Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯ.ЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Коммерциялық банк депозиттері және олардың түрлері ... ... ... ... ... ...

2БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУЫНДАҒЫ РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Банктің депозиттік операцияларының қорларды қалыптастырудағы рөлі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қор қалыптастыру мақсатында банктің депозиттік операцияларын тиімді ұйымдастыру және жүзеге асыру механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Отандық экономиканың нарықтық қайта құру жолына өтуі оның дамуын бүкіләлемдік даму қарқынына ілесу деңгейімен анықталады. Сондықтан да бүгінгі күні отандық банктер өз саясаттарын қалыптастыруда әлемдегі әрекет етуші білімдер мен тәжірибелерге сүйенеді. Бірақ та қазіргі жағдайда батыстық экономикалық теория жетістіктері қазақстандық коммерциялық банктер қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз.
Экономикалық дамудағы банктердің рөлін қарастырсақ, мысалы дамымаған экономикада банктер мәні жағынан барлық ұйымдастырылған қаржы нарығы ретінде сипатталады. Олар капиталды шоғырландыру мен бөлуде, қоғам жинақтарын корпоративтік инвестицияға трансформациялауда маңызды рөл атқарады. Осындай жағдайда коммерциялық банктерде тиімді депозит саясатын қалыптастыру мәселесі теориялық және шаруашылық тәжірибе тұрғысынан өте өзекті болып табылады.
Барлық банк саясаттарының ішінде ең маңыздысы ресурстық базаны құру саясаты болмақ. Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру үрдісінде ресурстар базасын құру оның активті операцияларына қатысты маңызды мәселенің біріне айналды.
1 «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар жарлығы. 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155. оған 1995ж. 12.05.№2672, 1996ж. 07.03 №18,1996ж 01.27 №2830, 1997ж. 07.11. № 154, 1998ж. 06.28. №236, 1998ж. 07.10 №282, 1999 ж 07.16.№ 436, 2000ж .08.21. №3-4 заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
2 Қазақстан Республикасыдағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Призидентінің Заң күші бар жарлығы. 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444. Оған 1996ж. 12.07.№50, 1997ж.07.11.№154, 1998ж 06.28. №236, 1996ж 07.10. №282, 1999ж. 07.16.№436, 2000ж. 08.21.№3-4 заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
3 Банки и банковское дело / Под ред. И. Т. Балабанова. М: издательство «Питер», 2000г
4 Банковское дело. Под науч. Ред. А.А.Адишева, С.А.Святова. – Алматы:Экономика, 2007 г. – 382 с.
5 Банковское дело. Учебник под ред. О.И.Лаврушина и др. – М.:Финансы и статистика, 2004 – 672 с.
6 Витрянский В.В. Договоры банковского вклада, банковского счета и банковские расчеты. – М.:Стандарт, 2006 г. – 356 с.
7 Глущенко В.В. Организация деятельности коммерческого банка. – М.:Крылья, 2007 г. – 207 с.
8 Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.- Алматы, 2002ж.
9 Печникова А.В. и др. Банковские операции. – М.:ИНФРА-М, 2005 г. – 368 с.
10 Сетқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер.- алматы: Экономика, 2001ж,
11 Семибратова О.И. Банковское дело. – М.:Академия, 2004 г. – 224 с.
12 Стародубцева Е.Б. Банковские операции. – М.:ИНФРА-М, 2006 –128 с.
13 Тавасиев А.М. Банковское дело: базовые операции для клиентов. – М.:Финансы и статистика, 2005 г. – 304 с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі

Банк ісі пәні бойынша

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 Коммерциялық банктердің депозиттік операция-ларының теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Коммерциялық банк депозиттері және олардың түрлері ... ... ... ... ... ...

2Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Банктің депозиттік операцияларының қорларды қалыптастырудағы рөлі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қор қалыптастыру мақсатында банктің депозиттік операцияларын тиімді ұйымдастыру және жүзеге асыру механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3

5

5
9

18

18

23

31

33

КІРІСПЕ

Отандық экономиканың нарықтық қайта құру жолына өтуі оның дамуын бүкіләлемдік даму қарқынына ілесу деңгейімен анықталады. Сондықтан да бүгінгі күні отандық банктер өз саясаттарын қалыптастыруда әлемдегі әрекет етуші білімдер мен тәжірибелерге сүйенеді. Бірақ та қазіргі жағдайда батыстық экономикалық теория жетістіктері қазақстандық коммерциялық банктер қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз.
Экономикалық дамудағы банктердің рөлін қарастырсақ, мысалы дамымаған экономикада банктер мәні жағынан барлық ұйымдастырылған қаржы нарығы ретінде сипатталады. Олар капиталды шоғырландыру мен бөлуде, қоғам жинақтарын корпоративтік инвестицияға трансформациялауда маңызды рөл атқарады. Осындай жағдайда коммерциялық банктерде тиімді депозит саясатын қалыптастыру мәселесі теориялық және шаруашылық тәжірибе тұрғысынан өте өзекті болып табылады.
Барлық банк саясаттарының ішінде ең маңыздысы ресурстық базаны құру саясаты болмақ. Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру үрдісінде ресурстар базасын құру оның активті операцияларына қатысты маңызды мәселенің біріне айналды.
Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90 пайызынан жоғары бөлігін қолданады. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.
Депозит ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осының негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құрылады.
Республикамызда депозиттік саясатты құру мәселелеріне аса назар аударылған жоқ. Тиімді депозиттік саясаттың дамуына кедергі келтіретін факторлар қатары аз емес. Солардың ішінде ең маңыздылары мыналар: банктердің төмен капиталдануы, айналымдағы ақша массасының шектеулілігі, жинақтардың долларлануы. Бәрінен де банктер үшін ресурстар көзі болып табылатын депозиттік операциялар өңірлерде жеткіліксіз деңгейде дамуы. Осындай жағдайлар дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтап берді.
Мәселенің зерттелу деңгейіне келер болсақ, коммерциялық банктерде депозиттік операциялардың және олардың қорлардықалыптастыру мәселелерін зерттеумен Г.С. Сейтқасымов, М.А. Сатқалиев, С.Б. Мықыш, И.А. Новиков, Н.Н. Хамитов, О.И. Лаврушин, Т.П. Варламова, В.И. Тарасов, Ю.Г. Вешкин сияқты отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан.
Банктердің депозиттік операцияларының тәжірибелік аспектілеріне Э.Дж. Долан, К.Д. Кэмпбелл, Р.Дж. Кэмпбелл, Ж. Матук, Д. Полфреман, П. Роуз, Дж.Ф. Синки т.б. шетелдік ғалымдар жұмыстарын арнаған. Сонда да осы дипломдық жұмысты талдау барысында әлі де болса, коммерциялық банктер депозиттік саясатын жүйелі көзқарас тұрғысынан, отандық экономика жағдайында құру ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажеттілігіне көз жеткіземіз. Сонымен жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің көбі осы дипломдық зерттеу тақырыбының мәселелерін тереңнен оқуға негізгі база болды.
Коммерциялық банктердің тиімді депозиттік саясатын құрудың теориялық және тәжірибелік маңызы мен өзектілігі, жеткілікті зерттелмеуі тақырыпты таңдауға, зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеу объектісі ретінде коммерциялық банктердің депозиттік операциялары алынған.
Жұмыстың мақсаты - банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мазмұнын ашу және олардың қорлардықалыптастырудағы ролін анықтау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
oo коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының теориялық негізін қарастыру;
oo депозиттік операцияларды қалыптастырудың құқықтық негізін қарастыру;
oo коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мәнін ашу;
oo коммерциялық банктер депозиттік саясатына ықпал етуші факторлар мен депозиттік саясат элементтерін анықтау;
oo банктердің депозиттік операцияларының қорларды қалыптастыру мәселелері.
Зерттеу заты болып коммерциялық банктердің тиімді депозиттік операцияларын құрудың теориялық, тәжірибелік және әдістемелік негізі табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жүзеге асырудың теориялық сұрақтары мен тәжірибелік мәселелеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімджі басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция мен семинарлардың материалдары алынды. Өңірлік коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қолданбалы аспектілерін зерттеу Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілеріне негізделген.
Зерттеудің ақпараттық базасын статистикалық мәліметтер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері мен Темірбанк Акционерлік Қоғамының есептік мәліметтері, Қаржылық қадағалау Агенттігінің статистикалық мәліметтері құрайды.
1 Коммерциялық банктердің депозиттік операция-ларының теориялық негізі
1.1 Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының экономикалық мәні

Коммерциялық банктер ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі өте жоғары. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты және банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
1) депозиттік қаражаттар;
2) депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттардың ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Енді депозит дегеніміз не дейтін болсақ, депозит - бұл клиенттердің (жеке және занды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған жене өздері пайдалана алатын қаражаттары болып табылады. Яғни, депозит (латынша depositum - сақтауға берілген зат) - бұл қаражатын банкке уақытша пайдалануға беру бойынша экономикалық қатынастар болып табылады.
Коммерциялық банктер өз қызметіне ресурстар тарту мақсатымен жарғыда бекітілген коммерциялық банк мақсаты мен міндеттеріне сәйкес максимальды пайда алу мен банк төлем қабілеттілігін сақтау қажеттілігін ескере отырып депозиттік саясат стратегиясын құру қажет. Банктің депозиттік операциясы ең алдымен мынадай талаптарға сай болуы қажет:
oo экономикалық мақсаттылық;
oo бәсеке қабілеттілік;
oo ішкі қарама-қайшылықсыз.
Бұл жерде экономикалық мақсаттылық деп халықтан тартылған ресурстарды пайдалану рентабельділігін айтып отыр. Бұл мәселе жалпы активті-пассивті басқаруда қарастырылуы қажет. Жеке тұлғалардан депозиттік ресурстар тартудың салыстырмалы тиімділігін есептеуде онымен байланысты шығындарды да есепке алған жөн.
Салымдар бойынша мөлшерлеме жүйесі нарықты конъюнктураға сәйкес болуы қажет.
Депозиттік саясаттың ішкі қайшылықтарын бірнеше аспектілер негізінде қарастыруға болады. Бұл және депозиттік мөлшерлеменің уақыттық қөұрылымы және олардың салым түрлері мен оның сомалары сондай-ақ клиентураның әртүрлі категориялары бойынша дифференциялануы.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының мәнін қарастыруда депозиттік операцияның субъектілері мен объектілері, оны құрудың қағидалары, сондай-ақ депозиттік саясат шекаралары сияқты мәселелерге тоқталған жөн.
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының субъектілеріне банк клиенттері, коммерциялық банктер мен мемлкеттік мекемелер жатқызылады. Ал депозиттік операцияның объектілеріне банктің тартылған қаражаттыра мен банктің қосымша қызметтері жатқызылады. Банктің депозиттік операциясының субъектілері мен объектілері келесі суретте көрініс тапқан.

Коммерциялық банк

Коммерциялық банктердің депозиттік операциясы
Депозиттікоперация субъектілері
Депозиттік операцияобъектілері

Банк клиенттері

Мемлекеттік мекемелер
Тартылған қаражаттар:
Депозиттер.
Банкаралық несиелер.
Векселдер.
Сертификаттар

Банктің қосымша қызмететрі
(кешендік қызмет көрсетулер)

Сурет 1. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының субъектілері мен объектілерінің құрамы

Банктің депозиттік операциясын банктің жалпы операциясының элементтерінің бірі ретінде қарастыра отырып, депозиттік саясаттың негізгі мақсаты төмен бағамен барынша мол ақша ресурстарын тарту екендігіне көз жеткіземіз.
Депозиттік саясаттың бұл мақсатын табысты жүзеге асыруды үшін, оның құрылу үрдісінде мынадай мәселелерді шешу қажет:
oo банклік пайда алуда депозиттік операциялар өткізу үрдісіне ықпалдасу;
oo банк төлем қабілеттілігінің қажетті деңгейін сақтау;
oo депозиттің әртүрлі үлгілерін үйлестіру және депозиттік операциялар субъектілерін диверсификациялауды қамтамасыз ету; несиелік салымдар мен депозиттер сомасы мен мерзімі бойынша ссудалар беру операциялары мен депозиттік операциялар арасындағы өзара келісушілік пен өзара байланыстықолдау;
oo депозиттік шоттардағы бас қаражаттарды азайту;
oo икемді пайыздық саясат жүргізу;
oo тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығындарды төмендету жолдары мен құралдарын үнемі іздестіру;
oo банклік қызметтерді дамыту және клиенттерге қызмет көрсету мәдениеті мен сапасын жоғарылату.
Бұған байланысты коммерциялық банк депозиттік операцияларын құрудың механизмін қарастыруға болады.
Депозиттік операцияның мақсаты мен жалпы ережелері
Пассивті операцияларды басқару аппараты және банк қызметкерлерінің өкілеттілігі
Депозиттік келісім-шартты жүзеге асырудың түрлі кезеңдерінде депозиттік үрдісті ұйымдастыру
Депозиттік үрдісті банктік басқару және бақылау

Сурет 2. Коммерциялық банктердің депозиттік операциясын құру механизмі

Депозиттік пайыздар ресурстар тарту облысындағы тиімді инструмент болғандықтан банктің депозиттік саясатын құру үрдісі банктің пайыздық саясатын жүргізуімен тығыз байланысты.
Мемлекеттік реттеу кезінде салымдардың жеделдігіне сәйкес пайыздың шекті нормалары заңдық тәртіппен реттелген, ал қазір банктер ҚРҰБ есептік мөлшеріне сәйкес бәсеке қабілетті пайыз мөлшерлемелерін өз бетінше тағайындайды. Депозиттік шоттардың жекелеген түрлері бойынша табыстар шамасы салымның мерзімімен, сомасымен, шоттың қызмет ету ерекшелігімен және клиенттің салым шартын сақтауына байланысты анықталады.
Депозиттер бойынша пайыз төлемі банктің операциялық шығындарының негізгі бөлігін құрайды. Сондықтан да банк бір жағынан пайыз мөлшерінің жоғары болуын қаламаса, екінші жағынан клиенттер үшін тартымды пайыз мөлшерін қолдауға мүдделі. Коммерциялық банктер ұзақ мерзімге ірі мөлшердегі депозиттерді тарту үшін пайыздық шығындардың өскеніне қарамастан клиенттерге жоғары пайыздық мөлшерлер ұсынады.
Банктер арасында ресурс тартудағы бәсекелестік күрестің маңызды құралы - пайыздық саясат болып табылады. Қазіргі кезде банктер депозит бойынша пайызды салымдарды сақтандыру қорының белгілеген мөлшерлемесіне байланысты белгілейді. Депозиттердің жеке түрлері бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейі салым мерзіміне, сомасына байланысты қойылады. Депозит мерзімі ұзақ болған сайын пайыздық мөлшерлеме де жоғары болып табылады. Сондай-ақ пайыз төлеу жиілігі де маңызды мәнге ие. Бұл жерде пайыз төлеу жиілігі алшақ болған сайын мөлшерлеме деңгейі де жоғары болады.
Коммерциялық банктердің пайыздық саясатының негізгі бағыттарының бірі депозиттік операциялар мен барлық ресурстар құнын талдау және есептеу болып табылады.
Ол үшін:
oo салымдар (депозиттер) бойынша оңтайлы пайыз тағайындау;
oo тартылған қаражаттар бойынша пайыздық мөлшерлер қарқынын зерттеу;
oo инфляция жағдайындағы ресурстардың шынайы құнын есептеу;
oo банк шығындарының жалпы құнындағы тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығындар өзгерісін талдау қажет.
Пайыздарды есептеу кезінде пайыз мөлшерлерінің шамасы, қаражат тартылған нақты күн саны есепке алынады. Қаражат орналастыру мақсатымен банк таңдауда салымшы үшін пайыз мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықтаушы фактор болуы мүмкін.
Пайыздарды есептеу келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
oo жай пайыздар;
oo күрделі пайыздар;
oo фиксирленген пайыздық мөлшермен;
oo өзгермелі пайыздық мөлшермен.
Салымшыларды тарту мақсатында пайызды есептеудің әр түрлі жолдары қарастырылған. Соның ішінде дәстүрлі тәсілге жай пайыз жатады. Мұнда есептеу базасы ретінде салымның соңғы қалдығы алынады.
Пайызды есептеудің екінші түрі - күрделі пайыз болып табылады. Бұл жерде есептеу кезені біткен соң салым сомасына пайыз есептеледі де, ол салым сомасына тағы да қосылады. Осылайша, келесі есептеу кезеңінде пайыздық мөлшерлеме тартымды көрінеді. Мұндай есептеу тәртібі салымның сақталу мерзімін ұлғайтып, оны инфляциядан қорғайды.
Кейбір банктер инфляциядан сақтану үшін пайызды алдын ала есептеп беруді ұсынады. Бұл жерде салымшы пайыздық табысты салымды сала салысымен алаалады. Егер келісім-шарт мерзімінен бұрын тоқтатылатын болса, банк салым бойынша пайызды қайта есептеп, артық төленген соманы қайтарып алады. Кейбір банктер пайызды есептеу кезінде бір жылдағы нақты күнді алса (365 немесе 366 күн), кейбіреулері жақындатылған орташа соманы (360 күн) алады. Бұл да табыс мөлшеріне әсер етеді.

1.2 Коммерциялық банк депозиттері және олардың түрлері

Депозиттік операциялар келесідей қағидаларға негізделіп ұйымдастырылады:
oo депозиттік операциялар банктік пайда табуға негізделуі қажет;
oo банк балансының оперативтік төлем қабілеттілігін қолдау мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
oo депозиттік операцияларды ұйымдастыру үрдісінде жедел салымдарға көңіл бөлген жөн;
oo депозиттік операциялар мен мерзімі мен сомалары бойынша ссудалар беру операциялары арасындағы келісушілік пен өзара байланысты қамтамасыз ету қажет;
oo депозиттерді тартуға ықпал ететін банклік қызметтерді тарту шараларын қабылдау қажет.
Банктік депозит мәнін зерттей орырып, З. С. Каценеленбаум депозиттің екіжақтылық сипатын атап көрсеткен. Депозиттер салымшылар үшін потенциалды қаражат болып табылады. Салымшы чек толтырып, оны циркуляцияға жіберуі мүмкін. Сол уақытта банктегі қаражат пайыздық сыйақы әкеледі. Олар салымшы үшін екі рөлде көрінеді: бір жағынан ақша рөлінде, екінші жағынан, пайыз әкелетін капитал рөлінде.
Депозиттердің қолма - қол ақшамен салыстырғанда артықшылығы - ол пайыздық сыйақы әкеледі, ал кемшілігі - капиталдың әдеттегі әкелетін пыйызынан азырақ пайыз әкеледі. Осы төмендетілген пайыз кездейсоқ жағдай емес, бұл банк табиғатының негізі болып табылады. Өйткені, банктік депозит бойынша төлейтін пайызы өз қаражатын орналастырудан түсетін пайыздан төмен болады. Бұл жерде екеуінің қатынасы - (14) болып табылады [2].
Депозит тек клиентке ғана емес, сондай-ақ банкке де пайдалы. Көптеген депозиттердің банкке ссудалық капитал құруға мүмкіндігі бар. Содан соң банк оны тиімді салаларға орналастырады. Депозиттер бойынша пайыз бен несие бойынша пайыздың айырмасы банктің табысы болып табылады. Банктердің осы табысты көбейтуге тырысуы ресурстық базаны көбейтуге ұмтылуына әкеледі.
Банктің алтын ережесі бойынша оның қаржылық талаптарының мөлшері мен мерзімі міндеттемелердінің мөлшері мен мерзіміне сәйкес келуі керек. Осы ережеге сәйкес банктер алғымдағы шоттардағы қаражатты несиелеу ресурсы ретінде қолдана алмыс еді. Алайда, әдетте клиенттер бір мезгілде барлық қаржатты алмайтындықтан, банктік қолма - қол ақша резерві там көп болмауына да болады. Сонымен қатар, көптеген банктік оперциялар қолма - қолсыз түрде жүреді. Кассалық резерв ретінде қолданылмаған қолма - қол ақша қаржаттары банктің өтімділігін көбейтіп, несие беруге реаурс түрінде қолданылуы мүмкін [3].
Жалпы алғанда, депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент- шоттарда орналастыруға байлансты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз блігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар - клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттаран белгіліуақытқа жіне пайыз төлеу шартымен тартуға байланысты операциялар. Бұл - операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Салымдарды, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрілері кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
1) талап етуіне дейінгі депозиттер ;
2) мерзімді депозиттер ;
3) жинақ салымдары;
4) бағалы қағаздар.
Сондай- ақ оларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:
1) мерзімдеріне қарай;
2) салым иелерінің категорияларына қарай;
3) қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
4) пайыз төлеу қарай;
5) банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай,т.б.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрге бөлінеді;
1) жеке тұрғалардың шоттары;
2) кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың шоттары;
3) жергілікті билік ұйымдарының шоттары;
4) қаржылық мекемелердің шоттары;
5) шетелдік азаматтардың шоттары.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы қолма- қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы. Талап етуіне дейінгі депозиттер ағымдағы есеп - айырысулар үшін қажет. Мұндай шотты ашуға ниетті, ең алдымен клиент білдіреді, себебі оған есеп- айырысып, төлемдер жүргізу қажет болады. Мұндай шоттар бойынша қаражат қозғалысы қолмақол ақша түрінде, чекпен, аударыммен, басқа да төлем құжаттарымен рәсімделуі мүмкін [5].
Қазақстан Республикасының банктік тәжірибесінде талап етуіне дейінгі депозиттерге келесілер жатады:
oo мемлекеттің, акционерлік кәсіпорындардың және әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
oo әр түрлі мақсаттарға тағайындалған қорлардың қаражаттары;
oo есеп айырысудағы қаражаттар;
oo жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
oo жергілікті бюджеттер қаражаттары;
oo басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттардың арықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттарағ қаражаттар, шаруашылық және басқа да поерациялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Кемшілігі - шот бойынша пайыз төленбейді немесе өте төмен мөлшерде төленерде. Осылайша, талап етуіне дейінгі шоттардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
1) ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз жүзеге асырлады;
2) шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;
3) банктер талап етуіне дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
4) талап етуіне дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Талап етуіне дейінгі депозиттердің бір түрне контокорренттік шотты да жатқызуға болады. Контокррент (итал. conte corrente - ағымдық шот)- бұл банктің клиентпен арадағы барлық операциялары есепке алынатын бірегей шот болып табылады. Контокоррентте бір жағынан, банк ссудалары мен клиенттердің бұйрығы бойынша шоттарды жүргізілетін барлық төлемдер жүргізілсе, екінші жағынан - шотқа аударым, салым түрінде түсетін қаражаттар орналастырылады. Осылайша, бұл - активті- пассивті шот болып табылады.
Контокоррентті шотқа ұқсас овердраыты бар шотты айтуға болады. Бұл щот бойынша клиент пен банктің шартына сәйкес шот иесі шот қалдығындағы қаражаттан көп қаражат алуына болады. Алайда, мұндый шот бойынша қарыз алу сирек блоады. Яғни, бұл шотқа пассивті қалдық тән. Овердрафты бар шоттың контокоррент шоттан айырмашылығы - онда бір мезгілде басқа шоттар да береді. Ал, контокорент шотта банктін операциялардың барлығы жинақталған. Сонымен қатар контокоррент шоттар шаруашылық субьектілер үшін ашылса, овердлафты бар шоттар жеке тұлғаларға да ашыла береді.
Талап етуіне дейінгі депозиттерге банктердің корреспонденттік шоттары да жатады. Бір банктің басқа банктерде ақша шоттары ностро - шот деп аталады. Керісінше, басқа корреспондент банктердің осы банкте ақша шоттар лоро-шоттар деп аталады.
Банктер арасында корреспонденттік қатынастар орнату кезінде жақтар осы шоттар бойынша оверафтың болуын қарастырады. Кердиттік және дебеттік қалдық бойынша шекі мөлшері, пайыздық мөлшерлемелері банктер арасындағы корреспенденттік қатынастар турлы келісім- шартпен анықталады.
Лоро - шотта пассивті сальдоның құрылуы банк айналымыныда басқа корреспондент банктерден тарылғым қосымша ресуастардың болуын білдіреді. Ал, активті сальдо - овердрафтың пайда болуын, яғни корреспондент банкке несие бергендігін көрсетеді. Ностро - шотта осыған қарама - қарсы қозғалыс болады.
Осылайша лоро және ностро шоттар бойынша кредиттік сальдо балансында корреспондент банктен алған ресурстардың болуын көрсетеді. Көптеген банктерде талап етуіне дейінгі депозиттер тартлған қаражаттар құрылында көп үлесті алады. Бұл бактік ресурсты қалыптастырудың ең арзан жолы болып табылады. Талап етуіне дейінгі депозит қаражатының жоғары мобильділігіне байланысты бұл шот қалдығы үнемі өзгерісте болып табылады. Шот иесінің қаражатты кез келген уақытта мүмкіндігі банк айналымында жоғары өтімділігі бар активтердің болуын талап етеді. Сондықтан банктер бұл шоттарға өте аз пайыз төлейді немесе тіпті төлемейді. Алайда, талап етуіне дейінгі депозит қаражатының жоғары қозғлмалылылығына қарамастан, оның ең төменгі қалатын сомасын анықтап, соны тұрақты несиелік ресурсқа айналдыруға болады. Талап етуіне дейінгі депозит шотында сақталған және мерзімді депозитке ауыстыруға болатын қаражат үлесі формула бойынша есептеуге болады.

А = (Оср Окр) * 100 % (1)

мұндағы:
А - мерзімді депозиттік шоттарға ауыстыруға болатын қаражат үлесі;
Оср - бір жылдағы ағымдық шоттағы орташа қаражат қалдығы;
Окр - бір жылдағы ағымдық шот бойынша несмелік айналым.
Мерзімді депозиттер - банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналасырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін.
Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланмайды, бірқа қолма - қол ақша түрінде еркін аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.
Мерзімді депозиттердің ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
oo меншікті-мерзімді депозиттер;
oo алдын ала алу ескерілетін мерзімді депозиттер.
Біздің еліміздің комммерциялық банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама түрлері дамуда. Олар: меншікті мерзімді салымдар, кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар , депозиттік сертификаттар, жинақ сертификаттары. Мерзімді депозиттердің түрлерге бөлінуі.
Мерзімді депозиттер
Меншікті мерзімді салымдар
Депозиттік сертификаттар
Кері алу ескертуі бар депозиттер
Басқа тұлғаларға берілетін
Жинақ сертификаттары

Басқа тұлғаларға берілмейтін

Сурет 3. Мерзімді депозиттердің түрлері

Меншікті мерзімді салымдар шот иелнріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалаулары бойынша иемденеді Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады.
Меншікті- мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
oo 30 күнге дейінгі;
oo 30-90 күнге дейінгі;
oo 90-180 күнге дейінгі;
oo 180-360 күнге дейінгі;
oo 360 күнге дейінгі.
Мерзімді депозиттер бойынша салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша соған сәйкес пайыз белгіленеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
oo есеп айырысу үшін пайдаланылмайды;
oo шоттағы қаражат баяу айналады;
oo тұрақты пайыз төленеді;
oo пайыз мөлшерінің ең жоғары деңгейі Ұлттық банк тарапынан реттеліп отырады;
oo ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
oo бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резератер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатын алуда ескертуін талап етпейді, салымының жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдыйына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізнде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға ммүмкіедігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресустардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды бұл салымдардың түрі бойынша мерзімді депозиттерге қағаздар төменгі мөлеррде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:
oo ақшалай қаражаттарды сақтауда мерзімі болмайды;
oo шоттағы қаражатты алдын алу барысында ешқандай ескерту талап етілмейді;
oo ақшаны шотқа саларды немесе шоттан аларда міндетті түде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Елімізде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Шетел тәжірибесінде мұдай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фермаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлараға ашылатын жинақ салымдары салым оерацияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұрғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзіміді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және алғымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарына тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымджарына қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойыншща үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымдарды білдіреді. Бұл шотта жинақталған сома белгілі бір күнде толы төленеді.
Ағымдық жинақ салымдары, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары - салым иесіне белгілі мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-эмитенттің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
oo атаулы сертификаттар;
oo мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары салым иелерінің атына толтырылады. Ал, мәлімдеуші сертификатта салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары саьылған тауарлар және көрсетілгенқызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
oo аударылатын;
oo аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қоладарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Сонымен қатар, сертификаттарды басқа белгілеріне қарай да бөлуге болады:
1. Бір рет шығарылатын;
2. Сериялармен шығарылатын.
Айналым мерзімі бойынша:
1) мерзімді;
2) талап етуіне дейінгі.
Өтелу шартына қарай:
1. Белгілі бір есеп кезеңі өткенге дейін біркелкі төленіп отыратын пайыздық мөлшерлемесі бар сертификат;
2. Пайызы сертификат мерзімі біткеннен кейін төленетін сертификат.
Сеотификатты өтеу үш түрлі тәсілмен жүргізіледі:
oo сертификатты жаңадан шығару;
oo салымның басқа түрлеріне немесе талап етуіне дейінгі депозитке қолма-қолсыз аудару арқылы;
oo қолма-қол ақша түрінде (жеке тұлғалар үшін).
Сертификатты шығаратын банк шығарылу шарты мен айналымын өзі белгілейді. Өз сертификатын тиімді орналастыру үшін келесі шарттар қарастырылуы қажет:
oo инвестор үшін тиімді пайыздық мөлшерлеме;
oo салымшы үшін тиімді болатындай сертификаттың ең төменгі шегі;
oo пайыздық мөлшерлемені қайта араудың икемді механизмі;
oo стандартты шығарылу шарттары;
oo номиналды төлеу мен пайыздың есептелуін сенімді етіп кепілдендіру;
oo потенциалды сатып алушыларды ақпараттандыру, яғни ірі жарнама.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1-3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға беріледі.
Сертификат бланктері арнайы рұқсаты бар полиграфиялық кәсіпорындармен дайындалады. Сертификат бланкінде шығарылу шарттары мен басқа да мәліметтер орналасуы мүмкін, алайда келесі реквизиттардың болуы талап етіледі:
oo депозиттік не жинақ сертификаты атауы;
oo шығарылу себебіне нұсқау;
oo депозитті немесе салымды салу мерзімі;
oo сертификатты өтеу мерзімі;
oo депозиттің мөлшері;
oo салынған соманы банктің міндетті түрде қайтару міндеттемесі;
oo депозит немесе салым бойынша пайыз мөлшерлемесі;
oo тиісті пайыз сыйақысы;
oo эмитент банктің атауы мен мекен-жайы;
oo сертификаттың шығуына жауапты банктің екі тұлғасының қолдары және банк мөрі.
Егер сертификат бойынша салымды алу мерзімі өтіп кеткен болса, мұндай сертификат талап етуіне дейінгі құжат болып саналады және банк оны алғашқы талап етуінде өтеуге тиіс. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.
Қарапайым депозиттік келісім-шартқа қарағанда сертификаттар келесідей артықшылыққа ие:
oo сертификаттардың таратылуы мен айналуында қаржы делдалдарының үлкен көлемінің арқасында потенциалды инвесторлардың саны артады.
oo Қайталама нарық жағдайында сертификат басқа тұлғаға сатыла алады, бұл жерде оның иесі сақталған уақытына табыс алады және банк ешқандай ресурсты жоғалтпайды;
oo Депозиттік сертификат иелері салық салу кезінде көп табыстан айрылмайды.
Жинақ сертификаттары бойынша табысқа басқа депозиттер тәрізді салық салынбайды. Мерзімді депозиттерге қарағанда сертификаттардың кемшілігі - бюанктің оларды эмиссиялаумен байланысты үлкен шығындарының болуы.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылуға тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып депозиттік операцияларды ұдғайту талап етіледі. Депозиттік оепрацияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеру керек:
oo депозиттік ресурстар қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
oo депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
oo депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
oo салым иелерінің санын өсіру мақсатында депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, осымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалар мен ұйымдастырылады:
oo банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға депозиттік операциялар әрекетету керек;
oo банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
oo банк баланысының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процессінде ерекше назар аударылуы қажет;
oo депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыспен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
oo салымдарды тартуға, банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.
Қазіргі кезде ағымдық және жинақ шоттары банктер үшін ең тиімді ресурс көзі болып табылады. Банктер арасында клиенттері үшін үлкен бәсекелестік байқалады. Банктік терминологияда бір клиенттің банкі ұғымы пайда болған. Неғұрлым ірі кәсіпорындардың өз банкі бар. Алайда, банктерде бір-бірінен ірі корпоративтік клиенттерді тартып алатын жағдай көп кездеседі. Бұл ағымдық және жинақ шоттарындағы қаражаттардың банк өтімділігіне өте сезімтал болып келетінін көрсетеді. Клиенттердің талаптарына сәйкес көптеген банктер шоттың жеке менеджері механизмін енгізеді [11].

2Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі

2.1 Банктің депозиттік операцияларының қорларды қалыптастырудағы рөлі мен мәні

Экономикалық дамудағы банктердің рөлін қарастырсақ, мысалы дамымаған экономикада банктер мәні жағынан барлық ұйымдастырылған қаржы нарығы ретінде сипатталады. Олар капиталды шоғырландыру мен бөлуде, қоғам жинақтарын корпоративтік инвестицияға трансформациялауда маңызды рөл атқарады.
Осындай жағдайда коммерциялық банктерде тиімді депозит саясатын ұйымдастыру мәселесі теориялық және шаруашылық тәжірибе тұрғысынан өте өзекті болып табылады.
Барлық банк саясаттарының ішінде ең маңыздысы ресурстық базаны құру саясаты болмақ. Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру үрдісінде ресурстар базасын құру оның активті операцияларына қатысты маңызды мәселенің біріне айналды.
Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90 пайызынан жоғары бөлігін қолданады. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.
Депозит ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің орны мен рөлі
Банктің пассивтік операциялары туралы
Коммерциялык банктер, олардың жіктелуі
Банктің активтік операциялары
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Қазақстан Республикасының банк жүйесі мазмұны
Банк қызметінің пассивті операциялары
Пәндер