Заңды тұлғалардың түрлері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАТЫЛУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Заңды тұлға ұғымы, құқық қабiлеттiлiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және қайта құру ... ... 9
1.3 Заңды тұлғаларды тарату негiздерi мен тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Шаруашылық серiктестiктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Акционерлiк қоғам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.3 Өндiрiстiк кооператив ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.4 Мемлекеттiк кәсiпорын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.5 Коммерциялық емес ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады./1.2., 14 б./
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі:
1. Коммерциялық;
2. Коммерциялық емес.
Өз қызметінің мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
1. “Қазақстан Республикасының Конституциясы” (1995 жылғы 30 тамызда қабылданған, 1998 жылғы 7 қазанда ҚР Конституциялық заңымен енгізілген өзгерістері және толықтыруларымен), (соңғы өзгерістер 2007ж 21 мамыр ҚР заңымен енгізілді).
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 27.12.1994ж. (15.01.2001ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), (соңғы өзгерістермен толықтырулар 2007ж 12 қаңтар ҚР заңымен енгізілді, 10.12.2008ж №101–IV, 20.01.2010).
3. Ғ.А. Жайлин. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім: І, ІІ том Оқулық. Алматы 2004ж.
4. Г.И. Төлеуғалиев Азаматтық құқық. Ерекше бөлім, І том Оқулық. Алматы 1999ж.
5. Хамзин У.М. Азаматтық құқық. Шарттың түрлер. Қарағанды-2006ж
6. Суханов Е.А. учебник Гражданское право в 2-х томах М.Бек 1993 г.
7. Басин Ю.Г. Гражданское право, учебник, т.2, КазГЮА 2003.
8. Батырбаев Н.М. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Түркістан, 2008.
9. С.Д. Баққұлов. Құқық негідері. Алматы,2004.
10. З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы «Жеті Жарғы» 2003.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Арқалық қаласының қашықтықтан оқыту орталығы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы: Заңды тұлғалардың түрлері

Орындаған:
Ю-21к тобының студенті Темир Е..

Ғылыми жетекші:
з..ғ.к., аға оқытушы
Сопыханова А.Б.

Арқалық 2013
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Заңды тұлға туралы түсінік, заңды тұлғалардың пайда болуы мен
таратылу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.1 Заңды тұлға ұғымы, құқық
қабiлеттiлiгi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және қайта
құру ... ... 9
1.3 Заңды тұлғаларды тарату негiздерi мен
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2. Заңды тұлғалардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.1 Шаруашылық
серiктестiктер ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 18
2.2 Акционерлiк
қоғам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...29
2.3 Өндiрiстiк
кооператив ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...32
2.4 Мемлекеттiк
кәсiпорын ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 35
2.5 Коммерциялық емес
ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 1

Nyesmagambetov@homecredit.kz

КІРІСПЕ

Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық
бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын
көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі
бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады.1.2., 14 б.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі:
1. Коммерциялық;
2. Коммерциялық емес.
Өз қызметінің мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық
ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза
табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) заңды тұлға
бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
Коммециялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы
мүмкін.
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен таңылған бірінғай субъектісі
ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде
(теориясында) заңды тұлғаның , оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды
тұлғалардың маңызы (мәні), құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім
бар.Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды
білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қарлмақ,мемлекеттегі оның орны
қандай және заңды тұлғаның мән –мағнасы неле деген сауалдарға байланысты
әртүрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті
ғалым профессор С.И. Аскназий мемлекттік ілімнің авторы. Ол былай деп
айтқан: мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі турады да,
шаруаылық қызметтің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды Әдебиетте бұл
теорияны көп сынайтындар оғанегер олай болса мемлекет өзімен- өзі құқықтық
қатынаста болуы керек қой деген уәж айтады.
Ал ғалым Д.М. Генкин әлеуметтік ақиқат теориясын ұсынады,яғни онда ол
қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи- экономикалық заңдылығын
басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде
қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой директор
ілімін алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін
білдіруші – директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әлеуметтік байланыстар
ілімі,
А.А. Пушкиннің ұйымдастыру ілімі, Е.А.Суховтың мақсатты мүлік
тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтеп, заңды
тұлғағаға адамдардың қатынасы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де
бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар
заңды тұлға мүдесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы
институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әреті заңды
тұлғаның әрекетінен көрінкді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда,
мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның
сыртында оның құқықтары мен міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын
дәлелдемек болады.
Заңды тұлға туралы ілімде осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның
күрделі құқықтық құбылысы екендігін анық дәлелдей түсінеді.
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың
маңыздылығын ашып көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның оның өзектілігімен
дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз Азаматтық
кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды
сипаттау.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: ол
заңды тұлға ұғымына тоқталу, және осы заңды тұлға құрамына кіретін
қатысушылардың құқықтық жағдайын ашып көрсету және де осы заңды тұлға
тақырыбына жазылған курстық жұмыста ең өзекті мәселе оның маңыздылығын ашып
көрсету.

1. Заңды тұлға туралы түсінік, заңды тұлғалардың пайда болуы мен
таратылу негіздері

1.1 Заңды тұлға ұғымы, құқық қабiлеттiлiгi

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi
бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан
мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты
мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк
кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары
болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған
кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi
атқаруы мүмкiн.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге
асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы
немесе шектелуi мүмкiн.
Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет
түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады.
Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет
болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай
лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның
қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен
жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң
есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық
қабiлеттiлiгi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң
актiлерiмен белгiленедi.
Заңды тұлғаның оқшау мүлкiне қатысты оның құрылтайшыларының
(қатысушыларының) мiндеттемелiк және заттық құқықтары болуы мүмкiн.
Мүлкiне өз қатысушылары (құрылтайшылары) мiндеттемелiк құқықтарын
сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк
қоғам мен кооперативтер жатады.
Мүлкiне өз құрылтайшылары меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқығын
сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзушi құқығында немесе
оралымды басқару құқығында мүлкi бар ұйымдар жатады.
Мүлкiне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқықтарын
сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық қорлар және
дiни бiрлестiктер жатады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған өзге ұйымдық-құқықтық
нысандардағы заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде айқындалады.
Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс
iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне
мiндеттер қабылдайды.
Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi
және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз
атауы болады.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық
нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы
мүмкiн.
Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.
Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль
қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi
қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың
есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың
есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға
тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi
бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне
енгiзiледi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар.
Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық
иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және
келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен
мiндеттерi заңдарда белгiленедi.
Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық
атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан
Республикасының заң актілерiнде, Президентi мен Үкiметi актiлерiнде
белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми
атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады.
Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған
жерi болып танылады.
Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық
мекен-жайы жазылып, көрсетiледi.
Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекен-
жайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес
келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды
тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-
жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы.
Заңды тұлғаны бiр немесе бiрнеше құрылтайшы құруы мүмкiн.
Мүлiктi меншiктенушiлер не олар уәкiлдiк берген органдар немесе жақтар,
ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды
тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлiктi шаруашылық жүргiзу
немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғалар меншiк иесiнiң
немесе ол уәкiлдiк берген органның келiсiмiмен басқа заңды тұлғалардың
құрылтайшылары бола алады.
Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлғаның
құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай да бiр
артықшылықтарға ие бола алмайды.
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары.
Егер Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше
көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн жарғысы және құрылтай шарты негiзiнде,
немесе eгep заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға
құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi)
негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға
ұйымдардың осы түрi жөнiндегi жалпы ережелер негiзiнде iс-әрекет жасай
алады.
Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға
өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi
жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары
бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бiр адам болса, құрылтай
шарты жасалмайды.
Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай
құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты белгiленуге тиiс.
Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен өндiрiстiк
кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi мен мақсаттары
көзделуi мүмкiн.
Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға
мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне
(оралымды басқаруына) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу ережелерiн
белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi
туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында
таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан
құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның
жарғысы бекiтiледi.
Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсуi бойынша басқа да ережелер
енгiзiлуi мүмкiн.
Жалғыз құрылтайшының шешiмi заңды тұлғаны тiркеу жөнiндегi iс-әрекеттi
жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау, мүлiктердi меншiкке беру (шаруашылық
жүргiзу, оралымды басқару) шарттары туралы шешiмдi және Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс.
Жалғыз құрылтайшының - заңды тұлғаның шешiмiн Қазақстан Республикасының
заңдарына және осы заңды тұлғаның жарғысына сәйкес оның осындай шешiм
қабылдауға құқығы бар органдары қабылдайды.
Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның
органдарын құру тәртiбi және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру мен
тоқтату ережелерi белгiленедi.
Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында мүлiктi құру
және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi.
Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.
Бiр заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар
болған жағдайда:
1) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса,
құрылтай шартының;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен
қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелерi қолдануға тиiс.
Барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.
Заңды тұлғаның жауапкершiлiгi. Арнайы қаржы компанияларынан, құрылтайшы
қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттiк мекемелерден және қазыналық
кәсiпорындардан басқа заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi бойынша өздерiне
тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.
Мекеме мiндеттемелер бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Олар
жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның
құрылтайшысы жауапты болады.
Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен
жауап бередi.
Мемлекеттiк мекеме ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi
бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы
орган жауапты болады.
Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi
ақшамен жауап бередi.
Қазыналық кәсiпорында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның
мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi немесе тиiстi
әкiмшiлiк аумақтық бiрлiк субсидиарлық жауаптылықта болады. Шарттық
мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң
актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.
Мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс.
Мемлекеттік мекемелер жасасатын, бюджет қаражатын жұмсау көзделмейтін
азаматтық-құқықтық мәмілелер тіркелуге жатпайды.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелеріне ақы олар
тіркелгеннен кейін төленуге жатады.
Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелері бойынша Қазақстан
Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен
жауап береді.
Заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе оның мүлкiнiң меншiк
иесi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал заңды тұлға заңды
тұлғаның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк
иесiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы Кодексте, өзге заң
актiлерiнде не заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген жағдайлар
қосылмайды.
Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының)
немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-әрекетiнен туындаған болса, заңды
тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе
оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық
жауапкершiлiкте болады.
Заңды тұлға үшiншi тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай
құжаттарында белгiленген өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланып қабылдаған
мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.

1.2 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және қайта құру

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды
қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге
тиiс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi.
Мемлекеттiк тiркеу деректерi, соның iшiнде коммерциялық ұйымдар үшiн
фирмалық атауы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне
енгiзiледi.
Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп
саналады.
Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен
тiркеледi.
Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге
жатады.
Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның
құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк
тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн
желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден
жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде
(шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы
қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi
жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы
жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге
тиiс.
Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер
заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады.
Құрылтай құжаттарына басқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген ретте
заңды тұлға бұл туралы тiркеушi органды бiр айлық мерзiмде хабардар етедi.
Филиалдар мен өкiлдiктер.
Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң
бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы
оқшау бөлiмшесi филиал болып табылады.
Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн
қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен
өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады.
Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерiн құрған
заңды тұлға мүлкi берiледi және оның бекiткен ережелерi негiзiнде жұмыс
iстейдi.
Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен
өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның
филиалдары немесе өкiлдiктерi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады.

Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен
өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктердiң жарғысында және оның филиалы
немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не
тағайындалады.
Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдарды мен өкiлдiктерiнiң
басшыларын заңды тұлға уәкiлдiк берген орган тағайындайды және оның
сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi.
 Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару,
өзгерту) оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген
органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды
тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша,
не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша
жүргiзiледi. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру,
сақтандыру қызметі және секьюритилендіру туралы заңнамада көзделген
ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының
акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле
отырып жүзеге асырылады.
Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот
органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган,
құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға
уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде
белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын
тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды
тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн
басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның
атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта
құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне
бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды
тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.
Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда,
жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған
деп есептеледi.
Заңды тұлғаны оған екiншi бiр заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта
құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне бiрiктiрiлген заңды
тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап
олардың бiрiншiсi қайта құрылған деп есептеледi.
Заңды тұлғаларды қайта құрған кездегi құқықты мирасқорлығы.
Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен
мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға
ауысады.
Заңды тұлғаны екiншi бiр заңды тұлғаға бiрiктiрген кезде бiрiктiрiлген
заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес соңғысына
ауысады.
Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен мiндеттерi бөлу балансына
сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.
Заңды тұлғаның құрамынан бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп
шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды
тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi ауысады.
Заңды тұлғаның бiр түрiн екiншi түрдегi заңды тұлғаға өзгерткен кезде
(ұйымдық-құқықтық нысанды өзгерткенде) қайта құрылған заңды тұлғаның
құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды
тұлғаға ауысады.
Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi жаңадан
пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе бiрiктiрiлген кезде - өткiзу
актiсiне сәйкес, бөлiнген және бөлiп шығарылған жағдайда - бөлу балансына
сәйкес ауысады.
Өткiзу актiсi мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық
несие берушiлерi мен борышқорларына қатысты, барлық мiндеттемелерi бойынша,
соның iшiнде тараптар дауласқан мiндеттемелер бойынша да құқықты
мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиiс.
Өткiзу актiсi мен бөлу балансын заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi
немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi және
құрылтай құжаттарымен бiрге жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тiркеуге
немесе нақтылы бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзу
үшiн олар құрылтай құжаттарымен бiрге тапсырылады.
Құрылтай құжаттарымен бiрге тиiстi өткiзу актiсiнiң немесе бөлу
балансының тапсырылмауы, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды тұлғаның
мiндеттемелерi бойынша құқықты мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы
жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға
әкелiп соқтырады.
Егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешiмде өзгеше
көзделмесе, мүлiк (құқықтар мен мiндеттер) құқықты мирасқорына ол тiркелген
кезден бастап ауысады.
Заңды тұлғаны қайта құру кезiндегi оның несие берушiлерi құқықтарының
кепiлдiгi.
Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны қайта құру
туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы қайта құрылатын заңды тұлғаның
несие берушiлерiне жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Бөлiнген және бөлiп шығарылған кезде құрылатын заңды тұлғаның несие
берушiсi осы заңды тұлға борышқоры болып табылатын мiндеттемелердiң
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын және келтiрiлген залалдың орны толтырылуын
талап етуге құқылы.
Егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорын
анықтауға мүмкiндiк бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондай-ақ
құрамынан басқа заңды тұлға бөлiнiп шыққан заңды тұлға, қайта құрылған
заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша оның несие берушiлерiнiң алдында
ортақ жауапты болады.
 

1.3 Заңды тұлғаларды тарату негiздерi мен тәртібі

Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк
берген органның шешiмi бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешiм
қабылдауға уәкiлдiк берiлген заңды тұлға органының шешiмi бойынша заңды
тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн.
Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын, арнайы қаржы компаниясын, мақта өңдеу ұйымынтарату зейнетақымен
қамсыздандыру, сақтандыру қызметі, секьюритилендіру және мақта саласын
дамыту туралы заңнамада көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге
асырылады.
Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта
бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған;
3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетiн қызмет үнемi
жүзеге асырылған;
4) тиiстi рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметтi, не заң құжаттарында
тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған, не қызметiн заңдарды бiрнеше рет
немесе өрескел бұза отырып жүргiзген жағдайларда, соның iшiнде заңда
белгiленген табыс ету мерзiмiнен кейiн бiр жыл өткен соң корпорациялық
табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы)
декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды тұлға
орналасқан жерi бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай ақ
заңды тұлға бiр жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар
(қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;
5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкiн.
Осы баптың екiншi тармағындағы аталған негiздер бойынша заңды тұлғаны
тарату туралы талапты заң актiлерiнде осындай талап қоюға құқық берiлген
мемлекеттiк орган, ал банкрот болған жағдайда несие берушiлер де сотқа
беруi мүмкiн.
Заңды тұлғаны тарату туралы сот шешiмiмен заңды тұлғаны таратуды жүзеге
асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiн меншiктенушiге, меншiк иесi уәкiлдiк
берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк
берiлген органға, не сот тағайындаған басқа органға (тұлғаға) жүктелуi
мүмкiн.
Егер заңды тұлға жөнiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп
бойынша оны тарату туралы шешiм қабылданып, оның мүлкiнiң құны несие
берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, ондай заңды
тұлға банкроттық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен таратылуы мүмкiн.
Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi мемлекет уәкiлдiк берген тиiстi
органның шешiмiмен заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша таратылуы
мүмкiн. 
Заңды тұлғаны тарату тәртiбi:
Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы
шешiм қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын
әдiлет органына, тіркеу орны бойынша салық органына дереу жазбаша түрде
хабарлауға мiндеттi.
Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы
шешiм қабылдаған орган тарату комиссиясын құрады және осы Кодекске сәйкес
тарату тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi.
Тарату комиссиясы құрылған кезден бастап заңды тұлғаның мүлкiн және
iстерiн басқару жөнiнде өкiлеттiк соған ауысады. Тарату комиссиясы сотта
таратылатын заңды тұлға атынан әрекет етедi.
Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату туралы, сондай-ақ оның несие
берушiлерiнiң талаптарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты
орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымдарында жариялайды.
Талаптарды мәлiмдеу мерзiмi тарату туралы жарияланған кезден бастап екi
айдан кем бола алмайды.
Тарату комиссиясы несие берушiлердi анықтау және қарыздарын алу үшiн
шаралар қолданады, сондай-ақ несие берушiлерге заңды тұлғаның
таратылғандығы туралы жазбаша хабарлайды.
Несие берушiлер талаптарын қоюға арналған мерзiм аяқталғаннан кейiн
тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, онда таратылатын заңды
тұлға мүлкiнiң құрамы, несие берушiлер қойған талаптар тiзбесi, сондай-ақ
оларды қарау нәтижелерi туралы мәлiметтер болады.
Аралық тарату балансын заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды
тұлғаны тарату жөнiнде шешiм қабылдаған орган бекiтедi.
Аралық тарату балансын жасаған кезде таратылатын заңды тұлға мүлкінің
құрамына Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына
сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын
бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз
ету болып табылатын кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары
бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ
аталған облигацияларды ұстаушыларға оларға меншік құқығы туындаған немесе
мәмілелер бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген
өзге де негіздер бойынша оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді. Тарату
комиссиясы аталған мүлікті және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру
туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету
болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған
облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды
немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес
шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.
Егер таратылатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекемелерден басқа) ақшасы
несие берушiлердiң талабын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, тарату
комиссиясы заңды тұлғаның мүлкiн сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген
тәртiп бойынша жария сатуды жүзеге асырады.
Таратылатын заңды тұлғаның несие берушiлерiне ақша төлеудi тарату
комиссиясы Кодексте белгiленген кезек тәртiбiмен аралық тарату балансы
бекiтiлген күннен бастап, соған сәйкес жүргiзедi. Акционерлiк қоғамдардың
мүлкiн бөлу ерекшелiктерi олар туралы заңдармен белгiленедi.
Несие берушiлермен есеп айырысу бiткеннен кейiн тарату комиссиясы
тарату балансын жасайды, оны заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе
заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.
Несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiк
құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады.
Несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн таратылатын қазыналық
кәсiпорынның - мүлкi, ал таратылатын мекеменiң ақшасы жеткiлiксiз болған
жағдайда, несие берушiлер талаптарының қалған бөлiгiн осы кәсiпорынның
немесе мекеменiң мүлкiн меншiктенушi есебiнен қанағаттандыру туралы талап
қойып сотқа жүгiнуге құқылы.
Мүліктік кешені жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан
Республикасының жекешелендіру туралы заңында белгіленген тәртіппен
таратылады.
Заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне тиiстi жазба жасалғаннан кейiн
заңды тұлғаның таратылуы аяқталады, ал заңды тұлғаның өмiр сүруi тоқтатылды
деп есептеледi.
Несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру.
Заңды тұлға таратылған кезде оның несие берушiлерiнiң талаптары мынадай
кезек бойынша қанағаттандырылады:
1) бірінші кезекте - жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған
алименттерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын заңды тұлға
өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін алдында жауаптылықта
болатын азаматтардың талаптары тиісті мерзімдік төлемдерді капиталға
айналдыру жолымен қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте - банкроттық мәселелерін реттейтін заң актісіне
сәйкес талаптар сомасының бір бөлігі бесінші кезекте қанағаттандырылатын
жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың
еңбегіне ақы төлеу және өтем төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына әлеуметтік аударымдар бойынша, еңбекақыдан ұсталатын міндетті
зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық
шарттар бойынша сыйақы төлеу жөнінде есеп айырысулар жүргізіледі;
3) үшінші кезекте - кредиторлардың таратылатын банкроттың кепілмен
қамтамасыз етілген мүлкінің міндеттемелері жөніндегі талаптары,
кредиторлардың-ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету
құқықтары кепілімен (ипотекалық куәлік кепілін қоса алғанда) қамтамасыз
етілген ипотекалық облигацияларды, сондай-ақ аталған облигацияларды
ұстаушыларда оларға меншік құқығы туындаған немесе мәмілелер бойынша не
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер
бойынша оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бағалы қағаздарын ұстаушылардың талаптарын қоспағанда, қамтамасыз ету
сомасы шегінде қанағаттандырылады;
4) төртінші кезекте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер жөніндегі берешек өтеледі;
5) бесiншi кезекте - заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушiлермен
есеп айырысылады.
Әр кезектiң талаптары оның алдындағы кезек талаптары толық
қанағаттандырылып болғаннан кейiн қанағаттандырылады.
Таратылған заңды тұлғаның мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда, егер заңда
өзгеше белгiленбесе, ол несие берушiлер арасында тиiстi кезекпен
қанағаттандырылуға жататын талаптардың сомаларына қарай бөлiнедi.
Тарату комиссиясы несие берушiнiң талаптарын қанағаттандырудан бас
тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда, несие берушi заңды тұлғаның
тарату балансы бекiтiлгенге дейiн тарату комиссиясына талап қойып сотқа
жүгiнуге құқылы. Соттың шешiмi бойынша несие берушiнiң талаптары таратылған
заңды тұлғаның қалған мүлкi есебiнен қанағаттандырылуы мүмкiн.
Заңды тұлғаның несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн
қалған мүлкi, егер заңдарда немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында
өзгеше көзделмесе, оның бұл мүлiкке заттық құқықтары бар немесе заңды тұлға
жөнiнде мiндеттемелiк құқықтары бар меншiк иесiне немесе құрылтайшыларына
(қатысушыларына) берiледi.
Таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң жеткiлiксiз болуына байланысты несие
берушiлердiң қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекiткенге
дейiн мәлiмделмеген талаптары өтелген деп есептеледi.
Егер несие берушi талап қойып сотқа жүгiнбесе, несие берушiлердiң
тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешiмiмен несие берушiге
қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледi.
Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз
болып табылатын дәрменсiздiгi.
Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай
мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын толық көлемде
қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен
еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын
төлеуді қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi сот белгілеген оның
дәрменсiздiгi деп түсiнiледi.
Банкроттық ерiктi түрде немесе мәжбүр ету тәртiбiмен танылуы мүмкiн.
Банкроттықты ерiктi түрде тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшi
негiзiнде жүзеге асырылады.
Мәжбүр ету тәртiбiмен банкрот деп тану несие берушiнiң, ал заң
актiлерiнде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi
негiзiнде жүзеге асырылады.
Төлем қабiлетi жоқ борышкерге оның таратылуына жол бермеу мақсатымен
төлем қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған, заңға қайшы келмейтiн кез
келген шаралар қолданылуы мүмкiн.
Аталған шаралар оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оны жүзеге
асырудың тәртiбi мен мерзiмi банкроттық туралы заңдармен белгiленедi.
Сырттай байқау рәсімін сот:
борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету;
әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау;
борышкердің - қаржылық жай-күйіне, төлем қабілетін қалпына келтіру
мүмкіндігін немесе мүмкіндігінің жоқтығын айқындауға және кредиторлар
алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару жөніндегі әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) талдау жүргізу;
кредиторлар тарапынан борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-
күйіне және олардың қайта ұйымдастыруды жүргізуіне бақылау жасау;
негізгі құралдарды иеліктен шығару, мүлікті кепілге немесе жалға беру
бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін
нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша
өзге де мәмілелер жасауға бақылау жасау мақсатында енгізуі мүмкін.
Сырттай байқауды қолдану Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 
Конкурстық iс қозғалған кезден бастап:
1) шамасы жоқ борышқордың мүлiктi иелiктен шығаруына (иелiктен шығаруға
несие берушiлердiң жиналысы рұқсат еткен кезден басқа жағдайда), бiреуге
беруiне және мiндеттемелердi өтеуiне тыйым салынады;
2) шамасы жоқ борышқордың барлық борыштылық мiндеттемелерiнiң мерзiмi
өткен деп саналады.
3) шамасы жоқ борышқор берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша айыпақы
мен сыйақыны (мүдденi) есептеу тоқтатылады;
4) шамасы жоқ борышқор мүлкiнен ақы өндiрiп алуға заңдармен қойылған
шектеулердiң бәрi алынып тасталады;
5) егер шамасы жоқ борышқор қатысатын мүлiктiк сипаттағы сотта қаралып
жатқан даулар туралы шешiм заңды күшiне енбеген болса, олар тоқтатылады.
Осы кезден бастап мүлiктiк сипаттағы барлық талаптар борышқорға тек
конкурстық iстi жүргiзу шеңберiнде ғана қойылады.
Мүлiктi сатқаннан кейiн және сатудан түскен ақшаны несие берушiлердiң
арасында бөлгеннен кейiн дәрменсiз борышқор қалған мiндеттемелер мен
орындауға ұсынылған және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезiнде есепке
алынған өзге де талаптарды орындаудан босатылады.
Дәрменсiз борышқор, егер өзiнiң мүлкiнiң бiр бөлiгiн тарату iс
басталғанға дейiнгi үш жыл iшiнде жасырса немесе жасыру мақсатымен басқа
адамға берiп жiберсе, бухгалтерлiк кiтаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса
алғанда, қажеттi есеп-қисап ақпаратын жасырса немесе қолдан жасаса
мiндеттемелерiн орындаудан босатылмайды.
Заңды тұлғаны соттың банкрот деп тануы оның таратылуына әкелiп
соқтырады.
Банкрот кәсiпорын мемлекеттiк тiркеу регистрiнен шығарылған кезден
бастап оның қызметi тоқтатылды деп есептеледi.

2. Заңды тұлғалардың түрлері

2.1 Шаруашылық серiктестiктер

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне
(салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп
танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған,
сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған
мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.
Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi,
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк
нысандарында құрылуы мүмкiн.
Толық және сенім серіктестігінен басқа, шаруашылық cepіктестікті бір
тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
Толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық
серіктер азаматтар ғана бола алады.
Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары
болып табылады.
Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған шаруашылық серiктестiктiң құрылтай
құжаты болып табылады.
Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай
шартын) нотариат куәландыруға тиiс.
Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында АК 41-бабының 4 және 5-
тармақтарында аталған мәлiметтерге қоса әрбiр қатысушының үлес мөлшерi
туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi,
құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына
салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi
туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер
болуға тиiс.
Шаруашылық серiктестiк, заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда,
басқа шаруашылық серiктестiктердiң құрылтайшысы болуы мүмкiн.
Шаруашылық серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы
қағаздар рыногының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне
қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.
Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар
тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық
серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн
жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының
кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық
капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды
ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға
лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын
шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты
жасалмайды.
Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар
тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы
бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық
серiктестiгiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiне құқықтар шаруашылық
серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнде осы құқықтардың тiркелген кезiнен
бастап туындайды.
Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу
және сақтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
 Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу. Шаруашылық
серiктестiктiң жарғылық капиталындағы және мүлкiндегi қатысушының үлесi.
Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет
нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк (Қазақстан Республикасының
секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек
қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын және Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын
ислам арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң
жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда
немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың
келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы
жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның
құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып
кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.
Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын
ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық
есеппен расталуы мүмкiн.
Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген
кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым
бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi.
Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн
жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық
мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады.
Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық және өзге де материалдық емес
игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын
есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы
барлық қатысушылардың үлестерi және тиiсiнше олардың шаруашылық
серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi (мүлiктегi үлес) жарғылық
капиталдағы салымдарына барабар болады.
Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн,
егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып
қоюға және сатуға құқылы.
Жарғылық капиталға салым салудың тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ
жарғылық капиталды құру жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшiн
жауапкершiлiк заң құжаттарында және (немесе) құрылтай құжаттарында
белгiленедi.
Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық
несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Олар бұл жағдайда
серiктестiктiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе тиiстi мiндеттемелерiн
орындауын және оның зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.
Осы тармақта белгiленген тәртiптi бұза отырып жарғылық капиталды азайту
мүдделi адамдардың арызы бойынша сот шешiмiмен серiктестiктi таратуға негiз
болып табылады.
 Шаруашылық серiктестiктiң жоғары органы оның қатысушыларының жалпы
жиналысы болып табылады.
Толық серіктестіктен және сенім серіктестігінен басқа, бір тұлға құрған
шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден бiр
қатысушысына тиесiлi болады.
Шаруашылық серiктестiкте оның қызметiне күнделiктi басшылық жасайтын
және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп берiп отыратын атқарушы
орган (алқалық және (немесе) жеке-дара құрылады). Жеке-дара басқару органы
оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн.
Серiктестiктiң алқалы органдары ретiнде:
1) басқарма (дирекция);
2) байқаушы кеңес;
3) заң актiлерiнде немесе шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының жалпы
жиналысының шешiмiнде көзделген жағдайларда басқа да органдар құрылуы
мүмкiн.
Шаруашылық серiктестiктiң органдарының құзыретi, оларды сайлау
(тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi осы
Кодекске, заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгiленедi.
Шаруашылық серiктестiгi қаржы есептерiнiң дұрыстығын тексеру және
растату үшiн серiктестiкпен немесе оның қатысушыларымен мүлiктiк мүдделер
жөнiнен байланысы жоқ аудиторлық ұйымды тарта алады (сыртқы аудит).
Шаруашылық серiктестiгiн аудиторлық тексеру серiктестiк бiр немесе
бiрнеше қатысушысының талап етуi бойынша соның (солардың) есебiнен кез
келген уақытта жүргiзiлуге тиiс.
Шаруашылық серiктестiгiнiң қызметiне аудиторлық тексерудi жүргiзу
тәртiбi заңдармен және серiктестiктiң құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
 Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың:
1) құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен шаруашылық
серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысуға;
2) шаруашылық серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және құрылтай
құжаттарында белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен танысуға;
3) таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр
немесе бiрнеше қатысушыны пайданы бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн
ережелерi жарамсыз болып табылады;
4) шаруашылық серiктестiк таратылған жағдайда несие берушiлермен есеп
айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес
мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға;
Шаруашылық серiктестiкке қатысушылар:
1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер
және мерзiмдер бойынша салып отыруға;
3) шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған
мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
Шаруашылық серiктестiктiң қатысушылары  Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде және  құрылтай құжаттарында көзделген басқа да
мiндеттердi атқаруы мүмкiн.
Шаруашылық серiктестiктердi қайта құру
Шаруашылық серiктестiктер заң құжаттарында белгiленген реттер мен
тәртiп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмiмен шаруашылық
серiктестiктiң бiр түрiнен екiншi түрi не акционерлік қоғамдар немесе
өндiрiстiк кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкiн.
Толық серiктестiк.
Толық серiктестiк немесе сенiм серiктестiгi акционерлiк қоғам,
жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк болып
қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғалар ұғымы
Дербес мүліктік жауапкершілік
Заңды тұлғаларды азаматтық құқық қатынастарында зерттеу
Заңды тұлға ұғымы
Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі
Заңды тұлғаларды ұйымдастырушылық- құқықтық нысаны
Заңды тұлға туралы
Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде
Заңды тұлғалардың негізгі түрлері
Жеке және заңды тұлға
Пәндер