Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «»
Тақырыбы: Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері
Тексерген:
Орындаған:
Жоспары
Кіріспе . . . 3
- Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны,
инвестицияның жіктелуі . . . 5
- Инвестицияның пайда болуы, дамуы және инвестицияны қаржыландырудың экономикалық мәні . . . 5
- Инвестициялық қызмет тиімділігі және инвестицияның жіктелуі . . . 11
1. 3 Қазақстандағы инвестициялық қызмет және оның негізгі бағыты . . . 15
2. Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері . . . 21
2. 1 Инвестициялық қызметтің экономикалық тиімділігін бағалау . . . 21
2. 2 Қазақстанның инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарын
бағалау және талдау ерекшеліктері . . . 21
2. 3 Қазақстанда инвестициялық қызметті дамыту . . . 23
2. 4 Қазақстан экономикасының басымдықты салаларындағы
инвестицияларды мемлекеттік қолдау . . . 32
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32
Кіріспе
Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.
Инвестор - бұл өзіндік немесе несиеге алынған немесе басқа жақтан тартылған қаражатты инвестициялық жобаларға құятын заңды немесе жеке тұлға. Инвестор тәуекелдердің аз болуын қалайды. Олар стратегиялық немесе портфельдік инвестор болып бөлінеді.
Инвестициялар төмендегі мақсаттарды шешуге көмектеседі :
Қаржы және материалдық қорларды жинақтау арқылы өз кәсіпкерлік іс-әрекетін кеңейту;
Жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
Бизнесті жаңа салаларды меңгеру арқылы түрлендіру (диверсификация) .
Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады:
Портфель ді инвестици ялар - қаржыны жобалар тобына құю, мысалы әр түрлі кәсіпорындардың акцияларын сатып алу
Нақты инвестици ялар - қаржы қаражатты нақты, әдетте ұзақ мерзімді және нақты активтерді сатып алуға тиісті жобаға құю.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.
Жұмыстың өзектілігі сонда, инвестициялық саясатты дамытудың негiзгi мақсаты отандық, сондай-ақ шетелдiк инвестицияны пайдалану негiзiнде бәсекеге қабiлеттi түпкi өнiм құруды қамтамасыз ететiн ашық үлгiдегi инновациялық жүйе қалыптастыру болып табылады.
Инвестициялық саясат - бұл инвестициялық қызметті жандандыру мақсатында барлық шаруашылық объектілер үшін жағымды жағдай қалыптастыру бойынша мемлекет жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар кешені.
Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Инвестициялар - бұл капиталды ұзақ мерзімді қаржыландыру түрінде жұмсалатын шығын жиынтығы. Инвестициялық қызметтің мақсаты кәсіпкерлік табыс немесе соның белгілі бір пайызын алып отыру.
Жұмыстың мәні инвестициялық қызметтің экономикалық мәнін ашу болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты : инвестициялық қызметті қаржыландыру көздерін талдау болып табылады.
Сонымен қатар жұмыстың басты міндеттері мыналар:
- Нарықтық экономика жағдайындағы инвестициялау және осыған байланысты инвестицияны жіктеу;
- Қазақстанда инвестициялық қызметті қаржыландыру көздерін қарастыру;
- Қазақстан экономикасының басымдықты салаларындағы инвестицияларды мемлекеттік қолдау;
- Инвестиция саласындағы негізгі проблемалар және оны шешу жолдары.
Жұмыс жоғарыда қозғалған мәселелерден басқа жалпы инвестицияның экономикалық мәнін және оның жіктелуін көрсетеді. Сондай-ақ жұмыста инвестициялық портфельдің қалыптасу тетіктері толығымен сипатталған.
Жалпы жұмыстың зерттелу деңгейіне тоқталсақ, мемлекеттің инвестициялық саясаты, оны жүйелеу қазіргі таңда өзекті мәселелердің алдыңғы қатарына шықты. Сондықтанда әр мемлекеттің инвестициялық процеске қатысуын ұйымдастыру, инвестицияның дұрыс салаларға тартылуын қарастыру, инвесторларға оңтайлы жағдай жасау мәселелері жан-жақты отандық және шетелдік ғалымдар тұрғысынан зерттелуде.
Жұмысты орындау барысында келесі экономикалық-статистикалық зерттеу әдістері қолданылады: монографиялық, талдау, статистикалық, сызбалыќ жєне т. б.
Қолданылған әдебиеттерге келсек, жұмысты жазу барысында отандық жєне шетелдік оқулықтар және еліміздегі әрекет етуші заңдар мен құқықтық-нормативтік материалдар, сондай-ақ, ағымдық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен статистикалық мәліметтер қолданылды.
- Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны, инвестицияның жіктелуіИнвестицияның пайда болуы, дамуы және инвестицияны қаржыландырудың экономикалық мәні
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай - ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі - XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.
Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор - бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.
Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.
Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация.
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру. [17; 448-456 бет]
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25, 8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша, инвестициямен жинақ ахуалы әр түрлі пайыздар мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар, күрделі қаржы ұлғаймалы, ол ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, жол салу, соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау, инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілеріжүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп отырған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда «жинақшы» мен инвестор сәйкес. Алайда бір мезгілде кәсіпкер де, жұмыскер де бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының рөлі едәуір, сондықтан жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономиканың тепе-теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.
Инвестиция қандай факторларға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабельділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше, рентабельділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды. Екіншіден, инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор пайыз ставкасының деңгейі болады. Инвестор ақшасын жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы мүмкін, немесе ақша ресурстарын банкке орналастыруы да ықтимал. Егер пайыз нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер пайыз нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады.
Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.
Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор - бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Инвестицияларды кейде капиталды салымдар ретінде қарастырады. Осындай қате түсінік, инвестициялық ресурстарды пайдалану объектілері толық анықталмағандықтан туындаған. Егер де олар тек жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі қорларына бағытталса, инвестиция түріндегі капитал салымдары құрылыс - монтаж жұмыстары, сатып алынған құрал-жабдықтар және тағы басқадай шығындар құны енеді. Сондықтан инвестиция түсінігі капиталды салымдар мәнінен кең ұғым болып табылады. Бұл түзетудің маңыздылығы "юридикалық тұлғалар, азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы" түсінігіндегі инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет. Оларды жүзеге асыру инвестициялық сфералардың:
- инновациялық,
- капиталды құрылыс,
- қаржы капиталын әр түрлі формада колдануға іске асады.
Инвестицияны тар мағынадағы анықтамасын капитал құнын сақтау мен оны өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтканда оң табыс көлемін әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес өйткені ақшаның құндылығын ицфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс акелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы салым кепілденген табыс береді. Көбінесе инвсстиция деп - пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар және тағы басқалары) мүлік, жерді пайдалану құқығы. табиғи ресурстар, мүліктін құқықтар және тағы басқалары кіреді.
Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны "тірі және затталған еңбектің өндірістін қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісінде тірі еңбек тұтынуына қарағанда косымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі". М. И. Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.
Инвестицияның пайыз қызметін, ал жинақтық табыс қызметін атқаруы тепе-теңдік мәселесін сақтауда өте қиындатады. Инвестицияның ұлғаюы ұлттық табыстың өсуімен белгілі бір тиімділік арқылы жұмыспен толық қамтуды іс жүзіне асыруға ықпал етеді. Белгілі бір тиімділік деп отырғанымыз экономикалық теорияда - мультипликатор әсері деп аталады.
Ұлттық экономикалық құрылымын қарастыруды қоғамдық өндіріс құрылымын анықтаудан бастаған жөн. Қоғамдық өндіріс құрылымы деп отырғанымыз сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың ара қатынасы.
«Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан «инвестициялау» күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді.
Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалық табу делінген. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz