Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Өтімділік түсінігі және оған әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстандағы банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2БАНКТҰРАҚТЫЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕГІ БАНК ӨТІМДІЛІГІ ... ... ... ... ..
2.1Қаржылық тәуекелдерді басқарудың банктің өтімділігі мен табыстылығын арттыруға ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Банк өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ету тұрғысынан банктің активі мен пассивін теңгерімді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Коммерциялық банк балансы өтімділігін сипаттайтын көрсеткіштерге талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тақырыптың өзектілігі және мәселенің зерттелу дәрежесі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының алтыншы бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы «ұшқыр» жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.
ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.
Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банктердің активі мен пассивін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.
1 Банктің табыстарын басқару арқылы банк өтімділігін басқару // Қазақстан жоғарғы мектебі. – 2008. - №2. - 275-278 бб., 0,5 б.т.
2 Банктің активі және пассивін тиімді басқарудың, оның бәсекелестік қабілетін арттыруға ықпалы // ҚазҰУ хабаршысы.Экономикалық серия. – 2008. -№1(65). - 39- 44 бб., 0,75 б.т.
3 ҚР екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру // Қаржы-қаражат. - 2008. - №1.– 10-15 бб., 0,75 б.т.
4 ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сапасын талдау// ҚазЭУ хабаршысы. - 2008. - №2 (62). - 195-199 бб., 0,62 б.т.
5 Банк капиталын арттырудың өтімділік дағдарысынан шығуға тигізер ықпалы // Банки Казахстана. – 2008. - № 4.(130) - 24-27 бб., 0,5 б.т.
6 Банктің активі пен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету әдістері // Аль-Пари. - 2008. - №1-2 (53-54).– 78-81 бб., 0,5 б.т.
7 Стратегиялық басқару мен стратегиялық жоспарлаудың банк әлуетіне ықпалы // Вестник Университета международного бизнеса. - 2008. - №3 (9). – 70-74 бб., 0,5 б.т.
8 Казахстанская практика оценки и управления риском ликвидности в банках второго уровня // Shadow Economics and Social Economic Consequences of Corruption, Tax Evasion and Property rights violation: International conference (27-28 january, 2008, Tbilisi, Georgia) - Tbilisi state university, - 2008. - Стр. 137-148., 0, 75 п.л.
9 Современные методы оценки и управления операционным риском коммерческих банков // Вестник Ассоциаций Беларусских банков. - 2008. - №9 (461). - С. 34-37., 0,5 п.л.
10 Коммерциялықбанктероперациялары (оқу құралы) – Алматы, Издат-маркет, 2004. - 272 б. -18,68 б.т.
11 Банк ісі(оқу құралы) – Алматы, Қазақ университеті, 2004. - 241 б. – (өзге автормен бірге, жеке үлесім 7,5 б.т.).
12 Банковское дело (учебное пособие) - Алматы, Қазақ университеті, 2006. - 190 б. – (өзге автормен бірге, жеке үлесім 6,06 б.т.).
13 Банковское дело (учебник) Под ред. Г.С. Сейткасымова – Астана. – КазЭФиМТ: ИПЦ, 2007.- 640 с. – (өзге авторлармен бірге, жеке үлесім 6,75 б.т.).
14 Банк ісі (оқулық) - Алматы, Издат-маркет, 2007. 471 б. – 29,37 б.т.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі

Банк ісі пәні бойынша

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 Коммерциялық банктің төлем қабілеттілігі мен өтімділігінің теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Өтімділік түсінігі және оған әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.2 Қазақстандағы банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2Банктұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі ... ... ... ... ..
2.1Қаржылық тәуекелдерді басқарудың банктің өтімділігі мен табыстылығын арттыруға ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Банк өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ету тұрғысынан банктің активі мен пассивін теңгерімді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Коммерциялық банк балансы өтімділігін сипаттайтын көрсеткіштерге талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3

5
5

8

13

13

19

28

30

32

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі және мәселенің зерттелу дәрежесі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының алтыншы бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы ұшқыр жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.
ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.
Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банктердің активі мен пассивін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.
Көптеген банк қызметкерлері банктің активі мен пассивін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Біздің ойымызша, бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін. Демек, міне осы сияқты оң шешімін таппаған мәселелердің банктік тәжірибеде болуы зерттеу жұмысы тақырыбының аса өзектілігін одан әрі нақтылай түседі.
Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқаруға бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, коммерциялық банктің активі мен пассивін басқаруды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, банктің активі және пассивін басқарудың теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банк активтері мен пассивтерін теңгерімді басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
банк активі және пассивін кешенді басқарудың банк бәсекелестігін арттыруға тигізетін ықпалын зерттеу;
екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
банк активін басқарудағы несиелік тәуекелді басқару және бағалау әдістерін жүйелік тұрғыдан зерттеу;
екінші деңгейдегі банктердің өтімділік тәуекелін бағалау негізінде өтімділікті басқарудың үлгісін жасау;
отандық банктер қызметіндегі операциондық тәуекелдердің пайда болу көздері мен салдарын айқындай отырып, оны бағалау әдістерін жасау;
банк өтімділігін тиімді басқаруда қор қаражаттарын теңгерімді басқару әдісінің тиімділігін анықтау;
проблемалық активтерді басқарудың банктің табыстылығын арттыруға ықпалын көрсету.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің коммерциялық банктердің активі және пассивін басқарудағы орын алатын мәселелері туралы және өтімділікті басқарудың банктің тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде банк қызметіне реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚҰБ-нің Басқармасының қаулысымен бекітілген ережелері, нұсқаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, ҚР ҚҚА-нің нормативтік құжаттары мен есептік деректері, ҚР-ғы ЕДБ-дің есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ банктің активі мен пассивін басқару жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.

1 Коммерциялық банктің төлем қабілеттілігі мен өтімділігінің теориялық негізі
1.1 Өтімділік түсінігі және оған әсер ететін факторлар

Қалыптасқан халықаралық банктік терминологиялармен салыстырғанда отандық экономикалық әдебиеттерде екі ұғымның мағынасы араласады, яғни бұл банк балансының өтімділігі мен банктің төлем қабілеттілігі.
Өтімділік сөзінің тікелей мағынасы - сатылулар мен өткізулердің жеңілділігі, материалдық құндылықтар мен басқа да активтердің ақшалай қараджаттарға айналуы деген ұғымды білдіреді. Ал төлемқабілеттілік термині мағынасы кеңірек: ол активтердің тез өткізушілік мүмкіндігін ғана көрсетіп қоймай, заңды немесе жеке тұлғалардың саудалық, несиелік немесе басқа да ақшалық операциялардан туындайтын өздерінің төлемдік міндеттемелерін толық және уақытында орындау қабілетін көрсетеді. Осылайша, өтімділік төлемқабілеттіліктің негізні де маңызды шарты болып келеді.
Коммерциялық банктің өтімділігі - бұл өз міндеттемелерін пассив бойынша ақшалай түрге келтіру қабілеттілігі болып табылады. Банктің өтімділігі активтердің баланстылығы мен пассивтердің балансы бойынша және орналастырылған активтер мен банктен тартылған пассив мерзімдерінің сәйкестігінен анықталады. Банктің өтімділік нормасы бұл әр түрлі баптағы активтер балансының барлық сомаға немесе қандай да бір пассивтік баптарға қатынасы арқылы орнатылады. Банктің өтімділігі - бұл оның төлем қабілеттілігінің негізі.
Төлемқабілеттілік - бұл банктің белгілі мерзімде және бүкіл сомада өз міндеттері алдында жауап беру ұғымын білдіреді (салымшы алдындағы депозиттік төлемдер, акционерлер алдындағы дивиденттік төлемдер, мемлекет алдындағы салықтық төлемдер, қызметкерлер алдындағы жалақылық төлемдер). Коммерциялық банктер өтімділігі мен төлемқабілеттілігіне бірнеше фактілер әсер етеді. Оларды макро және микроэкономикалық деп бөлуге болады.
Негізгі макроэкономикалық факторларға елдің геосаясаттық және макроэкономикалық жағдайын, банктің тұрақтылық жүйесі мен құрылымын, ақша нарығы мен бағалы қағаздар нарығын жатқызуға болады.
Микроэкономикалық факторлар қатарына банктің ресурстық базасын, салымдар сапасын, менеджмент деңгейін, банктің функционалдық құрылымы мен мотивациялық қызметін жатқыуға болады. Айта кететін бір жайт, бұл факторлар өзара бір-біріне әсер етеді.
Сонымен, өтімділік - бұл банк қызметінің, оның ішінде тұрақтылығын, сенімділін күәләндіратын ең маңызды да сапалы мінездемесі. Банк өтімділікті қамтамасыз ету үшін баланстық құрылымын активтер өз бағасын жоғалтпайтындай етіп құруы қажет. Егер баланстың жағдайы активтік өткізулердің жылдамдығы арқасында пассивтік шығу міндеттемелерді жабатын болса, онда бұл баланс өтімді болып саналады.
Баланс өтімділігіне актив құрлымы әсер етеді: актив сомасында неғұрлым бірінші деңгейлі қаржылардың бөлігі көп болса, соғұрлым банк өтімділігі жоғары болады. Халықаралық банктік тәжірибеде активтердің ең өтімді бөлігі болып кассалық қаржылар болып табылады. Яғни бұл жерде кассадағы ақшалар ғана емес, сонымен қатар ұлттық банктердегі несиелік институттар шотындағы қаржылық заттар болып табылады. Нарықты экономикалы елдерде өтімділік баптары болып бірінші ретті қысқа мерзімді коммерциялық вексельдер болып табылады. Ал өтімділігі төмен болып ұзық мерзімді бағалы қағаздардағы банк инвестициялары болады. Өйткені оларды қысқа мерзімде жүзеге асыру жиі бола бермейді. Өткізілуі қиын өтімді активтерге ұзақ мерзімді ссудалар мен жылжымайтын мүлікке салымдарды жатқызамыз.
Сонымен қатар банк өтімділігі жекелеген активтік операциялардан тәуекел деңгейіне байланысты: банк балансында неғұрлым тәуекелді активтер үлесі жоғары болса, соғұрлым оның өтімділігі төмен болады. Осылайша, қалыптасқан тәжірибеде сенімді активтерге қолма-қол ақшалай қаржыларды, ал жоғары тәуекелдерге - банктің ұзақ мерзімді салымдарын жатқызамыз.
Егерде банктер ақша қаражаттары сомасын қандай да бір мерзімде пасиив бойынша міндеттемелерді орындайтын болса, онда ол банк өтімді болып саналады.
Ақша нарығындағы өзгерістерге байланысты клиенттің қаржылық жағдайына байланысты болатын әр түрлі оқыс жағдайлардан банк өз тұрақтылығын сақтап тұру үшін банкте өтімділік қорының болуы міндетті.
Актив құрылымы және де актив пен пассив ара-қатынасын арнайы есептік көрсеткіштер бойынша банк балансының өтімділігі бағаланады. Халықаралық банктік тәжірибеде көбінесе мұндай мақсаттарға өтімділік коэффициенті қолданылады. Банк өтімділігінің коэффициенті - бұл банк балансының мәліметі бойынша белгіленетін несиелік және өтімді деп аталатын активтер жиынтығының активтердің жалпы сомасына немесе пассивтердің бірқатар тиісті баптарына ара-қатынасын көрсететін көрсеткіш.
Өтімділікті бағалау үшін ұзақ мерзімді және орта мерзімді өтімділік коэффициенттері қолданылады. Нарықтық экономикалы бірқатар елдер өтімділік коэффициентін белгілі бір өтімділік нормасы деңгейінен төмен түсірмеуі қажет. Бір елдерде өтімділік нормасы банктік және валюталық қадағалау органдарымен, ал бір елдерде банктік заңдылықтармен реттеліп орнатылады.
Коммерциялық банктердегі өтімділік балансын сақтап тұру үшін келесі көрсеткіштер енгізілген:
· Банк міндеттемелеріне шектеу (К1)
· Азаматтар салымдарына шектеу (К2)
· Банктің ағымдағы өтімділік балансының коэффициенті (К3).
Экономикалық мазмұны бойынша банктің өзіндік қаражаттары мен оның міндеттемелері арасындағы ара-қатынас өз мойнына алған міндеттемелер мен капитал сомасына байланысты. Қарастырылып отырған банк өтімділігінің көрсеткіштерін талаптар бойынша сақтау әр түрлі тәсілдермен қамтамасыз етіледі, яғни ҚР Ұлттық банкімен немесе коммерциялық банктің өзімен.
Өтімділік келесідей коэффиценттермен және шектермен көрсетіледі:
банктің ағымдағы өтімділік коэффиценті (к4);
банктің қысқамерзімді өтімділік коэффиценті(к5);
ағымдағы валютаның өтімділік шегі;
қысқамерзімді валютаның өтімділік шегі;
ортамерзімді валютаның өтімділік шегі;
Банктің қысқамерзімді өтімділік коэффиценті және ортаайлы мерзімдегі ағымдағы өтімділік коэффицентінің ең аз мөлшерін өкілетті орган белгілейді.
Банктің ағымдағы өтімділік коэффицентіжоғары өтімді активтердің ортаайлы мерзімдегі талап еткенге дейінгі міндеттеме арасындағы қарым-қатынас ретінде сипатталады.
Банктің ағымдық және қысқамерзімді өтімділік коэффицентін есептегенде талап еткенге дейінгі міндеттемелердің құрамына талап еткенге дейінгі барлық міндеттемелер кіреді, сондай-ақ есептен шығару мерзімі көрсетілмеген міндеттемелер кіреді.
Банктің ағымдқ, қысқамерзімді және ортамерзімді валюталық өтімділік шегін есептегенде талап еткенге дейінгі міндеттемелердің мөлшеріне талап еткенге дейінгі барлық міндеттемелер кіреді, сондай-ақ есептен шығару мерзімі көрсетілмеген міндеттемелер кіреді, сонымен қатар міндеттемелерді тез арада өтеуді талап ете алатын сөзсіз құқығы бар қарызберушінің міндеттемесі, сондай-ақ жеке және заңды тұлалардың жедел және шартты депозиттерін санамағанда банктің жедел және шартты депозиті.
Банктің қысқамерзімді өтімділік коэффиценті ортаайлы мерзімді активтердің өтеуге дейін үш ай мерзім уақыты қалған міндеттемені қосқанда, жоғары өтімді активті және талап еткенге дейіңгі міндеттемені қосқандағы активтер арасындағы қарым-қатынас ретінде сипатталады.
Ағымдағы өтімділіктің шегін 0,9 мөлшерінен төмен емес деңгейде белгіленеді және шетел валютасындағы ортаайлы мерзімдегі жоғарыөтімді активтердің осы шетел валютасындағы ортаайлы мерзімдегі талап еткенге дейінгі міндеттемелер арасындаы қарым-қатынас ретінде сипатталады.
Қысқамерзімді валюталық өтімділіктің шегі 0,8 мөлшерінен төмен емес деңгейде белгіленеді және үш ай мерзімге дейін өтеу уақыты қалған шетел валютасындағы ортаайлы мерзімдегі активтердің үш мерзімге дейін өтеу уақыты қалған осы шетел валютасындағы ортаайлы мерзімдегі міндеттемелер арасындағы қарым-қатынас ретінде сипатталады.
Ортамерзімді валюталық өтімділіктің шегі 0,6 мөлшерінен төмен емес деңгейде белгіленеді және бір жылға дейін өтеу уақыты қалған шетел валютасындағы ортаайлы мөлшердегі активтердің бір жылға дейінгі өтеу уақыты қалған осы шетел валютасындағы ортаайлы мерзімдегі міндеттемелер арасындағы қарым-қатынас ретінде сипатталады.
Өтімділік коэффициенті клиенттің қарызды жабу үшін қаражат құралдарының айналымынан тез босату қабілеттілігі. Ол келесідей есептеледі:

Тез арада жүзеге асатын активтер
Қысқа мерзімді міндеттемелер = Кө (Кл)
Осы коэффициент мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы сенімді.
Жабу коэффициенті қарызды жабу үшін қарыз алушының барлық қаражат түрлерінің жеткіліктілігін анықтауға мүмкіндік береді:
Тез жүзеге асатын активтер+өтімділік активтері
Қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы = Кж
Меншікті айналым құралдарының қамтамасыздық көрсеткіші қарыз алушының меншік құралдар көлемін мінездейді. Берілген коэффициент мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы сенімді.
Пассивтің 1 бөлігі - (активтердің 1 бөлігі + шығындар)
Активтің 2 бөлігі = Кмққ.

Коммерциялық банктің төлемқабілеттілігі - бұл өз қарыздары мен несиелік міндеттемелерін мерзімінде және толықтай өтей алу мүмкіндігі. Яғни, төлемқабілеттілік ұғымы банктің өтімділік ұғымына кіреді.
Коммерциялық банктің төлемқабілеттілігі оның оперативті қызметінің мінездемесі мен қаржылық мүмкіндіктерін көрсетеді.

1.2 Қазақстандағы банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысын Қазақстанның банк секторы қиындықтардан бастан кешті. Сырттан қаржыландыру қол жетімділігін шектеуі, Қазақстан нарығынан жеке капиталдың жылыстауы, сыртқы экономикалық конъюнктурасының нашарлануы, қаржылық жүйесіне сенім білдіруі ішкі қаржылық нарығының барлық сегменттерінде тұрақсыздыққа әкеп соқты. Өз кезегінде атап көрсетілген барлық оқиғалардың бір сәтте жүзеге асуы банк секторына (кредиттік, нарықтық және өтімділік тәуекелі) тән тәуекелдерді іске асыруға мүмкіндік берді.
Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің шұғыл іс-әрекеттері және қадағалау органы қабылдаған шаралары сыртқы шоктардың салдарын жеңілдетуге мүмкіндік беріп және өзгерген жағдайда банктерге бейімделуге уақыт берді. Қаржы секторына қатысты осы шараларды қолданудың әсерінен сыртқы міндеттемелердің маңызды қысқаруына, ішкі қаражат көздеріне қайта бағдарлауға, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге себеп болды.
Тұрақтандыру белгілері және тұрақтылық факторларын жақсарту 2010 жылдың бірінші жартысында көріне басталды, банк жүйесінің көрсеткіштерінің өсуімен сипатталды.
Қаржылық тұрақтылықтың біріктірілген индексінің негізінде банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын бағалау 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай.
Кесте 1. Қаржылық тұрақтылықтың біріктірілген индексі көрсеткіштерінің 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 қазан аралығындағы динамикасы


Коэффициенттіңатауы
1.01.2010
1.04.2010
1.07.2010
1.10.2010
I. Капитал коэффициенттері
1.
Меншікті капитал жеткіліктілігініңкоэффициенті k1-1
-11,54
-8,06
-9,16
11,20
2.
Меншікті капитал жеткіліктілігініңкоэффициенті k1-2
-11,62
-8,82
-9,68
13,06
3.
Меншікті капитал жеткіліктілігініңкоэффициенті k2
-8,17
-3,75
-2,84
17,56
II. Несиепортфелісапасыныңкоэффициентте рі
1.
Үмітсіззаемдардыңнесиепортфелінеқат ынасы
30,58
29,93
27,72
23,33
2.
Несиепортфелінеқатыстызаемдарбойынш ақалыптастырылғанпровизиялар
37,67
36,96
35,34
32,75
3.
90 күнненастаммерзіміөткенберешегі бар заемдардыңнесиепортфелінеқатынасы
21,17
25,05
25,25
25,83
4.
Жұмысістемейтінзаемдардың (5-санаттағы күмәнділер мен үмітсіздер) несиепортфелінеқатынасы
36,47
35,94
34,45
33,73
III. Кредиттіктәуекелкоэффициенттері
1.
ҚРрезиденттеріемесінеберілгензаемда рдыңнесиепортфелінеқатынасы
18,71
17,82
16,49
16,87
2.
Жылжымайтынмүліккепілдігінеберілген заемдардыңнесиепортфелінеқатынасы
39,28
40,41
39,56
36,85
3.
Құрылыссекторынаберілгензаемдардыңэ кономикағаберілгенжиынтықзаемдарғақ атынасы
26,75
26,22
26,21
25,93
IV. Нарықтықтәуекелқатынасы
1.
Шетелвалютасындағызаемдардыңнесиепо ртфелінеқатынасы
57,23
56,35
54,42
53,08
2.
Пайыздықставкалардыңөзгеруіменбайла ныстыміндеттемелердіңменшіктікапита лғақатынасы (пайыздық позиция)
-146,88
-226,33
-355,68
49,92
3.
Валюталық нетто-позицияныңменшіктікапиталғақа тынасы
-190,15
-333,05
-329,66
2,96
V. Қызметтиімділігініңкоэффициенттері
1.
ROA
-24,08
-18,49
-3,20
12,50
2.
ROE
-1196,49
-516,99
-36,80
-310,30
VI. Өтімділіккоэффициенттері
1.
Ағымдағыөтімділіккоэффициенті k4
97,80
108,38
101,19
115,10
2.
Мерзімдіөтімділіккоэффициенті k4-1 (7 күнгедейін)
505,10
818,02
733,14
660,91
3.
Мерзімдіөтімділіккоэффициенті k4-2 (1айға дейін)
264,60
376,63
380,16
365,24
4.
Мерзімдіөтімділіккоэффициенті k4-3 ( 3 айғадейін)
211,60
247,71
249,67
260,13
5.
Жиынтықзаемдардыңзаңдыжәнежекетұлға лардыңдепозиттеріне (банкаралықоперациялар мен SPV салымдардықоспағанда) қатынасы
154,83
141,60
123,12
134,49
6.
Резидент еместералдындағыміндеттемелердің (арнаулымақсаттағыұйымдардыңсалымда рынескермегенде) жиынтықміндеттемелергеқатынасы
19,26
22,95
20,47
23,35
7.
Өтімдіактивтердіңжиынтықактивтергеқ атынасы
19,22
22,29
23,30
22,50

Кесте 2. ҚТБИ құрылымындағы субиндекстердің 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 қазан аралығындағы динамикасы


Қаржылық тұрақтылық индексі
1.01.2010
1.04.2010
1.07.2010
1.10.2010
1.
Капиталдандыру индексі
4,00
4,00
4,00
1,00
2.
Несиепортфелісапасыныңиндексі
4,00
4,00
4,00
4,00
3.
Кредиттіктәуекелиндексі
3,80
3,80
3,80
3,80
4.
Нарықтықтәуекелиндексі
2,80
2,80
2,80
2,20
5.
Қызметтиімділігініңиндексі
4,00
4,00
4,00
2,50
6.
Өтімділікиндексі
2,00
1,67
1,67
1,67
Қаржылықтұрақтылықтыңбіріктірілгени ндексі
3,43
3,38
3,38
2,53

Осы кезеңде банк жүйесінесенімінсақтапқалғанымыздыат апөтуқажет. Депозиттікбазасыныңөсуіжәнеклиентте рдіңсалымдарынтартуарқылы ЕДБ ресурстықбазасынтолтыруғақайтабағда рлау он сәттерініңбіріболыптабылады.
Экономикадағыжағдайдыңнашарланусалд арынанөндірістіңжабылуына не төмендеуіне, жұмыссыздықтыңөсуіне, құнсыздануына, пайыздықставкаларыныңөсуінежәнет.б. себепболдытікелейнесиепортфеліндекө рінді. Кәсіпорындарыныңжәнехалықтыңқаржылы қжай-күйініңнашарлауыолардыңкредито рлардыңалдында, оныңішіндебанктердіңалдындаөзміндет темелерінорындаумүмкіндігіншеттетті .
Кредиттіктәуекелдіңөсуібарлық банк жүйесінеәсеретті. Бұлретте, банктердіңкөпбөлігікредиттіктәуекел діреттеумақсатындажаңакредиттер беру бойыншажағдайлардымаңыздынығайтужағ ынақарайкредиттіксаясатынқайтақарад ыжәнеәрбіркредиттікөтінімдімұқиятқа йтақарады. Кредит берудіңбағаемесжағдайларды (мерзімдерінқысқарту, кредиттербойыншақамтамасызетугеқойы латынталаптардыөзгертуге) күшейтуденбасқакредиттербойыншапайы здықставкаларынөсуібайқалды, бұлхалықжағынанжәнекорпоративтіккли енттердіңбанктікзаемдарғақолжетімді лігінқосымшаретіндешектетті. ЕДБ тарапынан осы іс-әрекеттеркредиттеудіңуақытшатоқт аптұруынаәкепсоқты, бірақкредиттікпортфелініңсапасынжақ сартуғажәнекредиттіктәуекелдітөменд етугебағытталды.
Жоғарыдакөрсетілгенфакторларөзкезег інде банк секторыныңқаржылықтұрақтылықкөрсетк іштеріндеәсеретедіжәнекөрінеді. Капиталдандырубөлігінде банк секторындабайқалатынөзгерістер банк жүйесініңжалпыжай-күйінмаңыздыжақса рттыжәнеқаржылықтұрақтылықтынығайту ғамүмкіндікберді.
Соныменқатар, қаржылықтұрақтылығының 6 индикаторы да бұрынғыдай 2 жағдайы шекті депбағаланады (несиепортфелінің сапа индексіжәнекредиттіктәуекелиндексі) . Бұлретте, қалғантұрақтылықфакторларыныңжай-кү йіқалпынакелді. Ағымдағыжылдыңбасыменсалыстырғандақ аржытұрақтылығыныңжалпыбіріктірілге ниндексіелеуліжақсартылдыжәне тұрақсыз дегенжай-күйінен қанағаттанарлық дегенжай-күйінеөзгерді.
Соныменбірге, қаржыкөрсеткіштерініңжәнеиндекстері ніңжақсаруыкөпжағдайда 3 ірібанктердің (Альянс Банк АҚ, БТА Банк АҚ, Темірбанк АҚ) міндеттемелерініңқайтақұрылымдауаяқ талуыменнегізделген.
Банктік сектордың осал жақтарын айқындауда соңғы жылдарда өткен Қаржыгерлердің конгрессіне арналып жасалған Қазақстаннның қаржы секторының SWOT-талдауынның нәтижелерін негізге ала отырып, банк секторына қатысты талдауды келесі беттегі 3-кестеден көруге болады.

Кесте 3. ЕДБ-дің қызметіне жасалған SWOT-талдауы

Күшті жақтары
Мүмкіндіктері
1. Пәрменді несие, депозит және инвестициялық саясаты.
2. Активтері мен пассивтерінің мерзімдері бойынша салыстырмалы теңгерімділігі, тәуекелді басқарудың кешенді жүйесін кезең-кезеңімен қалыптастыру.
3. Жиынтық активтердің, несиенің, депозиттердің және табыстылық көрсеткіштерінің серпінмен өсуі.
4. Банк қызметінің Халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасауы.
5. Несие сапасының және инвестициялық қоржынның қанағаттанарлық деңгейі, мүмкін болатын залалдардың резервтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі.
1. Жаңа банктік өнімдерді пайдалану, олардың төменгі шығындар, желілік тиімділіктер мен технологиялар есебінен арта түсуі.
2. Банк қызметтерінің тарифтерін қалыпты деңгейде ұстау, несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерін төмендету.
3. Банктер арасында бәсекелестікті күшейту.
4. Менеджмент сапасын арттыру, активтер мен пассивтерді басқару және тәуекелді басқару жүйесін одан әр жетілдіру.
5. Банк секторының үйлесімді дамуы, банк өнімдері мен қызметтерінің және технологияларының санының өсуі мен сапасының оған сай болуы.
6. Банк капиталының бәсекелестікке қабелттігін арттыру
Әлсіз жақтары
Қатерлер
1. Банк секторының қаржылық тұрақтылығы мен өтімділік, капиталдану және бәсекелестік қабілеттілік жағынан қол жеткізген деңгейі.
2. Ішкі ұзақ және орта мерзімді банктік ресурстардың шектеулігі.
3. Банктік тәуекелдердің жоғары деңгейде орын алуы;
4. Ішкі нарықтағы банктің инвестициялық операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы құралдарының тапшылығы.
1. Сыртқы қарыздарының көп мөлшерде болуы.
2. Жіктелген активтердің, оның ішінде несиелерінің жоғары деңгейі.
3. Банктік қызметтер нарығында банктер арасында бәсекелестік тепе-теңдіктіктің бұзылуы. Үш ірі банктің ұстанымының өте жоғары деңгейде болуы.
4. ДСҰ-на кіруге байланысты шетел капиталының қатысуымен банктердің көбеюі.
5. Бағалы қағаздардың табыстылықтарының және кепілге алынған мүлік құндарының төмендеуі.

Жоғарыдағы банктік сектордың 2000-2007 жж аралығындағы дамуына жасалған зерттеулерді, SWOT-талдауын және Елбасының 2008 жылы халыққа жасаған жолдауында банктік сектордың алдына қойған мақсаттарын басшылыққа ала отырып, қазіргі заманға сай банктің активтері мен пассивтерін басқаруды жетілдіруге қолжеткізуге тиісті банктік сектордың даму мақсаттарын М. Портердің ромбысы үлгісінде 2-суретпен беруге болады.

Банктік сектордың капиталдану
деңгейін және құнын арттыру

Банк секторының өтімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қолдау

Банктің қызметтері мен өнімдерінің технологияларының
сапасын арттыру
Тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту

Сурет1. Қазақстанның банк секторының даму мақсаттары

Бұл даму мақсаттары қазіргі банк жүйесінде орын алған басты мәселелер анықтап береді, оларға: біріншіден, капиталдану деңгейінің төмендігі, екіншіден өтімділік пен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, үшіншіден, банк қызметінде озық технологияларды игерудің әлсіздігі, төртіншіден, тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту туралы мәселелерді шешу. Демек, аталған мәселелер бүгінгі банктік сектордың бәсекелестігін тежейтін басты факторларға айналуда.

2Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі

2. Қаржылық тәуекелдерді басқарудың банктің өтімділігі мен табыстылығын арттыруға ықпалы

Коммерциялық банктердің активі мен пассивін басқарудағы маңызды факторлардың бірі ретінде саналатын қаржылық тәуекелдерді басқарудың банктің өтімділігі мен табыстылығын арттыруға ықпалын әдістемелік тұрғыдан бағалау және оларды басқару әдістерін жетілдіруге байланысты.
Қаржылық тәуекелдерге: несиелік, өтімділік, операциондық және нарықтық тәуекелдерді жатқызамыз. Несиелік тәуекелбұл қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық және баланстан тыс операцияларын жүргізу барысында пайда болуы мүмкін.
Жалпы несиелік тәуекелді басқаруға екі тұрғыдан келу қажет:
oo нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару;
oo несиелік қоржынның тәуекелін басқару.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару банктегі несиелік үдерісті ұйымдастыру шегінде жүзеге асыралады. Қоржындық несиелік тәуекел бұл қарыз алушының банк алдындағы несиеге қатысты міндеттемесін орындау нәтижесінде туындайды.

Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері

Бір қарыз алушыға шектеу қою
Мәмілені құрылымдау және қаржыландыру шартын анықтау
Мүдделердің қақтығысын жоққа шығару
Қарызды синдинцирлеу
Қарыз алушының тәуекелін сақтандыру
Міндеттемені қамтамасыз ету

Сурет 2. Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері

Несиелік тәуекелді бағалау сапалық және сандық талдаулар тұрғысынан іске асады. Сапалық талдау бұл несиелік тәуекелдің пайда болуы аумағын немесе ықпал ететін факторларды және тәуекелді анықтауда пайдаланылатын ақпарат көздерін талдауды қамтиды.
Сапалық талдау әсіресе банктің несиелік қоржынының сапасын талдау негізінде жасалады. Сандық талдау бұл несиелік тәуекелдің дәрежесін формалау, яғни сандық тұрғыдан анықтау мақсатында жүзеге асады.
Жалпы қазіргі банктік тәжірибедегі қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері төмендегі 2-суретте берілген.
Несиелік шектеубұл біріншіден, несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі; екіншіден, қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғарғы шегін білдіреді.
Ол норматив бойынша тәуекелдің (несие мөлшерінің) банк капиталына қатынасы арқылы есептеледі және оның мәні екі жағдайда белгіленеді: 1) 0,1 нан аспайтын мөлшерде, яғни ол банкпен тығыз қарым-қытынастылар үшін; 2) 0,25-тен аспайтын мөлшерде, яғни ол қалған қарыз алушылар үшін (соның ішінде бланктік несиелер үшін - 0,1).
Қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің келесі әдістерінің біріне мәмілені құрылымдау және қаржыландыру шартын анықтау жатады. Мәмілені құрылымдау үдерісінде банк қаржыландыру шартының түрін, мерзімін, өтелу тәсілін, төлемдер кестесін, сыйақы мөлшерлемесін, қамтамасыз етілуі және өзге де шарттарды өзі анықтайды.
Несиелік тәуекелді төмендетудің негізгі тәсілдерінің біріне клиенттің банк алдындағы міндеттемесінің қамтамасыз етілуі жатады. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме міндеттемелері қолданылуда.
Несиелік тәуекелді басқарудың келесі бір әдісіне несиелерді сақтандыру жатады. Несие беруге байланысты тәуекелді сақтандырудың үш түрі қолданылады:
oo қарыз алушының берілген несиеге кепілге қойған мүлкін сақтандыру;
oo қарыз алушының еңбекке қабілеттілігін сақтандыру;
oo қарыз алушының өмірін сақтандыру.
Сақтандырудың ерекшелігі қарыз алушының мүддесін қорғай отырып, бір мезетте банкіге берілген несиенің қайтарылуына кепілдік беріледі.
Қарызды синдинцирлеу қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің маңызды әдістерінің біріне жатады. Синдинцирленген несиелерді беру бұл несиелік тәуекелдің бірнеше банктер арасында бөлінуін білідіреді.
Синдинцирлеудің бірнеше тәсілдері қолданылады, атап айтсақ, біріншісі, бұл бірнеше банктердің бірігіп қарыз алушыға несие беруі, екіншісі, үлкен сомада несие берген банктің несиенің бір бөлігін қайталама нарықта сатып алушыларға сатуы, үшіншісі бірінші мен екінші тәсілдің бірігуінен туындайды.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің келесі тәсілі бұл мүдделердің қақтығыстарын болдырмау. Мүдделердің қақтығыстарын болдырмау негізінен банктің несиелік қызметіне байланысты қойылатын талаптарды банк қызметкерлерінің орындауын көздейді.
Активтер мен пассивтерді басқарудың ең маңызды бағыттарының біріне қаржы нарығында экстремальды жағдайлар орын алуына байланысты өтімділікті жұмылдыру жоспарын жасау жатады.
Өтімділікті жұмылдыру жоспарын жасау үшін жиі стресс-тестілеу жұмыстарын өткізген дұрыс. Стресс-тестілеудің мақсаты бұл банктің қалыпты іскерлік белсенділік уақытында немесе жалпы дағдарыс жағдайында өтімділік тәуекелінің факторларына деген банк балансының сезімталдығын анықтау.
Коммерциялық банктердегі операциондық тәуекелдің пайда болу себептерінің бәрі адамның қызметімен байланысты. Операциондық тәуекелдерді бағалау екі тәсілмен: сандық және сапалық бағалау түрінде жүзеге асады. Сандық тәсілмен бағалау ықтималдық немесе болжамдық сипатқа ие. Бұл жерде бағалау статистикалық әдістерге сүйенеді, ал тәуекел шамасы қабылданатын ықтималдық деңгейіне байланысты болады.
Сапалық бағалау тәсілі операциондық тәуекелді анықтауды, оның ерекшеліктерін зерттеу, салдарын есептеуді қамтиды.
Операциондық тәуекелдің деңгейін анықтау үшін мынадай әдістер қолданылады:
oo операциондық тәуекелдерінің көздері мен нақты зияндарын статистикалық талдау;
oo балдық әдіс.
Операциондық тәуекелдерінің көздері мен нақты зияндарын статистикалық талдауға негізделген әдісі банктегі өткен уақыттарда болған зияндардың көлеміне байланыстыра отырып, операциондық тәуекелдің шығындарын болжауға мүмкіндік береді.
Балдық әдістерге сәйкес сараптамалық бағлау негізінде банктің қызметінің нормативтік көрсеткіштері таңдалып алынып, олардың қатысты маңыздылығы анықталады.
Операциондық тәуекелдерінің көздеріне талдау жүргізуде балдық әдісті статистикалық талдау әдісімен қатар қолдану операциондық тәуекелді басқарудың күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік жасайды.
Әрбір ақпараттың деңгейін бағалау бес балдық шкаламен бейнеленеді:
1 - операциондық тәуекелдің қауіпті деңгейі;
2 - операциондық тәуекелдің қанағаттанарлықсыз деңгейі;
3 -операциондық тәуекелдің орташа деңгейі;
4 - операциондық тәуекелдің қанағаттанарлық деңгейі;
5 - операциондық тәуекелдің төменгі деңгейі.
Жаңа Базель келісімінде операциондық тәуекелге аударылған капиталдың мөлшерінің есебінің үш әдістемесі қарастырылған: көрсеткіштердің базалық әдісі; стандарттық әдіс; өлшеудің жетілдірілген әдістері. Бұл жерде банктер өздерінің қолында бар әдістемелердің бірін операциондық тәуекелді өлшеу күрделілігіне қарай таңдап ала алады.
Операциондық тәуекелді есептеуге қосымша Базель келісімінің ұсыныстарына сәйкес, операциондық тәуекелге қатысты меншікті капиталды резервтеу сомасын анықтауда базалық әдісті қолдануға болады. Базалық әдісті қолданатын банктер операциондық тәуекелге қатысты соңғы үш жылдағы жалпы табыстың орташа шамасынан тұрақты пайыз мөлшерінде (α әріпімен белгіленген) белгілі бір капиталдың көлемін аударуға тиіс.
oo базалық көрсеткіштерге негізделген жеңілдетілген тәсіл;
oo стандарттық тәсіл;
oo жетілдірілген тәсіл.
Базалық көрсеткіштерге негізделген жеңілдетілген есептеу тәсіл бойынша операциондық тәуекелге қажетті резерв мөлшері банктің жылдық жалпы табысына байлынысты белгіленеді. Бұл жерде жаңадан құрылған банктер үшін операциондық тәуекел шамасы қаржылық жылдың соңына қарай есептеледі.
Базалық әдісті қолданатын банктер операциондық тәуекелге қатысты соңғы үш жылдағы жалпы табыстың орташа шамасынан тұрақты пайыз мөлшерінде (α әріпімен белгіленген) белгілі бір капиталдың көлемін аударуға тиіс. Операциондық тәуекелдерге қатысты аударылатын капиталдың сомасы мынадай формуламен көрсетіледі:

КБК = ЖТ х α, (1)
мұндағы,
КБК - базалық көрсеткіштері бойынша операциондық тәуекелдерге қатысты аударылатын капиталдың мөлшері;
ЖТ - соңғы үш жылдағы орташа жалпы табыс;
α = 15% - тұрақты пайыз.

Стандарттық тәсіл операциондық тәуекелдерге қатысты аударылатын резвертің сомасын есептеуде коммерциялық банктің қызметі бойынша сегіз өндірістік желіге бөліп қарастырады: корпоративтік тұлғаларды қаржыландыру, сауда және сату операциялары, жеке тұлғалармен банктік операциялар, коммерциялық (заңды тұлғалармен) банктік операциялар, төлемдер мен есеп айырысулар, агенттік (делдалдық) қызметтер, активтерді басқару қызметтері, жеке тұлғаларға брокерлік қызмет көрсетулер.
Жалпы аударылатын резервтік капиталдың сомасы әрбір өндірістің желі бойынша реттегіштік капиталға аударылатын аударымдардың сомасы ретінде есептеледі. Капитал аударымының жалпы сомасын төмендегідей формуламен есептейді:

КСТ = ∑ (ЖТ 1-8 х β1-8), (2)

мұндағы,
КСТ - стандартты әдіс бойынша капитал аударымының мөлшері;
ЖТ 1-8 - әрбір өндірістің сегіз желісі бойынша соңғы үш жылдағы жалпы табыстың орташа жылдық көлемі;
β1-8 - Базел комитетінің бекіткен тұрақты пайызы, ол талап етілетін капитал көлемінің сегіз өндірістік желі бойынша жалпы табыс көлеміне бөліндісін білдіреді.

Базель келісіміне сәйкес операциондық тәуекелдерге қатысты талап етілетін резервтік капитал көлемінің банк қызметінің негізгі негізгі өндірістік желі бойынша алатын жалпы табыстарының көлеміне қарай жіктелімі 4-кестеде көрсетілген.

Кесте 4. Резервтік капитал көлемінің негізгі өндірістік желі бойынша түсетін жалпы табыстарға қарай жіктелімі

Өндірістік желілер

β - коэффициенті, %-бен
Копоративтік тұлғаларды қаржыландыру
18
Сауда операциялары
18
Жеке тұлғалармен банктік операциялар
12
Коммерциялық (заңды тұлғалармен) банктік операциялар
15
Төлемдер мен есеп айырысулар
18
Агенттік (делдалдық) қызметтер,
15
Активтерді басқару қызметтері
12
Брокерлік қызмет көрсетулер
12

Мұндай жіктелімді стандартты тәсілді пайдаланушы барлық коммерциялық банктер үшін ортақ болып табылады. Базель комитеті банк қызметін реттеуші ұйымдарға аталған тәсілге балама стандартты тәсілді қолдануға рұқсат етеді. Балама стандартты тәсіл банк қызметінің кейбір бағыттарын біріктіруде банктердің құқылы екендігін сипаттайды.
Жетілдірілген тәсілдер жоғарыда қарастырылған тәсілдердің кемшіліктерін қалыпқа келтіру мақсатында ұсынылды. Бұл тәсіл коммерциялық банктерде операциондық тәуекелдерді талдайтын меншікті үлгілерінің және операциондық зияндардың мониторингінің болуын талап етеді. Ондай талаптар банктерге операциондық тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін жасауда еркіндік береді.
Активтер мен пассивтерді басқаруда банктің нарықтық тәуекелдерін басқару аса маңызды орын алады. Банк қызметіндегі орын алатын нарықтық тәуекелдер түрлеріне мыналар жатады:
oo валюталық тәуекелдер, яғни валюталық бағамдардың өзгерістеріне туындайтын зияндар;
oo пайыздық тәуекелдер, яғни пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгерісінен туындайтын зияндар;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк баланстарын талдау
Реттеуші органдардың бақылауы
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
Инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру
БАНК ӨТІМДІЛІГІНІҢ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ
ҚР-дағы коммерциялық банктердің баланстарының өтімділігін бағалау
Баланс өтімділігін талдау
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Қаржылық тұрақтылықтың талдауы
Банктік қызметті реттеу механизмі және оның элементтері
Пәндер