Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері»
«Кәсіпкерлік» пәні бойынша
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны, теориялық негізі . . .
1. 1Кәсіпкерлік түсінігі және оны ұйымдастырудың қажеттілігі . . .
1. 2 Кәсіпкерліктің ел экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі мен маңызы . . .
2 Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері . . .
2. 1 Қазақстандағы кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлеріне жалпы сипаттама . . .
2. 2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму көрсеткіштерін талдау . . .
3 Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оны шешуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру механизмдері . . .
3. 1 Қазақстанның стратегиялық басымдығына байланысты кәсіпкерліктің даму мәселелері . . .
3. 2 Кəсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған бағдарламалар және оларды жүзеге асыру механизмі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3
5
5
11
15
15
20
24
24
27
37
39
Кіріспе
Нарықтық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өмірінің неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.
Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді.
Курстық жұмысының өзектілігі солкәсіпкерлікті дамыту мәселелері әрқашанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің басым міндеттері санатына жатқызылып келді. Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Кәсіпкерлік өркениетті елдерде әлеуметтік мәселелерді шешудің басты күші бола отырып, тұрақтылықтың кепіліне айналуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев « . . . Еңбек етуші халықтың 60 %-ы шағын және орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетін болады . . . », - деп айтқандай аймақтық кәсіпкерлікті дамыту еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының күре тамыры. [1]
Экономиканың бұл секторын қолдауға ҚР Үкіметі тарапынан республика экономикасы дамуының әр кезеңіне сай тиісті іс-шаралар, солардың ішінде салалық ауыртпалықты күрт төмендету, тексеру өткізуге мароторий жариялау, жеңілдікпен қаржыландыруды ұсыну шаралары жүзеге асырылып отырды. Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында аймақтық кәсіпкерлікке қолдау шараларын ерекше атап өту қажет.
Жұмыста қазіргі мынадай ғылыми мәселелерді шешу көзделген , яғни кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлі мен маңызызына тоқталу, кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдаудың шетелдік озық тəжірибелеріне шолу жасау, кәсіпкерліктің қазіргі даму тенденцияларын, механизмдері мен әдістерін кешенді талдау, Қазақстанның стратегиялық басымдығына байланысты аймақтық кәсіпкерліктің даму мәселелеріне тоқталу, аймақтық кəсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған бағдарламалар және оларды жүзеге асыру механизмін қарастыру сияқты мәселелер.
Жұмыстың мақсаты -кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлеріне тоқталу сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін қазіргі стратегиялық басымдықтарға сәйкес жүзеге асыру механизмдері мен әдістерін талдау болып табылады.
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылған:
- кәсіпкерліктің ел экономикасының әлеуметтік- рөлі мен маңызын анықтау;
- кәсіпкерліктің қазіргі даму тенденцияларын, механизмдері мен әдістерін кешенді талдау;
- Қазақстанның стратегиялық басымдығына байланысты аймақтық кәсіпкерліктің даму мәселелеріне тоқталу;
- кəсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған бағдарламалар және оларды жүзеге асыру механизмін қарастыру;
- кәсіпкерлікті дамытуға арналған әлеуетті басымдықтарға тоқталу.
Зерттелу объектісі - Қазақстандағы кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері.
Тақырыптың зерттелу деңгейі - курстық жұмыс Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріне сүйене отырып жазылды. Ел басы өз еңбектерінде кәсіпкерлікті дамытудың стратегиялық маңыздылығын ерекше айтып жүр. «Қазақстан - 2030», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін», «Дағдарыстан дамуға», « Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты еңбектерінде Қазақстанда аймақтық кәсіпкерліктің болашақтағы дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді.
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері, курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері, Қазақстан халқына жолдаулары, «Қазақстан-2030» стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы, «Даму-Аймақтар», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары мен олардың аймақтарда жүзеге асырылу барысы жөніндегі есептер, Қазақстан Республикасының заңдары мен құқықтық актілері, Қазақстан даму институтының зерттеу нәтижелері мен мәліметтері, зерттеу тақырыбына байланысты Қазақстандық және шетелдік авторлардың іргелі ғылыми еңбектері, әр түрлі мерзімдік басылымдар мен арнайы әдебиеттер пайдаланылып, оларға талдау жасалынды. Сондай-ақ, жұмыста «Даму-Аймақтар», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары және индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы қолданылды.
Жұмыс құрылымы курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны, теориялық негізі
1. 1 Кәсіпкерлік түсінігі және оның даму эволюциясы
Экономикалық әдебиеттерде «пайда» түрінде табыс әкелетін кез-келген қызмет түрі ретінде «бизнес» (ағылшынша «business») түсінігінің трактовкасы кеңінен таралды. Бірақ басқа да пікірлер бар. Мысалы, бірқатар зерттеушілер «бизнес» сөзі («busy» - «бос емес» деген формадан) уақыт өте келе мағынасы әртүрлі болған: кәсіп, іс, кәсіпкерлік, іскерлік орта, компаниялар, еңбекақы көзі сияқты американдықтарың сөзінен шыққан деп санайды. Көріп отырғанымыздай, әңгіме күрделі және санқырлы категория туралы болып отыр, сондықтан оны талқылау белгілі бір шектеулерді талап етеді.
Ал «бизнес» ұғымын ең алғаш XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті Ричард Контильон (1680-1734ж. ж. ) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан. [2]
Егер «бизнес» терминнің эволюциясының қалай қалыптасқан қарастыратын болсақ; 1723ж. Парижде басылып шыққан «Коммерцияның жалпылай сөздігінде ең алғаш «кәсіпкер» ұғымы, яғни «объектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам» пайда болған.
Кесте 1.
Кәсіпкер ұғымының эволюциясы
Кең мағынада категорилық талдау (грекше «kategoria» - айту, белгі) - бұл нақты шындықты тану тәсілі, атап айтқанда, зерттелетін объектілердің әртүрлі жақтарын туындататын нақты-ғылыми категориялар түріндегі элементтері бар «бизнестің» экономикалық қызметін тану тәсілі.
Қазіргі түсінікте бизнес іскер адамдардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың табиғи игіліктерді шығару, өнімдер өндіру мен сату, қызметтер көрсету жөніндегі коммерциялық ісі болып табылады. Басқаша айтқанда, бизнес - бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің пайда табу немесе қандай-да бір материалдық пайда алу мақсатындағы ісі және басқа қызмет түрі.
Табыс немесе материалдық пайда әкелмейтін әрекет немесе басқа да қызмет «хобби», мейірімділік қызметтер, көмек көрсету, материалдық және ақшалай қаржыларды сыйға тарту және беру, жай уақыт өткізу ретінде қабылдануы мүмкін.
«Бизнес» ұғымымен «кәсіпкерлік» түсінігі тығыз байланысты. Көп жағдайда оларды синонимдер ретінде қолданады, бірақ ол дұрыс емес, өйткені бұл ұғымдардың мазмұнының көптеген айырмашылықтары бар. Кәсіпкерлік жаңа өнім түрлерін, жұмыстар мен қызметтерді жасау және игеру үшін мүмкіндіктер іздеу мен жүзеге асыруға, тәуекелге байланысты жаңашыл, творчестволық және ынталы шаруашылық қызмет деп түсіндіріледі. Барлық жаңаны іздейтін, басқалар жасамаған немесе басқаша жасайтын іскер адамдар кәсіпкерлер болып саналады.
Шығармашылық, іздену және қызметтің жаңа тиімді бағыттарын жүзеге асыру - міне осы негізгі белгілер кәсіпкерліктің бизнестен айырмашылығы. Ал «бизнес» термині болса, жалғыз мақсаты табыс табу немесе материалдық пайда алу болып табылатын кез-келген үздіксіз немесе кәдімгі қызметті анықтау үшін қолданылады. Дегенмен, бұл жағдайлар кәсіпкерлік негізінде іске асырылатын бизнес тәрізді жеткілікті түрде кеңінен таралған жағдайды шектемейді, керісінше, көздеген мақсаттарға тез жету, ірі жетістіктер мен жоғары табысты көздейді. [3]
Категориялық талдау «бизнес» түсінігі «кәсіпкерлік» түсінігінен тек мазмұны жағынан ғана емес, сондай-ақ қатысушылардың құрамы бойынша да кең екендігін көрсетеді. ¤йткені ол нарықтық экономиканың барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және бизнесмендердің ғана емес, сол сияқты тұтынушылардың да, серіктестердің де, жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және басқа да құрылымдардың да әрекетін қамтиды. Бизнесті категориялық талдаудың негізгі мақсаты қоршаған ортаны жан-жақты зерттеу, экономикалық әлеуетті бағалау және оның барлық қатысушыларының қызметінің тиімділгін арттыру мүмкіндіктерін көрсету болып табылады. Мұнда бизнесті танып-білудің капитал, жер, өндіріс құралдары, табыс, шығындар, қуаттылық, өнімділік, тиімділік, модель, фактор, көрсеткіш, ақша ағыны, тәуекел, инвестициялар, қаржылар, пайыз, ставка, девередж, опцион, дисконт және т. б маңызды категориялар қолданылады.
Өз ісін әр түрлі ұйымдық нысандарда, жеке және кіші кәсіпорындардан бастап трансұлттық корпорациялар, компаниялар мен қауымдастықтар түрінде кез-келген адам, топ, ұжым және басқа да адамдардың бірлестіктері бастай алады. Олардың жалпы ұмтылысы - бұл бизнестің барлық қатысушыларының лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететіндей табыстар, материалдық игіліктер мен басқа да пайдалар алу.
Бизнестің мақсаты оның сипатына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Категориялық талдау олардың ішіндегі ең маңыздыларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, атап айтқанда:
- тұрақты табыстар мен материалдық игіліктер алу;
- бизнесті дамыту үшін капитал жинау;
- бизнеске қатысушылардың жеке мүдделерін ескере отырып, қоғамның қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырудың резервтерін іздестіру;
- ықпал ету өрісін кеңейту және нарықтағы озық позицияларды иелену;
- өнімдерді өндіру мен сатудың, жұмыстар мен қызметтердің оңтайлы жағдайларын жасау;
- бизнеске қатысушылардың мүдделерін сақтау және қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- бизнеске қатысушылардың қабілеттерін көрсетуге ықпал ету;
- әлеуметтік-экономикалық қызметтің әр түрлі сфераларында табысқа жету;
- бизнес проблемаларын шешуде творчестволық тәсілдерді дамыту;
- тұрақты түрде пайда, табыс және материалдық игіліктер алуға деген үмітті арттыру.
Бизнестің нақты мақсаттарына сүйене отырып, оның міндеттері қойылады және оның жағдайын кешенді талдау мен экономикалық бақылау әдістері анықталады. Еркін кәсіпкерлік экономикасы түбегейлі оң өзгерістерге ұшырағанын да ескеру қажет. Объективті бақылаусыз, функционалдық-құндық талдаусыз және шаруашылық қызметтің барлық шығындары мен нәтижелерін өлшемей, бәсекелестік пен конъюнктура деңгейін, сұраныс, ұсыныс және баға арақатынасын ескере отырып нарық механизмдерін қолданусыз тиімді бизнес туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. [3]
Әр түрлі бөліктер мен элементтерден тұратын экономикалық жүйе ретіндегі бизнесті бақылауды кешенді тұрғыдан қарастырудың маңызы ерекше. Мұнда шаруашылық субъектілері қызметінің экономикалық, құқықтық, саяси, әлеуметтік-мәдени, географиялық, технологиялық, нарықтық және салалық жағдайларын қоса бизнестің макро-, мезо-, микроорталарының жағдайын арнаулы талдауға ерекше көңіл бөлу керек. Бизнес жүйесі деп экономикалық қызметтің жұмыс істеуінің жалпы тәртібіне әрқайсысы өз үлестерін қосатын, өзара байланысты бөліктер мен элементтерден тұратын белгілі бір тұтастықты айтамыз. Кешенді талдау мен экономикалық бақылау объектісі ретінде бизнес шаруашылық субъектілерінің іскерлік байланыстарының күрделі желісін білдіреді. Бизнес жүйесіне әлемдік шаруашылықтың әр түрлі элементтері мен оның инфрақұрылымы, жекелеген салалар, аймақтар мен ұдайы өндіріс процестері, менеджмент, маркетинг, қаржы және шаруашылық субъектілерінің іскерлік қарым-қатынастарының әр түрлі аспектілері кіруі мүмкін.
Сонымен бір мезгілде бизнес оның белгілі бір қатысушыларының экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде көрінеді. Қазіргі бизнестің қатысушыларын 4 ірілендірілген топқа бөлуге болады/5/:
- Кәсіпкерлер - бұл өнімдерді өндіру мен сату, қызметтер көрсету жөніндегі өзінің ынталы әрекетін жүзеге асыратын тұлғалар. ¤зінің қызметі барысында олар басқа шаруашылық субъектілермен іскерлік қарым-қатынасқа түседі. Нәтижесінде үш негізгі компонент: өнім өндіру, сауда (коммерция) және коммерциялық кәсіпкерлік кіретін кәсіпкерлік бизнес сферасы қалыптасады.
- Кәсіпкерлер ұсынатын өнімді жеке және ұжымдық тұтынушылар. Бизнестің осы тобының қатысушыларының мүдделері өзара пайдалылық негізінде өнімді өндірушілермен және сатушылармен қарым-қатынастарын реттеу барысында тауарлар мен қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
- Іскерлік мүдделері орындаған жұмыстарының нәтижесінде алынатын жеке табыстары арқылы жүзеге асырылатын жалдамалы персонал мен олардың кәсіби одақтары. Бұл топтың қатысушылары еңбек бизнесінің сферасын құрайды.
- Іскерлік келісімдердің тікелей қатысушылары болғандағы мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар. Олардың мүдделері тұтас мемлекеттің, сондай-ақ оның барлық азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпымемлекеттік ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік және басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы көрінеді. Бұл топ мемлекеттік бизнес сферасын құрайды.
Материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераны қоса, адамдар өмірінің әр түрлі жақтары бизнес объектісі болуы мүмкін. Қызмет сферасына байланысты, ең алдымен, өндірістік, коммерциялық және қаржылық бизнес түрлерін ажыратады. Олар бизнестің жеке түрі бола отырып, өзара байланысты болуы және бірін-бірі толықтыруы мүмкін.
Бизнестің кез-келген түрінің қалыпты жұмыс істеуі үшін сәйкес инфрақұрылым қажет. Бизнес инфрақұрылымы - бұл шаруашылық субъектілерінің әр түрлі іскерлік қатынастарын тұтас байланыстыратын, ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы. [4]
Бизнес инфрақұрылымының маңызды элементтері:
- информациялық жүйелер, технологиялар мен басқа да коммуникация құралдары;
- қаржы-несие жүйесі, банкілер мен қор биржалары;
- инвестициялық және зейнетақы қорлары, сақтандыру және трасттық компаниялар;
- сауда-делдалдық ұйымдар, тауарлық- шикізаттық биржалар, жәрмеңкелер, көрмелер мен аукциондар;
- салық, кеден, бақылау және бизнесті мемлекеттік реттеудің басқа да органдары;
- аудиторлық, консалтингтік, жарнамалық және ақпараттық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары;
- бизнеске қатысты қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар
Бизнестің көптеген функцияларының ішінде өндірістік функциясының орыны ерекше. Өнім өндірілмесе сатылатын ештеңе болмас еді, бәсекелестік деңгейін, нарық конъюнктурасын зерттеудің қажеті болмас еді. Нақ осы өндіріс процесінде жекелеген элементтерді біріктіру жүргізіледі: капитал, жалдамалы жұмысшылардың еңбегі, табиғат ресурстары, еңбек құралдары және маңыздылығы еш кем емес төртінші фактор - кәсіпкерлердің жасаушы қызметі мен өндірісті ұйымдастырушылар. Ең жоғары нәтижелерге жету, жоғары табыстар мен басқа да материалдық игіліктерге ие болу мақсатында ұдайы өндіріс процесінің барлық кезеңдері оңтайлы тәртіпте жүргізілуі тиіс.
Бизнестің қазіргі нарықтық тұжырымдамасы бұрынғысынан барынша тезірек жоғары пайда алуға бағытталғандығымен емес, аз көлемдегі табыс жағдайындағы ұзақ мерзімді рентабелділік пен тұрақтылыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Қолайлы бәсекелестік деңгейі мен нарық конъюнктурасын баға маркетингі, жеке бизнесті мемлекеттік реттеу мен ынталандыру көмегімен үйлестіру оның әлеуметтік мәртебесі мен этикалық деңгейінің өсуіне алып келеді.
Осының барлығы экономиканың даму тенденциясын, сәйкес табыстарды, материалдық және рухани игіліктерді алуда әділдік қағидалары мен мүмкіндіктер теңдігінің сақталуын, бизнестің барлық қатысушыларының тұтастығы мен демократиялық еркіндік алуын жағымды сипаттайды.
Әлемдік экономиканың даму тенденциясын және осы кезеңдегі артықшылықты факторлардың жиынтығының әсерін айқындай отырып, ғалымдар мен маман-тәжірибешілер өздерінің бизнеске деген көзқарастарын қайта қарайды, оның жаңа тұжырымдамаларын жасайды. Мұнда нарықтық экономикалы индустриалдық дамыған елдердегі бизнесті ұйымдастырудың түрлері, нысандары мен озық тәжірибелері сыни тұрғыдан талданады. Мысалға, қазіргі уақытта АҚШ-та, Ұлыбритания мен Германияда бос уақыттың артуы, ішкіфирмалық жоспарлау, ғаламдану және бизнестің дамуының халықаралық аспектілері сияқты факторларға басымдылықпен назар аударылуда.
Әр елдің экономикалық дамуының әр түрлі кезеңдерінде бизнестің жағдайына әсерін тигізетін белгілі бір факторлардың маңызы зор. Қазіргі уақытта жаңа технология мен өнім түрлерін жасауға, ұдайы өндіріс процесінің тиімділігін арттыруға, фирмалардың, елдер мен аймақтардың арасындағы шаруашылық байланыстарды оңтайландыру негізінде бизнесті ғаламдандыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Бизнесті кеңейту жағдайларын қарастырғанда ұдайы өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ұтымды қолданылуы тиіс табиғат, еңбек және материалдық ресурстар сияқты факторлар бірінші кезекті маңызға ие.
Нақ осы арада өндірісті ұйымдастырушылардың, бизнестің барлық қатысушыларының: кәсіпкерлердің, жалдамалы персоналдың, қаржы-несие және нарықтық экономиканың басқа сфералары жұмысшыларының ынталылығы мен жетіктілігі көрінуі тиіс.
Бизнес позициясының қалыптасуы мен нығаюына мемлекеттік реттеу, монополия мен инфляцияның әсерін төмендету, қоғам мен оның ұйымдық-институционалдық құрылымдары тарапынан кәсіпекрлікті қолдау сияқты нарықтық емес факторлар да өзіндік ролін атқаруы қажет. Бизнеске қатысушылар өз ісінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін экономика мен саясаттағы болжауға болмайтын құбылыстарға уақытында және барабар (адекватты) жауап қайтаруды үйренуі тиіс. [5]
Шағын және орта кәсіпорындар - экономиканың негізі, өйткені кәсіпкерлер нарық конъюктурасының өзгеруіне жедел жауап береді, өз қорларын, тұрып қалған күштері мен адамдарын жұмылдырады. Сондықтан, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңінде тұрақтандыруға әсер етеді. Шағын және орта бизнеске мемлекеттік көмек көрсету Қазақстан Республикасының Президенті жарлығына да және өкіметтік құжаттарда көрсетілгендей, экономика реформасы бағытында маңызы зор. Бәсекелестің дамуына әсер етіп, қызмет және тауармен тұтынушы нарығын толтырып, жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлер мен меншік иелерінің кең топтарының дамуына әсер етті.
Шағын бизнес түріндегі кәсіпкерлік біздің елімізде зор болашаққа ие болуы тиіс. Осыған байланысты, барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарға әлі де бизнес кең тыныс алу үшін және мемлекеттегі тұрақтылықтың негізі болуы үшін көп істер атқаруы қажет болып отыр.
Қазақстанның экономикасының қор негізін нарық қатынасына өткенге дейінгі кезеңде ірі, алып өнеркәсіпті құрады және шағын және орта бизнеске мемлекет көңіл бөлмеді. Бірақ, жоспарлы экономиканы трансформациялау кезеңінде шағын және орта бизнес мемлекеттің стратегиялық дамуын таратуда негізгі аспап болып табылады. Мемлекет деңгейіндегі нарықты экономикаға өткен елдерде шағын және орта бизнеске өту және оны дамыту жүздеген жылдарға созылды. Қазақстанда экономиканың осы секторы санаулы жылдарда дамыды. Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламаның Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуы мен құрылымдарының негізін қалады және осы қайтымсыз процесстер тенденциясын жасады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің шетелдік тəжірибесі кəсіпкерліктің экономикада аса маңызды міндеттерді орындап отырғанын көрсетіп отыр. Жапон экономикасы екінші дүниежүзілік соғысынан кейін шағын жəне орта кəсіпорындардың арқасында жылдам қалпына келді, сөйтіп «жапондық экономикалық ғажайып» орын алды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары тіпті мынадай формула танымал болатын: «Шағын нəрсе тамаша!». Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мəліметтері бойынша əлемдік экономикада шағын кəсіпорындардың саны барлық кəсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың үлесі əрекеттегілерінің 60%-нан астам бөлігін құрайды, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді. Бұл орташа əлемдік көрсеткіштер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz