Банк несиесі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Банк несиесінің экономикалық негізі

1. 1 Банк несиесінің экономикалық мәні қажеттілігі, несиенің құрылымы

мен түрлері

1. 2 Несиелік қабілетті бағалау - банктің несиесін басқарудың негізі

2. Банк несиесінің Қазақстанда қалыптасу және даму жағдайы

2. 1 Қазақстандағы банктің несиелік операцияларының мәні және жіктелуі

2. 2 Қазақстандағы екiншi деңгейлi банктердiң несиелік операцияларын

талдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық
өзгерістердің негізгі бағыттарының бірі - халық шаруашылығы
механизімінде қаржы сферасының алатын орнының өзгеруі.
Жоспарлы экономика түсында ақша несие ағымдары шаруашылық айналымда айтарлықтай рол атқарған жоқ, тек өндіріс сферасының жоспарланған мақсаттарын орындауға қажетті құрал ретінде ғана қарастырылды. Бірақ нарықтық экономикаға өту жағдайында қаржы ағымдарының мәні күрт өзгерді. Нарықтық экономика тұсында шаруашылық жүргізу субьектілерінде қаржы ресурстарының қажетті мөлшері қолда болуы немесе болмауы шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуының негізін қалаушы фактор болып табылады.

Бүгінгі танда нарықтық экономикада несие - банктік жүйе ерскше орын алып отыр. Жүйе арқылы кәсіпорындардың, үйымдардың, халықтың ақшалай төлемдері мен есеп айрысуларының аса зор көлемі өтеді; бұл жүйе халықтың жинақтары мен табыстарын, уақытша бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырып оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады, сонымен біргс бұл жүйе көптеген қызметтері несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, трасталық т. с. с. көрсетеді.

Қазақстанның нарыққа өтуі көбінесе несиелік қатынастар потенциялының жүзеге асырылуымен байланысты. Бүгінгі танда біздің елімізде несиелік қатынастар бірқатар өзгерістерге ұшырап отыр, сонымен бірге жалпы несиелердің ішінде өтімділігі жоғары қысқа мерзімді несие ерекше көзге түседі. Кәсіпкерлер арасында қысқа мерзімді несие қызығушылық туғызып отыр: Қазақстан Республикасын банктермен экономиканы қысқа мерзімді несиелеу тәжірибеде қалай жүргізіледі; қысқа мерзімді несиені алу үшін мемлекетпен қандай ережелер, нормалар, шектеулер қойылған.

Қазақстанда несиелеу келесі заңдар мен ережелерге сүйеніп жүзеге асырылып, реттеледі: "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы және "Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметтер туралы" заңдары. Бүл заңдар мен нормативті актілер барлық меншік формасындағы банктермен қолдануға тиесілі. Жоғарыда баяндалып өткендер диплом жүмысымның өзектілігін айқындайды.

Курстық жүмысының мақсаты коммерциялық банктердің несиелік портфельді басқарудың теориялық негізін ашу, сондай-ақ "Банк Тұран Әлем" АҚ мысалға алып отырып оның несиелік портфелін басқарудағы ерекшелігін қарастыру.

Осыған байланысты диплом жүмысында келесідей міндеттер қойылды:

  • несиелік операциялар туралы түсінік беру;
  • несиелік операциялардың жіктемесін жасау;
  • коммерциялық банктердің пайдасын құруда алатын орны;
  • коммерциялық банктің несиелік портфелінің сапасына талдау жасап, оны басқаруыдың мақсаттарын анықтау;
  • несиелік портфельдің сапасын жақсарту жолдарын сипаттау;
  • коммерциялық банктердегі несиелік портфельді басқарудың шетелдік тәжірибесімен таныстыру;

Курстық жұмыста жүргізілген зерттеу коммерциялық банктерде несиелік портфельдің қалыптасу ерекшеліктерін түсінуге жүргізілетін несиелік операциялардың көлемін келешкте кеңейту үшін алғышарттар жасау және бұл қадамдардың банктер мен жалпы экономика үшін маңыздылығы мен салдарын анықтауға несиелеу процесінде туындайтын тәуекелділік деңгейін төмендету жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Зерттеу жүмысымның обьектісі коммерциялық банктердің несиелік портфелі, оның ішінде АҚ "Тұран Әлем" банкісінің несиелік қызметі.

Жүмысытың мазмұнын ашуда теориялық әдіс ретінде шетел және отандық экономист ғалымдардың еңбектері пайдаланылды, оның ішінде: Лаврушин И. О. "Банковское дело", Сейтқасымов Г. С. "Управление банковской ликвидностью и методика ее анализа" (автореферат), Калиева Г. Т. "Коммерческие банки в Казахстане и проблемы обеспечения их стабильности", Рид Э; Коттер Р "Коммерческие банки", Садвакасов К. К. "Управленческий анализ деятельности коммерческого банка'" және т. б сонымен қатар Қазақстан Республикасының нормативті қүқық актілері, ғылыми әдебиет, кезеңдік басылым материалдары мен жинақтары қолданылды.

1. Банк несиесінің экономикалық негізі

1. 1 Банк несиесінің экономикалық мәні қажеттілігі, несиенің

құрылымы мен түрлері

Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды: оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы - қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды.

Қарыз мәмілесі ретінде несиені көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасына, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін, дамитын және онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар түрін сипаттайтын белгілер тұрғысынан.

Қарыз пайызы несиенің негізгі атрибуты ретінде несие бағасының иррационалды формасы болды. Қарыз пайзының абсолютты шамасы қарыз алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома деп аталады. Қарыз пайызы тауар өндіріс негізінде пайда болады. Тауар айырбасы жағдайында қоғам пайызды пайдаланбаған кезең де болды. және тек қоғамдық дамудың белгілі бір экономикалық жағдайы белгілі бір сатысында несие үшін төлем өндірістік қатынастардың ажырамас бөлігі болды. Қарыз пайызы, демек қоғамда тұрақты ақша айналысы және ақша капиталының қызмет етуі бар болған кезде пайда болды. Қарыз пайызы үшін несиенің бар болуы қажет. Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық категория ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері-қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастар мен араластыруға болмайды.

Несиенің құрылымы. Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады.

Кредитор - несиелік мәміленің қрызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек.

Қарыз алушы - несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қатаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы - бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік.

Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады. Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құалады:

  • Депозиттер;
  • Банкаралық займдар;
  • Депозиттік емес көздер;
  • Коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары.

Депозиттер деп -әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар фомасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі.

Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну фомалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты, және табыстылық дәрежесі бойынша .

Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді.

Депозиттер алыну формалары бойынша екі топқа бөлінеді: қажет уақытында талап етілетін және мерзімді депозиттер.

Қажет уақытында талап ететін депозиттер-шоттарда сақталынатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:

Кәсіпорындар және ұймдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттардағы қаражаттар; басқа банктермен есеп айырысуға қаражаттар; басқа банктермен есеп айырысуға байланысты корреспенденттік шоттағы несиелік қалдықтар; шетелдік банк-корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.

Мерзімдік депозит-анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімдік депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.

Несиенің түрлері:

  1. Коммерциялық несие - бұл жеткізүшінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кеінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Бұл несиенің ерекшелігі мынада : қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату.
  2. Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелеідің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады.
  3. Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие. Тұтыну несиенің басты міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты : 1 жағынан- тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады, 2 жағынан - тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді.
  4. Ипотекалық несие - жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
  5. Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы - мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде - бюджет тапшылығына байланысты шығарылады.
  6. Халықаралық несие - валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.

Несиенің түрлері :

  1. Мерзімдері бойынша : қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді 1 жылдан 3-5 жылға дейін, ұзақ мерзімді - 3-5 жылдан жоғары
  2. Несиелеу объектілері бойынша : негізгі қорларға берілетін несие, айналым қорларына берілетін несие
  3. Несиелеу әдістері бойынша : қалдық бойынша несиелеу, айналым бойынша несиелеу

Тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады :

  1. Несиелеу объектісі бойынша : тауарлы және қаржылық несиелер
  2. Экономикалық мазмұны бойынша : сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық - кез келген мақсат үшін пайдаланады. (қаразды өтеуге, бағалы қағаздарға инвестициялау)
  3. Несие субъектілері бойынша : жеке, үкіметтік және халақаралық қаржылық ұйымдар беретін
  4. Мерзімдері бойынша : қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді

Ұлттық банктің несиелері :

Аукциондық - Ұлттық банктің ақша-несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші денгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие

Ломбардтық - Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі

Бюджеттік - ҚҰлттық банк ҚР-сы Қаржы министрлігіне қайтарыдылық шартымен беретін несиесі

Банктік тәжірибеде барлық пайыздық мөлшерлемелер номиналды шамада белгіленеді. ҚР-сы банктерінде бухгалтерлік есеп шоттарындағы орналастыру тәртібі туралы Ережеге сәйкес пайыздарды есептеудің келесі техникалары пайдаланылады:

Жай пайыздарды есептеудің техникасы. Жай пайыздар -бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына есептелеген пайыздар. Жай пайыздарды есептеу үшін төмендегідей формула қолданылады :

I = і * P * n / 360 * 100%

I - қарыздың барлық мерзімі үшін есептелген пайыз сомасы

і - жылдық пайыздық мөлшерлеме

P- берешек немесе депозит қалдығы

n - пайыз есептелетін кезеңдегі күндер саны

Күрделі пайыздарды есептеу техникасы. Күрделі пайыздар- бұл қарыздық берешек сомасына ғана емес есептелеген пайыздан келетін табыс сомасына да есептелген пайыздар.

Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық төлемдер сомасын есептеу үшін келесідей формула пайдаланады :

I = P ( I + i / 200) - 1

I - қарыздың барлық мерзімі үшін есептелген пайыз сомасы

P - қарыздың алғашқы сомасы

I - қарыздың барлық мерзімі үшін есептелеген пайыз сомасы

і - пайыздардың жылдық мөлшерлемесі

п - қарыздың ай мерзімдеріндегі ұзақтығы

1. 2 Несиелік қабілетті бағалау - банктің несиесін басқарудың негізі

Несиелеу талаптары несиелеу субьектілеріне, обьектілеріне және несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ететін кепілге қойылады. Яғни банк кез - келген клиентті несиелендіре алмайды. Несие сұрап келгендерінің ішінен банк тек ссуданың қайтарымдылығымен мен ол бойынша өсімақының төленетінін дәлелдеп беретін, сеніміне әбден кірген клиенттерді ғана таңдап алуы міндетті. Сондықтан банк қарыз алушымен несиелік қарым-қатынасқа несиелік талдау негізінде түседі. Несиелік талдау дегеніміз клиенттің несие қабілеттілігін, оның балансының өтімділігін, тауар өндірушінің өнімінің нарығын зерттеу, менеджмент деңгейін т. б. бағалау деген сөз.

Қарыз алушының несиелік талдауы келесі бағыттармен жүргізілед:

  • қарыз алушының балансын зерттеу;
  • қарыз алушының табыстары мен шығыстарын зерттеу;
  • қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау:

Бұл бағыттардың әр қайсысына бөлек-бөлек тоқталып кетейік.

Қарыз алушының балансын талдау:

Бұл зерттеулер төмендегілерді анықтауға мүмкіндік береді:

  • баланстың актив бөлігінің негізгі баптарын, яғни дебиторлықборыш, тауарлы материалды қор (ТМҚ), негізгі қорлар, зерттеу. Бұл баптардың үлкен үлес салмағы әсіресе өнеркәсіп тән болады.
  • Баланстың "ауру" баптарын талдау.

Бұл баптар екі топқа бөлінеді:

- қарыз алушының қанағатсыз жұмысын, яғни қаржылық
жағдайының төмен деңгейін сипаттайтын баптар. Оларға:
"шығындар" (кәсіпорынның табысты еместігін көрсетеді),
"мерзімінде өтелмеген несиелер мен қарыздар" (кәсіпорынның
төлем қабілетсіздігін көрсетеді), "Кредиторлармен берілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу (мерзімінде өтелмеген несиелер мен қаыздар" (кәсіпорынының төлем қабілетсіздігін көрсетеді), "Кредиторлармен берілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айрысу" (мерзімінде төлендегендері ғана қарастырылады) баптары жатады.

- Қарыз алушының жүмысында белгілі бір жетіспеушіліктердің бар болуын көрсететін баптар. Оларға: "дебиторлармен есеп айрысу" (мерзімінде төленбеген қарыздың есеп айрысу қүжаттары бойынша зерттеледі), "басқа айналым активтері" (мақсаттық қаржыландыру қорларының құжаттары мен жабылмаған шығындар бөлігі талданады), "басқа операциялар бойынша түлғалар мен есеп айрысу" (жетіспеушілік, келтірілген зиян мен талан тараждар бойынша есеп айрысулар түріндегі ақталмаған дебиторлық қарыз қаралады) баптары жатады.

Дебиторлық қарызды мүқият түрде талдау. Егер талдау барысында оның өсуі байқалса оның себептерін анықтап алу. Бұл төленбеген шоттар бір сатып алушыда орналасқан ба және бұл қарыз мерзімі өтіп кеткен үмітсіз қарыз қатарына жата ма, дебиторлық қарыздың өсу қарқыны сату көлемдеріне қарағанда тез өсіп отыр ма, олай болса, бұл несие шарттарының өзгеруімен немесе кәсіпорынның клиенттерінің сапасының төмендеуімен байланысты ма - осының бәрін анықтау керек.

Кәсіпорындағы қорлар өсіп отыр ма, олардың құрамын анықтау керек. Банктің қарызының кепілі бола алатын шикізат шығар, не сатылмаған дайын өнім шығар. /22/

Негізгі қорлардың құны өсті ма, өссе себебін анықтау. Сатып алынған қорлардың құрамын анықтау. Егер құрал жабдықтар өндірісті кеңейту үшін сатып алынса, команияның өндірген өніміне сұраныстың болуы ықтималдылығын анықтау. Егер де қүрал жабдықтар тек бір жобаны жүзеге асыруға қажет болса ғана кәсіпорын оны жалға алады.

Кредиторлық қарызды талдау барысында баланс пассивіндегі төлеуге қойылған шоттар өзгерісін анықтау керек. Егер олар өсіп жатса, қорлардың өсімі әдетте коммерциялық несиемен жабылады дегенді білдіреді. Бұл түрғыдан анықтай кететін жайт - компанияның жаңа жабдықтаушылары бар ма және олардың берген коммерциялық несиесінің өтеу шарттары. Ұзақ мерзімді қарыздың құрылымы мен проценттерінің түрлерін зерттеу керек. Проценттер нақты белгіленген бе, жоқ өзгермелі ме? Меншік капиталының қандай бөлігі қүрал - жабдықтарды сатып алуға пайдаланылады, сонымен бірге пйданың қандай бөлігі резервтер құруға және акционерлеріне төленетінін анықта. Қарыз алушының қызметінің күшті жақтарын мысалы, коммерциялық несиені кеңінен пайдалану, қысқа мерзімді активтерінің өсу қарқынының қысқа мерзімді міндеттемелерінің өсу қарқынына сай келуі, және оның әлсіз жақтарын, мысалы қарыз мөлшерінің ұдайы өсуі, зерттеу.

Кәсіпорынның табысы мен шығысын талдау. Бұл талдаудың мақсаты:

  • Қарыз алушының далпы табысының өсімін зерттеу. Бұл өсім неге байланысты: не сату көлемдерінің кеңею стратегиясына, әлде өнімге деген бағаның түсуіне байланысты екенін анықтау. Өнімнің өзіндік қүнының өсу себептері: әкімшілік аппараты ұстау шығындарының өсуі ме, әлде жалға алынған қүралдарды бағып-қағу шығындары көбейді ме, т. с. с, "Басқа да шығындар бабының құрамына қарыз бойынша өсімақы кіргізілді ме", қарызды алу шарттары қандай - осының бәрін анықтау;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді несие
Қазақстан банк ісі
Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні мен теориялық негізіне жан-жақты зерттеулер жүргізіп, несиелеудің бұл түрінің “Еуразиялық банк” ақ-ның қызметіндегі жүзеге асырылу ерекшеліктерін қарастыру
Несиелік тәуекелді анықтау
Банктің сарапшы маманы
Тұтыну несиесінің жіктелуі ерекшелікғтері
Тұтыну несиесі жайлы
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz