Банк және банктен тыс мекемелердің есебі


Курстық жұмыс
Пәні: Бухгалтерлік есеп теориясы
Тақырыбы: «Банк және банктен тыс мекемелердің есебі»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
- Бухгалтерлік есеп түсінігі мен саясаты . . . 5Есеп саясатын дайындау . . . 5Банктің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру . . . 9ҚР-ның бухгалтерлік есеп заңы және банктердің есеп стандарттары . . . 12
- Банк және банктен тыс мекемелердің есебі . . . 18
2. 1. Банк және банктен тыс мекемелер есебінің мәні және
есеп шоттарының жазылуы . . . 18
2. 2. Банк және банктен тыс мекемелер есебі, есеп шотының құрылымы
мен түрлері . . . 24
2. 3. Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі . . . 38
3. Қорытынды . . . 42
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 44
Кіріспе
Қазіргі ақша-несие саясатының тиімділігі және тұрақты экономикалық өсу көп ретте ел экономикасының қаржы секторының жай күйімен байланысты. Ал осы қаржы секторының маңызды құрамдас бөлігінің бірі банк жүйесі екені анық.
Екінші деңгейлі банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды.
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төледері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Банктің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету жалпы экономика дамуының басты шарты.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Бұл жұмыстың ғылыми құндылығы сонда, бұнда нарықтық қатынастар жағдайында банк және банктен тыс мекемелер есебіның теориясы мен тәжірибесінің мәселелері жүйелі түрде мазмұндалған.
Осы жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, олардың қызметтері мен операцияларын қарастыру, кең көлемде қолдануын әрі тиімділігін қарастыру.
Осы жұмыстың мақсаты - банк және банктен тыс мекемелердің есебінің мазмұнын ашу, есеп шоттарының жазылуын көрсету, оның ішінде дәстүрлі және дәстүрлі емес операцияларын қарастыру, қаншалықты қолданылатынын зерттеу.
Осы жұмыстың міндеті - банк және банктен тыс мекемелермен жүргізілетін несиелік т. б. операциялардың есебін қарастыру, пассивтік операцияларға мазмұн беру.
Жалпы жұмыстың зерттелу деңгейіне тоқталсақ, банк және банктен тыс мекемелердің есебі өте ауқымды тақырып, оны бір ғана жұмыстың көлемімен шектеу мүмкін емес. Жалпы осы тақырып шетелдік және отандық мамандар тарапынан жан-жақты зерттелген.
Жұмысты орындау барысында келесі экономикалық-статистикалық зерттеу әдістері қолданылады: монографиялық, талдау, конструктивтік-есептік, сызбалық және т. б.
Қолданылған әдебиеттерге келсек, жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік оқулықтар және еліміздегі әрекет етуші бухгалтерлік есеп стандарттары, заңдар мен құқықтық-нормативтік материалдар, сондай-ақ, ағымдық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен статистикалық мәліметтер қолданылды.
- Бухгалтерлік есеп түсінігі мен саясатыЕсеп саясатын дайындау
Қаржылық есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның қаржылық есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинатап қорытындылау жолдарын айтады.
Қаржылық есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, қаржылық есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амаладар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатына өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі қаржылық есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған қаржылық есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітіуі керек екендігі көрсетілген.
Бұл бекітілген құжаттардың қатарына мыналар жатады:
- қаржылық есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- қаржылық есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
- алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
- актив пен міндеттемелер инвентаризациясын өткізу тәртібі;
- актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
- шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
- қаржылық есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
- меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив т. б. ) ;
- салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және т. б. ) ;
- қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
- салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлерібойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері, т. б. ) ;
- қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері) ;
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша) ;
- материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және т. б. ) ;
- кәсіпорындағы бухгалтер мамандардың, қаржы бөлімі қызметкерлерінің біліктілігі мен басшылардың экономикалық батылдылығы мен тапқырлық деңгейі.
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері қаржылық есеп пен қаржылық есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері қаржылық есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері - әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отырады.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты қаржылық есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
Есеп саясатын дайындау. Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік сепе және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
- бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
- жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты жіне т. б.
Кәсіпорынның қаржылық есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік қаржылық есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты жазылады.
- Банктің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Банктің бухгалтерлік есебінің әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ақуалынан олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады.
Банк бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуге болады.
1. Қызмет көрсетуге кеткен шығындар мен қызметті калькуляциялау есебінің әдісі. Банк калькуляциялау мен есеп объектісін, шығындарды жанама және тікелей көрсету тәртібін анықтайды. Банк өзінің негізгі қызметінің сипатына байланысты өзіндік құнының калькуляциялануы мен қызметіне кеткен шығынын есептеу үшін нормативтік немесе тапсырыстық немесе бірнешеуінің үйлескен түрін алдын-ала таңдай алады.
2. Таңдап алынған әдістердің жинақ есебі арнайы нұсқамен жүргізілуі мүмкін.
3. Үстеме шығыстарын есептеу және тарату:
Банктің бухгалтерлік балансы 1-кестеде көрсетілген. Банктер өздерінің қаржылық есептерін «Финансовые инструменты, признание и оценка» 39 Бухгалтерлік есебінің халықаралық стандарты талаптарына сай жасайды.
Кесте 1 - Банктердің бухгалтерлік балансының жобасы
Активтер
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленті
Міндетті резервтер
Шынайы құн бойынша қаржылық активтер, пайда мен зиянды есепке ала отырып
Несие мекемелеріндегі қаражаттар
Клиенттерге берілген займ
Ассоцирленген компаниялардағы инвестициялар
Негізгі қорлар
Капиталдық салымдар бойынша дебиторлар
Пайдаға салынатын ағымдық салықтар бойынша талаптар
Пайдаға салынатын мерзімі өткен салықтар бойынша талаптар
Басқа да активтер
ҚР Үкіметі және ҚРҰБ қаражаттары
Несие мекемелерінің қаражаттары
Клиенттер қаражаты
Шығарылған қарыз бағалы қағаздар
Пайдаға салынатын ағымдық салықтар бойынша міндеттемелер
Басқа да міндеттемелер
Жарғылық капитал
- жай акциялар
- прилегированный акциялар
Қосымша төленген капитал
Негізгі қорларды қайта бағалаудағы резерв
Бөлінбеген табыс
Банк басқармасы тәуелсіз аудиторлардың тексеруі арқылы өздерінің қаржылық есебін қате деп тауып, қайта есептеулеріне болады. Мысалы, комиссиондық табыстың барлығы клиенттер қарызының барлық мерзіміне амортизациясыз алынған комиссиондық табыс ретінде есептелген болса, яғни клиенттер қарызы бойынша комиссиондық сыйақының амортизацияланбаған бөлігі қарыздар бойынша пайыздық табыс ретінде есептелінсе, онда банк «Учетная политика, изменения в расчетных бухгалтерских оценках и ошибки» 8 Бухгалтерлік есебінің халықаралық стандарты талаптарына сәйкес қайта есептеп, нәтижесінде Банктің пайда және зиян туралы есебін дұрыстап алуға болады.
Күнделікті операция күні басталғанға дейін сағат 8. 30-да филиалдың орталық офисіндегі ООБ-не жауапты қызметкер әр кассир бойынша бүгінгі күнгі кассаны анықтайды. Кассир үшін кассаны анықтау автоматтандырылған жүйеде «Кассы и обменные пункты» бетінде «Кассиры» деген тетікті «қосу» немесе «өшіру» арқылы жүргізіледі. егер кассир касса да және айырбас бөлімінде де бір мезгілде жұмыс істейтін болса, онда кассир екі рет қосылуы керек.
Инкассаторлық сумка мен қосымша құжаттарды ООБ басшысы ақшаны кассирге есеп негізінде береді. Егер кассир касса да және айырбас бөлімінде бір мезгілде қатар жұмыс істесе «Выдать аванс в подотчет кассиру» операциясын екі рет: бір рет касса үшін, екінші рет айырбас бөлімі үшін енгізу қажет. Бұл операция «Кассы и обменные пункты» - банк өнімінде көрсетілген. Операцияны жүргізу параметрлері «Кассы и обменные пункты АО ТБ» құжаттарында сипатталған.
Әрбір кассадағы бағдарламаның енгізілуінің әр түрлілігіне байланысты касса құжаттарын тіркеу «Проведен» немесе «Принят кассиром» тетіктерін басу арқылы жүргізіледі.
ООБ басшысы әр кассаға құжаттарды тіркеу операциясын аяқтаған соң кассир өз кассасының шотындағы қалдықты «Счета касс кассира» тетігі арқылы тексеру қажет. Егер қалдық ноль болса, кассир кассалық құжаттарды тауып, құжат жағдайын қарайды. Құжаттар «на подтверждение» жағдайында болса, кассир «Получение документа кассиром» операциясымен құжаттарды Документы - Платежные документы - «Список всех документов» тізбегі арқылы өткізеді.
Егер кассалық құжаттар «Проведен» жағдайында болса, ал касса шотында қалдық жоқ болса, құжаттардың тіркелу дұрыстығын тексеру керек.
Кассалық құжаттарды тексерудің тағы бір варианты «Документы» - «Документ учета ценностей» тізбегі арқылы құндылықтар есебі құжатын тауып, алдын ала сомма, айы-күні бойынша фильтр қою.
Айырбас бөлімінде операция орындау реті:
а) аванс беру/кассир есебі негізінде. Бұл операция «02. Выдать аваес/в подотчет кассиру» операциясымен орындалады.
б) сату/сатып алу операциясы. «Кассы и обменные пункты» бөлімінде «Кассиры» тізіміндегі «добавить операцию» операциясымен орындалады.
с) реестрді жабу. «Кассы и обменные пункты» бөлімінде «04. Закрытие реестров» операциясымен орындалады. Мұнда міндетті «кассир» параметрінде айырбас бөліміндегі сату/сатып алу операциясын жүргізуші кассирдің фамилиясы, аты-жөні толтырылу керек.
д) проводка құру. Бұл операция «04. Сформировать проводки по реестрам» операциясымен орындалады. Міндетті параметр «кассир» және «дата».
е) кассир есебін қайтару. «05. Возврат остатков/подотчет кассира» операциясымен орындалады.
и) кассир есебін қайтару операциясы орындалған соң «Кассы и обменные пункты» анықтамалығында кассир өз шотын тауып, қалдықты тексереді. Қалдық нөл болу керек.
Операциялық күн бойына кассир «Кассы и обменные пункты» өнімінде тек валюта-айырбас операциясын ғана жүргізеді.
Ақша қабылдау және беру бойынша кассалық операциялар мынадай өнімдерде жүргізіледі:
- халықтан төлемдер қабылдау,
- жеке тұлғалардың депозиттері;
- бизнес-төлемдер.
Операциялық күн аяқталғанда кассир сол күн есебін басып шығарады:
- валюта түрлері бойынша кіріс/шығыс кассалық журналын;
- қалдық пен касса айналымы туралы есептік анықтаманы;
- сатылған және сатып алынған валюталар реестрін;
- валюта, касса шоттары бойынша жазбаны.
Кассалар мен айырбас бөлімінің жұмысы туралы мәліметтер осы бөлімнің қосымшасында келтірілген.
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп заңы және банктердің есеп стандарттары
24 шілде 2002 жылдан бастап № 329-11 Қазақстан Республикасының Президентінің каулысы бойынша Бухгалтерлік есеп Заңына өзгерістер еңгізген. Қазақстан Республикасының қаржы министірлігінің бұйрығы бойынша 22-желтоқсанда 2005 жылда № 426 Халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп халықаралық стандартқа көшкен. Бухгалтерлік есеп туралы заңда 5 тарау бекітілген.
1. Тарауда жалпы ережелер жазылған сол ережелерге сәйкес бұл заң жеке кәсіпкерлікке заңды тұлғаларға. Қазақстан Республикасының аумағында бекітілген міндетті түрде әсер етеді. Бухгалтерлік есеп қаржылық есеп беруін осы заңға сәйкес тапсырады.
2. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бұл заңда бухгалтерлік есеп стандарттары және типтік жоспары ұсынылған және бухгалтерлік есеп жүргізу.
3. Тарауда қаржылық есеп беру әлеуметтері мен бағалау.
4. Тарауда Қаржылық есеп беру туралы.
5. Тарауда соңғы ережелер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп заңын бұзғаны үшін жауапкершілік.
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолданылу аясы (орны) . Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта банктің есеп саясатына түсінік беріледі.
Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі де мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары. Әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл банктің құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Голландия, Жапония, Ирландия, Канада, Мексика, ¥лыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің келісімге келуімен іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда аталған елдерден жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка Республикасы, Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және түсініктері үшін табыс алып отырады. Сонымен қатар бұл комитетке бухгалтерлердің халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты - мына төмендегілерді орындай отырып, қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
1. қаржылық ақпаратты кұру барысында қажетті міндеттер;
2. ақпараттық жүйені құру принциптері;
З. осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
4. қаржылық есеп берудің элементтері;
5. өлшеу және мойындау критерийлері.
Қаржылық есептің максаты - банктің қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ банктің қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпаратық мәліметтердің болуы қажет:
1. қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті мәлімет;
2. ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz