Жылжымайтын мүліктің азаматтық – құқықтық режимі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН
МҮЛІКТЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ РЕЖИМІ
(ТӘРТІБІ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Жылжымайтын мүлік түсінігі. Жылжымайтын мүліктерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу режимі (тәртібі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың және онымен
жасалатын мәмiлелердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн құру тәртібі ... ... ... ... ..9
1.3 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу жүргiзу тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКПЕН ЖАСАЛАТЫН МӘМІЛЕЛЕРДІҢ
КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.1 Жылжымайтын мүлiкке жекелеген құқық түрлерін мемлекеттік тіркеу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2 Жылжымайтын мүлік кепілі туралы шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын заттар) жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын объектілер жатады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу дегеніміз - Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңмен өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттiк тiркеудiң өзге де объектiлерiн мемлекеттiң тануы мен растауының мiндеттi рәсiмi.
Егер кондоминиум объектiсiнiң құрамындағы пәтерлер және өзге де тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншiкте болса, олар дербес жылжымайтын мүлiк объектiлерi (түрлерi) болып танылады.
Мемлекеттік тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi суда жүзу кемелері, «өзен-теңiз» жүзу кемелері, ғарыш объектiлері де жылжымайтын заттарға теңестiрiледi. Заңнамалық актілермен жылжымайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.
1. “Қазақстан Республикасының Конституциясы” (1995 жылғы 30 тамызда қабылданған, 1998 жылғы 7 қазанда ҚР Конституциялық заңымен енгізілген өзгерістері және толықтыруларымен), (соңғы өзгерістер 2007ж 21 мамыр ҚР заңымен енгізілді).
2. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шiлдедегi N 310 Заңы
3. Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 Заңы
5. “Жылжитын мүліктерге кепілді тіркеу туралы” ҚР Заңы. 30.06.98.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 27.12.1994ж. (15.01.2001ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), (соңғы өзгерістермен толықтырулар 2007ж 12 қаңтар ҚР заңымен енгізілді, 10.12.2008ж №101–IV, 20.01.2010).
7. Жылжымайтын мүлікке құқықты және олармен жасалатын мәселелерді мемлекеттік тіркеу туралы Заңы 2007ж 26 шілде.
8. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы. 05.05.2003 ж.
9. Ғ.А. Жайлин. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім: І, ІІ том Оқулық. Алматы 2004ж.
10. Г.И. Төлеуғалиев Азаматтық құқық. Ерекше бөлім, І том Оқулық. Алматы 1999ж.
11. Хамзин У.М. Азаматтық құқық. Шарттың түрлер. Қарағанды-2006ж
12. Пономарева В.П. Право интеллектуальной собственности. Учебно-практическое пособие, КЭУК, 2008.
13. Суханов Е.А. учебник Гражданское право в 2-х томах М.Бек 1993 г.
14. Басин Ю.Г. Гражданское право, учебник, т.2, КазГЮА 2003.
15. Батырбаев Н.М. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Түркістан, 2008.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Арқалық қаласының қашықтықтан оқыту орталығы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы: Жылжымайтын мүліктің азаматтық - құқықтық режимі, (тәртібі)

Орындаған:
Ю-21к тобының студенті Абдрахманова Г.А.

Ғылыми жетекші:
з..ғ.к., аға оқытушы Сопыханова А.Б.

Астана 2013
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Жылжымайтын мүліктің құқықтық мәні. Жылжымайтын
мүліктерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу режимі
(тәртібі) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.1 Жылжымайтын мүлік түсінігі. Жылжымайтын мүліктерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу режимі (тәртібі) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың және онымен
жасалатын мәмiлелердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн құру тәртібі ... ... ... ... ..9
1.3 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу жүргiзу тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелердің
кейбір түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.1 Жылжымайтын мүлiкке жекелеген құқық түрлерін мемлекеттік тіркеу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2 Жылжымайтын мүлік кепілі туралы шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 9

КІРІСПЕ

Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын заттар) жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын объектілер жатады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу дегеніміз - Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңмен өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттiк тiркеудiң өзге де объектiлерiн мемлекеттiң тануы мен растауының мiндеттi рәсiмi.
Егер кондоминиум объектiсiнiң құрамындағы пәтерлер және өзге де тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншiкте болса, олар дербес жылжымайтын мүлiк объектiлерi (түрлерi) болып танылады.
Мемлекеттік тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi суда жүзу кемелері, өзен-теңiз жүзу кемелері, ғарыш объектiлері де жылжымайтын заттарға теңестiрiледi. Заңнамалық актілермен жылжымайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.
Осы Кодекстің және өзге де заңнамалық актiлердiң жылжымайтын заттарға байланысты қатынастарды реттейтiн нормалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тiкелей көзделген жағдайда, осы тармақта көрсетiлген заттарға қолданылады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруi және тоқтатылуы осы Кодексте және Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік тiркелуге жатады.
Мемлекеттік тiркеудiң жылжымайтын мүлiкке байланысты өзге де объектiлерi Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) мемлекеттік тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады. Егер тiркеуден бас тартылмаса, өтiнiш берген кез мемлекеттік тiркеу кезі болып танылады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын орган тiркеуге ұсынылған құқық белгiлейтiн құжатта жазба жасау арқылы жүргiзiлген тiркеудi құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша куәландыруға мiндеттi. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тiркеудi жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы (өзге заттай құқық) туралы куәлiк бередi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу жариялы болып табылады. Тiркеудi жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген тұлғаға Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шектеулердi ескере отырып беруге мiндеттi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеуден бас тарту не тiркеуден негiзсiз жалтару жағдайларында сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Мемлекеттік тiркеу тәртібі осы Кодекске және Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленедi.
Азаматтық әуе кемелерiн, теңiз кемелерiн, iшкi суда жүзу кемелерiн, өзен - теңiз жүзу кемелерiн жылжымайтын мүлiкке теңестiрiлген объектiлер ретiнде мемлекеттік тiркеу тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі, сауда мақсатында теңiзде жүзу, iшкi су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi.

1. Жылжымайтын мүліктің құқықтық мәні. Жылжымайтын мүліктерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу режимі (тәртібі)
1.1 Жылжымайтын мүлік түсінігі. Жылжымайтын мүліктерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу режимі (тәртібі)

Жылжымайтын мүлiк - жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер;
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу дегеніміз - Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңмен өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттiк тiркеудiң өзге де объектiлерiн мемлекеттiң тануы мен растауының мiндеттi рәсiмi.
Жылжымайтын мүлiктiң бастапқы объектiсi - әр түрлi функционалдық мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектiлерi.
Жылжымайтын мүлiктiң кейiнгi объектiсi - құқықтарды тiркеу мақсатында меншiктiң жеке (бөлек) құқық (өзге де заттық құқық) объектiлерi ретiнде оларға кадастрлық нөмiрлер берiлетiн тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар.
Жылжымайтын мүлiкке құқық ауыртпалығы дегеніміз - Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келiсiмiмен көзделген тәртiппен туындаған және құқық иесiнiң жылжымайтын мүлiкке иелiк ету, пайдалану және (немесе) билiк ету құқығын шектеуде көрiнетiн жылжымайтын мүлiкке құқықты кез келген шектеу.
Жылжымайтын мүлiк объектiсiн қалыптастыру - жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң бiрегей сәйкестендiру сипаттамаларын белгiлеу және оған кадастрлық нөмiр беру процесi.
Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiру сипаттамалары - жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерiн, түрiн, кадастрлық нөмiрiн, меншiк нысанын, құрамдастарының санын, жерлерiнiң, санаттарын, бөлiнуiн, нысаналы мақсатын, қабатын, ауданын (жалпы, тұрғын, пайдалы) қоса алғанда, жылжымайтын мүлiк объектiсi туралы құқықтық кадастрды жүргiзу мақсатына қажеттi мәлiметтер.
Кадастрлық нөмiр - жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлетiн Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке, қайталанбайтын нөмiрi.
Құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмiлелердiң, азаматтық әуе кемелерiне, теңiз кемелерiне, iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiз" жүзу кемелерiне тiркелген құқықтар туралы мәлiметтердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмi. Бұрын туындаған құқықтарды құқықтық кадастрда жүйелi тiркеу - жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу жүйесi енгiзiлгенге дейiн туындаған және егер олар туындаған сәтте қолданыстағы заңнамаға сәйкес келсе, жарамды болатын жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) есептiк тiркеу.
Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық тексеру - үйлердiң, ғимараттардың және олардың құрамдастарының құқықтық кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi техникалық, сәйкестендiру сипаттамаларын айқындау.
Мемлекеттiк тiркеу объектiсi - құқықтық кадастрда мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен құқықтар ауыртпалықтары, мәмiлелер, сондай-ақ заңдық талаптар.
Үстемдiкке ие жылжымайтын мүлiк объектiсi - меншiк иесiнiң (өзге құқық иесiнiң) бөтен жылжымайтын мүлiктi шектеулi нысаналы пайдалану құқығы (сервитуты) бар жылжымайтын мүлiк объектiсi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заң жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қатынастарға қолданылады. Азаматтық әуе кемелерiне, теңiз кемелерiне, iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiз" жүзу кемелерiне құқықтарды (ауыртпалықтарды) жылжымайтын мүлiкке теңестiрiлген объектiлер ретiнде тiркеу тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық авиация, сауда мақсатында теңiзде жүзу, iшкi су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) және онымен жасалатын мәмiлелердiң туындауы, өзгеруi немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы Заңның 6-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңда белгiленген тәртiппен осындай құқық тiркелмейiнше, жылжымайтын мүлiкке құқықты беру де, оның ауыртпалығы да, өзгеруi немесе тоқтатылуы да құқықтық кадастрда тiркелмейдi.
Жылжымайтын мүлiкке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттiк тiркеуге жатады:
1) меншiк құқығы;
2) шаруашылық жүргiзу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) кемiнде бiр жыл мерзiмге жер пайдалану құқығы;
5) үстемдiкке ие жер учаскесiнiң немесе өзге де жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң пайдасына кемiнде бiр жыл мерзiмге сервитуттар.
Өзге құқықтар құқық иеленушiлердiң қалауы бойынша тiркелуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәмiлелер құқықтық кадастрда мемлекеттiк тiркелуге жатады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың мынадай ауыртпалықтары құқықтық кадастрда мемлекеттiк тiркеуге жатады:
1) кемiнде бiр жыл мерзiмге пайдалану құқығы, соның iшiнде жалға беру, өтеусiз пайдалану, сервитуттар, өмiр бойы қарауында ұстау құқығы;
2) сенiмгерлiкпен басқару құқығы, оның iшiнде қорғаншылық, қамқоршылық кезiнде, мұралық құқық қатынастарында, банкроттықта және басқаларында сенiмгерлiкпен басқару құқығы;
3) кепiл;
4) тыйым салу;
5) мемлекеттiк органдардың өз құзыретi шегiнде жылжымайтын мүлiктi пайдалануға, оған билiк етуге немесе белгiлi бiр жұмыстарды орындауға шектеу қоюы (тыйым салуы);
6) басым мүдделердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жылжымайтын мүлiкке құқықтардың өзге
ауыртпалықтары.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар
ауыртпалықтарының) өзгерiстерiн құқықтық кадастрда мемлекеттiк тiркеуге:
1) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң құқықтық кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi;
2) құқықтық кадастрдың тiркеу парағында қамтылған құқық иесi туралы мәлiметтердiң өзгеруi;
3) заңнамалық актiнiң негiзiнде құқық түрiнiң өзгеру жағдайын қоспағанда, құқық түрiнiң өзгеруi;
4) егер олар тiркеу парағында қамтылған мәлiметтерге қатысты болса, жылжымайтын мүлiк объектiсiне белгiленген құқықтардың көлемiне әсер етсе немесе олар тараптардың келiсiмi бойынша тiркелуге тиiс болса, шарттар талаптарының өзгеруi жатады;
5) егер, бұл осы Заңда, өзге де заңнамалық актiлерде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделсе, өзге өзгерiстер құқықтық кадастрда мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Жылжымайтын мүлiктiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша болған жағдайда, оның iшiнде елдi мекендердiң атауы, көшелердiң аты, сондай-ақ үйлер мен өзге де құрылыстардың реттiк нөмiрлерi (мекенжайы) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты кадастрлық нөмiрлер өзгерген кезде мұндай өзгерiстердi тiркеу құқық иеленушiге жүктеле алмайды және өтеусiз жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк тiркеудiң құқықтық маңызы мынадай: жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңның 4, 5 және 6-баптарына сәйкес құқықтық кадастрда мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), егер осы Заңда және өзге де заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап туындайды.
Егер тiркеуден бас тартылмаса, мемлекеттiк тiркеу сәтi болып өтiнiш берген сәт танылады.
Құқықтық кадастрда мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының тиiстi қатынастарды реттейтiн заңнамалық актiлерiне сәйкес туындайды. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын мәмiлелер, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, олар тiркелгеннен кейiн жасалған деп есептеледi. Бұрын туындаған құқықтар осы Заңның 6-тарауында көзделген тәртiппен құқықтық кадастрда есептiк тiркеуге жатады.
Жеке тiркелетiн немесе жер учаскелерiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеумен бiрге тiркелетiн бастапқы және кейiнгi объектiлерге құқықтарды қоспағанда, жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде бiр мезгiлде жер учаскесiмен тығыз байланысты жылжымайтын мүлiкке құқықтар тiркелген болып есептеледi.
Жылжымайтын мүлiктiң бiр ғана сол объектiсiне бiрнеше құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) арасындағы басымдықтарды белгiлеу кезiнде мына ережелердi негiзге алу қажет:
1) Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы Заңның 4 және 5-баптарына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жататын, құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) тiркелмегендердiң алдында басымдыққа ие болады;
2) жылжымайтын мүлiкке бұрын пайда болған құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) басымдығы құқықтары туындаған күн бойынша азаматтық заңнамаға сәйкес белгiленедi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi енгiзген сәттен бастап құқықтық кадастр және құқық белгiлейтiн құжат жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) және онымен жасалатын мәмiлелердi растайтын бiрден-бiр ақпарат көзi болып табылады.
Құқықтық кадастрда және құқық белгiлейтiн құжатта қамтылатын мәлiметтерде алшақтықтар болған жағдайда, басымдық алшақтықтың мәнi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Құқықтық кадастрда мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын басым мүдделер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген жалпы ережелер мен тыйым салулар ретiндегi ауыртпалықтар;
2) нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде туындайтын құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), оның iшiнде жалпыға қолжетiмдi жабық емес жер учаскелерiнде болу және олардан жаяу өту құқығы, жария сервитуттар;
3) кемiнде бiр жыл мерзiмге жер пайдалану құқығы;
4) бөтен жылжымайтын мүлiктi бiр жылдан аз мерзiмге пайдалану құқығы, соның iшiнде бiр жылдан аз мерзiмге жалдау, өтеусiз пайдалану құқығы, сервитуттар;
5) электр желiлерiне, телефон және телеграф желiлерiне және бағандарға, құбырларға, геодезиялық нүктелерге және қоғамдық қажеттiктермен шарттастырылған басқа да коммуникациялық желiлерге адамдардың қол жеткiзу және көлiк өту құқығы;
6) иелену мерзiмiнiң ескiруiне орай iс жүзiндегi иесiнiң жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын белгiленген тәртiппен танығанға дейiн құқық иесi болып табылмайтын адамдардың жылжымайтын мүлiктi iс жүзiнде иеленуi;
7) мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларын пайдалану құқығы немесе жергiлiктi атқарушы органдардың жеке меншiк тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайларын пайдалану құқығы болып табылады.
Мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру мерзiмi. Адам құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшiн заңдық факт басталған, оның iшiнде шартты нотариат куәландырған, сот шешiмi күшiне енген, өзге де құқық белгiлеушi құжаттар берiлген сәттен бастап алты айдан кешiктiрмей мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен жүгiнуге тиiс.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi бұзуы Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Мемлекеттiк органдар мен уәкiлеттi адамдар салатын құқықтар ауыртпалықтарын және осындай құқықтар ауыртпалықтары құқық иесiнiң өзiнiң ерiк бiлдiруiнсiз белгiленетiн басқа да жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштер, сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу туралы өтiнiштер мемлекеттiк тiркеуге дереу берiлуге тиiс.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен алым алынады.

1.2 Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмiлелердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн құру тәртібі

Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмiлелердiң, азаматтық әуе кемелерiне, теңiз кемелерiне, iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiз" жүзу кемелерiне тiркелген құқықтар туралы мәлiметтердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн құқықтық кадастр дейміз.
Құқықтық кадастрды тiркеушi органдар жүргiзедi және онда жылжымайтын мүлiкке қолданылатын және тоқтатылған құқықтар және тiркеудiң өзге де объектiлерi туралы ақпарат, жылжымайтын мүлiктiң сәйкестендiру сипаттамалары, құқық иелерi туралы мәлiметтер, құқықтық кадастрдың мәлiметтерiне бар сұрау салулар туралы ақпарат қамтылады.
Құқықтық кадастр тiркеушi органға оларды тiркеуге уәкiлеттi органдар берген азаматтық әуе кемелерiне, теңiз кемелерiне, iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiз" жүзу кемелерiне тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәлiметтердi де қамтиды.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша жылжымайтын мүлiктiң сәйкестендiру және құқықтық кадастрды жүргiзуге қажеттi басқа да сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырады.
Құқықтық кадастрдағы барлық жазбалар жылжымайтын мүлiктiң әрбiр объектiсiне және оларға теңестiрiлген объектiлерге жүргiзiледi. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi кадастрлық нөмiрмен сәйкестендiрiледi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) және онымен жасалатын мәмiлелердi, жылжымайтын мүлiкке теңестiрiлген объектiлерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы барлық жазбаларды тiркеушi орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне енгiзедi.
Құқықтық кадастрдың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн уәкiлеттi орган қалыптастырады.
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiн жүргiзудiң және пайдаланудың тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Мемлекеттiк органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргiзу мақсатында ақпарат алмасуы жөнiндегi өзара iс-қимылының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Құқықтық кадастр:
1) тiркеуге келiп түсетiн құжаттарды есепке алу кiтабынан;
2) тiркеу кiтабынан;
3) құқықтық кадастрдан мәлiметтер беруге сұрау салуларды есепке алу кiтабынан;
4) тiркеу iстерiнен;
5) азаматтық әуе кемелерiне, теңiз кемелерiне, iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiз" жүзу кемелерiне тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәлiметтердi есепке алу кiтабынан;
6) ақпараттық жүйеден тұрады.
Мемлекеттiк тiркеуге келiп түсетiн құжаттарды есепке алу кiтабын тiркеушi органдар жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын және өзге де тiркеу объектiлерiн мемлекеттiк тiркеуге берiлген өтiнiштердiң арасындағы басымдықты есепке алу және белгiлеу мақсатында жүргiзедi.
Мемлекеттiк тiркеуге келiп түсетiн құжаттарды есепке алу кiтабына енгiзiлген өтiнiштердiң арасындағы басымдық мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш берiлген күнi, сағаты және минуты бойынша белгiленедi.
Мемлекеттiк тiркеуге келiп түсетiн құжаттарды есепке алу кiтабының нысанын, мазмұнын және жүргiзiлу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Тiркеу кiтабы жылжымайтын мүлiк объектiлерiне толтырылатын тiркеу парақтарынан тұрады.
Жекелеген тiркеу парақтары жылжымайтын мүлiктiң мынадай объектiлерiне:
1) жер учаскесiне;
2) жылжымайтын мүлiктiң кейiнгi объектiсiне;
3) онда орналасқан бастапқы жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен бiрге жер учаскесiне толтырылуы мүмкiн.
Тiркеу парағы мынадай төрт бөлiмнен тұрады:
1) жылжымайтын мүлiктiң сәйкестендiру сипаттамалары;
2) үстемдiкке ие жер учаскесiнiң немесе жылжымайтын мүлiктiң басқа объектiсiнiң пайдасына белгiленетiн сервитуттар бөлiнiп көрсетiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтардың тiзiлiмi;
3) кепiл бөлiнiп көрсетiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтар ауыртпалықтарының, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктен туындайтын мiндеттемелердiң тiзiлiмi;
4) заңдық талаптардың және жылжымайтын мүлiкке құқықтардың немесе құқықтар ауыртпалықтарының туындауына әкеп соқпайтын мәмiлелердiң тiзiлiмi.
Тiркеу парағына жазбаларды енгiзудiң нысаны мен тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Тiркеу iсi әрбiр жер учаскесiне жеке жүргiзiледi және құқық белгiлейтiн және тiркеуге берiлген өтiнiшке қоса тiркелген басқа да құжаттардың көшiрмелерiн, соның iшiнде жер учаскесiне сәйкестендiру құжатының, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттардың көшiрмелерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктiң осы объектiсiне немесе оның құқық иелерiне қатысты тiркеушi органның құжаттарын қамтиды.
Кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң әрбiр кейiнгi объектiсiне жеке тiркеу iсi жүргiзiледi. Қажет кезде, жылжымайтын мүлiктiң бiрнеше бастапқы объектiсi орналасқан жер учаскесiне тiркеу iсi бiрнеше том болып жүргiзiледi.
Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кiтабын тiркеушi органдар келiп түсетiн сұрау салуларды және құқықтық кадастрдан берiлген ақпаратты есепке алу мақсатында жүргiзедi. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кiтабының нысанын, мазмұнын және жүргiзiлу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Құқық иесiнiң сәйкестендiру деректерiн (жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң аты мен туған күнiн, заңды тұлғаның атауы мен тiркеу нөмiрiн) қоспағанда, азаматтар және басқа да құқық иелерi туралы ақпаратты ашатын мәлiметтер (дербес деректер) берiлмейдi.
Құқықтық кадастрдың тiркеу iсiндегi құжаттардың көшiрмелерi сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың дәлелдi сауалдары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген олардың құзыретiне сәйкес берiледi. Өзге адамдарға аталған ақпарат құқық иесiнiң келiсiмiмен берiледi.
Жеке немесе заңды тұлғаның онда бар жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтары туралы жинақталған, тiркеушi орган растаған деректер құқық иесiнiң (уәкiлеттi өкiлдiң), құқық қорғау, сот органдарының, iс жүргiзiлiп жатқан қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот орындаушыларының, салық органдарының, нотариустардың, мұрагерлердiң, банкроттық рәсiмдерiндегi конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, қорғаншы және қамқоршы органдардың сауалдары бойынша берiледi. Құқықтық кадастрдан ақпаратты, сондай-ақ құқықтық кадастрдың тiркеу iсiндегi құжаттардың көшiрмелерiн тiркеушi орган ақпарат алуға сұрау салу берiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей беруге тиiс. Құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Объектiлер және құқықтық кадастрда жүйелi тiркеудiң құқықтық маңызы зор. Жүйелi тiркеу құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтар (құқық ауыртпалықтары) туралы мәлiметтермен толықтыру мақсатында жүзеге асырылады және есептiк сипатта болады.
Жүйелi тiркеу кезiнде жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтың (құқық ауыртпалығы) туындаған күнi бұрын туындаған құқық (құқық ауыртпалығы) туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде айқындалады.
Қазақстан Республикасында жүйелi тiркеудi жүргiзу мерзiмдерiн және тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) жүйелi тiркеу құқық иесiнiң өтiнiш беруi және (немесе) бұрын туындаған құқықтар (құқық ауыртпалықтары) туралы нақты деректердi басқа ақпараттық жүйелерден аудару арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
Жүйелi тiркеудi жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен халықты хабарландыру қажет.
Жүйелi тiркеудi жүргiзу кезiнде жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтар және құқық ауыртпалықтары туралы тiркеушi органда немесе басқа да мемлекеттiк органдарда болатын деректердi аудару жүзеге асырылуы мүмкiн. Жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтарға (құқық ауыртпалықтарына) қатысы бар құжаттарды басқа мемлекеттiк органдардан (ұйымдардан) беру бұрын туындаған құқықтар (құқық ауыртпалықтары) туралы нақты деректерi бар мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген рәсiм бойынша жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтар және құқық ауыртпалықтары туралы деректердi құқықтық кадастрға аудару тiркеушi органдағы немесе басқа да мемлекеттiк органдардағы деректер жарамды болған кезде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) жүйелi тiркеу өтеусiз жүзеге асырылады.
Егер бастапқы немесе кейiнгi жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқықтарды тiркеу туралы өтiнiш берген құқық иесiнде жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат болмаса не ескi үлгiдегi актiлерде немесе бұрын қолданылған заңнамаға сәйкес жер учаскесiне құқықтардың туындауын растайтын өзге де құжаттарда құқықтық кадастрды жүргiзу мақсаты үшiн қажеттi мәлiметтер болмаса, тiркеушi орган бастапқы немесе кейiнгi жылжымайтын мүлiк объектiлерiне бұрын туындаған құқықты есептiк тiркеудi жүргiзуге мiндеттi.
Жер учаскесiне бұрын туындаған құқықты есептiк тiркеу уәкiлеттi орган ескi үлгiдегi актiнiң немесе бұрын қолданылған заңнамаға сәйкес жер учаскесiне құқықтардың туындауын растайтын өзге де құжаттардың негiзiнде жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын бергеннен кейiн жүзеге асырылады. Тiркеу үшiн құқық иесi ескi үлгiдегi актiнi немесе бұрын қолданылған заңнамаға сәйкес жер учаскесiне құқықтардың туындауын растайтын өзге де құжатты және жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын ұсынады.
Құқық иесiнде жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат болмаған кезде оған құқықтарды ресiмдеу белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Бастапқы және кейiнгi объектiлерге бұрын туындаған құқықтарды есептiк тiркеудi жүзеге асыру кезiнде тiркеушi орган құқық иесiнен жылжымайтын мүлiк объектiсiне жаңа техникалық паспортты табыс етудi талап етуге құқылы емес. Қажет болғанда жүйелi тiркеудi жүргiзу кезiнде жаңа техникалық паспорт дайындауды жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша мемлекеттiк техникалық есепке алу құзыретiне кiретiн республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар өтеусiз жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудiң қажеттi шарты ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттiк техникалық тексеру болып табылады.
Ғимараттарды, құрылыстарды жәненемесе олардың құрамдастарын мемлекеттiк техникалық тексерудi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындар жүзеге асырады.
Мемлекеттiк техникалық тексеру бастапқы және кейiнгi зерттеудi, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдастарына кадастрлық нөмiр берудi қамтиды.
Бастапқы тексеру жаңадан құрылған жылжымайтын мүлiкке жүргiзiледi. Жылжымайтын мүлiк объектiсiн бастапқы тексеру нәтижелерi бойынша техникалық паспорт жасалады.
Кейiнгi тексеру ғимараттарды, құрылыстарды немесе оның құрамдастарын реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесiнде олардың техникалық және (немесе) сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген кезде, осындай сипаттамалардың өзгеруi техникалық паспортта кейiнгi тексеру жүргiзбестен көрсетiлуi мүмкiн болатын жағдайларды қоспағанда, оның iшiнде кадастрлық нөмiрi, орналасқан жерi өзгерген кезде жүргiзiледi.
Кейiнгi тексерудiң нәтижелерi бойынша анықталған өзгерiстер көрсетiлетiн техникалық паспорт ресiмделедi.
Мемлекеттiк техникалық тексерудi жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмiн, бастапқы және кейiнгi жылжымайтын мүлiк объектiлерiне кадастрлық нөмiр беру тәртiбiн, сондай-ақ техникалық паспорттың нысанын уәкiлеттi орган айқындайды.
Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдастарын мемлекеттiк техникалық тексеру үшiн ақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және оны ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар алады.

1.3 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу жүргiзу тәртiбi

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) мемлекеттiк тiркеу үшiн жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңның 21-бабында көзделген құжаттарды қабылдау;
2) жасалатын мәмiленiң және (немесе) жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруiне, тоқтатылуына негiз болып табылатын өзге де заңдық фактiлердiң (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттiк тiркеудiң өзге де объектiлерiн тексерудi қоса алғанда, мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгiн тексеру;
3) тiркеу парағына жүргiзiлген тiркеу не жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгiзу;
4) құқық белгiлейтiн құжатта жүргiзiлген мемлекеттiк тiркеу туралы жазба жасау;
5) жүргiзiлген тiркеу туралы белгiсi бар құқық белгiлейтiн құжатты, не осы Заңда көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк тiркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуге құжаттар қабылдаудың мынадай тәртібі бар:
1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу құқық иесiнiң, мәмiле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттiк органның (оның уәкiлеттi өкiлiнiң) немесе өзге де уәкiлеттi адамдардың тiркеушi органға берген өтiнiшiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк тiркеу үшiн өтiнiш берушi (өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлi) оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi және мынадай құжаттарды:
1) белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi;
2) жылжымайтын мүлiкке техникалық паспортты және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, құқық белгiлейтiн және тiркеу объектiсiн растайтын өзге де құжаттарды;
3) өтiнiш берушiнiң (жеке тұлғаның) және өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжатының көшiрмесiн;
4) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге алым төлегенiн растайтын құжатты;
5) Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңда көзделген өзге де құжаттарды ұсынуға тиiс.
Заңды тұлғалар көрсетiлген құжаттардан басқа құрылтай құжаттарын ұсынады. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға немесе иелiктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылардың, директорлар кеңесiнiң, акционерлер кеңесiнiң) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзiндiлер) ұсынады.
Шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.
Егер тiркелуге берiлген өтiнiште сатып алынатын немесе сатылатын активтердiң жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген мөлшерден асып кеткендiгi туралы мәлiметтер бар болса, онда өтiнiш берушi осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген құжаттармен қатар монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келiсiмiн табыс етедi.
Егер мәмiленi нотариат куәландырмаса, онда тiркеушi орган мәмiленi жасаған адамдардың (олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң) қойылған қолдарының растығын, олардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн (құқықтық қабiлеттiлiгiн), сондай-ақ олардың ерiктi түрде жасалғандығын тексеруге мiндеттi.
Бiр ғана сол жылжымайтын мүлiк объектiсiне қатысты бiр ғана сол құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттiк тiркеуге бiрнеше өтiнiш болған кезде өтiнiштiң басымдығы осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес айқындалады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш беру тәртібі заңмен бекітілген.
Құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) нотариат тәртiбiмен куәландырылған мәмiле негiзiнде туындаған жағдайда, тiркеу мәмiленiң кез келген тарапының (қатысушысының) өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
Құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) шарттың немесе өзге де мәмiленiң негiзiнде туындаған жағдайда оларды нотариат куәландырмаған кезде өтiнiштi мәмiленiң барлық қатысушылары белгiленген тәртiппен беруге тиiс.
Тiркеу туралы өтiнiш тiркеушi органға почта байланысы бойынша мынадай:
1) тiркеушi органның орналасқан жерiнен тыс, оның iшiнде басқа мемлекеттерде орналасқан мемлекеттiк уәкiлеттi органдарға берiлетiн өтiнiштер (өтiнiш жасау, қолдаухаттар, талап-арыздар) негiзiнде туындайтын заңдық талаптарды тiркеген;
2) тiркеушi органның орналасқан жерiнен тыс, оның iшiнде басқа мемлекеттерде орналасқан мемлекеттiк органдардың актiлерi негiзiнде туындайтын ауыртпалықтарды немесе заңдық талаптарды тiркеген жағдайларда жiберiлуi мүмкiн.
Ортақ бiрлескен меншiк құқығының туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеген кезде тiркеу туралы өтiнiштi барлық қатысушылар не олардың бiреуi қалған қатысушылардың нотариат тәртiбiмен куәландырған келiсiмiн ұсына отырып беруi мүмкiн.
Мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi құқық иелерiнiң бiреуi қалғандарының келiсiмiнсiз осы баптың 5-тармағы екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда да беруi мүмкiн.
Ортақ үлестiк меншiк құқығының (өзге ортақ құқықтың) туындауын, өзгеруiн, тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу кезiнде мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi барлық қатысушылар (уәкiлеттi өкiлдер) беруi тиiс.
Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi немесе заңды тұлғаның атауы, тiркеу нөмiрi өзгерген кезде өзгерiстердi тiркеу туралы өтiнiштi осындай өзгерiстердiң оған қатысы бар құқық иесi беруi мүмкiн.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен өзгеше туындамаса, ортақ үлестiк меншiктегi үлеске қатысты мәмiлелер жасалған кезде өтiнiш қалған құқық иелерiнiң басым сатып алу құқығы сақтала отырып, белгiленген тәртiппен берiледi.
Деректерi құқық белгiлеушi құжатта көрсетiлмеген жұбайының бiреуiнiң құқығын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес неке жасына жеткен мәмiлеге қатысушы тiркеуге берiлген өтiнiште оның неке қатынастарында тұрғаны туралы фактiнiң жоқ екендiгi туралы мәлiметтердi не неке қатынастарының бар екендiгiн растайтын құжатының көшiрмесiн қоса бере отырып өзiнiң жұбайы туралы мәлiметтердi көрсетуге тиiс.
Егер сатып алынатын немесе сатылатын активтердiң жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген мөлшерден асып кетсе, онда өтiнiш берушi мұндай мәлiметтердi тiркелуге берiлген өтiнiште көрсетедi.
Бiр құқық белгiлейтiн құжат екi немесе одан да көп мемлекеттiк тiркеу объектiлерiн қамтыған жағдайда өтiнiш берушiге өтiнiште тiркеудiң барлық объектiлерiн көрсетуi қажет немесе мүдделi адамдар мемлекеттiк тiркеудiң әрбiр объектiсiн тiркеуге жеке өтiнiш беруге тиiс.
Құқық белгiлейтiн құжатта мемлекеттiк тiркеудiң бiрнеше объектiлерi болған кезде, өтiнiште бiреуi ғана көрсетiлетiн жағдайларда тiркеушi орган өтiнiш берушiге тiркеудiң басқа объектiлерiн мемлекеттiк тiркеу және бұл үшiн тиiстi алым енгiзу қажеттiгiн көрсетуге құқылы.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен өзгеше туындамаса, мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салған ауыртпалықтарды мемлекеттiк тiркеу көрсетiлген адамдардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады. Үшiншi тұлғалардың мүдделерi үшiн құқық қорғау, сот және өзге де мемлекеттiк органдардың актiлерiне сәйкес салынған ауыртпалық үшiншi тұлғаның өтiнiшi негiзiнде тiркелуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда ауыртпалықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар тiркеушi органға берiледi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және тiркеудiң өзге де объектiлерiн тiркеу туралы өтiнiштiң нысаны мен мазмұнын уәкiлеттi орган айқындайды.
Мемлекеттiк тiркеу жүргiзу мерзiмдерi. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу тiркеушi органға өтiнiш түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзiлуге тиiс. Мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу тiркеушi органға өтiнiш түскен сәттен бастап дереу жүргiзiлуге тиiс.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) және онымен мәмiлелердi жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген алым сомасының бюджетке төленуi шартымен тiркеушi органға өтiнiш келiп түскен күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.
Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
+ Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын), сондай-ақ бұрын туындаған құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) қоспағанда, жылжымайтын мүлiкке және мемлекеттiк тiркеудiң өзге де объектiлерiне құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) растайтын құқық белгiлейтiн және басқа да құжаттар тiркеу сәтiнде оларға қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
+ Жылжымайтын мүлiкке және мемлекеттiк тiркеудiң өзге де объектiлерiне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда тиiстi түрде ресiмделуi, мөрмен бекiтiлуi, арнайы бланкiлерде орындалуы, оларда тараптардың немесе заңнамада айқындалған лауазымды адамдардың тиiстi қолдары болуға тиiс. Соттардан, құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардан шығатын құжаттар тиiстi құжаттарға қойылатын нысанда орындалуға тиiс.
Заңнамалық актiлерде белгiленген жағдайларда құқық белгiлейтiн және өзге де құжаттар нотариат тәртiбiмен куәландырылуға тиiс.
+ Тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер немесе өзге де келiсiлмеген түзетулер бар құжаттар, сондай-ақ қарындашпен орындалған құжаттар қабылданбайды.
+ Құқық белгiлейтiн құжаттар тiркеу парағына енгiзiлетiн құқық иелерi туралы, тiркелген құқық (құқық ауыртпалығы) түрi, сондай-ақ жылжымайтын мүлiк объектiсi туралы құқықтық кадастрды жүргiзу мақсатына қажеттi мәлiметтердi қамтуға тиiс.
+ Тиiстi жазбаларды тiркеу құжаттарына енгiзу үшiн хабарлама нысаны (мiндеттеменiң орындалмауы туралы, жүргiзiлетiн тiркеудi немесе тiркелген құқықты даулау ниетi туралы және т.б.) уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес болуға тиiс.
+ Жылжымайтын мүлiкке және мемлекеттiк тiркеудiң өзге де объектiлерiне құқықтардың туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар тiркеушi органға екi данада ұсынылады, олардың бiреуi түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшiрме болып табылады.
Құқық белгiлейтiн құжат сот актiсi болған жағдайларда және құқық иесiне құжаттың түпнұсқасы берiлмейтiн өзге де жағдайларда, тiркеу үшiн осындай құжаттың куәландырылған екi көшiрмесi берiледi.
+ Құжаттың түпнұсқасы не нотариат куәландырған көшiрме осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда, тiркеуден соң өтiнiш берушiге (уәкiлеттi өкiлге) қайтарылады.
+ Тiркеу сенiмхат негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайларда жай сенiмхат тiркеушi органға ұсынылады және өтiнiш берушiге қайтарылмайды, арнайы және бас сенiмхаттар екi данада ұсынылады, олардың бiреуi - түпнұсқа, екiншiсi - көшiрме болып табылады. Сенiмхаттың көшiрмесiн тiркеушi орган алады, түпнұсқа өтiнiш берушiге қайтарылады.
+ Жылжымайтын мүлiктiң бiр бөлiгiне белгiленетiн құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) тiркеу кезiнде құқық белгiлейтiн құжат (жалға беру, сервитуттар, мүлiктi өтеусiз пайдалану туралы және басқалары) құқықтың (құқық ауыртпалығы) қолданылу аясы болып табылатын мүлiктiң бiр бөлiгiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасын қамтуға тиiс.
Қажет жағдайларда өтiнiшке техникалық паспорт немесе құқық (құқық ауыртпалығы) объектiсi болып табылатын жылжымайтын мүлiктiң бiр бөлiгi көрсетiлетiн сәйкестендiру құжаты қоса берiлуге тиiс.
Жылжымайтын мүлiктiң бiр бөлiгi кепiлге қойылған кезде мiндеттеменi орындамауға байланысты кепiл затын иелiктен айыру жағдайларында объектiнi бөлу жоспарын осы жылжымайтын мүлiк объектiсiн бөлудi немесе қосуды жүзеге асыратын орган мақұлдауға тиiс.
Мемлекеттiк тiркеуге келiп түсетiн құжаттарды қабылдаудан бас тартуға мынадай негiздер бойынша:
1) тиiстi емес адам өтiнiш жасағанда не өтiнiш берушiнiң немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты;
2) құжаттарда тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер немесе өзге де келiсiлмеген түзетулер болғанда;
3) тiркеуге берiлетiн өтiнiштердiң нысандары дұрыс толтырылмағанда;
4) өтiнiш берушi осы Заңның 21-бабының 2, 3 және 3-1-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың толық пакетiн ұсынбағанда;
5) нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн құжаттарды ұсынғанда жол берiледi.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда тiркеуге келiп түсетiн құжаттарды есепке алу кiтабында құжаттарды қабылдау туралы жазба жазылмайды. Тiркеушi орган өтiнiш берушiге бас тарту себебi көрсетiлген хабарлама бередi. Осындай хабарламаның, тiркеу туралы өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен сақталуға тиiс.
Тiркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жоғарғы тұрған мемлекеттiк органға немесе сотқа шағымдануға болады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартудың негiздерi жойылған кезде құжаттар тiркеуге жалпы тәртiппен берiледi.
Тiркеуге құжаттарды қабылдау кезiнде тiркеуге келiп түсетiн құжаттарды есепке алу кiтабына құжаттардың берiлген күнi, уақыты, минуты туралы мәлiметтер енгiзiледi.
Өтiнiш берушiге тiркеуге құжаттардың түскен күнi, сағаты және минуты, құжаттарды қабылдаған жауапты қызметкердiң тегi, аты (әкесiнiң аты), тiркеуге ұсынылған құжаттардың тiзбесi, жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерi көрсетiлiп қолхат берiледi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу мынадай жағдайларда:
1) сотқа берiлген талап-арыздар мен өзге де өтiнiштер (шағымдар) негiзiнде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) прокурорлық қадағалау актiлерiне сәйкес заңның бұзылуы жойылғанға дейiн;
3) егер қажеттi құжаттардың болмауы тiркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшiн негiздер болып табылмаса, өтiнiш берушiнiң осы Заңның 21-бабына сәйкес мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынуы үшiн;
4) мемлекеттiк органдардан, егер көрсетiлген мән-жайлар құжаттарды тiркеуге қабылдаудан бас тарту үшiн негiздер болып табылмаса, осындай органдардан шығатын құжаттарда ақпараттың болмауына немесе осы құжаттарда белгiлi бiр қарама-қайшылықтардың болуына байланысты түсiнiктемелер алу немесе қажеттi ақпаратты талап ету үшiн;
5) құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде белгiленетiн тiркеу объектiсiнiң және өтiнiште көрсетiлген тiркеу объектiсiнiң сәйкессiздiгi кезiнде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшiн тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттiк тiркеудi тоқтата тұру туралы шешiмдi тiркеушi орган мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды қабылдаған кезден бастап құжаттарды бергенге дейiн, бiрақ мемлекеттiк тiркеу мерзiмiнiң өтуiнен кешiктiрмей қабылдауы мүмкiн.
Тiркеудi тоқтата тұру туралы сот актiсiнде өзгеше белгiленбесе, тiркеу тiркеудi тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар жойылғанға дейiн, бiрақ бiр айдан аспайтын уақытқа тоқтатыла тұрады. Егер бiр айдың iшiнде тiркеудi тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар жойылмаса, мемлекеттiк тiркеуден бас тартылуға тиiс.
Тiркеудi тоқтата тұру туралы мәлiметтер тiркеуге келiп түсетiн құжаттарды есепке алу кiтабына жазылады.
Мемлекеттiк тiркеудi тоқтата тұрған кезде тiркеушi органның өз құзыретiнiң шегiнде өтiнiш берушiден (өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнен), өзге де жеке немесе заңды тұлғалардан, соның iшiнде мемлекеттiк органдардан, егер бұл шешiм қабылдау үшiн қажет болса, ақпаратты, түсiндiрулердi және құжаттарды сұратуға құқығы бар.
Тiркеудi тоқтата тұрған кезде тiркеушi орган өтiнiш берушiге (өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлiне) тоқтата тұрудың себептерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, жазбаша хабарлама жiберуге тиiс. Хабарламада өтiнiш берушiнiң тiркеудi тоқтата тұрудың себептерiн жоюдағы кейiнгi әрекеттерi және сол үшiн қажеттi мерзiмдер көрсетiлуге тиiс.
Тiркеу тоқтатыла тұрған кезде өтiнiштi өтiнiш берушi (өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлi) кез келген уақытта керi қайтарып ала алады. Бұл ретте керi қайтарып алынған өтiнiштiң басымдығы жойылады.
Мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi орган ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына немесе оларда көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығына күмәнданған кезде тоқтата тұрады. Осындай күмәндi жою үшiн тiркеушi орган қосымша мәлiметтер алу және құжаттардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаның мүлкіне құқықтарды қорғау
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ
Мүлік жайлы
Неке шартының жарамсыздығы
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ортақ меншік құқығының түсінігі және негізгі түрлері
Кәсӏпкерлӏк қызметтегӏ мүлӏктӏң құқықтық режим!
Азаматтық құқықтық қатынастар жайлы ақпарат
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке шарты
Ортақ меншік саласында пайда болатын қоғамдық қатынастар
Пәндер