сөйлемеу, жалтармау, уәдесінде тұру сияқты қасиетті қамтиды. Баланы адалдыққа тәрбиелеу, адал еңбекке, әдептілікке үйретуден басталады. Бала өз ризық, несібесін өз еңбегімен, яғни адалдықпен тауып жеген адамның ең ардақты, халық алдында құрметті, сыйлы кісі саналатынын түсініп, сондай болуға өзі де талпынатындай үлгі-өнеге көріп, біліп өсуге тиіс. Адалдық артық, арамдық жамандеп, күтіп отыруға болмайды. Бала бойында халық рухымен сыйыса алмайтын қасиеттен арылтуды ертеден бастау керек.
Парасат -- жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым. Француз философы Г.Мамбе: Біздің бойымызға біткен ішіндегі ең маңыздысы және ізгісі парасат,-- дейді.
Парасат ұғымын Абай адам болу, толық адам деген сөздермен белгілейді. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- деп тұжырым жасайды.
Адам үшін ең қымбат қазына -- әдебиеттегі, өнердегі тағылым, тәжірбие. Бұларды біз нағыз классикаға бағалаймыз, өйткені бұл құндылықтар адамды даналыққа, өнегеліліке баулиды. Ал даналық, өнегелілік адам үшін өмір өткелдерінен сүріндірмей, жаңылдырмай алып шығатын шырақ, нысана, компас деуге болады.
Өнер -- ой-сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын адам әрекетінің бір түрі. Халық өз дүниетанымын, салты мен дәстүрін, ғұмырлық тарихын ең алдымен өнерге сіңірген, сол арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған асыл, рухани қазыналарын, қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіріп,өнегелілік қасиеттерін қалыптастыруды өнер арқылы тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі.
Қазақ халқының мәдениеті ---- оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып-үйрену ---- қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс-тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі. Тарихқа шолу жасасақ, ол сонау Орхон-Енисей жазуынан бастап Қорқыт, Әл Фараби, Ж.Баласағұн, Иссауи, Ө. Тілеуқабылұлы т.б. сияқты орта ғасыр ойшылдарының шығармаларынан бастау алады. Олардың іішінде адам баласы қанша өмір сүрсе де, ешбір ескірмейтін, қадір-қасиетін жоғалтпайтын, бүкіл азаматтық мәнге ие болып қалыптасқан құндылықтар, ұрпақты салауаттылдыққа тәрбиелеудегі жоғарыдағы өнегелері өз мәнін жоймайды. Мәселен, Қорқыт жырлары имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді. Көбінесе біз Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде... барсақ та Қорқыттың көрі деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам баласына айтылған ескертулер мен пендешілік құрыққа түспеуге меңзейтін болжамдар.
Қорқыт баба --- қазақ даласының ұлы ойшылы, күйшісі. Қобыз өнері - қазақ музыка мәдениеті тарихында ерекше орын алады. Халық қобыз үнінде адамды қайғы-қасіреттер, қиындықтан, өлімнен құтқарушы құдіретті күш бар деп ерекше қадірлеп, сеніп, қастерлеп, құрметтеген. Күй - өткен өмірдің тілсіз шежіресі.
Адам жүрегін тебірентетін толғауы тоқсан түрлі күйлер шығарып, әсерлі ән мен сазды күйлер ұрпақтан ұрпаққа тарап, халық жүрегінде мәңгі сақталатынын, жанымен тарап, халық жүрегінде мәңгі сақталатынын жанымен түсінген Қорқыт: Өлмейтін өмір кілті ---- өнерде деген. Қорқыттың көтерген мәңгілік құндылығы -өмірсүйгіштік.
Кең байтақ ұлы даланы мекндеген халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің, тіпті мінез-құлықтарының да біркелкі, ұқсас келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным, Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі-өнеге.
Қазақ халқы -- рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы-сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, мақал-мәтел, шешендік сөзі, айтыс өлеңдері сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ұжданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса, еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі басты фактор болып табылады.
Өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар!-- деп Л.Н. Толстой айтқандай, ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес.
2 Арнайы педагогика және қазіргі гуманистикалық білім беру жүйелері
2.1Арнайы педагогиканың негізгі түсінігі
Педагогиканың негізгі ұғымдарының қатарына дамыту, білім беру, оқыту, тәрбиелеу жатады.
Даму - бұл адамдарда жүріп жататын сандық және сапалық өзгерістердің желісі мен нәтижесі. Даму үдерісі тұрақты да үздіксіз өзгерістермен, бір жағдайдан екінші жағдайға өту, қарапайымнан күрделіге, төменгіден жоғары деңгейге ауысулармен байланысты келеді.
Адамды дамыту деп - ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, әлеуметтік және табиғи факторлар ықпалымен оның тұлғасының бірте-бірте қалыптасуының барысын айтамыз. Адам тұлғасының психикалық, күш-қуаттық және жалпы дамуын бөліп қарау керек.
Психикалық деп - тұлғасының зиялығының, көңіл-күй сезімдерінің, еркінің қажеттіліктерін, қабілеттерінің дамуы деп түсінеміз.
Тұлға дамуы-шынайы болмыстағы аса күрделі үдеріс. Бұл үдерісті тереңдей зерттеу үшін казіргі заман ғылымы дамуды құрайтын бірліктерді жіктеу жолына түсті, яғни дамуға байланысты дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және басқада сапа-қасиеттер дараланып, өз алдына қарастырылуда.
Тәрбие - адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіру, аға ұрпақ пен жас ұрпақтың өзара бір-бірімен әрекеттесу процесі.
Арнайы педагогикалық мағынада тәрбиелеу - қоғамда тұлғаның, оның қатынастарының, өзіне тән белгілерінің, сапаларының, көзқарастарының, сенімдерінің, тәртіп-тәсілдерінің дамуы мақсатына бағытталған ықпал барысы және нәтижесі.
Кең мағынада тәрбиелеу - мақсатқа бағытталған оқытудың және тәрбиелеудің әсерімен адам тұлғасы дамуының барысы және нәтижесі. Тұлғаны қалыптастыру - орта, тұқым қуалау және тәрбиенің ықпалы мен адам тұлғасының даму барысы және нәтижесі.
Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өз бойында өзі қалаған, өзіне ұнаған қасиеттер мен қабілеттерді, мінез-құлықтарды, әдет пен әдепті, дағдыларды қалыптастыру мақсатында саналы, мақсатты, белсенді жұмыс істеуі.
Қайта тәрбиелеу - осыған дейін қолданылған тәрбие әдістері мен тәсілдері, формалары нәтиже берген жағдайда, тәрбие әдістер мен тәсілдерін, формаларын түбегейлі өзгерту.
Қалыптасу - ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, барлық факторлардың ықпалымен адамның әлеуметтік тірі жан иесі ретінде дамып жетілуі.
Білім беру - оқушылардың ғылыми білімдер, танымдық біліктер мен дағдылар жүйесін меңгеруінің, осылардың негізінде дүниеге көзқарасының, құлқының және адам тұлғасының басқа да саналарының қалыптасуының, жасампаз күштері мен қабілеттерінің барысы және нәтижесі.
Білім беру - ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, соның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік және т.б. жағымды қасиеттерді қалыптастырып, жеке адамның шығармашылық қабілетін дамыту.
Өздігінен білім алу - адамның өзін қызықтырған сала ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz