Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс


ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

І тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың

жалпы сипаттамасы . . . 4

ІІ тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс түрлері . . . 8

  1. Бейбітшілікке ќарсы ќылмыстар . . . 8
  2. Әскери қылмыстың түсінігі, сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері . . . 12
  3. Бейбітшілік пен адамзат ќауіпсіздігіне ќол сұғатын ќылмыстар . . . 22

Қорытынды . . . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 33

Кіріспе

Берілген курстық жұмыс қазіргі таңдағы ең актуальді және маңызды ғаламдық проблемалардың бірі - бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік, этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады. Соңғы кезде қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.

Құқықтық мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті нығайта отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар қосылған.

Бейбітшілік және адамзат ќауіпсіздігіне ќарсы жасалатын барлыќ ќылмыстар кінәлінің белсенді әрекеттері арќылы жасалынады. Кейбір ќұрамдардың объективтік жағының (мысалы, соғыс жүргізудің тиым салынған ќұрамдары, мен әдістерін ќолдану) міндетті белгісі ретінде ќылмыстыќ жасалуының ерекше жағдайы әскери кикілжің немесе әскери әрекеттер жағдайы және ќылмыстың жасалу орны басып алынған аумаќ жатады.

Курстық жұмыстың мақсаты - бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды сипаттау және олардың түрлеріне тоқталу.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылып отыр:

  • бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасын жасау;
  • бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс түрлеріне тоқталу;
  • бейбітшілікке ќарсы ќылмыстарды сипаттау;
  • әскери қылмыстың түсінігін ашу;
  • әскери қылмыстың түрлеріне тоқталу;
  • адамзатќа ќарсы ќылмыстар;
  • бейбітшілік пен адамзат ќауіпсіздігіне ќол сұғатын ќылмыстарға тоқталу.

І тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Бейбітшілік пен адамзат ќауіпсіздігі - жалпы ќоғамның және жеке адамның дамуының міндетті және басымда шарты боп табылатын ќазіргі өркениеттің маңызды әлеуметтік ќұндылыќтарының бірі. ЌР-ның ќылмыстыќ кодексінде заңшығарушы бейбітшілік пен адамзат ќауіпсіздігіне ќарсы ќылмыстарды алғаш рет жеке тарауға бөліп шығаруы ұлттыќ ќылмыстыќ заңдылыќты халыќаралыќ конвенцияларға сєйкес сипатќа келтіруі болып танылады. Бұл тарауға 9 ќылмыс ќұрамы енгізілген. Соның ішінде алтауы ЌР ЌК 156, 158-161, 163 баптар жаңалыќ болып табылады. Үш ќылмыстың ќұрамы бұрыннан ЌазССР Ќылмыстыќ кодексінде белгілі болған.

Соғысты насихаттау, жалдамалылыќ, ұлттыќ жєне нєсілдік теќ ќұќыќты бұзу ќұрамдары жаңа редакцияда енгізілген. Бұл тараудың бөліну негізі ретінде бейбітшілік жєне адамзат ќауіпсіздігі, яғни, халыќаралыќ ќұќыќ нормаларын саќтау нәтижесінде ќалыптасатын жєне мемлекет пен халыќтардың өмір сүру негізін ќамтамасыз ететін ќоғамдыќ ќатынастар сонымен ќатар халыќаралыќ бейбітшілік пен ќауіпсіздікті ќамтамасыз ететін негізгі ќағидалар ќұрайтын ќол сұғушылыќтың жалпы топтың объектісі болып табылады. Бейбітшілік жєне адамзат ќауіпсіздігіне ќарсы ќылмыстардың ќұрамдарының барлығы формальды. Олардың объективтік жағы міндетті белгі ретінде тек ќана ќоғамға ќауіпті әрекетті жасауды жатќызады. Ал ќоғамға ќауіпті зардаптардың туындауы ќұрамның шегінен тыс.

Жалдамалылыќ (ЌК 162 б) халыќаралыќ ќорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ЌК 163 б) жєне єлеуметтік, ұлттыќ, рулыќ, нәсілдік немесе діни араздыќты ќоздыру (ЌК 164 б) ќұрамдарының сараланған түрлері ерекше.

Араласќан конструкциясы бар ќылмыс ќұрамы экоцид (ЌК 161 б), онда заң шығарушы ќылмыстың объективтік жағын сипаттай отыра, егер әрекеттің нєтижесінде экологиялыќ апат туғызылған немесе туғызылуы мүмкін жағдайда жазаланушылыќ шартын бекіткен.

Бейбітшілік және адамзат ќауіпсіздігіне ќарсы жасалатын барлыќ ќылмыстар кінәлінің белсенді әрекеттері арќылы жасалынады. Кейбір ќұрамдардың объективтік жағының (мысалы, соғыс жүргізудің тиым салынған ќұрамдары, мен әдістерін ќолдану) міндетті белгісі ретінде ќылмыстыќ жасалуының ерекше жағдайы әскери кикілжің немесе әскери әрекеттер жағдайы және ќылмыстың жасалу орны басып алынған аумаќ жатады. Ќылмыстың жасалу тәсілі соғыс жүргізудің тиым салынған ќұралдары мен әдістерін ќолдану (ЌК 159 б), геноцид (ЌК 160 б) айќындалған. ЌК-нің ерекше бөлімінің 4 тарауындағы ќылмыстардың экоцидтен басќасы субъективтік жағынан кінєнің тікелей ќасаќаналығымен сипатталады. Кейбір ќылмыстар үшін заң шығарушы субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде ќылмыстың жасаулының арнайы маќсатын (мысалы), геноцид үшін ұлттыќ этникалыќ, нєсілдік немесе діни топты толыќ немесе ішінара жою маќсаты, халыќаралыќ ќорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау үшін соғысќа арандату немесе халыќаралыќ жағдайды шиеленістіру маќсаты көздейді.

Бейбітшілік және адамзат ќауіпсіздігіне ќарсы ќылмыстар субъектісі есі дұрыс 16 жасќа толған адам. Кейбір ќылмыстар арнайы субъектіні таниды, мысалы, мемлкеттік жауапты ќызмет атќарып отырған лауазымды адам (ЌК 157 б 2 б), ќоғамдыќ бірлестіктің жетекшісі немесе дінің ќызмет жағдайын пайдаланатын адам (ЌК 164 б 2 б) .

Бейбітшілік және адамзат ќауіпсіздігіне ќарсы ќылмыстарды төмендейдей сараптауға болады:

  1. Бейбітшілікке ќарсы ќылмыстар (ЌК 156-158 бб)
  2. Әскери ќылмыстар (ЌК 159 б)
  3. Адамзатќа ќарсы ќылмыстар (ЌК 160, 161 б)
  4. Бейбітшілік пен адамзат ќауіпсіздігіне ќол сұғатын ќылмыстар (ЌК 162-164 б)

Бейбітшілікке ќарсы ќылмыстарға басќыншылыќ соғысты жоспарлау, єзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу, басќыншылыќ соғысты тұтандыруға насихат жүргізу жєне жария түрде шаќыру, жаппай ќырып-жою ќаруын өндіру немесе тарату. Басќаншылыќ немесе агрессия (латыннан аударғанда «шабуыл жасау») халыќаралыќ ќұќыќ көзќарасы бойынша бір мемлкеттің екіншісіне ќарсы заңсыз күш ќолдануы, єсіресе, басќа мемлекетке оның аумағын тартып алу, тәуелсіздігін жою, саяси және ќоғамдыќ ќұрылысын өзгерту маќсатында әскери шабуыл жасау.

ЌК 156 б 1 б көзделген ќылмыстың объективтік жағы 3 балама ќоғамға ќауіпті әрекеттерден тұрады:

1. басќыншылыќ соғысты жоспарлау, басќыншылыќ соғысќа дайындалу, басќыншылыќ соғысты тұтандыру.

ЌК 156 б 2 б осы ќылмыстың сараланған ќұрамы басќыншылыќ соғысты жүргізу үшін ќылмыстыќ жауапкершілік тағайындайды. Сонымен ќатар басќыншылыќ соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шаќыру үшін ќылмыстыќ жауапкершілік ЌК 157 б 1 б көрсетілген. Бұл ќылмыстыќ сараланған белгісі деп бұќаралыќ аќпарат ќұралдарын пайдаланып жасаған немесе мемлкеттік жауапты ќызмет атќарып отырған лауазымды адам жасаған әрекет танылады. ЌК 158 б. көзделген ќылмыстың заты химиялыќ, биологиялыќ жєне ЌР-ның халыќаралыќ шартымен тиым салынған жаппай ќырып-жою ќаруы табылады.

Ќарастырылып отырған ќылмыстың объективтік жағы:

а) жаппай ќырып-жою ќаруын өндіру, яғни кез-келген тәсілмен дайындау (ќолдан, лаборанториялыќ жолмен заводта дайындау) ;

б) жаппай ќырып-жою ќаруын табу (сатып алу, айырбастау, сыйға алу, ұрлау) ;

в) жаппай ќырып-жою ќаруын өткізу, яғни ќылмыс затын ќайтарымды немесе ќайтарымсыз өзінің иелігінен басќаға беру, сату, айырбастау, сыйлау т. б.

Келесі ќылмыс ќұрамы соғыс жүргізудің тиым салынған ќұралдары мен єдістерін ќолдану (ЌК 159 б) . Әскери тұтќындарға немесе әскери емес тұрғындарға ќатал ќарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру, басып алынған аумаќта ұлттыќ мүлікті тонау, ЌР-ның халыќаралыќ шартымен тиым салынған ќұралдар мен әдістерді әскери жанжалда ќолдану ќол сұғушылыќтың объективтік жағын ќұрайды. ЌР-ның халыќырылыќ шартымен тиым салынған жаппай ќырып-жою ќаруын ќолдану ЌР ЌК 159 б 2б бойынша сараланады.

Адамзатќа ќарсы ќылмыстар тобын геноцид (ЌК 160 б) жєне экоцид (ЌК 161 б) ќұрайды. Геноцидтің ќоғамға ќауіптілігі оны ќұрайтын ќылмыстыќ єрекетті жасаунєтижесінде белгілі бір ұлттыќ, этникалыќ, нєсілдік жєне діни топтың адамдары толыќ немесе ішінара ќұртылады немесе ќұртылып кетуі мүмкін ќаупінде. Бұл ќылмыстың ќұрамы Нюрнберг жєне Токио єскери трибуналдарының жарлығы мен 1948 жылғы геноцид ќылмысын алдын-алу жєне ол үшін жазалау жөніндегі Конвенциясы негізінде ќалыптасќан.

Аталған топтардың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мєжбүрлеп бреуге беру осы топ мүшелерін ќырып-жоюға бағытталған басќа да тіршілік жағдайларын туғызу. Субъективтік жағы тікелей ќасаќаналыќ жєне ұлттыќ, этникалыќ, нєсілдік немесе діни топтың толыќ немесе ішінара жойылуын көздейтін арнайы маќсаттан тұрады. Аталған маќсатты аныќтау геноцидті соғыс жүргізудің тиым салынған ќұрамдары мен єдістерін ќолданудың кейбір нысандары жєне кейбір жалпы ќылмыстардан (кісі өлтіру жєне денсаулыќќа ауыр зиян келтіру) ажыратуға мүмкіндік береді.

Экоцид (ЌР ЌК 161 б) адамның өзінің өмір сүруі, ќоршаған ортаға ќайтарымсыз зиян келтіретін адамның табиғат ортасына ќылмыстыќ єсері. Бұл ќылмыстың заты- өсімдік жєне жануарлар єлемі, ауа, жер, су ресурстары.

Халыќаралыќ ќылмыстардың объективтік жағы заңда көзделген нысандар:

а) өсімдік немесе жануарлар єлемін жаппай жою

б) ауа, жер, су ресурстарын улау

в) экологиялыќ апат туғызатын єрі туғызу ќаупі бар өз ге де єрекеттер жєне көрсетілген єрекеттер мен зардаптар арасындағы себептік байланыс.

Бейбітшілік жєне адамзат ќауіпсіздігіне ќарсы өзге де ќылмыстар: жалдамалылыќ (ЌК 162 б) ; халыќаралыќ ќорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға шабуыл жасау (ЌК 163 б) ; єлеуметтік, ұлттыќ, рулыќ, нєсілдік, діни араздыќты ќоздыру (ЌК 164 б) .

Жалдамалалаќтың объективтік жағы ЌК 162 б 1б диспозициясында көзделген єрекеттердің бірі:

а) азғырып көндіру;

б) оќытып-үйрету;

в) жалдамалыны ќаржыландыру немесе өзге материалдыќ ќамтамасыз ету;

г) оны ќарулы жанжалда немесе соғыс єрекеттерінде пайдалануды жүзеге асырудан тұрады.

ЌР ЌК 162 б 1 б бойынша ќылмыс субъектісі кез-келген есі дұрыс, 16 жасќа жеткен адам, 2 б бойынша өзінің ќызметтік жағдайын пайдаланатын адам. Сараланған түрі кәмелетке толмағанға ќатысты жасалған осы әрекеттер.

Ќарастырылып отырған баптың 3 б жалдамалының єскери жанжал немесе соғыс әрекеттеріне жеке ќатысуын сипаттайды. Ерекше саранған белгісі жалдамалының єрекеттері адам ќазасы немесе өзге де ауыр зардап туындатса деп танылады. Халыќаралыќ ќорғау аясындағы адам немесе ұйымға жабуыл жасау (ЌР ЌК 163 б) келесі єрекеттер:

  1. Шет елдік мемлекет өкіліне немесе халыќаралыќ ќорғау алсындағы халыќарылыќ ұйым ќызметкеріне немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне шабуыл жасау;
  2. Аталған адамдардың ќызметтік не тұрғын үй-жайларына, көлек ќұралдарына шабуыл жасау;
  3. Осы адамдарды ұрлау немесе күштеу арќылы бостандығынан айыру.

Бұл ќылмыстың аяќталу уаќыты-заңда келтірілген әрекеттердің бірін жүзеге асыру, біраќ соғысты ұшыќтыру немесе халыќаралыќ ќатынастарды ќұлдырату маќсатына жету ниеті жүзеге асса болғаны.

Әлеуметтік, ұлттыќ, рулыќ, нәсілдік немесе діни араздыќты ќоздыру (ЌР ЌК 164 б) ќылмысы ќұрамы 1965 ж. «Нәсілдік шектетудің барлыќ нысандарын жою туралы» Халыќаралыќ Конвенция негізінде ќұрастырылған.

Ќылмыстың объективтік жағы:

а) әлеуметтік, нәсілдік, рулыќ, ұлттыќ және діни араздыќ немесе ошпенділікті өршіктіруге;

б) ұлттыќ ар-ождан, ќадір-ќасиетті немесе азаматтардың діни сезімін ќорлауға;

в) азаматтардың дінге ќатыстылығы, әлеуметтік, ұлттыќ, рулыќ немесе нәсілдік ќатынастылығы белгісі бойынша азаматтың басымдылығы, артыќшылығы, кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер ќұрайды.

Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау. Шетелдiк мемлекеттiң өкiлiне немесе халықаралық қорғау аясындағы халықаралық ұйымның қызметкерiне немесе онымен бiрге тұратын оның отбасы мүшелерiне, сондай-ақ халықаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтiк немесе тұрғын үй-жайларына не көлiк құралдарына шабуыл жасау, сол сияқты осы азаматтарды ұрлау немесе бас бостандығынан күштеп айыру, егер осы әрекеттер соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленiстiру мақсатында жасалса - мүлiктерi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бiрнеше рет не қару қолдану не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған, не денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен ұштасқан, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекеттер - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасына, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдiгiн насихаттау, егер осы әрекеттер көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалса - бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Адамдар тобымен немесе бiрнеше рет жасалған, немесе күш көрсетумен не оны қолданамын деп қорқытумен ұштасқан, сол сияқты өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, адам не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған нақ сол iс-әрекеттер - бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан iс-әрекеттер - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Геноцид, яғни ұлттық, этникалық, нәсiлдiк немесе дiни топты осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зардап кетiру, бала тууға күш пен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп бiреуге беру, күштеп көшiру не осы топтың мүшелерiн қырып-жоюға есептелген өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы толық немесе iшiнара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер - он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Экоцид. Өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де iс-әрекеттердi жасау - он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ІІ тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері

2. 1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар

Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу, тұтандыру немесе жүргiзу. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу немесе тұтандыру - жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Басқыншылық соғысты жүргiзу - он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру - үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан тоғыз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттiк жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет - бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Химиялық, биологиялық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрiн өндiру, сатып алу немесе өткiзу - бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Соңғы кезде қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық табылады.

Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.

Бейбітшілікке қарсы қылымыстың ең ауыры соғыс қылымыстары.

Соғыс жүргізуді реттейтін бірсыпыра заңдылық күші бар халықаралық актілер мен конвеньциялар бар. Оларға:

1856 жылы 16-сәуірде Парижде қабылданған теңіздегі соғыс туралы деклорация;

1868 жылы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте қабылданған жарылатын немесе күйдіретін қаруды қолдануды жою жөніндегі деклорация;

1899 және1907 жылдары Гаагада қабылданған деклорацмялар;

1949 жылы Женева коньвенциясы (соғыс құрбандарын қорғау туралы) ;

1954 жылы 14-мамырдағы Гаага коньвенциясы(соғыс жағдайындағы мәдени құндылықтарын қорғау туралы) және т. б.

Қылмыстың тікелей обьектісі халықаралық құқық нормаларымен белгіленген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс обьективтік жағынан әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұтқындарға қатігездікпен қарау, әскери емес тұрғындарын күштеп көшіру, басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен тыйым салынған құралдар мен әдістерді әскери жанжалды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Әскери тұтқындарға соғысушы жақтың қарулы күштерінің қатарына жататын адамдар, партизандар, әскери жасақтардың мүшелері, қарсыласу қозғалысының қатысушылары, сондай-ақ қолға түскен әскери журналистер, әскери-медициналық, әскери-заңгер қызметкерлер, интенданттық қызмет немесе басқадай қызмет көрсететін адамдар жатады. 1949 жылы «соғыс тұтқындармен қатынас жөніндегі» Женева коньвенциясына сәйкес соғыс тұтқындарына ізгілікпен қарау белгіленген, оларға қатыгездікті қолдануға тыйым салынған.

Әскери емес тұтқындарға - соғысқа қатыспаған, бірақ жау қолына түскен бейбіт тұрғындар жатады.

Басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонауға- соғысушы жақтың өзі басып алған мемлекеттің мүлкін жою, қирату, талан-таражға салу, өз мемлекетінің меншігіне алу әрекеттері жатады. Ұлттық мүлікке - материалдық және рухани игіліктер жатады. Қазақстан Республикасының халықаралық щартымен тыйым салынған құралдар мен әдістарді, әскери жан-жалды қолдануға адамзатқа қасірет әкелетін және қоршаған ортаны мақсатты түрде ұзақ уақытқа залалдандыратын шараларды жүзеге асырулар жатады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға сәйкес күйдіретін, жарылыс жасайтын заттарды, зиянды газдарды, уландыратын не т. б бактереологиялық зжаппай қырып-жоятын қаруларды, химиялық, биологиялық қаруларды соғыс жағдайында қолданбауға міндетті.

ҚР халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (159-баптың 2-тармағы) .

Қылмыс құрамы формалдық, сондықтан да ол осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Қылмыс құрамы материалдық
Адамзатқа қарсы қылмыстар
Халықаралық терроризмнің жалпы сипаттамасы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес
Әскери қылмыстың түсінігі, сипаттамасы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz