Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 Коммерциялық банктер депозиттік саясатының теориялық негізі . . .

1. 1 Коммерциялық банктер депозиттік саясатының экономикалық мәні . . .

1. 2Депозиттік саясатты қалыптастырудың құқықтық негізі . . .

2Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат . . .

2. 1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатына ықпал етуші факторлар мен элементтер . . .

2. 2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатынқұру механизмі . . .

2. 3 Екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясатын қалыптастыру мәселелері және жетілдіру шаралары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

3

5

5

12

15

15

18

28

33

35

Кіріспе

Бүгінгі күні отандық банктер өз саясаттарын қалыптастыруда әлемдегі әрекет етуші білімдер мен тәжірибелерге сүйенеді. Бірақ та қазіргі жағдайда батыстық экономикалық теория жетістіктері қазақстандық коммерциялық банктер қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз.

Экономикалық дамудағы банктердің рөлін қарастырсақ, мысалы дамымаған экономикада банктер мәні жағынан барлық ұйымдастырылған қаржы нарығы ретінде сипатталады. Олар капиталды шоғырландыру мен бөлуде, қоғам жинақтарын корпоративтік инвестицияға трансформациялауда маңызды рөл атқарады.

Осындай жағдайда коммерциялық банктерде тиімді депозит саясатын қалыптастыру мәселесі теориялық және шаруашылық тәжірибе тұрғысынан өте өзекті болып табылады.

Барлық банк саясаттарының ішінде ең маңыздысы ресурстық базаны құру саясаты болмақ. Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру үрдісінде ресурстар базасын құру оның активті операцияларына қатысты маңызды мәселенің біріне айналды.

Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90 пайызынан жоғары бөлігін қолданады. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.

Депозит ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осының негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құрылады.

Жұмыстың өзектілігі: Республикамызда депозиттік саясатты құру мәселелеріне аса назар аударылған жоқ. Тиімді депозиттік саясаттың дамуына кедергі келтіретін факторлар қатары аз емес. Солардың ішінде ең маңыздылары мыналар: банктердің төмен капиталдануы, айналымдағы ақша массасының шектеулілігі, жинақтардың долларлануы. Бәрінен де банктер үшін ресурстар көзі болып табылатын депозиттік операциялар өңірлерде жеткіліксіз деңгейде дамуы. Осындай жағдайлар дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтап берді.

Мәселенің зерттелу деңгейіне келер болсақ, коммерциялық банктерде ресурстық базаны қалыптастыру мәселелерін зерттеумен Г. С. Сейтқасымов, М. А. Сатқалиев, С. Б. Мықыш, И. А. Новиков, Н. Н. Хамитов, О. И. Лаврушин, Т. П. Варламова, В. И. Тарасов, Ю. Г. Вешкин сияқты отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан.

Банктердің депозиттік саясатының тәжірибелік аспектілеріне Э. Дж. Долан, К. Д. Кэмпбелл, Р. Дж. Кэмпбелл, Ж. Матук, Д. Полфреман, П. Роуз, Дж. Ф. Синки т. б. шетелдік ғалымдар жұмыстарын арнаған.

Коммерциялық банктердің тиімді депозиттік саясатын құрудың теориялық және тәжірибелік маңызы мен өзектілігі, жеткілікті зерттелмеуі тақырыпты таңдауға, зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.

Жұмыстың мақсаты - коммерциялық банктердің депозиттік саясатын зерттеу болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

  • коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негізін қарастыру;
  • депозиттік саясатты қалыптастырудың құқықтық негізі
  • коммерциялық банктердің депозиттік саясатының экономикалық мәнін ашу;
  • коммерциялық банктер депозиттік саясатына ықпал етуші факторлар мен депозиттік саясат элементтерін анықтау;
  • депозиттік саясатының құқықтық негізін талдау және ұйымдастырылуын талдау;
  • екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясатын қалыптастыру мәселелері.

Зерттеу заты болып коммерциялық банктердің тиімді депозиттік саясатын құрудың теориялық, тәжірибелік және әдістемелік негізі табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде коммерциялық банктердің депозиттік саясатын қалыптастыру мен жүзеге асырудың теориялық сұрақтары мен тәжірибелік мәселелеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция мен семинарлардың материалдары алынды. Өңірлік коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қолданбалы аспектілерін зерттеу Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілеріне негізделген.

Зерттеудің ақпараттық базасын статистикалық мәліметтер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері мен «Темірбанк» Акционерлік Қоғамының есептік мәліметтері, Қаржылық қадағалау Агенттігінің статистикалық мәліметтері құрайды.

Жұмысты жазу барысында мынадай жалпы және арнайы әдістер қолданылды: жүйелік, құрылымдық және функциональдық талдаудың диалектикалық логикасы, топтастыру, салыстыру, зерттеу мәліметтерінің нәтижелерін сурет және экономика-статистикалық көрініс тұрғысында сипаттау т. б.

  1. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негізі

1. 1Коммерциялық банктер депозиттік саясатының экономикалық мәні

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты және банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:

1) депозиттік қаражаттар;

2) депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттардың ең көп бөлігін депозиттер құрайды.

Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Енді депозит дегеніміз не дейтін болсақ, депозит - бұл клиенттердің (жеке және занды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған жене өздері пайдалана алатын қаражаттары болып табылады. Яғни, депозит (латынша depositum - сақтауға берілген зат) - бұл қаражатын банкке уақытша пайдалануға беру бойынша экономикалық қатынастар болып табылады.

Коммерциялық банктер өз қызметіне ресурстар тарту мақсатымен жарғыда бекітілген коммерциялық банк мақсаты мен міндеттеріне сәйкес максималды пайда алу мен банк төлем қабілеттілігін сақтау қажеттілігін ескере отырып депозиттік саясат стратегиясын құру қажет. Банктің депозиттік саясаты ең алдымен мынадай талаптарға сай болуы қажет:

  • экономикалық мақсаттылық;
  • бәсеке қабілеттілік;
  • ішкі қарама-қайшылықсыз.

Бұл жерде экономикалық мақсаттылық деп халықтан тартылған ресурстарды пайдалану рентабельділігін айтып отыр. Бұл мәселе жалпы активті-пассивті басқаруда қарастырылуы қажет. Жеке тұлғалардан депозиттік ресурстар тартудың салыстырмалы тиімділігін есептеуде онымен байланысты шығындарды да есепке алған жөн.

Салымдар бойынша мөлшерлеме жүйесі нарықты конъюнктураға сәйкес болуы қажет.

Депозиттік саясаттың ішкі қайшылықтарын бірнеше аспектілер негізінде қарастыруға болады. Бұл және депозиттік мөлшерлеменің уақыттық құрылымы және олардың салым түрлері мен оның сомалары, сондай-ақ клиентураның әртүрлі категориялары бойынша дифференциялануы.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының мәнін қарастыруда депозиттік саясаттың субъектілері мен объектілері, оны құрудың қағидалары, сондай-ақ депозиттік саясат шекаралары сияқты мәселелерге тоқталған жөн.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының субъектілеріне банк клиенттері, коммерциялық банктер мен мемлкеттік мекемелер жатқызылады. Ал депозиттік саясаттың объектілеріне банктің тартылған қаражаттары мен банктің қосымша қызметтері жатқызылады. Депозиттік банктердің субъектілері мен объектілері келесі суретте көрініс тапқан.

Сурет 1. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының субъектілері мен объектілерінің құрамы

Депозиттік пайыздар ресурстар тарту облысындағы тиімді инструмент болғандықтан банктің депозиттік саясатын құру үрдісі банктің пайыздық саясатын жүргізуімен тығыз байланысты.

Мемлекеттік реттеу кезінде салымдардың жеделдігіне сәйкес пайыздың шекті нормалары заңдық тәртіппен реттелген, ал қазір банктер ҚРҰБ есептік мөлшеріне сәйкес бәсеке қабілетті пайыз мөлшерлемелерін өз бетінше тағайындайды. Депозиттік шоттардың жекелеген түрлері бойынша табыстар шамасы салымның мерзімімен, сомасымен, шоттың қызмет ету ерекшелігімен және клиенттің салым шартын сақтауына байланысты анықталады.

Депозиттер бойынша пайыз төлемі банктің операциялық шығындарының негізгі бөлігін құрайды. Сондықтан да банк бір жағынан пайыз мөлшерінің жоғары болуын қаламаса, екінші жағынан клиенттер үшін тартымды пайыз мөлшерін қолдауға мүдделі. Коммерциялық банктер ұзақ мерзімге ірі мөлшердегі депозиттерді тарту үшін пайыздық шығындардың өскеніне қарамастан клиенттерге жоғары пайыздық мөлшерлер ұсынады.

Банктер арасында ресурс тартудағы бәсекелестік күрестің маңызды құралы - пайыздық саясат болып табылады. Қазіргі кезде банктер депозит бойынша пайызды салымдарды сақтандыру қорының белгілеген мөлшерлемесіне байланысты белгілейді. Депозиттердің жеке түрлері бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейі салым мерзіміне, сомасына байланысты қойылады. Депозит мерзімі ұзақ болған сайын пайыздық мөлшерлеме де жоғары болып табылады. Сондай-ақ пайыз төлеу жиілігі де маңызды мәнге ие. Бұл жерде пайыз төлеу жиілігі алшақ болған сайын мөлшерлеме деңгейі де жоғары болады.

Коммерциялық банктердің пайыздық саясатының негізгі бағыттарының бірі депозиттік операциялар мен барлық ресурстар құнын талдау және есептеу болып табылады.

Ол үшін:

  • салымдар (депозиттер) бойынша оңтайлы пайыз тағайындау;
  • тартылған қаражаттар бойынша пайыздық мөлшерлер қарқынын зерттеу;
  • инфляция жағдайындағы ресурстардың шынайы құнын есептеу;
  • банк шығындарының жалпы құнындағы тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығындар өзгерісін талдау қажет.

Пайыздарды есептеу кезінде пайыз мөлшерлерінің шамасы, қаражат тартылған нақты күн саны есепке алынады. Қаражат орналастыру мақсатымен банк таңдауда салымшы үшін пайыз мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықтаушы фактор болуы мүмкін.

Пайыздарды есептеу келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

  • жай пайыздар;
  • күрделі пайыздар;
  • фиксирленген пайыздық мөлшермен;
  • өзгермелі пайыздық мөлшермен.

Салымшыларды тарту мақсатында пайызды есептеудің әр түрлі жолдары қарастырылған. Соның ішінде дәстүрлі тәсілге жай пайыз жатады. Мұнда есептеу базасы ретінде салымның соңғы қалдығы алынады.

Пайызды есептеудің екінші түрі - күрделі пайыз болып табылады. Бұл жерде есептеу кезені біткен соң салым сомасына пайыз есептеледі де, ол салым сомасына тағы да қосылады. Осылайша, келесі есептеу кезеңінде пайыздық мөлшерлеме тартымды көрінеді. Мұндай есептеу тәртібі салымның сақталу мерзімін ұлғайтып, оны инфляциядан қорғайды.

Кейбір банктер инфляциядан сақтану үшін пайызды алдын ала есептеп беруді ұсынады. Бұл жерде салымшы пайыздық табысты салымды сала салысымен алаалады. Егер келісім-шарт мерзімінен бұрын тоқтатылатын болса, банк салым бойынша пайызды қайта есептеп, артық төленген соманы қайтарып алады. Кейбір банктер пайызды есептеу кезінде бір жылдағы нақты күнді алса (365 немесе 366 күн), кейбіреулері жақындатылған орташа соманы (360 күн) алады. Бұл да табыс мөлшеріне әсер етеді.

Депозиттік операциялар келесідей қағидаларға негізделіп ұйымдастырылады:

  • депозиттік операциялар банктік пайда табуға негізделуі қажет;
  • банк балансының оперативтік төлем қабілеттілігін қолдау мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру үрдісінде жедел салымдарға көңіл бөлген жөн;
  • депозиттік операциялар мен мерзімі мен сомалары бойынша ссудалар беру операциялары арасындағы келісушілік пен өзара байланысты қамтамасыз ету қажет;
  • депозиттерді тартуға ықпал ететін банклік қызметтерді тарту шараларын қабылдау қажет.

Банктік депозит мәнін зерттей орырып, З. С. Каценеленбаум депозиттің екіжақтылық сипатын атап көрсеткен. Депозиттер салымшылар үшін потенциалды қаражат болып табылады. Салымшы чек толтырып, оны циркуляцияға жіберуі мүмкін. Сол уақытта банктегі қаражат пайыздық сыйақы әкеледі. Олар салымшы үшін екі рөлде көрінеді: бір жағынан ақша рөлінде, екінші жағынан, пайыз әкелетін капитал рөлінде.

Депозиттердің қолма-қол ақшамен салыстырғанда артықшылығы - ол пайыздық сыйақы әкеледі, ал кемшілігі - капиталдың әдеттегі әкелетін пыйызынан азырақ пайыз әкеледі. Осы төмендетілген пайыз кездейсоқ жағдай емес, бұл банк табиғатының негізі болып табылады. Өйткені, банктік депозит бойынша төлейтін пайызы өз қаражатын орналастырудан түсетін пайыздан төмен болады. Бұл жерде екеуінің қатынасы - ¼ болып табылады [2] .

Депозит тек клиентке ғана емес, сондай-ақ банкке де пайдалы. Көптеген депозиттердің банкке ссудалық капитал құруға мүмкіндігі бар. Содан соң банк оны тиімді салаларға орналастырады. Депозиттер бойынша пайыз бен несие бойынша пайыздың айырмасы банктің табысы болып табылады. Банктердің осы табысты көбейтуге тырысуы ресурстық базаны көбейтуге ұмтылуына әкеледі.

Банктің «алтын ережесі» бойынша оның қаржылық талаптарының мөлшері мен мерзімі міндеттемелерінің мөлшері мен мерзіміне сәйкес келуі керек. Осы ережеге сәйкес банктер ағымдағы шоттардағы қаражатты несиелеу ресурсы ретінде қолдана алмыс еді. Алайда, әдетте клиенттер бір мезгілде барлық қаржатты алмайтындықтан, банктік қолма - қол ақша резерві тым көп болмауы да мүмкін. Сонымен қатар, көптеген банктік оперциялар қолма - қолсыз түрде жүреді. Кассалық резерв ретінде қолданылмаған қолма - қол ақша қаржаттары банктің өтімділігін көбейтіп, несие беруге ресурс түрінде қолданылуы мүмкін [3] .

Жалпы алғанда, депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент- шоттарда орналастыруға байлансты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар - клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартуға байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

Салымдарды, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрілері кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

1) талап етуіне дейінгі депозиттер ;

2) мерзімді депозиттер ;

3) жинақ салымдары;

4) бағалы қағаздар.

Сондай- ақ оларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:

1) мерзімдеріне қарай;

2) салым иелерінің категорияларына қарай;

3) қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;

4) пайыз төлеу қарай;

5) банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай, т. б.

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрге бөлінеді;

1) жеке тұрғалардың шоттары;

2) кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың шоттары;

3) жергілікті билік ұйымдарының шоттары;

4) қаржылық мекемелердің шоттары;

5) шетелдік азаматтардың шоттары.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы қолма- қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттар. Талап етуіне дейінгі депозиттер ағымдағы есеп - айырысулар үшін қажет. Мұндай шотты ашуға ниетті ең алдымен клиент білдіреді, себебі оған есеп- айырысып, төлемдер жүргізу қажет болады. Мұндай шоттар бойынша қаражат қозғалысы қолма-қол ақша түрінде, чекпен, аударыммен, басқа да төлем құжаттарымен рәсімделуі мүмкін [5] .

Қазақстан Республикасының банктік тәжірибесінде талап етуіне дейінгі депозиттерге келесілер жатады:

  • мемлекеттің, акционерлік кәсіпорындардың және әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
  • әр түрлі мақсаттарға тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттардың арықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Кемшілігі - шот бойынша пайыз төленбейді немесе өте төмен мөлшерде төленеді. Осылайша, талап етуіне дейінгі шоттардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

1) ақша салу және оны алу кез-келген уақытта ешқандай шектеусіз жүзеге асырлады;

2) шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;

3) банктер талап етуіне дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

4) талап етуіне дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Талап етуіне дейінгі депозиттердің бір түріне контокорренттік шотты да жатқызуға болады. Контокррент (итал. conte corrente - ағымдық шот) - бұл банктің клиентпен арадағы барлық операциялары есепке алынатын бірегей шот болып табылады. Контокоррентте бір жағынан, банк ссудалары мен клиенттердің бұйрығы бойынша шоттарды жүргізілетін барлық төлемдер жүргізілсе, екінші жағынан - шотқа аударым, салым түрінде түсетін қаражаттар орналастырылады. Осылайша, бұл - активті- пассивті шот болып табылады.

Мерзімді депозиттер - банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналасырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін.

Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.

Мерзімді депозиттердің ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • меншікті-мерзімді депозиттер;
  • алдын-ала ескерілетін мерзімді депозиттер.

Біздің еліміздің комммерциялық банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама түрлері дамуда. Олар: меншікті мерзімді салымдар, кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар, депозиттік сертификаттар, жинақ сертификаттары.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатын алуда ескертуін талап етпейді, салымныңжоғарғышегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдыйына сай екіжақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресустардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды, бұл салымдардың түрі бойынша мерзімді депозиттерге қағаздар төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:

  • ақшалай қаражаттарды сақтауда мерзімі болмайды;
  • шоттағы қаражатты алдын-алу барысында ешқандай ескерту талап етілмейді;
  • ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Елімізде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фермаларға ашыла береді.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

- мерзімді жинақ салымдары;

- қосымша жарна қосатын мерзіміді жинақ салымдары;

- ұтыс салымдары;

- ақшалай заттай ұтыс салымдары;

- мақсатты және ағымдық салымдар;

- алдын алуын хабарлайтын салымдар;

- валюталық салымдар.

Жинақ сертификаттары бойынша табысқа басқа депозиттер тәрізді салық салынбайды. Мерзімді депозиттерге қарағанда сертификаттардың кемшілігі - банктің оларды эмиссиялаумен байланысты үлкен шығындарының болуы.

Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылуға тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып депозиттік операцияларды ұдғайту талап етіледі. Депозиттік оепрацияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеру керек:

  • депозиттік ресурстар қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
  • депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
  • салым иелерінің санын өсіру мақсатында депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

1. 2 Депозиттік саясатты қалыптастырудың құқықтық негізі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Банктің депозиттік операциялары
БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
Банктердің депозиттік саясаты
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары туралы
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы
Меншікті мерзімді депозиттер
Банктің депозиттік операциялары және оның ҚР дамуы
Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz