Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары (5-6 сынып ағылшын тілі сабағында)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары (5-6 сынып ағылшын тілі сабағында)

Қазіргі қоғамда көптеген ғалым профессорлар оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда мына мына мәселелерді негізге алады: біріншісі - мазмұнның жаңартылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау, екіншісі - өз бетінше істеудің әрқилы түрлеріне негізделген, проблемалық тұрғыдан қолға алған материалды зерттеуге және оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері, үшіншісі - оқушының қабілеттерін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруға, олардың күш - мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай ақ оқушылардың өзара бәсекесінен көмек көрсете білу қасиеті. Оқушылардың танымдық белсенділігін ізденімпаздылығын арттыру үшін оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет. «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деп бекер айтылмаған. Соңғы кезде теледидардан беріліп жүрген ғасыр көшбасшысы интеллектуалды казтно, жұлдызды сағат т. б. бағдарламаларды әр пән бойынша қолдану әдістемелері баспасөз бетінен орын алып отыр. Осы озық тәжірибелерді әр мұғалім қолдана білсе, оқушылардың өз пәніне деген қызығуын тудырады және танымдық қабілеттерін дамытады.

Танымдық қабілет әркімге тән. Қабілетсіз адам болмайды. Адам бәріне де қабілетті бола біледі, тек өз бойындағы қабілеттің алғы ашрты болатын нышандары оята білген жөн. Ал таным дегеніміздің өзі тану сөзінен алынған. Яғни мұндағы танымдық қабілет бұл оқушының қоғам талаптарына сай жеке тұлғаны дамыту. Тек оны дамыта білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын беру қажет. Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжыдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді. Сонымен бірге оқытушы оқыту әдістерін қолдануда шеберлікпен анализ және синтездеуді тиімді қолданса, оқушылар оқыту әдістерін қолдануда шеберлікпен анализ және синтездеуді тиімді қолданса, оқушылар сабақта жаңа тақырыпты немесе өткен сабақ материалдарын таладап динақтай білсе айтарлықтай нәтиже беретіні сөзсіз.

Танымдық әрекет қажеттілік арқылы жүзеге асады. Өзінің тіршілік және рухани қажеттілігін өтеу үшін студент дүниені танып білгісі келеді. Алайда ол өзі үшін ешбір мәні жоқ нәрсеге қызықпайды. Студенттің қызығуымен құндылық бағдары тығыз байланысты. Оқушының қызығуымен құндылық бағдары тығыз байланысты. Оқушы өзі үшін құнды, әрі қажетті нәрсеге мәселен, оқу пәніне қызығады. Кейінен бұл нәрсе оқушы іс-қабілеттері танымдық әрекет арқылы пайда болады. Ал «қызығу дегеніміз - әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым. Адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-әрекетін қуаттандыратын психикалық ерекшелік» деген пікір айтады ғалымдар М. Беляев, Н. Морозова, С. Рубинштейн. Қызығу адамды жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін әздестіруге құмарланады. Сондықтан адамның қызығуы бір іспен шұғылданғанда, әр түрлі әрекетері көрініс табады. Осыған орай кейбір ғалымдар қызығуды студенттің өзіндік дербес іс-әрекетке жұмыс мотиві ретіне қарастырады. Бұл жайында Б. Теплова «жақындағы мақсатқа жетіп алыстағы мақсатты көздейді» деп түйіндейді. Ал Н. Морозова «Іс-әрекет көздеген пайдалы мақсатқа жетуге түрткі болады» дейді. А. Леонтьевтің пікірінше, танымдық қызығу-бір нәрсеге зейін қою арқылы эмоция тудыру.

Психологтер Л. Божович, Н. Морозова, Л. Славина себептің екі негізгі құрамын көрсетеді: 1) оқушылардың оқу іс-әрекетіне түрткі болатын қоршаған ортасы; 2) мазмұндық және үрдістік сипатын тұратын, оқу іс-әрекетін өзі түрткі болатын таным қызығуы.

Қызығудың физиологиялық негізін талдау оның мақсатының рефлекске көбірек жақын екенін тұжырымдайды, себебі жеке адамның белігілі мақсатқа ұмтылуы, бағыты байқалады. Оқушылардың қызығуы арқылы танымдық белсенділігін де қалыптастыруға болады. Танымдық белсенділікті қалыптастыру әдістемесін жасау барысында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлері, сондай-қ оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескеріледі. Сонымен қатар психологтардың, дидакт ғалымдардың және әдіскерлердің іргелі еңбектерінде оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту үрдісінің құрамды бөлігі ретінде нақты негізделген.

Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндікжұмыс және ол оқушы жастардың дербес танымдық іс-әрекетін жанжандыруда ерекше орын алады. Осыған сәйкес өзіндік жұмысты сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес ол оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетін арттыру, қызықтыру құралы деп есептеуге болады. Олай болса, оқушылардың немесе студенттердің дербес танымдық іс-әрекеті олардың танымдық белсенділігін арттырудың ең тиімді жолы.

Оқушылардың өзіндік жұмысымен айналысатын көптеген авторлар оның негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, оларды танымдық дербестіктің деңгейіне көртереді деп санайды.

Біздің зерттеудің нәтижесі қазіргі білім беру жүйесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларында кездесетін негізгі кемшліктер мектептердегі білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау біліктіліктерінің төмендігінен деген қорытынды жасауға тіреп отыр. Бұлай деуге негіз, теориялық тұрғыдан алғанда оқу үрдісін дамытатын кез-келген мәселені шешу арнайы ұйымдастырылған өзіндік жұмысынсыз жүзеге аспайтындығымен түсіндіріледі.

Ендеше төменгі сынып оқушылары мен жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттыруда біз тағайындаған психологиялық - педагогикалық дидактикалық шарттары орындалуы тиіс.

Мұндай шарттардың бірі - сабақ жүргізу кезінде мәселелік оқыту әдісін (мәселелік ахаулар құру, мәселелік сұрақтар қою, шығармашылық тапсырмалар беру және т. б. )

Екіншісі - оқу үрдісінде сабақтың түрін жекелендіруге оқушының өзіндік жұмысын дамытуға мүмкіндік беретін компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін қолдана білу,

Айта кетерлік бір жайт, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін қолданып жеткілікті дәрежеде дайындығы бар оқушымен ғана емес, қабылдау, ойлау оқуға және берілген мәліметті қайта жаңғартуға қабілеті әртүрлі оқушылармен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл кезде оқушының танымдық белсенділігін дамытудың негізгі қажетті шарты - оқу үрдісін дараландыру.

Оқушылардың сабақтан тыс және үй тапсырмасын орындау кезінде танымдық өзіндік жұмыстарын деңгейін көрсетті. Мысалы, алгоритімді үлгі бойынша орындаған тапсырма өзіндік жұмысқа төменгі дәрежедегі дайындықты, ал шығармашылық сипаттағы тапсырмалар белсенділіктің жоғары дәрежесін талап етеді.

Танымдық белсенділікті қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істеу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Оны тағайындау үшін біз мынадай көрсеткіштерді пайдаландық: тапсырма өз бетінше орындалған: оны орындауға біршама көмек керек: тапсырманы орындалуы кезінде үнемі көмек көрсетеді.

Танымдық белсенділігі төмен оқушылардың білімдерінің төмен екендігін көрсетті: игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байланысты таба алмайды. Мұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формалді түрде игереді, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды. Алгоритмдік үлгі бойынша тапсырмалар мен стандарттық емес үлгідегі тапсырмаларды орындауға оларға тапсырмалардың орындау барысы, шарттың жүзеге асуы және нақты әдістердің көрнекті үлгісін жасау үшін мұғалімнің көмегі қажет болады.

Оқу танымдық белменділіктің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар жалпы заңдылықты игеруге және қорытындылауға біраз қабілеті бола тұра, тақырып мазмұның негізгі өзегін ашып бере алмайды. Дегенмен үлгі бойынша немесе стандарттық емес, біраз қиындығы бар тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындай алады, бірақ шағырмашылық тапсырмаларды орындау үшін олар едәуір күш жұмсайды. Сондықтан мұндай тапсырмаларды орындауда оқушыларға үнемі көмек қажет.

Қалыптыстырудың жоғары деңгейіне ие оқушылар қорытындылауда дәрежеге жетеді. Әртүрлі тапсырмаларды орындауда теориялық материалды игеруге белсенділік пен ынталылық танытады. Игерілген тақырыптың логикалық байланысын еркін игереді. Олар стандартты және стандартты емес тапсырмаларды дербес орындайды. Шығармашылық тапсырмалар не өзі, не ұғалімнің көмегімен орындайды. Осындай деңгейге ие оқушылардың білім дәрежесі жоғары, олар өз білімін тәжірибеде еркін қолданады тапсырма орындаудағы және мазмұн игерудегі қиындықтарды қиналмай жеңеді. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыра білген жөн. Танымдық іс-әрекет жөнінде көптеген ой пікірлер айтылған.

Оқушыларда оқу - танымдық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру-оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқарға дұрыс үйрету, білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық-шығармашылық және қарапайым есептерді шешуге дұрыс қолдана білуге жетелейді, білімін өз бектінше жетілдіру қабілетін дамытады. Өз бетінше оқып үйрену үшін мінез-құлықтың, ерік жігері мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі, әсіресе жоғары сынып оқушылары мен төменгі курс студенттерімен жүргізілген жұмыстарда айқын білінеді. Сондықтан оқушылар өзінің қызығуын толық түрде қанағаттандыратындай, өзінің танымдық белсенділігі мен дербестігін жүзеге асыратындай жағдай туғызу тиіс.

Танымдық белсенділік жәке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білім игеру қабілетімен қатар дербес танымдық іс-әрекетке өң көзқарас қалыпастыру керек.

Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздың, оқушының берілген тапсырманы басқаның көмегінсіз орындаумен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін бағыттап отыру мүмкіндігіне ие болу керек. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесінің сан қарлылығына ескеріп және компьютерлік техниканың көмегімен оқу үрдісін жекелеуге мүмкіндік беретін, тұлға мен оқу іс-әрекет теориясының негізгі қағидаларына сүйене отырып біз оған мынандай анықтама береміз. Жоғарыда көрсеткенімізден басқа танымдық белсенділікке былайша анықтама бере аламыз.

Танымдық белсенділік деп мотивациялық тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процесуалды -жігерлік бөлектерінн тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.

  1. Мотивациялық тұлғалық (өзін-өзі тану, өзіне - өзі сену дамыту,

өзінің танымдық қабілетін дамытуға және қызығуын қанағаттандыруға ұмтылу) .

  1. Мазмұндық -амалдың (тіректік білім, жалпы дидактикалық және

арнайы дидактикалық дағдылар, білімін жетілдіру дағдысы. )

  1. Процесуалды жігерлік (танымдық іс-әрекет үрдісінде кездесетін

қиындықтарда жеңуге дайындық, өз бетінше жұмыс істеу алу дәрежесі, танымдық белсенділікке ұмтылыс)

Көптеген авторлардың еңбектеріне жасалған таңдаулар танымдық белсенділікті қалыптасудың құрамы мен оның мазмұнын анықтауда ғалымдар әр түрлі ой-пікірлер ұстайтынын көрсетті. Біз зерттеу нысанын, оқушылардың өз іс-әрекетін басқару құрылымын анықтаудың негізгі ретінде анық.

Мотивициялық тұлғалық бөлік оқкшылардың оқу үрдісіне ынталылығын қамтамасыз ететін қажеттіліктен, қызығудан, ізденімпаздықтан құралады.

Мазмұндық амалдық бөлік негізгі білім жүйесі жаңа білімді өз бетінше жетілдіру мүмкіндіктерінен құралады.

Процессуалды жігерлік бөліктің негізін оқушыларда таным кезіндегі кездесетін қиыншылықтарды жеңі үшін жұмсалатын ерік жігердің болуы және оны өзінің дербес іс-әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды.

Біздің жүргізген зерттеулерге қатысты осы үш бөлік оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өте тығыз байланыста болатындығы анықталады. Осы бағытта жүргізілген жұмыстарға жасалған талдаулармен өз байқауларымыз: бізге танымдық белсенділік негізгі бөліктерін мынадай белгі шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы анықтауға мүмкіндік берді.

Таным белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет атқарады: мотивациялық-тұлғалық қызығуды тудырады, танымдық белсенділікті оятады. Мазмұндық - амалдың оны іске асыру үшін негіз жасайды және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, процесуалда-жігерлік оның аяқталуын қамтамасыз етеді.

Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу - танымдық белсенділіктің белгілі бір кезеңін жүзеге асырады.

Егер: а) оқу-танымдық белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып, қызығудан қажеттіліке ауысатын болса; ә) оқушылар негізгі интеллектуалды іс-әрекетті және өзіндік жұмыстарды жүзеге асыратын болса; б) оқушының өзінің танымдық іс - әрекет шығармашылығының зерттеушілік сипатқа ие болса онда олардың танымдық белсенділігі алыптасты деп саналады.

Біз оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізгі жолының бірі ретінде сыныптық және сыныптан тыс дербес оқу-зерттеу жұмыстарында компьютердің мүмкіндігін пайдалануда тандадық. Сонымен бірге оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда төмендегідей дидактикалық шарттар орындалуы тиіс деп есептейміз:

  • Оқытудың алдыңғы қатарлы әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы қылаптасатын теориялық білімнің болуы;
  • Компьютерлік технология мен моделдеуді қолдану арқылы жүргізетін оқу және оқудан тыс өзіндік жұмыстарының арнайы жүйесін жасауға оқушылардың белсенді араласуы;
  • Компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың оқу және оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны үнемі қадағалануы, білім сапасының анықталуы.

Осы жасалған теориялық моделдің негізінде танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерін жалпылау деп қарастыруға болады. Мотивациялық - тұлғалық бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуының төмендегідей деңгейлермен сипатталады.

  1. Танымға ұмтылу, негізінен жаңа білім игеруге бағытталады. Игерілген негізгі білім жүйесі тек алған білімді қайта еске түсіруімен шектеледі.
  2. Танымға ұмтылыс білімін толықтыру тәсілдерін игеруге және ол білімнің көзін табуға бағытталады.

3. Танымға ұмтылыс білім игеруге, оны толтыру тәсілдерін табуға

және осы әдістерді жетілдруге бағытталады, негізгі білімін еске түсірумен қатар оны шығармашылық түрде қолдана білетіндей деңгейде игеріледі.

Біздің пікіріміз бойынша, мазмұндық - амалдық бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуының төмендегідей деңгейлерімен сипатталады.

1. Дағды онша маңызды емес мәліметтерді қабылдау және ол қайталау деңгейінде қалыптасады. Оқу танымдық іс-әрекеттің мақсаты игерілетін тақыорыптың мазмұнына сай келмейді.

2. Дағды хабардың негізгі мазмұны мен мақсатын танып, қабылдау деңгейінде қалыптасады. Оқу танымның іс-әрекеттің мақсаты анықталады.

Процессуалды-жігерлі танымдық белсенділіктің артуының келесі деңгейінде тұрады.

1. Танымдық қиындықтарды жеңуден дайындылығы төмен. Оқушылардың ерік жігері әлсіз, сабақ үстінде өздерін босаң ұстайды. Жұмысты аяғына дейін атқармайды, оқу танымдық әрекетте өз бетінше белсенділік, жүйелік танытпайды.

2. Таным кезінде қиындықтарды жеңуге дайындық оқу танымдық іс-

әрекеттің көпшілік түрлеріне байқалады.

  1. Танымдық қиындықтарды жеңуге дхайындық оқу танымдық іс-

әрекеттің даму тұрлерінде байқалады.

Оқытудың мақсаты тек оқушыларға білім, білік, дағды берумен ғана емес, сонымен қатар олардың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Осындай қасиеттердің бірі-танымдық қызығушылықты тұрақтандыруға бағытталған танымдық белсенділік, әрекет және ықылас арқылы білімді тиімді игеру болып табылады. Танымдық ықылас, тұлғаның басқа кез-келген қасиет және оқушының іс-әрекет ету себепкері ретінде, іс-әрекетте, ең алдымен білім алуда қалыптасады. Оқушылардың шығармашылық күштерінің, бейімділігін және қабілеттерін дамыту танымдық мағынасымен және қоғамдық маңыздылығы толтырылған, үздіксіз, жан-жақты әрекетті талап ететін күрделі жүйе. Бұл жүйеде маңызды орын танымдық қызығушылықтары беріледі. Танымдық қызығушылық барысында ықылас ерекше көрініс табады.

Танымдық ықылас жүйелі түрде бекітіліп және дамып, оқуға деген жағымды ынта негізін құрайды, оны біреулер «білімге деген құмарлық» деп қараса, басқалары «оқуға деген әуестік» деп топшылайды. Психолог мамандардың пікірінше, танымдық ықылас «ізденіс» сипатына ие болады. Оның әсерімен адамдар үнемі туындайтын сауалдарға жауаптарын өздері белсенді іздеп табады. Мұның барысында оқушының ізденістік әрекеті қызығушылықпен іске асырылып, оның эмоционалды көңіл-күйі көтеріліп, қуанышқа кенеледі.

Педагог және психологтардың арнайы зерттеулері айқындағандай, танымдық ықылас өзінің оңтайлы әсерін тек іс-әрекеттің жүйесіне және нәтижесіне тигізбей ғана, психикалық жүйелерге де әсер тигізеді: ойлау, қиялдау, есте сақтау, және танымдық ықылас ықпалымен ерекше белсенділік және бағыттылыққа ие болатын сезімдер. Танымдық ықылас-біз үшін оқушыларды оқытудың маңызды себебі. Оның ықпалы зор болып келеді. Танымдық ықылас ықпалымен, тіпті әлсіз оқушылардың да оқу жұмысы өте өнімді болады. Мұны Л. С. Славинаның зерттеулері дәлелдеген. Ол үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс атқаруда тек оқытушының тапсырмаларын орындауды талап ететін әдеттегідей оқу жағдайын, өзіне ойын немесе жарыс элементтерін енгізген жағдайға өзгертті. Мұның нәтижесінде оқытушыларды таң қалдырған құбылыс орын алды: үлгерімі төмен және жалқау оқушылар қалыптасқан жаңа оқу жағдайларының ықпалымен оқуға белсенділік, байқағыштық, түсінгіштік танытып, бұрын қиын болып көрінетін мәселелерді өздері шешетін дәрежеге жетті.

Танымдық ықылас ықпалымен, кез-келген оқу тапсырмаларын орындауда шығармашылық танытып, танымдық мәселені орындаудың тиімді, жаңа тәсілдерін іздейді. Олар оқытушыны сынып ішінде үнемі қолдап отырады: сабақтарда белсенділік танытады, күрделі қиын мәселелерді шешуге көмектеседі. Ал сыныптастарының ұжымы ішінде - білім алудың қосымша қайнары, қызықты және танымдық істердің бастаушылары болып табылады. Ықыласта интеллектуалдық жүйелер ерекше білдіріледі. Ықылас пәніне ұмтылыс сауал туғызады; оған жауап табу белсенді ойлау әрекетін білдіреді. Ықылас ықпалымен ой жылдам жұмыс атқарады. К. Д. Ушинский оқуға деген ықыласты «ойға толы ықылас» деп атайтын .

Танымдық ықылас оқушы тұлғасының бағалы тұрақты қасиеті ретінде қалыптастыру оқытушыдан жастан жасқа дейінгі қызығушылықтарының даму беталыстарын және оқушылардың жеке ұмтылыстары мен бейімділігін терең білуді талап етеді. Бірқатар зерттеулердің көрсетуінше, оқушылардың мүшелдік ерекшеліктерімен белгілі тәуелділікті болады. Бұл қызығушылықтың тұрақтылығы, мазмұнның тереңділігіне де байланысты болады.

Оқушылардың танымдық ықыластарын дамытудың аса биік деңгейі болып кең ауқымды жан-жақты қызығушылықтар деңгейі болып саналады. Кең ауқымды танымдық қызығушылықтарды білдіретін оқушыларды, әсіресе жасөспірімдердің, танымдық белсенділік, және танымдық есептер пайда болатын назар сипаттайды. Бұл іздегіш білім құмар оқушылар болып келеді. Сыныпта бұлар оқытушы өз жұмысында сүйенетін негіз болып табылады. Бұл оқушылар педагогикалық жұмыс атқаруында өзінің жолдастарына білім қайнарлары, пікірімен, пайдалы мәліметпен, барлық шығармашылық істерімен өзара алмасу шараларының ұйымдастырушылары және белсенді қатысушылары болып табылады. Оқушылардың жан-жақты кең ауқымды танымдық қызығушылықтары танымдық белсенділікке шақыратын, тұлғаның танымдық бағыттылығын, ізденіс ұмтылысын және әрдайым кез-келгеннің өзіне жаңалық ашуды қалыптастырады.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын қолдау және бекітудің психологиялық ынтасы жетістік болып табылады. Жетістікке жету барысында, оқушының жүзі қуанышпен, қанағаттанарлықпен ерекшеленеді. Жетістікке жету қуанышына бөленіп, оқушы басқа, одан да қиын істерді атқаруға дайын болады.

К. Д. Ушинскийдің пікірінше, кез-келген әрекетте, әсіресе, білім алуда-оқушыны жетістікке келтіретін шарттарды қамсыздандыру маңызды. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің жемісті өтуін қамсыздандыратын және осыған байланысты талаптар:

  • оқушыларды жетістікке жетуіне ұмтылдыру;
  • сынып және әр оқушының жетістіктерін жүйелі көрсету, жеткен нәтижелер туралы қорытынды беру;
  • мүмкін болған қиындықтарды есепке алу және олардың алдын-алуды қарастыру;
  • «оқушы өз күштеріне сеніп, жетістікке жету қуанышын сезіну» іс-әрекетін ұйымдастыру.

Танымға деген бағытты арттыра отырып оқушылардың танымдық қызметін белсендіру қажет. Проблемалық тапсырмаларды орындау барысында әрекет субъектісі үшін жаңа, пайдалы нәрсе қалыптасады. Бұл мәндегі әрбір проблемалық тапсырма шығармашылық болып табылады. Жаңа туралы сөз қозғағанда, субъект үшін жаңа нәрсені назарға аламыз және бұл «жаңаны» оқушы өзіндік іздену әрекетінің нәтижесінде өзі үшін ашуға және жасауға міндетті. Мұндай әрекеттің механизімін қарастырайық: оқушылар жаңа білім менгергені үшін жақсы баға алу арқылы бағытталған. Өзіндік жұмыс үрдісінде негізгімен қатар, жаңа материалды еске түсіруі тағы бір неше түрі қосылады: көзбен көру, дыбыстау есіту, жолдасымен талдау, қайталау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
Сабақ процесінде танымдық қызығушылықты арттырудың тиімді шарттары
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын техналогиясын қолдану
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыратын жаттығулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz