Инвестициялық жобалардың ақша ағымдарын бағалау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ АҚША АҒЫМДАРЫН
БАҒАЛАУ
1. ИНВЕСТИЦИЯ: ТҮСІНІГІ, МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ..5
1.1 ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ..5
1.2 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ..9
1.3 НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАЙТА ЖАРАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ АҚША АҒЫМДАРЫН БАҒАЛАУ ... ... ... ... 20
2.1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ..20
2.2 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ.ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ... ...24
2.3 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ АҚШАЛАЙ АҒЫМДАРЫН БАҒАЛАУ ... ... ... .28
2.4 ДИСКОНТТАУ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ ... ... ... .32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

«Инвестиция» термині to invest ағылшын етістігінен шығады, қайсысы салу дегенді білдіреді. Инвестициялар – бұл капиталды оның кейін өсуі мақсатында салу. Инвестициялау нәтижесінде алынған капиталдың өсімі инвесторға ағымдағы кезеңде бар қаражаттардың тұтынуынан бас тартуын өтеу үшін, оған тәуекел үшін сыйақы беру және болашақ кезеңде инфляция салдарынан шығындарды толтыру үшін жеткілікті болу керек.
Инвестициялар – бұл табысты алу немесе өзге пайдалы эффектісіне жету мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар.
Нарықтық экономикада «инвестициялар» түсінігі оған жалғыз және түбегейлі анықтама беру үшін тым кең болып табылады. Экономикалық теорияның негізгі бөлімдерінде және практикалық қызметтің түрлі облыстарында оның мазмұны өзінің ерекшеліктеріне ие болады.
Макроэкономикада инвестициялар өндірістің жаңа құралдарына (өндірістік, немесе тұрақты инвестициялар), жаңа тұрғын үйлерге инвестицияларына, және тауарлы қорлардың өсіміне шығындардан тұратын жиынтық шығындардың бөлігі болып табылады. Яғни, макроэкономикалық аспект инвестициялар – бұл ағымдағы кезеңде пайдаланылмаған, және экономикада капиталдың өсімін қамтамасыз ететін жалпы ішкі өнімнің бөлігі болуымен анықталады.
Өндіріс теориясында, және макроэкономикада толығымен, инвестициялар жаңа капиталды құрудың процесі болып табылады (өндіріс құралдарын, сонымен бірге адам капиталын қоса отырып).
Сонымен, қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе қаржылық активтерді алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ пайдаларды алу болып табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ, инвестициялар – бұл белгілі бір бүгінгі құнның, мүмкін анықталмаған, болашақ құнға айрбасталуы.

2. «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 28 ақпан 1997ж. // Егемен Қазақстан, 6 наурыз 1997ж.
3. «Шетел инвестициялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. //Заң, 1991 ж. №4
4. Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже» // Заң 1993 ж. №7
5. Бирман Г., Шмидт С. Экономический анализ инвестиционных проектов: Пер. с англ. / под ред. Л.П. Белых – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997 г.
6. Ендовицкий Д.А. Анализ и оценка эффективности инвестиционной политики коммерческих организаций: Методология и методика. – Воронеж:Изд-во ВГУ, 1998 г.
7. Ендовицкий Д.А. Комплексный анализ и контроль инвестиционной деятельности: методология и практика. /под ред. Проф. Л.Т.Гиляровской. – М: Финансы и статистика, 2001г.
8. Ендовицкий Д.А., Коробейникова Л.С., Сысоева Е.Ф. Практикум по инвестиционному анализу:Уч. Пособие / Под ред. Д.А.Ендовицкого – М:Финансы и статистика, 2001г.
9. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ точетности.-2-е изд. – М:Финансы и статистика,1998г.
10. Теплова Т.В. Финансовый менеджмент: Управление капиталом и инвестициями: Учебник для ВУЗов.- М:ГУВШЭ,2000г.
11. Фальцман В.К. Оценка инвестиционных проектов и предприятий. – М:ТЕИС,1998г.
12. Савицкая В.Г. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – Минск: ООО “Новое знание”, 1999г.
13. Дуйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 2001.
14. Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 2001. – 768 с.
15. Павлов Л.Н. Финансовый менеджмент: Учебник для вузов. – 2-е изд. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 269с.
16. Серов В.М. Инвестиционный менеджмент: Учебное пособие. – М.:ИНФРА-М, 2000 – 272с.

Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім. Инвестициялық жобалардың ақша ағымдарын
бағалау
1. Инвестиция: түсінігі, мәні мен маңызы және формалары ... ... ... ..5
1.1 Қазіргі экономикадағы инвестициялардың мәні және
түрлері ... ... ... ..5
1.2
2. Инвестициялық қызметтің ерекшеліктері мен
формалары ... ... ... ... ... ..9
3. Негізгі капиталды техникалық қайта жарақтандыру және
инновациялық дамыту
инвестициялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..15
2. Инвестициялық жобалардың ақша ағымдарын бағалау ... ... ... ... 20
2.1 Инвестициялық жоба мәні және оның пайда болу кезеңдері ... ..20
2.2 Инвестициялық жобаны қаржылық-экономикалық бағалау ... ...24
2.3 Инвестициялық жобаның ақшалай ағымдарын бағалау ... ... ... .28
2.4 Дисконттау және пайыздардың негізгі әдістерін талдау ... ... ... .32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .35
Кіріспе
Инвестиция термині to invest ағылшын етістігінен шығады, қайсысы салу
дегенді білдіреді. Инвестициялар – бұл капиталды оның кейін өсуі мақсатында
салу. Инвестициялау нәтижесінде алынған капиталдың өсімі инвесторға
ағымдағы кезеңде бар қаражаттардың тұтынуынан бас тартуын өтеу үшін, оған
тәуекел үшін сыйақы беру және болашақ кезеңде инфляция салдарынан
шығындарды толтыру үшін жеткілікті болу керек.
Инвестициялар – бұл табысты алу немесе өзге пайдалы эффектісіне жету
мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салынатын мүліктік және
интеллектуалдық құндылықтар.
Нарықтық экономикада инвестициялар түсінігі оған жалғыз және түбегейлі
анықтама беру үшін тым кең болып табылады. Экономикалық теорияның негізгі
бөлімдерінде және практикалық қызметтің түрлі облыстарында оның мазмұны
өзінің ерекшеліктеріне ие болады.
Макроэкономикада инвестициялар өндірістің жаңа құралдарына (өндірістік,
немесе тұрақты инвестициялар), жаңа тұрғын үйлерге инвестицияларына, және
тауарлы қорлардың өсіміне шығындардан тұратын жиынтық шығындардың бөлігі
болып табылады. Яғни, макроэкономикалық аспект инвестициялар – бұл ағымдағы
кезеңде пайдаланылмаған, және экономикада капиталдың өсімін қамтамасыз
ететін жалпы ішкі өнімнің бөлігі болуымен анықталады.
Өндіріс теориясында, және макроэкономикада толығымен, инвестициялар жаңа
капиталды құрудың процесі болып табылады (өндіріс құралдарын, сонымен бірге
адам капиталын қоса отырып).
Сонымен, қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе қаржылық активтерді
алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ пайдаларды алу болып
табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ, инвестициялар – бұл
белгілі бір бүгінгі құнның, мүмкін анықталмаған, болашақ құнға айрбасталуы.
Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін
былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе
пайдалық табу делінген. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары,
сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да
жатады.
Инвестиция қайнар көзіне - өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы,
ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары,
мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан оның барлық
шығындарын алып тастау. Тұтынуға көптеген барлық ресурстар – жинақталған
ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға және
жұмыс атқарып тұрғандарын жабдықтауға сондай-ақ, жол құрылысына, денсаулық
сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталған, яғни капиталдың
қорлануына жұмсалады. Қорлану теориясын К.Маркс Капиталдың 1 томында
қарастырған, онда капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашқан, ол өз
кезегінде оның органикалық құрылымын өзгертеді, және жұмыссыздықты
тудырады.
Инвестиция теориясын ағылшын ғылымы Дж. Кейнс өзінің Жалақы, пайыз
және ақшаның жалпы теориясы еңбегңнде қарастырған, онда ол инвестицияның
өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде
қарастырады. Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша
жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен
салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске
қосу болады. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.
Курстық жұмыстың мақсаты – инвестициялық жоба ұғымына кең түсінік бере
отырып, инвестициялық жобаны талдаудың басты әдістеріне тоқталу.
Осы мақсатқа қол жеткізу барысында мынадай міндеттерді қарастырамыз:
• Қазіргі экономикадағы инвестициялардың мәні және түрлер
• Инвестициялық қызметтің ерекшеліктері мен формалары
• Негізгі капиталды техникалық қайта жарақтандыру және инновациялық
дамыту инвестициялары
• Инвестициялық жоба мәні және оның пайда болу кезеңдері
• Инвестициялық жобаны қаржылық-экономикалық бағалау
• Инвестициялық жобаның ақшалай ағымдарын бағалау
• Дисконттау және пайыздардың негізгі әдістерін талдау
Зерттеу объектісі – инвестициялық жобалардың ақшалай ағындарын
бағалау.
Теориялық және әдіснамалық негізі ретінде отандық және шетелдік
оқулықтарды және Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы,
Шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасының Заңдары мен
Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ережені пайдаландым.
1. Инвестиция: түсінігі, мәні мен маңызы және формалары
1.1 Қазіргі экономикадағы инвестициялардың мәні және түрлері
Инвестиция термині to invest ағылшын етістігінен шығады, қайсысы
салу дегенді білдіреді. Инвестициялар – бұл капиталды оның кейін өсуі
мақсатында салу. Инвестициялау нәтижесінде алынған капиталдың өсімі
инвесторға ағымдағы кезеңде бар қаражаттардың тұтынуынан бас тартуын өтеу
үшін, оған тәуекел үшін сыйақы беру және болашақ кезеңде инфляция
салдарынан шығындарды толтыру үшін жеткілікті болу керек.

Нарықтық экономикада инвестициялар түсінігі оған жалғыз және
түбегейлі анықтама беру үшін тым кең болып табылады. Экономикалық теорияның
негізгі бөлімдерінде және практикалық қызметтің түрлі облыстарында оның
мазмұны өзінің ерекшеліктеріне ие болады.
Макроэкономикада инвестициялар өндірістің жаңа құралдарына
(өндірістік, немесе тұрақты инвестициялар), жаңа тұрғын үйлерге
инвестицияларына, және тауарлы қорлардың өсіміне шығындардан тұратын
жиынтық шығындардың бөлігі болып табылады. Яғни, макроэкономикалық аспект
инвестициялар – бұл ағымдағы кезеңде пайдаланылмаған, және экономикада
капиталдың өсімін қамтамасыз ететін жалпы ішкі өнімнің бөлігі болуымен
анықталады.
Өндіріс теориясында, және макроэкономикада толығымен, инвестициялар
жаңа капиталды құрудың процесі болып табылады (өндіріс құралдарын, сонымен
бірге адам капиталын қоса отырып).
Сонымен, қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе қаржылық
активтерді алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ пайдаларды алу
болып табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ, инвестициялар – бұл

Экономикалық категория ретінде инвестициялар келесілерді сипаттайды:
– алғашқы авансталған құнның (табыс түрінде) өсімі мақасатында
кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салымдар;
– инвестициялық жобаларды жүзеге асыру процесінде инвестициялық
қызметтің қатысушылары арасында (құрылысшылар, мердігерлер, банктер,
мемлекет және т.б.) пайда болатын ақшалай (қаржылық) қатынастар;
– инвестициялық қызметтің процесінде пайда болатын ақшалай ағымдарын
(ақша қаражаттарының келуін және кетуін) бақылау.
Инвестициялық қызмет – инвестицияларды салу және пайданы немесе өзге
пайдалы эффектіні алу үшін практикалық әдістерді жүзеге асыру.
Инвестициялық цикл – нақты шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның,
шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамдастықтың) шегінде авансталған
капиталдың жылжуы, қайсысы оның инвестициялау процесінде (жобалы-сметалық
құжаттылықтың дайындалуы, объектінің құрылысы және оның кейінгі
эксплуатациясы) тікелей қатысуын болжайды.
Инвестициялық процесс – ішінде тапсырыс берушімен қатар басқа
шаруашылық субъектілерімен (жобалаушылар, мердігерлер, банктер, құрылыс
үшін материалды ресурстарды жабдықтаушылар және т.б.) бірге қатысатын ашық
жүйе.
Инвестициялық портфель – бұл жүзеге асыруға жарамды инвестициялық
жобалардың және түрлі қаржылық құралдырдың (бағалы қағаздардың) жиыны.
1991 жылдың 10 маусымынан Қазақ ССР-дің инвестициялық қызметі туралы
Қазақ ССР-дің заңында инвестициялардың аса толық анықтамасы бар. Берілген
заңның 1 бабына сәйкес инвестициялар өзімен қаржылық және материалды-
техникалық құралдардың барлық түрлерін, сонымен бірге әлеуметтік,
экономикалық, экологиялық және ғылыми-техникалық эффектісінің пайдасын алу
мақсатында қызметтің кәсіпкерлік және басқа да түрлерінің объектілеріне
салынатын мүліктік құқықтарды және интеллектуалды құндылықтарды көрсетеді.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардың Инвестициялар
туралы заңында инвестициялар ... лизинг келісім шартына отырғаннан бастап
лизингтің заттарын, сонымен бірге оларға инвестормен заңды тұлғаның
жарғылық капиталына салынатын құқықтарын немесе кәсіпкерлік қызмет үшін
қолданылатын бекітілген активтердің көбюін қоса отырып мүліктің барлық
түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа). Бұнда инвестициялық
қызмет – жарғылық капиталда коммерциялық ұйымдардың қатысуы бойынша немесе
кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын бекілітген активтерін көбейту немесе
құру бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі.
Экономикалық категория ретінде инвестициялар маңызды функицялардың
қатарын орындайды, қайсысысыз қандай да мелекеттің экономикасының дұрыс
дамуы мәнсіз болады. Макродәрежедегі инвестициялардың негізі келесілер
болып табылады:
– кеңейтілген өндірістің саясатын жүзеге асыру үшін;
– ҒТП-ң жылдамдатылуы, отандық өнімнің бәсекеқабілеттілігін
қамтамасыз ету және сапасын жақсарту үшін;
– қоғамдық өндірістің құрылымдық қайта құрылуы және ұлттық
шаруашылықтық барлық салаларының теңдестірілген дамуы үшін;
– өнеркәсіптің қажетті шикізат базасын құру үшін;
– табиғи ортаны қорғау және басқа көптеген мәселелерді шешу үшін.
Макроэкономикалық ауқымда қазіргі әл-ауқаттылық жеткілікті шамада
кешегі инвестициялардың нәтижесі болып табылады, өз қатарына, еңбек
өнімділігінің ертеңгі өсуінің және тым жоғары әл-ауқаттылығының негізін
салады. Біз тұрақты түрде – бүгінгі және ертеңгі тұтынудың арасында тұрмыз.
Неғұрлым біз бүгін өндірілгеннің үлкен бөлігін сақтасақ және
инвестициялайтын болсақ, соғұрлым бізде ертеңгі күнде тұтынудың көбірек
мүмкіншілігі болады. Керісінше, біз қаншалықты бүгінгі ресурстарды
тұтынсақ, соншалықты бізде ертеңгі тұтынудың аса жоғары деңгейі төмен
болады.
Инвестициялар микродәрежеде де маңызды роль ойнайды. Бұл дәрежеде
олар, біріншіден, келесі мақсаттарға жету үшін қажет:
– өндірістің кеңейтілуі және дамуы;
– негізгі қорлардың тым моральді және физикалық тозуын жібермеу;
– өндірістің техникалық деңгейін жоғарлату;
– сапаеың жоғарлауы және нақты кәпорын өнімінің бәсекеқабілеттілігін
қамтамасыз ету;
– табиғи қорғаныс шаралардың жүзеге асырылуы;
– бағалы қағаздарды сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне
қаражаттарды салу.
Соңғы нәтижеде олар болашақта кәсіпорындардың нормальді қызмет етуін
қамтамасыз ету, пайданың максимизациясы және тұрақты қаржылық жағдайы үшін
қажет.
Сонымен, инвестициялар маңызды экономикалық категория болып табылады
және макродәрежеде сияқты, микродәрежеде де, біріншіден, қарапайым және
кеңейтілген қайта өндіріс, құрылымдық қайта пайда болулар, пайданы
максимизациялау және осы негізде көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін
маңызды роль атқарады.
Республикадағы инвестициялық қызметтің жағдайын келесі көрсеткіштердің
өсу қарқыны сипаттайды:
- инвестициялардың жалпы көлемі;
- жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың үлесі;
- инвестициялардың жалпы көлемінде қаржылық емес активтерге
инвестициялардың үлесі;
- қаржылық емес активтерге инвестициялардың көлемі.
Инвестициялық қызметтің жағдайын жанама, бірақ жеткілікті объективті
түрде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу темптері сипаттайды:
– ұлттық табыстың;
– ЖІӨ және ЖҰӨ;
– өнеркәсіптік өндіріс көлемінің;
– өнеркәсіптік өнімнің бөлек маңызды түрлерін шығарудың;
– ауылшаруашылық өндіріс көлемінің;
– қоғамдық еңбек өнімділігінің;
– және басқалардың.
Инвестициялық қызметті бағалауында бұл көрсеткіштердің объективтілігі
олардың өсуі инвестициялардың салымынсыз мәнсіз болатынымен байланысқан.
Егер бұл көрсеткіштердің өсу темпі инвестициялардың өсу темпінен асып
кетсе, онда бұл инвестицияларды қолданудың тиімділігін жоғарлату себебі
және керісінше.
Инвестициялар деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне маңызды әсер
етеді; оның өсу қарқынынан ұлттық экономикада көптеген макропропорциялар
тәуелді болады.
Инвестициялардың тиімділігін есепке алу, талдау және жоғарлату үшін
макродәрежеде сияқты, микродәрежеде де олардың ғылыми негізделген
классификациясы қажет. Инвестициялардың ойластырылған және ғылыми жоспарда
негізделген классификациясы тек оларды сауапты есепке алу ғана емес,
сонымен бірге олардың барлық жағынан қолданылу деңгейін талдауға және бұл
негізде тиімді инвестициялық саясатты жасау және іске асыру үшін объективті
ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі экономиканың тұрмыстылығында және тәжірибесінде аса таралған
келесі белгілер бойынша инвестициялардың төмендегі классификациясы
қолданылады:
– болашақ объектілердің мақсатты тағайындалу белгісі бойынша – бұл
олардың ұлттық шаруашылықтың салалары бойынша бөлінуі - өз кезегінде
екі бөлімшелерін - өндірістік тағайындалуының объектілеріне салымдарын
және өндірістік емес тағайындалудың объектілерін құрайды.
– негізгі қорлардың қайта өндірісінің формалары бойынша – жаңа
құрылысқа, әрекет етуші кәсіпорындардың кеңейтілуіне және қайта
құруына, сонымен бірге техникалық қайта қаруландырылуына.
– қаржыландыру көздері бойынша – орталықтанған және орталықтанбаған.
– қолдану бағыты бойынша – өндірістік және өндірістік емес.
– инвестицияларды қосу объектілері бойынша:
1) мүлікке инвестициялар (нақты инвестициялар) – ғимараттарға, жабдықтарға,
құралдарға, материалдардың қорларына инвестициялар; нақты (капиталды
құрайтын) инвестициялар - әрекет етуші кәсіпорындардың қайта құрылуына
және техникалық қайта қарулануына жаңаларын құру. Бұл жағдайда инвестор-
кәсіпорны қаражаттарды сала отырып, өзінің өндірістік капиталын
көбейтеді – негізі өндірістік қорлар және олардың қызмет етуі үшін
қажетті айналым құралдары;
2) қаржылық (портфельді) инвестициялар (акцияларды, облигацияларды және
басқа бағалы қағаздарды алу); портфельді инвестициялар – басқа
кәсіпорындардың активтерін акцияларға, облигацияларға, басқа бағалы
қағаздарға салу. Портфельді инвестицияларды жүзеге асыру кезінде
инвестор бағалы қағаздарға дивиденд-табыстарын ала отырып өзінің
қаржылық капиталын көбейтеді;
3) материалды емес инвестициялар немесе материалды емес активтерге
инвестициялар (патенттер, лицензиялар, бағдарламалық өнімдер, ғылыми-
зерттеушілік және тәжірибелі-құраушы жасаулар және т.б.).
Капитал құраушы инвестициялардың құрылымында негізгі орынды негізгі
капиталға инвестициялар алады, қайсысылардың көлеміне жаңа құрылысқа, қайта
құрылуына, әрекет етуші өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, көліктік, саудалық
және басқа кәсіпорындардың кеңейтілуіне және техникалық қайта қарулануына
шығындар, тұрғындық және мәдени-тұрмыстық құрылысқа шығындар кіргізіледі.
Инвестицияларды қолданудың тиімділігі маңызды дәнежеде олардың
құрылымына байланысты болады. Инвестициялардың құрылымында олардың түрлері,
пайдалану бағыттары бойынша құрамы және олардың жалпы инвестицияларда үлесі
түсініледі.
1.2
4. Инвестициялық қызметтің ерекшеліктері мен формалары
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізін негізгі капиталға
жұмсалатын нақты инвестициялар құрайды. Көптеген кәсіпорындарда бұл
инвестициялау қазіргі жағдайдағы инвестициялық қызметтің жалғыз бағыты
болып табылады. Бұл кәсіпорынның инвестициялық қызмет жүйесіндегі нақты
инвестицияларды басқарудың жоғары ролін анықтайды.
1) Нақты инвестиция кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын жүзеге
асырудың басты нысаны болып табылады. Бұл дамудың негізгі мақсаты жоғары
тиімді нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, ал кәсіпорынның
стратегиялық даму процесінің өзі осы инвестициялық жобаларды уақытында
жүргізудің жиынтығы болып табылады. Инвестициялаудың осы нысаны
кәсіпорынға жаңа тауарлы және аймақты нарықтарға енуге, өзінің нарықтық
құнының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2) Нақты инвестициялау кәсіпорынның операциялық қызметімен тығыз
байланысты. Өндіріс көлемін ұлғайту және өнімді өткізу, өндірілетін
өнімнің ассортиментін кеңейту және олардың сапасын жоғарлату,
операциялық шығындарды төмендету мәселелері нақты инвестициялау
нәтижесінде шешіледі. Өз кезегінде, кәсіпорын жүргізген нақты
инвестициялық жобаларынан көбіне болашақ операциялық процестердің
параметрлері, оның операциялық қызметінің көлемінің өсу потенциалы
тәуелді.
3) Нақты инвестициялар қаржы инвестициямен салыстырғанда рентабельділіктің
жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл қабілеттілік экономиканың нақты
секторында кәсіпкерлік қызметпен айналысудың ынталандырушы мотив болып
табылады.
4) Жүргізілген нақты инветициялар кәсіпорынға тұрақты таза ақша ағымын
қамтамасыз етеді. Бұл таза ақша ағымы негізгі құралдардан және
материалдық емес активтерден, амортизациялық есептеулерден қалыптасады,
бұл жүргізілген инвестициялық жобаларды қолдану кәсіпорынға пайда
әкелмесе де жүзеге асады.
5) Нақты инвестициялар моральді тозудың жоғары тәуекел деңгейіне мәжбүр.
Бұл тәуекел инвестициялық қызметте нақты инвестициялық жобаларды жүргізу
кезінде, сонымен қатар оларды пост инвестициялық қолдану кезінде де
болады. Ұмтылған технологиялық процесс нақты инвестициялау процесінде
осы тәуекелдің деңгейінің ұлғаю тенденциясын қалыптастырды.
6) Нақты инвестициялық инфляцияға қарсы қорғаныстың жоғары деңгейі бар.
Тәжірибеде көрсетілгендей, инфляциялық экономика шартында нақты
инвестициялаудың көптеген объектілеріне бағалардың өсу темпі сәйкес
келмейді, бірақ көп жағдайларда кәсіпкерлік қызметте кәсіпкерлердің
материалды объектілеріне ажиотажды инфляциялық сұранысты қалыптастырып,
инфляциялық өсу темпінен озады.
7) Нақты инвестициялардың өтімділігі төмен. Бұл инвестициялардың көп
нысандарының тар мақсатты бағытталуына байланысты. Осыған байланысты
қаржылық қатынаста басқарушылық шешімдердің дұрыс қабылдамауын өтеу,
нақты инвестицияның жүзеге асыру бастамасымен байланысты.
Нақты инвестициялар кәсіпорындармен әртүрлі нысанда жүзеге асырылады,
олардың негізгілері болып келесілер табылады:
1) Толық мүліктік кешенді сатып алу. Ол ірі кәсіпорындардың инвестициялық
операцияларын көрсетеді, олардың қызметінің салалық, тауарлық немесе
аймақтық дивесификациясын қамтамасыз етеді. Нақты инвестицияның бұл
нысаны әдетте синергизм тиімділігін қамтамасыз етеді, ол
операциялардың жалпы қаржылық потенциалын, шығарылатын өнімнің өзара
толықтырылатын технологиялардың және номенклатуралардың, операциялық
шығындардың деңгейін төмендету мүмкіндігін, әртүрлі аймақтық
нарықтардағы өткізу желісін бірігіп қолдануды және басқа да факторларды
тиімді қолдану мүмкіндігі есебінде кәсіпорын активтерінің жиынтық,
нарықтық құнымен (олардың баланстық құнымен салыстырғанда), өсумен
түсіндіріледі.
2) Жаңа құрылыс. Арнайы бөлінген территорияларда жеке жасалған немесе
типтік жоба бойынша технологиялық циклдің аяқталуымен, жаңа объектінің
құрылысымен байланысты инвестициялық операция. Кәсіпорын жаңа құрылысты,
оның салалық, тауарлық немесе аймақтық диверсификациясында, болашақ
кезеңде өзінің операциялық қызметінің көлемінің өсуі кезінде жүзеге
асырылады.
3) Қайта құрастыру. Қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде барлық
өндірістік процестің мәнді жаңаруымен байланысты инвестициялық операция.
Оны ресурсты үнемдейтін технологияларды енгізуді, шығарылатын өнімнің
сапасын мәнді жоғарлатуға және оның өндірістік потенциалының ұлғайту
мақсатында кәсіпорынның қайта құрастыру кешендік жоспарына сәйкес
жасалады. Қайта құрастыру процесінде жеке өндірістік мекемелердің кеңеюі
жаңа мекеменің құрылысын жүзеге асырылуы мүмкін.
4) Жаңарту. Кәсіпорынның операциялық қызмет процесінде қолданатын
механизмдерді, жабдықтауды және негізгі машиналар паркін өзгерту жолымен
қазіргі деңгейге сәйкес технологиялық процестерді жүзеге асырумен,
өндірістік негізгі құралдардың белсенді бөлігін жетілдірумен байланысты
инвестициялық операциялар.
5) Жабдықтардың жеке түрлерін жаңарту. Технологиялық процестің жүзеге
асырылуының жалпы схемасын ауыстырмайтын паркте бар жабдықтың жеке
бөлшектерін жаңамен алмастырумен немесе қосумен байланысты инвестициялық
операция. Жабдықтың жеке түрлерін жаңарту негізінде өндірістің негізгі
құралдырының белсенді бөлігін қарапайым қайта өндіру процесі сипаттайды.
6) Материалды емес активтерді инновациялы инвестициялау. Ол коммерциялық
жетістіктерге жету мақсатында кәсіпорынның операциялық және басқа да
қызметінде жаңа ғылыми және технологиялық білімдерді қолдануға
бағытталған инвестициялық операция. материалды емес активтерді
инновациялық инвестициялау негізгі 2 нысанда жүзеге асырылады: а) дайын
ғылыми техникалық өнімді және басқа да құқықтарды сатып алу жолымен
(ғылыми шығармашылықтарға, өнеркәсіптік үлгілерге және тауарлық
белгілерге потент сатып алу; НОУ-ХАУ сатып алу; фрэнчайзингкелицензия
сатып алу және т.б.); б) жаңа ғылыми-техникалық өнім жасау жолымен
(кәсіпорынның өзінің шегінде, сонымен қатар оның тапсырысы бойынша
сәйкес инжинирингтік фирмалармен). маткриалды емес активтерді
инновациялы инвестициялауды жүзеге асыру кәсіпорынның, оның шаруашылық
қызметінің барлық сферасында технологиялық потенциалын мәнді ұлғайтуға
мүмкіндік береді.
7) Материалды айналым активтерінің қорларының өсуін инвестициялау. Ол
инвестициялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде айналым және айналымнан
тыс операциялық активтерді дамытудағы қажетті пропорционалдылықты
қамтамасыз ететін кәсіпорынның қолданатын операциялық айналым активінің
көлемін кеңейтуге бағытталған инвестициялық операция. Инвестициялаудың
бұл нысанының қажеттілігі шығарылатын қосымша өнім көлемінің мүмкіндігін
анықтайтын нақты инвестициялаудың алдын-ала қарастырылған нысанымен
қамтамасыз етілетін өндірістік потенциалдың кеңеюімен байланысты, бірақ
бұл мүмкіндік қолданылатын материалды айналым активтерінің жеке
түрлерінің көлемі кеңейген кезде жүзеге асады (шикізат, материал,
жартылай фабрикаттар, құндылығы аз заттық қоры және т.б.).
Капиталды нақты инвестициялаудың айтылған нысандары оның негізгі үш
бағытына келтіруі мүмкін: капиталды инвестициялау немесе капиталды салымдар
(алғашқы бес нысан); инновациялық инвестициялау (алтыншы нысан) және
айналым активтерінің өсуін инвестициялық (жетінші нысан).
Кәсіпорынның капиталын нақты инвестицияның нақты нысанын таңдау, оның
қызметінің салалық, тауарлық және аймақтық диверсификациясын мәселелерімен
(операциялық табыс көлемін кеңейтуге бағытталған), жаңа ресурс және еңбек
үнемдейтін технологияларды енгізу мүмкіндігімен (операциялық шығындарды
төмендетуге бағытталған), сонымен қатар инвестициялық ресурстық қалыптасу
потенциалы (нақты инвестицияның объектілеріне салымдарды жүзеге асыру үшін
тартылатын ақшалай және басқа да активтер) анықталады.
Капиталды нақты инвестициялау және оның нысанының арнайы сипатын, оның
кәсіпорында жүзеге асырылуы ерекшеліктерімен анықталады. Нақты
инвестициялау процесінде капиталды қолдану мен басқарудың тиімділігін
жоғарылату мақсатында, кәсіпорынның жоғары инвестициялық белсенділігі
кезінде мұндай басқарудың арнайы саясаты жасалады.
Нақты инвестициялау процесінде капиталды қолдану мен басқару саясаты
ең тиімді нақты инвестициялау жлбаларды дайындауды, бақылауды және жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін кәсіпорын инвестициялық процесінде қолданылатын
жалпы саясаттың бір бөлігі болып табылады.
Нақты инвестициялау процесінде капиталды қолдану мен басқару
саясатының қалыптасу процесі келесі негізгі кезеңдерде жүзеге асырылады (3
сурет).
1) Негізделген инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін кәсіпорындарды
инвестициялау негізгі тенденцияларын талдау және бағалаудың саңызы зор.
Осыдан, схемада көрсетілген бірінші кезең – болашақ кезеңдегі нақты
инвестициялау жағдайын талдау, бірінші орында болашақ кезеңдегі
кәсіпорынның инвестициялау белсенділік деңгейін анықтау және бағалау
бағытталады және ерте басталған инвестициялық жобалар мен
бағдарламалармен аяқталу деңгейі бағытталады.
а) Талдаудың бірінші деңгейінде нақты активтердің өсуін инвестицияның
жалпы көлемінің динамикасы, жоспар алдындағы кезеңдегі кәсіпорынның
инвестициясының жалпы көлеміндей нақты инвестицияның рөлі анықталады.
в) Талдаудың екінші деңгейінде жеке инвестициялық жобалар мен
бағдарламаларды және деңгейі, нақты инвестициялау объектісінде осы мақсатқа
қарастырылған инвестициялық ресрустарды меңгеру деңгейі қарастырылады.
с) талдаудың үшінші деңгейінде ерте басталған нақты инвестициялық
жобалар мен бағдарламаның аяқталу деңгейі, оларды толық аяқтау үшін қажетті
инвестициялық ресурстар көлемі анықталады.
2) Алдыңғы кезеңдегі капиталды нақты инвестициялаудың жалпы көлемін
анықтау. Бұл көрсеткішті анықтаудың негізі кәсіпорынның негізгі
құралдарының өсуінің жоспарлануы, сонымен қатар оның өндірістік-
коммерциялық қызметінің өсуін қамтамасыз ететін материалды емес және
айналым активтері болып табылады. Бұл өсудің көлемі ерте аяқталмаған
капиталдың құрылыс көлемінің динамикасын есепке алумен анықталады.
3) Капиталды нақты инвестициялаудың нысандарын анықтау. Бұл нысандар
кәсіпорынның негізгі құралдарының және материалды емес активтерді қайта
өндірісін қамтамасыз ететін, сонымен қатар жеке меншік айналым
активтерінің көлемінің кеңеюімен инвестициялық қызметке нақты
бағытталудан шыға отырып анықталады.
4) Нақты инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын дайындау. Ірі көлемді
нақты инвестицияның барлық нысандары нақты инвестициялық жобалар ретінде
қарастырады. Мұндай инвестициялық жобаларды дайындау олардың бизнес-
жоспарын дайындауды талап етеді. Шағын нақты инвестициялық жобалар үшін
бизнес-жоспардың қысқа вариантын жасау жіберіледі.
5) Жеке нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау. Мұндай бағалау
арнайы көрсеткіштер жүйесін қолдану негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның инвестициялық саясатында жасалған критерийлердің нақты
инвестициялық жобаның тиімділігін деңгейінде болмаған жағдайда
қайтарылуы керек.
6) Нақты инвестицияның бағдарламасының қалыптасуы. нақты инвестицияның
жобалардың тиімділігін бағалау процесінде іріктелгендер оларды жүзеге
асыру мақсатымен байланысты тәуекел деңгейі және басқа да көрсеткіштер
жағынан әрі қарай қарастырылуы керек. Инвестициялық ресурстардың
жоспарлы көлемін есепке алумен жан-жақты бағалау негізінде кәсіпорын
алдыңғы кезеңге өзінің нақты инвестициялық бағдарламасын қалыптастырады.
Егер бұл бағдарлама ерекше мақсатты анықтау бойынша (табысты
жоғарылатса, инвестициялық тәуекелдітөмендетсе және т.б.) құрылса, онда
нақты инвестицияның бағдарламасын әрі оптимизациялау қажеттілігі
туындамайды. Егер жеке мақсаттардың баланстануы қарастырылса, онда
инвестициялық бағдарлама олардың теңесуіне жету үшін әртүрлі мақсатты
критерийлер бойынша оптимизацияланады.
7) Жеке инвестициялық жобаларды және инвестициялық бағдарламаларды
жүргізуді қамтамасыз ету. Әрбір нақты инвестициялық жобаның жүргізілуін
қамтамасыз ететін негізгі құжаттар инвестициялық жобаны жүргізудің
капиталды бюджетті және календарлы тізім болып табылады.
Капиталды бюджет әдетте бір жылға дейін және нақты жобаны жүргізумен
байланысты барлық шығындар мен түсімдерді көрсетумен жасалады.
Инвестициялық жобаны (бағдарламаны) жүргізудің календарлы тізімі
жұмыстардың жеке түрлерін орындаудың базалық уақытын және мәмледе
көрсетілген жұмысты орындауға олардың функционалды міндеттің сәйкес
келуімен тапсырыс берушімен (кәсіпорын) немесе жабдықтаушының нақты
уәкілдеріне орындау жауапкершілігін анықтайды.
3. Негізгі капиталды техникалық қайтажарақтандыру және
инновациялық дамыту инвестициялары
Біз жоғарыда көрсеткендей, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін
қазіргі шарттардың қанағаттандыруы, капиталдық салымдардың сапалы құрылымы
инновация және жаңа енгізулердегі инвестицияның маңызды бөлігімен
ерекшеленеді, яғни жаңа технологияларды және күштерді енгізуде отандық
өнеркәсіптің негізгі қорлары тозған және ескірген, олар еңбек сыйымды,
материал сыйымды, толығымен бәсекеқабілетсіз өнім шығарады. Негізгі
қорларды бөліктеп жақсарту, жаңарту, техникалық қайта қарулану және қайта
құрастыру деп аталады.
Кәсіпорынды капиталды инвестициялау екі негізгі бағытта жүзеге
асырылады. Бұл:
– Жаңа құрылыс (жаңа негізгі құралдарды енгізу);
– Негізгі құралдарды техникалық қайта қаруландыру және қайта құрастыру.
Екінші бағыт бойынша инвестициялар мыналарға бағытталуы мүмкін:
а) қызмет ететін күштерді қолдау;
ә) кәсіпорынның жеке объектілері;
б) қызмет ететін кәсіпорындарды кеңейту (бірақ, бұл жаңа қорларды
енгізумен байланысты).
Техникалық қайта қарулану және қайта құрастыру қазіргі ауыспалы
экономика шартында өнеркәсіптегі инвестициялық процесс дәл осы бағытқа
бағытталуымен шартталады. Бұл туралы ААҚ Қазақмыс корпорациясы, АҚ
Миттал стил сияқты ірі экспортқа бағытталған кәсіпорынның инвестициялық
қызметін талдау куәландырады.
Шетел менеджментін басқару саясаты жоспарында бұл анықталған, себебі
олар өндірістің нақты қызмет ету шарттарын көріп, сенбегенше
инвестицияларды жаңа құрылысқа салмас еді.
Жаңа құрылыс қызметке қазіргі бәсекеқабілетті өнім шығаруға мүмкіндік
беретін жаңа жабдықтар мен технологияларды енгізуді білдіреді. Бұл бағытта
әлеуметті-экономикалық дамудың тұрақты динамикасын қамтамасыз етудің
материалды негізі инвестициялық потенциал, түзетілген инвестициялық
ресурстардың жиынтығын көрсететін сандық және сапалық сипаттамалар болып
табылады.
Инвестиицялық потенциалды қолданатын заңдық нәтижесі ең алдымен
инновациялық-технологиялық жүйелерді құру болып табылады. Олар қайта
өндіріс процесінің интенсификациясының бөлігі болатын, сапалы жаңа негізгі
өндірістік қорлар болып табылады.
Кәсіпорынның техникалық қайта қарулануына кәсіпорынның ұйымдастырылатын
және басқарылатын қызметін жетілдіру бойынша, ескі және тозған жабдықтарды
жаңаға айырбастау және жаңарту, өндірістік процесті механизациялау және
автоматизациялау деңгейін жоғарлату, прогрессивті техника және
технологияларды енгізу негізінде цехтарды, бөлімдерді және жеке өндірістің
технико-экономикалық деңгейін жоғарлату бойынша шаралар кешені жатады.
Экономикалық агенттердің негізгі құралдарын техникалық қайта қаруландыру
және қайта құрастыу қажеттілігінің теориялық негізі көбінде кеңейтілген
қайта өндіріс теориясы болып табылады. Кейбір бөліктерді жаңарту және
ауыстыру әрине негізгі құралдардың кеңейтілген қайта өндірісіне жатпайды,
бірақ бұл өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің толық қызмет етуінің
қажетті шарты болып табылады. Бұл теория шегінде негізгі көңіл шаруашылық
субъектінің экономикалық өсуінің білінбейтін шарты ретінде негізгі
өндіріске салынған капиталды белсендіруге бөлінеді.
Негізгі құралдардың техникалық қайта қарулануы және қайта құрастырылу
қажеттілігі батыс ғалым-экономистерімен және қазіргі теоретиктермен тең
қарастырылады, яғни бұл мәселе кез келген экономикалық жүйенің қызмет
етуінің қажетті шарты болып табылады. Бірақ ең алдымен негіз қайта
өндіріске қойылуымен байланысты осы теория негізінде техникалық қайта
қарулану деген экономикалық түсінік пайда болады. Бұл соңғы нәтижеде
шаруашылық субъектінің экономикалық дамуына әсер етеді.
Өндірістің негізгі қорларының техникалық қайта қарулану және қайта
құрастырылу құрылымы келесі негізгі бағыттарда жүзеге асырылатын процесс:
– қызмет ететін цехтарды және объектілерді қайта құрастыру (негізіг
өндірістің жеке мекемелерін кеңейту, жаңа цехтардың құрылысы және
бұрынғыларды кеңейту);
– прогрессивті технологияны енгізу (прогрессивті технологиялық
процестерді енгізу, шикізаттар мен материалдардың жаңа түрлерін
қолдануды жақсарту);
– өндірісті механизациялау деңгейін жоғарлату (өндірістік процестерді,
негізгі және көмекші қызметтерді механизациялау деңгейін жоғарлату,
жабдықтар мен механизмдерді күшейту);
– өндірісті автоматтау (өндірістік процестерді, негізгі және көмекші
қызметтерді автоматтау);
– қызмет ететін жабдықтарды жаңарту (қолданылатын техеологиялық
жабдықтарды жетілдіру);
– өндірісті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру (қазіргі есептеуіш
техниканы және оргтехниканы, қосымша бағадарламаларды және басқа да
өндірісті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған
техникалық шараларды енгізу).
Кәсіпорынды қайта қаруландыру және қайта құрастырудың негізгі мақсаты –
бұл кәсіпорын қызметінің әлеуметті-экономикалық тиімділігін және өндірістік
күшін жоғары сипатталатын өндірістік техникалық ұйымдастыру деңгейін
жетілдіру. Бірінші, яғни өндірістік күшті жоғарлату өнімнің бәсеке
қабілеттігін жоғарлату үшін өте маңызды өндірістік шығындардан төмен
сипатталуы мүмкін. Өндірістің экономикалық тиімділігінің ұлғаюы
кәсіпорынның инвестициялық қызметінің және әлеуметтік саясатының
белсенділігін арттыратын пайданы максималдауға мүмкіндік береді.
Егер ауыспалы экономика нарығында шаруашылық субъектілердің
инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарын қарастыратын болсақ, онда
негізгі құралдарды техникалық қайта қаруландыруда және қайта құрастыруда
дәл осы инвестициялар маңызды орын алады. Бұған бірнеше себеп бар, олар
келесілер:
– біріншіден, бұл ұзақ мерзімді болжауды талап ететін шаруашылық
субъектілерге стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды
жоспарлауға мүмкіндік бермейтін макроэкономикалық тұрақсыздық кезіндегі
экономикадағы жалпы экономикалық жағдай;
– екіншіден, бұл ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялардың
тиімсіздігінен шығатын капитал салымдарының құнсыздануының жоғары
темпінен. Бұған ұзақ мерзімді несиелерге жоғары тәуекелді және пайыз
қосуға болады;
– үшіншіден, бұл қазіргі кезде жаңаны сатып алғанша, ескіні құрастыру
тиімді, шаруашылық субъектілердің қаржылық мүмкіндіктерінің шектелуі.
Бұл себептер бір-бірімен тығыз байланысты, олар бір-бірінен шығады және
жоспарлы кезеңнен мұрагерлікке қалған ауыспалы экономиканың нақты
секторындағы негізгі құралдарды қайта қаруландыру және қайта құрастырудағы
инвестициялық қызметтің негізгі бағытын сипаттайды. Жабдықтың негізгі
массасының тотальді тозуында кейбіреулер республика экономикасы үшін тиімді
дейді, ол негізгі капиталдың тозған массасын жаңарту үшін инвестициялық
ресурстарға үлкен сұранымның бар болуымен түсіндіріледі, яғни бұл негізгі
алғышарт ретінде импортты толықтыру.
Экономикалық ғылымда өндірісті кеңейтуден гөрі өнеркәсіптік кәсіпорын
техникалық қайта қаруландыру процесі тиімді деп саналады. Мысалы,
кеңейтудің ерекше сипатына келесілер жатады:
– өндірістің техникалық, технологиялық және ұйымдастыру базасының
өзгермеуі;
– қызмет ететін жабдыққа тура сондай жаңа қосылады;
– өнімді шығарудың ұлғаюна пропорционалды жұмыскерлер саны материалға,
жанармайға және энергияға шығындар өседі;
– бұрын жеткен өндірісті кеңейту тиімділік деңгейінде сақталады;
– өнімді шығарудың өсуі ресурс пен шығынның өсу есебінде қамтамасыз
етіледі.
Басқаша айтқанда, өндірісті кеңейту – оның экстенсивті дамуының типтік
құралы.
Кәсіпорынның техникалық қайта қарулануы келесілерді көрсетеді:
– жабдықтарды жаңарту, ескірген машиналарды жаңаға айырбастау;
– өндірістің ұйымдастырылуының рационалды нысанын және прогрессивті
технологиясын енгізу;
– жаңа материалдарды қолдану және т.б.
Техникалық қайта қарулану кезінде негізгі қорлардың енжар бөлігі
сақталады, яғни ол кеңеймейді және қайта құралмайды. Өндірістің профилі
және мамандануы да сақталады. Техникалық қайта қаруланудың басты мақсаты -
өндірістің тиімділігін жоғарлату. Егер бұл кезде өндірістің шығындары сол
деңгейде қалса (бұл, мысалы, жабдықтар мен амортизация құны өскенде, ал
жұмыскерлер мен шығындардың саны олардың мазмұнынан төмен болуы мүмкін),
онда тиімділіктің өсу есебінде қосымша өнім өндірісі көлемінде бұл
тиімділіктен туындыға жетеді.
Инвестициялар патентке, ноу-хауға және басқа да бәсекелі ақпаратқа
негізделетін жаңа шаруашылық субъект құрумен жүзеге асырылады. Кейде бұл
инвестицияларды бастапқы (нетто) инвестициялар деп атайды. Бастапқымен
байланысты қызмет ететін өндірістегі инвестиция реинвестицияға
(бруттоинвестициялар) ретінде жіктеледі.
Бәсеке қабілеттікті жоғарлату ретінде анықталатын инвестициялар нәтижесі
бойынша салынған салымдар пассивті (экономикалық нәтижелерді ұстау) және
активті (экономикалық нәтижелердің өсуі) болуы мүмкін.
Инновацияға капитал салу дегеніміз негізгі қорларды қайта өндіру
шығындары немесе коммуналды, мәдени-тұрмыстық құрылысқа қызмет ететін
кәсіпорынның техникалық қайта қарулануы және қайта құрастыру, жаңа
құрылыстарға жұмсалатын қаржылық құрылыстар.
Өз уақытында Дж.Кейнс инвестицияға тұтыну үшін қолданылмаған берілген
табыстың бөлігі ретінде немесе берілген уақытта жаңа өндірістік қызметтің
нәтижесінде капиталды мүліктің құндылығының ағымдағы өсуі ретінде анықтама
берген.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларды талдағанда бұл күрделі экономикалық
түсініктегі маңызда сипаттамаларына көп көңіл бөлу қажет. Бұл
сипаттамалардың біреуі тірі және затталған еңбекке шығындар процесі ретінде
капитал – инвестициялар өзара ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz