Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы»
«Банк ісі» пәні бойынша
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 Несие түсінігі және тұтынуды несиелеудің теориялық негізі . . .
1. 1Несие түсінігі және несие формалары . . .
1. 2 Тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру негізі . . .
2ҚР-ғы тұтыну несиесі және оның дамуы . . .
2. 1Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік мәні . . .
2. 2 Банк клиенттерінің тұтыну несиесін төлеу қабілеттілігін бағалау . . .
2. 3 Екінші деңгейлі банктердің тұтыну несиесін қысқа мерзімді
несиелендіру процесі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3
5
5
12
15
15
18
21
27
29
КІРІСПЕ
Экономика - көп тармақты сала. Оның қомақты бөлігінің бірі - банк ісі. Қазіргі таңда еліміздегі коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда ұйымдарын несиелендіруі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі.
Банктік жүйе көп функционалды, ол ақша-несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы - халыққа несие ұсыну.
Тұтынушылардың табысы - ұсыныстың бәсекелестігінің өсуімен анықталады. Сонымен қатар, банктер түрлі жолдармен потенциалды клиенттерді тарту мақсатымен, яғни несие бағдарламалардың түрлерін алмастырып, бірінші салым сомасын төмендету, несие мерзімін ұзартып, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету. Банктер жеке тәуекелдеріне қарамай, өтінішті қарастыру процедурасы мен клиенттерге жеңілдіктер жасауда. Осыған орай, соңғы жылдарда банктің өнімдерін басқару қаржылық нарықта жетекші орын алады.
Ал тұтынушылар үшін тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарларды сатып алу) және банктік тұтыну (мақсатына қарыздар) формада берілетін несиелер. Сондықтан несиені ұсынбастан бұрын банк дұрыс стратегия құруы қажет, яғни ол дегеніміз - біріншіден, дұрыс менеджмент; екіншіден, жалпы несие процесін дұрыс ұйымдастыру. Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен бастап, сол несиені қайтару күніне дейін бақылау. Яғни, неиселік процесті ұйымдастыруды қарастырып, артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасау.
Елдегі жүргізілген экономикалық реформалар Қазақстан экономикасы мен болашағының динамикалық дамуының тұрақтылығының өміршеңдігі мен тиімділігінің негізгі функциясы несиелеу - Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуындағы жаңа сатысын ашты.
Банктік несиелеудің нәтижелігі үшін маңызды болып банктің өзінің ақшалай-несие іс-шараларының жүйесі ретіндегі банктің несие беруге дейінгі белгілі бір қаржылық нәтижеге жету үшін жүргізетін несиелік саясатын анықтау болып табылады.
Жалпы несиенің көптеген түрлері мен формалары бар, соның ішінде біздің жұмыстың негізі болатын бұл - тұтыну несиесі.
Тұтыну несиесі халық шаруашылығында өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.
Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты : еліміздегі тұтыну несиесінің әлеуметтік мәнін ашу және тұтыну несиесін беру процесін қарастыру болмақ.
Жұмыстың тақырыбы бүгінгі таңда өзекті , халық үшін тұтыну несиесі қазіргі уақытта белгілі бір өмір сүру деңгейін қамтмасыз етудің балама көзіне айналды.
Жұмыста негізінен мынадай мәселелерді талдау, шешу көзделген:
- тұтыну несиесінің әлеуметтік мәнін ашу;
- несие формаларын қарастыру;
- тұтынушылық несиелеу процестері мен этаптарын қарастыру.
Жалпы жұмысты жазу барысында экономикалық-статистикалық, монографиялық, сондай-ақ салыстыру, эксперимент сияқты зерттеудiң талдау тәсiлдерi қолданылды.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік оқулықтар, мемлекеттік бағдарламалар мен республикалық статистика агенттігінің материалдары, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің тұтынушылық несиелендіру бойынша жасалған жылдық есептер, ағымдық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар пайдаланылды.
1 Несие түсінігі және тұтынуды несиелеудің теориялық негізі
1. 1 Несие түсінігі және несие формалары
Несие қатынасын зерттеу барысында таным әдісі ретіндегі теорияның рөлі ерекше. Несие мен қаржы туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы қаржы-несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда.
Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.
Несиелік операциялар - ақша қаражаттарын пайдалануға беру барысында пайда болатын несие мен несие алушы арасындағы қарым-қатынстар 1995 ж 30. 03 шыққан Қазақстан Республикасының "ҚР- дағы банктер және банктік қызмет турал” заңының 34 бабына сәйкес"несиелік операция-банкпен басқа түлғаларға мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық шартымен ақша беру болып табылады. Банктің несиелік немесе ссудалық операциялары банктің директорлар кеңесімен (жабық акционерлік қоғам болған жағдайда акционерлерінің жалпы жиналысымен) бекітілген ішкі несиелік саясаты туралы ережесіне сәйкес жүргізіледі. Ішкі несиелік саясаты жүзеге асыратын мүше - банктің несиелік комитеті. Ішкі несиелік саясат туралы ережелер ссудалық операцияларды жүргізу барысында туындайтын тәуекел дәрежесін төмендету мақсатында жасалады және келесілерді анықтайды.
а) заңды және жеке түлғаларға несие беру шарттарын;
б) лауазымды түлғаларға және банк қызметкерлеріне несие беру
шарттарын;
в) несиелік комитеттің үйымдық қүрылымын, қызметтерін,
өкілеттілігін;
г) несиелік комитеттің мүшелерінің жауапкершілігін;
д) несиелеу шектерін;
е) несиелік шарттарды бекіту процедурасын;
Несиелік қарым-қатынасқа қатысушыларды былайша атайды; Несие беруші - Кредитор Несие алушы - Дебитор
Банктің несиелік операциялары 2 топқа бөлінеді:
- актив немесе белсенді, яғни банк ссуда беріп, кредитор ретіндеқатынасқа түссе;
- пассивті, бұл жағдайда банк басқа банктерден жәнеклиенттерінен ақша қаражаттарын таратып дебитор ретіндешықса. Бұдан біз несиелік операциялардың екі формасынтуындап шығарамыз- ссудалар мен депозиттер.
Дегенмен, несиелік операциялар бұл өте кең үғым, несиелік қатынастарды үйымдастырудың түрлі формаларын негізін қалаушы үғым.
Нарық қатынастарына өту жағдайында несие халық шаруашылығының дамуының маңызды факторы болып табылады. Несие қосымша ресурстар түрінде кәсіпорындар мен үйымдары меншік капитал шеңберінен шығуға мүмкіндік беріп, жаңа күш-қуат беретін өндірістің өркендеуіне экономикалық алғышарттар жасайды.
Несие несие алушының обьективті қажеттілігін қанағаттандыру үшін беріледі.
Несиелік операциялардың обьектісі - бұл белгілі бір зат, құндылық. Бұл затқа деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін ссуда беріледі немесе несиелік мәміле жасалынады. Бірақ несиелеу обьектісі ретінде тек материалды зат, не құндылық қана бола бермейді, ал сонымен қатар несие алушының қосымша ресурстарға деген де қажеттілігі де болуы мүмкін. Сондықтан несиелеу обьектісі әрі материалдық құндылық, жалпы материалды процесс.
Қазақстан Республикасының тәжірибесінде банктердің несиелік салымдарының негізгі обьектілері негізінен экономиканың өңдеуші секторларының кәсіпорындарының: жеңіл - тамақ өнеркәсіптерінің, сауда және қызмет көрсету салаларының, шағын және орта бизнестің - қысқа мерзімді айналым қаражаттары болып табылады.
Несиелеу субьектілері - бұл несие алушы ретінде қатынасқа түсетін кәсіпорындар, ұйымдар, жеке түлғалар.
Қазіргі несиелеу жүйесінің негізгі ережелері келесі қалыпта;
- Несиелеу жүйесі коммерциялық банктің .
- Несиелік операциялар коммерциялық сипатқа ие.
- Несиелік салалардың көлемі банк ресурстарына ғана емессонымен бірге міндетті резервтер мен де байланысты өзгеріп отырады.
- Банктің несиелік саясаты келісім негізінде жүзегеасырылады.
- Ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететіннесиелердің формасына өту көзделіп отыр.
- Несиелеу жүйесі келесі принциптерге негізделіп отыр:мерзімділік жөне ақылық немесе төлемділік, қайтарымдылықпен несиенің көзделген мақсатқа жұмсау.
- Сонымен бірге несиелеу моделін құрастыру үшін сол несиеалушының өндірісінің экономикасы негіз болу қажет.
Несиелік саясатты қалыптастырған кезде банктер көптеген факторларды есепке алу қажет:
- сыртқы факторлар, яғни банк қызметіне тәуелсіз, инфляцияссудалық деген ұсыныс пен сұраныс т. б.
- ішкі факторлар, яғни банктердің жеке қызметіне байланыстыкапиталдың жеткіліктілігі, несиелердің түрлеріне тиістітабыстылық пен тәуекелділік деңгейі, депозиттердің келіп түсутұрақтылығы, банк қызметкерлерінің қабілеттілігі менмамандану дәрежесі т. б. /18/
Әр банк өзінің несиелік портфелінің көлемін беретін ссуда мөлшері мен түрлерін жеке өзі анықтайды. Бірақ та бір несие алушыға шаққанда берілетін несиенің шекті мөлшері банк капиталының 25% аспауы керек екенін есте сақтау қажет.
Несиелік операциялар банкке табысты ең көп әкелетін операциялар түрі, сондықтан банктер салымдарының көп бөлігі несиелік операцияларға келеді.
Несиелік операциялардың көптеген түрлерін атап көрсетуге болады. Олар төмендегі белгілеріне қатысты топтарға бөлінеді: несие алушыға байланысты; қамтамасыз етілу әдісіне қарай; несиелеу мерзіміне қатысты; несиелеу обьектісіне; ашылатын шот түріне; қаражаттарды беру тәртібіне; несиені қайтару тәсіліне; өсімақы есептеу және төлеу тәртібіне; тәуекел дәрежесіне; т. б. байланысты.
Сонымен несиелік операцияларды жіктеудің әр бір бөлігіне тоқталып кетейік:
Несиелеу объектісіне (қолдану бағытына) қарай біздің елімізде несиелерді: 1) мақсатты яғни өндіріс процесін қамтамасыз ету үшін материалды қүндылықтарды сатып алуға жүмсалатын несиелер, сауда-делдалдық операцияларды жүзеге асыру үшін алынатын несиелер, қүрылыс пен түрғын үй сатып алуға алынған несиелер, айналым қүралдарын қүруға алынған несиелер, т. б; 2) нақты мақсаты жоқ, яғни уақытша қажеттіліктерді қанағаттандыруға алынған қаражаттар.
Дамыған елдер мен Ресей тәжірибесі көрсеткендегі нарық қатынастарының дами түсуіне байланысты несиелік салымдар қүрылымында жаңа несиелеу обьектілерінің пайда болуымен айтарлықтай өзгерістер енуі мүмкін. Ал бұл өз кезеңінде әрі коммерциялық банктердің үйымдық құрылымына, әрі жалпы банк жүйесіне әсерін тигізеді.
Несиелік мәміленің субьектілеріне қатысты несиелер төмендегідей бөлінеді:
а) кредиторға байланысты:
- банктік ссудалар, яғни жекелеген банкпен немесе , бірлестіктемен берілетін ссудалар. Мүндайссудаларды консорциалды несиелер деп те атайды
- банктік емес несиелік үйымдармен берілетін ссудалар, яғниломбардтар, несиелік коперативтер, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары, т. б. беретін несиелер.
- жеке ссудалар, яғни мүндай несиелер жеке түлғаларға беріледі.
- Кәсіпорындар мен үйымдар беретін ссудалар (саудаүйымдарының халыққа беретін төлемі кейінгі қалдырылғаннесиелер т. с. с. )
б) несие алушыға байланысты:
- заңды түлғаларға берілетін несиелер;
- жеке түлғаларға берілетін несиелер;
Несиелеу мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді несиелер (1күн- 1жыл)
- орта мерзімді несиелер (1 жыл - 3-5жыл)
- үзақ мерзімді несиелер (3-5 жылдан жоғары)
Бүгінгі таңда республикамызда экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты несиелердің мерзіміне қарай жіктелінуі шартты сипатта ғана. Банктер несие берген кезде оларды қысқа мерзімді (1ж. дейін) және үзақ мерзімді (1 жылдан жоғары) етіп бөледі. Қысқа мерзімді белгілі бір мерзімге дейін (1ж. аралығында берілген) және талап еткенге дейінгі, яғни бүл несие түрінің нақты қайтару уақыты белгіленбеген және банк оны қайтаруды кез-келген уақытта талап етуі мүмкін. Әрине қысқа мерзімді несиенің бұл түрін алған несие алушы салыстырмалы өтімділігі өте жоғары түлға, әрі оның активтері тез арада қолма-қол ақшаға айналдырылуы мүмкін.
Ашылатын ссудалық шотына қатынасты несиелер ссудалық шоттардан берілетін және арнайы ссудалық шоттардан, яғни банк алдындағы клиенттің жалпы берешегінің мөлшерін ескеретін, берілетін болып бөлінеді. /16/
Қамтамасыз етілуіне байланысты ссудалар банктік қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген (кепіл, кепілдік, кепілдеме, сақтандыру полистері) . Банктің қамтамасыз етілген несиелерді таңдаудың негізгі себебі - бұл несие алушының несиені уақтылы және толық мөлшерде өтей алмау салдарынан шығынға ұшырау тәуекелділігінен өзін сақтап қалу. Кепіл несиенің өтелуін қамтамасыз етпесе де, тәуекелділік деңгейін төмендетеді.
Өтелу кестесіне қарай ссудалар бір жолғы төлеммен өтелетін және төлемі кейінге қалдырылған ссудалар болып жіктелінеді. Бір жолғы төлеммен төленетін несиелердің ерекшелігі сонда, олар бойынша қарыздың негізгі сомасы мен өсімақы сомасы бір-ақ төлеммен өтеледі.
Ал, төлемі кейінге қалдырылған ссудалар төменде көретілген әдістермен өтелінеді:
- ай сайын, тоқсан сайын, жылда біррет т. с. с. бірдейтөлемдермен етелінетін қарыздар;
- ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет, т. с. с. бірдей еместөлемдермен өтелінетін қарыз;
Төлемі кейінге қалдырылған ссудаларды берген кезде шарттың өз күшін сақтау мерзімі аралығында қарыз сомасы бөлшек-бөлшекпен өтелініп отырады. Бүл қарызды өтеу тәртібі әрі несие алушы әрі несие беруші үшін ыңғайлы. Банктің несиелік ресурстары босап, несие айналымы арта түседі, бүл өз кезегінде банк өтемділігін көтереді.
Сонымен бірге ссудалар жеңілдіктері бар өтелу кезеңі мен жеңілдіктері жоқ өтелу кезеңдері болып бөлінеді.
Өсімақы төлеу әдісіне байланысты ссудаларды келесідей жіктейді:ссуданы берген мезгілде өсімақы мөлшерін алып қалу, несиенің өтелуі кезінде төленетін өсімақыны ссудалар және өсімақысы бірдей бөліктермен ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылда бір рет төленіп отыратын ссудалар.
Сонымен бірге аннунитетті төлемді ссудалар, яғни қарыздың негізгі бөлігі мен өсімақы мөлшері бір-ақ төлеммен өтелінетін ссудалар туралы да ұғым бар.
Қаражаттардың айналымдылық сипатына байланысты ссудалар келесі түрлерге бөлінеді:
а) маусымды және маусымды емес;
б) револьверді, ролловерді. Револьверді несиелердің қатарына
несиелік картолар немесе овердрафт, контокорентті несие, т. б. формасында берілетін несиелер жатады.Мысалы, АҚШ-та тұтынушылық несиелер үш топқа бөлінген төлемі кейінгіге қалдырылған ссудалар, револьверді және бір жолғы төлемді ссудалар.
Төлемі кейінге қалдырыған несиелер бойынша негізгі қарыз сомасы мен өсімақы мөлшері белгілі бір уақыт аралығында тең бөліктермен төленіп отырады. Бұл несиенің түрі көп жағдайда тауарды сатып алуға немесе т. б. шығындарды жабуға беріледі. Несиеліккарточкалар мен овердрафт формасындағы несиелерді де бүл несиенің түріне жатқызуға болады, себебі бүл несие формаларында берілген ссудалар бойынша төлемдер ай сайын жүріп отырады.
Төлемі кейінгіге қалдырылған ссудаларды өтеу мерзімі АҚШ-та 2-5 жыл аралығында жатыр. Бұл несиенің түрі негізінен шағын сомада беріледі, бірақ несиелеу обьектісіне бағасы 100мың долл. Асатын автомобильдер де, самолеттер де, яхталар да, т. с. с. жатуы мүмкін.
Револьверді ссудаға қарағанда төлемі кейінгіге қалдырылған ссудалар қамтамасыз етілген несиелер қатарына жатады. Сонымен қатар төлемі кейінгіге қалдырылған несиелер банктік ссуданың тікелей немесе жанама несиелеу формасында берілуі мүмкін. Тікелей несиелеу кезінде банк пен несие алушы арасында несиелік шарт жасалынады. Ал жанама несиелеу түсында банк пен клиенттің арасындағы несиелік қатынастарда делдалдық болуы шарт. Делдал ретінде көбінесе бөлшек ссуда саласының кәсіпорындары қатысады. Несиелік шарт бүл жағдайда клиентпен банктен кейін ссуда алатын дүкен арасында жасалады. Қазіргі кезде американдықтар автомобиль сатып алуға берілетін ссудалық қарыздардың 60% жанама несиелеу формасында болып отырғандығы несиенің бұл формасының дамыған елдер экономикасында кең тарағандығының куәсі.
Біздің елімізде несиенің бұл формасы дами қойған жоқ. Бірақ халықты сауда үйымдары арқылы несиелеу соңғы жылдары өріс алып отыр.
Сатып алушылардың жоғары бағалы тауарларды (автомобильдер, тозаңғыштар, кір жуу машиналары, компьютерлер және т. б. үзақ мерзім пайдаланылатын заттар) төлемін кейінге қалдырып сатып алған жағдайлары жиі-жиі бұқаралық ақпарат қүралдарынан жариялап жүр.
Тікелей және жанама банктік несиелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Тікелей несиелеудің жанама формасына қарағанда артықшылықтарына тоқталатын болсақ, бұл несиелік процессті ұйымдастыру ыңғайлылығы, ал бұл өз кезегінде несиелеу обьектісін нақты бағалауға, берілген несиенің көзделген мақсатқа жүмсалды ма, жоқ па, несиенің уақтылы қайтарымдылығын қамтамасыз ететін бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Міне осының бәрі банк пен клиент арасындағы несиелік қатынастарды дұрыс ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді. Ал банк позициясы тұрғысынан тікелей несиелеудің кемшіліктерін атап айтсақ, тікелей несиелеу формасы екіншісіне қарағанда жоғары тәуекел деңгейіне ие болып отыр. Себебі біздің еліміздегі несиелеу тәжірибесі кейбір қиыншылықтарға соқ болып отыр:
а) ссуданы берер алдында клиенттің несие қабілеттілігіне терең
талдауды әр бір банк жасай бермейді;б) клиенттің несие қабілеттілігіне талдау жасау әдістемелік
негіздері тәжірибенің талаптарына сай келе бермейді;в) несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етуге берілген кепіл
көп жағдайларда нақты бағасынан өлдеқайда жоғары бағамен есепке
алынады.Екінші жағынан, еліміздегі макроэкономикалық жағдай(экономикалық, әлеуметтік, түрақсыздық, инфляция деңгейінің қарқындары, саяси жағдайдың шиеленісуі, т. с. с. ) да несиелік процесстің ұйымдастырылуына керіықпалын тигізеді.
Жанама несиелеуге келетін болса, несиелеудің бұл түрі банктерге несиелік, проценттік, валюталық, нарықтық т. б. тәуекел түрлерінің деңгейн қысқартға мүмкіндік береді, себебі, мысалы, занды түлғаларға (яғни сауда ұйымдарына, кәсіпорындарына, фирмаларына, үйлеріне, т. б. ) берілетін несиелер несие алушының (заңды түлғаның) несие қабілеттілігін нақты анықтауға, несиенің толық және уақытында өтелетіні туралы мүмкіндіктерді, сонымен қатар несиенің өтелу процессін толық бақылап отыруға жол ашады. Клиент тарапынан да бірқатар артықшылықтар бар:
а) оның несиеге деген қажеттілігі туа салып қанағаттандырылады
(ол сауда үйымынан үзақ мерзім пайдаланылатын -затты несиелік
карточкалар арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие) ;
б) несие сүрап банкке баруға қажеттілік жоқ және т. с. с.
Жоғарыда көрсетілген несиелк оперциялардың жіктемесі тектеоретикалық жағынан жүргізіліп отыр, себебі қазақстандық банктік тәжірибеде несиенің "таза күйіндегі" түрін бөліп айту қиын. Айта кететін жайт берілген несиелік операциялардың жіктемес несиенің көптүрлілігін көрсетіп отыр, бірақ жіктеменің толық белгілерін емесе критерийлерін көрсетіп отырған жоқ. Сол себепті бүл жіктемені басқа да туындайтын белгілерге байланысты ары қарай жалғастыра беруге болады.
Несие қарым-қатынасының қатысушылары несие беруші мен қарыз алушы болып табылады, ал несие құнның қайтарылу қозғалысының себебі бойынша ерекше қарым-қатынасты көрсетеді. Бұл жағдайда құн ыңғайластық қозғалысқа түспейді, өйткені ол несие берушіден қарыз алушыға өтеді және белгіленген мерзім өткеннен кейін өз иесіне қайтады. Несиеге ақшалай қарым-қатынаста жол берілмейтін мерзімі ұзартылған төлем тән. Соған қарамастан қаржы мен несие бір-бірімен қатар болып, өзара әрекетке түседі. Сонымен, тауарларды несиеге сату процесінде төлем құралы ретінде несие мен қаржы қатысады.
Несие формасы - бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылыуын синтездейді. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.
Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады.
Сурет 1. Несиенің негізгі формалары
Несие:
- қызмет ету саласына қарай: ұлттық және халықаралық;
- несие мәмілесінің объектісіне қарай: ақшалай және тауарлық;
- несие қатынасының субъектісіне қарай: банктік, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер болып жіктеледі.
Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т. б. ) бір-біріне өсім алумен қарызға берген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz